Достық ауылдық округінің әкімі Н. Х. Жәрлікеновтің 2016 жылы атқарған жұмысы туралы тұрғындар алдындағы есебінің тезисі



Дата07.11.2017
өлшемі26.37 Kb.
#43784
Достық ауылдық округінің әкімі Н. Х. Жәрлікеновтің

2016 жылы атқарған жұмысы туралы тұрғындар алдындағы есебінің

ТЕЗИСІ

1. Достық ауылдық округі тұрғындарының саны – 1796, құрамында – 377 Достық ауылының тұрғыны, 1419 – Шақаман ауылының тұрғыны бар. Аула саны - 401, оның ішінде Шақаманда – 323, Достықта - 78 аула бар.

2. Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы

Округтің жалпы жерінің көлемі – 39546 га, 22854 га жайылым жер. Округте 16 шаруа қожалығы бар, олар негізінен мал өсіру, шөп дайындаумен шұғылданады. 2016 жылы сүт қабылдау орталығы мен тауарлы-сүт фермасы, Достық ауылында наубайхананың ашылуы болды. В 2016 году состоялось открытие молочно-товарной фермы и пункта приема молока, также окрытие пекарни в с.Достык.

2016 жылы қалалық бюджеттен Достық ауылдық округіне 234324,8 мың теңге бөлініп, оның ішінде 142620,0 мың теңге зейнетақы төлемі, 85481,0 мың теңге еңбекақы төлемі, қоғамдық жұмыс үшін 1035,9 мың теңге бөлінді.

Әлеуметтік қорғау:

Округ бойынша мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғыз басты қарт адамдарға 2 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. Қоғамдық жұмыста жұмыс істейтіндер 10 адам.



Білім беру саласы: Достық ауылдық округінің аумағында 1 мектеп бар - «Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Шақаман жалпы орта білім беретін мектебінде 213 оқушы білім алуда. Мектепте 31 мұғалім жұмыс істейді.

Денсаулық сақтау саласы: Округте 5 медициналық қызметкер көмек көрсетеді, оның ішінде 1 дәрігер мен 4 медбике, 1 дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Жыл бойы 4700 қабылдау жасалды.

3. Мемлекеттік бағдарламалар.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы:

Осы бағдарлама бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға 2011-2015 жылдар аралығында мал басын көбейту үшін 43 ауыл тұрғыны 79 млн.теңге көлемінде несие алды.



«Ақ бұлақ» бағдарламасы:

2013 жылы 97,4 млн. теңге сомасына жобалау-сметалық құжаттары дайындалды.



4. Округте сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген жоқ. Сенім телефоны жұмыс істейді.

5. Ауылдық округ бойынша күрделі мәселелер

Шақаман ауылының сумен қамтамасыз ету жүйесі ескірген. Бұл мәселенің шешімін «Ақ бұлақ» бағдарламасы арқылы табуды жоспарлаймын.



6. Достық ауылдық округінің болашаққа даму жоспары

1. Сүт-тауар фермасының жұмысын ары қарай жетілдіру, асыл тұқымды мал басын көбейту; ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарынан қабылданатын сүт көлемін арттыру; сүт өнімдеріне арналған бөтелке шығару цехын ашу; ауыл шаруашылығы кооперативін ашу; «Көпежан» фермерлік шаруашылығы негізінде суару жүйесінің құрылысы.



7. 2016 жылы округ тұрғындарымен өткен есептік кездесуде көтерілген мәселелер:

1. Ауыз су сапасының мәселесі, су құбырлары жүйесін ауыстыру.



2013 жылы 97,4 млн. теңге сомасына жобалау-сметалық құжаттары дайындалды. 2014-2015 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасына енгізілді. Алайда, 2015-2016 жылдары бұл жоба бойынша жұмыс атқарылған жоқ. 2017 жылы сумен жабдықтау жүйесі құрылысының жобалау-сметалық құжаттарына өзгерістер енгізу үшін қосымша құжаттар әзірленуде.
Достық ауылдық округінің әкімі Н. Х. Жәрлікенов
Каталог: files -> loader
loader -> Бала организмі нашар сіңіреді және оған уланып қалуы не ішек құртын жұқтыруы мүмкін
loader -> Оқушының тамағы балансирленген болуы керек
loader -> Ас адамның арқауы
loader -> Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы
loader -> Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты
loader -> Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты
loader -> Жануарларды каратиндеу ережелері. «Ветеринария туралы»


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет