Е. А. Аубакиров Ж. Х. Ташмухамбетова


Химия ғы лы мдары ны ң дикторы, профессор



бет2/12
Дата25.04.2022
өлшемі0.95 Mb.
#102627
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Химия ғы лы мдары ны ң дикторы, профессор 
Ж . Қ. Қайы рбековтің ғы лы ми-педагогикалы қ және 
қоғамдық қы зметтері туралы қы сқаш а очеркі
«Өмірде алган орын емес, 
біз цозгазып бара жатцан багыт маңызды»
Л.Н. Толстой
Қайырбеков Жақсынтай Қайырбекұлы 1944 жылы 16 нау- 
рызда Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Торғай қаласында 
өңірге танымал 30 жыл ұстаз болған Ысқақов Қайырбектің көп- 
балалы отбасында дүниеге келді. Мейірімді Ысқақова Мәгүл 
екеуі тоғыз бала тәрбиелеп, әрбіреуінің оқып жоғары білім 
алуына мүмкіндік жасады. Олардың ішінде екеуі ғылым док- 
торы, профессорлар, үшеуі ғылым кандидаты, доценттер.
Ол 1964 жылы Ыбырай Алтынсарин салдырған және 
соның атымен аталатын 11 жылдық орта мектепті алтын медаль- 
мен бітірді. Осы жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік 
университетінің химия факультетіне оқуға түсіп, оны 1969 
жылы бітіріп шықты. Университетті бітіргеннен кейін Кеңес 
Армиясына шақырылып, лейтенант атағымен взвод, содан кейін 
жеке химиялық ротаның командирі қызметін атқарды.
1971 жылы Д.В. Сокольский атындағы органикалық ката­
лиз және электрохимия институтына аспирантураға түсті. 1973 
жылдан бастап бүрынғы катализ және техникалық химия, 
қазіргі катализ, коллоидтық химия және мүнайхимиясы кафе- 
драларында кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер болып жүмыс 
істейді. Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы Қазақ үлттық уни- 
верситетіндегі физикалық химия, катализ жөне мүнайхимиясы 
кафедрасының профессоры қызыметін атқарады.
Академик Д.В.Сокольскийдің жетекшілігімен Ж.Қ. Қайыр- 
беков 1977 жылы «Исследование структуры и физико-хими­
ческих свойств скелетных рутениевых и осмиевых катализа­
торов» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Осы 
жылдары Ж.Қ. Қайырбеков шаруашылық келісімдік жүмыс- 
тарға жетекшілік жасады, оның ішінде жетекші ғылыми орта-
10


лықтардың бірі Д.И.Менделеев атындағы Мәскеу химиялық- 
технологиялық институтындағы КСРО FA академигі В.В.Кафаров 
және техника ғылымдарының докторы В.Н. Писаренкомен 
бірге жүмыс істеді. Ол бірге жүргізген ғылыми зерттеулердің 
нәтижелерін өндіріске енгізуге дейін жеткізді.
1993 жылдан Ж.Қ. Қайырбеков әл-Фараби атындағы 
Қазақ үлттық университеті жанындағы Жаңа химиялық техно- 
логиялар мен материалдар ғылыми-зерттеу институтында жетекші, 
бас ғылыми қызметкер, көмірсутекті шикізатты комплексті 
өңдеу лабораториясының меңгерушісі. Ол 1996 жылдың мамыр 
айында Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі -
ғылым академиясының А.Б.Бектүров атындағы химия ғылым- 
дары институтындағы Д 53.18.01 арнайы кеңесінде «Каталити­
ческий синтез гетероциклических и ароматических аминов и их 
практическое использование» деген такырыпта 02.00.03-органи- 
калық химия мамандығы бойынша докторлық диссертация қор- 
ғады. 1998 жылы профессор атағы берілді.
Ж.Қ. Қайырбеков нәзік органикалык синтез, катализ және 
қатты көмірсутекті шикізатты өңдеу аймағында көрнекті ғалым. 
Оның еңбек жолы әл-Фараби атындағы Қазақ үлттык универ- 
ситетімен тығыз байланысты. Ол студент және аспиранттан 
бастап химия ғылымдарының докторы, жоғары оқу орынының 
үздік оқытушысы, университеттің жетекші профессорына дейін 
көтерілді. Өзінің еңбек жолында ол түрақты ғылыми зерттеу- 
лермен айналысып, алынған нәтижелерді өндіріске енгізумен 
келеді.
Оның ғылыми зерттеулерінің ішінде гетероциклді және 
ароматты аминдерді синтездеудің концепциясын іске асыру 
және үсынудың теориялык негіздемесін жасау маңызды нәтиже 
болып саналады. Оның жетекшілігімен функционалды алмаскан 
гуанидиннің нитротуындыларын, хлорбензойды қышқылдарды, 
үшхлорфенилпиразолонды, М,1ч[-диэтиланилинді, изофтальды 
кышкылдарды, ІЧ-(дикарбоксилфенил)- Ы-(п-ниторбензойл) моче- 
винаны, дифенилді эфир -2-сульфоқышқылдарды, нитрозоди- 
фениламинді, бензойлциансіркеэтилді эфирді, сонымен бірге 
2,4- динитротолулды, 3,5- динитро-о-ксилолды, нитросульфа- 
нилинді, 4,4-динитростильбен-2,2-дисульфоқышқылдарды ката-
11


литикалық тотықсыздандырып сәйкес органикалық гетеро- 
циклді және ароматты аминдерді жоғары шығыммен алу 
бойынша зерттеулер негізінде 16 полифункционалды алмасқан 
органикалық аминдердің өндірісінің жоғары тиімді және эко- 
логиялық қауіпсіз технологиясы жасалынып үсынылды. Нитро- 
қосылыстарды каталитикалық тотықсыздандыру нәтижелері 
Кемеровоның «Азот» өндірістік бірлестігінде «Химполимер» 
ғылыми-зерттеу институтымен (Березники қаласы) бірге нитро- 
дифениламиннің Na-түзын тотықсыздандыру цехын жобалауға, 
AO TOC (Долгопрудный қаласы) №4 цехында қуаттылығы 38 
т/жылына п-нитробензойлциано-сіркеэтилді эфирді С-9 стацио- 
нарлы қабатты катализатор қатысында үздіксіз тотықсыздан- 
дыру процесі үшін колонналық типті қондырғыны жіберуге бас- 
тапқы мәліметтер ретінде үсыңылады; «Қазақфильм» киносту- 
диясының орталық лабораториясында көп қабатты түсті ай- 
қындауда жоғары баға алған, түрлі-түсті айқындағыш заттың 
судағы ерітіндісін алудың жаңа екісатылы (жеті сатының орны- 
на) технологиясы жасалған. Ж.Қ. Қайырбеков N ’- бис(метилмер- 
капто)-метилен- N-3-нитрогуанинді бірсатылы каталитикалық 
циклототықсыздандыру аркылы 3-амино-5-меркапто-1,2,4-триа- 
зол алуда ашқан жаңалығының үлкен теориялық мәні бар. Бүл 
кезде металдардың энергетикалык және қүрылымдық сипатта- 
масымен және басқа да факторлардың 1,2,4-триозол туындысы- 
ның селективті түзілуіне және шығымына әсері анықталған. 
Ж.Қ. Қайырбеков жасаған А, Е, В2, В6 витаминдердің жартылай 
өнімдері және аминдерді каталитикалық синтездеу жолдары 
экономикалық тиімділігі Імлн. 600 мың сом (1991 жылға дейінгі 
баға бойынша) болатын Болохов, Долгопрудный, Краснодар 
және Березники қалаларындағы химиялық зауыттарда енгізілді.
Қазіргі уақытта Ж.Қ. Қайырбековтің ғылыми қызыгушы- 
лығы көмірсутекті шикізатты каталитикалық өңдеу технология- 
сының теориясы және практикасы жолында ізденумен тыгыз 
байланысты. Оның жетекшілігімен және тікелей қатысуымен 
Қазақстан Республикасының көмірсутекті шикізаттарын ком- 
плексті өңдеудің гылыми негіздемесін жасау бойынша жүмыс- 
тар жүргізілуде. Келешекте мүнай және газдың негізіндегі 
өнімдердін жетіспеушілігінің орнын толтыратын болашағы зор
12


органикалық шикізаттың түрлері көмірмен жанатын сланец- 
терге басты бағыт берген.
2004 
жылы Ж.Қ. Қайырбековтің тікелей қатысуымен XIV 
экономикалық форумда «Көмір - химиялық өнеркәсібі және 
энергетика үшін баламалы шикізат» (Крыницы қаласы, Польша) 
атты халықаралық дөңгелек үстел үйымдастырылды.
Лаборатория зерттеулерінің маңызды бағыттарының бірі 
табиғи мүнайдан сүйық отындарды алудың баламасын анықтау 
болып табылады. Синтетикалық мүнайды табиғи бокситтермен 
металлургиялық өндіріс қалдықтарын арзан тиімді катализатор 
ретінде қолданып көмірді гидрогендеу әдісімен алады. Процесс 
периодты және ағынды режимдерде зерттеліп, оны жүргізудің 
оптималды жағдайлары: температура және үстау уақыты (шикі- 
затты жіберудің көлемдік жылдамдығы), қысым, газдық орта- 
ның қүрамы, көмір: пастатүзгіш арақатынасы анықталған. Жасал- 
ған технологияның бірден-бір артықшылығы, білгілі техноло- 
гиядағы қолданылған сутек, синтез-газ және тағы басқалардың 
орнына инертті газдың пайдаланылуы болып табылады. Келе- 
шекте сүйылу процесі барысында алынған газды қолдану жос- 
парлануда.
Ж.Қ. Қайырбековтің жетекшілігімен дамытылған көмірді 
өңдеу әдістері гидрогенизация, газификация және т.б. тек қана 
бәсекелестікке қабілетті емес, сонымен бірге кейбір жағдайда 
жаңа комплексті қасиеттері бар материалдарды алуда келешегі 
мол. Метаморфизмі әртүрлі дәрежедегі көмірлер температу- 
расы кең диапазонда химиялық агенттер - сутек, көміртек 
оксидтері, су (су буы), оттек, сондай-ақ бірқатар еріткіштермен 
әрекеттесу нәтижесінде жаңа тауарлы өнімдер - отындар болып 
табылатын химиялық табиғаты әртүрлі заттардың жиынтығы 
түзіледі.
Ғылыми, технологиялық және эксперименталды бағыт- 
тағы жетістіктердің бірі - томен қысымда (50-100 атм) көмірдің 
органикалық массасына есептегенде 25-30% ауыр көмірсутектер 
және 65-70% ашық түсті фракцияларды алу арқылы катали- 
тикалық гидрогенолиз жолымен көмірді сүйылтудың жаңа 
тиімді процесін жасау болып табылады. Техникалық-экономи-
13


калық зерттеулер көрсеткендей, 1т көмірдің бағасы 3$ түрғанда, 
1т «көмірлі мүнай» бағасы 50$ аспайды.
Профессор Ж.Қ. Қайырбеков, академик Қ.А. Жүбановпен 
бірге жылына өнімділігі 40 мың т көмір және 16 мың т мазут 
болатын эксперименталды ғылыми ауқымы кең көмірлі-мүнай 
комплекстің жобасын жасады. Процесс өнімділігі тәулігіне 50 кг 
көмірді өңдейтін пилоттық қондырғыда өндірістік-тәжірибелік 
сынақтан өтті. Сынақ процестің жоғары тиімділігін және өзін- 
өзі ақтайтынын, алынған жанғыш-майлы материалдар, сонымен 
бірге мүнайхимиялық синтез үшін әртүрлі жартылай өнімдердің 
(бензол, толуол, ксилол, этилбензол және т.б.) сапасын көрсетті.
Шетелдік аналогтармен (ресейлік, неміс, америкалық, 
жапондық және оңтүстік африкалық) салыстырғанда жасалған 
технологияның ғылыми жаңалығы дайындау, сүйылту, көмірдің 
гидрогенолизі, процесс өнімдерін гидрлеу және қолдану саты- 
ларындағы шектеулі технологиялық шешімдер болып табылады. 
Технология көмірхимиялық комплекстің мини-заводына арнал- 
ған арнайы мүнай өңдеу қондырғысын енгізу арқылы табиғи 
кенді материалдар мен қалдықтар негізінде аз дефицитті және 
арзан катализаторды қолдануымен ерекшеленеді. Сонымен бірге 
жобада көмірді термодаярлау және кептіру, шламдарды өңдеу 
процестерінің оригиналды технологиялық шешімдері қолда- 
нылған.
Көмірді өңдеу аймағындағы жүмыстар шетелдік инвестор- 
ларды тарту мақсатында ҚР үкіметі мен ҚХР үкіметі арасын- 
дағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісім жөне 
Жаңа химиялық технологиялар мен материалдар ғылыми-зерт- 
теу институты мен Хэйлунцзянь провинциясының (Харбин 
қаласы, ҚХР) ООО ХПИ арасындағы Қытай-Ресей ғылыми- 
техникалық ынтымақтастық бойынша келісімшарт жүзеге асы- 
рылды.
Жаңа химиялық технологиялар мен материалдар ғылыми- 
зерттеу институты өнімділігі тәулігіне 50 кг көмірді сүйылтуға 
арналған пилотты қондырғыны дайындап іске қосқан, тапсырыс 
берушіге өнімділігі жылына 30 мың тонна көмірді өңдеуге 
арналған көмірмүнайхимиялық комплекстің жүмысшы қүрылыс 
жобасының түсініктеме қағазын, газмазутты пештің сызбасын
14


және есебін, атмосфералык ректификационды колоннаның ком- 
пьютерлік есептеу бағдарламасын, көмірді және көмір пастасын 
дайындау блогының толық сызбасын жасап ұсынды. Көмірді 
сұйылтуда жоғары қысыммен температурада жұмыс жасайтын 
реактордың және баска да қондырғыларының есептеулері толық 
аяқталған. Айналмалы суды пайдалану, қалдықтардың утилиза- 
циясы, атмосфераға шығарылатын газдарды тазалау сұрақтары 
толық шешілген.
Қазіргі кезде профессор Ж.Қ. Қайырбеков Мәскеу мемле- 
кеттік тау-кен институтының ғалымдарымен бірге көмір және 
жанғыш сланецтерді комплексті өңдеудің жаңа технологиясын 
жасау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуде. Қазақстанның 
Кендірлік, Мамыт, Шүбаркөл кенорындарының қоңыр көмір- 
лерімен сланецтерін бірге өңдеу технологиясын жасау бағытын- 
дағы зерттеулер өзекті болып табылады. Тәжірибе жүзінде 
дәлелденгендей, жанатын сланецтердің органикалық және мине- 
ралдық бөліктері қоңыр көмірдің, мүнайдың ауыр, мүнайхи- 
миялық өндірістің жоғары қайнайтын сүйық қалдықтарының 
термокаталитикалық өзгерістерінде активтеуші эсер етеді. 
Жанатын 
сланецтер 
қатысында 
көмірсутекті 
шикізаттың 
крекингі кезінде 390-440°С температура аймағында қанықпаған 
көмірсутектердің (а-метилстирол алифатты алкендер) гидрлену 
реакциясы, оттекті қосылыстардың (ацетофенонның этилбен- 
золға айналуы) тотықсыздануы жүреді, димерлену реакциясы 
(а-метилстирол және оның димері, коксті өнімдерге дейін түзілу 
конденсациясы тежеледі және көміртек-көміртек байланысының 
деструкциясы (2-фенил-2-гидроксифенилпропанның фенол және 
изопропилбензолға өзгерісі) жылдамдайды. Сланецтің мине- 
ралды бөлігінде алюмосиликаттар, темір оксидтері және т.б. 
болғандықтан металдардың каталитикалық активті формасы 
крекинг реакциясын активтейді. Зерттеу нәтижелері көрсеткен- 
дей, жанатын сланецтердің каталитикалық қасиеттері көмірдің 
органикалық массасының және ауыр мүнай шикізатының гидро- 
генолиз процесініц оптималды жағдайында томен кокс- пен 
окатыш түзілуімен сүйық дистилляттарға өзгеру дәрежесінің 
жоғары екені байқалады.
15


Ж.Қ. Қайырбеков жетекшілігімен жанатын сланецпен 
көмірдің, жанатын сланецпен гудронның, жанатын сланецпен 
мазуттың термокаталитикалық крекингтің технологиялық сыз- 
ба-нұсқасы жасалған. Зерттелген процестің маңызды артықшы- 
лығы:деасфальттау және деметаллизация сатылары жоқ, өйткені 
асфальтендер, никель, ванадий өңдеу процесі барысында сла- 
нецтің минералды бөлігіне шөгеді де өніммен бірге реактордан 
шығарылады; процесті арнаулы қымбат катализатормен сутексіз 
жүзеге асырылады; сұйық өнімдердің күкіртсізденуі 50-60 % 
жетеді; процесті жүргізуге қарапайым қондырғы қолданылады. 
Технология ауыр мүнай шикізатын моторлы дистиллятқа дейін 
өңдеуге жүмсалатын капиталдық және эксплуатациондық шыгын- 
дарды төмендетеді және кейбір қазіргі мүнай қалдықтарын 
деструктивті өңдеу процестерімен бәсекелестікке қабілетті.
Профессор Ж.Қ. Қайырбеков ғылыми қоғамда тек қана 
қатты жанатын пайдалы қазбаларды өңдеу аймағында фунда- 
менталды зерттеулермен ғана белгілі емес, сонымен қатар 
оларды комплексті өңдеу бағытында ерекше орын алады. 
Қазақстанның қоңыр көмірлерін зерттеу барысында профессор 
Ж.Қ. Қайырбеков өзінің оқушыларымен бірге көмірдің органи- 
калық массасына есептегенде гуминді заттардың мөлшері 4,5- 
тен 50%-ға дейін болатынын анықтаган. Ой-Қарағай кенорнының 
көмірінде (40,5%), Қияқты (54%) болғандықтан өсімдіктің өсуін 
реттейтін және басқа гуминді препараттарды, гуминді тыңайт- 
қыштарды өндірудің мықты базасы болып табылады. Ал қүра- 
мында гумат мөлшері аз Мамыт (28,6%), Кендірлік (11,5%) 
көмірлерін қосымша химиялық, механикалық, резонансты-тол- 
қындық модифицирлеу қажет. Зерттеу процесі барысында Мамыт 
кенорны көмірін оттек және озонмен азот оксидтері және поли- 
мерметалдық катализаторлар қатысында тотықтырудың тех- 
нологиялық параметрлері оңтайландырылған. Күрделі гумин 
тыңайтқыштарын жөне әртүрлі минералды қосындылармен 
және тотыққан көмірлерден бөлінген гуминді реттегіштермен 
түрлендірілген өсімдіктердің өсуін реттегіштердің үш түрін 
(көмірліаммиакты, гумофос, гумоаммофос) алудың техноло- 
гиясы жасалынган. Нитроқосылыстарды, кубтық бояуларды 
тотықсыздандыру, фенолды тотықтыру нәтижесінде сульфо-
16


қышқыл алу процестері үшін тотыққан көмірден бөлінген 
гуматтар негізінде наноструктуралы полимерметалды катализа- 
торлар алудың технологиясы жасалды. Шайынды суларды ауыр 
металдардан тазарту үшін силикогуматты композиттер база- 
сында жаңа жоғары тиімді гуминді сорбенттер алудың техно- 
логиялық шарты оңтайландырылған. Мүнай- және газ өндіруде 
терең бүрғылау үшін бүрғылау ерітінділерінің көмірлі-сілтілі 
реагенттерін алудың технологиялық шарты оптимизацияланған.
Профессор Ж.Қ. Қайырбековтің жетекшілігімен жүргі- 
зілген зерттеудің жоғары ғылыми потенциалы фундаменталды, 
қолданбалы, инновационды халықаралық бағдарламалар мен 
жобаларды орындауға жарияланған тендерлерді «Разработать 
научные основы переработки горючих ископаемых и получения 
новых материалов» (21-тақырып), «Разработка технологии глу­
бокой переработки органического и минерального сырья и полу­
чения наноструктурированной композиционной продукции раз­
личного назначения» (17-тақырып), «Разработка гибридной 
радиационно-плазменной и кавитационно-гидрогенизационной 
технологии обработки низкосортных энергетических углей», 
мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаның біріккен Қазақ- 
стан-Қытай жобасы бойынша: «Теория и практика утилизации 
гуминовых веществ - возобновляемых источников химического 
сырья» бойынша үтуға мүмкіндік берді.
«Парасат» ННТХ АҚ үшін консалтингтік үсыныстар 
бойынша «Өнімділігі жылына 30 000 т қазақстандық көмірден 
гумат бөлудің тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін жасау», «Өнім- 
ділігі жылына 40 000 т Шүбаркөл көмірінен брикеттелген отын- 
ның тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін жасау» тақырыптары 
аясында жүмыстар орындалуда.
Ж.Қ. Қайырбековтің жүмыстары халықаралық деңгейге 
шықты. Қытай Халық Республикасымен (Хэйлунцзян мемле- 
кеттік ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік трансформация 
орталығымен) көмірді сүйылту, гумин қышқылдары мен көмір 
брикеті өндірісінің проблемалары бойынша ғылыми-техникалық 
қарым-қатынасқа келісім жасалған.
Профессор Ж.Қ. Қайырбеков көп жылдардан бері жинақ- 
талған ғылыми тәжірибелерін әл-Фараби атындағы Қазақ үлт-
17


тық университетінің химия және химиялық технология факуль­
тет! базасында педагогикалық қызметіне енгізуде. Студенттер 
және профессор-оқытушылар арасында ерекше беделге ие. Ол 
“Жалпы химиялық технология” жалпы курсын, ‘Тетерогенді 
катализ теориясы”, “Өнеркәсіптік катализаторларды дайындау- 
дың ғылыми негізі” және т.б. арнаулы курстарын дайындап 
бакалавриатта, магистратурада және докторантурада қазақ және 
орыс тілдерінде дәріс оқиды. Ол “Жалпы химиялық техноло­
гия”, “Химиялық технология негізі” типтік оқу бағдарламала- 
рының негізгі авторы. Профессор Ж.Қ. Қайырбеков түлектердің 
ғылыми-зерттеу жүмыстарына ерекше назар аударады, оларды 
өздігінше ойлауға, анализдеуге және еңбек сүйгіштікке үйре- 
теді. Профессор Ж.Қ. Қайырбековтің жетекшілігімен орындал- 
ған бітіру жүмыстары мен магистрлік диссертациялар бірнеше 
рет ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағаздарымен 
марапатталған. Профессор Ж.Қ. Қайырбековтің басқа авторлар- 
мен бірге 4 монография, 450-ден астам тезистері мен ғылыми 
мақалалары, 2 оқулық және 10 оқу қүралы (лабораториялық 
практикумға арналған методикалық нүсқаулар, қоңыр көмірді 
каталитикалық гидрогендеу процесі үшін жоғары қысымдағы 
қондырғысы оқу процесіне енгізілген) жарыққа шыққан, оқу 
процесіне соңғы ғылыми жетістіктерді енгізу туралы 7 акті, 19 
авторлық куәліктер мен патенттер алынған.
Ж.Қ. Қайырбеков көп жыл 02.00.03-органикалық химия,
02.00.15-катализ мамандықтары бойынша докторлық, кандидат- 
тық диссертацияларды қорғау кеңесінің, студенттер мен 
магистранттардың бітіруші кәсіби жүмыстарын қорғау бойынша 
мемлекеттік аттестациялау комиссиясының мүшесі болды.
Сүйық фазалы каталитикалық гидрогенизациондық про- 
цестермен қозғалмайтын қабатты катализатормен өнеркәсіптік 
реакторларды модельдеу деген монографияда (Қ.А. Жүбанов, 
Ү.Ә. Сыдықовпен бірге) каталитикалық процестердің страте- 
гиясын зерттеудің негізі қарастырылып, математикалық модель- 
дер жүйеленіп, химиялық реакторлардың модельдерінің пара- 
метрлерін есептеудің арақатынасының корреляциондық мәлі- 
меттері берілді. «Ауыр көмірсутекті шикізат пен көмірдің ката- 
литикалық гидрогенизациясы» монографиясында (М.И. Байкенов,
18


Қ.А. Жұбановпен бірге) жоғары түтқырлы мүнайдан, ауыр 
мүнай қалдықтарынан, көмірден жеңіл көмірсутектерді алудың 
нәтижелері қарастырылған және жоғары түтқыр мүнай мен 
көмірдің деструктивті гидрогенизация реакцияларының теория- 
лык мүмкін және эксперименталды мехнизмдері келтірілген. 
«Көмірді өңдеудің теориясы мен практикасы» монографиясында 
(Қ.А. Жүбанов, В.С. Емельянова, Ж.К. Мылтықбаева, Б.Б. Бай- 
жомартовпен бірге) көмірлі заттардағы үздіксіз және модельді 
қосылыстар мысалында көмірдің органикалық массасының 
қасиеттері мен қүрылымы аумағында қазіргі физикалық-химия- 
лық зерттеулердің нәтижелері және химиялық термодинамика 
мен формалды кинетика әдістерін қолдану арқылы көмірдің 
қүрылымы мен қасиеті арасындағы өзара байланыстардың заң- 
дылықтары топтастырылған.
Профессор Ж.Қ. Қайырбеков үнемі ізденісте. Жоғары мек- 
тептің психология мен педагогика жетістіктері негізінде, соны- 
мен бірге қазіргі ғылымның талаптарына сәйкес “Жалпы химия- 
лык технология” курсы химиялық пәндерді экологияландыру 
көзқарасы түрғысынан кайта қаралып, 30-халықаралык оку- 
әдістемелік конференцияда баяндалды. Екі рет ҚР БҒМ «ЖОО 
үздік окытушысы» Мемлекеттік грантына ие болды (2008-2013 
жж.).
Ж.Қ. Қайырбеков аспиранттарға, ізденушілерге, магистр- 
лер даярлауга гылыми жетекшілік жасайды. Оның жетекшілігі- 
мен 2 докторлық, 17 кандидаттық диссертация және 1 PhD доктор 
корғалды.
Химия гылымдарының докторы, профессор Ж.Қ. Қайырбеков 
Қазақстан галымдарының гылыми қоғамында ерекше орны бар 
шогырына жатады. Ресей, Польша, Қытай секілді алдыңгы 
катарлы гылыми орталықтар мойындаған көмірсутекті шикі- 
затты кешенді өңдеу технологиясы бойынша гылыми мектеп 
қалыптасты. Профессордың еңбегінің нәтижесі ҚР БЕМ және 
университет көлемінде мақтау кагаздарымен, мерекелік награ- 
далармен бағаланган.
Профессор Ж.Қ. Қайырбеков тату-тәтті отбасының үйт- 
қысы. Жолдасы Есеналиева Мәншүк Зейноллақызы - химия 
гылымдарының кандидаты, доцент, Жаңа химиялық техноло-
19


гиялар мен материалдар ғылыми-зерттеу институтында жетекші 
ғылыми қызметкер болып істейді. Үлы - Алтай әл-Фараби 
атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика 
факультетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық уни- 
верситетінің қаржы және несие факультетін бітірген, техника 
ғылымдарының кандидаты. Қызы - Ақмарал экономика және 
менеджмент мамандығы бойынша Алматы технологиялық уни- 
верситетін бітірген. Немерелері Алижан - 3-сынып, Аружан - 1- 
сынып оқушылары, кішкентай Жасмин - үш айда.
20

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет