Е р – е л І н І ң қ о р ғ а н ы ҚАҺарман өткен аптада Президент



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата01.03.2019
өлшемі363.15 Kb.
  1   2   3   4

№ 29 (3143) 20 қазан 2015 жыл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ГАЗЕТІ

Газет 1961 жылдың

28 қыркүйегінен бастап шығады

kalkangazet@yandex.kz

Е р   –   е л і н і ң   қ о р ғ а н ы

ҚАҺАРМАН

Өткен аптада Президент 

Нұрсұлтан Назарбаев жуырда 

ғана аспан кеңістігіне ұшып 

келген ғарышкер Айдын Айымбе-

товке еліміздің жоғары наградасы 

– «Халық қаһарманы» атағын 

тарту етті. Барша қазақ елінің 

айбынын асқақтатып, мəрте-

бесін асырған ер сондай-ақ Елбасы 

Жарлығымен «Қазақстанның 

ғарышкер-ұшқышы» атағы жəне 

Алтын Жұлдыз бен «Отан» ор-

денін иелік етті.

«Айдын 


Айымбетов 

тəуел-


сіз  Қазақстанның  үшінші  ғарыш-

кері  атанды.  Мен  халқымды  еліміз 

бағындырған жаңа жетістікпен құт-

тықтаймын.  Біздің  қазіргі  заманғы 

тарихымыздағы  осы  ұлы  оқиғаға 

кəсіби  тұрғыдан  үлес  қосқандар-

дың бəріне алғыс айтамын. Ресейлік 

серіктестер  мен  басшыларға,  сон-

дай-ақ экспедицияның шетелдік мү-

шелеріне  айрықша  ризашылық  біл-

діремін», – деді Мемлекет басшысы 

сөзінің басында.

Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарба-

ев ғарышты игеру əрдайым адамзат-

тың ең аңсарлы армандарының бірі 

болғанын атап өте келе, бүгінде бұл 

барлық  Жер  шары  тұрғындарының 

ең  биік  миссиясы  екенін  жеткізді. 

«Біздер,  қазақстандықтар  байтақ 

жерімізде  бүкілəлемдік  ғарыш  ай-

лағы – Байқоңырда алпыс жыл бойы 

жұмыс  жүргізіліп  келе  жатқанын 

мақтан  етеміз.  Ғарышкерлерді  Жер 

жүзі  осы  жерден,  Қазақстаннан 

шығарып  салады.  Адамзаттың  ға-

лам туралы таным көкжиегін кеңей-

тетін  күрделі  экспедициялардан 

кейін оларды осы жерде қарсы ала-

мыз. Ғарышқа ұшқан жарты ғасыр-

дан астам уақыт ішінде 38 елдің 545 

ғарышкері  ғарыш  кеңістігінде  бо-

лып қайтты. Сол елдердің қатарын-

да Қазақстан да бар. Ал А.Айымбе-

товтің сəтті сапары еліміздің ғарыш 

жылнамасының  жаңа  бір  парағын 

ашты», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет  басшысы  сонымен 

қатар,  Қазақстанның  əлем  бойын-

ша  ғарыш  кеңістігін  бағындырған 

азаматтарының  саны  үшеуден  кем 

емес 9 елдің  бірі  болғанына  назар 

аударды.


«Бұл – Күн  жүйесінің  кеңісті-

гін  зерттеу  жəне  игеру  ісіне  өзге 

елдермен  бірге  атсалысып  отырған 

Қазақстанның  ғарыштық  болашағы 

үшін  жасалған  жаңа  қадам.  Жердің 

тартылыс  күшін  еңсеруге  деген 

ұмтылыс  адамның  ең  ұлы  ерлігінің 

бірі болды, солай болып қала береді. 

Ол  ең  батыл  əрі  лайықтының  ғана 

қолынан келеді. Осындай батырдың 

бірі – біздің  үшінші  ғарышкеріміз 

Айдын Айымбетов. Сондықтан мен 

оған «Халық қаһарманы» жəне «Қа-

зақстанның 

ғарышкер-ұшқышы» 

атағын,  сондай-ақ,  Алтын  Жұлдыз 

бен  «Отан»  орденін  беру  туралы 

Жарлыққа  қол  қойдым.  Мұндай 

жоғары марапаттар оның Қазақстан 

халқының игілігі үшін жасаған ерлі-

гін айғақтай түседі», – деді Нұрсұл-

тан Назарбаев.

Қазақстан  Президенті  жаңа 

«Халық  қаһарманы»  А.Айымбетов 

енді  еліміздің  көрнекті  батыр-ға-

рышкерлері  қатарында  болатынына 

тоқтала  келе,  ғарыш  саласына  қа-

тысты біраз жəйттерді еске түсірді. 

«Мəселен,  біздің  тұңғыш  ғарыш-

керіміз Тоқтар Əубəкіровтің 24 жыл 

бұрынғы ғарышқа сапары Қазақстан 

Тəуелсіздігінің  алтын  бастауы  бол-

ды.  Осы  ұшуды  жүзеге  асыру  үшін 

қаншама  қиындықты  еңсеруге  тура 

келгені  есімізде.  Екінші  ғарыш-

керіміз  Талғат  Мұсабаев – жалпы 

жиынтығы 341 тəулікке  созылған 

3  ғарыш  экспедициясына  қатысты. 

Ол – ашық ғарыш кеңістігіне 8 рет 

шығып, 42 сағаттан  астам  уақыт 

болған  тұңғыш  қазақ.  Талғат  Мұ-

сабаев – Қазақстан  мен  Ресейдің 

ғарыш  саласындағы  ынтымақтас-

тығының,  халықтарымыздың  мəң-

гілік  достығы  мен  тату  көршілесті-

гінің  символы», – деді  Мемлекет 

басшысы.  Осылай  деген  Нұрсұл-

тан  Назарбаев  А.Айымбетов тің 

Қазақстанның  ғарыштық  зертте-

улерінің  бесінші  бағдарламасын 

жүзеге  асырғанын  атап  өтті. «Сал-

мақсыздық  жағдайында  «кулонды 

кристалл»  алу  жөніндегі  зерттеу-

лер  жүргізілді.  Елдің  экологиялық 

проблемалары  бар  өңірлерін,  ең 

алдымен,  Аралды  мониторингтеу 

жəне суретке түсіру жұмыстары жа-

салды.  Бірқатар  маңызды  сынақтар 

денсаулық  сақтау  саласына  тікелей 

қатысты  болды», – деді  Қазақстан 

Президенті бұл турасында.

Сөзінің 


соңында 

Мемлекет 

басшысы  еліміздің  жаңа  «Халық 

қаһарманы»  Айдын  Айымбетовті  ең 

жоғары  мемлекеттік  наградасымен 

құттықтап, оның өзіне жүктелген мін-

детті табысты орындағанын айтты.

Ақордадағы  салтанатты  рəсім 

кезінде  Қазақстан  ғарышкері  өзінің 

бар күш-қуатын, білімі мен тəжіри-

бесін  елдің  ғарыш  саласын  одан 

əрі  дамытуға  жұмылдыратынына 

сендірді.  Бұдан  кейін  А.Айымбе-

тов  Нұрсұлтан  Назарбаевқа  халық-

аралық  ғарыш  стансасы  бортында 

планетамызды 150 реттен  астам 

айналып шыққан Мемлекеттік туды 

табыс етті.



«Қалқан-ақпарат»

ЖҰЛДЫЗДЫ БЕЛЕС



Қазақ  тарихын  қалыптастырудағы  ай-

рықша орны бар өңірдің бірі Бурабай екендігі 

белгілі. Осы өңірге мемлекеттік діңгегімізді 

бекемдеудегі  Абылай  ханның,  Кенесары 

ханның,  Қанай  бидің,  батырларымыз  бен 

баһадүрлеріміздің  ерен  еңбегі  мен  тəлімді 

ғұмыры  бүгінгі  шуақты  күніміздің  шапаға-

тындай  өшпес  нұрын  төгіп  тұр.  Бурабай 

көркем  өлке  ғана  емес,  Елбасымыз  Нұрсұл-

тан Назарбаев айтқандай: “Бурабай – Тəу-

елсіздігіміздің тірек байрағын асқақтатқан 

қасиетті жерұйық!”. 

Сол  Бурабай  баурайында  үстіміздегі 

жылғы  қазан  айының 16-күні  ТМД  мемле-

кеттері басшылары бас қосып, ТМД-ға мүше 

елдер  Мемлекеттер  басшылары  кеңесінің 

жəне  Жоғары  Еуразиялық  экономикалық 

кеңестің кезекті отырыстары өтті.  

Бурабайда  өткен  Тəуелсіз  Мемлекеттер 

Достастығына  қатысушы  Мемлекеттер  бас-

шыларының кеңесі алдымен шағын құрамдағы 

келіссөздермен  басталды.  Нұрсұлтан  Назар-

баев  төрағалық  еткен  жоғары  деңгейдегі  бұл 

жиынға  Армения  Президенті  Серж  Саргсян, 

Беларусь  Президенті  Александр  Лукашенко, 

Қырғызстан  Президенті  Алмазбек  Атамбаев, 

Ресей Президенті Владимир Путин, Əзербай-

жан  Президенті  Ильхам  Əлиев,  Тəжікстан 

Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Пре-

зиденті  Ислам  Кəрімов,  Түрікменстан  Ми-

нистрлер  кабинеті  төрағасының  орынбасары 

Сатлык Сатлыков, Молдова Сыртқы істер жəне 

еуропалық интеграция министрінің орынбаса-

ры Андрей Галбур қатысты.

Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстан  ТМД 

құрылғалы  бері  елдеріміздің  арасындағы 

көпжақты  ынтымақтастықты  жандандыруды, 

іс-қимылдың  негізгі  бағыттары  бойынша  ин-

теграцияны  тереңдете  түсуді  дəйектілікпен 

жақтап келе жатқанын айтты. 

Қазақстан  Президенті  талқылаудан  өткен 

тақырыптың  бірі  халықаралық  қауіпсіздік  са-

ласындағы  ахуал  болғанына  назар  аударды. 

«Террорлық  топтардың  қимылы  жанданға-

нын,  олардың  əрекеті  орныққан  əлемдік  қа-

лыпты бұзып жатқанын айту керек. Бұл жерде 

халықаралық  терроризм  көптеген  елдер  мен 

өңірлердегі  жағдайға  бүлдіргіштік  тұрғыдан 

ықпал  ететінін  атап  өткен  жөн.  Зорлық-зом-

былықтың  ушығуы  бейбіт  тұрғындардың, 

əсіресе,  əйелдер  мен  балалардың  арасындағы 

құрбандар санын ұлғайтты. Нəтижесінде, бұл 

жағдай Солтүстік Африка жəне Таяу Шығыс-

тан  Еуропаға  ағылған  қарапайым  халықтың 

Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  ең 

ауқымды мəжбүрлі миграциясын тудырды», – 

деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан  Назарбаев  ТМД  мемлекет-

тері  басшылары  террорлық  қауіпті  жоюдың 

уақтылы  əрі  тиімді  шараларын  қабылдауға 

ортақ ниет танытып отырғанын айтты. «Менің 

БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  мінберінен  айтқа-

нымдай, Ұйымның келісімімен террорлық ұй-

ымдармен күрестің дүниежүзілік желісін құру 

қажет.  Бізге  осы  бағыттағы  жұмысты  күшей-

тіп, ТМД Терроризмге қарсы күрес орталығы-

ның əлеуетін барынша пайдалану керек. Сон-

дықтан  ТМД  мемлекеттері  басшыларының 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымының 70 жылдығына 

жəне  халықаралық  терроризмге  қарсы  күрес-

ке қатысты мəлімдеме қабылдауын дер кезінде 

жасалған  əрі  қажетті  шара  деп  санаймын», – 

деді Қазақстан Президенті.

Шара  барысында  А.Лукашенко  Қазақстан 

Президентіне  Беларусьтің  мемлекеттік  награ-

дасы – «Халықтар достығы» орденін тапсыр-

ды. «Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің  бай  жұмыс 

тəжірибесін  пайдалана  отырып  ТМД-ның 

қалыптасуы  мен  дамуы  үшін  өте  көп  жұмыс 

атқарды,  еуразиялық  ықпалдастық  идеясы 

да  оған  тиесілі.  Осының  бəрі  халықтар  ара-

сындағы  достықты  нығайтып  қана  қоймай, 

елдеріміздегі  адамдар  тұрмысын  жақсарта 

түседі», – деді Беларусь Президенті.

Осы  күннің  екінші  жартысында  Жоғары 

Еуразиялық  экономикалық  кеңестің  (ЖЕЭК) 

кезекті отырысы өтті. Оған Қазақстан Прези-

денті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Президенті 

Владимир Путин, Беларусь Президенті Алек-

сандр  Лукашенко,  Қырғызстан  Президенті 

Алмазбек Атамбаев жəне Армения Президенті 

Серж Саргсян қатысты.

Жиынды  жүргізіп  отырған  Александр 

Лукашенко  Жоғары  Еуразиялық  экономика-

лық  кеңестің  бұл  жиынын  ұйымдастыруда 

Қазақстан  тарапының  тыңғылықты  дайын-

далғанын,  бұл  орайда  Президент  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың табанды еңбек еткенін айрықша 

атап көрсетті. Кеңес барысында Беларусь Пре-

зиденті Александр Лукашенко жиын қорытын-

дысы  бойынша 15 құжатқа  қол  қойылғанын, 

оның  барлығы  да  кеңінен  талқыланып,  сүзгі-

ден өткенін жеткізді.

Сонымен  қатар  А.Лукашенко  Жоғары 

Еуразиялық  экономикалық  кеңестің  келесі 

отырысы алдағы желтоқсан айында Мəскеуде 

өтетінін мəлім етті. Түйіп айтқанда, тараптар 

ЕАЭО жұмысының қорытындысын шығарып, 

дамудың жаңа перспективаларын белгіледі. 



«Қалқан-ақпарат» 

БУРАБАЙДАҒЫ БАСҚОСУ – БОЛАШАҚҚА БАСТЫ БАҒДАР



2

20.10.2015

19 ÎÊÒßÁÐß – ÄÅÍÜ ÑÏÀÑÀÒÅËß

ƏСКЕРИ КЕҢЕС

Жиынға 


өңірлік 

қолбас-


шылыққа  қарасты  əскери  бөлім-

дердің  командирлері,  олардың 

тəрбие  жəне  əлеуметтік-құқықтық 

жұмыстар,  сондай-ақ  қару-жарақ 

жəне  техника    жəне  тыл  қызметі 

жөніндегі орынбасарлары қатысты. 

Бір  айта  кетерлігі,  бұған  дей-

ін  Əскери  кеңес  өңірлік  қолбас-

шылықта  өткізілген  болса,  осы 

жылы  қолбасшының  шешімімен 

алғашқы  рет  Көкше  өңіріндегі 

əскери  бөлімде  өткізіліп  отыр. 

Басшылық  құрам  жиналған  айту-

лы  шарада  күн  тəртібінде  тұрған 

толғақты  мəселелер  қаралып,  са-

лалық қызметтер бойынша оларды 

жетілдіру,  дамыту  жақтары  көз-

делді.  Олар:  əскери  бөлімдердің 

қызметтік-жауынгерлік  іс-əреке-

ті  сапасын  жоғарылату,  əскери 

ұжымдардың 

материалдық-тех-

никалық  базасын  дамыту,  мораль-

дық-психологиялық  ахуалды  жақ-

сарту жұмыстары қаралды.

Əскери кеңестің алғашқы күні-

нен бастап «Орталық» өңірлік қол-

басшылығының қолбасшысы гене-

рал-майор Еркін Ботақановтың өзі 

бас  болып,  командирлер  құрамы-

на  қызмет  бойынша  əдіс темелік-

нұсқаулық сабақтары өткізілді.

Сонымен 

қатар 


əскери 

ұжымдардың  басшылары  өздері 

басқарып  отырған  бөлімдердегі 

қыз меттік-жауынгерлік 

көрсет-

кіштер  жайлы  талдамалық  ақпа-



раттармен таныстырды. Өңірлерде 

атқарылып  жатқан  жұмыстармен 

танысқан  қолбасшы  əр  командир-

ге  өз  аумақтарындағы  саяси  аху-

ал  жағдайын,  онымен  қоса  көр-

ші  мемлекеттерде  қалыптасқан 

жағдайларды  жылдам  əрі  сапа-

лы  зерделеп  отыруға,  кризистік 

жағдайларда  жедел  əрекет  ету 

шараларын үнемі пысықтап отыру 

жайлы нақты тапсырмалар қойды. 

Мұнан кейін жиынға қатысушылар 

5510  əскери  бөлімінің  Гранитный 

кентінде  орналасқан  оқу  орта-

лығына  ат  басын  бұрып, «Бүркіт» 

арнайы  жасағының  қатысуымен 

өткен  далалық  оқу-жаттығу  са-

бағына қатысты. 

Əскери  кеңес  соңында  жеке 

құрамның  жауынгерлік  қызметі 

сараланып,  бұзушылықтарға  жол 

берілген  əскери  бөлім  командир-

лерінің  есептері  тыңдалды.  Кеңес 

қорытындысы  бойынша  алдағы 

міндеттер 

анықталып, 

нақты 

тапсырмалар берілді.



Майор Қанат ДОС,

Көкшетау қаласы

БАСТЫ МАҚСАТ –

жауынгерлік қызметті жетілдіру

Үстіміздегі жылғы қазан айының 9-10-ы күндері аралығында 

Көкшетау қаласындағы 5510 əскери бөлімінде «Орталық» өңір-

лік  қолбасшылығының 9 айды  қорытындылаған    əскери  кеңес 

болып өтті.

С момента образования Республики Ка-

захстан  и  до  настоящего  времени  вопрос 

защиты  населения  и  территории  страны 

от  негативных  последствий  чрезвычай-

ных  ситуаций  природного  и  техногенного 

характера  находятся  на  особом  контроле 

руководства страны.

Девятнадцатого  октября 1995 года  Пре-

зидент  Республики  Казахстан  Н.А.  Назарба-

ев  подписал  Указ  о  создании  центрального 

исполнительного  органа,  уполномоченного  в 

области  чрезвычайных  ситуаций  и  граждан-

ской  обороны  страны.  Это  стало  отправным 

моментом  в  деле  создания  эффективной  си-

стемы предупреждения и ликвидации ЧС.

Количество поисково-спасательных работ, 

которые провели за эти годы наши специали-

сты, не поддается счету. Спасатели прибыва-

ют по первому вызову в случае техногенных 

катастроф, природных катаклизмов, аварий в 

жилых домах. Всегда, в любой ситуации, мы 

готовы прийти на помощь.

С  реорганизацией  Правительства  в 2014 

году функции и полномочия Министерства по 

чрезвычайным  ситуациям  переданы  Мини-

стерству  внутренних  дел,  что  позволило  по-

высить эффективность комплексной системы 

защиты граждан. Кроме того, данное решение 

способствовало  повышению  оперативности 

реагирования.  Так,  в  рамках  реорганизации 

воинские  части  гражданской  обороны  были 

включены в состав Национальной гвардии, а 

в Закон Республики Казахстан «О Националь-

ной  гвардии»  включены  задачи  по  спасению 

людей, участию войск в ликвидации чрезвы-

чайных ситуаций и их последствий. Сил для 

ликвидации  ЧС  и  жизнеобеспечения  постра-

давшего  населения  теперь  стало  больше,  за-

действован  весь  потенциал  Национальной 

гвардии и ряда других служб МВД, более опе-

ративно производится оповещение о ЧС.

В целях повышения готовности воинских 

частей гражданской обороны к реагированию 

на  чрезвычайные  ситуации  Национальной 

гвардией за прошедший год осуществлен ряд 

мероприятий. Так, для оперативного реагиро-

вания  и  координации  действий  воинских  ча-

стей при возникновении чрезвычайных ситу-

аций в Главном командовании Национальной 

гвардии  создано  Управление  по  ликвидации 

чрезвычайных  ситуаций,  а  в  региональных 

командованиях в штат введена должность «за-

местителя  начальника  штаба  по  чрезвычай-

ным ситуациям». Представители Националь-

ной  гвардии  включены  в  территориальные 

Комиссии  по  предупреждению  и  ликвида-

ции  ЧС.  Для  юридической  обоснованности 

действий  им  направлены  руководящие  до-

кументы  по  организации  служебно-боевой 

деятельности, а для повышения мастерства и 

улучшения  знаний  и  навыков  военнослужа-

щих Комитетом по ЧС разработано, утвержде-

но и направлено «Руководство по проведению 

аварийно-спасательных  и  неотложных  работ 

воинскими  частями  Национальной  гвардии 

Республики  Казахстан».  В  целях  совершен-

ствования системы оперативного управления 

при возникновении ЧС произведена передача 

подвижного  пункта  управления  уполномо-

ченного  органа  (ППУ  Министра  внутренних 

дел) из воинской части 68303 (с. Узын-Агаш) 

в воинскую часть 3660 (г. Астана). Разработа-

ны  программы  боевой  подготовки  воинских 

частей  гражданской  обороны,  организаци-

онно-методические  указания  на 2015 учеб-

ный  год,  внесены  изменения  в  действующее 

законодательство,  касающееся  деятельности 

воинских  частей  гражданской  обороны,  ин-

тегрирована  система  связи  и  оповещения 

Центра  управления  войсками  Национальной 

гвардии и Центра управления в кризисных си-

туациях КЧС МВД РК. Помимо всего проче-

го,  организовано  обучение  военнослужащих 

контрактной и срочной службы по основным 

специальностям  на  базе  учебной  воинской 

части  в  пос.  Каракемир.  С  начала  года  орга-

низовано обучение командного состава Наци-

ональной гвардии в сфере гражданской защи-

ты  в  Республиканском  учебно-методическом 

центре гражданской защиты.

С  начала 2015 года  воинскими  частями 

Национальной  гвардии  принято  участие  в 

ликвидации  чрезвычайных  ситуациях  при-

родного  характера  (аварийно-спасательные 

работы  в  паводковый  период  на  территории 

Карагандинской,  Акмолинской,  Северо-Ка-

захстанской  областей;  ликвидация  послед-

ствий схода селевого потока в г. Алматы; лик-

видация  ЧС,  связанной  с  массовой  гибелью 

сайгаков в Костанайской области и др.).

Кроме  этого,  за  истекший  период 

2015  года  личный  состав  воинских  ча-

стей  гражданской  обороны  принял  уча-

стие  в  республиканских  и  международных 

учениях:  международный  сбор-семинар  спа-

сательных  подразделений  «Казспас-2015», 

«Нептун-2015», «Коргау-2015», «Тай-

га-2015», «Коктем-2015», совместные учения 

спасательных подразделений государств-чле-

нов ОДКБ, международные учения спасатель-

ных служб государств-членов ШОС и другие.

Сложная, ответственная работа спасателя, 

нередко сопряженная с опасностью, предъяв-

ляет особые требования к личным и профес-

сиональным качествам. Мужество, стойкость 

и готовность к самопожертвованию, чуткость 

и  сострадание – вот  неизменные  составляю-

щие характера этих самоотверженных людей.

Труд  спасателя – это  бесценная  помощь, 

которая  внушает  людям  чувство  безопасно-

сти,  является  залогом  спокойствия  жителей, 

их мирного созидательного труда.



Полковник Мурат ТЮЛЮБЕРДИНОВ,

начальник Управления 

ликвидации чрезвычайных ситуаций НГ

Они приходят на помощь первыми



3

ҚÛÐÀҒÛËÛҚ

20.10.2015

Жыл  мезгілдерінің  əр  кезеңі  айрықша  көрінетін,  ауа -райы  аса  құбылмалы,  табиғаты 

қытымыр да аязды келетін солтүстік өңірінде жауынгерлік қызметті атқарудың өзі сарбаз-

дардан барынша шыдамдылық пен төзімділікті қажет етеді. Қыстың қарлы бораны мен са-

рышұнақ аязында, өңменіңнен өтетін қара суығында немесе көктемнің өкпекті желі ескен 

мезгілінде,  жаздың  аптап  ыстығы  мен  күздің  нөсерлі  жауынында  мойымай  жауынгерлік 

тапсырманы абыроймен орындап жүрген ерлер елдің мақтаны, ұлттың қорғаны. 

Атап айтарлығы, Павлодар қаласындағы 5512 əскери бөлімінде күнделікті жауынгерлік 

тапсырманы орындауда қырағылық пен батылдық көрсетіп, талай бұзақыларды ауыздықтап 

жүрген сарбаздар баршылық. Солардың  арасынан аға лейтенант Д. Абрахмановтың рота-

сындағы сержант Д.Белгібаев жайлы тоқталғанды жөн көріп отырмыз. Жақында осы сер-

жант қоғамдық тəртіпті қадағалау кезінде үздіктігімен көзге түсіп, қырағылық танытты. 

Ол басқарған жасақ көше бойымен келе жатады. Қаланың қарбалас тіршілігі. Бірі анда, 

бірі мына жаққа қарай жүрген жаяу жүргіншілердің қарасы да аз емес. Бағдаршамның жа-

нына келіп жан-жаққа жіті қарап тұрған жасақ анадайдан өздерін көріп бірден жалт берген 

жүргіншіні де байқап қалған болатын. Бұл əрекеттің жайдан жай емес екенін сезген жасақ 

мүшелері  «азамат  тоқтаңызшы!», – деп  дауыстап  еді,  əлгі  жан  жүрісін  одан  сайын  үде-

те түсіпті. Д.Белгібаев бастаған жігіттер қойсын ба, оны қарс қадым аттатпай қуып жетті. 

Азамат қалтасын қыса берді. Жан баласына көрсеткісі келмей тығып алған «құпия» заты 

да бар сияқты. 

– Қалтаңыздағы затты сыртқа шығарып көрсетіңіз, – деп жауынгерлер оны ортаға ала 

берді. «Сасқан  үйрек  артымен  жүзер».  Суға  кеткен  тал  қармайдының  күйіне  түскен  əлгі 

əпенде қалтасынан жуан қанжарды алып шыға бермесі бар емес пе. 

Иə, кім біледі, сарбаздар күдіктіні ұстап, суық қаруды əшкерелемегенде қанжар алып 

қала бойымен қайқайып бара жатқан адамның қандай ойы бары, оның біреуді жазым қыл-

масына  да  дауа  жоқ  болатын.  Міне,  сержант  Д.Белгібаев  бастаған  жасақтың  қылмыстың 

алдын  алуға  қосқан  үлесі  осындай  болатын.  Тамшыдан  теңіз  құралатынын  ескерсек,  кез 

келген құқық бұзушылықтың алдын алу ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлес деп 

білуіміз қажет.

–  Жасымнан  спортпен  шұғылданғаным  маған  көп  көмегін  тигізіп  келеді.  Ал  əскерге 

баруыма басты себеп өз қатарымнан қалмасам деген ой еді. Əскерден көп нəрсені үйрендім. 

Отанды сүюді терең түйсіндім. Көп жаңа достарды да таптым, – дейді сержант бізбен ой 

бөліскенде. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет