Документ подписал: Усенбаев К. Е. Жуалы аудандық соты Председатель районного суда 05. 08. 2015 18: 56: 57



Дата11.04.2018
өлшемі30.91 Kb.
#67411


Документ подписал: Усенбаев К. Е. Жуалы аудандық соты Председатель районного суда 05.08.2015 18:56:57


№ 1-23/15

Қ А У Л Ы

Б.Момышұлы ауылы 03.08.2015 жыл.
Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотының құрамында: төрағалық етуші Қ.Е.Үсенбаев, хатшылықта И.Т.Қожабаева, қорғаушы А.К.Ибрашов, Е.Прмагамбетов, жәбірленуші Б.Ж.Зиядаев, сотталушы М.А.Тилеубаев, Р.П.Сарсеновтің қатысуларымен қатысуларымен сотталған:
Тилеубаев Мурат Ануарбекович, 31.01.1977 жылы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданында туылған, ұлты қазақ, ҚР азаматы, жанұялы, білімі орта, уақытша жұмыссыз, Жамбыл облысы, Тұрақты мекен-жайы: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Тәттібай ауылы, Б.Момышұлы көшесі, № 39 үй тұрғыны,

Сарсенов Рахимжан Полатбекович, 17.09.1977 жылы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданында туылған, ұлты қазақ, ҚР азаматы, жанұялы, білімі орта, уақытша жұмыссыз, Жамбыл облысы, Тұрақты мекен-жайы: Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Тәттібай ауылы, Б.Момышұлы көшесі, № 25 үй тұрғындарына қатысты жеке айыптау туралы шағымын қарап,


Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 108-бабымен көзделген қылмыстық теріс қылық жасады деген айыптау туралы істі қарады.

Іс материалдарын және мән-жайларды зерттеп, сот төмендегі жағдайларды


а н ы қ т а д ы:
Жәбірленуші Б.Ж.Зиядаев, 22.02.2015-23.02.2015 жылы аралығында, Жуалы ауданы Тәттібай Дүйсебай ауылында, Мадибек есімді туысының туған күнінде болған кезде, көшеге темекі шегіп тұрған кезде айыпталушылар М.А.Тилеубаев пен Р.П.Сарсенов аяқ қолымен ұрып, денесіне жеңіл жарақат салып, телефоны мен ақшасын жоғалтып алған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (әрі қарай мәтін бойынша – ҚР ҚК) 108-бабымен, яғни денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым берген.

Аталған қылмыстық істі қарау барысында айыпталушылар М.А.Тилеубаев пен Р.П.Сарсенов тараптарды татуластыру арқылы істі медиация тәртібімен қысқарту туралы талап тілек түсті.

03 тамыз 2015 жылы басты сот талқылауы барысында кәсіби емес медиатор З.Дулатбаевтың қатысуымен жәбірленуші Б.Ж.Зиядаев айыпталушылар М.А.Тилеубаев пен Р.П.Сарсенов араларындағы медиаторлық келісім ұсынылды. Медиаторлық келісімнің шарты негізінде айыпталушылар М.А.Тилеубаев пен Р.П.Сарсенов жәбірленуші Б.Ж.Зиядаевтан кешірім сұраған, ал өз кезегінде жәбірленуші Б.Ж.Зиядаев кешірген материалдық залалдың жоқтығын және арызынан бас тартатындығын, осы негізінде қылмыстық істі қысқарту қажеттілігі туралы өтініш мәлімдеді.

Тараптардың пікірлерін, сондай-ақ айыпталушылар М.А.Тилеубаев пен Р.П.Сарсенов жеке айыптаушы Б.Ж.Зиядаевтың татуласуына орай және айыптаудан бас тартуына байланысты қылмыстық істі қыскартумен келісетіндігі туралы пікірін тыңдап, сот қылмыстық іс бойынша іс жүргізу қыскартулуы тиіс,-деп санайды.

Мұндай тұжырым мына деректермен және заң нормаларымен негізделеді.

ҚР ҚПК-нің 32-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ҚР ҚК-тің 108-бабында көзделген қылмыс туралы қылмыстық іс жүргізу жәбiрленушiнiң шағымы бойынша ғана басталады және оның жәбірленушінің, айыпталушылармен татуласуына орай тоқтатылуға жатады.

Сонымен, аталған мән-жайларды және жәбірленуші Б.Ж.Зиядаевтың айыпталушылар М.А.Тилеубаев және Р.П.Сарсеновпен татуласуына, айыптаудан бас тартуына байланысты ҚР ҚПК-нің 85 бабы, ҚР ҚК-нің 68 бабы 1 бөлігіне сәйкес, медиация тәртібімен бітімге келуіне орай тоқтатылуын өндірістен қысқартылуға жатады деп санайды.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігінің 5-тармағын, 412-бабының бірінші бөлігінің 2-тармағын және 413-бабын басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ :
Айыпталушылар Тилеубаев Мурат Ануарбекович, Сарсенов Рахимжан Полатбекович жәбірленуші Зиядаев Бактияр Жайлаубаевичпен өзара медиация тәртібімен татуласуына және айыптаудан бас тартуына байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 108 бабымен қозғалған қылмыстық жауапкершіліктен босатып, қылмыстық іс өндірісімен қысқартылсын.

Қаулыға ол шығарылған күннен бастап он бес тәулікте Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасына Жуалы аудандық соты арқылы жеке шағым беруге және наразылық келтіруге болады.



Судья: Қ.Е.Үсенбаев





Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет