Әдістеменің ҚҰжаты әдістеменің атауы



Дата25.04.2017
өлшемі29.78 Kb.
                               ӘДІСТЕМЕНІҢ ҚҰЖАТЫ

1. Әдістеменің атауы

Қарсы иммуноэлектрофорез реакциясымен қанның түрін анықтау әдісі

2.Әдістеменің мамандық шарт белгісі

Сот-биологиялық зерттеу (медициналық) 25.1

3. Әдістемені құрастырған автор (лар) (құрастырушы (лар)) туралы мәлімет

ҚРӘМ «СМО» РМҚК сот-биологиялық бөлімінің жетекшісі- Итбаева Ж.Ж.

4. Әдістеменің мәні

Электр өрісінде, әлсіз сілтілі ортада,сығындының сарсулық ақуыздарында молекулалары теріс зарядты бола тұра, катодтан анодқа қарай жылжиды. Ең үлкен жылжымалыққа альбуминдер ие, ал ең кішіге-гамма глобулиндер. Агар гелі электролит ерітіндісімен байланысуда, теріс зарядка ие болады, соның арқасында оның беткейінде электролиттердің оң иондары орналасады, электр тогының әсерімен электролиттің сұйық фазасын өзіне ала катодқа қарай жылжи бастайды. Альбуминдердің қимылы анодқа қарай тежеледі, ал гамма-глобулиндер қарама-қарсы жақтарға, катодқа қарай жылжиды да электроэндоосмотикалық паток пайда болады. Сонымен, құрамында қарсыдене бар иммунды преципитациялық сарсулардың глобулинді фракциялары эндоосмос салдарынан электрофорезде анодтан катодқа қарай ығысады, ал сығындының көпшілік қарсыгендері ( альбуминдер) катодтан анодқа қарай ығысады. Демек, қарсыденнелер және қарсыгендер электр тогының әсерімен бір-біріне қарама қарсы жылжиды және байланысу орындарында ақ жолақ түріндегі преципитат пайда болады.

4.1 Әдістемемен шешілетін сарапшылық тапсыпмалар

Қанның түрлік қатынастығын анықтау.

4.2 Зерттеу нысандары

Қан дақтарындағы, айғақты заттардаға қан дақтарындаға сорындылар.

4.3 Зерттеу әдістері

Иммунологиялық.

4.4 Әдістеменің кезең бойынша қысқаша сипаттамасы

Тазартылған суда 2% агар дайындалады. Ерітілген агардың 150 мл-не 100 мл буфер ерітіндісінен (агарлы буфер) және 50 мл тазартылған судан тұратын қоспаны қосады, сонымен 1% агар пайда болады.Буферлі ерітіндінің құрамы: натрий барбиталы ( мединал)- 10,51 гр, барбитал (веронал)- 1,66 гр, қальций лактаты-1,536 гр, тазартылған су 1 литрге дейін. Дайындалған 1% агар, өлшемі шамамен 9х12 см әйнек пластинкаға құйылады да агар кепкенше 20-30 минутқа бөлме температурасында қалдырылады. Гель толық кепкеннен соң трафаретті агары бар пластинканың астына қойып, ойғышпен саңылаулар жасаймыз. Саңылаулардың ішінен агарды алады. Қуыстар екі параллельді қатарда орналасуы керек, горизонтальді орналасқан қустардың арақашықтығы 1 см-ден аспауы керек, ал вертильды орналасқан қуыстардың арақашықтығы 1,5 см-ден кем болмауы керек. Қуыстардың бір қатарына зерттелетін сығындылар мен белгілі сұйытылған қарсыгендер, ал келесі қатарға сәйкес преципитациялық сарсулар орналастырылады. Реакцияны бақылау үшін заттық-сақтаушылардан сығынды енгізіледі. Осындай жолмен дайындалған пластинка электрофорезге арналған камераның рамкасына жайғастырылады, теріс электрод катод (-) сығынды тұрған жақтан, оң электрод анод ( +) преципитациялық сарсулар тұрған жақтан қосылады. Екпіндеу электродты буфер құйылған арнайы камерада жүргізіледі ( элктродты буфердің құрамы: натрий барбиталы ( мединал) – 8,760 гр, барбитал ( веронал)- 1,380 гр, кальций лактаты- 0,384 гр, тазартылған су 1 литрге дейін, РН-8,6). Камера желіге коректендіру блогы арқылы қосылады. Екпіндеу уақытты 30-40 минут, ток күші былай есептелінеді: сантиметрлік лентамен агары бар әйнектің ұзындығын өлшейміз де оны 2,5 мА-ға көбейтеміз, алынған шама мА өлшемінде тоқтің күшіне сай келеді. Екпіндеуден соң агары бар әйнекті жабық камерада 10-20 минутқа қалдырамыз, өйткені иннерция заңы бойынша иондардың қозғалысы жалғасады. Нәтиже қара фонда есепке алынады: оң нәтижеде сығынды мен сәйкес преципитациялық сарсудың арасында ақ түсті преципитация жолаға пайда болады.

5. ҚР ӘМ ССО Ғалымдар кеңесімен әдістемені мақұлдау күні

№ 1 хаттама «7» қараша 2016 ж.

6. Әдістеме құжатын құрастырған адам туралы мәлімет

« ҚР ӘМ СМО» РМҚК Батыс –Қазақстанның филиалының сот-биологиялық бөлімшесінің жетекшісі, жоғары санатты маман Зайнулина Р.В.

Каталог: sites -> default -> files -> u27175
u27175 -> Гистологиялық препараттардағы А,В және н антигендерін аралас агглютинация әдісімен анықтау
u27175 -> Әдістеменің ҚҰжаты әдістеменің атауы
u27175 -> Қанның бар екендігін микроспектральді әдіспен айқындау.
u27175 -> Әдістеменің атауы Сүйек тіндерінде А, В, н топтық антигендерін анықтау әдісі
u27175 -> Әдістің ТӨЛҚҰжаты
u27175 -> Әдістеменің куәлігі
u27175 -> Мәйіт материалдарын алу әдісі және лабораториялық зерттеуге жолдау
u27175 -> Әдістеменің куәлігі
u27175 -> Әдістеменің ҚҰжаты әдістеменің атауы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет