Е. Арыстанов Г.Өнерхан Жануартанудан тестік тапсырмалар Оқу-әдістемелік құрал Көкшетау-2007



бет1/9
Дата02.07.2017
өлшемі1.55 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Е.Арыстанов

Г.Өнерхан



Жануартанудан тестік тапсырмалар

Оқу-әдістемелік құрал


Көкшетау-2007

Арыстанов Е., Өнерхан Г. «Жануартанудан тестік тапсырмалар». Оқу-әдістемелік құрал. -Көкшетау. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті. 2007ж. -бет
Пікір жазғандар:

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, медицина ғылымдарының докторы Темірбеков Ж.Т,

Көкшетау университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Хусаинов А.Т.

Оқу құралы 030340-химия және биология мамандығына арналған жануартану пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған. Бұл оқу-әдістемелік құралын химия-биология факультетінің биология, экология бөлімінде оқитын студенттер, сондай-ақ орта мектептегі биология пәнінің мұғалімдері де пайдалана алады.

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ғылыми кеңесі ұсынысымен және оқу-әдістемелік бөлімнің рұқсатымен баспаға жіберілді.

Ó Е..Арыстанов , Г.Өнерхан

Алғы сөз

Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту процесінде қолданылып жүрген тестік жүйе оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі болып табылады.

Тест-оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы.

Тест жүйесінің мақсаты:

-оқыту-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру;

-бағалаудың тиімділігін жетілдіру және әділдігін орнықтыру;

-бақылаудың жүйелілігін қамтамасыз ету;

-уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік туғызу;

-аудиторияны толық қамту және оқушылардың тең дәрежелігін қамтамасыз ету.

Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құрал оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау, бағалаудың жаңа технологиясының бір түрі тестік жүйеге негізделіп, құрылымы мен мазмұны студенттердің дәрістік және практикалық дәрістерден алған білімдерін тиянақтауға, өздігінен ізденіп қосымша мәліметтер алуға, жануартану пәнінің теориялық материалдарымен және олардың қайнар көзімен толығырақ танысып машықтануына мүмкіндік береді.



Қарапайымдар патшалық тармағы-

PROTOZOA


  1. Қарапайымдардың ішінен тұрақты дене пішініне ие емес өкілдері бар класын атаңдар

а) саркодалылар

в) талшықтылар

с) грегариндер;

d) кокцидия тәрізділер,

е) кірпікшелі инфузориялар;


  1. Кірпікшелі кебісшеде микронуклеустың қызметі қандай?

а) белок синтезін орындайды;

в) өсу процесін басқарады ;

с) вегетатив қызметтерді орындайды;

d )РНҚ-ның қызметін орындайды;

е) тұқым қуалайтын ақпараттың алмасуы жүзеге асады және жыныссыз көбеюге

қатысады;



  1. Жануартанудың қарапайымдарды зерттейтін саласы қалай аталады?

а) малакология;

в) ихтиология;

с) гельминтология;

d) протистология;

е) орнитология;


  1. Бірклеткалылардың қайсы өкілі жарықта фотосинтезді жүзеге асыруға қабілетті ?

а) амебалар;

в) кірпікшелі инфузориялар;

с) грегариндер;

d) микроспоридиялар;

е) эвгленалар;


  1. Амебалар өз денесінен артық суды және зат алмасу өнімдерін қалай шығара алады?

а) гольджи аппараты;

в) жиырылғыш көпіршіктер;

с) зәр шығару каналдары;

d)секрециялық денешелер

е) диффузиялы жолмен;


  1. Қайсы бірклеткалылардың ересек шағында қозғалыс органеллалары болмайды?

а) сорғыш инфузориялар;

в) эвгленалар;

с) опалиналар;

d) күнтәрізділер;

е) кірпікшелі инфузориялар;


  1. Төмендегі қарапайымдардың ішінен табиғи қордасы бар трансмиссив аурулардың қоздырғыштары болып қызмет ететіндерін көрсетіңдер?

а) трихомонадалар;

в) кинетопластидтер;

с) нағыз грегариндер;

d) кокцидиялар;

е) балантидиялар;


  1. Тамыраяқтылар ,сәулелілер және күнтәрізділер қàндай систематикалық бірлікке жатады?

а) класс;

в) класс тармағы;

с) отряд;

d) туыс;


е) тұқымдас

  1. Тіршілік циклі иелердің алмасуымен өтетін қарапайымдарды атаңдар.

а) қантышқақ амебасы

в) грегариндер;

с) безгек плазмодиясы;

d) лямблиялар;

е) гипермастигиндер;


  1. Грегариндердің эпимериті қандай қызмет атқарады?

а) көбею органоиды;

в) зәр шығару органоиды;

с) қоректену қызметі;

d) тірек қызметі;

е) иенің ішек қабырғасына беку қызметі;


  1. Не үшін oпалиналарды инфузориялар емес талшықтыларға жатқызады?

а) тіршілік циклінде бір ядролы гаметалары бар;

в) барлық ядролары біркелкі (гомоморфты);

с) ядролары гетероморфты;

d) көп ядролы формалар;

е) аузы жоқ және сапрофитті жолмен қоректенеді.


  1. Споралылардың қозғалысы ( қысқаруы) қандай органоидтардың көмегімен орындалады?

а) тамыраяқтар;

в) жалған аяқтар;

с) талшықтар;

d) мионемалар;

е) кірпікшелер;


  1. Төмендегі талшықтылардың қайсысы шығыс жарасының қоздырғышы болып есептеледі?

а) Тrураnоsoma gambiense;

в) Тrураnоsoma evani;

c) Тrураnоsoma equiperdum;

d) Lamblia intestinalis

e) Leischmania tropica


  1. Бір клеткалы жануарлар мен көп клеткалы жануарлардың ұқсастығы неде деп білесіз?

а) клетканың негізгі компоненттері ядро мен әртүрлі органоидтары және қосындылары

бар цитоплазманың болуы;

в) органдар мен ұлпалардың құрамына кіреді;

с) клетка өмір цикліне ие емес;

d) клеткалар маманданған;

е) цистаға оралуға қабілеті;



  1. Аmоева proteus қайсы кластың өкілі?

а) талшықтылар; d) саркодалылар;

в) грегариндер; е)сорғыш инфузориялар;

с) кокцидия тәрізділер;


  1. Төмендегі бірклеткалылардың қайсысына сыртқы скелет тән?

а) сувойка; d) амеба;

в) грегарина; е) эвглена;

с) диффлюгия;


  1. Жасыл эвглена қандай тәсілдермен қоректенеді?

а) автотрофты; d) миксотрофты;

в) сапрофитті; е) фагоцитозды;

с) гетеротрофты;


  1. Саркомастигофора типінің қайсы отрядының өкілдерінде ұрпақтардың алмасуы кездеседі?

а) амебалар; d) ризомастигиналар;

в) фораминифералар; е) полимастигиналар;

с) эвгленалар;


  1. Денесі эпимериттен, протомериттен, дейтомериттен тұратын қарапайымдар қай кластың өкілдері?

а) амебалар; d) грегариндер;

в) қабырщақты амебалар; е)кокцидия тәрізділер;

с) эвгленалар;


  1. Амеба қалай қозғалады?

а) еттері арқылы; d) қылтандар арқылы;

в) талшығы арқылы; е) қозғалмайды;

с) жалған аяқтары арқылы;


  1. Қарапайымдардың тіршілігінде цистаның ролі қандай?

а) қолайсыз жағдайды өткізу және таралу;

в) көбею кезінде циста қажет;

с) қарапайымдардың жойылу кезінде өзгеруі;

d) мимикрия;

е) бүркеніштік;


  1. Төмендегі қарапайымдардың тіршілік циклінде шизогония гаметогониямен және спорогониямен алмасып отырады?

а) кірпікшелі инфузорияларда;d) талшықтыларда;

в) сорғыш инфузорияларда; е) көпталшықтыларда;

с) кокцидия тәрізділерде;


  1. Қандай ауруларды трансмиссивті аурулар деп атайды?

а) жуылмаған көкөніс арқылы таралатын аурулар;

в) қайнамаған су ішкенде жұғатын аурулар;

с) ауру қоздырғыштары қан соратын бунақденелілер арқылы таралады;

d) үй шыбыны арқылы таралатын аурулар;

е) ауа арқылы таралатын аурулар;


  1. Төмендегі саркомастигофоралардың қайсысының денесінде орталық капсула болады?

а) тамыр аяқтылар; d) амебалар;

в) сәулелілер; е) теңіз тамыр аяқтылары;

с) күнтәрізділер;


  1. Жасыл эвгленаның кірпікшелі кебісшеден айырмашылығы неде?

а) стигманың ( қызыл көзшесінің болуы);

в) қылаулатқышының болуы;

с) қос ядросының болуы;

d) кірпікшелердің болуы;

е) гетеротрофты жолмен қоректенуі;


  1. Төмендегі қарапайымдардың қайсысы адамға тері лейшманиозының (шығыс жарасы) қоздырғыштарын тасымалдайды?

а) сона; d) шіркей;

в) маса; е) құмыты (мокрец)

с) үнсіз маса (москит)


  1. Оокинета қайсы организмнің ( аралық иесі, ақырғы иесі) денесінде пайда болады?

а) адамның бауырында;

в) қызыл қан түйіршіктерінде;

с) масаның сілекей безінде;

d) масаның гемолимфасында;

е) масаның қарнында;


  1. Безгек плазмодиясының адамның бауырында дамитын кезеңдерін көрсетіңдер?

а) микрогаметоциттер;

в) макрогаметоциттер;

с) зигота;

d) оокинета;

е) спорозоит, щизонт, мерозит;


  1. Төмендегі систематикалық топтардың қайсысында жиырылғыш вакуоль (көпіршік) болмайды?

а) саркодалыларда;

в) кокцидия тәрізділерде;

с) талшықтыларда;

d) сорғыш инфузорияларда;

е) кірпікшелі инфузорияларда;


  1. Төмендегі омыртқасыздардың ішінен безгек плазмодиясының қоздырғыштарын тасымалдаушы иені көрсетіңдер?

а) анофелес масасы; d) шіркей;

в) кулекс масасы; е) үнсіз маса;

с) құмыты;
Көпжасушалы жануарлар

Губкалар типі-SPONGIA


  1. Губка денесіне су және онда қалқыған қоректік заттар қандай жолмен түседі?

а) оскулум; d) дермалдық жарғақша;

в) тесіктер; е) талшықты камералар;

с) археоциттер;


  1. Губкалардың қайсы клеткалары фагоцитоз қызметін орындайды?

а) археоциттер; d) амебоциттер;

в) пороциттер; е) колленциттер;

с) пинакоциттер;


  1. Қарапайым әкті губкалардың денесінен ішкі қуысы қандай клеткалармен астарланған?

а) хоаноциттер;

в) пинакоциттер;

с) пороциттер;

d) миоциттер;

е) амебоциттер;


  1. Губкалардың дернәсілдері қалай аталады?

а) паренхимула; d) мизид дернәсілі

в) планула; е) корацидий;

с) трохофора;


  1. Губкаларда төмендегі клеткалардың қайсысынан жыныс клеткалары түзіледі?

а) колленциттер; d) хоаноциттер;

в) склеробластар; е) пинакоциттер;

с) археоциттер;


  1. Губкалардың геммуласы дегеніміз не?

а) клеткалық элемент d) амебоидты клетка;

в) жыныс клеткасы; е)ішкі бүршік;

с) шоғыр;


  1. Төмендегі губкалардың ішінен шыны губкалардың өкілін көрсетіңдер:

а) геодия; d) бадяга;

в) эуплектелла; е) мүйізді губка;

с) тетия;


  1. Губкалардың оскулумы қайсы клеткалардың әсерінен қысқарады?

а) колленциттер; d) амебоциттер;

в) хоаноциттер; е) миоциттер;

с) пороциттер;


  1. Губкалардың денесіндегі клеткалар типінің қайсысы клеткалардың кез-келген типіне айналу қабілетіне ие?

а) колленциттер; d) хоаноциттер;

в) амебоциттер; е) пороциттер;

с) пинакоциттер;


  1. Губкалардың қайсы клеткаларының ішінде скелет элементтері түзіледі және дамиды?

а) склеробластар; d) миоциттер;

в) пороциттер; е) амебоциттер;

с) хоаноциттер;


  1. Губкалардың жіктелуі қандай принциптерге негізделген?

а) көбею тәсіліне;

в) қоректену тәсіліне;

с) тыныс алу және зәр шығару;

d) скелеттің құрамы мен құрылысына;

е) мекен ортасының ерекшеліктеріне;


  1. Губкалардың денесінің қайсы бөлігінде жыныс клеткалары түзіледі?

а) жұмыртқа және тұқым бездерінде;

в) хоаноциттерде;

с) пинакоциттерде;

d) мезоглдеядағы археоциттерде;

е) пороциттерде;
Ішекқуыстылар типі-COELENTERATA


  1. Гидрада атпа клеткалар қандай қызмет атқарады?

а) ас қорыту; d) шабуыл жасау және қорғану;

в) зәр шығару ; е) қозғалыс;

с) иммунды;


  1. Ішекқуыстылардың басым көпшілігі үшін қандай дене симметриясы тән?

а) ассимитриялы;

в) билетаральды;

с) келіп шығуы жағынан бірінші реттік сәулелі симметрия;

d) келіп шығуы жағынан екінші реттік сәулелі симметрия;

е) билатеральды, екінші ретті сәулелі симметрия


  1. Iшекқуыстылардың даму процесінде түзілетін дернәсіл қалай аталады?

а) паренхимула

в) мюллер дернәсілі;

с) велигер;

d) трохофора;

е) планула;


  1. Ішек қуыстыларға нерв жүйесінің қандай типі тән?

а) диффузиялы;

в) шашыранды- түйінді;

с) ортогон;

d) құрсақ нерв тізбегі

е) нерв жүйесі жоқ


  1. Гидроидтарда жыныс бездері қайда түзіледі?

а) эктодермада;

в) эпителиаль- бұлшық ет клеткаларында;

с) энтодерманың безді клеткаларында;

d) гастрольдық қуыстықта;

е) эктодерма мен энтодерма арасында;


  1. Сцифомедузаларды гидромедузалардан қалай айыруға болады?

а) тұрқымен;

в) қармалағыштарының санымен;

с) желкеннің болмауымен;

d) жыртқыштығымен;

е) мезоглеяның күшты дамуымен;


  1. Ішекқуыстылардың төмендегі өкілдерінің ішінен маржан полиптеріне кіретіні бар ма?

а) цианея; d) актиния;

в) аурелия; е) сифонофара;

с) гидра;


  1. Гидроидтар, сцифомедузалар және маржан полиптері қандай систематикалық таксонға кіреді?

а) тұқымдас; d) класс

в) туыс; е) класс үсті;

с) отряд;


  1. Сцифоидтардың даму кезеңдерін ретімен көрсетіңдер ( кезеңдердің ізбе-ізділігі цифрлармен белгіленген:

  1. ересек кезең; 4) эфира;

  2. сцифостома; 5) планула;

  3. стробила; 6) жұмыртқа;

Дұрысы: а) 1,6, 5; в)6, 4, 2, 1; с) 3, 4, 5;

d) 6, 3, 1 е)6, 5, 2, 3, 4, 1;



  1. Мына схема бойынша ( жұмыртқа- планула- полип) жүретін тіршілік циклі ішекқуыстылардың қайсы класының өкілдеріне тән?

а) гидроидтарға, маржан полиптеріне;

в) сцифоидтарға;

с) маржан полиптеріне;

d) сифонофорларға;

е) барлығына


  1. Сцифомедузаның жыныс бездері қайда түзіледі?

а) гастраль қуысында; d) эктодермада;

в) ропалилерінде; е) қармалағыштарында;

с) қарын қалталарында;


  1. Мезоглея төмендегі топтардың қайсысына тән?

а) саркодалыларға, талшықтыларға;

в) споралыларға, кірпікшелілерге;

с) кірпікшелі құрттарға және сорғыш құрттарға;

d) жұмыр құрттар мен буылтық құрттарға;

е) губкалар мен ішек қуыстыларға;


  1. Ішекқуыстылар типінің қайсы класының өкілі тақуа-шаян мен селбесіп тіршілік қылады және ол қалай аталады?

а) гидралар;

в) теңіз гидроидтары, обелия;

с) маржан полиптері, актиния;

d) сцифомкедузалар- аурелия

е) сифонофорлар;


  1. Гидраның атпа клеткалары қай жерде шоғырланған?

а) ауыз төңірегінде;

в) ауызында, қармалағыштарында;

с) аузында, табанында;

d) бүкіл денесінде;

е) энтодермасында;
Жалпақ құрттар типі-PLATHELMINTHES


  1. Төменде аты көрсетілген құрттардың қайсысы жалпақ құрттар типіне кіреді?

а) сүліктер; d бауырсорғыш;

в) шұбалшаң; е) ішексорғы;

с) құмқазар;


  1. Мысықсорғыштың төмендегі сатыларының қайсысы ақырғы иенің организміне түскенде ересек құртқа айналып, ауру туғыза алады?

a) метацеркария; d) мирацидий;

в) церкария; е) жұмыртқа;

c) редия;


  1. Кірпікшелі құрттар қалай қозғалады?

а) жұп дене өсіндісі пароподиялардың көмегімен;

в) кірпікшелер жәнетерібұлшық-ет қапшығының көмегімен ;

с) денедегі қосалқы өсінділердің көмегімен;

d) ұзын салалы бұлшық еттердің көмегімен;

е) буынды аяқтардың көмегімен;


  1. Жалпақ құрттарда паренхиманың атқаратын қызметі қандай?

а) тыныс алу;

в) зәр шығару, тыныс алу;

с) қан айналу

d) қорғаныш;

е)тіреніш,кенеулі заттардың қоры сақталады, зат алмасу процесіне қатысады, әртүрлі

маманданған клеткалық элементтер түзіледі



  1. Жалпақ құрттардың көпшілігіне нерв жүйесінің қандай типі тән?

а) диффузиялы;

в) құрсақ нерв сатысы;

с) ортогон;

d) құрсақ нерв тізбегі;

е) шашыранды- нерв түйіні;


  1. Кірпікшелі құрттардың дернәсілі қалай аталады?

а) планула; d) мюллер дернәсілі;

в) велигер; е) паренхимула;

с) мирацидий;


  1. Дамуы екі аралық иенің қатысуымен өтетін таспа құрттардың

өкілін атаңдар?

а) эхинококк; d) белдікқұрт;

в) сиыр цепені; е) жалпақ қияққұрт;

с) шошқа цепені;



  1. Сорғыш құрттар қандай экологиялық топтарды құрайды;

а) планктонды; d) плейстонды;

в) бентосты; е) жануарлар паразиті;

с) өсімдіктер паразиті;


  1. Моногенетикалық сорғыш құрттарға дернәсілдің қандай типі тән?

а) паренхимула; d) финна;

в) онкомирацидий; е) трахофора;

с) планула;


  1. Жалпақ құрттар типіне төмендегі белгілердің қайсысы тән?

а) сәулелі симметриялы жануарлар;

в) қосқабатты жануралар;

с) целомды жануарлар;

d) екінші реттік ауызы бар жануарлар;

е) паренхиматозды жануарлар;


  1. Жалпақ құрттарда Ішекқуыстыларда кездеспейтін қандай жаңа органдар жүйесі болған?

а) тыныс алу;

в) зәр шығару және тыныс алу;

с) қан айналу;

d) зәр шығару, алдыңғы және ортаңғы ішек;

е) қан айналу, зәр шығару;


  1. Төмендегі құрттардың ішінен көп тармақты турбелляриялардың өкілін көрсетіңдер?

а) дактилогирус; d) сиыр цепені;

в) мысық сорғышы; е) эхинококк;

с) лептоплана;


  1. Қандауырша сорғыштың қосымша иесінің қөызметін қандай жануарлар орындайды?

а) балықтар; d) су құстары;

в) құмырсқалар; е) қос мекенділер;

с) су шаяндары;


  1. Аты көрсетілген сорғыш құрттардың ішінен дара жынысты өкілдерін көрсетіңдер?

а) бауыр сорғыш; d) қан сорғыш;

в) қандауырша сорғыш; е) диплостомум;

с) мысық сорғыш;


  1. Сорғыш құрттардың төмендегі фазаларының негізгі ие үшін ең қауіптісін атаңдар?

а) метацеркария; d) марита;

в) жұмыртқа; е) редия;

с) спороциста;


  1. Төмендегі цестодтардың ішінен жатыны ашық түрін көрсетіңдер?

а) сиыр цепені;

в) жалпақ қияқ құрт;

с) шошқа цепені;

d)эхинококк;

е) қойдың ми құрты;


  1. Цестодтардың тері жабыны трематодтардан қандай белгілерімен ажыралады?

а) кутикула қабығы болады;

в) айырмашылығы жоқ;

с) кірпікшелі эпителийі бар;

d) тегументінде қыл тәрізді өсінділер- микротрихийлер болады;

е) дұрыс жауабы жоқ.


  1. Мына келтірілген мысалдардан жалпақ құрттарға қандай белгілер тән?

а) сәулелі симметрия;

в) тұйықталып бітетін ас қорыту жүйесі;

с) аналь тесігі бар;

d) қан айналым жүйесі;

е) сорғыштары болмайды;


  1. Эндопаразит ретінде сиыр цепеніне қандай белгілер тән?

а) нерв жүйесінің қарапайымдалуы;

в) қармалауыштардың болуы;

с) ас қоррыту жүйесінің жойылуы;

d) ауыз қуысының болуы;

е) сезім мүшесінің болуы;


  1. Онкомирацидий деп аталатын дернәсілдер жалпақ құрттардың қайсы класының өкілдеріне тән?

а) цестодтар; d) кірпікшелі құрттар;

в) цестодтәрізділер; е) моногенеялар;

с) сорғыштар;


  1. Турбелляриялар немен тыныс алады?

а) желбезек арқылы; d) артқы ішегі арқылы;

в) бүкіл денесі арқылы; е) демтүтік арқылы;

с) өкпе арқылы;


  1. Мюллер дернәсілі төмендегі топтардың қайсысына тән?

а) сорғыш құрттарға;

в) таспа құрттарға;

с) жұмыр құрттарға;

d) кірпікшелі құрттарға;

е) буылтық құрттарға;


  1. Конволюта кірпікшелі құрттардың төмендегі отрядтарының қайсысына тиісті?

а) макростомидтер;

в) үш тармақтылар;

с) көптармақтылар;

d) тік ішектілер;

е) Ішексіздер;


  1. Турбелляриялардың қайсы отрядының өкілдері жалпақ құрттар типінің басқа кластарының келіп шығуында филогенетикалық маңызға ие?

а) тік ішектілер; d) көп тармақтылар;

в) ішексіздер; е) макростомидтер;

с) үш тармактылар;


  1. Бауыр сорғыш құрттың партеногенез ұрпағы қайда дамиды?

а) негізгі иесінде; d) ылғалды топырақта;

в) аралық иесінде; е) құрлықта;

с) суда;


  1. Төмендегі құрттардың қайсысы “ описторхоз” ауруын қоздырады?

а) бауыр сорғыш құрт; d) мысық сорғыш құрт;

в) қандауырша сорғыш құрт;е) диплостомум;

с) қан сорғыш құрт;


  1. Сколексінде қармақшалардан тұратын тәжі және төрт сорғышы бар? Бұл белгілер қайсы құртқа тән?

а) жалпақ қияққұрт; d) қойдың ми құрты;

в) сиыр цепені; е) майда таспа құрт;

с) шошқа цепені;


  1. Адам қарусыз цепенмен қалай залалданады?

а) қайнамаған су ішкенде;

в) жуылмаған көкөніс жегенде;

с) шала қуырылған сиыр етін жегенде;

d) шала қуырылған шошқа етін жегенде;

е) дұрыс жауабы жоқ


  1. Төмендегі құрттардың қайсысы қойда “ценуроз” (айналма) ауруын қоздырады?

а) Diphуllobothlium latum;

в) Тacnia solium;

c) Таcniarhуnchus saginatus;

d) multiseps multiseps;

e) Echinococeus granulosus;


  1. Корацидий дернәсілі қайда дамиды?

а) ылғалды топырақта;

в) суда;


с) адамда;

d) шаянда;

е) балықта;


  1. Процеркоид дернәсілі қайда дамиды?

а) ылғалды топырақта; d) шаянда;

в) суда; е) балықта;

с) адамда;


  1. Плероцеркоид дернәсілі қайда дамиды?

а) балықта; d) ылғалды топырақта;

в) шаянда; е) суда;

с) адамда;


Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет