Докторантура



Дата22.02.2018
өлшемі366.22 Kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ АКАДЕМИЯСЫ

«Құқықтың жалпы теориясының қазіргі проблемалары» пәні бойынша оқуға түсу емтиханын тапсыруға арналған

БАҒДАРЛАМА

ДОКТОРАНТУРА
мамандығы 6D030100 - «Құқықтану»

мамандығы 6D030300 - «Құқық қорғау қызметі»

Астана-2017


Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының докторантурасына

«Құқықтың жалпы теориясының қазіргі проблемалары»

пәні бойынша оқуға түсу емтиханын тапсыруға арналған

БАҒДАРЛАМА

мамандығы 6D030100 - «Құқықтану»



мамандығы 6D030300 - «Құқық қорғау қызметі»
Құқықтың жалпы теориясы басқа заңдық ғылымдармен теориялық-әдістемелік, салааралық және жалпығылыми проблемалар бөлігінде ажырамас байланысы бар бейінді пәндердің бірі болып табылады. Осыған орай, бұл пән докторантураға оқуға түсу үшін тапсырылатын емтихандардың тізіміне қосылған.

Конкурстық іріктеу кезінде болашақ докторанттардың құқық жалпы теориясы ғылымының теориялық жетістіктерін, құқықтың жалпы теориясының қазіргі проблемаларын шешу жолдарын меңгеру деңгейін анықтау керек. Оларды білмейінше докторантурада берілетін басқа салаларды игеру мүмкін емес.

Докторантурада оқуға үміткерлер құқықтың қоғам өміріндегі рөлі, қойылған міндеттерді тиімді шешу мақсатындағы оның рөлі мен пайдалану жолдары туралы өздерінің көзқарастарын көрсетулері тиіс. Олар ғылыми талдаудың, синтездің, тұжырымдаудың дербес біліктіліктерін көрсетіп, дербес қорытындылар жасай білетіндерін байқатулары керек. Оқуға түсушілер қолданыстағы нормативтік материалда бағыт-бағдар тауып, оны нақты өмірлік жағдаяттарға қолдана білулері қажет.

Емтиханда жауап беру кезінде докторантураға түсуші теориялық ережелерді мемлекеттік, құқық қорғау органдарының практикалық қызметінен және қолданыстағы нормативтік актілерден алынған нақты мысалдармен сипаттай білулері тиіс.

Болашақ докторанттарды конкурстық іріктеу олардың юридикалық ойлауы, кәсіби құқықтық санасы және жоғарғы құқықтық мәдениеті жөнінде көзқарас тудыруы қажет.

Оқуға түсу емтиханына арналған бағдарлама «Құқықтың жалпы теориясының қазіргі проблемалары» пәнінен жоғары оқу орнынан кейін білім берудің Типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Бағдарлама ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесі отырысында бекітілген, 2017 жылғы «___» ________ № ____ хаттама.

Пәннің сипаттамасы

Осы пән құқықтың теориясының мемлекет пен құқық жөніндегі барлық ілім салалары үшін әдістемелік маңызы бар, тұтас мемлекеттік-құқықтық құрылыстың ұйымдастырылу және қызмет ету практикасын жетілдіруге тікелей әсер ететін негіз қалаушы ғылым ретіндегі арнайы мәселелерінің жүйесін білдіреді.

Құқықтың жалпы теориясының проблемаларына магистратура мен докторантурада оқу барысында жүгіну жоғары сапалы ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындаудың маңызды сатысы болып табылады. Мемлекет және құқық теориясын негіз қалаушы, базалық ғылым ретінде зерделеудің мақсаты мемлекет пен құқықтың шығуы, қызмет етуі және дамуы, олардың қоғам өміріндегі рөлі мен басқа да әлеуметтік құбылыстармен (әкономика, саясат, дін, ізгілікпен) өзара байланысы туралы білім алу болып табылды. Бұнымен қатар, студенттер заңи ғылымның негізгі түсініктер мен категорияларын зерделеді, арнайы заңдық терминдерді игерді. Оларды білмейінше салалық заң ғылымдарын меңгеру мүмкін емес болатын.

Дегенмен, құқықтың жалпы теориясының қазіргі проблемалары – өте күрделі, көпқырлы құбылыстар болып келеді. Оларды зерттеу кезінде ғылымда түрлі бағыттар қолданылады. Осыған орай құқықтың жалпы теориясында көптеген дискуссиялық проблемалар бар, олар бойынша түрлі пікірлер айтылады. Әсіресе көп проблемалар соңғы 20 жылдың ішінде пайда болды. Бұл кезеңде біздің елдің мемлекеттік механизмі мен құқықтық жүйесінде негіз қалаушы өзгерістер орын алған еді. Бакалавриаттың 1 курсында студенттер күрделі, дискуссиялық сұрақтарды игеруге әлі дайын емес, себебі олар заңтануға енді ғана кірігіп, оның түсініктер аппаратын зерделейді және мемлекеттік-құқықтық проблематика жөнінде өздерінің алғаш көзқарастарын қалыптастырып жатады.

Тек магистратура мен докторантурада оқып жүріп, салалық заң ғылымдарын зерделеген соң құқықтың ең маңызды қазіргі проблемаларына көңіл аударуға болады. Жоғары білікті заңгер ғылыми дауларды туғызатын сұрақтармен қатар практикалық маңызы бар мәселелерді біліп, олар бойынша өзіндік пікірін қалыптастыра алуы тиіс.

«ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ» ПӘНІ БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІ МЕН ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ
Тақырып 1. Құқықтың жалпы теориясының алатын орны мен маңыздылығы

Құқықтың жалпы теориясы құқық туралы білімді үнемі тереңдетудегі, дамудағы және тұтас жүйе болып табылатын ғылыми пән ретінде. Құқық арнайы ғылыми зерттеу объектісі ретінде. Оның ерекшеліктері мен белгілерін және қоғам өміріндегі орнын ашып көрсету.

Құқықтың жалпы теориясы мемлекет және құқық теориясы сияқты біртұтас және бүтін ғылымның ең негізгі және жетекші бөлігі ретінде. Құқықтың жалпы теориясы мен мемлекет теориясының тығыз өзара әрекетесуінің өзегі ретінде жалпы мақсаттары мен міндеттерінің, қостұтас пәнінің болуы, зерттеу әдістемесінің жалпыламалығы.

Құқықтың жалпы теориясы мен аралас гуманитарлық ғылымдар (философиямен, әлеуметтанумен, саясаттанумен, экономикалық теориямен) және нақты юридикалық пәндермен (соның ішінде салалық) ара қатынасы.

Айқын юридикалық бағыттылығы мен табиғаттылығына ие гуманитарлық білімнің бір түрі ретіндегі құқықтың жалпы теориясының ерекшеліктері.

Құқықтың жалпы теориясының пәні. Құқықтың жалпы теориясы пәні мен оның объектісінің ара қатынасы: пән мен объектісінің айырмашылығы, көрсетілген сұрақты талдаудағы ғалымдардың әртүрлі көзқарастары. Осы ғылыми пәннің құқықтың жалпы теориясы пәні объективтік құрамдас бөлігі, ал әдісі - субъективтік құрамдас бөлігі ретінде.

Құқықтың жалпы теориясының әрекеттену үдерісіндегі пән мен әдістің үйлесу нысандары. Пәннің - әдіске, ал әдістің - пәнге “қосылу” мүмкін еместігі; құқықтың жалпы теориясы пәнінің ерекшеліктеріне қарай оның әдістері арқылы есепке алу қажеттілігі.

Құқық дамуын анықтайтын заңдарды тану. Олардың табиғи заңдардан е материалдық әлем объектілері дамитын заңдардан айырмашылығы және олардың сипаттары. Юридикалық заң және қоғам даму заңдылығы: олардың ара қатынас нысандары.

Құқықтың жалпы теориясы қалыптастыратын ұғымдар мен түсініктердің ерекшеліктері. Құқықтың жалпы теориясы пәнін танудағы олардың орны.

Құқықтың жалпы теориясының заңгерлердің кәсіби сапалығы мен юридикалық көзқарастары және де азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасының өсуіне ықпал ету нысандары.

Заңгерлердің юридикалық көзқарастарымен кәсіби қасиеттерінің қалыптасуы мен дамуына және де азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің өсуіне құқықтың жалпы теориясының ықпал ету нысандары.

Нақты юридикалық, соның ішінде салалық, юридикалық пәндердің (құқықтық дамуының жалпы қағидаларын дайындауда, және жалпы құқықтық ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыруда) қызметтенуіне құқықтың жалпы теориясының өрлеуші ықпалы. Құқықтың жалпы теориясының қызмет етуіне және дамуына керісінше нақты, соның ішінде құқықтық, салалық, юридикалық пәндердің ықпалы.

Теориялық немесе тәжірибелік жағдаяттарды шешуді талап ететін ретіндегі мәселе. Қандай да бір құбылыстарды, объектілерді, үдерістерді түсіндірудегі қарама қайшылы позиция түрінде шығатын, қарама қайшылы жағдаяттарды тумай қоймайтындығы және заңдылығы. Сондай, ақ оларды шешу үшін жүйелі жинақтауды.
Тақырып 2. Құқықтың жалпы теориясының қазіргі кездегі әдіснамалық мәселелері

Әдістемені анықтаудағы әртүрлі тәсілдер. Танудың жалпылама (философиялық) әдістемесі және зертттеушінің дүниетанымы.

Құқықтың жалпы теориясындағы жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістемесінің үйлесуі. Жалпы ғылыми әдістеменің негізгі талаптары және құқықты зерттеудегі жеке ғылыми әдістерді қолдануда олардың ықпал етуі. Құқықтың жалпы теориясындағы эксперименттік, нақты-әлеуметтік, статистикалық, салыстырмалы, кибернетикалық, формальды-догматикалық әдістерді кеңейте қолдану.

Құқықтық құбылыстарды зерттеу, түсіндіру және талдау үдерісіне сапалық сол сияқты және сандық көрсеткіштерді қолдану.

Құқықты зерттеу және үйрену логикасы. Ғылыми ойлау тәсілдері: талдау (анализ), сомдау (синтез), дедукция, болжау (гипотеза). Юридикалық ойлаудың ерекшеліктері. Құқықтың жалпы теориясындағы ақиқатқа жету міндеті. Құқықтық норма ақиқаттылығы туралы сұрақты кою мүмкін еместігі. Осы сұрақтар бойынша ғалымдардың пікірлерінің әртүрлілігі.

Құқықтың жалпы теориясы құқықты тану әртүрлі әдістерді кешенді қолдану оның ақиқаттылығына табысты жетудің міндетті шарттары болып табылады.

Философияның ғылыми таным қағидаларын жасау, және де оның ұғымдары мен түсініктері жүйесі – юриспруденцияның ғылыми-әдістеме өзегі ретінде. Юриспруденция дамуының қазіргі кезеңінде юридикалық пәндер мен философияның одағын нығайту қажеттілігі. Құқықтың жалпы теориясы мен философия және басқа да нақты құқықтық ғылымдармен байланысы мен өзара әрекеттенуі механизмі. Құқық философиясы және оның ықпалында және оның тікелей қатысуымен қалыптасқан ұғымдар: еркіндік, ерік, әділеттілік, адамгершілік, теңдік және тең құқықтық.

Құқықтың жалпы теориясы әдістемесі, оның сол құқықтың жалпы теориясы үшін, және де нақты соның ішінде, салалық юридикалық пәндер үшін мәні. Құқықтың жалпы теориясы дайындаған ғылыми-әдістемелік қағидалардың сипаты, табиғаты, әрекет ету аясы және талаптары, олардың юриспруденция әдістеме жүйесінде алатын орны. Қазіргі кезеңдегі юриспруденцияның ғылыми-әдістемелік потенциалының қалыптасуына және дамуына құқықтың жалпы теориясының рөлінің белсенділігі.

Өзіндік ғылыми әдістемені дайындаудағы нақты құқықтық ғылымдар мен пәндердің рөлі. Көзделген міндеттерді шешудегі құқықтың жалпы теориясы мен философия жетістіктерін олардың есепке алуы; өз пәніне тән ерекшеліктері мен айрықшылықтарына қарай ғылыми олардың әдістемеге қойылатын талаптар мен жалпы қағидаларды нақтылауы. Құқықты танудағы тарихилық қағида құқықтың жалпы теориясына деген тарихи-мемлекеттанушылық және тарихи-құқықтанушылық ғылымының жағымды әсер етуінің нәтижесі ретінде.

Философия, құқықтың жалпы теориясы мен нақты юридикалық пәндердің ғылыми-әдістемелік күшейтуді өзара байытуы – қарастырылып отырған ғылыми кешен мен ғылыми пәннің дамуының қазіргі кезең ерекшелігі.

Ғылымның партиялылық қағидасы және оның табиғатынан, сипатынан және бағыттылығынан туындайтын қажеттілігі мынада, белгілі бір әлеуметтік топтың немесе белгілі бір таптың мүдделер мен тұтынушылығын үшін құқықтық құбылыстарды бағалаудағы қажеттіліктен шығады.

Ешқандай оларды қаралаусыз және әсемдеусіз, немесе олардың барлық кемшіліктері мен артықшылықтарымен құқықтық құбылыстарды тануда объективтілігі мен бейтараптылығы.Қазіргі кездегі юридикалық ғылымының әдістемелік көппікірліктің мәселелері.

Құқықтың жалпы теориясының қызметтенуіндегі іргелі және қолданбалы міндеттерінің үйлесуі, біріншісі екіншісінің алдында аса нақты басым көрініс тапқан жағдайда. Құқықтың жалпы теориясының іргелі міндеттерін табысты шешу – оның гуманитарлық және юридикалық білім жүйесіндегі ғылыми-әдістемелік және жалпы теориялық мәнін көтерудің алғы шарты, ал оның қолданбалы міндетін шешу – құқықтық құрылыс тәжірибесі мен оның үзілмейтін байланысының көрсеткіші.

Ашық жүйеде оның зерттеуші-танымдық, интегративтік, бағдарлаушы, болжаушы, әдістемелік, тәрбиелік қызметі арқылы терең көрініс тапқан қоғам өмірі ісі жағдайына құқықтың жалпы теориясының ықпалы. Аталған қызметтерінің қалыптасуы мен дамуы диалектикасы: олардың біреуінің келескісінің орындалуы үшін қолайлы жағдайды туғызу, қалған қызметтердің жетістіктерін өзара пайдалану, жалпы міндеттерді және т.б. жүзеге асыру үшін әртүрлі қызметтер күшінің бірігуі.


Тақырып 3. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы және типологиясы
Алғашқы қауымдық құрылыс және онда адамдардың мінез құлқын реттеген әрекет етуші нормативтік жүйе. Оларды қоршаған табиғи жағдайлардан адамдардың тәуелділігі, өндірушінің өте төмен деңгейі. Адамдардың өмірін қамтамасыз етуші еңбек құралдары мен аспаптарының баяу дамуы, еңбектің ірі қоғамдық бөлінісі, еңбек қызметінің сипатына, материалдық қамтамасыз етілу деңгейіне, кәсібіне қарай тұрғындардың жеке топтамаға жіктелуі, тұтынушы экономиканың өндіруші экономикаға ауысуы және т.б.; оның қоғамдық қатынасты нормативтік реттеу сипатына, табиғатына және нысанына әсері.

Алғашқы қоғамның сол кездегі адамдардың оларды қоршаған әлемді жеке салаларға бөлместен қабылдау нәтижесі болып табылатын мононорма жүйесі (басқа ғалымдардың пікірі бойынша, - архаикалық, ежелгі нормалар жүйесі).Мононормалар әдет ғұрыптардың, мораль нормаларының, діни догмалардың белгілерін өзіне органикалық үйлестірген және аталған әлеуметтік реттеушілердің белгілерінің бірлестігі ретінде. Қоғам дамуының белгілі кезеңінде мононорманың прогресивті рөлі. Мононормалардың өзінің позитивтік потенциалын жою және олардың дағдарыстық кезеңге ұшырауы. Мононормалар реттеп отырған қоғамдық қатынастардың өзара сәйкес келмеуінің күшеюі. Мононормалардан әдет-ғұрыптың, дәстүрдің, моральдың адамгершіліктің, діни рәміздердің бөлінуі және соңғылардың қатысты дара әлеуметтік реттеуші жүйені құруы. Құқық пайда болуының экономикалық, әлеуметтік және рухани алғы-шарттары. Қоғамның рулық тайпалық ұйымының мемлекетке қайта құрылуы – құқық пайда болуының маңызды шарты.

Алғашқы қауымдық қоғамның нормативтік жүйесінің өшу үдерісінің диалектикасы және оның құрылымдық құрамдас көптеген бөліктерінің мемлекеттік-ұйымдасқан қоғамның қалыптасып жатқан құқықтық жүйесіне баяу көшуі. Алғашқы қауымдық қоғамның нормативтік жүйесінің құқыққа алмасу үдерісіндегі жаңалық пен мирасқорлықтың үйлесуі. Құқыққа дейінгі реттеу жүйесінен құқықтық жүйеге ауысу кезінде аралық-өтпелі нысанды пайдалану, олардың қарастырылып отырған үдерісті жеделдету, тереңдету және аяқтаудағы рөлі.

Өзінің жаңа жағдайға бейімділігін, көлемділігін және тиімділігін танытқан құқыққа дейінгі нормативтік институттарды және бекітулерді жаңадан пайда болған мемлекеттің сақтауы. Мемлекеттің пікірі бойынша, жаңа жағдайға толық жауап беретін жаңа институттар мен бекітулерді олардың толықтыруы, және де мемлекеттің жүргізетін саясатына жеткілікті бейімделмеген нормалар мен бекітулердің “іріктелуі”.

Алғашқы қауымнан мемлекеттік-құқықтық құрылыс кезеңге көшуде қоғамдық қатынасты реттеудегі қалдырылған із, яғни жоғарыда көрсетілген үдерістердің ұзақтылығы.

Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары: теологиялық, патриархалдық, келісімдік, күштеу, диалектикалық-материалистік. Оларды салыстырмалы талдау. Құқықтың пайда болуының класстық теориясының біржақтылығы және олардан туындайтын біреудің (қоғамды тапқа бөлу, таптық қайшылықтардың бітімгершілікке келмейтіндігі) абсолюттендірілуі және басқалардың рөлін (әлеуметтік үдерістердің тұрақты күрделенуі, өзекті, өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін барлық адамдардың бірігуі, ымырашылдық (консенсус) іздеу және өзара қабылданатын келіскен шешімге келу) елемеу факторлары.

Құқықтың өмір сүру, қызмет ету және дамуының ұзақтылық сипаты және осыған байланысты олардың кезеңге бөліну қажеттілігі. Кезеңге бөлудегі ғылыми өлшемдер.

Қоғамның құқықтық өмірін кезеңге бөлуге деген хронологиялық көзқарас. Ежелгі әлем, орта ғасыр, жаңа және жаңа заман құқығы. Қоғам дамуындағы өзгерістерге орай құқықтағы өзгерістер.

Құқық типологиясындағы формациялық негіздер. Қоғамдық-экономикалық формация туралы ілімдер және құқық сипаты, анатомиясы және бағыты туралы мәселелерге түсініктеме берген кезде оның жағдайын есепке алу. Құлиеленушілік, феодалдық, буржуйлық, социалистік құқық; олардың ерекшеліктері және өзіне тән белгілері. Құқықтың тарихи типтерінің ауысуы. Бір типтің екінші типке өтудің эволюциялық және революциялық жолдары. Өтпелі қоғамның (транзиттік) құқығы.

Құқық әрекеттенетін өркениет типі бойынша құқық типологиясының өркениеттік негіздерін қолдану қажеттілігінің пайда болуы. Батыстық, мұсылмандық, қытайлық, далалық және т.б. өркениет түрлері және олардың әрекет етуші құқықтың мазмұнына, табиғатына, ықпал ету тиімділігіне және даму бағытына әсері.

Құқық типологиясына деген формациялық және өркениеттік көзқарастарының біржақтылығын жеңудің маңыздылығы және олардың талаптарының органикалық үйлесуі.
Тақырып 4. Құқықтың мәні және әлеуметтік тағайыны
Құқық түсінігіне әртүрлі көзқарастар – табиғиғылымдылық, таптық, тәңірлік пайда болу ұстанымы; оларды бағалау.Құқықты адами құндылықтар ұстанымы жағынан зерттеу және түсіндіру қажеттігі.

Құқық түсінушіліктің қазіргі ғылыми жағдайы. Құқыққа деген қазіргі көзқарастардың қалыптасуына және дамуына құқықтың нормативистік мектебінің, құқық туралы әлеуметтік ілімінің, құқықтың табиғи, психологиялық, тарихи, позитивистік теорияларының және басқа да юридикалық ойлар ағымдарының ықпалы. Құқықты түсіндірудегі юриспруденцияның дәстүрлі көзқарастары (“тар нормативистік”; позитивистік, яғни “құқыққа деген кең көзқарас”, оған құқық нормасынан басқа құқықтық қатынас, субъективтік құқықтарды және заңды міндеттерді де жатқызады) және қарастырып отырған мәселе бойынша қазіргі (құқықтың либертарлық-юридикалық теория) ағымдар ; оларды салыстырып талдау және мәнділігін бағалау.

Қазіргі құқық түсінушілік – саяси-құқықтық ойлардың маңызды жетістігінің көрініс табуы. Құқықтың түп тамыры (генезис) және құқық түсінігін анықтау барысында оның ерекшелігін есепке алу. Құқықтың мазмұндық және мәндік сипаттамасы.

Құқықты бағалау әлемдік өркениеттің ең көрнекті жетістігі ретінде және қоғам алдында тұрған міндетті шешу тиімді құралы ретінде. Құқықты қолдану және пайдалану үдерісінде құқықтың жетістіктері мен кемшіліктерін есепке алу қажеттілігі.

Құқықтың нормативтілігі, оның жалпыға міндеттілігі, формальды анықталғандығы, жүйелілігі, еркіндік сипаты. Мемлекет пен құқықтың үзілмейтін органикалық байланысы. Объективтік құқық және субъективтік құқық, олардың ара қатынасы.

Мемлекеттік-ұйымдасқан қоғамда құқықтың әрекеттенуінің объективтік қажеттілігі. Ф.Энгельс қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде пайда болған жалпы ереже бойынша күннен күнге қайталанатын бөлініс, өндіріс актілері және айырбастауды қамтитын тұтынушылық туралы. Қоғамның өндірістік-экономикалық, саяси-әлеуметтік және рухани өміріндегі құқықтың рөлінің күшін негіздейтін факторлар. Құқық еңбектік, мүліктік, отбасылық және т.б. қатынастарды нормативтік реттеу, мемлекеттік органдардың қызмет тәртібін бекіту, олардың арасындағы міндеттерді бөлу және шектеу, азаматтың құқықтары мен бостандығын қорғау және қамтамасыз ету кепілдігін бекіту, мемлекеттік құрылысқа, тұрғындардың мүддесіне, заңдылыққа, құқықтық тәртіпке бағытталған қауіппен күресу бағытын анықтау құрал ретінде.

Құқықтың реттеуші, қорғаушы, юрисдикциялық, бақылаушы, бағдарлаушы және көтермелеуші қызметтері (функциялары). Құқықтың тәрбиелік және ақпараттық ықпалы. Құқықтағы “міндетті” және “тән” бастамалардың үйлесу диалектикасы. Құқық пен заңды айыру қажеттілігі.

Әлеуметтік мүдде мен тұтынушылықтың құқықпен жанама байланысы. Құқық дамуындағы қайшылықтар және оларды шешу жолдары.

Жаһандандыру кезеңдегі қоғамдық қатынасқа құқықтың реттеуші және басқа да ықпал етуінің мазмұны: бір тұлғаға құқықтық өкім берілуі, келесі тұлғаға міндеттің жүктелу, құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту.

Құқық елдің барлық тұрғындарының (немесе көпшіліктің) мүддесіне, немесе қоғамдағы билеуші жоғарғы топтың, билеуші таптын, әлеуметтің мүддесі үшін әрекет ететін мемлекеттің еркінің көрінісі. Құқықтың әлеуметтік базасының және оның тұғыры аясының баяу кеңейуі – қазіргі құқықтық дамуының бірден бір тенденциясы. Құқықтағы жалпыәлеуметтік және таптық бастамасының үйлесуінің пропорциясындағы өзгеріс: біріншісінің басымдылығы және екіншісінің әлсіреуі. Барлық тұрғындардың немесе олардың көпшілігінің мүддесі және еркі құқықта көрініс табуымен байланысты міндетті шешуде әр елдің прогресивтік күшін жұмылдыру. Жалпы ерік, бұқаралық ерік, қоғамның барлық мүшелерінің еркі: олардың ара қатынасы және тұтасу нысандары. Қоғамда әлеуметтік-арбитраждық қызметті (функция) орындау жолымен келісімге және ымыраға жету, сонымен қоса әлеуметтік, ұлтаралық, дінаралық тұрақтылыққа жету және конфронтация мен дау-дамайдың алдын алу құқықтың мақсаты.

Құқық бостандықтың және әділеттіліктің өлшемі ретінде. Құқықтың басты мақсаты жеке, топтық, таптық, ұлттық және басқа да социумдық мүдделерді қанағаттандыру үшін тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. Құқықтың жалпы мәні мен әлеуметтік айырмашылығының мақсатқа лайықтылығы туралы ғалымдардың пікірлерін (О.Э. Лейст) бағалау.
Тақырып 5. Құқықтың әрекеті, құқықтық ықпал ету және құқықтық реттеу

Қоғамдағы әрекет етуші, қалыптасқан және дамушы әлеуметтік реттеушілердің саналуандығы. Қоғамның әлеуметтік нормаларының жіктелуі, олардың техникалық нормалардан айырмашылығы. Әлеуметтік реттеу жүйесіндегі құқықтың ұлғаю ролі.

Қазіргі кездегі құқықтық нормаларды гуманизациялау проблемалары.

Адамдардың жүріс тұрысын реттеу үдерісіндегі құқықтық, моральдық және адамгершілік нормалардың өзара қатынас нысандары. Моральдық зиян келтірген үшін шығынын сот арқылы төлету құқықтық ұйғарымы. Тұрғындардың адамгершілігін қорғау туралы Қазақстан Республикасы Конституциясында.

Әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің ерекшеліктері оларды құқықтық нормалармен салыстыру; тәжірибеде оларды қолдану аясын шектеу. Құқықтық (мемлекетпен санкцияланған) әдет-ғұрып; әдет-ғұрып құқығы. Кейбір адамдардың жеке құқықтық нормаларды әдеттегідей орындау – оларға әдет-ғұрыптардың ықпал ету нәтижесі ретінде. Реакциялық және консервативтік әдет-ғұрыптар мен құқық арасындағы күрес.

Қоғамдық ұйымдар шығаратын нормалардың реттеушілік рөлі және олардың құқықтық нормалармен ара қатынасы. ҚР Конституциясындағы қоғамдық ұйымдар нормаларынан құқықтан қашықтығы туралы. Саяси партия нормалары және олардың көппартиялық жағдайдағы әрекеттенуі.

Діни нормалар, олардың ерекшеліктері, діннің қайта жаңғыруымен және діни ұйымдардың жандануымен байланысты олардың әрекетінің күшеюі. Осы үдерістердегі құқықтың рөлі. Діни экстремизммен құқық нормаларының күресі.

Қазіргі кездегі құқықтық нормаларды гуманизациялау проблемалары. Құқықтық реттеу мен құұқықтық ықпал етудің арақатынасы.

Құқықтық реттеу механизмі мемлекет үшін тиімді бағытта дамитын қоғамдық қатынасты қамтамасыз ететін бір бірімен өзарабайланысты және өзара әрекеттенетін юридикалық құбылыстар жүйесі ретінде. Құқықтық реттеу және оның қалыптасқан механизмінің құқықтың ақпараттық, тәрбиелік, әлеуметтік-психологиялық ықпал ету және оның қалыптасқан механизмінен айырмашылығы.

Құқықтық реттеудің негізгі элементтері: құқық нормасы, заңды деректер, құқыққолдану актілері, құрамына субъективтік құқық және объективтік міндеттер кіретін құқықтық қатынас, сонымен қоса басқа да құқықты іске асыру актілері. Олардың юридикалық сипаты және бағалануы. Көрсетілген элементтердің әрекеттену кезектілігі, кез келгені осы үдерістің белгілі бір кезеңін басымдылықпен бейнелейді.

Құқықтық реттеудің кейбір сатыларында – саларалық және салалық, шарттық және нормативтік, мейлінше қолайлы режим, әрекетті шектеу режим және т.б. анықталған құқықтық режимдерді бекіту және сақтау. Реттеу үдерісінде құқықтың юридикалық көтермелеу, жеңілдіктер, қолдаулар, сонымен юридикалық қысқартуларды қолдану.

Қоғамдық қатынаста құқықтық реттеу механизмін әрекетінің тиімділігі. Тиісті шараны қабылдауда ұзақ ұстап қалуды, үзілісті болдырмау, тіпті көрсетілген юридикалық себеп салдар мен нәтиженің туындауына толық кедергі тигізбеу. Құқықтық реттеудің барлық салаларының қызмет етуі, ымыраға келуі және үйлесуі – құқық әрекеттенуінің маңызды шарты. Құқықтың қоғамды экономикалық, қаржылық, азық-түліктік тоқырау мен оның салдарынан шығару мүмкіндіктерін пайдалану.


Тақырып 6. Құқықтың қайнар көздері және құқық нормасы

Құқық нормасы адамдардың мінез құлқының жалпы ережесі ретінде, олардың әрекеті мен қылықтарының үлгісі, өлшемі, бағалану масштабы ретінде. Құқық нормасы белгілері – оның жалпыға міндеттілігі, әрекетінің көп қайталанбалылығы, мемлекеттік мәжбүрлеу шарасымен қамтамасыз етілуі, ұсынушы – міндеттеушісипаты. Құқық нормасының жеке құқықтық талаптар мен ұйғарымнан және де ұсыныстан, кеңестен, шақырудан айырмашылығы.

Құқық нормасы құрылымы. Диспозиция құқық нормасының басты құрылымдық бөлігі ретінде және адамдардың әрекеті мен қылықтарын реттеудегі жетекші рөлі. Құқық нормасының гипотеза мен санкциясының қызметтік тағайындалуы. Құқық нормасының диспозиция, гипотеза және санкцияның негізгі түрлері.

Нормативтік құқықтық актілер баптарында құқық нормаларының орналасуының таралған тәсілдері. Құқық нормасының кейбір құрылымдарының орналасу нысаны олардың нақты мазмұнымен сәйкес келмеуінің кездесуі. Құқыққолданушы субъектілердің нормативтік ұйғарымның, кейде оның текстуальдық нысанымен сәйкес келмейтін жағдайда, мағынасын дұрыс құру дағдысы. Нормативтік құқықтық актілер баптарында құқық нормасының тікелей, бланкеттік және сілтемелік орналасу тәсілдері.

Құқық нормасы түрлері. Құқық нормасын жіктеу өлшемдері: заңды күші, адамдардың мінез құлқына ықпал ету тәсілдері (міндеттеу, тыйым салу, рұқсат ету), реттеу пәні мен әдістері, әрекеттену аясы. Императивтік және диспозитивтік нормалардың ерекшеліктері.

Юридикалық және материалдық мағынасында құқық қайнар көздері туралы теоретик-құқықтанушылардың көзқарастарының эволюциясы. Материалдық мағынасындағы (экономикалық және басқа да қоғамдық қатынастар жүйесі; заңға енгізілген мемлекет еркі) құқықтың қайнар көздерінің түрлері. Юридикалық мағынасындағы (құқықтық әдет-ғұрып және әдет-ғұрып құқығы, соттық және әкімшілік прецеденттер және прецеденттік құқық; нормативтік құқықтық актілер; юридикалық доктрина және комментариилер; ішкі мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық – нормативтік мазмұнды шарттар;) құқық қайнар көздерінің түрлері. Осы проблеманы түсіндіру және ашу барысында құқық қайнар көздері түсінігінің көрсетілген екі мағынасының үйлесу қажеттілігі.

Құқық қайнар көздерінің оның нысанымен ара қатынасы. Мемлекеттің құқықтық қызметінің нысандары және оның органдары: құқықшығармашылық, құқыққолданушылық, құқыққорғаушылық. Құқық қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық құрылым нысан ретінде. Заңдар, жарлықтар, декреттер және басқа да нормативтік құқықтық актілер оларда құқық нормасын шоғырландырған нысан ретінде және заңға мемлекет еркін енгізген нысан ретінде.

Құқық қайнар көздері жүйесіндегі нормативтік құқықтық актілердің алатын орны, оларды құқықтық әдет-ғұрыппен, соттық және әкімшілік прецеденттермен, нормативтік мазмұнды шарттармен салыстыру. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі белгілері және олардың қолдану актілерінен және құқыққа түсінік беруден және басқа да жеке құқықтық актілерден айырмашылығы.

Нормативтік құқықтық актілерді әртүрлі өлшемдер (заңды күші бойынша, оларды қабылдаған субъектісі, әрекет ету аясы және қамтылуы және т.б.) бойынша жіктеу. Нормативтік құқықтық актілердің иерархиясы және бағыныштылығы, олардың өзара келісімділігі.

Мемлекеттің құқықтық жүйесіндегі заңның жетекші орны. Заң және құқық: сәйкестілігі және айырмашылығы. Заңның үстемділігі және оған барлық заңға бағынышты актілердің сәйкес келуі. Заңдардың түрлері – негізгі, конституциялық, кодекстер және өтпелі (ағымдағы). Заңнамалық актілер және олардың түрлері.

Заңға бағынышты нормативтік құқықтық актілердің саналуандығы. Парламенттің, Президенттің, Үкіметтің, сот органдарының, министрліктердің, ведомствалардың, маслихаттардың, әкімшіліктердің актілері.

Конституциялық Кеңестің, Орталық басқарудың актілері және олардың ерекшеліктері.

Нормативтік құқықтық актілерді басылымға беру және күшіне енгізу процедурасы. Олардың уақыт бойынша, кеңістікте, адамдар арасында әрекет етуі.

Заңның және басқа да нормативтік құқықтық актілер кері күші. Заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің кері күші болмайтын жағдаяттар.


Тақырып 7. Құқықшығармашылық үдеріс пен құқықты жүйелеудің қазіргі кездегі тәжірибелері

Құқықшығармашылық – құқықты қалыптастыру үдерісінің діңгегі, құқықты құру тәсілі. Құқық сапасы құқықшығармашылық әрекетін өткізу деңгейі және олардың кезектілігін сақтаумен байланысты. Құқықшығармашылық қағидалары: демократизм, заңдылық, кәсібилік, тұрғындардың мүддесін ескеру, нормативтік құқықтық актілер жобасын талқылауға азаматтарды тарту.

Құқықшығармашылық (заңшығармашылық) үдерісінің кезеңдері. Заңнамалық бастама, оның субъектілері, олардың құқықтары мен өкілеттіктері. Заң жобасын әзірлеу, оларды парламентке енгізу және кең талқылау. Заңды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді қабылдау. Оларды жариялау тәртібі. Референдум және плебисцит халықтың тікелей құқықшығармашылық нысаны ретінде; оны өткізу тәртібі мен процедурасын сақтау.

Заңнаманы жүйелеу оның қалыпты күйін қолдау құралы, оның өмірден қалыспауының алдын алу және тәртіпке келтірілген құралы, қоғам дамуының нәтижесінде жетілгентұтынушылыққа сай келтіру құралы ретінде. Заңнама кодификациясы, консолидациясы және инкорпорациясы ерекшеліктері. Кодификация актілері: кодекстер, заңнама негіздері, ережелер, жарғылар. Консолидация актілері: заңдар жинағы. Жинақтар, жаршылар және басқа да инкорпорацияланған заңнамалардың көрініс табу нысандары.

Заңдық (юридикалық) техника және оның заңнаманы жүйелеу мен құқықшығармашылық сапасын қамтамасыз етудегі орны. Заңнаманы жүйелендірумен, аталған шараны өкізу барысында қолданылатын ұғымдар мен түсініктерді біртектендіру туралы талапты сақтаумен байланысты кейбір процедураларды компьютерлендіру. Құқықшығармашылық пен заңнаманы жүйелендіруге деген кешендік көзқарас.
Тақырып 8. Құқықтық қатынастарды зерттеудің әдістемелік мәселелері

Құқықтық қатынас қоғамдық байланыстың юридикалық нысаны ретінде. Экономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани және басқа да қоғамдық қатынастар және олардың құқықтық реттелуі. Құқықтық қатынас құқықтық норма талаптарын жүзеге асыру тәсілдері ретінде. Құқықтық қатынасты субъектілері, объектілері, мазмұны, құқық салалары бойынша жіктеу. Реттеуші және қорғаушы, абсолютті және қатысты құқықтық қатынастар, олрадың айрықша белгілері мен ерекшеліктері.

Құқықтық қатынас субъектілері және олардың жіктелуі. Жеке адамдар (азаматтар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер құқықтық қатынастар субъектілері ретінде. Жеке және заңды тұлғалар. Мемлекет құқықтық қатынастың ерекше субъектісі ретінде. Құқықсубъектілік қоғамдық юридикалық қасиет ретінде, оның сипаты, бағыты және құрылымы. Құқыққабілеттілік, әрекетқабілеттілік, деликтқабілеттілік; оларға сипаттама. Құқықтық мәртебе. Құзырет.

Құқықтық қатынастың юридикалық мазмұны – құқыққа қатысушы тараптардың субъективтік құқықтары мен заңды міндеттері, олардың корреспонденттік байланысы. Субъективтік құқық және заңды міндеттердің мазмұны мен құрылымы.


Тақырып 9. Юридикалық тәжірибе мен юридикалық процесс

Юридикалық тәжірибе әлеуметтік тәжірибенің бір түрі ретінде. Юридикалық тәжірибе және құқықтық ақиқаттылық. Юридикалық тәжірибе құрылымы. Әлеуметтік-құқықтық тәжірибе. Юридикалық әрекеттер. Юридикалық тәжірибенің объектісі. Юридикалық тәжірибе қатысушылары. Юридикалық тәжірибенің Юридикалық тәжірибенің құралдары мен тәсілдері. Юридикалық тәжірибенің нәтижелері. Юридикалық тәжірибенің түрлері. Юридикалық тәжірибенің нысандары. Юридикалық тәжірибеің функциялары. Қазақстандағы юридикалық тәжірибені жетілдіру жолдары.

Юридикалық процестің және мазмұны. Құқықтық процедуралар мен соттық процедуралардың түсінігі. Соттық процедуралардың сатылары. Юридикалық процесс кұқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекеттің кепілі ретінде. Юридикалық процестің салалық түрлерінің мәселелері.
Тақырып 10. Құқықтық іске асыру

Құқықты іске асыру құқықтық талаптарды өмірге әкелуді сипаттайтын, құқықтық реттеу үдерісінің барлығын аяқтайтын кезең ретінде. Құқықты іске асырудың көп түрлілігі. Қарапайым (тікелей) нысандары: құқықты сақтау, орындау, пайдалану. Құқықпен тыйым салынған әрекеттерден ұстану. Құқықты іске асырудың күрделі нысандары: субъективтік құқықты жүзеге асыру және құқықтық қатынас субъектілерінің юридикалық міндеттерін орындау; құқыққа қайшы әрекеттерді бұлтартпау. Құқықты іске асырудың күрделі нысанында заңды және деректі сатыларды айыру. Қолдану кейбір құқықтық нормаларды іске асырудың күрделі нысанының бастапқы сатысы ретінде. Құқықты іске асырушы қызметінің көлемін анықтаған кезде әр құқықтық норма әрекетінің қайталанбалылығын есепке алу және оның сомалық нәтижесі. Құқықты іске асыру мен құқықтық реттеудің ара қатынасы.

Құқықты іске асыруды дұрыс және толық ұйымдастырушы-юридикалық қамтамасыз ету.

Құқық нормасын қолдану – оны іске асырудың бастапқы арнайы нысаны ретінде. Құқыққолдану қызметін барлық нормаларға емес тек кейбір нормаларға қолдану мүмкіндігі. Нақты өмірлік жағдайға құқық нормасын қолданатын субъектілер (мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар, сонымен қоса мемлекеттің өкілі, қоғамдық бірлестіктер); құқық нормасын кейбір азаматтардың қолданбаушылығы. Құқық қолдану қызметін жүзеге асыруда қажеттілік туындайтын оқиғалар.Құқық нормасын қолдану үдерісінің сатылары (норманы қолдануға тиісті оқиғаның деректі жағдайын анықтау, оның юридикалық қасиетін және ақиқаттылығын тексеру, шешім қабылдау және оны құжаттандырып рәсімдендіру). Құқықтық норманы қолдану актілері, олардың түрлері және белгілері. Заңдылықты және негізділігін қамтамасыз ету, оның тиімділігін көтеру.

Құқық нормасына түсінік беру олардың талаптарын және ұйғарымын дұрыс қолдану, орындау, жүзеге асыру алғы шарты ретінде. Құқық нормасына түсінік берудің түрлері: құқық нормасының юридикалық мазмұнын ұғындыру (филологиялық, логикалық, жүйелілік, тарихи-саяси) ретінде; талданатын норманы түсіндіру (ресми және бейресми, нормативтік және казуальдық, аутентикалық; доктринальдық) ретінде, талданатын қызметтің қорытындысын шығару талқылау (сөзбе сөз, таратушы, шектеуші) ретінде.

Құқықтағы ақтандақтар және оның орнын толтыру тәсілдері. Заңдағы ұқсастық және құқықтағы ұқсастығы. Қылмыстық құқықта ұқсастықты қолданбаушылық. Юридикалық коллизиялар.

Құқықты тактлқылау актілері. Құқықты талқылау актілері мен (антерпретациялық актілер) нормативтік құқықтық актілердің арақатынасы. Құқық нормасы, нақтылайтын ережелер, интерпретация. Юридикалық тәжірибе талқылау мен нақтылауға бағытталған актілер.
Тақырып 11. Құқыққа түсінік беру : түсінік беру актілері мәртебесі және жіктеуге қатысты мәселелері

Құқыққа түсінік берудің түсінігі, қажеттілігі және маңыздылығы. Ұғыну мен түсіндіру. Құқыққа түсінік берудің тәсілдері: грамматикалық (лингвистикалық), функционалдық, тарихи, жүйелік, логикалық, теологиялық.

Құқыққа түсінік берудің түрлері. Құқықты талқылау түрлерін жіктеу өлшемдері. Құқықты ресми және бейресми талқылау. Нормативтік құқықтық актілерді талқылауға құқығы бар мемлекеттік органдар. Халықаралық шарттарды талқылау. Құқықты бейресми талқылау түрлерінің құқықтық сананың түрлерімен байланысы. Құқықты нормативтік және казуалды талқылау. Құқықты көлемі бойынша талқылау түрлері.
Тақырып 12. Адамның құқықтық мәні бар жүріс-тұрысы

Адамдардың жүріс-тұрыстарының құқықтық ұйғарымдарына сәйкестенуін қамтамасыз етуі – құқықтық реттеудің ең маңызды міндеті. Құқыққа сай жүріс-тұрыс юридикалық норма ұйғарымдарына жауап беретін және олармен шиеленіске түспейтін жүріс тұрыстар ретінде. Оның мемлекет және оның мүшелері үшін пайдасы. Құқыққа сай әрекеттердің түрлері: бәсең, қарапайым, белсенді. Құқыққа сай жүріс-тұрыстарының құрылымы: объективті және субъективті жақтары, субъекті мен объекті жағдайының ерекшеліктері. Құқыққа сай жүріс-тұрыс ниеттеріне сипаттама: құқықтық ұйғарымды дұрыс түсінуі, заңды жауапкершіліктен қорқу, конформизм және заңды қадірлеушілік, маргинальдық сананың және жеке тұлғаның бет пішінің құрамдасы, адамдардың қимылына және әрекет таңдауға оның әсері.

Құқықтық қатынас нысанын қабылдаған құқыққа сай жүріс-тұрыс, және осындай нысаннан тыс құқыққа сай жүріс-тұрыстар. Құқықтық қатынас құрылымына енген енбегеніне байланысты адамның нақты қимылының сипаты.

Құқықбұзушылық құқыққа қарсы сипатты әлеуметтік жүріс-тұрыстан тысқарланған нысаны ретінде. Құқықбұзушылықтың негізгі белгілері. Құқықбұзушылықтың юридикалық құрамы (субъект, объект, субъективті жағы, объективті жағы). Құқықбұзушылықтағы себп пен салдардың байланысы.

Құқықбұзушылықтың түрлері: қылмыс, әкімшілік және тәртіптік бұзушылық, азаматтық құқықбұзушылық. Құқықбұзушылықтағы себепті байланыс пен зиянның байланысы. Құқықбұзушылықтың түрлері: қылмыс, әкімшілік және тәртіптік қылықтар, азаматтық құқықбұзушылық. Қылмыстың қоғамға қауіпті сипаты; қылмыстық емес құқықбұзушылық зияны дәрежесі.

Қазіргі қоғамдағы қылмыстылық пен құқықбұзушылықтың әлеуметтік табиғаты. Қылмыстылық пен құқықбұзушылықтың экономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани себептері және оларды жеңудегі құқықтың рөлі.



Тақырып 13. Заңды жауапкершілік құқық институты ретінде

Заңды жауапкершілік қылмыспен, қылмыстық емес құқықбұзушылықпен күресу факторы ретінде, олардың алдын-алу және қысқарту. Заңды жауапкершіліктің түсінігі және белгілері. Заңды жауапкершіліктің белгілері және оның мемлекеттік мәжбүрлеу және қоғамдық-моральдық жауапкершілікпен ара қатынасы. Позитивті және ретроспективті жауапкершіліктің тұжырымдары.

Заңды жауапкершіліктің қағидалары мен функциялары. Заңды жауапкершілік түрлерінің жәктелуі.

Қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және тәртіптік жауапкершіліктің ерекшеліктері. Заңды жауапкершілікке тартудың негіздері (құқыққа қайшылық, зиян, кінә және себепті байланыс) және одан босату. Заңды жауапкершілік және құқықтық санкциялар. Кінәсіздік презумпциясы – құқықтық өркениетке қадам басу. Позитивті және ретроспективті жауапкершілік және оның құқықбүзушылықты қысқарту мен еңсерудегі ролі.


Тақырып 14. Қазіргі кезеңдегі құқықтық сана мен құқықтық мәдениет

Құқық пен құқықтық сананың үздіксіз байланысы. Олардың алдында тұрған міндеттерді шешуүдерісіндегі олардың өзара әрекеттенуін негіздейтін факторлар.

Құқықтық сана қоғамдық сананың нысаны ретінде ерекшеліктері. Оның қоғамдық сананың саяси, моральдық, діни және басқа да нысандарынан айырмашылығы. Құқықтық санада қоғамдық үдерістің, соның ішінде құқықтық өмірдің бейнеленуі.

Құқықтық сана құрылымы,құқықтық идеология және әлеуметтік-құқықтық психология белгілері. Олардың әлеуметтік болмыста бейнелену тереңдігі және сипаты бойынша өзара айырмашылығы, құрылымдық бөліктері мен құрамдас элементтерінің ара қатынасы.

Қоғамдық, таптық, топтық және индивидуальдық құқықтық сана. Теориялық және күнделікті құқықтық сана. Заңгерлердің кәсіби құқықтық санасы. Олардың бір біріне әсер етуі, олардың өзара қайшылық туындау мүмкіндігі.

Құқықшығармашылық, құқыққолданушылық және құқыққорғаушылық қызметтер күйіне және барысына құқықтық сананың ықпалы және құқықтық сананың қалыптасуы мен дамуына құқықтың керісінше ықпалы.

Құқықтық мәдениет – ерекше құбылысқа өмір беруші құқық пен мәдениетті сомдау (синтез). Құқықтық мәдениеттің саяси, адамгершілік, эстетикалық, мәдени қарым қатынаспен байланысы. Олардың бір біріне әсері. Құқықтық мәдениет құрылымы: қоғамның, социумның, жеке адамдардың құқықтық мәдениеті. Заңгерлердің құқықтық мәдениеті және тұрғындардың құқықтық жалпы оқыту мәселесін шешудегі олардың алатын орны. Құқықтық мәдениет қызметтері (функциялары): реттеуші, танымдық, бағалаушы, болжаушы және олардың құқықтық қызметтенуіне және дамуына әсері. Құқықтық мәдениет деңгейіне және құқықтың тиімділігіне кері әсерін тигізетін факторлар; сондай факторлардың ішінде құқық нигилизмінің алатын орны. Құқықтық нигилизмнің белгілері: құқыққа және заңға деген немқұрайлық қатынас, оларды сыйламаушылық, заңдылық пен мақсатқа лайықтылықты қарсы қою, тұлғаның заңды мүддесін елемеу және т.б.. Посттоталитарлық қоғамдағы құқықтық нигилизмнің әлеуметтік және рухани себептері және оларды жою жолдары. Тұрғындардың құқықтық мәдениетін көтеру – құқықтың алдына қойылған мақсаты мен міндетін табысты шешудің алғы шарты.
Тақырып 15. Қазіргі кездегі құқықтық жүйелерді жіктеудің мәселелері

Қоғамның құқықтық жүйесі және оның элементтері. Рене Давид “құқықтық отбасы” және қазіргі құқықтық жүйелер туралы. Құқықтық жүйеге және құқықтық отбасына тән юридикалық белгілер жиынтығы. Континентальдық, англосаксондық, социалистік және дәстүрлі діни құқықтық жүйелерге сипаттама. Аралық құқықтық жүйелер (латынамерикандық, қиыр шығыс, скандинавиялық, иудейстік және т.б.). Олардың айрықша белгілері, артықшылықтары мен әлсіз және босаң қасиеттері мен белгілері.

Унификациялық және интеграциялық үдерістер. Қазақстан құқығын континентальдық құқықт ық жүйеге жатқызу.

Тақырып 16. Құқық жүйесін зерттеудің әдістемелік мәселелері

Құқықтық нормаларды құқық саласына, бағынышты салаға, институттарға және субинституттарға жатқызудың негіздері. Құқықтық реттеудің пәні мен әдісі және қоғамның өмірсүру аясына сай құқықтың жанасуымен мемлекет мүдделілігі сияқты тұғырын қалаушы белгілер арқылы құқық жүйесін кұрастыру. Құқық жүйесін құру және дамытудағы аталған қағидалардың рөлі. Құқық саласына, бағынышты саласына, институттарына, субинституттарына жалпы сипаттама. Құқықтың материалдық және іс жүргізу салалары. Бұқаралық және жеке құқық. Ұлттық (мемлекеттік ішкі) құқық жүйесі және оның халықаралық құқықпен ара қатынасы. Халықаралық құқықтың ұлттық құқық актілердің алдындағы басымдылығының баяу бекітілуі.

Заңнамалық жүйе түсінігі және оның құқық жүйесінен айырмашылығы. Заңнаманың кешендік саласы. Заңнама жүйесі мен құқық жүйесінің динамизмдік темп айырмашылығы. Заңнаманың салаларға, бағынышты салаға және институттарғажіктеуі және оларға жалпы сипаттама.
Тақырып 17. Құқық теориясындағы заңдылық пен құқықтық тәртіп

Заңдылық елдегі қоғамдық қатынастардың барлық субъектілерінің заңдарды және нормативтік құқықтық қатынастарды орындауын сипаттайтын, қоғам мен мемлекеттің өмір сүру құқықтық режимі ретінде. Заңдылықтың нормативтік негізі – қоғамдық өмірге қатысушыларға бағытталған, құқықтық ұйғарым жүйесі. Заңдылық, демократия және тәртіп. Заңдылықтың юридикалық кепілі. Заңдылық, мақсаттылық, әділеттілік. Конституциялық заңдылық – елдегі барлық заңдылық пен құқықтық тәртіп өзегі. Заңдылық қағидалары: заңдылық бірлестігі, нормативтік құқықтық актілердің иерархиясын сақтау міндетті, заңдылықты күнделікті бақылау, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдармен лауазымды тұлғалардың заңдылықты бұзуы – заңдылықты бұзудың ең ауыр түрі ретінде. Қоғамға жайылған және тәлкекке айналған заңдылықтың бұзылуының нысандары; оларға жол бермеу.

Құқықтық нормаларды іске асыру нәтижесінде қалыптасқан қоғамдағы тәртіп, құқықтық тәртіп ретінде, заңдылықтың талаптарын жүзеге асырудың логикалық салдары. Құқықтық тәртіп және қоғамдық тәртіп. Құқықтық тәртіп жүзеге асырылған құқық ретінде, құқықтық қатынастың заңды мазмұны және құқықты іске асырудың басқа нысандары арқылы өмірге енуі ретінде.

Заңдылықты және құқықтық тәртіпті сақтау қазіргі таңдағы қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамысының объективті талабы ретінде.


Тақырып 18. Құқықтағы ынталандырулар мен шектеулердің мәселелері

Құқықтағы ынталандырулар мен шектеулер мемлекет функцияларын жүзеге асыру әдістерінің көрінісі ретінде – сендіру мен мәжбүрлеу.

Құқықтық ынталандырудың түсі және нігі. Марапаттау және артықшылықтар. Жағымды санкция. Құқықтық ынталандыру түрлері.

Құқықтық шектеулер. Жаза және дискриминация. Құқықтағы шектеулер түрлері.

Қазақстан Республикасы заңнамасындағы құқықтық ынталандырулар мен шектеулер.
Тақырып 19. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптастырудағы мәселелер

Қазіргі замандағы саяси-құқықтық дамуының тенденциясының бірі ретінде жеке тұлғаның басымдылығының баяу бекуі. Қазіргі мемлекеттің қызметін бағалаудағы “адами өлшем” факторы және оның күшейе түсу рөлі.

Азаматтылық институтының және осымен реттелетін қатынастардың демократиялануы. Азаматтың құқықтары мен бостандықтары түсінігі, олардың адам құқықтары мен бостандықтары арақатынасы. Мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі туралы мәселесін шешу барысында жеке тұлғаның мәртебесін қысқарту.

Тұлғаның құқықтары мен бостандықтары созылмалы бұзылған жағдайда, оның әлеуметтік және заңды қорғалуының жариялануы. Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын сақтауда және олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын жедел жоюдағы халықаралық құқықтың жағымды жақтаушы рөлі. Адамның құқықтары туралы Жалпы декларациясы және азаматтық, саяси, экономикалық және мәдени құқықтары туралы Халықаралық пакт нормалары мен қағидаларының кейбір елдердің ұлттық заңнамасына сіңісуі.

Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам – адамзаттық даму келешегі, оның өмірлік маңызды шарттары жиынтығынан туындайтын объективті қажеттілігі көрінісі. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамасы: оның мақсаты, міндеттері, қызметтері, әлеуметтік тағайындалуы. Құқықтық мемлекеттің экономикалық, саяси және адамгершілік тұғыр, оның этатистік мемлекеттен айырмашылығы. Құқық үстемділігі құқықтық мемлекеттің тұғырын қалаушы белгісі ретінде. Адам құқығын қамтамасыз ету, кепілдендіру, олардың тиімді және сенімді қорғалуы – құқықтық мемлекеттегі саяси режимнің қасиеті ретінде. Құқықтық мемлекеттің басқа да қасиеттері мен белгілері: құқық пен заңның сәйкесуі құқықтық мемлекеттің нормативтік жүйесі ерекшелігі ретінде, заңдылық пен әділеттілік қағидаларын қатаң сақтау, құқыққорғау және құқыққолдану қызметінің жоғарғы сапасы, жемқорлықтан бос әділ соттың болуы, салмақтылық және қарама-қайшылық механизмін қолдануда тірек болатын билікті бөлісу қағидасын бекіту, және т.б.

Құқықтық мемлекеттің қалытасуы мен дамуына әлеуметтік-экономикалық базис болып табылатын, азаматтық қоғамның қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету.

Азаматтық қоғамның институттар жүйесі жәрдемімен мемлекеттің және оның органдарының (партиялар, қоғамдық ұйымдар, тәуелсіз баспалар, қоғамдық пікір) қысымына қарсы тұру мүмкіндігі.

Қазақстанда құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам қалыптасу жолдары. Осы үдерістегі құқықтың өрлеуші рөлі.



Негізгі әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданган. 1998 жылдың 07 қазанында №284 жэне 2007 жылгы 21 мамыр №254-111 Қазақстан Республикасының Зандарымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларымен. – Алматы, 2015.

2. Нормативтік құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасы Заңы. 1998 жыл 24 наурыз.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылгы 24 тамыздагы №858 Жарлыгымен бектітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылга дейінгі кезеңге арналган Құқыктық саясат тұжырымдамасы.


Ғылыми әдебиеттер

1. Алексеев С.С. Восхождение к праву. Поиски и решения. 2-е издание, перераб. и дополн. - М., 2002.

2. Баймаханов М.Т. Избранные труды по теории государства и права. - Алматы, АЮ- ВШП «Әділет», 2003.

3. Венгеров А.Б. Теория государства и права. - М., 2004.

4. Қазақстан Республикасы мемлекеті мен кұқыгының негіздері. Екі кітап. - Алматы, 2009.

5. Керимов Д.А. Методология права. Предмет, функции, проблемы философии права. - М., Аванта+, 2000.

6. Котов А. и др. Действующее право как система и толкование его норм. Учеб. пособие. - Алматы, 1999.

7. Кудрявцев В.Н. Причины правонарушений. - М., Наука, 1976.

8. Лейст О.Э. Сущность права. Проблемы теории и философии права. - М., Зерцало. 2002.

9. Ллойд Денис. Идея права. Перевод с английского. - М., Югона, 2002.

10. Лукашева Е.А. Право, мораль, личность. - М.: Наука, 1986.

11. Мальцев Г.В. Понимание права. Подходы и проблемы. - М.: Прометей, 1999.

12. Матюхин А.А. Государство в сфере права: институциональный подход. - Алматы, ВШП «Әділет», 2000.

13. Матузов Н.И. и др. Теория государства и права. - М., 2001.

14. Нерсесянц В.С. Философия права. Учебник. - М. 2000.

15. Общая теория государства и права. Академический курс в 3-х томах. / Ответ, редактор М.Н. Марченко. - М., Зсрцало. том 1, 2002; том 2, 2002; том 3, 2002.

16. Общая теория прав человека / Под ред. Е.А. Лукашевой. - М., НОРМА, 1996.

17. Поляков А.В. Общая теория права: проблемы интерпретации в контексте коммуникативного подхода. Издательский дом Санкт-Петербургского государственного университета. - СПб.: 2004.

18. Сабикенов С.Н. Право и социальные интересы. - Алма-Ата: Наука, 1986.

19. Сапаргалиев Г., Мухамеджанов Э., Жанузакова Л., Сакиева Р. Правовые вопросы унитаризма в Республике Казахстан. – Алматы: Жеті Жарғы, 2000.

20. Сартаев С.С. Некоторые вопросы истории и теории правового государства // Известия АН Каз.ССР. Серия общественных наук, 1989, № 5.

21. Сырых В.М. Логические основания общей теории права. – М., 2004.

22. Ткаченко Ю.Г. Методологические вопросы теории правоотношений. - М.: Юридическая литература, 1980.
Қосымша әдебиеттер

1. Агдарбеков Т. Мемлекет жэне құқық теориясы. Оқулық. - Алматы, 2003.

2. Абайдельдинов Е.М., Соотношение международного и национального права Республики Казахстан (проблемы становления приоритетности). - Алматы, Қазақ университеті, 2002.

3. Алимжан К. Вопросы теории обычного права. - Алматы, 2003.

4. Абдрасулов Е.Б. Толкование закона и норм Конституции: теория, опыт, процедуры. - Алматы, 2002.

5. Абдрасулов Е.Б. Судебное толкование нормы законодательства в современных правовых системах. - Алматы, 2004.

6. Бабаев В.К. Теория государства и права. - М., 2004.

7. Баймаханов М.Т., Вайсберг Л.М. и др. Взаимодействие правового сознания с моралью и нравственностью в обществе переходного периода. - Алматы: Жеті Жаргы, 1995.

8. Жоламан К.Д., Мұқтарова, Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. - Алматы, 1998.

9. Зинченко С.А. Юридические факты в механизме правового регулирования. – М., 2007.

10. Ибраева А.С. Правовая культура: проблемы теории и практики. - Алматы, 2002.

11. Табанов С.А. Совершенствование законодательства: теория и опыт Республики Казахстан. – Алматы: Жеті Жаргы, 1999.



12. Хропанюк В.Н. Теория государства и права. Учебник. – М., 2008.

13. Шайкенов Н.А. Правовое обеспечение интересов личности. – Свердловск, 1991.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет