Ежемесячный научно-педагогический журнал министерства образования и науки рк



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата01.03.2019
өлшемі1.03 Mb.
#99626
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

1

www


.kazmektep.kz

ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ

Журнал  Қазақ  өлкелік  партия  комитетінің  шешімімен 1925  жылы  құрылған

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ 

ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖУРНАЛЫ

ЕЖЕМЕСЯЧНЫЙ НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ 

ЖУРНАЛ МИНИСТЕРСТВА ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РК

№1, 2016

(1080)

ҚАҢТАР

РЕДАКЦИЯ:

Бас редактор – Сәния БЕКТЕНҒАЛИЕВА,

педагогика ғылымының кандидаты, доцент, ҚР білім беру ісінің үздігі, 

“Ы.Алтынсарин” белгісінің иегері, ҚР журналистер одағының мүшесі.

Бас кеңесші – Сайраш  ӘБІШҚЫЗЫ,

қоғам қайраткері.

Жауапты редактор – Жолдас  САРМАНОВ.

Тілші – Бауыржан  ОМАРҰЛЫ.

Менеджер – Досқали  ЖҮНІСБЕКОВ.

Оператор-беттеуші – Нәзигүл  СӘДУАҚАСОВА.

Корректор – Күлила  МАЙТЫБАЙ.

Елена  АНДРИЕНКО  педагогика ғылы-

мының докторы, Новосибирь мемлекеттік 

университетінің 

профессоры, 

академик.      

Ресей  Федерациясы.

Гүлнас  АХМЕТОВА  –  Ұлттық “Өрлеу” 

біліктілікті арттыру орталығы акционерлік 

қоғамының басқарма төрайымы, педагогика 

ғылымының докторы, профессор.

Оңалбай  АЯШЕВ  – Оңтүстік Қазақстан 

мемлекеттік педагогика институтының 

ректоры, профессор.

Ләззат БАЗАРҚҰЛОВА – Алматы облыстық 

білім басқармасының бастығы.

Жанбол ЖЫЛБАЕВ  – Ы.Алтынсарин атын-

дағы ұлттық білім академиясының президенті.

Владимир КАБУШ педагогика  ғылымының 

докторы, профессор. Беларусь  Республикасы.

Джанг Ли КЕУН – КИМЭП   университетінің 

ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша дирек-

торы. Лондон экономика мектебінің профессо-

ры.  Оңтүстік  Корея  Республикасы.

Журнал Кеңес Одағы Жоғарғы  Кеңесі Президиумының өкімімен 1975 жылы 

“Құрмет” белгісі орденімен, 1985 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 

Құрмет грамотасымен марапатталған.  

Серік  ПІРӘЛИЕВ   Абай атындағы 

Қазақ ұлттық мемлекеттік педагогика 

университетінің ректоры, педагогика ғылы-

мының докторы, профессор.

Нұрлыбек  САҚЫПОВ  – Қарағанды мемле-

кеттік медицина университетінің профессо-

ры, медицина ғылымының докторы, ҚР білім 

беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан 

педагогикалық ғылымдар академиясының ака-

демигі.

Шәркүл  ТАУБАЕВА – әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университетінің профессоры

педагогика ғылымының докторы.

Салтанат  ТӘЖІБАЕВА  – педагогика ғылы-

мының кандидаты,  профессор.

Ботагүл ТҰРҒЫНБАЕВА – педагогика ғылы-

мының докторы, профессор.

Сақыпжамал  ҰЗАҚБАЕВА  – Абылай хан 

атындағы Қазақ халықаралық қатынастар 

және  әлем  тілдері  университетінің  педаго-

гика және  психология  кафедрасы  меңгерушісі

педагогика  ғылымының  докторы,  профессор.

АҚЫЛДАСТАР КЕҢЕСІ: 

         Электрондық пошта: kaz_mektep@mail.ru 

Сайт: www.kazmektep.kz

2

www


.kazmektep.kz

МАЗМҰНЫ

Бас редактор сөзі

С. Бектенғалиева. Мешін жылында мерейіміз үстем болсын! ....................3

Елбасы Жолдауынан

Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму  .......4

Мектеп тарихынан

Р. Мұратханова.  Тәуелсіздікпен құрдас қарашаңырақ .............................5

Редакция поштасынан

Э. Оразбаева. Үздік мектеп кітапханашысы байқауы ............................10

Білім жүйесі: ізденістер, игі істер

Г. Жайылғанова. Дарынды оқушы – мектеп тарихындағы алтын 

 әріп ......................................................................................................11

Ә. Дюсебаева. Кәсіби тұрғыдан сапалы даярлау – басты мәселе ...........13

Мектеп және кітапхана

М. Ботаева. Дара туған ақын Сара ........................................................16

А. Есболатова. Желтоқсан. Тәуелсіздік ...................................................20

Қазақстандық ғалымның Ресейдегі мәртебесі ........................................23

Педагогика ғылымы: зерттеулер

Н. Кәріпбаева, В. Полевик, Л. Қажыгелдиева, В. Пешкова.  

  Көктемгі танымжорықты өткізу әдістемесі ....................................24



Қ. Молдабаева.  Электрондық коммуникацияны ағылшын тілін оқы-

  туда қолдану .......................................................................................26

Р. Садықова.  Парсы тілін оқытудың әдістемелік жақтары .................28

Р. Кръстева, А. Иванова.  Особенности системы преподавания пред-

  мета “Физическая культура” .............................................................30

Ұ. Серікбаева.  Ақ түске қатысты символдық ұғымдар ..........................32

Отбасы. Мектеп. Қоғам

К. Қаражанова.  Еңбек – тәрбиелеудің басты құралы ............................34

Аңырақай шайқасына – 286 жыл

Л. Қабылбекова.  Тарих тағылымы .........................................................38

Мұғалім тәжірибесінен

Ү. Ақатанұлы.  Көбейткіштерге жіктеулердің әртүрлі тәсілдері ...........39

Е. Құсайынов. Темір, оның табиғатта таралуы, қасиеті, алынуы, 

 қолданылуы .........................................................................................42

Б. Айтқалиева.  Ғ.Мүсіреповтің “Жаңа достар” әңгімесі ........................44

Г. Ақмағанбетова.  Оқушы жетістігін сырттай бағалау .......................45

М. Балғынбаева.  Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және 

  тарихи маңызы ...................................................................................47

Қ. Қожағалиев.  Аралас сабақ .................................................................48

М. Жамалбаев.  Екі көрініс негізінде үшіншісін салу ...............................49

Мектепке дейінгі мекемелерде

М. Акебаева.  Устное народное творчество ...........................................51

Қ. Әбдірахман.  Нағыз қазақ – домбыра .................................................54

С. Ешмұқамбетова.  Өлсе өлер табиғат, адам өлмес ..............................56

З. Мырзаханова.  Мейірімділік ................................................................58

Г. Зубайдаева.  Менің достарым .............................................................60

Ж. Наркеева.  Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік .........................62

Жапсырма беттерде

С. Ұзақбаева.  Қазақ халық педагогикасы тағылымы

G. Yestepbergenova. Lesson plan

3

www


.kazmektep.kz

МЕШІН  ЖЫЛЫНДА

МЕРЕЙІМІЗ  ҮСТЕМ  БОЛСЫН!

Сәния БЕКТЕНҒАЛИЕВА,

педагогика ғылымының кандидаты, 

доцент

Бас редактор сөзі

Қ

ұрметті  «Қазақстан  мектебі»  журналының 

оқырмандары! 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан 

жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа 

2015  жылдың  30  қарашасында  жасаған  жолдауында  атап  өткендей, 

осы жылдың 1-қаңтарынан бастап білім беру саласы қызметкерлерінің 

жалақылары  орташа  алғанда  29  пайызға  артты.  Мына  алмағайып  за-

манда бұл мемлекеттің сіз бен бізге, қала  берді білім саласына жасап 

отырған  қамқорлығы,  қолдауы.  Сонымен  қатар  Жолдауда  техникалық 

білім беруге баса назар аударылған болатын. Елбасы 2017 жылдан бастап 

«Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім бағдарламасы» қолға 

алынатындығын  жариялады.  Бұл  білім  беру  саласындағы  жаңа  баста-

ма елімізде адам капиталының сапасын арттыруға, маман тапшылығын 

жоюға бағытталған маңызды қадам болатыны анық.  

2016  жыл  «Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың 

2011–2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасын»  жүзеге 

асырудың екінші кезеңі басталатынын да айта кеткен жөн. Бұл кезеңде 

(2016–2020 жылдар) басымдық білім беру жүйесін дамыту міндеттерін 

шешуге бағытталған іс-шараларға инвестициялар салуды: білім берудің 

материалдық  инфрақұрылымын  жаңғырту,  әдістемелік,  кадрлық, 

ақпараттық  қамтамасыз  етуді  көздейтін  іс-шараларды  жүзеге  асыруға 

беріледі.  Сонымен  бірге  бүгінгі    таңда  бюджет  қаржысын  тиімді, 

мақсатты  пайдалану  да  ең  өзекті  мәселелердің  бірі  болып  отыр.  Осы-

лайша Президент бүгінгі жас буынды «білімді, еңбекқор, бастамашыл, 

белсенді  болуға»  шақырды.  Әрине,  ел  ертеңі  болар  мұндай  жастарды 

тәрбиелеуде ұстаздарға артылар жүктің салмағы ауыр. 

Тағы  бір  айтар  ең  басты  мәселе:  мұғалімдердің  сенімді  серігі, 

көмекші құралына айналған 90 жылдан астам тарихы бар “Қазақстан 

мектебі”  журналына  жазылу  жыл  бойы  жалғаса  беретінін  естеріңізге 

саламыз.  Ендеше  журналға    жазылудан    шет  қалмаңыздар,  құрметті 

ұстаздар қауымы! 

Ал табалдырығымыздан аттаған Мешін жылы толайым табыстарға, 

бақ-берекеге,  шат-мерекеге  толы  болғай!  Өткен  жылға  өкпе  жоқ, 

«Қазақстан  мектебі»  өзінің  90  жылдық мерейтойын атап өтті. Жаңа 

2016      жылдан    үміт  көп.  Жаңа  жыл  жарқын  болашақтың  жаршысы 

болғай!  

Жаңа 2016 жылдағы оқу тоқсандарыңызда жаңа 

табыстарға жете беріңіздер! 



4

www


.kazmektep.kz

Елбасы  Жолдауынан

2015 жылдың 30 қарашасында Елбасы Н.Ә. Назарбаев барша 

қазақ халқына арнап өзінің дәстүрлі Жолдауын жария лады. Жол-

дауда  еліміздің  алдағы  уақыттағы  даму  көкжиегі  айқындалып,   

бірқатар  міндеттер  және  олардың  орындалу  барысы сараланды. 

Төменде осы Жолдаудан білім беру саласына қатысты тұстарынан 

үзінді ұсынылып отыр.

ҚАЗАҚСТАН  ЖАҢА  ЖАҺАНДЫҚ  НАҚТЫ 

АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ

...  Төртіншіден,  бізге  техникалық  кадрлар  дайындау    жүйесін  барынша 

дамыту қажет. Техникалық және кәсіби  білім беру инвестициялық саясаттың 

негізгі  бағыттарының  бірі  болуы  тиіс.  Бұл  үшін  Германиямен,  Канадамен, 

Авс тралиямен және Сингапурмен кадрлар дайындау орталығын бірлесіп құру 

керек.  Олар  бүкіл  еліміз  үшін  техникалық  және  кәсіби  білім  беру  жүйесінің 

моделі болады.

...  Экономикалық  тәуекелдерге,  жалпы,  ештеңеге  де  қарамастан,  біз 

халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Мен 

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің 

еңбекақысы  орташа  алғанда  –  28  пайызға  дейін,  білім  беру  саласы 

қызметкерлерінікі  –  29  пайызға  дейін,  әлеуметтік  қорғаудағы  қызметкерлер- 

дікі –  40 пайызға дейін артатынын жариялаймын.

...  Еңбек  ете  алатындарға  мемлекеттік  Жолдау  тек  олардың  қайта  оқуға 

немесе еңбекпен қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде ұсынылатын 

болуы тиіс. Үкіметке әлеуметтік көмектің мұндай түрлерін 2017 жылдан бас-

тап енгізуді тапсырамын. Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің басымдығы адам 

капиталын дамытуға кең ауқымды инвестициялар болуы тиіс. Біз бұған дейін  

қабылданған  бағдарламаларға  сәйкес,  білім  беру  және  денсаулық  сақтау  са-

лаларын жаңғыртуды жалғастыруымыз керек. Мен 2017 жылдан бастап жаңа 

жоба – “Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім” бағдарламасы бас-

талатынын жариялаймын. Үкіметке оны жүзеге асыруға кірісуді тапсырамын.



Қазақстанның жас азаматтары!

Білімді,  еңбекқор,  бастамашыл,  белсенді  болуға  қазірден  бастап 

дағдыланыңыздар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің 

шыңына  жете  білсеңдер  мамандықтың  бәрі  жақсы.  Қазір  техникалық 

мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек 

еткен,  талмай  ғылым  іздеген,  жалықпай  техника  меңгерген  адам  озады. 

Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі 

реформалар  мен  атқарып  жатқан  қыруар  істердің  бәрі  сендер  үшін,  болашақ 

үшін жасалуда. 

Қымбатты қазақстандықтар!

Дағдарыстың бәрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ 

болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі. Мен айтып өткеннің барлығы 

жеңуге болатын, біз жеңе алатын бөгеттер. Біз көлденең шыққан кедергілерге 

кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз.

Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін  бізде бәрі 

бар.Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында 

жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегі-

міз – бірлік!


5

www


.kazmektep.kz

лматы    қаласында    тұңғыш    қазақ    мектеп-гимназиясы    1991  жылы 

шаңырағын  көтергенде  қуанбаған  жан  жоқ.  Мектеп-гимназия 

А

Мектеп тарихынан

ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН ҚҰРДАС 

ҚАРАШАҢЫРАҚ

Райхан  МҰРАТХАНОВА,  

«Бөбек» ҰҒПББСО  Адамның үйлесімді дамуы 

институтының ғылыми- әдістемелік бөлімі 

бастығы,   педагогика ғылымының кандидаты

Жол қайда Ақиқатқа апаратын? 

     

 

 

М. Мақатаев

ұлттық  поэзияның  ірі  тұлғаларының  бірі,  дара  үнді,  қайталанбас  дарын-

ды, халқымыздың ең сүйікті де әйгілі,  арқалы ақыны Мұқағали Мақатаев 

есімімен аталды. 

Жаңа  оқу  жылы  басталып,  «Алғашқы  қоңырау»  салтанатты  жиыны  

ашылар  алдында  жан-жақтан  қаумалаған  оқушылар,  қуаныштарында  шек 

жоқ  ата-аналар,  ағылған    қонақтар,  тіпті  шетелден  келгендері  қаншама, 

республикалық,  қалалық,  аудандық    білім  мекемелерінің  өкілдері  құтты 

болсын  айтып,  тележурналистер    радиоға,    теледидарға    түсіріп    жат-

ты.    Мектептің  алды  әсем    безендірілген,  әсіресе,  педагогика  ғылымының 

кандидаты  Ұлықбек  Шарахынұлы  Ибрагимов  пен  Тлеузия  Ақтоқашқызы 

Әбдікәрімова      басқарып  келген  Мәскеу,  Санкт-Петербург,  Киевтен  кейінгі 

сол кезде Алматыда ғана бар көркемсурет мектеп-интернатының  қылқалам 

шеберлері  шығармаларының көрмесі көздің жауын алды.      

Ақын,  Қазақстан  Жазушылар  одағының  мектеп  мәселелері  жөніндегі 

кеңесінің  мүшесі  Рахымжан  Өтегеновтың  1991  жылдың  10  қыркүйегіндегі 

«Ұлан» газетінде жарық көрген  «Сүйінші, тұңғыш қазақ гимназиясы ашыл-

ды!»  деген  мақаласындағы  «Бүгін  ән  де,  күй  де,  би  де,    әңгіме  де  осында. 



Қуанышты  қауым  түйе  соймаса  да  бие  сойып,    көл-көсір  той  жасады. 

Бұл  өте  жарасымды,  орынды  еді.  Мына  тұрған  жаңа  ғимарат,    жаңа 

оқушылар,  жаңа  мұғалімдер  ғана  емес,    жаңарған  замандағы  қазақтың 

тұңғыш гимназиясының ашылуы еді бұл! Оқыған да арманда, оқымаған да 

арманда!»  деген сөзі жігерімізді жанып, жаңа білім ордасының болашағына 

нық сеніммен  үміт артқызды, қайталанбас шеберліктен, мінсіз үйлесімнен, 

сыршыл да шыншыл сезімнен туындаған ақиық ақын  Мұқағали поэзиясы 

үлкен жауапкершілік  жүктеп,  бізді  жаңа биіктерге ұмтылдырды.  

Халықты қуанышқа бөлеген  мектеп-гимназияның  мақсаты – халықтың 

мәдени дәстүрін бойына сіңірген, терең білімді, ой-өрісі кең өз елінің аза-

матын  тәрбиелеу,    міндеттері  –  жаңаша  оқыту  мен  тәрбиелеудің  жаңа 

мазмұнының  элементтерін  құру  және    гимназия  оқушыларына  базалық 

білім  берудің  оқу  жоспарына    енгізу,  балалардың  жекебасының  қабілетін 

ескере отырып саралап оқытуды жүзеге асыру болды.  Жаңа сипатты мек-

теп  тұңғыш  ашылып  отырғандықтан,  қабылданатын  ұстаздардың  еншісіне 

осы міндеттерді толық атқарып, бұдан кейінгі ашылатын  гимназия, мектеп-

гимназияларға жол ашып, бастама жасау үлесі  тиді. Сондықтан «Гимназия 


6

www


.kazmektep.kz

сыныптарына сабақ беретін ұстаздар қандай болу керек?» деген сұрақ тұрды. 

Бұл мәселе тек  мектеп-гимназия әкімшілігін ғана толғантып  қойған жоқ, 

сол кездегі Алматы қалалық білім басқармасын  да ойландырды, нәтижесінде 

Алматы  қалалық  білім  басқармасы    бастығының  бірінші  орынбасары 

Тоқтар  Абайділдаев  басқарған  арнайы  комиссия  ұстаздарды  сұрыптаудан 

өткізді. Алғашқы жылы тілек білдірген жиырма төрт  мұғалімнің жетеуі бір 

жылғы  келісім-шартпен  қабылданды.  Оқу  жылы  аяқталғаннан  кейін  ұжым 

мүшелері толығымен қайтадан байқауда сұрыпталып, қосымша ұстаздармен 

толықтырылды.  Тұрақты  ұжым  қалыптасқанша  ұстаздардың  өз  ісіне 

шеберлігін, жауапкершілігін арттыру мақсатында  сұрыптауды әрбір оқу жылы 

аяқталғанда  қайталап отыру қажет деп тапты. Сонымен оқушылардың дара 

бейімділігі  мен  қызығушылығын  ескере  отырып  соған  икемдей  оқытудың 

жаңа технологиясын меңгере білген, ынталандыра оқытумен жұмыс істей ала-

тын ізденгіш ұстаздардың ұжымы құрылып, мектеп-гимназиядағы тәрбиелеу 

мен білім берудің үлгісі мен шәкірттің болмысы анықталды.

Оқу-тәрбие  жүйесін  ұйымдастырудың  реті,  тәртібі,  оқушылардың 

құқықтары    мен    міндеттері    мектеп-гимназияның    1991  жылғы    25  жел- 

тоқсанында  мектеп-гимназия  кеңесінде  бекітілген  Жарғыда  көрсетіліп, 

басшылыққа алынды.

Мектеп-гимназия,    біріншіден,    оқушыларға  терең  білім  берсе,  екін-

шіден,  жоғары  оқу  орнына  түсуге  әзірлейтін  болды.  Конкурстық  негізде 

химия,  биология,  география,  физика,  математика  пәндерін  тереңдетіп 

оқытатын  9-сыныптарға  әрқайсысында 15–20-ға дейін оқушы қабылданды. 

Жаңаша  оқытудың  алғышарттарын  іске    асыру  үшін  ғалымдардың  көмегі 

қажет болды.   Осы тұрғыдан қарағанда қазіргі әл-Фараби атындағы ұлттық 

университетінің  еңбегі  зор.  Оқушылардың  таңдауына  берілген  пәндерге 

сәйкес  кафедралар  гимназияда  сабақ  бере  алатын,  икемді,  жауапкершілігі 

мол ғалым-педагогтерді ұсынды, 20-дан астам ғылым кандидаттары жұмыс 

істеді. Биология пәнінен университеттің биология факультетінің  зертхана-

ларында  дәріс  алды.  Мектеп-гимназияны  үздік  бітіргендер  университетке 

бірден қабылданатын болды. Ал жаратылыстану сыныптарында латын тілі 

қоса оқытылды да, дәрігерлік институтқа түсуге мүмкіншілік алды. Жалпы 

гимназия  сыныптарында    латын  тілімен  қатар  араб,  ағылшын  тілдерінен, 

халық  музыкасынан,  радиотехникадан  арнаулы  пәндер  жүргізілді.  Жал-

пы  білім  беретін  орта  мектеп  мұғалімдерінің  апталық  жүктемесі  18  сағат, 

гимназияның мұғалімдерінікі 12 сағат болды.     

Оқушыларға берілетін білімнің сапасын арттыру үшін ғалымдар пәннің 

бөлімдері бойынша сабақ берді, мысалы, биология ғылымының  кандидаты 

Р.Оразбаева биология пәнінің «Ботаника» бөлімінен, биология ғылымының  

кандидаты  К.Дауытбаева  жануартану  пәнінің  «Омыртқасыздарынан»,  био-

логия  ғылымының    кандидаты  А.Байымбетов  «Омыртқалыларынан»,  био-

логия  ғылымының    кандидаттары  Н.Торманов  пен    Р.Қошанова  анатомия-

дан    сабақ  берді.  Жалпы  физика  курсының  «Механика»  бөлімінен  Қазақ 

мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының доценті, физика-математи-

ка ғылымының кандидаты Ғ.Егізбаева, «Молекулалық физикадан» әл-Фараби 

атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университетінің    доценті,  физика-математика 

ғылымының кандидаты М.Молдабекова, арнайы курстан  физика-математика 

ғылымының  кандидаттары  Бауыржан мен Қанат Шәкеновтар дәріс өтті.

Арнайы химиядан оқушыларды бағдарламадан тыс сандық және сапалық 

қиын    есептерді  шығаруға  үйрететін  химия  ғылымының  кандидаттары 

Н.Түсіпбаев  пен  Қ.Бекішевтің,  «Химиялық  сараптау  анализдері»  пәнінен 

дәріс  беретін  химия  ғылымының  кандидаты  Д.Мендалиеваның  нәтижелері 

күннен  күнге  өсті.  Ағылшын  тілі  пәнінен  болашақта  химиядан  ағылшын 

тілінде  арнайы  курс  жүргізіліп,  осы  тілде  оқушыларға  ғылыми  жобалар 



7

www


.kazmektep.kz

әзірлетіп қорғату мақсатында химия ғылымының кандидаты, ағылшын тілі 

пәнінің мұғалімі Ә.Жармұғанбетова дәріс жүргізді.

Жоғары оқу орындарымен тығыз шығармашылық қарым-қатынасты ор-

натып, химия пәнінен оқушымен жақын тіл табыса алатын  ұлағатты ғалым-

педагогтер іздеп табуда  мектеп-гимназия ұстазы, химия ғылымының канди-

даты  Әлия Есқалиқызы Темірболатованың  сіңірген еңбегі зор болды.

Енді  оқу-тәрбие  жұмысының  жаңаша  мазмұнына  көшейік,  ол  –  оқу 

жоспары  мен  бағдарламалары  және  оқулықтар.    Бағдарлама  жазу  белгілі 

бір  дәрежедегі  мамандардың  терең  теориялық  білімін,  жүйелі  ойлау 

стилін  талап  етеді.  Жалпы  қазақ  мектептерінің  оқу  жоспары  шамадан  тыс 

жүктелгендігін  ескере  отырып  пәнаралық  байланыс  жүзеге  асырылды.  Әр 

пәннің бағдарламалары іліми материалдың тереңдетілуімен және машықтық 

жұмыстың  арттырылуымен  бір-бірінен  ерекшеленді,  мысалы,  химия,  био-

логия,  физикадан  машықтық  жұмыстар  3-4  есеге  артық  берілді.  Химиядан 

бағдарламаның  негізін  қалағандар:  химия  ғылымының  кандидаттары  Әлия 

Есқалиқызы  Темірболатова  мен  Айгүл  Жұмашқызы  Қазымовалар  болды. 

Кейінгі жылдары осы бағдарламалардың негізінде республика мектептеріне 

арналған  Ә.Темірболатованың  авторлығымен  химия  пәнінің  оқулықтары 

жарық көрді. 

Математика   пәнінің  бағдарламасының  негізін  қалаған тәжірибелі ұстаздар   

Күмісай    Қабылова  мен    Роза  Қалиевалар    есеп  шығару  практикумының  

апталық  санын  3-4  есеге  көбейтіп,  гимназияның  Жарғысының  негізінде  

оқушылар екі топқа бөлініп оқытылды. 

Тек  қана  тереңдетілген,  таңдалған  пәндер  ғана  емес,  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті,  орыс тілі мен әдебиеті,   тарих, адам және қоғам, география, шетел 

тілдері,  дене шынықтыру пәндерінен  дәріс беретін ұстаздарға да апталық 

жүктемелерінің аздығына қарамастан үлкен талап қойылды.  Мысалы, қазақ 

тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі,  ҚР    білім  беру  ісінің  үздігі,    тәсілшіл 

мұғалім    Ләтипа  Ермұханбетқызы  Әуешованың  авторлық  бағдарламасына  

қосымша      қазақ  әдебиетінен  «Атамекен»  бағдарламасының  бағыттарына 

сәйкес  және  халық  педагогикасының  рухани-адамгершілік  тәлімдерін 

үйрететін  тақырыптар  халқымыздың  ұмыт  болған  рухани  азығын  өмірмен 

байланыстыра отырып оқушылардың өмірден өз орнын  табуына  көмектеседі 

деген пікірменен енгізілді.

Халқымыздың  ғасырлар  бойы  ұрпақтан  ұрпаққа,  атадан  балаға  өсиет 

ретінде  жалғасып  отырған    нақыл  сөздері,  мақал-мәтелдері,  шешендік 

сөздері қазіргі жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезім мен көзқарастарын 

қалыптастыратындықтан, халық ауыз әдебиетінің төл мұраларын меңгертіп, 

оны сахналық қойылымдарға жеткізу «Тіл құдіреті» арнайы курсы арқылы 

жүзеге  асырылды.  Курсқа  тек  өнерге,  әдебиетке  деген  құштар  балалар  өз 

еріктерімен қатысты. Келістіріп өлең оқуда, қара сөздер жаттауда, кейіпкерлер 

рөлін ойнауда, тілдің құдіретін танытып, насихаттауда сол кездегі  өте қабілетті,  

шығармашылықпен  жұмыс  істейтін  жас    ұстаз  Қарлығаш  Тұрарбекқызы 

Мамилинаның  ұйымдастыруымен  оқушылардың  шабыты  ашылып,  әртүрлі 

қырынан танылды.

Орыс   тілі   мен  әдебиеті  пәнінен  Ресей  және  Қазақстан  Республика-

ларының    еңбек    сіңірген  мұғалімі,  ҚР  білім  беру  ісінің  үздігі,  тәсілшіл 

мұғалім  Роза Қуандыққызы Шаймақова пәнге бөлінген апталық жүктеменің 

1  сағат  екеніне    қарамастан,  аз  уақытта  көп    материалды    қамтуды    үлкен 

блокпен  беру  жүйесі  арқылы    іске  асырды.    Орыс  әдебиеті  пәнінен  (8–11 

сыныптар)  атақты    Пушкин,    Грибоедов,  Лермонтов,  Гоголь,  Толстой,  Че-

хов  сияқты    орыстың  ақын-жазушыларының  өмірі  мен  шығармашылығы 

қазақтың  шоқ  жұлдыздарымен  («Абай  –  Пушкин  –  Лермонтов»,  «Мақа-

таев – Есенин», «Жамбыл – Светлов», т.б.) салыстыра, байланыстыра оты-


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет