ЕгеуқҰйрықтардың Қан жасушаларына қОРҒасын, мырыш, кадмий тұздарының Қосындысының Әсерін зерттеу



Дата15.07.2017
өлшемі209.84 Kb.
ӘОЖ 612.015.1-3-616
ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ ҚАН ЖАСУШАЛАРЫНА ҚОРҒАСЫН, МЫРЫШ, КАДМИЙ ТҰЗДАРЫНЫҢ ҚОСЫНДЫСЫНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ.

Г. Қ. Атанбаева, Р. Кенжебек, С.Т. Төлеуханов, С.Н. Әбдірешов, Г.Дәулет

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан
Аннотация: Ауыр металдардың әсеріне ұшыраған организмнің иммунофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оның себептерін анықтауда нақты зерттеу жұмыстары қолға алынды. Бірақ артық мөлшердегі металдар иондарының жануарлар мен адамдардың иммундық жүйесіне әсері жеткілікті көлемде зерттелмеген. Ауыр металдардың қосындысының артық мөлшердегі әсерінен пайда болған егеуқұйрықтардың қан жасушаларындағы өзгерістерді анықталды. Зерттеу нәтижелеріміз көрсеткендей, ауыр металдар тұздарымен улану кезінде қан клеткаларының зақымдануы және жануарлар организмінде иммунитеттің төмендегені байқалады. Соның нәтижесінде жануарлар организмінде әртүрлі өзгерістер туындайды.

Сонымен мырыш, қорғасын және кадмий иондарының қосындысының РШК 25, 50, 75, 100 есе арттырылған мөлшерінің егеуқұйрықтардың иммундық жүйесінің сандық көрсеткіштеріне әсерін зерттеуде өткір уландыруда егеуқұйрықтар организмдегі ауыр метал тұздарының иммунодепрессивті әсері туралы мәліметтер алынды.

Уланған жануарларда лимфоцитоз, нейтропения барысында лейкопения байқалды. Лимфоциттер мөлшерінің 2,46 есеге артуы уланған егеуқұйрықтарда болды, жетілмеген лимфоциттер мөлшері 1,5 есеге артты. РШК 100-есе арттырылған мөлшерде үш ауыр металдар тұздарының қосындысымен уландыруда жануарлар организмдегісында қатты улану белгілері байқалып, нәтижесінде бәрі бірден өте тез, бақылаудың 5–6 күндерінде өле бастады. Бірақ, РШК 75–100 есе арттырылған үш ауыр металдар тұздарымен уландырылған жануарлардың барлығының да өлгенін атап айту керек. 100 есе арттырылған РШК-сы жоғарғы деңгейдегі өлімге әкелді, әсіресе үштұздың қосындысымен уланған жағдайда.

Егеуқұйрықтар қанына жасалынған лейкограмма, үштұзпен уланған егеуқұйрықтар уланған егеуқұйрықтар қанында нейтрофилез және лимфопения барысында лейкопения тіркелді. Нейтрофилдер токсикалық түйіршіктелген және ядросы гиперсегменттелгендігімен сипатталды.



Кiлттi cөздep: егеуқұйрықтaр, қaн, лейкоцит, ауыр металлдар, лимфоцит.
Исследование совместного влияния солей кадмия, свинца, цинка на клетки крови крыс.

Казахский национальный университет им. Аль-Фараби, Алматы, Казахстан

Атанбаева Г.К., Кенжебек Р.Б., Төлеуханов С.Т., Абдрешов, Даулет Г.
Аннотация : Принимая во внимания имуннофизиологические особенности организма подвергшегося воздействию тяжелых металлов, были взяты точные исследования дабы выяснить причины

Но стоит отметить, что воздействие ионов тяжелых металлов в избыточном колличестве на имунную систему животных и людей достаточно не изучены. Были обнаружены изменения в крови крыс вызванные соединениями тяжелых металлов Результаты исследования показывают что отравления солями тяжелых металлов приводит к повреждению клеток крови в организме и снижению иммунитета животных. В результате, чего в организме животных возникают разные изменения.

Также были собраны материалы об иммунодепресивном воздействии солей тяжелых металлов на организм крыс

РШК 25, 50, 75, 100 раза больше соединения ионов цинка, свинца и кадмия


Во время лимфоцитоза и нейтропении в организмах отравленных животных была обнаружена лейкопения. Увеличилось количество лимфоцитов в 2,46 раза у отравленных крыс, так же увеличилось и количество незрелых лимфоцитов на 1,5 раз

Во время увелечения количество РШК на 100 раза больше отравление соединениями трех солей в организмах животных были обнаружены признаки сильного отравления. В результате чего все подопытные крысы умерли в течении 5-6 дней.

Но стоит отметить, что животные отравленные на 75-100 раза больше РШК солями трех тяжелых металлов погибли. На 100 раза увеличенное количество РШК привело к губительной смерти, особенно отравление соединениями трех солей

Лейкограмма крови подопытных крыс показала что, в крови крыс отравленных тремя солями во время нейтрофилеза и лимфопении была обнаружена лейкопения. Нейтрофилам характерна груннулированная токсичность и гиперсигматичность ядра.



Ключевые слова. Крысы, крови, лейкоциты, тяжелый металлы, лимфоциты.
Researching of the effect of cadmium, lead, zinc salts to the blood cells of rats.

Atanbaeva G.K1., Kenzhebek R.B. Toleuhanov S.T. Аbdreshov S.N., Daulet G.

1Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan
Abstract. Taking into account the immune physiological characteristics of the organism exposed to heavy metals, precise studies were taken in order to ascertain the reasons.

But it should be noted that the effect of heavy metal ions in excess amount on animal and human immune system is not sufficiently studied. Changes caused by heavy metal compounds in the blood of rats were detected and results of the study show that the salts of heavy metals poisoning results in damage to the blood cells in the body of animals and reduce immunity. As a result, in animals the various changes occur.

Also materials about immune suppressive influence of salts of heavy metals in the body of rats were collected.

RSHK 25, 50, 75, 100 times more compounds of zinc ions, lead and cadmium

During lymphocytosis and neutropenia in the bodies of poisoned animals was detected leukopenia. The number of lymphocytes in the 2.46-fold in rats poisoned, and also increased the number of immature lymphocytes by 1.5 times.

During increasing the number of for RSHK for 100 times more salt poisoning three compounds in animal organisms strong signs of poisoning have been found. As a result, all experimental rats died within 5-6 days.

But it is worth to note, animals poisoned by 75-100 times more three RSHK salts of heavy metals were killed. At 100-fold increased amount RSHK led to fatal death, especially the poisoning of three compounds salts

Leukogram blood of experimental rats showed that, in the blood of rats poisoned three salts during neutrophilia and lymphopenia, leukopenia was found. Neutrophils are characteristic of granulated toxicity and hypersigmatism of nuclear core.



Keywords: Rats, blood, leukocytes, heavy metals, lymphocytes.
Қазіргі таңдағы физиология ғылымында организмнің иммунологиялық күйінің бұзылу және төмендеу мәселесі өркениетті қоғамда маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік погресс ғасырда, жоғарлаған техногенді және ауыр металдар әсеріне байланысты психикалық жүктемелерді әр уақыт бастан кешіреді. Организмнің жауап реакциясы ретінде қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсерінен организмнің қорғау жүйесі жетерліктей жоғары деңгейде болып, нәтижесінде қанның иммунологиялық көрсеткішінің өзгеретіндігі жалыпы иммунофизиологиялық үрдістен көрінеді [1, 2]. Стресс кезінде қанның лейкограммалары мен жалпы лейкоцитарлы көрсеткіштерінің өзгеруі белгілі бір мөлшерде организмнің иммунологиялық жетістігіне байланысты [3, 4].

Жоғарыда айтылғаннан басқа, әдебиетке шолу жасағанда ауыр металдармен уланған организмге иммуностимулдаушы препараттардың улылығымен белсенділігінің өзгерістері зерттелмегені көрсетілген [5 - 7]. Бірақ темірдің әсерінен көптеген микрооргонизмдердің дамуына қажет және оның әлсізденуінен патогенді микрофлораның өсуі төмендейді, сонымен қатар темірге тәуелді лимфоцит пен фагоциттің қызметі организмнің ферменттердің белсенділігін қамтамасыз ететіні анықталған [8, 9].

Көптеген созылмалы аурулар жағымсыз экологиялық факторлардың адам организміне әсер етуінің нәтижесі деп есептеледі. Аурудың басталуы организмнің иммундық қызметінің төмендеуімен байланысты.

Қазақстан Республикасы судың ластануына назар аударып отыр. Зерттеулер нәтижесінде Қазақстандағы ең қатты ластанған өзендер Орал өзені мен Ертіс өзені екен. Семей обылысындағы жерасты суларының ластануы сол аудандағы әскерии аэропорттың экологиялық катастрофасына әкеліп соқтыруы мүмкін. Қазастанның ең ірі қалаларының үшеуін: Өскемен, Павлодар, Семей, ондағы 900 су пайдаланушыларды, түсті металлургия және химиялық кәсіпорындары, машина жасаушы және мұнай өндіруші, тамақ және басқада халық шаруашылығын сумен қамтамасыз етіп отырған Республиканың артериясы ол Ертіс өзені. Бұл өзен әрқашан мыспен, мырышпен ластанды және халыққа керек су мөлшері 4,82 км3 –ты құрайды және бұл бүкіл республика суының 20%-ын құрайды. Өскемен қаласының жерасты суларының ластауының негізгі көзі: қорғасын, мырыш, марганец, фтор, кадмий болып табылады. Сонымен бірге соңғы кезде көп алаңдаушылық тудырып отырған бұл Каспий теңізі. Бұл су қоймасы Қазақстандағы жануарлар әлемі мен өсімдік әлемі үшін әмбебап биогеоценоз болып табылады [10, 11].

Сыртқы ортаға метал иондары өндіріс қалдықтарынан, сондай-ақ автокөліктерден бөлінген газдан түсіп отырады. Ауыр метал иондары біртіндеп қоршаған орта элементтерінде жинақталып, әрі қарай атмосферадан суға және адам организміне өтетіні белгілі. Ішек-қарын жолдарында сіңірліп ұзақ уақыт бойы жинақталып және жекелеген мүшелерінде немесе біртұтас организмдегі қызметтерінде ауқымды өзгерістер тудырады [12].

Қазіргі кезде қоршаған ортада ауыр металдар жеткілікті мөлшерде кездеседі.

Қазіргі таңға дейін ауыр металдардың әсеріне ұшыраған организмнің иммунофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оның себептерін анықтауда нақты зерттеу жұмыстары қолға алынды. Бірақ артық мөлшердегі металдар иондарының жануарлар мен адамдардың иммундық жүйесіне әсері жеткілікті көлемде зерттелмеген.

Осыған байланысты ауыр металдармен улану барысында жұмыстың өзектілігі мен маңыздылығын негіздейді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері

Ауыр металдардың қосындысының артық мөлшердегі әсерінен пайда болған егеуқұйрықтардың қан жасушаларындағы өзгерістерді анықтау.

Жұмыстың мақсатына байланысты келесі міндеттер қойылды:

1. Егеуқұйрықтардың шеткі қанының лейкограммасына мырыш, қорғасын, кадмий тұздарының қосындысының рұқсатты шектеулі концентрациясынан (РШК) 25, 50, 75, 100-есе арттырылған мөлшерінің 10 күндік әсерінен кейінгі көрсеткіштерін зерттеу

2. Үштұздың қосындысының рұқсатты шектеулі концентрациясынан (РШК) 50-есе арттырылған мөлшерінің 20 күндік әсерінен кейін 60 күн қадағалудағы жалпы лейкоциттердегіөзгерістерді анықтау;

3. Шеткі қанының лейкограммасына екі айлық мерзімнен кейінгі үштұздың қосылысының рұқсатты шектеулі концентрациясынан (РШК) 50-есе арттырылған мөлшерінің әсері;

Зерттеу әдістері мен материалдары

Алға қойылған мақсат пен міндеттерге жету үшін тәжірибе әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің виварий жағдайында өсірілген лабораториялық ақ тексіз егеуқұйрықтар алынды. Салмақтары 220-250 гр., олар стандартты виварлы тамақпен тамақтандырылды, ересек 5-6 айлық, түрлі жынысты, жалпы саны 50 ақ лабораториялық егеуқұйрықтар алынды. Ауыр металдар тұздарының улы әсерін анықтау үшін лабораториялық егеуқұйрықтарды 4 эксперементальді топқа бөлінді. Әр топқа 10 егеуқұйрықтан болды.

РШК 50 есе артырылған мөлшері, 1-ші топтағы жануарларға мырыш сульфаты+қорғасын ацетаты+кадмии хлоридің қосындысы 0,05+1,5+250 мг/л концентрациясында берілді.

РШК 75 есе артырылған мөлщері, 2-ші топтағы жануарларға мырыш сульфаты+қорғасын ацетаты+кадмии хлоридің қосындысы 0,075+2,25+375 мг/л концентрациясында берілді.

РШК 100 есе артырылған мөлшері, 3-ші топтағы жануарларға мырыш сульфаты+қорғасын ацетаты+кадмии хлоридің қосындысы 0,1+3,0+500 мг/л концентрациясында берілді. 17-ші бақылау тобындағы егеуқұйрықтар кәдімгі таза ауыз суымен қамтылды.

4-ші топ Ауыр металдар тұздары ерітілген су егеуқұйрықтарға 1 мл-ден пероральді жолмен 10 күн бойы берілді.

Қандағы лейкоциттер санын анықтау үшін жұмысқа пайдаланған құрал–жабдықтар; Горяевтың есептеу камерасы, жабынды әйнек, 0,02 мл қан алуға арналған пипеткалар, пинцеттер, микроскоп, стакандар, дистилденген су, сірке қышқылы, резина алмұрт, спирт, мақта, йод (сурет 2).

Таза пробиркаға 0,38 мл 3% сірке қышқылының ертіндісін құйып, оған 0,02 мл қан араластырады. Лейкоциттерді санау техникасы: санау камерасын аталған ерітіндімен толтырады. үлкейткішімен қарап, одан кейін үлкен көрсеткішімен (Ок.7,0б.40) ауыстырады. Анықталған клеткалардың саны формула бойынша есептелді.


Х=

Х-қанның 1мм3 лейкоциттер саны; 1/4000-кіші квадратшаның көлемі; 20-сұйылту коэффиценті; 400 кіші квадратшалар саны; В-25 үлкен квадраттағы лейкоциттер саны.

Қан жұғындысы бойынша лейкоцитарлы формуланы анықтау әдісі жаңа үлгідегі бағдарламасы бар компьютерге жалғанып, бейнекамерамен қамтылған SA3300C микроскоп көмегімен қан клеткаларында болған өзгерістерді тіркеп, талдау жасалынды.

Алынған мәліметтерге математикалық талдау жасау Microsoft Exsell бағдарламасының көмегімен жасалынды. Барлық алынған мәліметтер статистикалық нақтылық ерекшеліктерін, *р≤0,05, **р≤0,01, ***р≤0,001 салыстыру Стьюдент (t) ісімен орындалды. Нақтылықты анықтау үшін ANOVA-тәсілі қолданылды.

Ауыр металдар тұздарының РШК 25 есе арттырылған мөлшерінің егеуқұйрықтардың иммундық жүйесінің сандық көрсеткіштеріне әсерінен кейін, егеуқұйрықтардың физиологиялық көрсеткіштері сақталған, тәбеттері қалыпты, тері жабындылары тегіс, инстиктері сақталған, яғни ешқандай өзгеріс көрсеткен жоқ.

Үштұздың уланған топтағы егеуқұйрықтар қанындағы жалпы лейкоцитарлық көрсеткіштер 3 есеге төмендеп кетті. Айта кетер жайт, аталған топтағы жануарларда таяқша ядролы және сегмент ядролы нейтрофилдер санының күрт өсіп және жетілмеген нетрофилдердің шеткі қанға шығуы байқалды. Ал, эозинофилдер мүлдем болған жоқ. Базофилдер санының 5-6 есеге және лимфоциттер санының артуы қалыпты жағдайдан асып кетті.

Үш ауыр металдар тұздарының қосындысымен уланған топтағы жануарларда да жалпы лейкоцитарлық көрсеткіштердің күрт төмендеуі байқалды. Атап айтсақ шеткі қанға жетілмеген полинуклеарлардың шығыуы: миелоциттер 7 % дейін (p<0,05), метамиелоциттер 6 % дейін (p<0,05). Сегмент ядролы нейтрофилдер саны өсті, ал таяқша ядролы нейтрофилдер 5-6 есе өсті. Қалған гранулоцитті лейкоциттер мүлдем болған жоқ, ал агранулоцитті лейкоциттер саны 9% дейін, яғни 4-5 есеге төмендеді.

Сонымен егеуқұйрықтар қанына жасалынған лейкограмма, қорғасын тұзымен уланған егеуқұйрықтар қаны мен мырыш тұзымен уланған егеуқұйрықтар қаны бір–біріне ұқсас екенін көрсетті. Нейтрофилез және лимфопения барысында лейкопения тіркелді. Нейтрофилдер токсикалық түйіршіктелген және ядросы гиперсегменттелгендігімен сипатталды.

Лейкограмма көрсеткіштері сол жаққа ығысқан шеткі қанда миелоциттер 16%-ке көтерілсе, ал метамиелоциттер 4%-ке дейін жоғарлады. Таяқша ядролы нейтрофилдер 16%-ке және сегментіядролық нейтрофилдер 62%-ті көрсетті, лимфоциттердің саны төмендеген қалыпты жағдайымен салыстырғанда. Ал моноциттер мен базофилдер мөлдем болған жоқ (кесте 1).

Ауыр металдар тұздарының РШК 50 есе арттырылған мөлшерінің әсерінен зерттелген жануарлардың физиологиялық белсенділігінде ешқандай өзгерістер байқалған жоқ. Жануарлардың тәбеттері қалыпты, тері жабындылары тегіс, көз конъюктивасы таза және де барлық инстинкттері сақталған.

Үш ауыр металдар тұздарының қосындысымен уланған топтағы жануарларда да жалпы лейкоцитарлық көрсеткіштердің күрт төмендеуі байқалды. Атап айтсақ шеткі қанға жетілмеген полинуклеарлардың шығыуы: миелоциттер 7 % дейін (p<0,05), метамиелоциттер 6 % дейін (p<0,05). Сегмент ядролы нейтрофилдер саны өсті, ал таяқша ядролы нейтрофилдер 5-6 есе өсті. Қалған гранулоцитті лейкоциттер мүлдем болған жоқ, ал агранулоцитті лейкоциттер саны 9% дейін, яғни 4-5 есеге төмендеді.

Аталған топтарда лейкоцитарлы формуланың солға қарай күрт жылжуы байқалды (кесте 2).

Кесте 1 - Бақылау тобындағы және үш тұздың қосылысының РШК 25 есе арттырылған мөлшерімен уланған егеуқұйрықтардың жалпы лейкоциттері мен лейкограммаларының көрсеткіштері


Улау түрлері

Мырыш, қорғасын, кадмий тұздары

Бақылау

Лейкоцттер

M ± m

9680,2±56,4

11182,2±12,2

Миелоциттер

M ± m

440,8±9,2

8,2±0,2


0

0


Метамиелоциттер

M ± m

327,2±7,4

7,2±0,2


0

0


Нейтрофилдер

таяқша ядролы

M ± m

908,8±5,7

18,3±0,5


477,5±2,7

5,2±0,3



Сегмент

ядролы


M ± m

2356,4±13,2

70,2±3,1


5692,96±72,0

62,0±0,1


Эозинофилдер

M ± m

113,6±1,7

4,1±0,03


376,5±5,2

4,1±0,03


Базофилдер

M ± m

0

0


165,3±6,3

1,8±0,1


Лимфоциттер

M ± m

568,4±0,4

12,3±0,9


2020,4±6,1

22,0±1,9


Моноциттер

M ± m

0

0


560,1±4,2

6,1±0,5


Ескерту - бөлімі – 1 мкл қандағы клеткалардың жалпы саны; алымы – клеткалардың салыстырмалы %-дық құрамы, алынған нәтижелердің статистикалық сенімділігі бақылаумен салыстырғанда *p < 0,05, **р< 0,01.

Кесте 2 - Бақылау тобындағы және үш тұздың қосылысының РШК 50 есе арттырылған мөлшерімен уланған егеуқұйрықтардың жалпы лейкоциттері мен лейкограммаларының көрсеткіштері




Улау түрлері

Мырыш, қорғасын, кадмий тұздары

Бақылау

Лейкоцттер

M ± m

3800.7±17,9

11182,2±12,2

Миелоциттер

M ± m

266,2±8,6

7,8±0,01**



0

0


Метамиелоциттер

M ± m

228,0±1,8

6,5±0,2


0

0


Нейтрофилдер

таяқша ядролы

M ± m

570,0±5,2

15,3±0,3


477,5±2,7

5,2±0,3



Сегмент

ядролы


M ± m

2356,4±12,5

62,6±2,8


5692,96±72,0

62,0±0,1


Эозинофилдер

M ± m

38,3±6,7

1,1±0,03*



376,5±5,2

4,1±0,03


Базофилдер

M ± m

0

0


165,3±6,3

1,8±0,1


Лимфоциттер

M ± m

342,2±2,1

9,0±0,2


2020,4±6,1

22,0±1,9


Моноциттер

M ± m

0

0


560,1±4,2

6,1±0,5


Ескерту - бөлімі – 1 мкл қандағы клеткалардың жалпы саны; алымы – клеткалардың салыстырмалы %-дық құрамы, алынған нәтижелердің статистикалық сенімділігі бақылаумен салыстырғанда *p < 0,05, **р< 0,01.

Кесте 3 - Бақылау тобындағы және үш тұздың қосылысының РШК 75 есе арттырылған мөлшерімен уланған егеуқұйрықтардың жалпы лейкоциттері мен лейкограммаларының көрсеткіштері




Улау түрлері

Мырыш, қорғасын, кадмий тұздары

Бақылау

Лейкоцттер

M ± m

1130,8±26,9

9182,2±12,2

Миелоциттер

M ± m

67,8±5,6

6,3±0,4


0

0


Метамиелоциттер

M ± m

67,8±5,1

6,9±0,1


0

0


Нейтрофилдер

таяқша ядролы

M ± m

169,5±6,2

15,0±1,2


477,5±2,7

5,2±0,03*



Сегмент

ядролы


M ± m

723,2±5,6

64,0±2,9


5692,96±72,0

62,0±0,1


Эозинофилдер

M ± m

22,6±0,7

2,0±0,01**



376,5±5,2

4,1±0,03


Базофилдер

M ± m

0

0


165,3±6,3

1,8±0,1


Лимфоциттер

M ± m

79,1±2,7

7,1±0,8


2020,4±6,1

22,0±1,9


Моноциттер

M ± m

0

0


560,1±4,2

6,1±0,5


Ескерту - бөлімі – 1 мкл қандағы клеткалардың жалпы саны; алымы – клеткалардың салыстырмалы %-дық құрамы, алынған нәтижелердің статистикалық сенімділігі бақылаумен салыстырғанда *p < 0,05, **р< 0,01.


Кесте 4 - Бақылау тобындағы және үш тұздың қосылысының РШК 100 есе арттырылған мөлшерімен уланған егеуқұйрықтардың жалпы лейкоциттері мен лейкограммаларының көрсеткіштері




Улау түрлері

Мырыш, қорғасын, кадмий тұздары

Бақылау

Лейкоцттер

M ± m

0

0


9182,2±12,2

Миелоциттер

M ± m

0

0


0

0


Метамиелоциттер

M ± m

0

0


0

0


Нейтрофилдер

таяқша ядролы

M ± m

0

0


477,5±2,7

5,2±0,03*



Сегмент

ядролы


M ± m

0

0


5692,96±72,0

62,0±0,1


Эозинофилдер

M ± m

0

0


376,5±5,2

4,1±0,03


Базофилдер

M ± m

0

0


165,3±6,3

1,8±0,1


Лимфоциттер

M ± m

0

0


2020,4±6,1

22,0±1,9


Моноциттер

M ± m

0

0


560,1±4,2

6,1±0,5


Ескерту - бөлімі – 1 мкл қандағы клеткалардың жалпы саны; алымы – клеткалардың салыстырмалы %-дық құрамы, алынған нәтижелердің статистикалық сенімділігі бақылаумен салыстырғанда *p < 0,05, **р< 0,01.

Сонымен егеуқұйрықтар қанына жасалынған лейкограмма, қорғасын тұзымен уланған егеуқұйрықтар қаны мен мырыш тұзымен уланған егеуқұйрықтар қаны бір–біріне ұқсас екенін көрсетті. Нейтрофилез және лимфопения барысында лейкопения тіркелді. Нейтрофилдер токсикалық түйіршіктелген және ядросы гиперсегменттелгендігімен сипатталды.

Ауыр металдар тұздарының РШК 75 есе арттырылған мөлшерінің әсерінен зерттелген жануарлардың психомоторлық реакцияларынының бұзылуы, тәбеттерінің төмендеуі және физиологиялық белсенділігінің нашарлауы секілді өзгерістер байқалды.

Үш ауыр металдар тұздарының қосындысымен уланған топтағы жануарлар организмдегісының физиологиялық жағдайларының ауыр формада бұзылуы байқалды. Егеуқұйрықтар тітіркендірулерге, жемге тіптен көңіл аударған жоқ, тері жабындылары өте лас, кейбір жерлерінде жергілікті түксіздену, көздерінің жасаурауы, конъюктивальді қапшық пен тістің қызыл иегінің ісінуі, іш өтуімен сипаталды. (кесте 3).

Бір қызығы, лимфоциттер көрсеткіші 46%-ке, яғни қалыптан 2–2,5 есеге артты. Үш ауыр металдар тұздарының қосындысымен уланған топтағы жануарларда жалпы лейкоцитарлық көрсеткіштердің 5–6 есеге күрт төмендеуі байқалды. Лимфоциттер, эозинофилдер 2,0±0,01 (p<0,05), моноциттер және базофилдер мүлдем болған жоқ.

Біздің зерттеуіміз жануарлар салмағына 375 мг/л дозадағы мырыш тұзы нейтрофилез және лимфопения негізінде лейкопения туындайтынын көрсетті.

Нейтрофилдер токсикалық түйіршіктелген және ядросы гиперсегменттелгендігімен сипатталды.

Жануарлардың ауыр металдар тұздарының РШК 100 есе арттырылған мөлшерімен уландырғанда, бұл кездегі егеуқұйрықтардың жағдайының алдыңғы топтағы уландырылғандарына қарағанда өте нашар болды. Үш ауыр металдар тұздарының қосындысымен уланған топтағы жануарлар, уландырудың 5-6 күндері өле бастады. Жануарлар организмдегісы қатты күйзеліске ұшырап, тері жабындыларының кейбір жерлерінде жергілікті түксіздену, көздерінің жасаурауы, конъюктивальді қапшық пен тістің қызыл иегінің ісінуі, тіптен кейбіреулерінде қанауы байқалды. Мысалы, егеуқұйрықты паталого-анатомдық хаттамадан үзінді: тері асты май қабаты қанағаттанарлық дамыған, іштің алдыңғы бөлігінде тығыздылық байқалады, құрсақ көп мөлшердегі сарғыш сұйықтыққа толы, ішкі мүшелер қанға толған, бүйректе, бауырда және көкбауырда ұлпалары некротизделген аймақтар бар, асқазаны мен ішектері үрілген, өкпесі эмфизематозды, ақшыл күлгін түстес, жүрегі қанға толған.

Қандағы жалпы лейкоцитарлық көрсеткіштер қалыптымен салыстырғанда 3-4 есеге төмендеп (сурет 7), таяқшы және сегментті ядролы нетрофилдер мөлшері артқан, жетілмеген гранулоциттердің біршама мөлшері қанға шығып және лимфоцитарлы көрсеткіштері күрт төмендеген. Нейтрофилдердің ядролары гиперсегменттелген. Сондай-ақ, қорғасын тұзымен уланған топтағылардың барлығында қанның эритроциттері базофилді түйіршіктелген. Айта кететін жайт РШК 75-100 есе арттырылған мөлшермен уландырылған жануарлардың барлығы дерлік өліп қалды. Ары қарай, шектелген зиянсыз концентрациядан 100 есе арттырылған мөлшермен уландырылған жануарлар қанындағы

Үш ауыр металлдар тұздарының қосындысымен уланған топтағы жануарлардың қанындағы лимфатикалық клеткалардың көрсеткіші бір-біріне ұқсас, яғни жоспарлы төмендеуі 106 – нен (1,4±0,07) 1 мкл-да 106 – не (1,9±0,1) дейін. Бақылаудың 12-ші күнінде нейтрофилді клеткалардың көрсеткіші бақылаумен салыстырғанда 1,5 есе артып кетті (кесте 4).

Үш ауыр металдар тұздарының қосындысымен уланған топтағы жануарларда байқалды: нейтрофилдің саны төмендей бастады, бақылаудың 28-ші күнінде аталған көрсеткіш кадмийтұзымен уландырғандарда бақылау тобымен салыстырғанда 1,7 есе, ал үш ауыр металдар тұздарының қосындысымен уландырғандарда 3,8 есеге түсіп кетті .

Үш ауыр металдар тұздарының қосындысымен уланған топтағы жануарларда байқалды: нейтрофилдің саны төмендей бастады, бақылаудың 28-ші күнінде аталған көрсеткіш кадмий тұзымен уландырғандарда қалыпты жағдаймен салыстырғанда 1,7 есе, ал үш ауыр металдар тұздарының қосындысымен уландырғандарда 3,8 есеге түсіп кетті.

Қорыта келсек, егеуқұйрықтар қанына жасалынған лейкограмма, үштұзпен уланған егеуқұйрықтар уланған егеуқұйрықтар қанында нейтрофилез және лимфопения барысында лейкопения тіркелді. Нейтрофилдер токсикалық түйіршіктелген және ядросы гиперсегменттелгендігімен сипатталды.

Уланған жануарларда лимфоцитоз, нейтропения барысында лейкопения байқалды. Лимфоциттер мөлшерінің 2,46 есеге артуы уланған егеуқұйрықтарда болды, жетілмеген лимфоциттер мөлшері 1,5 есеге артты. РШК 100-есе арттырылған мөлшерде үш ауыр металдар тұздарының қосындысымен уландыруда жануарлар организмдегісында қатты улану белгілері байқалып, нәтижесінде бәрі бірден өте тез, бақылаудың 5–6 күндерінде өле бастады. Бірақ, РШК 75–100 есе арттырылған үш ауыр металдар тұздарымен уландырылған жануарлардың барлығының да өлгенін атап айту керек. 100 есе арттырылған РШК-сы жоғарғы деңгейдегі өлімге әкелді, әсіресе үштұздың қосындысымен уланған жағдайда.

Зерттеу нәтижелеріміз көрсеткендей, ауыр металдар тұздарымен улану кезінде қан клеткаларының зақымдануы және жануарлар организмінде иммунитеттің төмендегені байқалады. Соның нәтижесінде жануарлар организмінде әртүрлі өзгерістер туындайды.

Сонымен мырыш, қорғасын және кадмий иондарының қосындысының РШК 25, 50, 75, 100 есе арттырылған мөлшерінің егеуқұйрықтардың иммундық жүйесінің сандық көрсеткіштеріне әсерін зерттеуде өткір уландыруда егеуқұйрықтар организмдегі ауыр метал тұздарының иммунодепрессивті әсері туралы мәліметтер алынды.


Пайдаланған әдебиеттер

1 Величковский Б.Т. Экология человека. В чем главная проблема для России? // Вестник. РАМН. – 2002. – №9. – С. 6 – 11.

2 Хаитов Р.М. Молекулярно–клеточная физиология системы естественного иммунитета // Физиология и патология иммунной системы. – 2005. – №6. – С. 3 – 11.

3 Черешнев В.А., Кеворков Н.Н., Бахметьев Б.А. Физиология иммунной системы и экология // Иммунолология. – 2001. – №3. – С. 12– 16.

4 Бескемпирова К.Б., Кальянова О.А. Гигиеническая оценка загрязнений почвы вредными веществами в Восточно- Казахстанской области // Гигиена, эпидемиология и иммунобиология. – 2000. – № 3 – 4. – С. 60– 65.

5 Засорин Б.В., Юрченко В.И., Киек О.В. Иммунная система и ее роль в патогенезе заболевании пищеварительного тракта при контакте с соединениями тяжелых металлов // В сб. «Проблемы медицинской экологии». – Караганда, - 1995. – Т.2, - С. 175-177.

6 Проблемы загрязнения окружающей среды и токсикологии // под ред. ДЖ. Уэра. -М.: Мир, 1993. – С. 191.

7 Кривошеин Д.А., Муравей Л.А., Роева Н.Н. и др. Экология и безопасность жизнеднятельности: учебное пособие для вузов / под. ред. Л.А. Муравья. – 2000. – С. 67– 69.

8 Баевский Р.М. Методико–экологический мониторинг здоровья населения // В кн.: Медико–экологические проблемы Приаралья и здоровья неселения. – Нукус, 1991. – С. 65– 68.

9 Галактионов В.Г. Иммунологический словарь. – М.: Академия, 2005. –160 с.

10 Панин М.С. Влияние техногенных факторов и агрохимической деятельности человека на содержание, миграцию тяжелых металлов в системе «почва-растение» // Состояние и рациональное использование почв республики Казахстана: Сб. мат-лов научн-тех. Конф. Алматы, 1998. – С.76-79.

11 Калдыбаев Б.К. Эколого – генетическая оценка последствий загрязнения агроценозов восточной части зоны земледелия Иссык-Кульской области. автореферат дисс. канд. биол. наук. – Алматы, – 2000. – С. 28-30.



12 Тулеуханов С.Т., Бактыбаева Л.К., Свамбаев Е.А., Гумарова Л.Ж. Иммунные показатели периферической крови крыс и костного мозга мышей при интоксикации солями тяжелых металлов // IV Конгресс обогатителей стран СНГ. Московский государственный институт стали и сплавов (технологический университет) 28 – 30 марта 2007 г. Сборник материалов. Том 1, – С. 229–231.
References

  1. Velichkovsky B.T. Ecology cheloveka. V chem glavnayia problem Russia? // Vest. PAMH. -2002.- №9.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет