Дуальды оқыту жүйесінде жастарды еңбекке тәрбиелеу labor training of young people in the system dual education



Дата02.11.2017
өлшемі136.97 Kb.
ӘОЖ 331.361

UDC 331.361


ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАСТАРДЫ ЕҢБЕККЕ ТӘРБИЕЛЕУ

LABOR TRAINING OF YOUNG PEOPLE IN THE SYSTEM DUAL EDUCATION
Жолдасбекова С.А., Каратаев Г.С., Нуржанбаева Ж.О., Толыбаева Э.

Zholdasbekova S.A, Karatayev G.S, Nurzhanbaeva J.O, Tolybayeva Y.


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент, Қазақстан

M.АuezovSouth inKasakhstan State University,Shymkent, Kasakhstan



s.zholdasbekova@mail.ru
Резюме: в статье дано общее сведения о трудовом воспитании молодежи в системе дуального обучения. Суть дуальной системы обучения. Основание по внедрению дуального обучения в Республике Казахстан.История развития дуальной формы профессионального образования . Профессиональное образование в Азии и в Европе, упорядоченные и отрегулированные, правовые отношении. Роль мастера в производстве и его необходимые профессиональное качество. Международный опыт образовательных систем передовых государств внедрении дуального обучения. Система профессионального образования Германии и её экономические успехи о ценности дуального обучения. Дуальное обучение по примеру Германии. Дидактико-методические аспекты учебного процесса в дуальной форме образования. Исторические корни организации дуального обучение. Имитационный принцип организации дуального обучение. Сравнительный анализ дуального обучение по сравнению с традиционной. Рсскрыты важности и эффективности дуального образования при профессиональной подготовке будущих специалистов и решения проблемы дуального образования на государственном уровне.

Abstract: The article gives general information on labor education of young people in the system of dual training. The essence of the dual training system. The base for the implementation of the dual training in the Republic of Kazakhstan. The history of the development of the dual form of vocational training. Professional education in Asia and in Europe, ordered and regulated, legal terms. The role of the master in the production and the necessary professional quality. International experience in the educational systems of advanced countries the introduction of dual training. The system of vocational education in Germany and its economic successes of the value of the dual training. The dual training in Germany's example. Didactics and methodological aspects of the educational process in the dual form of education. The historical roots of the organization of dual training. Imitation organizing principle of the dual training. Comparative analysis of the dual training as compared to traditional. Rsskryty importance and effectiveness of dual education at the professional training of future specialists and solve the problem of dual education at the state level.

Тірек сөздер:дуальды оқыту жүйесі, жастарды еңбекке тәрбиелеу

Keywords:the dual system of education, youth employment training
 Ел басымыз Жолдауында қоғамның әр саласына инновациялық технологияларды пайдалану туралы жиі айтады. Осы орайда, білім саласындағы дуальді оқыту технологиясы етене сіңісіп келе жатқан инновация. Оқу орнын бітіріп шығатын жас мамандар орталықта үйренгендерін тәжірибеде шеберлікпен қолдана алады.

Президентіміздің «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Дуальды кәсіптік білім беруді дамытудың маңызы зор. Бұқаралық маман кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін заманауи қолданбалы біліктілік орталықтары қажет», - деп көрсеткен [1]. Дуальды жүйенің негізі-студенттерді оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Дуальды оқыту әдісі әлемнің көптеген елдерінде, мысалы, Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция, Англия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған мемлекеттерде тәжірибиеде табысты жұмыс атқаруда. 

Германия Федеративті Республикасында дуальды оқыту барысында, берілетін материал білім алушыларға қол жетімді болуына жағдай жасау мақсатында педагогикасында екі жол пайдаланылған: абстрактыдан нақтыға (жалпы ережелерді баяндаудан практикалық фактылы матреиалда нақты қарастыруға) және нақты мысалдан, фактіден абстрактылы деңгейге жалпылауға. Сонымен қоса, белгіліден белгісізге, таныс оқыған материалдан бар білім қорына оңай қосылатын бейтанысқа ұмтылу. Неміс әріптестеріміз жақсы педагогикалық нәтиже қарапайымнан күрделіге, жақыннан алысқа әрекет жасайды деп айтады. Үнемі алға қарай ұмтылу, оқу материалын меңгеруде күрделіліктің өсуі білім алушылардың терең саналылық пен мен жоғары белсенділікті қажет етеді.

Жас кезеңдерінің жалпы формадағы айырмашылығы:


  • қажетті өмірлік тәжірибиені жинау;

  • жас өспірімнің өзіне, өзінің ішкі әлеміне көңілін жандандыру мен қоғамдағы өз орнын мәнін түсіну;

  • жас өспірімнің даралығын қайсарлықпен өзін-өзі танытуы үшін жастардың сыртқы әлемге айналуында болып табылады.

Оқыту мен тәрбиелеу білім алушыларға белсенді шығармашыл тұлға ретінде қалыптасудың түрлі кезеңдерінде оларға көмектесуге борышты. Даралық тұлғаның өзгешелігі, қызметті таңдау мен орындау мәнерінде қабілеттері мен дарындылықты көрсету ерекшелігі болып көрінеді. Білім алушылардың жас, жеке ерекшеліктерін, дамудың сезімтал кезеңдерін есепке алу оқыту мен тәрбиелеуде олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Талдау негізінде оқытудың жеке ұстанымы барысында білім алушыларды, олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін жүйелік зерделеу, үлгерімі мен тәртібіне қарамастан педагогтың барлығына үнемі көңіл бөлуі, олардың қызығушылықтарын есепке алу, оқыту барысын үнемі бақылап отырады. Мұндай жұмыс білім алушылардың танымдық, еңбек және басқа да қызметін ынталандыруда үйлесімділік қағидасын, іске деген тікелей қызығушылығын оятумен олардың адамгершілік-еріктік күштерін жандандыруды талап етеді.

Өмірлік тәжірибені иелену білім алушылар үшін әрдайым маңызды еңбек болады. Жеке тұлғаны қалыптастыру ішкі және сыртқы кедергілерді жеңу, ерікті өзін-өзі ынталандыру, өзін-өзі анықтау мен өзін-өзі шектеу жағдайларында ғана жүреді. Мәселе білім алушылардың дамуын қиыншылықтар мен кедергілерді жеңу ретінде ұймдастыру қажеттілігінде емес, ал түпкі мақсатты белгілеуде болып тұр. Бұл қағида білім алушылар өздерінің міндеттерін анық білетін, білімді ұғынып алып, оларды саналы түрде қолданып, сонымен қоса жоғары белсенділік, ықылас пен тәуелсіздікті көрсететін оқытуды талап етеді.

Білім, іскерлік пен дағдыны табысты иелену білім алушылардың оқу еңбегіне саналы және белсенді қарым-қатынасында ғана мүмкін болады. Бұл мәселенің шешіміне үйренушілік қызметке қажетті стимулды енгізу жолымен жетеді: ерік, сыртқы себептер әсерінен (әуесқойлық, құмарлық және жаңалықпен тарту) және ішкі ұмтылыстың дамуына кедергі жасайтын қиыншылықты жеңу мен өзін-өзі таныту,оқуға деген қызығушылығын ояту арқылы, қиындықты жеңу іскерліктілігі.

Алынған білім мен дағдылардың дұрыстығына, білім алушының зерттелетін затқа деген оң қарым-қатынасына көз жеткізуге негізделген оқытудағы саналылықтың маңыздылығы кем емес. Саналылық оқытуға тәрбиелік сипат береді. Ал белсенділік адам психикасының әрекеттік жағдайы ретінде интенсивті қарқынды ақыл және физикалық қызметте көрінеді. Дидактикалық тұрғыдан алғанда, белсенділік бір мезгілде білім алушының білім, іскерлік пен дағдыны саналы түрде игеру нәтижесінің алғышарты ретінде де шығады.

Білім, іскерлік пен дағдыны игеруде саналылықтың үйлесімі белсенді түрде білім алушыларда ой-пікірлерінің дербестігін, өзінің пікірін қорғай білуді, қойылған міндеттерді шешуде ықылас пен шығармашылықты көрсетуді, жағдайды дұрыс бағалау мен алынғын білімді іс жүзінде қолдануды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Кәсіптік оқытудың дуальді формасының аса маңызды қағидасы – оқытудағы бірізділік пен жүйелілікті көрсетуге мүмкіндік береді.

Білім, іскерлік пен дағдыны меңгеру жүйелілігі көбінесе олардың практикалық қолданысының тиімділігімен анықталады. Оқыту мен тәрбиелеудегі бірізділік пен жүйелілік қағидасықұрылымдық-жүйелілік ұстанымның бейнесі болып табылады. Соған сәйкес зерттеуге жататын материал негізделген құрылымда, жүйеде және бірізділікпен ұсынылады. Педагогикалық үдерістегі жүйелілік мәні әр бөлім (сабақ, ұйымдастырылған қызмет, іс шара түрі) құрылымының анықтығынан тұрады.

Белгілі жүйеде білім, іскерлік пен дағдыны меңгеру оқу пәнінің ішкі логикасына сәйкес зерттеуде ғана мүмкін. Адамға жүйелі білім табысты тәжірибелі қызмет үшін қажет. Қарастырылып жатқан қағида талаптарын орындау жүйелі, қатаң логикалық реттілік түрінде білім алушыларға оқу материалын баяндауға, олардың оқу еңбегіне жүйелі түрде басшылық етуге, білім, іскерлік пен дағды жүйесін меңгеруге мүмкіндік береді.

Бұл қағиданы жүзеге асыруда басты рөлді оқу пәндерін жинақтау және оқыту үдерісін жоспарлауды жетілдіру атқарады. Күрделі тапсырмаларды орындау барысында табысты әрекет ету үшін әр түрлі пәндер бойынша сабақта алынған білім алушылардың білім, іскерлік пен дағдылары өзара байланысты және өзара шарттасқан түрде бірыңғай жиынтық болып көрінеді. Мұндай жиынтық пратикалық қызметте ерекше тәсілдің рөлін атқарады, пәнаралық байланыстар, оқу пәнінің тақырыбы мен бөлімі арасындағы байланыстарды орнату жолымен қалыптасады [2].

Оқытуда бірізділік пен жүйелілікке жету үшін келесі міндеттер шешімін табу қажет:


  • оқу пәндерінің мазмұн оқытудың кезеңдері мен жылдар бойынша бірізділікпен бөлу, әрбір жеке пән бойынша оқу материалын жаңа материалды баяндай отырып, алдында өткен тақырыппен байланыстыру үшін логикалық байланыстыру, соған сәйкес білім адушылардың түсініктері мен ойларының шеңберін дамыту;

  • барлық нормативті құжаттармен басшылық ету (оқу жоспарлары, бағдарламалар, т.б.);

  • оқу материалын бөлімдер бойынша зерттеу, оның ішіндегі сабақтың жалпы идеясы нақты ашатын басты тұстарды белгілеу;

  • білім алушылардың логикалық ойлауын дамыту, оларды өздігінен талдау мен фактілерді жалпылауға үйрету;

  • білім алушының берілген тақырып, бөлім бойынша меңгерілгендігін білу және меңгерілген материал негізінде келесі оқу материалын зерттеуге көшу;

  • білім берушілердің берілген тақырып бойынша ғана емес, барлық оқу пәнінің келесі тақырыптары бойынша жан-жаұты білімі болуы керек;

  • білім алушылардың өзіндік жұмысына жүйелі түрде басшылық ету; олардың табыстары мен кемшіліктерін білу; олардың бойында оқуға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру; толық күшпен жұмыс істеуге ынталандыру [2].

Кәсіптік білім берудің дуальді формасының мыңжылдық тарихы бар. Ертедегі кафедралы ғибадатхана құрылысы кезіндегі архитектуралық стильдің өзгеруі, романтикадан готикаға өтуі кәсіптік білім берудегі түбегейлі өзгеруіне себеп болды. Бұл мүлде жаңа құрылыс технологиялары мен дидактиканың қалыптасуын, «теориялық оқыту» жүргізетін алғашқы өндірістік шеберханаларды құруды талап етеді. Еуропадағы Ренессанс дәуірі кәсіптік мектептің пайда болуымен есте қалды, бұл өз кезегінде басқа шеберден іскерліктілікті жетілдіруге, оқытудың графикалық құралдарының дамуына, қолөнерші мен суретші бірлесе оқытылатын алғашқы кәсіптік мектептерді ұйымдастыруға әсерін тигізді. Кәсіптік білім сапалы жаңа мағынасы француз төңкерісіне байланысты ғаламдық демократиялық үдерістер кезеңінде иеленді, сол кезде мемлекеттің қамқорлығы жалпы мектептік білім беру тұжырымдамасын дайындау мен оны шіркеулік қамқорлықтан босату, бастапқы, орта және жоғары кәсіптік мектептердің ашылуы негіз болды.

Кәсіптік білім беру қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді, оның әрбір мүшесіне еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілік пен ұтқырлықты қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезде әлемде кәсіптік білімді ұйымдастырудың үш моделі қалыптасқан: мектеп моделі бойынша жұмыс істейтін кәсіптік білім беру мекемелерімемлекеттік мекеме болып табылады, олар мемлекеттің қаражатына құрылады, сол үшін әсіресе мемлекеттік органдармен дайындалатын біліктілік талаптары мен нормативті құжаттар дайындалады; нарыққа қатаң бағытталып жұмыс істейтін кәсіптік білім беру мекемелері, мұнда мемлекет кәсіптік оқытуға қатыспайды, ал оның қаржыландыруын бір немесе басқа мамандарды даярлауда өз тауарлары мен қажеттіліктерін өткізу нарығында қалыптасқан жағдайдан шығатын кәсіпорын жүзеге асырады; оқытудың дуальді формасы шеңберінде жұмыс істейтін кәсіптік білім беру мекемелері, мұнда екі серіктес қызмет етеді – кәсіпорынның оқу орталықтары (немесе кәсіптік оқытудың бөлімшелері) мен кәсіптік мектептер, олар кәсіпорындағы практикалық даярлықты (жұмыс орны) кәсіптік мектептегі теориялық оқытумен үйлестіреді.

Өз жұмысында кәсіптік білім беру мекемелері үш тәсілдің біреуін таңдайды: бейтарап, белсенді және өзгермелі. Германия Федеративті Республикасындағы кәсіптік мектептердің қиыншылықтарының бірі – олардың бейтарап тәсілге бағдары, ол еңбек нарығындағы кәсіптік білім беру мекемелерінің қызметін реттейтін бастапқы кәсіптік білім беру мен басқарудың федералды-аймақтық құрылымы саласындағы мемлекеттік-аймақтық саясатпен қамтамасыз етіледі. Заманауи жағдайда кәсіптік білім беру жүйесінің стратегия мен тәсілді таңдаудағы жүйе құрайтын фактор білім беру қызметтерінің нарықтық жүйенің жұмыс істеу алғышарты ретінде шығады.

Кәсіптік білім жүйесі дамуының екінші алғышарты ұқсас білім беру қызметін қызметтердің өткізу нарығы үшін күреске себепші болған тіршіліктің өркениетті, ресмилендірілген формасы ретінде өндірушілермен бәсекелестігі болып табылады. Ал үшінші алғышарты– білім беру қызметінде оқу мекемелерінің кәсіптік білім берудің заманауи жүйесін қалыптастыруда маңызды бөлімі болған «менеджмент», «маркетинг» ұғымдарын кеңінен қолдану болып табылады.

Оқытудың дуальді формасы басым болған кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының көп түрлілігімен ерекшеленеді. Олардың легитимділігі(сайланбалы өкіметтің өкілеттігі) кәсіптік білім туралы Федералды заңмен анықталады. Жекешеленген жерде кәсіптік білім беру мекемелерін ашу қажеттілігі туралы шешімді аймақтық еңбек нарығының сұранысынан әр түрлі іскерліктілікті жұмысшылар қажеттілігінен шыға келе аймақтық құрылымдар шешімді қабылдайды.

Германия Федеративті Республикасында қалыптасқан кәсіптік білім жүйесін елдегі білім беру қызметі нарығының үлкен сараланымын құрайды, сұраныс пен ұсыныс арасындағы білім беру қызметі нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.

Кәсіптік білімнің табысты қалыптасуының маңызды алғышарты мемлекеттік құрылым, жұмыс берушілер мен кәсіподақ арасындағы кәсіптік даярлық пен оның «нарықтылығы» үшін жауапкершілікті таратуды болжайтын әлеуметтік серіктестік болып табылады. Бұған Өндірістік-сауда палатасының қызметі де кәсіптік оқытудың үдерісі мен кәсіптік оқытуды жүргізетін кәсіпорындарға кеңес беру түріндегі көмекті бақылайтын ықпал етеді.

Кәсіптік білімнің дуальді формасын жұмыс істеуіне кәсіптік білім туралы негізге алынатын нормативті құжаттарда жанама түрде жазылған оқытудың негізгі педагогикалық қағидаларын жүзеге асыру ықпал етеді. Олардың негізгілері:


  • оқытудың, тәрбие мен өмірдің бірлігі; педагогикалық теория мен практиканың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі, әр түрлі оқу қызметін ұйымдастыруға деген кешенді ұстаным;

  • білім алушыларға деген талап пен құрметтің бірлігі;

  • білім алушылардың интеллектуалды, эмоционалды, адамгершілік-ерікті, іс-әрекеттік-практикалық, эстетикалық және физикалық дамуының оларға ынтагерлік білдіру барысында оқытудың жетекші рөлі;

  • ұжымдағы оқу мен тәрбие; оқу мен тәрбие үдерісіндегі білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеру;

  • білім алушылардың танымдық, еңбек және басқа қызметте ынталандыруда үйлестіру, өз ісіне деген тікелей қызығушылықтың дамуымен олардың адамгершілік-ерікті күштерін жандандыру;

  • оқытудағы жүйелілік пен бірізділік.

Кәсіптік білім туралы қабылданған Заң кәсіптік білімнің дуальді формасының дамуының маңызды факторы болды, ал оның жұмыс істеуі оның дерексіз тұжырым емес, ол қалыптасқан тарихи жағдайларды ескере отырып құрылған педагогикалық шындық депайтуға мүмкіндік береді.

Дуалды оқыту бойынша маман дайындауға ден қойған Алманияның Рейнланд-Пфальц аймағында жұмыссыздық деңгейі 3%-ды құрап отырса, Германияда бұл көрсеткіш 7,8%-ды кқрсетеді. Сонымен қатар, Германиядағы 25 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 7%- ие болса, бұл көрсеткіш Грекияда 45%, Испанияда 43%, Францияда 30%, Италияда 28%-ды құрап отыр. Яғни мұнан байқайтынымыз, бұл жүйенің жұмыссыздық мәселесін шешуде өте маңызды болып табылады. 

Болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерін дуальді білім беруге даярлау барысында жоғары оқу орындары педагогтарының рөлі зор маңызға ие. Сондықтан педагогтардың кәсіби-мәдени, интеллектуалды және кәсіби-шығармашылыққа баулу іс-әрекетіне студенттердің кәсіби даярлығын қалыптастыруда шешілетін педагогикалық міндеттердің күрделілік деңгейіне сәйкес болуы керек.Дуалды оқытуда білім алушылардың кәсіби білім алуына кәсіпорындардың тікелей қатысуын қарастырады. Кәсіпорын іс-тәжірибелік білім беруге жағдай жасап, сонымен байланысты білім алушыларға ай сайынғы мүмкін төлемдер қоса есептелген барлық шығындарды мойнына алады. Оқу орны соның базасынегізінде өндірістік немесе іс-тәжірибелік оқыту іске асырылатын кәсіпорынмен тең құқылы негізде кызмет жасайды.

Егер студент дуалды оқыту жүйесі бойынша мамандар даярлайтын мамандық түрін таңдаған болса ең алдымен үшжақты келісімге қол қойылады. Бұл келісім-шарт жақтары студенттің колледжде дуальді оқыту жүйесі бойынша кәсіптік теориялық және өндірістік оқуын жүзеге асыру үшін келісім- шартқа отырады.

Дуалды оқыту мақсаты оқу орындары жұмыс беруші жеке шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, осы нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа замануаи технологияларды меңгертіп, құзретті маман даярлау.

Бұл өндіріс орны үшін экономикалық жағынан тиімді. Маманды қайта даярлауға, жұмыс орнына бейімдеуге уақыт кетпейді. Білім алушы жастар үшін - өмірдегі өз орнын ерте табуға мүмкіндік туады, жұмысқа ерте араласып, бейімделеді. Қазіргі кезеңде әлемде оқытудың дуальды жүйесі –  кәсіптік-техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол – кәсіптік оқыту үдерісінің басым бөлігі оқу орында емес, кәсіпорындарда технологиялық, диплом алдындағы тәжірибелерден өтеді

Біздер Қазақстандағы дуальді оқыту жүйесінің даму үрдістері мен кәсіптік жалпы білім беру мекемесінде білім беру үдерісін жүйелі жоспарлау және ұйымдастыруға негізделген заманауи әдістерге талдау жасадық. Бұл деңгейдегі болашақ кәсіптік оқыту педагогының шығармашылық қабілетін дамытып, соны идеялар ойлап тауып, өз бетімен ізденуден гөрі дайын біліммен қанағаттануымен сипатталады. Сонымен төмендегідей қорытынды жасауға болады:



Психологиялық-педагогикалық әдебиетке және педагогикалық білім берудің шынайы ахуалына жасалған талдау болашақ дуальды оқыту педагогтары мен өндірістегі менторларды кәсіптік білім мекемесінде студенттерді кәсіби іс-әрекетіне даярлау мәселесінің өзекті екендігін айқындалды. Зерттеудің өзектілігі келесі түрде расталады:

  • Жоғары оқу орны оқу жоспарына «Дуальді оқыту негіздері» пәнін енгізу, өйткені әлемдік білім тәжірибесінде дуальді оқыту жүйесіне бағытталған білім қалыптасты;

  • Дуальді білім беру барысында практикалық оқытуды студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетінің негізгі түрі деп қарастыру.

  • Студенттерді дуальді оқытумен байланысты дуальді білім беру тәжірибесінде шешілетін міндеттердің күрделенуіне орай, болашақ кәсіптік оқыту педагогына қойылатын құзырттілік талабын арттыру;

  • педагогикалық теория мен практикада болашақ кәсіптік оқыту педагогыныңкәсіптікбіліммекемесіндестуденттердідуальді оқыту іс-әрекетіне дайындығын қамтамасыз ете алатын компонентердің ғылыми негізделген құрылымы мен мазмұнының жеткіліксіз дәрежеде әзірленуі;

- студенттердідуальді білім беру саласында маман ретінде кәсіби және шығармашылық дамыту тетіктерін әзірлеу мен ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеуді қажет етеді.
Әдебиеттер:

1 Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к Обществу Всеобщего Труда»Н.А.Назарбаев, Президент Республики Казахстан, 10 июля 2012 года



2. Федотова Г.А. Нормативное обеспечение стандарта профессионального образования в ФРГ. М.: ИРПО, 2000. - 51 с

3. Балташ П.Н. Болашақ кәсіптік оқыту педагогын дуальді білім беруге даярлаудың педагогикалық шарттары. 6М012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша пед.ғыл.мaгистрі aкaдемиялық дәрежесін aлу үшін дaйындaғaндиссертaция. Шымкент, 2014. 142бет.


References

1 Social modernization of Kazakhstan: Twenty Steps to the Universal Society of Labor ", Nursultan Nazarbayev, President of Kazakhstan, July 10, 2012



2. GA Fedotova Standard maintenance standard of vocational education in Germany. M .: IRPO, 2000.

3. Baltash PN Future dual education, vocational education teacher training and teaching conditions. 6M012000 - "Vocational training" ped.ğıl.magïstri to receive the degree akademïyalıq dayındağan dïssertacïya. Shymkent, 2014. 142bet.. – 51
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет