Дуйсенкулова Гульзагира Толеновна



Дата20.07.2018
өлшемі33.81 Kb.
түріСабақ
Дуйсенкулова Гульзагира Толеновна,

Жамбыл облысы, Шу қаласы

Ғани Мұратбаев атындағы

орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі



Жануарлар әлеміне саяхат


Мақсаты:1) Оқушылардың хайуанаттар туралы алған білімдерін бекіту. 
2) Саяхат жасау арқылы тілдік қорын, сөйлеу мәнерін дамыту. 
3) Жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу. 
Әдістер: сұрақ-жауап,саяхат ойын, сахналық көрініс,шығармашылық тапсырма, сурет көрмесі.
Көрнекілер: ертегі, суреттер, сурет көрмесі, маскалар, хайуанаттар бағы, жұмбақ. 
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасу. 

Шаттық шеңбері: Сабақ барысы: 
- Бүгін сабағымызды бекіту үшін саяхат жасаймыз. 


1. Дыбыстар елі. Үн таспадан аңдардың дыбысы естіледі

2. Жұмбақтар елі. 
Ендеше жұмбақтар шешейік

Тарғыл-тарғыл тас па,

Тастан бірақ басқа

Мекені қамыста,

Бұл саған таныс па?
hello_html_m4d39d0a3.png

Қорықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан.

hello_html_m4f09b4f.jpg

Есек құлақты,

Мысық аяқты.

Түйе ерінді,

Ешкі құйрықты.

hello_html_m414adde7.png
Айбарлы түрі бар,

Қанжардай тісі бар,

Тұла бойында

Тасыған күші бар

Күжірейген жалды.

Білсең айт бұл аңды.



hello_html_52b867d9.jpg

Халық «қу» деп,

Қылған күлкі

Айласы көп

Бұл не?
Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.


hello_html_m68397d58.png

Еріксе, құйрығымен ойнайды,

Зеріксе, ұйқыға тоймайды.    

hello_html_5bedeb12.jpg

Бейқам елді іздейді,

Малдан күдер үзбейді.

hello_html_54d5d37c.png

Өріске барады ешкідей,

Өрістен қайтқанда бөшкедей.                               

hello_html_cac1a06.png

Кішкене ғана бойы бар,



Айналдырып киген тоны бар.                     

hello_html_7b8e423d.png

3.Хайуанаттар бағы. 


Қолдан жасалған хайуанаттар бағының макеті.Балаларға жануарларды көрсету.Олар «Бұл не?» деген сұраққа жауап береді. 
Мынау-аю.Аю үлкен. 



4. Ертегілер елі. 

c:\users\www\desktop\сурет 2017\img-20171208-wa0111.jpg
Балалардың бірнеше сабақ бойы дайындаған « Ормандағы үйшік » ертегісіне кезек беру. 
-Балалар, сахналық көріністі тамашалайық! 
5. Суреттер көрмесі

c:\users\www\desktop\сурет 2017\img-20171208-wa0109.jpg
Ал балалар,енді өздерің салған суреттеріңді көрейік.Суреттегі бейнелерді атау.Мүмкіндігінше сипаттама бергізу. 


6.Ойын елі. 
Оқушыларды шеңберге тұрғызып « Қоян» ойынын ойнату. 
- Аңдардың ішіндегі ең қорқақ, сужүрек қай аң? Кім табады? Сол қоян болады. 
Бекіту: 
Аңдарға көрсетілетін қамқорлық туралы айту. 
Қол ұстасып тұрайық, 
Біз шеңберді құрайық. 
Көріскенше күн жақсы, 
Сау-саламат болайық!


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет