Ежемесячный научно-педагогический журнал министерства образования и науки рк



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата01.03.2019
өлшемі1.03 Mb.
#99626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

8

www


.kazmektep.kz

рып  берілді.  О.Сүлейменов,  Ә.Әлімжанов,  Б.Момышұлы,  Ш.Айтматов, 

Р.Гамзатов, В.Распутин,  Р.Киплинг,  М.Твен, Г.Гейне, О.Бальзак, Н.Хикмет, 

В.Гюго    сияқты  атақты  есімдер  назардан  тыс  қалмай,  дәйекті  түрде 

оқушыларға жеткізілу үшін оқытудың интеграциялау  әдісі пайдаланылды. 

Роза  Қуандыққызы  –  республика  мектептерінің  4,6,9,10,11-сыныптарына  

арналған  орыс тілі оқулықтарының авторы.

Директордың  тәрбие  жұмыстары  жөніндегі    орынбасары    Дәулет  

Сәрсеұлы Нұрмұхаметовтың ұлттық дизайн және графика сабағында ұстаз 

тарапынан  сабақтың мақсатын анық қою,  оқушылардың қызығушылығын 

тудыру, логикалық және бейнелі ойлауды белсендіретін тәсілдерді  қолдану 

арқылы оқушылардың  өз бетінше  жұмыс жүргізуін  ұйымдастыру, олардың 

өзара өздерін әділетті түрде бағалау  талаптары   нақты, айқын жүргізілетін. 

Ұстаз  балаларды  өнермен  таныстыра  отырып  олардың  әсемдіктен  алған 

әсерін,  қуанышын  білдіру  үшін  бейнелеу  тәсілдерін  білу  қажеттігін, 

өнер тілінде  сөйлей  білу  керек  екенін, ол өмірдегі әсемдікті тануға кең 

мүмкіншілік  ашатынын  эстетикалық    талаптарға  сай  құрал-жабдықтарды  

тиімді пайдалана отырып түсіндіретін.    

Аға  оқытушы  Қатия   Құсанова  «Адам  және  қоғам»  пәнінің  бағдар-

ламасында    жалпыадамзаттық  құндылықтармен  қатар  ұлттық  рухани 

құндылықтарға  көңіл  бөлді,  қазақ  мәдениеті  мен  өркениет  мағлұматтарын 

толық қамтып,  жастарға   адам мен қоғам арасындағы шынайы байланыстар-

ды түсінуіне толық мүмкіндік беретін. Ең бастысы, оқушыларға жан-жақты 

ақпараттарды қабылдап қана қоймай,  оны санадан  електен өткізуді үйретіп, 

адам  туралы  мағлұматтарды  жинақтап,  ғылыми  шынайы  қорытындылар 

жасауға көмектесетін.  

Жаңаша оқытудың алғышарттарын нәтижелі іске  асыру үшін ұстаздар 

шабытпен, шығармашылықпен жұмыс істеуі шарт.  Әділетті түрде өздерімен 

ақылдаса  отырып  апталық  жүктемені  бөліп,  педагогикалық,  әдістемелік 

кеңестерде  ұстаздардың  еңбектерін  бағалап,  халықтың  алдында  теориялық 

білімдерінің тереңдігін, әдіс-тәсілдерінің шеберлігін, қол жеткен нәтижелерін 

айтып  марапаттап  отырдық.  Әсіресе,  оқушының    да,  мұғалімнің  де  уақыт-

тарының  ғылыми  негізде тиімді ұйымдастырылуы, ыңғайлы сабақ кестесі 

мен  білім  жетілдіруге  арналған  шығармашылық    күндердің  берілуі,  апта-

сына  екі  күн  университеттің  зертханаларын  пайдалануға  қолайлы    жағдай 

туғызылуы  оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесін арттырды.

Оқытудың  блоктық  жүйесіне  көшуге  байланысты  ғылыми-әдістемелік 

жұмысты ұйымдастырудың кешенді мақсатты бағдарламасына ұстаздардың 

білімін жетілдіру үшін жаңаша оқытудың теориясы мен практикасы туралы 

семинарлар  енгізілді.    Мектеп-гимназияның  алғашқы  ұйымдастыру  кезеңі 

«Дидактика және оның категориялары», «Сабақ – оқу- тәрбие жұмысының  

негізгі түрі», т.с.с. тақырыптардағы әдістемелік кеңестерден басталды. Онда 

оқыту  үрдісі,  оның  ұстанымдары,  оқытудың  әдіс-тәсілдері,  қазіргі  сабаққа 

қойылатын  жаңа  талаптар  туралы  ғылыми  негізде  тұжырымдалған  ойлар 

қозғалып, әдістемелік ұсыныстар қабылданды. Келесі әдістемелік кеңестерде 

шебер ұстаздардың тәжірибелерімен  ұштастыра дөңгелек үстел айналасында 

тақырып бойынша  ой бөлісу, пікір таластыру, тәжірибе алмасу арқылы өткізу 

дағдыға  айналды.  Мәскеу,  Минск,  Киев,  Санкт-Петербург  қалаларындағы 

жаңа сипатты мектептердің іс-тәжірибелері  зерттелініп,  дер кезінде ұжымға 

таныстырылып, қажеттісі оқу-тәрбие үрдісіне енгізіліп отырды.         

Қаланың  түкпір-түкпірінен  келген  оқушылардың  барлығы  сұрыптау 

арқылы қабылданғандықтан,   өте жақсы оқығандар болатын, соған қарамай 

бұрынғы  мектептен  алған  білімдері мен  түскен кездегі білімдері,  қысқы, 

жазғы сессиялардың нәтижелері  салыстырылып,  олқылықтары анықталынып, 

арнайы    тапсырмалар  берілу    арқылы  білімдеріндегі  кемшіліктер  жойы-


9

www


.kazmektep.kz

лып  отырды.  Әр  оқушының  білімдерінің  тұрақтылығын,  беріктілігін  және 

оқу үрдісіне  жауапкершілігін бақылау үшін әртүрлі тақырыптарда арнайы 

бағдарламалар жасалынып, мектеп-гимназияішілік бақылаулар жүргізілді. 

Гимназия шәкірттері алғашқы ашылған жылы ешқандай олимпиадаларға 

қатынасқан жоқ, екінші жылы аудандық олимпиададан  22, қалалықтан 18,  

республикалық олимпиададан 13 оқушы жүлделі орын әкелсе, үшінші жылы 

46 оқушы қалалық, республикалық олимпиадалардың  жүлдегерлері болды.   

Мектеп-гимназиядағы    жүргізіліп  жатқан  оқу-тәрбие  жұмыстарының 

өзегіне  ынтымақтастық  педагогикасының  негізіндегі  «мұғалім  –  ата-ана  – 

оқушы»  қарым-қатынасы  алынды.  Мұқағали  Мақатаев  атындағы  мектеп-

гимназияның шаңырақ көтеруіне себеп болған сол кездегі гимназия кеңесінің 

төрағасы,  «Бала  деген  жұрт  болмаса,  жұртым  дейтін  бала  қайдан  бол-

сын», –  деп қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов айтқандай, 

қазақ баласының тілеуін тілеген Сұлтан  Есімбаев бастаған халық өкілдері 

еді. Көп ұзамай  тағы да қазақ балалары үшін ІІІ сатылы  №161 көпсалалы 

гимназия  ашылды, оның негізін қалау да осы ғалым-ұстаздардан құрылған   

шығармашылық  топқа    бұйырды.  Мұқағали  Мақатаев  атындағы    №140 

мектеп-гимназиядан жинақтаған тәжірибеміздің арқасында  жаңа білім ор-

дасы өзінің жаңа үлгідегі  білім беретін оқу орны  екенін, білім нәтижесін  

республикалық, халықаралық деңгейде көрсету арқылы аз уақыт аралығында  

дәлелдеді.

Сол  кезде  қазақ  балалары  үшін  жаңа  сипатты  мектептердің    бірінен 

кейін  бірінің  ашылуына  себеп  болған,  халқының  тілегіне  құлақ  асқан, 

іскер,  ұлтжанды  азамат  Алматы  қалалық  білім  басқармасының    бастығы 

Нұрпейіс Қасымұлы Қасымов пен сол мекеменің маманы, жаңашыл, қазақ 

мектептерінің жанашыры   Үміт Бақытжанқызы Жексенбаева еді.

Құрметті  Мұқағали  Мақатаев  атындағы  №140  мектеп-гимназия  

оқушылары, ұстаздары, ата-аналары! Сіздерді  сол кездегі қарашаңырақтың 

тұңғыш негізін қалаған ұстаздардың, ғалымдардың,  өзімнің атымнан   ақиық 

ақын  Мұқағали  Мақатаевтың  85  жасқа  толуымен  құттықтаймын,  ақиқатқа 

ұмтылып  атқарған  істеріңіз    қуанышқа  бөлесін,    әрқашан  білімнің  көгінен 

көрінулеріңізге тілектеспін демекпін!  

Қанатыңды кең жая бер,  қазақ поэзиясының «Хан тәңірі», ғасыр ақыны  

Мұқағали Мақатаев атындағы  тұңғыш қазақ мектеп-гимназиясы!

аман  талабына  сай  Ұлттық  “Өрлеу”  біліктілікті  арттыру  орталығы 

акционерлік  қоғамы  құрылғаны  мәлім.  Бүгін  таңда  оның  құрамына 



«ӨРЛЕУГЕ» – 50 ЖЫЛ

З

17  институт  (филиал)  енеді.  Солардың  ішінде  Білім  беру  жүйесінің  бас-

шы  және  ғылыми-педагогикалық  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыратын 

республикалық институтының орны бөлек, мәртебесі ерекше.

2015 жылдың қараша айында аталған институт өзінің 50 жылдық мерей-

тойын салтанатты жағдайда атап өтті.

Салтанатты  кеш  басында  институт  қызметі  жайлы  кітап  көрмесі 

ұйымдастырылып, бейнефильм көрсетілді.

Мерейтойға  қатысқан  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  орынбасары 

Т.Балықбаев,  мәжіліс  депутаты  Г.Исімбаева,  Павлодар  мемлекеттік  педа-

гогика институтының ректоры Н.Аршабеков, Назарбаев университеті Білім 

беру  жоғары  мектебінің  бас  атқарушы  директоры  А.Сағынтаева,  Britsh 

Council өкілі Насер Амери, сондай-ақ, колледж, мектеп директорлары мен 

балабақша меңгерушілері құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.



Өз тілшімізден.

10

www


.kazmektep.kz

ітапхана  –  мәңгілік  парасаттың  ең  биік,  ең  киелі  ғимараты  бол-

са,  кітапханашы    –  сол  рухани  қазынаның  шырақшысы  мен  ақыл-ой 

ҮЗДІК   МЕКТЕП   КІТАПХАНАШЫСЫ 

БАЙҚАУЫ

 

Э.ОРАЗБАЕВА,

Есжан Берліқожаұлы атындағы 

№11 орта мектептің  бастауыш сынып мұғалімі

К

әлеміндегі жол сілтеушісі. Кітапханашының еңбегі жұртшылықтың назары-

нан тыс қалып, көзге әрқашан іліне бермесе де қоғам мен мемлекеттің да-

мып өркендеуіне өте қажет әрі маңызды мамандық екендігі сөзсіз. Қызығы 

мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір ауыз сөзбен жеткізу 

мүмкін  емес.  Оқырмандарға  жан  тәнімен  беріліп  қызмет  атқарып  жатқан 

кітапханашылардың еңбегі ұшан- теңіз.

Талдықорған  қаласы  бойынша    26  мектеп  кітапханасы  жұмыс  істейді. 

Қалалық  білім  бөлімі  осы  мектеп  кітапханашылары  арасында  байқау 

ұйымдастырып, қаладағы М.Горький атындағы  №4 орта  мектепте  «Үздік 

мектеп кітапханашы – 2015» сайыс байқауы  өткізілді.  

Байқау 5 бөлімнен тұрды.  



1. Кітапхана жұмысының  жүйесін таныстыру.                                                            

2. Білікті және іскер кітапханашы.                                                                                            

3. Өнерге әркімнің бар бір таласы.                                                                            

4. Оқушыны кітап оқуға қызықтыру жолдары (реферат қорғау).                                         

5. Кітапханашының портфолиосы.                                                                

Бірінші бөлімде кітапханашылар  кітапхана жұмысының  жүйесін таныс-

тырды,  мұнда  әр  қатысушы  өз  мамандығы  және  күнделікті  кітапхананың 

жұмысын  таныстыру арқылы сынға түсті.                                                                                                                       

Екінші  бөлімде  қатысушылар  өздерінің  оқығандарын  және  білген-

тергендерін ортаға салып, кітапхана мамандығына қатысты сұрақтарға толық 

жауаптарын қайтарды.                                                                                                               

Үшінші   бөлімде  әр  кітапханашы  өз  өнерлерін  көрсетіп,  бірі  кули-

нариялық рецептерімен бөліссе, бірі сурет салды, бірі бисер моншақтарымен 

аппликация жасап әкелді, бірі өлең оқып,  енді бірі ән  айтып, әділқазылар 

алқасын тамсандырды.                                                          

Төртінші      бөлімде    реферат    қорғады,    тақырыбы  –  «Оқушыны  кітап 

оқуға қызықтыру жолдары» .                                                                                                    

Бесінші бөлімінде  кітапханашының портфолиосы қорғалды.      

Үміткерлердің көрсеткен өнерлерін таразылаған әділқазылар алқасының 

төрайымы,  қалалық білім бөлімінің  бас әдіскері Г.Елубаева, қалалық бала-

лар кітапханасының әдіскері  Р.Күзембаева, қалалық кітапхананың  әдіскері 

А.Баймұхан,    қалалық  білім  бөлімінің  әдіскері    Қ.Кәкәмбаева,  №15  орта 

мектептің  кітапхана меңгерушісі  Т.Құрсабаева  бағалады.                                                                                               

Байқаудың қорытындысы бойынша   бірінші орынды  Е.Берліқожаұлы 

атындағы №11 орта мектептің кітапхана меңгерушісі Б.Кебекбаева иеленді. 

Байқау  соңында  әділқазылар  алқасының  төрайымы      Гаухар  Елубаева  сөз 

сөйлеп, кітапханашыларды  бағалы сыйлықтармен марапаттады. 

Талдықорған қаласы

Еркін ауылы.

Редакция  поштасынан


11

www


.kazmektep.kz

әуелсіз еліміздің келешегі – ол бүгінгі жас ұрпақ. Болашақта еліміздің 

гүлденуі,  дамыған  елдердің  қатарына  қосылуы  жас  ұрпақтың  оқу-

Білім жүйесі: ізденістер, игі істер

ДАРЫНДЫ  ОҚУШЫ – МЕКТЕП  ТАРИХЫНДАҒЫ

АЛТЫН  ӘРІП

Г.ЖАЙЫЛҒАНОВА, 

№3 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті 

пәні мұғалімі

Т

тәрбиесіне  тікелей  қатысты.  Елбасымыз  Н.Назарбаев    Білім  және  ғылым 

қызметкерлерінің  ІІ  сьезінде    «Болашақта  еңбек  етіп,  өмір  сүретіндер  – 

бүгінгі  мектеп  оқушылары,  мұғалім  оларды  қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан 

сол  деңгейде  болады.  Сондықтан  ұстазға  жүктелетін    міндет  ауыр»  де-

ген болатын. Шынында да, қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнін терең білу 

ғана талап етілмейді, одан жоғары кәсіби біліктілік, өз мүмкіндіктерін жүзеге 

асыра  алатын  шығармашыл  тұлғаны  қалыптастыру,  дарынды  балаларды 

тәрбиелеу  шеберлігі  сияқты  қасиеттердің  болуы  да  талап  етіледі.  Өйткені 

қазіргі жас буын жан-жақты терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары 

жеке тұлға болса, олар еліміздің мықты тірегі болатынына сенім мол. 

Бүгінгі  таңда  ұстазға  қоғамдағы  ең  үлкен  міндет:  ХХІ  ғасырға  сай 

тұлғаны қалыптастыру міндеті жүктеліп отыр. Бұл міндетке дарынды баланы 

таңдау және олардың бойындағы қабілетті бағалап, өмірде жетістіктерге же-

туге көмектесу де қосылады. 

  Әрбір баланы жеке тұлға десек, оның өте күрделі, көп аспектілі қыры, 

ол  –  дарындылық.    Дарындылық    деген  не?  Белгілі  ғалым  Н.С.  Лейтес  

дарындылықты  үш  топқа  бөлген:  интеллектісі  жоғары  балалар,  белгілі  бір 

бағытта жоғары нәтижеге жеткен балалар және креативтілігі жоғары балалар. 

  Дарынды  балалармен  жұмыс  істеу  барысында  байқағаным,  олардың 

танымдық әрекетінің даму ерекшелігі төмендегідей:

– ойлау қабілетінің жоғарылығы;

– білуге деген құштарлығы;

– жаңа ой тудыру қабілетінің болуы;

қиын істен жеңілді, жеңілден қиынды көру ерекшелігі;

– болжам жасау қабілеті;

– зейінінің, есте сақтау мүмкіндігінің жоғары болуы;

– қызығушылығы мен қиялының болуы.

Әрбір бала жас кезінен-ақ үлкен жетістікке жетуді армандайды. Көпшілігі 

ерте кезден бастап белгілі бір қабілеттерін байқатады (ән айтады, би билейді, 

сурет салады, мүсіндер жасайды, т.б). Бірақ, бұл қабілеттерді қалыптастырып 

дамытпаса,  уақыт  өте  келе  ол  ұмытылады,  бірте-бірте  жойыла  бастайды. 

Жас  жеткіншектің  өміріне  пайдасы  болмайды.  Испандық  белгілі  дәрігер 

Хуан  Уартенің  пікірінше,  талант  адам  табиғатына  байланысты  дегенмен, 

оның  дамуына  тәрбие  мен  еңбек  қажет.  Ұлы  ақын  Абайдың  да  пікірі  осы 

пікірмен  сабақтас,  ол  «адамның  ойы  мен  санасы  еңбек  іс-әрекеті  кезінде 

қалыптасады»,  –  деп  тұжырымдайды  және  «Кей  қасиет  туа  бітеді,  ал 

кейбірі еңбек арқылы қалыптасады» дейді. Сондықтан дарынды балалардың 

қабілетін дамыту үшін ерінбей еңбек етуіміз керек. 

Жоспарлы, мақсатты жүргізілген жұмыс қана өз нәтижесін бермек. Да-

рынды  оқушылармен  жұмыс  портфолио  жинақтаудан  басталады.  Оқушыға 



12

www


.kazmektep.kz

портфолио жөнінде түсінік беріледі, портфолио жүргізу тәртібімен танысады, 

қажетті ақпарат жинақтайды. Бұл жинақталған портфолио дарынды оқушы 

үшін де, оның мұғалімі үшін де пайдасы зор. Онда әр дарынды оқушы тура-

лы толық мәлімет алуға болады. Портфолио  мынадай бөлімдерден тұрады: 

суреті бар түйіндеме беті, оқушы туралы мағлұмат, құжаттар портфолиосы 

(мақтау қағаздары, алғыс хаттар), пікір портфолиосы (тезистер, ұсыныс хат-

тар), жұмыс портфолиосы (мәнжазбалар, шығармашылық жұмыстар). 

Дарынды  оқушы  осы  портфолионы  жүйелі  жүргізе  алса,  кез  келген 

қиындықты жеңе біледі. Ал мұғалім осы портфолио арқылы алдағы жұмыс 

бағытын анықтай алады. 

Дарынды балалармен жұмыс жүргізгенде, өз басым диагностика жасай-

мын, мақсатын айқындаймын, болжам жүргіземін, нақтылаймын,   іс-әрекетті 

ұйымдастырамын,  жаңа  жұмыс  тәсілдерін  енгіземін,  нәтижені  тексеремін, 

баға беремін, қорытындылаймын.

Бұл   бағыттағы   жұмыстардың   барлығы   жеке  тұлғаны  дамытуға  

бағытталады.  Мақсатым  –    қабілетті  де  дарынды  шәкіртті  тәрбиелеу, 

шығармашылық ізденіске жетелеу. Осы мақсат үрдісінен шығу үшін, ең ал-

дымен,  оқушылардың  ішінен  дарынды,  талантты  балаларды  түрлі  зерттеу 

әдістерін пайдалана отырып анықтаймын. Негізінен, өз пәнім – қазақ тілі мен 

әдебиеті пәндерінен бейім оқушыларды 5-сыныптан бастап ерекше бақылап, 

шығармашылық  жұмыстарға  баулимын.  Өздеріне  ұнаған  ақындардың 

өлеңдерін «Поэзия дәптеріне» жазуға тапсырма беремін. Ақындық қабілеті 

бар оқушылармен жеке жұмыс жасап, оларға өлеңді қалай жазу керек, өлең 

ұйқастары,  буын  саны  қалай  болуы  керектігі  туралы  кеңестер  беремін. 

Шәкірттерім  Мөлдір  Әренова,  Айнагүл  Тілесова,  Рысты  Сатыбаева,  Жа-

дыра  Мұзбаева  «Ақтөбе  балаларының  шығармашылық  қобдишасы»  және 

«Таң нұры» атты кітаптарға өз өлең, шығармаларын жариялап, көпшілікке 

танымал  болды.  Мектебіміздің  «Алтын  белгі»  иегері,  талантты  оқушымыз 

М.Әренова аудандық, облыстық ақындар мүшәйрасының  жеңімпазы  болуы– 

ұстаз еңбегінің жемісі деп білемін. Дарынды оқушылармен жұмыс сабақта 

да, сабақтан тыс уақыттарда да жүргізіледі. Әсіресе, әдебиет сабағына бай-

ланысты біздің мектептерімізде мән берілмей келе жатқан бір мәселе: ол – 

оқушыларымыздың көркем шығармаларды мәнерлеп оқуға үйрету мәселесі. 

Өйткені  сол  табиғаттың,  көркем  дүниенің,  достық  пен  махаббаттың  небір 

оқиғалары баяндалатын көрнекті тұлғаларды таныстыратын көркем әдебиет 

болса, сол әдебиеттің түрлі жанрдағы шығармаларын мәнерлеп оқу – үлкен 

өнер.  


«Дарынды  ұстаз  ғана  дарынды  шәкірт  тәрбиелей  алады»  десек, 

оқушыларды көркем шығармаларды мәнерлеп оқуға үйрету үшін мұғалімнің 

өзінің бойында да осындай өнер болуы қажет. Сонау педучилищеде (қазіргі 

гуманитарлық  колледж)  ұстазым  Зоя  Бралова  апай  мәнерлеп  оқу  курста-

рын  жиі  өткізетін.  Бұрынғы  шәкірт,  қазіргі  ұстаз  менің  бойымдағы  өлеңді 

мәнерлеп оқуға деген құлшынысты алғаш оятқан да, дамытқан да сол ұстазым 

еді.  Ұстазым  өз  бойындағы  осы  бір  жақсы  қасиетті  менің  бойыма  сіңірсе, 

енді ұстаз болғаннан кейін мен де оқушыларға өз бойымдағы өнерді үйретуге 

тырыстым. Шәкірттерім Әсел Жырбаева Абай оқуларында облыста, респуб-

ликада жеңімпаз болса, Сымбат Балымбетова О.Бөкей, Т.Ахтанов атындағы 

мәнерлеп  оқу  конкурсында  жүлделі  бірінші  орынды  иеленді.  Ал  Салтанат 

Ұзақбайқызы, Айкөркем Дәулетова аудандық, аймақтық Т.Ахтанов атындағы 

мәнерлеп оқу конкурстарының бас  жүлделерін иеленді. Әсіресе, шәкіртім 

Жадыра  Мұзбаева  облыстық  М.Мақатаев  оқуларының,  Абай  оқуларының, 

аудандық, аймақтық Т.Ахтанов, облыстық О.Бөкей атындағы мәнерлеп оқу 

конкурстарының  бас  жүлдесін,  бірінші,  екінші    орындарын  жеңіп  алды. 

Қазір бұл шәкірттерімнің барлығы Алматыдағы қарашаңырақ білім ордасы 


13

www


.kazmektep.kz

әл-Фараби атындағы мемлекеттік университеттің филология, журналистика 

факультеттерінің мемлекеттік грантына ие болып, оқуға түсті. Ұстаздық жол-

ды таңдады. 

Мен үшін – бұл үлкен мақтаныш. 

Мұғалім оқушы үшін ұстаз ғана емес, сенімді серік, ақылшы дос болмағы 

ләзім. Кез келген шәкірттің шығармашылық қабілетін тежейтін үш нәрсе бар: 

біріншісі – сәтсіз қадам жасаймын ба деген қорқыныш, екіншісі – өз-өзіне 

риза болмау, үшіншісі – жалқаулық. Сондықтан мұғалім әр шәкіртке жеке 

тұлға  ретінде  қарап,  осы  үш  нәрседен  аулақ  болуын  басты  назарда  ұстауы 

керек. 


Оқушының  дарындылығын  дамыту  үшін  мұғалімнің  өзі  де  көркемдік 

өлшемдермен қарулануы қажет. Кез келген жұмыстың механизмін түсінбейтін 

мұғалім  оқушының  талантын  ұштап,  қабілетін  шыңдамақ  түгілі  оқушы 

жасаған дүниеге нақты әділ баға беріп, көркемдік дәрежесін тани алмайды. 

Оқушыға бағыт-бағдар беруде ескеретін жайт: 

– әдіс-тәсілдерді меңгерту;

– көркемдік шешімін табу үшін, образ жасау үшін кілт боларлық жағ-

дайларды туғызу;

– баға беру, тұжырым жасау.

Мәселен, оқушыны мәнерлеп оқу конкурсына дайындау үшін, ең алдымен, 

оған психологиялық жағынан көмек беремін. «Сен озып шығуға тиіссің, сенде 

керемет дауыс, талант бар. Сенің қолыңнан көп нәрсе келеді» деген тұрғыда 

әңгіме қозғап, олардың бойына өзіне деген сенімділікті қалыптастырамын. 

Оқылатын  көркем  шығарманың  мән-мағынасын  түсіндіріп,  образға  қалай 

кіру  керектігін  үйретемін.  Алдымен  өзім  бірнеше  мәрте  мәнерлеп  оқып 

көрсетемін. Оқушының дауыс ырғағына, сырт келбетіне үлкен мән бере оты-

рып сахна мәдениетіне үйретуді басты назарда ұстаймын. 

Жас  жеткіншектерді  заман  талабына  сай    тәрбиелеуде  мұғалімнің  рөлі 

зор. Сондықтан «Бұлақ көрсең, көшін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар 

мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілет, дарынын ашуды өзіме парыз са-

наймын. Бала бойындағы ерекше қабілетті танып, соған байланысты жүйелі 

жұмыстар жүргізсе, оның болашағының іргетасы  дұрыс қаланатыны белгілі. 

Тәрбиелеген шәкірттерің биік асулардан көрініп жатса, ұстаз еңбегінің зая 

кетпегені. Әрбір дарынды оқушының есімі мектеп тарихында алтын әріппен 

жазылмақ. Ендеше дарынды оқушыларды тәрбиелеуде жауаптылық танытып, 

ерінбей еңбек етейік, әріптестер.

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы.

азіргі кезеңде еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың білімінің тереңдігімен 

өлшенеді.  Білімді,  жан-жақты  қабілетті  ұрпақ  –  ұлтымыздың  баға 

КӘСІБИ ТҰРҒЫДАН САПАЛЫ ДАЯРЛАУ – 

БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Әйгерім ДЮСЕБАЕВА,

М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 

ағылшын тілі пәні мұғалімі

Аннотация.  Болашақ  кәсіби  оқыту  педагогін  бейіндік  мектепте  кәсіпкерлік  іс-

әрекет  негіздерін  оқытуға  даярлаудың  дидактикалық  жүйесін  теориялық  негіздеу 

және практикалық құрастыру.

Қ

жетпес  қазынасы.  Бүгінгі  таңда  педагогика,    психология  ғылымдарының 



14

www


.kazmektep.kz

өзекті  мәселелерінің  бірі  –  жеке  тұлғаны  жетілдіруде,  жан-жақты  дамыту-

да, білім беруде, ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық 

жұмыстарды жасауға қабілетті, дүние көзқарасы кең, рухани бай азамат даяр-

лау. Осы орайда студенттерге жоғары білімнің сапасын арттыру мақсатында 

әртүрлі бағытта және жаңа бағытта жаңа әдістерді пайдалана отырып білім 

беру  үлкен  маңызға  ие.  Жоғары  білімнің  сапасы  дегеніміз  –  жоғары  оқу 

орнының қызмет бөліктерінің барлық қырларын қамти отырып оның негізгі 

сипаттамаларын анықтап беретін көп жақты ұғым. Осы ретте оқу үрдісінің 

сапасын қамтамасыз етуде оқыту әдістерінің атқарар қызметі зор, себебі, ол 

оқу үрдісін ұйымдастырудың тиімділігін көрсететін фактор болып табылады.

Білім  беру  жүйесінде  әлемдік  деңгейге  жету  үшін  жасалынып  жатқан 

талпыныстар, түрліше кәсіптік бағдарламаларға негізделген жаңа типтегі оқу 

орындарының пайда болуы болашақ мамандарды даярлау ісіне нақты талап-

тар қоюда. Ғалымдардың қоғам талабына сай жүргізіліп жатқан өзгерістерге 

тән жоғары оқу орындарында жаңа типтік құрылымдар мен әдістерді енгізуі 

әлемдік стандартқа сай мамандарды дайындау үшін күш-жігерлерін ғылыми 

тұрғыда байланыстыра отырып қызмет жасау көзделеді.

Қазіргі  уақытта  білім  беру  жүйесіне  қойылатын  талаптар  оның  мүлде 

жаңа парадигмасын жасауды қажет етеді. Сондықтан өзекті мәселеге айна-

лып отырған бейіндік саралау, бейіндік оқыту педагогика теориясы мен прак-

тикасында әр тұрғыдан зерттелу үстінде.

Бейіндік мектеп – бейіндік оқытуды іске асыратын оқытудың институцио-

налдық  формасы  болып  табылады.  Қазақстан  Республикасында  бейіндік 

оқыту жалпы білім беретін мектептің 10-11 сыныптарында жүзеге асырыла-

ды, сондықтан білім берудің осы сатысын «бейіндік мектеп» деп атауға толық 

негіз бар.

Бейіндік  оқытудың  ең  басты  ерекшеліктерінің  бірі  –  білім,  іскерлік, 

дағдылар қалыптастырудан құзыреттілік тұрғыға көшу. Ал ол үшін бұрыннан 

қалыптасқан  кәсіби  білім  беру  үрдісін  қайта  құрып,  мамандар  даяр-

лауда осы бағытта жұмыс жасау қажет. Яғни мұғалімді бейіндік оқытудың 

ұстанымдарына  сәйкес  педагогикалық  үрдісті  ұйымдастыруға  қажетті 

білім беру  іс-әрекетінің  дара  және топтық формаларын кіріктіруге, баста-        

уыш, орта және жоғары кәсіби оқу мекемелерінің, сондай-ақ қосымша білім 

беру мекемелерінің өзара әрекеті және ынтымақтастығын қамтамасыз ететін 

ашық білім беру ортасын жобалауға, білім беру мазмұнының баламалылығын 

қамтамасыз  етуге,  оқушылардың  білім  алу  іс-әрекетін  түрлі  деңгейде 

ұйымдастыруға арнайы даярлау қажеттігі туады.  

Бейіндік  мектепте  жұмыс  жасайтын  мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігін 

қалыптастырудағы шешілмей келе жатқан мәселенің бірі – педагогта өзінің 

педагогикалық  ойлауын  жаңартуға,  инновациялық  іс-әрекет  атқаруға, 

мотивациялық  дайындығын  көтеруге,  кәсіби  өрлеуге  сұраныс  тудыратын 

құралдар табу болып отырғандығы екендігін айтуға болады.

Жеке  тұлға  өзіне  тән  ерекшеліктері  арқылы  дараланады.  Ондай 

ерекшеліктерге  сенім,  дүниетаным,  мұрат,  бейімділік,  қызығу,  қабілет, 

талғам, көзқарас, т.б. қасиеттер жатады.

Белгілі  психолог  Б.Г.  Ананьев  «Адам–физиологиялық,  психологиялық 

жағынан  қалыптасып  келе  жатқан  тіршілік  иесі.  Адам  еңбек  ету 

нәтижесінде  жануарлар  дүниесінен  бөлініп  шығып,  бір-бірімен  тілдің 

көмегімен  қарым-қатынас  жасайтын,  дүниені  танып  білетін  оны 

өзгертетін  және  еңбек  құралдарын  жасайтын  жағдайға  біртіндеп  ие 

болды.  Оның  өмірдегі  көрінісі  физиологиялық,  психологиялық,  әлеуметтік 

ерекшеліктеріне,  даралық  қасиеттеріне  байланысты  жеке  адам  немесе 

жеке тұлға екені көрінеді», – деп тұжырым жасаған.

Бірқатар ғалымдардың пікірінше, ХХІ ғасырда оқуға қабілеттілік, қайта 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет