Еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары



Дата14.07.2017
өлшемі73.05 Kb.
#35825
Еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары.
Еңбек қорғау жұмыстары жүргізу және еңбек қорғау жағдайына жауапкершілік станция басшылығына жүктеледі. Осы сала бойынша жұмыстар негізінен еңбек қорғау жөніндегі заңнамалық құжаттар, жұмысшылар мен қызметшілердің ішкі еңбек ережелері жүргізеді.

Станция басшылығы:



  • жұмысшылар мен қызметшілер үшін қауіпсіз еңбек жағдайын, техника қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің, өндірістік санитария және жұмыс уақыты мен тынығу уақыты туралы заңнамалық ережелердің сақталуын, қауіпсіздік және еңбек қорғау жөніндегі жергілікті нұсқаулардың жасалуын қамтамасыз етуге;

  • қызметкердің еңбек қауіпсіздігі нұсқамасынан өтпей өздігінен жұмыс атқаруға жіберілуіне жол бермеуге, ал қажет болса қауіпсіздік пен еңбек қорғау ережелері, нормалары және нұсқаулықтары бойынша білімін тексерумен оқытуға;

  • бағынышты қызметкерлердің техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитария ережелерін, нұсқаулықтарын, бұйрықтар мен нұсқауларды, ішкі тәртіп ережелерін сақтауын қадағалауға;

  • еңбек қорғау жоспарлары мен кешенді іс – шаралардың жасалуына, олардың уақытында қамтмасыз етуге;

  • өндірісте жарақаттану себептерін талдауға, еңбек жағдайын одан әрі жақсарту мен теміржол көлігінде жарақаттану оқиғаларының алдын алу іс – шараларын әзірлеуге міндетті.

Салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайын туғызу үшін жыл сайын жағдайын жақсартудың кешенді жоспары жасалады.

Зиянды еңбек жағдайындағы жекеленген кәсіптер үшін, электртехникалық қондырғыларға қызмет көрсетуші персонал үшін жұмысқа қабылданғанда міндетті түрде медициналық куәландырудан өту, сондай – ақ, жұмыс процесі кезінде мерзімдік медициналық куәландырудан өту белгіленген.

Бұл шаралардың мақсаты – кәсіби және басқа да сырқаттардың, жазатайым оқиғалардың алдын алу және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Теміржол көлігінде сонымен қатар, жұмысқа жаңадан қабылданғандар мен поездар қозғалысына байланысты лауазымда істейтіндер, жүк және багаж қабылдап – тапсырушылар медециналық қараудан өтеді.

Жұмысқа қабылданғанда медициналық қараудан өту қызметкердің осы кәсіп бойынша ерекше еңбек жағжайына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді. Бүкіл темір жолдағы жұмыстар техникалық-эксплуатациялық қауіпсіздік ережесімен жүргізіліп сақталу керек. Темір жолдағы сигнал беру жөніндегі нұсқаулық, техникалық қауіпсіздік ережесі, санитарлық өндіріс және т.б. Жұмысқа өтуге жер төсемінен немесе жолдың қырынан өтуге рұқсат етіледі. Тәуліктің түңгі уақытында, тұман, боран болған жағдайда және т.б. ыңғайсыз жағдайларда жұмысшылар көруге өте абай болуды сақтау керек. Қозғалыс уақытында басқарушы құрамның артында қызыл түсті сигналмен қоршау етіп тұрады. Көру мүмкіндігі нашарлаған жағдайда екі сигнал беруші беріледі, оның біреуі алдында, ал екіешісі көру мүмкіншілігінің ара-қашықтығы мен құрамның соңында тұрады. Сигнал берушілер күндіз оратылған қызыл түсті жалаумен, ал түнде және көру мүмкіншілігі нашар болғанда-қызыл түсті қол шамымен жүреді. Олар қосымша жұмысшыларға поездың жақындағаны туралы хабарлама беруге міндетті. Поезд қозғалысын және еңбек жұмысшыларының жұмыс өндірілетін орынының қауіпсіздігін сақтау үшін оларды арнайы сигнал белгілерімен қоршайды. Тыйым салынады: сигналдармен қоршалған жұмыс орындарында жұмысқа кірісуге, сонымен қатар жұмыс толығымен аяқталғанша сигнал қоршауларын алуға, жол жағдайын тексеру түйіспешілік желін және құрама поездың габаритін сақтауға. Механизімдермен және құралдармен жұмыс атқарғанда, есту қабілеті нашарлағанда қосымша қауіпсіздік шаралары қолданылады: поездарға ерекше абай болуға ескерту және жұмыс орынына жақындағанды хабарлаушы сигналдарын бередіҚоршау жүйесіне тасымалдау сигналдары және сигнал белгілері, петардалар, автоматтандырылған хабарлаушы сигализациясы, сонымен қатар сигнал қорғаушылар және поездың жақындалуы туралы жұмысшыларға хабарлау. Сигнал берушілер болып III-тен кем емес квалификация дәрежесібар және тиісті сынақтардан өткен жол мантері тағайындалады. Темір жолда сигнал беру жөніндегі нұсқаулықта және поездың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау жөніндгі нұсқаулықта жол жұмыстарын жүргізген кезде жұмыс орынының қоршауының схемасы мен тәртібі сигналдық С белгісімен тоқтау сигналымен және жылдамдықты азайту мен белгіленген. Тоқтау сигналдарымен жұмыстарды қоршайды, жолдың тұрақтылығы мен толықтығы бұзылғанына, жол төзімділігіне байланысты, поездің қозғалысына сонымен қатар жұмысшылар поезді өткізген жағдайда жол бойына симаған жағдайда кедергілер пайда болады.

Жұмысты қоршау үшін жылдамдықты азайту сигналдары қолданылады, рельстік жолдың жоспары мен профилінің өлшеу жағдайына байланысты рельсті-шпалдың торларының негізінің босауын қарайды. Тасмалданылаиын сигналдық С белгісін тек қана жұмысшыларға поездың жақындағаны туралы ескерту үшін орнатады. Екі жолдың немесе жолдың учаскілерде жұмыс өндірілісіне қарамастан жұмыс орыны қандай сигналдармен қоршалғана байланысты, көршілес жолдарда сигналдық С белгісі орнатылады. Бұл белгілерді жұмыс кезінде қоршауды қажет ететін көршілес жолдарды тоқтату сигналдарымен орнатпайды.

Мерзімдік медициналық қарау белгілі бір тұлғаны емдеу – алдын алу іс – шараларының тиімділігін анықтауға, сондай – ақ, тұтастай алғанда станцияда жүргізілген санитарлық – сауықтыру іс – шараларының сәттілігін саралауға мүмкіндік береді. Жұмыстын алдында тәуліктің қараңғы уақытында, тұман және боран т.б. болған кезде көру мүмкіншілігі 800 м дейін төмендейді, жұмыс басқарушысы жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қолдануға міндетті; поездарға ерекше мұқияттылық және хабарлама сигналдарын беру үшін ескерту тапсырмасын жұмыс орынына жақындағанда немесе тасмалдау С белгісіне жеткенге дейін таратады; поездың жылдамдығы туралы жұмысшыларға хабарлау үшін, жұмыс орынына сигнал берушілерді екі жақтан шығарады.Бұл жоспарды орындау үшін фронт бригадасының басқарушылардың біреуінін жұмысы 50 м ара қашықтықта болуы керек.Станция жұмысының арасында қоршауды қажет ететін тоқтау сигналы немесе жылдамдықты азайтуды сианция кезекшісінің рұқсатымен орындалады; сонымен қатар жұмыс басқарушысы алдын ала жолды қарау журналына тіркейді, стрелка бұрмаларын, СЦБ құрылымдарын, байланыс және түйіспелік желісінін жұмыс өндірісінің орыны мен уақытын тіркейді. Станция жолдары мен стрелка бұрмаларының өндіріс жұмысы кезінде тоқтау және жылдамдықты азайту сигналдары жоқ жерлерде, жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамассыз ететін шарттар жергілікті нұсқаулықтарда.Мұндай нұсқаулықты жол дистанциясының (ПЧ) бастығы құрастырған соң техникалық инспектор келісімін бергеннен кейін, жол бөлімінің бастығымен бекітіледі. Жұмыс жүріп жатқан стрелка бұрмасындағы поезд қозғалысын тоқтатып тоқтау сигналдары қажет болған кезде, жұмыс тоқтатылады.Жұмыс жетекшісінің журналдағы жазбаларымен танысып, пост кезекшісіне, сигналисттерге, поезд құрастырушыларға, олар арқылы станцияда жұмыс істейтін локомотив


машинистеріне жұмыс жүріп жатқан жолдан абайлап өту немесе жылдамдығын азайтып өтуі немесе сол жолға немесе участікке кіруге болмайтындығы туралы нұсқау береді.Станция кезекшісі жұмыс жетекшісіне алдынала алдағы белгіленген поездардың өтуі мен маневрлік қозғалыстар жайлы хабарлама береді. Ал жұмыс жетекшісі келе жатқан поездар және маневрлік қозғалыстарды үздіксіз бақылап отырып, керек уақытында жұмысты доғарта білуі керек. Дөңес жолдары және дөңес төбесінің паркісінің жолдарында жол жұмыстарын маневр жұмыстарының үзіліс кезінде орындайды. Сонымен қатар бұл жұмыстар қозғалысқа жабық жолдарда орындалуы мүмкін. Ол үшін станция кезекшісінің келісімі және жолды, стрелка бұрмаларын, СЦБ құрылымдарын, байланысты түйіспеліжелілерді қарау журналына тіркелу керек.Локомотив бригадасы станцияға поезд жақындағанда және станция жолдарындағы қозғалыстарға аса мән бере отырып, арнайы бекітілген дыбыс сигналдарын уақытында бере білуге тиісті.Сонымен қатар жолдың жағдайын, яғни жолдың бос екендігіне көзін жеткізуі, шектеу сигналдарын бақылап жүруі керек.

Станция кезекшісі өзіне бағынышты қызметкерлердің 08.07.04ж. № 125 – ЦЗ бұйрығымен бекітілген «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлеріне арналған техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитария Ережелерін (ЦД/173-04)және еңбек қорғау мен еңбек қауіпсіздігі нұсқаулығы талаптарының орындауын үнемі қадағалауға міндетті.

Станция қызметкерлері лездемелік мәжіліске жұмыс басталардан 15 минут бұрын келуі керек.

Станция қызметкерлері кезекшілікке станция аумағына жергілікті жағдайларға сәйкес жасалған қызметтік маршрут бойынша өтуі керек.

Станция бастығы немесе оның орынбасары қызметкерлердің кезекшілікке келуін, олардың жұмыс қабілетін, сигналдар мен арнаулы жұмыс киімдерінің бар – жоғын тексереді.

Станция қызметкерлері кезекшілікті қабылдағанда немесе жұмыс барысында еңбек қорғау мен өндірістік санитария талаптарынан ауытқушылықты байқаған жағдайда станция кезекшісіне баяндауы керек.

Поездарды қабылдау мен жөнелту, маневрлік жұмыстар мен құрамдарды өңдеуге жасы 18 – ден асқан, жұмыс орнындағы кіріспе және алғашқы нұсқамадан өткен, еңбек қорғау бойынша оқытылған, еңбек қорғау бойынша білім сынағы мен машықтанудан өткен тұлғалар жіберіледі.

Поездар қозғалысымен байланысты жұмысқа жіберілген қызметкерлер олардың осы жұмысты атқаруға сәйкестігін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуге жіберіледі. Одан әрі мерзімдік медициналық куәландырудан өту мерзімі мен тәртібі тиісті бұйрықтармен белгіленеді.

Жоғары қауіпті жұмыстағы қызметкерлер (вагондар қозғалысы жылдамдығын реттеушілер, поезд құрастырушылар)ауысымалы медициналық куәландырудан өтеді.

Емдеу–сауықтыру іс-шараларына сүт босату жатады. Сүт пен соған теңдес өнімдер белгіленген норма бойынша зиянды еңбек жағдайындағы жұмыскерлер мен қызметкерлерге (аккумуляторшыға) тегін беріледі.

Поездар қозғалысы жылдамдығын реттеушілер, поезд құрастырушылар,

жүк және багаж қабылдап-тапсырушылар, белгі берушілер жұмысы қолайсыз ауа-райы кезінде, сондай-ақ дене қимылымен байланысты атқарылады. Станцияда шешінетін, жуынатын жайлардан басқа жұмыс істеушілер тынығатын және жылынатын жайлар жабдықталған. Шешінетін жайлар жұмыс және үй киімдерін сақтауға арналған. Ол киім ілгішпен немесе арнаулы шкафтармен жабдықталған. Жұмыскерлердің жұп алқымдағы екінші тежеу позициясында жауыннан қорғану үшін уақытша қалқандар орнатылған.



Еңбек қауіпсіздігін насихаттау жұмыс істеушілердің техника қауіпсздігі ережелерін, еңбектің қауіпсіз тәсілдерін неғұрлым терең меңгеруіне, сондай-ақ осы талаптарды сақтауға саналы түрде тәрбиелеу мақсатында іске асырылады.Техника қауіпсіздігін, еңбектің қауіпсіз тәсілдерін, өндірістік санитарияны насихаттауда станцияда жабдықталған техникалық кабинет пенеңбек қорғау бұрышы үлкен роль атқарады. Техникалық кабинетте сабақтар мен әңгімелер өткізіледі, бірнеше бөлікке бөлінген: сабақтар өткізуге арналған өндіріс ерекшелігі сипатталған оқу құралдары жинақталған оқу бөлігі; техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария мәселелері мен еңбек заңнамалары туралы ақпараттарға
арналған анықтамалық-әдістемелік бөлік; қауіпсіз еңбек тәсілдерін насихаттауға арналған көрнекі құралдар қойылған ақпараттық-көрмелік бөлік бар.
Каталог: uploads -> doc -> 07e0
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
07e0 -> Амансың ба алтын күн, Амансың ба көк аспан. Амансың ба достарым


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет