Ә л-фараби атындағы Қ аз Ұу жоо- ға дейінгі білім беру факультеті



Дата14.08.2018
өлшемі66.9 Kb.
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі

білім беру факультеті

Наралиева Р.Т.,



Ауғанстанның Таяу Шығыста орналасқан елдердің арасындағы саяси -мәдени қатынастарындағы маңызы мен рөлі

Ауғанстан (пуштунша: افغانستان‎ , дари: افغانستان, Afġānestān), толық ресми атауы — Ауғанстан Ислам Республикасы (пуштунша: د افغانستان اسلامي جمهوریت‎ , дари: جمهوری اسلامی افغانستان) — теңізге тікелей шыға алмайтын, Орта Шығыстағы мемлекет. Ауғанстан Ислам мемлекеті Азияның Оңтүстік Батысына орналасқан. Аумағы 652,2 мың шаршы км. Көлемі жағынан әлем елдері ішінде 41 орын алады. Астанасы – Кабул қаласы. Халқы – 32 млн. адам. Ауғанстан жері 29 уәлаятқа және 2 округке бөлінеді. Мемлекеттік тілі – пушту және дари тілдері. Ислам дінін ұстанады, негізінен Әбу Ханифа мәзхабын ұстанатын суниттер. Мұсылмандардан басқа дін өкілдері де бар. Бірақ олардың ара салмағы айтарлықтай көп емес. Ауғанстанның ең үлкен ұлт – пуштундар, олар өздерін пахтундар деп атайды. Пуштундар өздерін Ауғанстанның негізгі халқы деп санайды, осы елде тұрып жатқанымызға бес мың жылдай болды, дейді. Географиялық ерекшелігіне тоқталсақ, Ауғанстан – таулы ел. Себебі жер көлемінің 3/4 бөлігінен астамын таулар, таулы қыраттар алып жатыр. Елдің солтүстік-шығысынан оңтүстік-батысына қарай өте ірі Гиндукуш тау жоталары созылып жатыр, оның ең биік жері 6729 метрге жетеді. Гиндукуш тау жоталарын Ауғанстанның солтүстігі мен батысында Паропамиз және Сафеднахтың жоталары алмастырады. Ауғанстанның оңтүстігінде Газни-Кандагар таулы үстірті, ал оңтүстік-батысында Бактрия, Регистан, Дашти-Марго шөлдері орналасқан. Климаты субтропиктік, құрғақ болып келеді Шілде айының орташа температурасы 24Ә-тан 32ӘС-қа көтерілсе, ал қаңтар айының орташа температурасы 0Ә-тан 8ӘС-қа дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 350 мм-ден аспайды. Ірі өзендері: Амудария, Герируд, Гильменд, Кабул, Мургаб болып саналады. Кен байлықтары – мұнай, табиғи газ, тас көмір, графит және асыл тастар. Қазіргі Ауғанстан жерінің солтүстік аймағын адамдар ежелгі тас дәуірінен бастап, ал оңтүстік жағын қола дәуірінен мекендей бастаған. Біздің заманымыздан бұрынғы алғашқы 1-мыңжылдықтың 1-жартысында бұл жерде құрылған мемлекеттердің бірі Бактрия болған. Ауғанстан туралы алғашқы деректер біздің заманымыздан бұрынғы ҮІ ғасырлардан бастап бар. Осы уақытта Ауған елі Ахемен әулеті билеген Парсы империясының құрамында болды. Біздің заманымыздың І-Ү ғасырларында Ауғанстан жерінде Кушан патшалығы дәуірлеп тұрды.Ал ҮІ ғасырдың 60-жылдарында Ауғанстан елінің бір бөлігі Түрік қағандығына бағынды, екінші бөлігі Сасан әулетіне қарады. ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда Ауғанстан жерінің басым бөлігі арабтардың билігіне көшті, арабтар ислам діні кеңінен тарауына ықпал етті. 1220 ж. ауған елін Шыңғыс хан әскерлері жаулап алды. ХҮІ ғасырда Ауғанстан жеріне Ұлы Моғолдар мен Сефеви әулеті билік жүргізді. Орта Азиядағы билік басындағылардың тегеруіні шыда алмай ығысқан Бабыр 1504 ж. Кабулды, кейін Ауған жерін тұтас жаулап алып, Ұлы Моғол империясының құрамына енгізді. Ұлы Моғол империясы ыдырағаннан кейін жеке-жеке иеліктерге бөлінген Ауғанстан жерінде 1747 ж. Ахмад шаһ Дурани басқарған алғашқы Ауған мемлекеті орнады. Тарихи мәліметтер бойынша шах Дурани өз кезегінде сол кездегі Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан. Бірақ шахтың мұрагерлері тұсында өзара тартыстың (тақ үшін әулет таласынан) салдарынан мемлекет ыдырап, 1818 ж. Ахмад шаһ әулеті де биліктен кетті. 1835 ж. билікке келген, әмір атанған Дос Мұхаммед хан елді қайта біріктірді. Дос Мұхаммед билігі тұсында жаңа жерді, елді отарлауды көздеген ағылшындар Ауғанстан еліне 1838 жылы басып кірді. Кабулды алғанымен, оларға қарсы күрес күшейіп, басқыншылар жеңіліп тынды. 1842 жылы ел азаттығын толықтай қайтарып алды. 1878 жылы Ұлыбританияның 37 мың адамдық әскерімен Ауғанстанға тағы да шабуыл жасады. Осы жағдайда Ауғанстан ғасырлар бойы жетекші орынға ие болатын отарлаушы мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің үлкен назарында болды. 18-19 ғасырларда Ауғанстан территориясында тәуелсіз феодалдық жеке князьдықтар өмір сүрді. Олардың арасында  бір-бірімен үнемі жаулаушылық соғыстар болып тұрды. XIX ғасырдың соңында олар біртіндеп біріге бастады, нәтижесінде біртұтас Ауған мемлекетін құрды. Осы зерттеудегі маңызды дерек болып табылатын, Ресей ғалымы әскери географ А.Е. Снесаров өзінің «Афганские уроки» деген еңбегінде Ауғанстандағы Ресей-Британ геосаяси бәсекелестігі және Ауған соғысына сараптама жасайды [1,54]. Халық отаршылдардың бетін қайтарғанымен, елдің тәуелсіздігі шектеліп, сыртқы қарым-қатынасы Англияның бақылауында болды. 1919 ж. өкімет басына келген Аманулла хан Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялады. Англия мұны мойындаудан бас тартып, соғыс ашқанымен, 1919 жылғы Равалпинди шарты бойынша Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды. 1973 жылға дейін Ауғанстанда монархиялық билік орнады. 1973 ж. әскери төңкеріс болып, Ауғанстан республика болып жарияланды. 1978 ж. тағы да қанды төңкерістен кейін өкімет басына Революциялық кеңес келді. Оны қолдау үшін 1979 ж. желтоқсанда Ауғанстанға Кеңес Одағының әскерлері кіріп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. 1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Соғыстың аяқталғанына 15 ақпанда 20 жыл толады. Сәуірдегі әскери төңкеріс – Ауғанстан қасіретінің бастамасы

Кеңес әскерлері шығарылғаннан кейін де Ауғанстанда азамат соғысы жалғаса берді. Ұзаққа созылған соғыс елді әлсіретіп, халықты күйзеліске ұшыратты. 1997 – 98 ж. Қазақстан Республикасының үкіметі Ауғанстандағы қазақтарды көшіріп әкелді. Бірақ Ауғанстанда әлі де біраз қазақ отбасылары бар, ресми мәліметтер де 300-дей қазақ отбасы бар деп көрсетіледі. Ауғанстан негізінен аграрлы ел болып табылады. Экономикасының негізін суғармалы егіншілік пен мал шаруашылығынан құрайды. Жалалабад каналы мен Сарда су қоймасы бар. Қой шаруашылығы жақсы дамыған. Сонымен бірге миллиондаған ешкі мен ірі қара, түйе мен жылқы өсіріледі. Бау-бақша өнімдері, бидай, жүгері, күріш, мақта, қант қызылшасы сияқты дәнді дақылдар өндіріледі. Ауғанстан өнеркәсібін су электр стансалары мен әскери-механикалық зауыт сияқты бірді-екілі кәсіпорындар құрайды. Солтүстік шекарасында газ құбыры тартылған. Тас көмір мен цемент өндіріледі. Өңдеуші кәсіпорындар мақта мен жүннен мата тоқиды, жасанды жібек шығарып, аяқ киімдер тігеді. Экспортқа негізінен қаракөл елтірісі мен жүн шығарылады. Ауған мәселесі бүгінгі күнгі ха­лық­аралық қатынастардың күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәсе­лелердің бірі. Әлемнің үлкен бөлігінде қауіпсіздік пен тұрақтылықтың орнығуы да осы мәселеге тікелей қатысы бар деп айта аламыз.  Соның ішінде Орталық Азиядағы мем­ле­кеттер үшін де ауған мәселесі ба­рын­ша өзекті болып табылады. Осы уақытқа дейін халықаралық ынтымақ­тас­тық немесе қауіпсіздік ұйым­дары­ның бір де бірі Ауғанстан мә­селесін аттап өткен емес. Әлем­дік қоғамдастықтың басын қос­қан алқалы жиындар да оны ай­на­лып кете алмайды. Соңғы онжылдықта Орталық Шығыс  аймақтарда болып жатқан тарихи жағдайлар шығыстағы мұсылман мемлекеттерінің әлемдік саясаттағы рөлінің ұлғая түскенін білдіреді. Исламдық фактор – геосаясаттың жаңа құбылысы ретінде мемлекеттік саясатты қалыптастыруда және әлемдік державалардың мемлекеттік идеологиясына  шешуші ықпал етіп отыр. Сондықтан халықаралық ахуалда елеулі рөлге ие. Ресейдің орталық шығыстағы  өзінің геостратегиялық аумағындағы ықпалының төмендеуі, 1989 жылы КСРО-ның  өз әскерін Ауғанстан жерінен шығаруы, 1991 жылы КСРО құлағаннан кейінгі Орта Азиядағы жаңадан құрылған тәуелсіз мемлекеттер, сонымен қоса мемлекеттердің жаппай ядролық қаруды игеруге деген ұмтылысы, объективті тұрғыда ислам әлемін жаhандық шиеленістегі эпицентрге ырықсыз айналдырды. Оңтүстік шығыста қалыптасқан тепе-теңдік әлсіреп, өңірде дестабилизация орын алды[2].  Оңтүстік Батыс Азияда орналасқан Ауғанстанның аумақтық шектесуі мен орналасуы, сол аймақта орналасқан елдердің арасындағы саяси және мәдени қатынастарында да ықпалын тигізеді, еларалық қарым-қатынаста елеулі рөл атқарады.  1978 жылдан бастап елде азамат соғысы жүріп жатыр. Тынымсыз жүріп жатқан азамат соғысы елдің саяси ахуалын тұрақсыздандырумен қатар, әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізуде. Әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Батысында Иранмен, оңтүстік-шығысында Пәкістанмен, солтүстігінде Түркіменстанмен, Өзбекстанмен және Тәжікстанмен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Үндістанмен (дұрысында Үндістан, Қытай және Пәкістан таласатын Джамму және Кашмир аумағымен) шектеседі.Ауғанстан Батыс пен Шығыс түйісетін жерде орналасқан. Ежелгі сауда мен көші-қон орталығы болып табылады. Оның геосаяси жағдайы — бір жағынан Оңтүстік және Орталық Азияда, екінші жағынан Таяу Шығыста орналасуы, сол аймақта орналасқан елдердің арасындағы саяси және мәдени қатынастарында, маңызды рөл атқарады[3]. 
Пайдаланған әдебиеттер

1.Снесарев А.Е. Афганские уроки // Российский военный сборник. - М.: ВУ, 2003. – С. 54-61;


2.Қожанов К.Б. ӘОЖ 94(47+420).082./083 Ресей және Ұлыбритания геосаясатындағы Ауғанстан (ХІХ ғасырдың соңы-XX ғасырдың басы)//Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» № 2;

3.Уикипедия – ашық энциклопедия.


Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет