Едилова Жанылсын Кошербаевна Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Гимназия сыныптары бар М.Әуезов атындағы №20 жалпы орта білім беру мектебі Ашық сабақ



Дата17.07.2017
өлшемі113.71 Kb.
түріСабақ
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы

Гимназия сыныптары бар М.Әуезов атындағы

20 жалпы орта білім беру мектебі


бастауыш сынып мұғалімі
Едилова Жанылсын Кошербаевна

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы

Гимназия сыныптары бар М.Әуезов атындағы

20 жалпы орта білім беру мектебі



Ашық сабақ

Қазақ тілі пәні

2-сынып

«Лепті сөйлем»
1e57af79

Өткізген: Едилова Жанылсын Кошербаевна

Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем

Сабақтың мақсаты:1.Лепті сөйлем туралы толық түсінік беру және

өз беттерінше сөйлем құрастыра білуге

жаттықтыра түсу.Дауыс ырғағына қарап сөйлем

түрлерін ажырата білуге үйрету.

2.Мейірімділікке, көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білуге

тәрбиелеу

3.Байланыстыра сөйлеу,мәнерлі жазу машықтарын жетілдіре

түсу,әсем жазу арқылы өз еңбегін дұрыс ұйымдастыра білуге

баулу.

Сабақтың көрнекілігі: ребус, тірек сызбалары,дөңгелекшелер, интерактивті тақта, «көңіл-күй тақтасы»,ойынға арналған материалдар

Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру,әңгімелеу, салыстыру

Пәнаралық байланыс: ана тілі,математика, дүниетану, өзін-өзі тану, музыка.
Сабақтың жүрісі:


Сабақтың бөлімдері

Жасалатын жұмыстардың мазмұны

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың назарын сабаққа аударып, кітап-құралдарын түгендеу.




Ребус шешу «Сөйлем»

-Қандай сөз шықты?

-Бұл сөз туралы не айта аласыңдар?Кім ережесін еске түсіреді?


Дайындық бөлімі

*Осы сөйлем туралы білімдерін жүйелеу үшін тест жұмысын ұсынамын.

-Мен сұрақ қоямын, сендер дөңгелекшелерді көтеру арқылы дұрыс жауапты таңдайсыңдар.

Тест жұмысы

1.Сөйлем неден тұрады?

А.Сөзден Ә.Буыннан

2.Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

А.Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады

Ә.Сөйлемдегі сөздер бірге жазылады.

3.Сөйлемнің алғашқы сөзі қандай әріптен басталып жазылады?

А.Бас әріптен басталып жазылады

Ә.Кіші әріппен жазылады

4.Сұраққа жауап алу мақсатында айтылатын сөйлемнің түрін тап.

А.Сұраулы сөйлем

Ә.Хабарлы сөйлем

5.Сөйлем айтылу мақсатына қарай қаншаға бөлінеді?

А.Үш түрге Ә.Екі түрге
(тест жауаптары тыңдалып, А жауаптарының дұрыстығы ескертіледі)
Тренинг жүргізу

-Біз сөйлем туралы білімімізді жүйеледік.Енді бір сәт ойланайықшы.Далаға шыққанда ең бірінші көзіміз қайда түседі?

Күнді кейде не басады? Бүгін біз сол бұлттарды тазартып,Күнге де, өзімізге де көтеріңкі көңіл-күй сыйлайық.







Бұлттардың тапсырмалары:

1.Жаңбыр жауғалы тұрған сияқты (хабарлы сөйлем)

2.Жаңбыр жаумай ма?(сұраулы сөйлем)

3.Алақай,күн жарқырады! (лепті сөйлем)

-Күнге қатысты қуанышты , көтеріңкі сөйлемдер тапқызып айтқызу




Жаңа сабақ

Қану, ренжу, өкіну,

Мақсатым соны сездіру.

Ұранды да айтамын,

Қарқындап барып қайтамын.

Ме н ылғи да айғайлай бермеймін,

Қуана да, күле де білемін.

Кейде өкініп, ренжісем де,

Көбіне көтеріңкі , көңілді жүремін.(Леп белгісі)
-Ендеше, кітаптың 81-бетін ашайық.

-Бүгінгі танысатынымыз- ЛЕПТІ СӨЙЛЕМ.


Оқулықпен жұмыс

240-жаттығу

Екі оқушы рольге бөліп оқиды.

Сөйлем соңындағы тыныс белгісіне назар аударып,

Дауыс ырғағына мән беру арқылы лепті сөйлемнің

көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтынына назар аударту
ЕРЕЖЕ:

Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.Олар көтеріңкі дауыспен айтылады.Лепті сөйлемнің соң леп белгісі (!) қойылады.
Тақтамен жұмыс

241-жаттығу

1-нұсқа 2-нұсқа

Сыныпта өнерлі Мектеп ауласына әдемі

оқушылар көп. гүлдер егілген

(Осы сөйлемдерді сұраулы, лепті сөйлемге айналдыру)
Сурет бойынша әңгіме құрау

244-жаттығу

Мәтінге ат қою.Сөйлемнің үш түріне бір сөйлемнен айту

және жазу.

Сергіту сәті

«Әрқашан күн сөнбесін!» өлеңіне билеу

Өз бетімен жұмыс

242-жаттығу

Алақай, жасасын сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрастыру.



Бекіту



Ойын «Адасқан сөйлемдер»

-Әкем шаңғы әкелді.

-Қар қалың жауды.

-Ауа райы қандай жақсы!

-Алақай, әкем шаңғы әкелді!

-Қар қалың жауды ма?

-Балалар қайда?


Қорыту

Үйге тапсырма беру, 245-жаттығу

Бағалау

-Қодарыңдағы дөңгелешелерді қалаған бет-бейненің қалташасына салыңдар.
-сабақ ұнады -сабақ ұнаған жоқ




Маңғыстау облысы Ақтау қаласы

Гимназия сыныптары бар М.Әуезов атындағы

20 жалпы орта білім беру мектебі




Ашық сабақ

Математика пәні

3-сынып

«Баға,сан,құн шамалары»
4f82cca1

Өткізген: Едилова Жанылсын Кошербаевна


Тақырыбы: Баға, сан , құн шамалары

Мақсаты: 1.Оқушыларға баға, сан, құн туралы түсінік беру,күнделікті өмірмен байланыстыру.

2. Оқушыларға экономикалық білім беру.

3.Оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру

Көрнекілік: интерактивті тақта, кеспе цифрлар, сызбалар

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, салыстыру

Сабақ түрі: саяхат сабақ

Жүрісі:

Сабақтың бөлімдері

Сабақтың мазмұны


Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Кітап-құралдарын түгендеу


Дайындық бөлімі

-Біз бүгін сабағымызда бағалар әлеміне саяхат жасаймыз.

-Баға деген сөзді естулерің бар ма? Ол қайда кездеседі? (сабақта да, дүкенде де баға ұғымы бар екенін айтып өтемін)

Саяхатқа шығу үшін алдымен оған дайындаламыз.

Бізге ол үшін алдымен жақсы білім керек.Білімдеріңді тест жұмысы арқылы тексеремін.

1. Кез-келген сан мен 1-дің көбейтіндісінің мәні неге тең?

А . нольге тең Ә .бірге тең Б. сол санға тең

2. х•19=0 теңдеуінің мәні неге тең?

А. О Ә. 1 Б шешімі жоқ

3. 4000:100

А. 4 Ә. 40 Б. 400

- Енді біз саяхатқа толық дайынбыз.



Жаңа сабақ

- Бағалар ең көп кездесетін жер ол дүкендер.Біз бүгін үш дүкенді аралаймыз.Ондағы заттармен танысып, бағаларын салыстырамыз. Нәрселер сатып аламыз.

-Қай дүкенге баратынымызды білу үшін жұмбақ шешейік.

Жоқ өзінде бас та, қас та мойын да

Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш)

-Сызғыш қай дүкендерде сатылады?

(Абди кеңсе тауарлар әлемі)

-Дүкенде өзіңді қалай ұстауың керек?

Есеп: Сызғыш 100 теңге, дәптер 20 теңге.Мен екі дәптер,3 сызғыш сатып алсам, қанша теңге төлеуім керек?

Сызбамен түсіндіру


Бағасы

саны


құны

100

3

?

20

2






Құны дегеніміз-сол заттар үшін төленетін ақшалар саны.

Дүкенде басқа нелер бар? Осы заттарды қатыстырып есеп құрастырайық.

Дәптер-40 тг.3 дәптер қанша теңге тұрады?Сатып алынған үш дәптердің құны қанша?

-Енді келесі қандай дүкенді аралайтынымызды білу үшін жұмбақ шешейік.

Сырты қатты, іші тәтті.

Аспай піскен , қайнамай түскен

Азық- түлік

Дүкенннің есігі құлыптаулы тұр.Оны ашу үшін кітабымыздағы 2-тапсырманы орындап жіберейік

-Дүкенде нелер бар екен? Олардың не сатып алып тұрғанын есептей аламыз ба?

376efb7d


Сергіту сәтіb9345857

Логикалық есеп: Алма ағашында 4 алма, теректе 5 алма өсіп тұр. Барлығы қанша алма өсіп тұр?

Келесі дүкеннің есігін ашу үшін 1-тапсырманы орындайық

b9345857

-Есептің сұрақтары бойынша талдау жасау.

Дүкенде нелер бар? Осы заттар туралы мәліметтерді пайдаланып есеп құрастырыңдар.

Доп-500 тг, машина 800 тг.Екеуі үшін қанша тг төленді?

-Енді біз де саяхаттан сыныпқа оралайық.

Бекіту

-Бүгін біз қайда бардық? Нелерді көрдік? Енді сендердің білімдеріңді одан әрі сынау үшін «Дүкен » ойынын ойнайық.

Жақсы оқитын бір оқушы сатушы болады да, заттар сатады

Заттарда тапсырмалар жазылып тұрады.Тапсырмалар шешілсе, оны сатып алады.


Қорыту

Бағалау.Үйге тапсырма беру

6-тапсырма,97 бет



Маңғыстау облысы Ақтау қаласы

Гимназия сыныптары бар М.Әуезов атындағы

20 жалпы орта білім беру мектебі



Ашық сабақ

Дүниетану пәні

3-сынып

«Жануарлардың көп түрлілігі»


Өткізген: Едилова Жанылсын

Тақырыбы: Жануарлардың көп түрлілігі

Мақсаты:1. Оқушылардың білімін арттыра отырып, жануарлардың көп түрлілігі

туралы түсінік қалыптастыру.Жануарлардың топтарға бөліну

ерекшеліктерін түсіндіре отырып, білімдерін тереңдету.

2.Логикалық ой-өрісін дамыту барысында тапқырлыққа,танымдық қабылдауын

арттыруға дағдыландыру.

3.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.



Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, электронды оқулық

Сабақтың типі: Жаңа ұғым беру

Көрнекілігі: ойын, интерактивті тақта, деректі фильм

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасы «Өсімдіктер адам қамқорлығына мұқтаж»

1-слайд Тест

1.Біздің елде өсімдіктің қанша түрі өседі?

А.4000 В. 5000 с.6000

2.Қарағай қандай өсімдік тобына жатады?

А Қылқан жапырақты ағаш В.Бұталар тобына С.Шөптесін өсімдіктерге

3.Ағаш қандай ағзаға жатады?

А.Өлі В.жасанды С. тірі

4.Құрғақшылыққа төзімді өсімдік

А.Жантақ,сүттіген В.қызғалдақ С.қоңырбас

5.Бидай, сұлы, арпа

А.суыққа төзімді В.жылу сүйгіш С.жарық сүйгіш

6.Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?

А.1 В.2 С.3

7.Ең ұзақ жыл өсетін ағаш ?

А.Қайың В. Бетеге С . Емен

8.Қызыл кітапқа қандай өсімдіктер енеді?

А.азайып бара жатқан өсімдіктер

В.көп кездесетін өсімдіктер

С.барлық өсімдіктер

9.Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?

А.жылу ,су,мұз,жер В.Жарық ,су,жер С. Жылу,су,жарық ,ауа,қорек

10.Өсімдіктің жер асты мүшесі не?

А.тамыр В.сабақ С.гүл

Тест жауабын көрсетіп, өзін-өзі тексеру.



2-слайд Өсімдіктерге қажетті заттар.Сызба арқылы үй тапсырмасын бекіту.
3-слайд Ребус шешу.
«Жануар» сөзі шығады.

Бүгінгі сабағымыздың жануарлар туралы екендігін айту.


Жаңа сабақ

Кіріспе

Өсімдіктер сияқты жануарлар да алуан түрлі болып келеді.Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың 2 млн-дай түрі белгілі болды. «Жануар» сөзі парсының «джан-джанвар» деген сөздің екінші бөлігінен алынған. «джан-джанвар» қазақша-жануар әлемі, яғни дүние жүзіндегі тірі мақұлықтар дегенді білдіреді


4-слайд Жануарлар мынадай топқа бөлінеді:
Жануарлар

Құстар


Қосмекенділер

Сүтқоректілер

Жорғалау-шылар

Бунақденелілер

Балықтар

Әр топқа жеке слайдтар көрсетіліп, ерекшеліктерін түсіндіремін



5-слайд.Құстар-8600 түрі бар.Айырмашылығы ұшады.

6-слайд. Балықтар

Балықтардың 20 000 түрі бар. Олардың айырмашылығы жүзеді.



7-слайд.Қосмекенділер

Қосмекенділердің-4000 түрі бар. Олардың айырмашылығы құрлықта да, суда да тіршілік етеді.



8-слайд Сүтқоректілер

Сүтқоректілердің – 5000 түрі бар. Олардың айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды.



9-слайд.Жорғалаушылар

Жорғалаушылардың – 8000 түрі бар. Олардың айырмашылығы бауырымен жорғалайды.



10-слайд Бунақденелілер

Бунақденеліліердің – 700 000 түрі бар.



Құстар мен балықтар туралы деректі фильм көрсету.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқытып,сұрақтарға жауап аламын.



Дәптерге жануарлардың топтарын жазғызамын.

Жаңа сабақты бекіту.

11-слайд.Ойын: «Жануарларды өз үйіне орналастыр»

Үйге тапсырма

Бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет