Әдістің ТӨЛҚҰжаты



Дата01.07.2017
өлшемі58.26 Kb.
ӘДІСТІҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ


1

Әдістің атауы

Сот-медициналық тексергенде мәйітке оттың тірі кезінде әсер еткенін диагностиклау әдісі



2

Құрастырушы туралы ақпарат

Құрастырған: Оспанова К.Е., сот-медицина сарапшы-гистолог, м.ғ.к. (ҚР ДСМ Сот медицинасы орталығы). Рецензент: Манекенова К.Б., м.ғ.д., профессор, АМУ патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі.


3

Әдіс мамандығының шифры


24.1 Сот–гистологиялық зерттеу (медициналық)

4

Әдістің мәні

Сот-медициналық тексергенде мәйітке оттың тірі кезінде әсер еткенінінің микроскопиялық белгілерін анықтау

4.1

Әдістің сараптамалық мақсаты

Сот-медициналық диагнозды растау немесе қою

4.2

Зерттелген нысандар

Аутопсиялық материал (мәйітті ашу кезінде алынған ішкі ағзалары)

4.3

Зерттеу әдістері

Гистологиялық

4.4

Әдістің қысқаша сипаттамасы


Тері мен қаңқа бұлшықеттерін зерттеу

Тері мен бұлшықетке от әсер еткен жерін патогистологиялық зерттегенде артериальды, капиллярлы гиперемия, стаз белгісі, ісіну, қан құюлу, қан құйылған аймақта эластикалық талшықтардың үзілуі, клеткалы инфильтрация, эпидермистің мальпигиев жасушасы мен ядросының тартылуы, эпидермиста және дермада дистрофиялық және некроздану, дәнекер және бұлшықет талшықтарының метахромазиясы, тері асты май қабатының эмульгирленуі, бұлшықеттің ценкерлік өлеттенуі белгілері анықталады. Ажыратпалы диагностика жүргізгенде осы белгілердің өзі емес, олардың әр жерде орналасуы мен дәрежесі маңызды. Өлгеннен кейін пайда болған қан құлулар от әсер еткен жерде, шытынап күйген жерде анықталады. Әлсіз боялған сақина тәріздес эритроциттер орналасқан жерінен алысқа тарамайды. Тамыр қабырғаларының реактивті өзгерістері байқалмайы. Эндотелий ядросы жақсы сақталған; тамыр қабырғасының қалыңдауы мен борпылдануы, аргентофильді талшықтардың фрагментациясы, эластикалық мембрананың тарамдалуы анықталмайды. Өлгеннен кейін от әсер еткен жерде тірі кезінде әсер еткенмен салыстырғанда тамыр бұылыстары әлсіз дәрежеде анықталады. Жұмсақ тіндердің базофильді және метахроматикалық бояудың интенсивтілігі әлсіз, ошақты түрде анықталады және теріні сумен жуғанда жоғалып кетеді. 10 % спиртті гематоксилинмен және пикрокармин-индиго-карминмен бояғанда метахромазия мен дәнекер тіннің базофилиясы болмаса термиялық зақымдалудың өлгеннен кейін әсер еткенін көрсетеді. Теріде дәнекер тінде гиалурон қышқылы типту қышқыл мукополисазаридтердің жиналуы тек тірі кезінде куйік шалғанын көрсетеді, және альциан көгімен және толуидин көгімен бояғанда ерте кезеңде анықтауға болады. Гликогеннің көбеюі, сілтілі фосфотазаның ферментатвті белсенділігінің жоғарылауы, нуклеин қышқылының жиналуы анық дамиды. Бұл өзгерістер өлгенге дейін (1-2 сағаттан аз) аз уақытта дамымайды. Күйіктің тірі кезінде пайда болу өзгерістеріне артериальді тромбтар, лейкоциттердің тамыр қабырғасында орналасуы бағалы белгі болып табылады. Арнайы бояуларды қолдану (Марголин, Гольдман бояуы) ерте пайда болған лейкоцитарлы реакцияны анықтауға мүмкіндік береді. Тері мен қаңқа бұлшықеттерінде тірі кезінде немесе өлгеннен соң күйік шалуын ажыратуда перифериялық жүйке жүйесінің некроздану және реактивті-дтстрофиялық өзгерістерінің болуы маңызды. Көрсетілген өзгерістер (Бильшовский-Грос күмісімен импрегнациялағанда) құрылымның дөрекіленуімен, варикозды үрленумен, вакуольденумен, фрагментациямен, цилиндрдің түйіршіктенуі мен ыдыраумен байқалады. Бұл өзгерістер өлгенге дейін бірнеше минут ішінді әсер етсе пайда байқалады және өлгеннен соң күйік шалған аймақта кездеспейді. Нейрогистологиялық зерттеуде дұрыс диагноз қою үшіе күйген жерден алыс тінді зерттеу қажет, перифериялық жүйке талшықтарында мыңызды өзгерістер болу мүмкін. Тірі кезінде пайда болған өзгерістер үшін нейрогистологиялық өзгерістің айқындылығы мен зақымдалмаған жерде бақылау тіннің өзгерістерінің болмауы крсетеді. Гистологиялық зерттеу үшін күйік шалған жердің әртүрлі жерінен кесектер алу қажет, себебі тірі кезінде немесе өлгеннен соң пайда болған өзгерістер араласуы мүмкін. Кең және терең күйген жер тек өлгеннен соң байқалуы мүмкін, бірақ бұл тірі кезінде болған күйік белгілерін жоққа шығармайды. Мұндай жағдайда күю мен деструкциялану тек беткі қабатта орналасса, терең қабатта жоғарыда айтылған тірі кезде пайда болатын өзгерістер кездеседі, қан айналымның бұзылуы, жүйке жүйесінің некрозы мен дистрофяисы сияқты. Тірі кезінде пайда болған көпіршіктің жалпы белок санын рефрактометрлі зерттегенде оның аз көбеюі анықталады (4,2—4,9%), өлгенне соң оның саны екі есеге артады (2,1—2,3%). Сондықтан бұзылмаған көпіршік болған жағдайда белокты тексеру, тірі кезінде алған күйікті дәлеледеуге көмектеседі.

Тыныс жолдары мен өкпені зерттеу

Кеңірдектің, бронхтың ысытық ауамен демалғанда жүйкесінің өзгерістері қабынуға әкеп соғуы айқын өзгеріс береді. Күйген жүйке талшықтары мәйіттік өзгеррістерге жақсы қарсы тұрады (жоғары температураның бекіткіш қасиетіне байланысты) Бұл өзгерістерді басқа патогистологиялық зерттеулер нәтижесіз болғанда қолдануға болады. Кейбір көмектескіш белгілерге тыныс жолдарының эластикалық талшықтарының құрылымының, орналасуының, пішінінің өзгеруі жатады. Әркелкі орналасу, күрт иректелу, фрагментация, ыдырау, «еру» және т.б. өзгерістер өлгеннен соң байқалмайды.

Тыныс жолдары мен өкпенің дренажды функциясының бұзылуы, бронх тарылуы, эпителидің өзгеруі, ателектаз бен эмфизема тек қана күйік кезінде болмайтынын ескеру қажет. Олар жедел өлімде (асфиксияда, мидың механикалық зақымдалуында) де кездесуі мүмкін. Термиялық күйіктің маңызды белгісі өкпе тамырларының майлы эмболиясы (механикалық зақымдалу мен аурулар болмаған жағдайда).

Майлы эмболияны дәлеледу үшін өкпені зерттеу керек ( қатырылған кесіндіні Судан III немесе Судан қара бояуымен бояу). Аз күйік шалғанда қателеспес үшін күйік шалған жерден алыс жатқан өкпе тінін зерттеу қажет. Шынайы майлы эмболия үшін екі өкпеде де майдың біркелкі оналасуы тән. Өлгеннен соң май альвеолада, альвеола аралық пердеде, сирек жағдайда ірі тамырларда кездеседі. Май тамыр қабырғасына тығыз орналаспайды, тамыр тарылуы байқалмайды. Негізгі артериялар мен капиллярларда май болмайды. Күйік шалған жерден алыс жерде немесе зақымдалмеған екінші өкпеде майлы эмболия белгілері болмайды. Егер мәйіт кең және терең күйікке шалынса тамыр ішілік майды іздемеі, басқа тірі кезде болатын өзгерістерге мән беру керек. Кеңірдекте, трахеяда, бронхта күйенің болуы тірі кездегі өзгерістерге жатады. Күйік өлім себебі болып табылмағанда, күйе тыныс жолдарында кездеспейді. Өлгеннен соң да күйе тыныс жолдарына енбейді, тек мойынның және кеуде қуысының ақауы болмаса. Соңғы жағдайда тірі кезде болатын өзгерістер диагностикалық мәнін жоғалтпайды. Мәйітті ашқанда терідегі күйе аспаптар немесе қолғап арқылы тыныс жолдарына түспес үшін байқау керек. Сол үшін кеңірдекті, трахеяны, бронхты таза, қолданылмаған қайшымен кесу қажет. Тыныс жолдарында күйенің болмауы өлгеннен соң болған күюдің әрқашан дәлелі болып табылмайды, оттан жедел өлуі де мүмкін.



Басқа ішкі ағзаларды зерттеу

Тірі кездегі өзгерістерге тамыр ішіндіге лейкоциттерде, бауырдың купферов жасушаларында, ішкі ағзалардың тамырларында көмірдің майда бөлшектерінің болуы жатады. Көмір мен формалин пигментті ажырату үшін кесіндіні 3 % су асқын тотығымен өңдеу қажет, күйе мен гемосидерин пигментін ажырату үшін препаратты темірге бояу керек (Перлс реакциясы). Оттың тірі кезде әсер еткенін ажырату үшін ауыз, мұрын қуысының шырышты қабатының күюін ескеру керек.



Отқа тірі кезінде түскен адамда қан айналымның өзгеруіне миокардтың, бүйректің, бауырдың дистрофиялы-некрозды өзгерістері қосылады. процессы в миокарде, почках, печени.

5.

Ғылыми кеңестің әдісті мақұлдаған күні

№ 2 хаттама «5» желтоқсан 2016 ж.

6.

Сараптамалық әдістің төлқұжатын құрастырған міндетті тұлға

Имамбаева Н.Е., РМҚК «ҚР ӘМ Сот медициналық орталығы» жоғары санаттағы сот-медициналық сарапшы


Каталог: sites -> default -> files -> u27175
u27175 -> Гистологиялық препараттардағы А,В және н антигендерін аралас агглютинация әдісімен анықтау
u27175 -> Әдістеменің ҚҰжаты әдістеменің атауы
u27175 -> Қанның бар екендігін микроспектральді әдіспен айқындау.
u27175 -> Әдістеменің атауы Сүйек тіндерінде А, В, н топтық антигендерін анықтау әдісі
u27175 -> Әдістеменің ҚҰжаты әдістеменің атауы
u27175 -> Әдістің ТӨЛҚҰжаты
u27175 -> Әдістеменің куәлігі
u27175 -> Мәйіт материалдарын алу әдісі және лабораториялық зерттеуге жолдау
u27175 -> Әдістеменің куәлігі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет