Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу факультетінің курсанты: Нурсапаев Думан Сабетбайұлы Мамандығы: 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»



бет1/5
Дата21.01.2017
өлшемі0.93 Mb.
#2358
түріДиплом
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің

Көкшетау техникалық институты

Күндізгі оқу факультеті.

Өрттің алдын алу кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

ӨАА кафедрасының бастығы

ө.қ.қ полковнигі

______________ Қ.К Карменов



ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)
Күндізгі оқу факультетінің курсанты: Нурсапаев Думан Сабетбайұлы
Мамандығы: 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»
Тақырып: Полимерлі құрылыс материалдарының өрт қауіптілік дәрежесін зерттеу
Диплом жазушы: __________ Д.С Нурсапаев

Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі

АҚ «ӨҚ және АҚ ҒЗО» т.ғ.к Б.К Стырон

Көкшетау 2015



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар комитеті

«Көкшетау техникалық институты»ММ

Өрттің алдын-алу кафедрасы

Тапсырма

5В100100 «Өртке қарсы қызмет»

Мамандығы бойынша диплом жұмыс жазуға

1.Жұмыс тақырыбы «Полимерлі құрылыс материалының өрт қауіптілік дәрежесін зерттеу».

2014 жылдың «10» қыркүйектегі №157 институт бұйрымен бекітілген.

2.Аяқталған жұмысты өткізу мерзімі «16» 05 2015 жыл.

3.Жұмысқа бастапқы деректер Полимерлі құрылыс материалдары туралы ақпатат көздері.

4.Қысқыша мазмұндама немесе сұрақтарды қарастыруға және бөлімдерді орындауға бөлінген мерзімі:

п/п


Бөлімдердің атауы

Орындау уақыты

1.

Кіріспе

16.02.2015ж.

2.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі мен, мақсаты мен міндетін қарастыру

20.02.2015ж.

3.

Қазіргі заманғы құрылыс материалдарын пайдалану туралы әдебиеттерге шолу:

-полимерлі құрылыс материалдарын көп пайдаланатын нысандардағы өрттің жану процесі.

-құрылыс материалдарының өрт қауіптілігі үшін қойылатын жалпы талаптар.

-Қазақстандағы құрылыс материалдарын өрт қауіптілігінің ғылыми-зеттеу практикасы.



27.02.2015ж.

4.

Құрылыс материалдарының өрт қауіпсіздік көрсеткіштері, әлемде пайдаланылатын зерттеулер әдістері.

16.03.2015ж.

5.

ҚР номативтік құжаты құрамында полимердің қосындысы бар құрылыс материалдарын өрт қауіптілігі:

- жанғыштығы

- тұтануы

- жалыннын еден беті арқылы оттың таралуы



31.03.2015ж.

6.

Түрлі ғимараттар құрылысында полимерлі әрлеу материалдарын пайдалану бойынша ұсыныстар.

10.04.2015ж.

7.

Пайдаланылған әдебиеттер

16.04.2015ж.

8.

Диплом алды қорғау

24.04.2015ж.

5.Тапсырма берілген күн «__»_______________________2015жыл

6.Бекітемін ( Каф. Бастығы) ________________________К.Карменов
7.Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі

АҚ «ӨҚ және АҚ ҒЗО» т.ғ.к Стырон Б.К

Тапсырманы орындауға қабылдады

курсант Нурсапаев Д.С



Мазмұны





Кіріспе

5




Тарау 1. Талдамалық бөлім

8

1.1

Ақпараттық талдау

8

1.2

Полимерлі құрылыс материалдың жануы кезіндегі өрттің таралуы ерекшелігі

18

1.3

Полимерлі құрылыс материалдарының өрт қауіпін төмендету тәсілдері

20

1.4

Жанудың улы өнімдерінің адам ағзасына әсері

22

1.5

Жанудың, тұтанудың физико-химиялық ерекшеліктері, өрт жағдайында полимерлі материалдардың бетінде оттың жайылуы.

25




Тарау 2. Экспериментальдік бөлім

30

2.1

Өрт қаупі бар құрылыс материалдарының әдістемелік мәселелері

30

2.2

Полимерлі материалдың өрт қауіпсіздігін бағалау мәселесінің жағдайы

30

2.3

Полимерлі материалдардың жанғыштығын эксперименттік анықтау ерекшеліктері

32

2.4

Жабылғы жабындының бетімен жалынның таралуын тәжірибелік әдіс арқылы анықтау

41

2.5

Жабылғы жабындының бетімен жалынның таралуын тәжірибелік әдіс арқылы анықтау

47

2.6

Қиғаш бетте алаудың таралу мүмкіндік әдісін анықтауды экспериментті жетілдіру

53




Қорытынды

57



Кіріспе

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты - мемлекеттің әлеуметтік-кәсіптік мәселелерін өз бетінше тұжырымдай отырып, іс жүзінде шеше алатын, жоғары білімді әрі бәсекеге түсуге қабілетті шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға неғұрлым қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Өйткені, ол экономика, техника, ғылым, саясат және жалпы қоғам дамуының шешуші күшіне айналуда. Қазіргі кезеңдегі білім беру үдерісіне ғылыми-зерттеу қызметін енгізудің, сонымен қатар білім алушылардың ғылыми-зерттеу мәдениетін дамытудың негізгі ерекшелігі оның қолданбалы бағыттылығын, пәнаралық байланыстарды сәйкестендіретін оқудың мазмұны мен мақсатын нақты көрсететін жолдарын іздестіру болып табылады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында ғылымның барлық саласында білім мазмұны мен көлемі қаурыт өсіп отырған қазіргі әлемдік жаһандану кезінде осы мақсат өздігінен оқу, іс-әрекетін тиімді ұйымдастыруға да тікелей байланысты деп атап көрсетілген. Осыдан келіп, курсанттардың өздігінен оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады.

Бүгінгі білім беруді модернизациялау кезінде білім алушылардың оқу қызметі көбіне зерттеушілік қызметке айналуда. Сондықтан қазіргі таңда оқу үдерісіне, курсанттардың ғылыми – зерттеушілік және эксперименталдық конструкторлық қызметін өндіру ерекше мәнге ие болып отыр. Тәжірибелі талдау нәтижелері көрсетіп отырғандай, бәсекеге қабілетті маман зерттеушілік қызмет пен дағдыны меңгеруі тиіс. Зерттеушілік принципті қолдану курсанттардың танымдық қабілеттерін дамытады, білім алушылардың белсенділігін және өз бетінше жұмыс жасау қабілеттілігін арттыруға, сонымен қатар танымдық қызметтің әдіс-тәсілдерін игеруге, қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.

Қазақстандағы саяси-әлеуметтік және экономикалық даму жоғары білім беру жүйесін жаңартуды, яғни бәсекелестікке қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын кәсіби мамандар дайындауды талап етуде. Бүгінгі күні адамзаттың шығармашылық әрекетінің нәтижесін тиімді пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогресті одан әрі дамытуға болатындығы белгілі болып отыр. Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту жолында көптеген істер атқарылуда. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дамуына Қазақстан Республикасының аумақтық, жергілікті, климаттық табиғи факторларының әсері зор. Табиғи климаттық факторлардың әсерінен табиғи немесе техногендік Төтенше жағдай орын алуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіреспублика бойынша орын алған Төтенше жағдайлардың алдын-алу және жоюмен айналысады.

Соңғы жылдары полимерлі құрылыс материалдарының құрылыста өзіндік сипаттылығының ыңғайлығына сәйкес кең қолданылуы дәстірлі құрылыс материалдарына қарағанда тиімді және ыңғайлы болып табылады. Полимерлі құралылыс материалды ғимараттар мен имараттардың тез салуына көмектеседі. Ғимараттың салмағын азайтуға, қаптаумен әрлеу материалдарының сапасын жақсарту, құрылыс материалдарының жеңілдігі мен ыңғайлы тасымалдануы еңбек шығынын азайтуы экономикалық техникалық жағынан тиімді болып табылады. Полимерлі материалдарының құрылыста қолданылуы оның тығыздығының аздығы, қаттылығы мен беріктілігі, төменгі жылу өткізгіштік, химиялық беріктілігі жақсы болғасын қолданылады. Полимерлі материал өзінің пресстеуге, басқада қоспалар қосуға механикалық және автоматикалық өндірісінде оңайлығы бағасының төмендігі, құрылыста полимерлі құрылыс материалдарын көп пайдалануда.

Қазақстанның құрылыс секторында тұрғын үй секторыны құрылысының қарқынды өсуі байқалады, жаңа тұрғызылған ғимараттар 97% құрайды. Жылжымайтын мүлік секторының, құрылыс және тұрғын үй индустриясының реструктуризация есебінен кеңеюі, құрылыс материалдарына сұраныстың көбеюі мен сапасын бақылауды арттыруға алып келді. Қазіргі танда құрылыс нарығы Қазақстан мемлекетіндегі болып жатқан дағдарысқа қарамастан өз дамуын тоқтатпады және де қазіргі заманғы инновациялық технолгияларды игеріп өз тұтынушыларына жаңа өнімдерді ұсынуда. Бірақ құрылыс нарығы әлде де жақсы дамымаған, шет елдерден тасымалданатын материалдардың көп бөлігі халықаралық стандартқа сәйкес келмейді.

Қазіргі заманғы құрылыс материалдары атап айтқанда жекелік және қапталатын полимерлі материал болып табылады. Құрамында органикалық заттардың көп болуы, олардың өртке бейім екендігін көрсетеді.

Өрт туындаған жағдайда адамдардың ғимараттан қауіпсіз эвакуациялануы және де өртті дер кезінде ешбір шығынсыз өшіру , құрылыста қолданылатын полимерлі материалдарға өрт қауіпсіздігі жайлы дұрыс баға беруге байланысты. Қазіргі танда әрбір дамыған мемлекетте өздерінің құрылыс материалдарын сынау стандарты бар.

Өзекті мәселелер бірі болып құрылыс саласында полимерлі материалдарға сұраныстың артуы, өрт сынау тәжірбиелерінің олардың эксплуатация ерекшеліктерін ескере отырып, стандарттық системасын жасауға қажеттілігін тудырады. Бұл системаның негізгі жұмысы нормалық көрсеткіштердің сандық бағасын қамтамасыз етеді.

Қазіргі нормативті және методологиялық база полимерлі материалдардың әртүрлі топтарының қасиеттерін бірден бағалауға мүмкіндік бермейді, сондықтан да сынаулардаң қосымша есептері мен нәтижелері қажет. Нақты өртке жақын жағдайындағы полимерлік материалдар зерттеулері өзекті болып табылады, сондықтан өртке қарсы нормалау және олардың құрылыста қолданылуын жақсарту ұсыныстарын әзірлеу. Отандық және шетелдік нормативтік құжаттарды талдау негізінде полимерлік материалдардың өрт қауіпсіздігін анықтау объективтілігін арттыру үшін, өрт сынақтарының қолданыстағы методикасын және оларды жақсарту ұсынылды.

Заманауи полимерлік материалдардың өртке қауіпті бағасын оның жанулығымен, өрттен туындайтын сыртқы факторлардың әсерінен, модельдеуге мүмкіндік беретін эксперименттік қондырғылар негізінде жалынның таралу жылдамдылығымен, тұтанғыш көрсеткіштерін анықтау осы әдістермен қамтамасыз етіледі.

1-тарау. Талдамалық бөлім
1.1 Полимерлі материалдардың жалпы ұғымы.

Heгізгі құрамын (матрицасын) жоғары молекулалық косылыстар немесе полимерлер құрайтын бip немесе көп компонентті жүйелерді полимерлі материалдар деп атайды. Полимерлі материалдардың құрамы әр түрлі болады: жекеленген полимерлермен қатар өте күрделі жүйелер де болады. Олардың құрамында материалдың технологиялық және тасымалдау қасиеттерін реттейтін әр түрлі компоненттер болады. Мұндай компоненттер ретінде химиялық инертті немесе активті заттар: еріткіштер, пластификаторлар, коюлатқыштар, бояулар, антипирендер, антиоксиданттар, жылу- және жарық тұрақтандырғыштар, антирадалар, құрылым- және кеуек-түзгіштер қолданылады.

Дәстүрлі материалдардан (металдар, керамика, ағаш) артықшылығы, полимерлі материалдардың құрамын, құрылымы және қасиеттерін реттеудің үлкен мүмкіндіктері бар. Осыған байланысты полимерлі материалдың қолданудың аймағы өте кең - оларды химиялық талшықтардан бастап қатты ракеталық отын ретінде қолданылады.

Полимерлі материалдардың ерекше қасиеттері:



  1. Тығыздығы төмен, беріктілік көрсеткіштері жоғары материал.

  2. агрессиялық ортаға, атмосфералық және радиациялық әсерлерге төзімді;

  3. радио- және электротехникалық касиеттері жоғары, сонымен бipre диэлектрлік көрсеткіштері температура мен электр өрісінің жиілігіне аз тәуелді;

  4. арнайы оптикалық қасиеттерге ие: толқын ұзындықтарының кең аймағында жарық, сонымен бipгe ультракүлгін сәулесін өткізу қасиеті (Мысалы, полиметилметакрилат 70% пайыз өткізетін болса, силикат шынысы небәрі 1-3% өткізеді).

  5. физика-механикалық қасиеттерінің кеңдігі (каттыдан серпімді резеңке тектес материалдарға дейін) және бip материалда карама-қарсы касиеттерді біріктіру, мысалы қаттылық пен иілгіштік («брондалған» полимерлер).

Палимерлі материалдардың кемшіліктері:

  • жылуға төзімділіктері төмен (фторопластар мен кремнийорганикальқ полимерлерден басқаларында бұл қасиет 120 °С-дан төмен);

  • каттылығы төмен (6-60 кг/мм2 );

• жоғары жылулық кеңею;

  • жылу өткізуді қиындататын төмен жылу өткізгіштік (металдардың жылу өткізгіштігінен 500-600 есе төмен);

  • биологиялық ыдырауға ұшырамайтындығына байланысты экологиялық мәселелерді шешу кажет.

Палимерлі материалдардың қолдануы және арналуы бойынша жіктелуі.

Палимерлі материалдың классификациясы. Полимерлі материалдардың қолданылуы және арналу аймағына, полимерлі фазасының табиғатының, оларды ендіру және өңдеу барысында жүретін физикалық және химиялық түрленулерге байланысты классификациялайды.

Қолданылу және арналуына қарай полимерлі материалдар:


  • Пластикалық массалар (пластиктер) және композиттерге;

  • Эластомерлер (каучуктер мен резиналар);

  • Химиялық талшықтар мен қабыршықтар;

  • Полимерлі қаптағыштар, желімдер мен герметиктерге бөлінеді. Арналуына байланысты оларды жалпы қолдануға және функционалды (фрикционды, жылу- және электроизоляциялайтын, электрөткізетін, коррозияға қарсы және т.б.) деп бөледі.

Полимерлі фазаның (матрицаның) табиғатына карай:

  • Табиғи

  • Химиялық (жасанды және синтетикалық) деп бөледі.

Өндіру және бұйымға өңдеу барысында полимерлі фазада жүретін өзгерудің түрленудің сипатына қарай полимерлі материалдар:

  • Термопластикалық;

  • Термореактивті деп белінеді.

Полимерлер (жоғары молекулалық қосылыстар – ЖМҚ) пластикалық массалардың негiзгi құрам бөлігі болып табылады, олар басқа компоненттердi бiртұтас етіп бiрiктіріп, материалға қажеттi қасиеттер бередi. Яғни, полимерлік заттар – байланыстырушылар болып табылады. Пластикалық массаның құрамына толықтырғыштар, пластификаторлар, тұрақтандырғыштар, қатайтқыштар, майлаушы заттар, бояғыштар, кеуек түзушілер және басқа қоспалар кiредi.

Толықтырғыштар – қатайтқан кезде полимердiң көп отырмауына себепшi болып, әртүрлi ортаның әсерiне тұрақтылығын арттырып, полимерлік композиттік материалдардың механикалық қасиеттерiн жақсартатын және де полимерлiк материалдардың құнын төмендететін заттар.

Толықтырғыштар өзiнің табиғатына қарай төмендегідей бөлiнедi:

1) органикалық дисперстi толықтырғыштар – техникалық көмiртек, ағаш ұнтағы;

2) органикалық талшықты толықтырғыштар – мақта линті, целлюлоза, гипон, тоқыма қиындылары, қағаз, мақта маталары, көмiртек маталары;

3) бейорганикалық талшықты толықтырғыштар – асбест, шыны талшықтар және т.б.

Пластификаторлар – полимерлерге эластикалық, аязға төзімділік, отқа төзімділік, ультракүлгiн сәулелердiң әсерiне тұрақтылық беретiн заттар. Полимерлердiң бұл қасиеттерi, оларды өңдегенде үлкен температура аралығында сақталады. Оларға әртүрлi қышқылдардың күрделi эфирлерi дибутилфталат, трикрезолфосфат, төмен молекулалық полиэфирлер және басқалар жатады.

Тұрақтандырғыштар (стабилизаторлар) – пластмассаларды қайтадан өңдеу және пайдалану кезінде қасиеттерiнiң ұзақ сақталуына себепшi болатын заттар, яғни олар полимерлердің жылудың, жарықтың, ауадағы оттектің әсерiне тұрақтылығын арттырады. Оларға термототығып, деструкциялану үрдісін болдырмайын антиоксиданттар, фотолиз бен фотототығуға қарсы қолданылатын тұрақтандырғыштар жатады.

Қатайтқыштар – полимерге үш өлшемді құрылым берiп, термотұрақтылығын арттыратын заттар.

Майлаушы заттар – материалдарды дайындағанда және бұйымдар жасау үшін, қайта өңдегенде олардың жабдықтарға жабыспауын қамтамасыз етедi, оған стеарин, олеин қышқылдары жатады.

Бояғыштар мен пигменттер – түсті пластмассалар алу үшін полимерге қосылатын заттар. Кеуек түзушiлер мен көбiктендіретін агенттер қыздырғанда газ тәрiздес заттар бөлу арқылы ыдырайтын қосылыстар. Оларды газбен толтырылған пластмассалар (кеуектi пластар мен көбікті пластар) өндірісінде пайдаланды.

Полимерлі материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Полимерлі материалдардың ерекше қасиеттері



  • Тығыздығы төмен, беріктілік көрсеткіштері жоғары материал.

  • агрессиялық ортаға, атмосфералық және радиациялық әсерлерге төзімді.

  • радио- және электротехникалық қасиеттері жоғары, сонымен бірге диэлектрлік көрсекіштері температура мен электр өрісінің жиілігіне аз тәуелді.

  • фрикциалық және антифрикциалық қасиеттерінің диапазоны өте кең.

  • арнайы оптикалық қасиеттерге ие: толқын ұзындықтарының кең диапазонында жарық, сонымен бірге ультракүлгін сәулесін өткізу қасиеті (Мысалы, полиметилметакрилат 70% пайыз өткізетін болса, силикат шынысы небәрі 1-3% өткізеді).

  • физика-механикалық қасиеттерінің кеңдігі (қаттыдан серпімді резеңке тектес материалдарға дейін) және бір материалда қарама-қарсы қасиеттерді біріктіру, мысалы қаттылық пен иілгіштікті («брондалған» полимерлер).

ПМ кемшіліктері:

  • жылуға төзімділіктері төмен (фторопластар мен кремнийорганикалық полимерлерден басқаларында бұл қасиет 120 С-дан төмен);

  • қаттылығы төмен (6-60 кг/мм2);

  • жорғалау және кернеу релаксациясы;

  • жоғары жылулық кеңею;

  • жылу өткізуді қиындататын төмен жылуөткізгіштік (металдардың жылуөткізгіштігінен 500-600 есе төмен);

  • биологиялық ыдырауға ұшырамайтындығына байланысты экологиялық мәселелерді шешу қажет.

Полимерлі материалдардың қолдану аясы. Полимерлі материалдарды жай органикалық қосылыстар – мономерлерлен өндіреді, ал оларды қазба көмірлер, мұнай, газ, ауа және әк сияқты кең таралған және арзан шикізаттардан алуға болады.

өзіндік құнының арзан болуына, дайын өнім өндірісінде еңбек күшінің үнемделуіне және оларды қолданудың тиімділігіне байланысты халық шаруашылығының барлық салалары полимерлі материалды тұтынушылары болып табылады.



жалпы машина жасау (құрылымның үлкен габаритті элементтері, түтіктер, құбырлар, подшипниктер, тежегіштер, электроизоляциялық детальдар);

авиажасау (ұшу қондырғыларының күштік элементтері, жылуқорғағыш жабқыштар, жанармай бактары, шынылану элементтері, дыбыс- және жылусіңіретін панельдер, амортизаторлар, шиналар, тігіс герметиктері, желімдер мен бояу-сыр материалдар);

автомобильжасау (кузовтар мен кабиналар, дыбыс- және жылуизоляциялайтын және декоративті детальдар, шынылану және жарықтандырғыш детальдар, шиналар, жанармай беру жүйесіндегі және тежегіш жүйесіндегі сіңіретін панельдер );

электротехника мен радиотехника (электр машиналарын, аппараттар мен кабельдік бұйымдарды, соынмен бірге электрдвигательдер мен генераторларды, трансформаторларды, коммуникациялық аппаратураларды, конденсаторларды, жартылайөткізгіштерді, микросхемаларды құюға арналған компаундтар, желімдер);

теміржолтранспорты (вагонларлың конструкциялық элементтері, фрикциялық, амортизациялық детальдар, орындықтардың толтырғыштары мен сыртқы пішіні, рельстердің шпалдармен жалғаштырғыштар, светофорлар және т.б.);

кеме жасау (кеменің жалпы корпусын және жекеленген кеме конструкцияларын, жылу-, дыбыс- және виброизоляциялауға арналған нығайтқыш детальдар, герметиктер, желімдер, тайғанауға қарсы жабқыштар, лак-бояу материалдар);

құрылыс (ғимараттардың конструкциялық элементтері, санитарлық-техникалық жабдықтары, қабырға панельдері және есік және терезе жақтаулары, құбырлар, жылу- және дыбысизоляциялайтын материалдар);

ауыл және су шаруашылығы (егін егуге арналған қондырғылардың элементтері мен үлдірлер, тұқым себуге арналған суда еритін үлдірлер, коррозия мен ылғалдың аккумуляциялануынан қорғайтын топырақ түзгіштер, орағыш материалдар, сумен қамтамасыз етуге арналған құбырлар және т.б.);

тамақ өнеркәсібі (конструкциялық материалдар және тамақ өндіруге арналған машиналардың жабқыштары, ыдысорауға арналған материалдар, консерві лактары және эмальдар, сүтті өңдеуге арналған иониттер);

медицина (медициналық техникалық бұйымдар, биоинертті және биоассимиляцияланатын полимерлер, жасанды қанайналдыру аппараттарының функциональді тораптары, қан- және плазмаалмастырғыштар, дәрілік препараттар мен полимерлі дәрілік заттардың әрекетін пролонгациялайтындар және т.б.);

ПМ ендіру халық шаруашылығының дәстүрлі салаларының күйіне тек қана оң әсер етіп қана қоймай, ол техника мен технологиялардың дамуында сапалы серпін берді, қазіргі заманғы машинажасауда, ракета және атом өндірісінде, самолетжасауда, тевидениеде, радиоэлектроникада, қалпына келтіру хирургиясы мен жалпы медицинада техникалық прогрессті анықтап берді.


Табиғи материалдар

картинки по запросу бетон добавки пластификаторы http://neftegaz.ru/images/modif_bitum.jpg

Өрт қауіптілік материалдарды анықтау негізгі фактор, олар жасалған оның шикізат болып табылады. Бұл тәуелділік үш топқа бөлуге болады бейорганикалық, органикалық және аралас. Бізге олардың әрқайсысының қасиеттерін қарастырайық. Қазіргі заманғы ғимараттар негізі - бейорганикалық және, металл конструкцияларын бірге, қатты қаңқасы жасау үшін пайдаланылады.

Ең көп кездесетін құрылыс материалдар- табиғи тас, бетон, кірпіш, керамика, асбеті цемент, шыны, т.б.Олар жанғыш емес болып табылады, бірақта аз көлемде 5-10% артық салмағы полимерлік органикалық заттар - оның құрылымын өзгереді. Оның өрт қауіптілігі көбейіп қиын жанатын материалдар санатына кіреді.



Соңғы жылдары, кең таралған өнім бейорганикалық материалдарға тиесілі полимерлер жанғыш болып табылады. Осылайша көлемі мен полимердің химиялық құрылымы тұтануы жанғыш тобына жатады. Полимер қосылыстарының екі негізгі түрі бар. Ол реактопласт жанғыш материалдардан тұратын кокс қабаты, ол жанбайтын заттардан турады және материалды жоғары температурадан қорғайды. Тағыда түрі термопласт (жылу қорғағыш қабатсыз ериді).

Қазіргі заманғы ғимараттар құрылысына қолданылатын барлық органикалық материалдардың ағаш және ағаш жаңқалары болып табылады ДСП, фанера, т.б. Барлық органикалық материалдар жанғыш тобына жатады, полимердің әртүрлі қоспаларынан олардың өрт қауіпсіздігі көбейеді. Мысалы материалға бояудың жағуы тек қана жануды жоғарлатпайды сонымен қатар жалынның беттік үстінде таралуы мен қатар түтіндеумен улы коспалар түзеді. Бұл жағдайда, CO (көміртегі тотығы) - органикалық материалдардың жану кезінде басқа да улы заттар бөлінеді.

Органикалық құрылыс материалдарының өрт қаупі азайту үшін оған полимерлі материалды сияқты Антиперенмен өндейді. Антипереннің беттік жағылған кезде жоғары температура әсерінен антипирен көбік немесе көрінбейтін газ түзеді.
c:\users\user\desktop\фото нии\20150218_155214.jpg

Екі жағдайда да отегінің кіруіне ағаштың жануына және жалыннын таралуына кедергі жасайды. Тиімді антиперен диаммонийфосфатты қосылыстары  және аммоний сульфаты натрий фосфаты қоспалар болып табылады. Аралас материалдарына сәйкес, олар органикалық және бейорганикалық материалдардың тұрады. Әдетте, құрылыс өнімдерін бұл түрі жеке санатына болмайды, шикізат басым болуына байланысты, алдыңғы топтардың бірі тиесілі. Мысалы ағаш талшықтар мен цемент тұратын талшықты кілемше, ол органикалық және битум саналады - бейорганикалық. Ең жиі аралас түрі жанғыш өнімдер тобына жатады. Өрт қауіпсіздігі үшін жоғарғы талаптар ойын-сауықтыру мекемелерім бизнес орталықтары мен жоғарғы қабатты ғимараттар өртке қарсы іс-шаралар кешенін әзірлеу қажеттігін талап етеді. Ең маңызды мәселенің бірі жанғыш басым пайдалану және оңай тұтанатын материалдар болып табылады. Атап айтқанда ғимаратты қаптама материалдар мен төбе жабындылары және эвакуациялық шығу жолдары отқа төзімді материалдан жасалу керек.



Каталог: public -> uploads -> OBNOVLENIE SAITA 2015 -> DIPLOMY
DIPLOMY -> Невралгия (көне грекше: νερον «нерв, жүйке» + көне грекше: λγος «ауруы») жүйке ауруы. Аздаған анатомиялық өзгерістерден болатын шеткі нерв сабақтарыпың кеселі. Функционалдық қажу салдарынан пайда болады
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба)
DIPLOMY -> Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады
DIPLOMY -> Прогнозирование развития возможного пожара при выбросе сдяв на тоо «деп» г. Костанай
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министірлігі Төтенше жағдайлар Комитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Өрттер әр қашан адамдарды өлтіретін,миллиардтаған теңгеге соғылған материалдық құндылықтарды (ғимарат, имарат, техника, шығармашылық заттары және т б.) жоятын ауыр қиыншылықтарды алып келеді
DIPLOMY -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Күндізгі оқу факультеті
DIPLOMY -> Күндізгі оқу бөлiмi
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу факультетінің курсанты: Әбдібек Еркін Мұсабекұлы Мамандығы: 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет