Дипломдық ЖҰмыс 1305000 «Ақпараттық жүйелер»



бет1/4
Дата25.10.2018
өлшемі0.61 Mb.
түріДиплом
  1   2   3   4




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Негметов Н.А.

«Информатика» пәнінен ағылшын тіліндегі электрондық оқу құралын жасақтау

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС


1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы

Орал 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

«Қорғауға жіберілді»

___________ Кафедра

меңгерушісі М.С.Жұматова




ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Информатика» пәнінен ағылшын тіліндегі электрондық оқу құралын жасақтау»


1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы


Орындаған: Негметов Н.А.

Ғылыми жетекшісі: Ералиева А.О

Орал 2016


ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

і электрондық оқу құралы және оны білім беруде пайдалану тиімділігі

1.1 Электрондық оқу құралдары және олардың түрлері мен мүмкіндіктері

1.2 Электрондық оқу құралдарын құралдарын жасақтау әдістемесі

1.3 Электрондық оқу құралдарын жасақтау бағдарламалары

ІІ «информатика» электрондық оқу құралын жасақтау

2.1 «Информатика» электрондық оқу құралын жасақтауда пайдаланылатын бағдарламалар (Дельфи, фотошоп, тестке қандай бағдарлама)



2.2 «Информатика» электрондық оқу құралының басты формалары және мәліметтерді енгізу

2.3 «Информатика» электрондық оқу құралының тапсырмалары мен тест тапсырмаларын жасақтау

ҚОРЫТЫНДЫ

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Информатика» пәнінен ағылшын тіліндегі электрондық оқу құралын жасақтау

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Адамзат өркениетінің заманауи дамуы ғылыми-техникалық төңкерістің жаңа кезеңі – адам өмірі мен іс-әрекетінің барлық салаларына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (әрі қарай АКТ) енуімен сипатталады. Бұл үдеріс халық өмірінің тұрпатын өзгертіп, ақпараттық қоғамға, жоғары әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуына көшудің іргетасы мен материалдық негізі болады.

Қазақстанда АКТ білім беруде пайдалану қоғам мен білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Қоғамды ақпараттандыру бәсекелестікке қабілетті ұлттық экономиканы қалыптастырудың маңызды механизмі ретінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауларында көрсетілген.

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар ХХІ ғасырда ғылым мен техниканың басым және шешуші бағыттарының біріне айналды. Олар жалпы, салааралық деңгейде көптеген жаңа технологиялық бағыттарды және зерттеуді, жасақтамаларды дамытып, даму мен прогрестің түйінді мәселелерін шешуде басты роль атқарады.

Қоғам дамуының заманауи сатысының бірқатар ерекшеліктері байқалады: жаһандық масштабтағы ақпараттық ресурстарды пайдалануға бағытталған зияткерлік еңбектің жоғары маңыздылығы, бірікке ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу мен ортақ жобаларды жүхеге асырудағы бөлек мамандар мен шығармашылық ұжымдар арасында қол жетімді және оперативті қарым-қатынасты жүзеге асыруға деген қажеттілік, ғылым, техника, білім беруді қамтитын үдерістердің интегративтік сипаты.

Заманауи әлеуметтің аталмыш ерекшеліктері әр маманның кәсіби және ақпараттық құзыреттіліктерінің деңгейлерінің үздіксіз көтерілуіне негізделген ақпараттандыру үдерісімен сипатталады. Ғылыми және өндірістік технологиялармен салыстырғандағы ғылыми-техникалық прогрестің жаңа саласы ретіндегі АКТ негізгі сипаттамалары:

  • техникалық, бағдарламалық және бағдарламалық-аппараттық құралдардың динамикалылығы (техника, ақпараттандыру мен коммуникацияның жаңаруы тез жүруде);

  • АКТ құралдарын құрайтын компоненттердің техникалық және технологиялық деңгейі үнемі жоғарылауына байланысты ақпараттық жүйелерді жасақтаушылар мен пайдаланушылардың біліктіліктері үздіксіз көтерілуінің қажеттілігі;

  • заманауи АКТ пайдаланудың өндіруші күштер мен өндірістік қатынастардың өзгеруіне айтарлықтай ықпал етуі;

  • заманауи АКТ мүмкіндіктерін жүзеге асырудыңақпараттық қызметті автоматтандыру салаларында, ақпараттық қарым-қатынас пен ұйымдастырушылық менеджментте пайдаланылуы.

АКТ құралдарының көптеген білім беру жүйесінде пайдалануға тиімді дидактикалық мүмкіндіктері белгілі. Олар білім беру үдерісінің қарқындылығын арттырып, білім алушының зиятын дамытып, танымдық іс-әрекетін белсендіріп, білімін өз бетімен шыңдап, ақпарат өндіруге мүмкіндік береді. Негізгілері:

  • қолданушы мен АКТ құралдары арасындағы интерактивті диалог қолданушының әр сұранысына жүйенің жауаптық әрекеті және, керісінше, соңғысының берген мәліметі қолданушының әрекетін тудырады;

  • танылып, зерттелетін нысан, үдеріс туралы оқу ақпаратын компьютерлік көрнекілендіру (нысанды, оның құрамдас бөліктерін немесе олардың моделдерін, үдеріс немесе оның моделін, шынайы әлемде жасырылған болса да, зерттелетін үдерісті графикалық түрде сипаттау, экранда көрнекі беру);

  • танылатын, зерттелетін шынайы немесе «виртуалды» нысандар, олардың қатынастарын, үдерістерді, құбылыстарды компьютерлік моделдеу (экранда шынайыға мүмкіндігінше сәйкес келетін математикалық, ақпараттық-сипаттамалық, көрнекі моделді беру);

  • ақпаратты берілетін материалға қатысты синхронды немесе асинхронды дыбыспен қамтамасыз ету;

  • ақпаратты гипермедиа негізінде беру – аудио-, анимациядық, мәтіндік ақпаратты біріктіріп беру технологиялар;

  • ақпараттың үлкен көлемін архивтеу, сақтау, тез қол жеткізу мүмкіндігімен тарату, көбейту;

  • есептеу, ақпараттық-ізденушілік қызметті автоматтандыру;

  • тәжірибе нәтижелерін бір бөлігін немесе тұтас тәжірибені бірнеше мәрте қайталау мүмкіндігімен өңдеу;

  • оқу қызметін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету, ұйымдастырушылық басқару және меңгеру нәтижелерін бақылау үдерістерін автоматтандыру.

Қазіргі таңда аталмыш мүмкіндіктерді тек тұтынып қана қоймай, оларды тиімді пайдаланып, ұлттық этноерекшеліктерді, заман талабын, рухани сұраныстарға жауап беретіндей, қоғамның тәрбие, білім мен ғылымға қатысты сұраныстарын қанағаттандыратындай етіп жасақтауға атсалысу әр сауатты, намысты, жігерлі азаматтардың алдында туындайтын өзекті мәселе деп білеміз. Delphi анимация жасаушылар үшін өте қолайлы программа, өйткені ол төмендегі сапаларға ие:

  1. Жинақтылық (компьютерде тез жүктеледі) – векторлық графиканы пайдалану есебінде;

  2. Интерактивтілік – пайдаланушы Flash-фильмдегі іс әрекеттерді тікелей басқара алады;

  3. Мультимедиялық – фильм және Internet-ке информацияны визуалдаудың стандартты құралдары үшін қол жетпес видео, аудио эффектілер;

  4. Көпсалалығы – Delphi -те қарапайым үй парақтары сияқты арнаулы серверлер де (пошталық, виртуальді дүкендер) орындалуы мүмкін;

Қолайлылық – Delphi технологиясының негізі, компьютермен жұмыс істеудің минимальді дағдысы бар кез-келген адамға түсінікті. Сондай-ақ компьютер жадында өте аз орын алуы мен тез жүктелетіндігі Delphi пайдаланушылары үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады.

Осы мақсатымызға жету үшін, бізге Delphi технологиясын білу өте маңызды рөль атқарады.

Delphi программасының мақсаты - басқа компьютерлік қосымшалар сияқты студенттердің ойындарға, қолданбалы программаларға деген қызығушылықтарына дұрыс бағыт беріп, электронды көмекші құрал жасауға құлшындыру.

Осыған орай арнайы оқыту курсының (Delphi қолданбалы программасын оқыту) мазмұны Delphi программасы түсінігі және ол не үшін керек деген сұраққа жауап беруден басталып, ары қарай оны оқытудағы лабораториялық сабақ үлгілерін жасаумен аяқталады.

Мақсаты: Borland Delphi программасында «Статистиканың жалпы теориясы» пәнінен электрондық оқу құралын жасақтау.

Міндеттері: 1. Delphi бағдарламасының жұмыс терезесі мен негізгі нысандары, құралдарын зерттеу, қасиеттерін қарастыру;

2. Delphi бағдарламасындағы негізгі нысандардың қасиеттері, оларды басқару жолдарын, олардың тиімділігін анықтау;

3. Сандық қоры, құрылымы, Delphi бағдарламасындағы сандық қорын жасақтау саймандары мен программалық мүмкіндіктерін қарастырып, оқу орнын басқару үдерісінде ұтымды пайдалану тәсілдерін айқындау;

4. Delphi бағдарламасындағы «Статистиканың жалпы теориясы» сандық қорының құрылымы жасақтау:

5. Delphi бағдарламасындағы «Статистиканың жалпы теориясы» сандық қорының программалық жасақтамасын жазу, программалық кодтарын сынау;

6. Delphi бағдарламасындағы «Статистиканың жалпы теориясы пәнінен» сандық қорын колледж жағдайында тәжірибеден өткізу, пайдалану нәтижесін жариялау, пайдалануға ұсыну.



Гипотезасы: Delphi программасында «Статистиканың жалпы теориясы» пәнінен электрондық оқу құралы жасақталса, онда оқытушының жұмыс жасау тиімділігі артады, жұмыс орнын автоматтандыруға болады.

Зерттеу болжамы: егер «Статистиканың жалпы теориясы» пәнінен электрондық оқу құралы жасақталса, онда комьютерден статистика пәні тапсырмалармен жұмыс жасауды үйренушілер үшін тиімді жолдар көбейеді, өйткені оны өз бетімен оқу мүмкіндігі туады, әйтпесе .........

Зерттеу пәні: алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері, бағдарламалау тілдері

Зерттеу нысаны: Delphi бағдарламасындағы электрондық оқу құралы.

Зерттеудің теориялық мәнділігі: Delphi бағдарламасының жұмыс терезесі мен негізгі нысандары, құралдары зерттеліп, қасиеттерін қарастырылды; негізгі нысандардың қасиеттері, оларды басқару жолдарын, олардың тиімділігін анықтау; Мәліметтер қоры, құрылымы, Delphi бағдарламасындағы мәліметтер қорын жасақтау саймандары мен программалық мүмкіндіктерін қарастырып, оқу орнын басқару үдерісінде ұтымды пайдалану тәсілдерін айқындау;



Зерттеудің теориялық мәні: Электрондық оқу құралын және оны Borland Delphi  программасында жасақтаудың теориялық негіздері зерттелді. Borland Delphi  программасында «Статистиканың жалпы теориясы» пәнінен электрондық оқу құралы жасақталды.

Зерттеудің практикалық маңыздылы: Delphi бағдарламасындағы «Статистиканың жалпы теориясы» қорының құрылымы жасақталды, программалық жасақтамасын жазу, программалық кодтарын сынау; Delphi бағдарламасындағы «Статистиканың жалпы теориясы » сандық қорының» мәліметтер қорын колледж жағдайында тәжірибеден өткізу, пайдалану нәтижесін жариялау, пайдалануға ұсыну

Зeрттeу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша басылымдарды талдау, ақпаратты жинақтау және сұрыптау, өңдeу, жобалау, қорыту.

Құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе және екі бөлімнен тұрады.

Кіріспе де зерттелетін тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері,гипотезасы, зерттеу пәні, зерттеу нысаны, зeрттeу әдістері, зерттеудің теориялық және практикалық мәні, құрылымыберіледі.

«Электронды оқу құралын жасаудың теориялық негіздері» бөлімінде ақпараттандыру жағдайындағы электрондық оқу қорларын пайдалану тиімділігі, электрондық оқу құралына қойылатын талаптар баяндалады.

«Borland Delphi ортасында электрондық оқу құралын жасақтау» бөлімінде Delphi  программасында электрондық оқу құралын жобалау, «Статистиканың жалпы теориясы» пәнінен электрондық оқу құралының сипаттамасы ұсынылады.

Жұмыс соңында қорытынды мен зерттеу тақырыбы бойынша қолданылған отандық және шетелдік әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

Зерттеу базасы: Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж

Кіріспе

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде ойлаудың жаңа ақпараттық мәдениетінің дамуы мен қалыптасуы, ақпараттық қатынастық технологиялар саласындағы білім беру сферасы мамандары біліктілігінің қалыптасуы мемлекеттік маңызды міндет болып саналады. Білімдік процесте АҚТ мен elearning электрондық оқыту жүйесін пайдалану бойынша тиісті біліктілікке қол жеткізбейінше, білім беру ұйымдарын техникалық жарақтандыру құралынсыз және оған күш салмайынша, оларды ауқымды және жергілікті желіге қоспайынша, білімдік цифрлық ресурстарды әзірлемейінше және т.б.-сыз мұғалімдер тиісті нәтижеге қол жеткізе алмайды. Тестілеу жүйесіндегі іс-әрекетке педагог кадрларды дайындау бойынша осы бағдарлама тренингтік курстардың жалпы бағдарламасының құрамдас бөлігі болып саналады.

Тестілеу жүйесі (Test Management System, бұдан әрі қарай – TMS) білімдер деңгейін тексеру мен бағалауды автоматтандырудың тиімді құралы ретінде электрондық тестілеу арқылы оқыту жүйесінің жүйе түзуші құрамдас бөліктерінің бірі болып саналады. Тестілеу жүйесіндегі іс-әрекет тәсілдерін меңгерген адам білімдерді тексеруге дайындық уақытын айтарлықтай қысқарта алады, тестілерді дайындау үшін тиісті қабықша-жүйені пайдалана отырып, өз бетімен тесттерді дайындай алады; өз оқушыларының оқу жетістіктерінің деңгейін тексерудің объективтік нәтижесін тіркей алады, нәтижелерін өңдей алады. Оқушылардың білім деңгейінің жетістіктерін бақылау мен тексеру бойынша мұндай жұйелі жұмыс оқушылар білімін сапалы деңгейге арттыруға мүмкіндік туғызатын болады.

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді пайдаланушылар арасында Windows операциялық жүйелері жанұясы танымал және бағдарлама жасауға қызыққандар, осы жүйеде жұмыс жасайтын бағдарламалар жазуға ынталанады. Есептеуіш техниканың дамуы, бағдарламаны қамтамасыз жасау құралдарына деген эффективті қажеттілік, бағдарламалау тілдерінің пайда болуына әкелді, олардың ішінде келесілерді Borland Delphi және Microsoft Visual Basic көрсетуге болады. Тез жасау жүйесінің негізіне көрнекі жобалау технологиясы және оқиғалы бағдарламалау жатады. Оның мәні жасау ортасы бағдарламаның генерация кодының үлкен бөлігін алады және бағдарламалаушыға диалогтық терезелермен және жағдайларды өңдеу функциясын құрастыру жұмыстарын қалдырады.

Borland Delphi қазіргі уақытта бағдарламаудың ең танымал тілдерінің бірі болып саналады. Borland Delphi Windows –қа кәсіби деңгейлі интерфейсі бар қолданбалы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді. Бұл дипломдық жобада қолданушының қосымша модульдік жобасын шешуде Windows ортасының мүмкіндіктері қарастырылған.

Осы жобада программаларды тестілеу және жөңдеу бағдарламасын Borland Delphi бағдарламалау ортасының мүмкіндіктері арқылы жүзеге асады.

Жобаның мақсаты - Borland Delphi интерактивті жобалау ортасында мектепте программаны тестілеу бағдарламасын құру болып табылады. Тест оқушы білімінің деңгейін ғана анықтап қана қоймайды, оның ойын жүйелеп, жылдам есептеуіне, логикалық ойлау, есептеу дағдыларының қалыптасуына, тез шешім қабылдау қасиетінің дамуына тиімді әсер етеді. Тест оқушының білім дәрежесін қандай екендігін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жол.

Жобаның міндеттері:



  • Тапсырманың тұжырымдамасы мен жауаптары әрі қысқа, әрі анық болуы қажет;

  • Бір сұрақтың 3-5 түрлі жауабы болуы тиіс. Олардың ішінде біреуі ғана дұрыс болады, басқалары жауабына жақын бірақ дұрыс болмауы шарт;

  • Сұрақтарға жауап беру уақыты қатаң сақталуы тиіс;

  • Нұсқалар сұралушыларға бірдей дәрежеде түсіндіріледі, әдетте ол жазба не электрондық құжат түрінде болады;

  • Бірде-бір сыналушыға басқалармен салыстырғанда ешқандай артықшылық берілмейді;

  • Тестен сынаудың нәтижелерін бағалау алдын-ала жасалған жүйе арқылы барлығына бірдей қолданылады;

  • Тестке берілген нұсқау және әрбір тұжырымдаманың мағынасы сыналушылардың әрқайсысына түсінікті болуы керек;

  • Әрбір сұрақ жауабына берілетін ұпай бірдей (көбіне 1 ұпай) болуы керек;

  • Тест қолданудың жоспарланған жүйесі болуы керек.

деңгей (міндетті деңгей) «3» қанағаттанарлық бағасы қойылады;

деңгей (міндетті деңгейден жоғары) «4» жақсы бағасы қойылады;

деңгей (эвристикалық деңгей) «5» өте жақсы бағасы қойылады.

Жоба төрт - бөлімнен тұрады: Бірінші бөлімде - тест бағдарламасы, яғни, тест бағдарламасын құру кезеңдері; тестілеу процесінің кезеңдері; Delphi ортасымен танысу туралы жалпы түсінік беріледі. Екінші бөлімде - мектепке (мысалға, информатика пәнінен) арналған тестілеу программасы келтіріледі, яғни, шығару жолдары көрсетіледі. Үшінші бөлімде - жобаның техникалық-экономикалық көрсеткіші келтірілсе, ал төртінші бөлімде - еңбекті қорғау заңдары, компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы қарастыралады.



Қазіргі кезде дербес компьютерлерді пайдаланушылар арасында Windows операциялық жүйелері жанұясы танымал және бағдарлама жасауға қызыққандар, осы жүйеде жұмыс жасайтын бағдарламалар жазуға ынталанады. Есептеуіш техниканың дамуы, бағдарламаны қамтамасыз жасау құралдарына деген эффективті қажеттілік, бағдарламалау тілдерінің пайда болуына әкелді, олардың ішінде келесілерді Borland Delphi және Microsoft Visual Basic көрсетуге болады. Тез жасау жүйесінің негізіне көрнекі жобалау технологиясы және оқиғалы бағдарламалау жатады. Оның мәні жасау ортасы бағдарламаның генерация кодының үлкен бөлігін алады және бағдарламалаушыға диалогтық терезелермен және жағдайларды өңдеу функциясын құрастыру жұмыстарын қалдырады.
1.1 Электрондық оқу құралдары және олардың түрлері мен мүмкіндіктері

Электрондық оқу құралдарына жалпы сипаттама 
Қазіргі уақытта әртүрлі оқу курстарын өткізу мақсатында көптеген компьютерлік
Бірақта электронды оқыту құралдарын пайдалана отырып оқу курстарын ұйымдастырумен
Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі тез қарқынмен дамуда.
Бұл әрине
Лекциялық – семинарлық оқыту жүйесі өзінің тиімділігін жоғалтуда, оқуға
Жаңа ақпарат құралдарының жетілуі жаңа, қолайлы оқыту жүйесі –
Оқулық – бұл оқытудың негізгі құралы, (кітап, белгілі бір
Электронды оқу құралының құрылымы: 
Материалдың мәтін, сурет,график, кескін, кесте және т.б. түрде баяндалуы.
Материалддың кескін түрінде баяндалуы-оқулық мазмұнының графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда
Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың) тестілік жүйесі. Онда оқу
Электронды оқу құралының құрылымдық элементтері: 
Сыртқы беті; 
Титулдық экран; 
Мазмұны; 
Аннотация; 
Оқу материалының толық баяндалуы; 
Оқу материалының қысқаша мазмұны; 
Қосымша әдебиеттер
Өзіндік білімді тексеру жүйесі; 
Өзіндік бақылау жүйесі; 
Мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы; 
Авторлар тізімі; 
Терминдік сөздер; 
Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе; 
Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі. 
Электрондық оқулықтардың бірден-бір жетіспеушілігі болып олардың жай оқулыққа қарағанда
Электрондық оқу құралдарын құру құралын мысалы, тағайындалатын және орындалатын
Қалыптасқан алгоритмдік тілдер; 
Ортақ қолданыстағы құрал-саймандар; 
Мультимедиа құралдары; 
Гипертекстік және гипермедиалық құралдар. 
Электронды тренажер және оның мүмкіндіктері 
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының
«Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің басты міндеті «Ұлттық
өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу, кәсіптік қызмет саласында
өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пәнаралық жобаларымен
Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі – оқыту процесін де
Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып,
Қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының
Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан мұғалімнің сабақ беру
Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу процесінде жетілдіру жолында ең
– оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат
– абстрактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың тиімділігін жетілдіреді; 
оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау қабілеттерін
мұғалім мен оқушы еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын арттырады.
Қазіргі таңда дайындалған электронды оқулықтарда мынадай жағдайларды ескеру керек: 
белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электронды оқулықтың сол пәннің
электрондық оқулықтар оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатыс-ты дәріс конспектісін
зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдар; 
материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші материалдар; 
аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; 
материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері қамтылуы. 
Электронды оқу құралын қолдана отырып оқушылар төмендегідей жұмыс жасауға
– Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге; 
– Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін
– Жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде
– Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға; 
Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға; 
Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады. 
Ақпараттық технологиялардың мүмкіндері пайдаланып жасалынған электронды баспа оқулығын
Электронды оқу құралын қолдану саласы өте кең: электронды –
Мен өз сабағымда электронды тренажерларды пайдаланып өтемін. Бұның тиімді
Электронды тренажердың берер мүмкіндіктері 
Электронды тренажерды пайдалану арқылы: 
сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі; 
мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі; 
оқушының пәнге қызығушылығы; 
алынған білім, дағды деңгейі; 
білімнің тереңдігі; 
тексеру түрлері, бағалау; 
практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады. 
Қорыта келгенде электронды оқу құралын қолдану барысында оқушылардың сабаққа
2 Электронды тренажер құрудың технологиялары 
Қазіргі уақытта оқулықтарға келесі талаптар қойылады: құрылымдылығы, қолданыстағы қолайлылық,
Оқулықтың электронды варианты (білімді бақылау оқытудағы басты мәселе болғандықтан
Ақпарат құралдарының мысалы ретінде гиперссылканы алуға болады. Гиперссылка арқылы
– бұрыннан бар немесе жаңа құжатқа, файылдын немесе Web-беттің
бұрыннан бар файл немесе Web-тің байланыс жасау; 
жаңа файлмен байланыс жасау. 
Тасымалдау оперциясымен және MS Office-тің, программалық құралдары т.б. көмегімен
Бұдан басқа электронды оқулық көмегімен білімді бақылау компьютерлік тестер
Бұл жұмыста ашық және өздігінен даму жүйесінің қағидалары енгізілген
Қазіргі заманғы қашықтан оқыту кезеңі әлемдік білімнің беделді формасы
Тәжірибе электрондық оқулықтарды қолдану студенттердің берілген материалды сапалы қабылдайтынын
Жоғары сапалы электрондық оқулық құру қаржылық құюларды талап ететін
Көбіне электронды оқу құралын құру әдісі мен дұрыс технологияны
Сондықтан электрондық оқу құралын құру технологиясын таңдауға жоғары жауапкершілікпен
Электрондық оқу құралын құру кезінде практикада кездесетіндей келесі
аудио және видео дәрістерді таспаға түсіру; 
электрондық оқулықты Adobe компаниясы құрастырған PDF пішімінде құру. Бұл
MS Office пакетінің өнімі DOC документі көмегімен электрондық оқулық
электрондық оқу құралын Windows-тың анықтамалық жүйесі ретінде құру; 
электрондық оқу құралын HTML тілінде құру; 
аралас әдіс. 
Осы келтірілген әдістердің кез-келгенінің үлкенді-кішілі кемшіліктері бар. Және де
Әдістемелік қамтама мәселесі - электрондық оқу құралының білім беру
Электрондық әдеби оқулық құру – бұл баспа материалдарын электрондық
Интернеттегі кейбір сайттардағы үнемі жаңарып отыруды қажет ететін электрондық
Дайын оқу материалы оқушыға бірнеше нұсқа бойынша жұмыс істеуіне
Негізгі принцип – бұл ішкі және сыртқы байланыстарды қамтамасыз
Электрондық оқулықты бір немесе бірнеше бағдарламалау тілінде жазылған, толыққанды
1) оқу бағдарламасына немесе оқу баспасының қарапайым талаптарына сәйкес
2) тақырыптың мазмұнын толық ашатындай көлемі болуы керек, сонымен
3) құрамында тақырыпты жылдам түсінуге көмектесетін иллюстрациялы элементтері болуы
4) желіде жүктелу мен монитор экранында материалдың қабылдау
5) оқулықтың басқа тарауларына, қажет болса сыртқы web-ресурстарға сілтеме
6) студент өзінің материалды игеру дәрежесін тексеруі үшін бақылау
Электрондық білім беру жүйесінің қарқынды дамуын, реттелмеген әр түрлі
ҚР Білім беру министрлігінің электрондық оқулықтарды тіркеу шаралары арқылы
құрылатын электрондық оқулықтың сапасын көтеруге мүмкіндік береді; 
белгілі бір дәрежеде авторлар мен баспагерлердің авторлық құқығын қорғауды
қолданыстағы электрондық оқулықтарды жүйелеуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде
авторларға электрондық оқулықты аттестациялық жұмыстарды қарауда профессор
Электрондық оқулық құруда арнайы пакеттерді қолдануға болады. Арнайы пакеттерді
Бірінші деңгей: қарапайым типті мультимедиялық қосымшаны тез арада дайындауға
Сондай бағдарламаға мысал ретінде Microsoft фирмасының PowerPoint бағдарламасын келтірсе
Екінші деңгей: мультимедиялы электронды оқулық құрайтын арнайы жүйе. 
Жоғарыда айтылып кеткен қарапайым бағдарламамен салыстырып айтатын болсақ, бұл
Мұндай арнайы жүйеге мысал ретінде Adobe фирмасының Adobe Acrobat
Үшінші деңгей: авторлық өңдеу құралдары.
 


1.2 Электрондық оқу құралдарын құралдарын жасақтау әдістемесі



Электрондық оқулықтың құрылымы 
Мен электронды оқулықтың сыртқы құрылымын қарастыратын болсам. Оқулықтың сапалылығы тақырыптық мазмұнның баяндалуымен анықталады. Егер аталған оқулық бойынша үйренушi сынақ немесе емтихан тапсыратын болса, онда оның мазмұндық материалы келесi үш түрде өрнектелетiн болады: 
1. материалдың мәтiн, сурет, график, кескiн, кесте және т.б. түрлерде баяндалуы. Ол оның дәстүрлi оқулықтан ерекшелiгiн көрсетедi. 
2. материалдың кескiн түрiнде баяндалуы – оқулық мазмұнының графиктiк-мәтiндiк түрде бейнеленуi. Онда оқу материалының негiзгi идеясын айқындайтын үзiндiлерiн оқушының меңгеруiне ыңғайлы етiп, графиктiк түрде бейнелеу. 
3. Өзiндiк тексерудiң (өзiндiк бақылаудың) тестiлiк жүйесi. Онда оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенiн айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар берiледi. 
Материалдың мұндай түрде бейнеленуi оқушының есте сақтау қабiлетiнiң дамуына және өткен материалды ұмытпай, оны дамытуына игi әсерiн тигiзедi. 
Менің ұсынып отырған электрондық оқулығым HTML тілімен қатар, объектілі бағдарланған DELPHI7 бағдарламалау тілінде жазылған және де, айтып өтерлік, стандарттардың бәріне де сай болып келеді. 

Нақтылап айтып кетсем, аса маңызды критерийлердің бірі болып табылатын оқулық мазмұнымен қатар, дизайндық ұйымдастырылуы да құрастырушының назарынан тыс қалмай, бірінші орынға қойылып қарастырылғаны жөн. Менің электрондық оқулығымда қажет стандарттардың барлығы ескерілген болып табылады. 
Келесі кезекте оқулықтың кейбір беттері көрсетіліп ұсынылады. 

Оқулықтағы кескін-суреттердің, тақырыпқа сай мысалдардың іс жүзінде графикалық түрде бейнеленуі оқулықты меңгеру процессін өте қызықты, ыңғайлы, жылдап әрі сапалы өткізуіне көмек береді. 
Материалды меңгерілу деңгейін қарастыру, тексеру үшін арнайы сұрақтар мен тест сұрақтары да кіріктірілген. 

Мұғалімге тексеруді ыңғайлату процессін мен оқушы тіркелуімен қамтыдым. Бұл өз кезегінде тестті өткен оқушылардың нәтижесін бірден көруді автоматтандырады. 

Сонымен қатар электрондық оқулықты қолданудың түсініктемесі де қарастырылған. Оны арнайы "Көмек" батырмасын шерту арқылы немесе біздің білетін "F1" перне батырмасын басып шақыруға болады. 

Электрондық оқу курсының құрылымы 
Сызба 1 
Ал ендi электрондық оқулықтың құрылымдық элементтерiне жан-жақты тоқталайық: 
- сыртқы бетi; 
- титульдық экран; 
- мазмұны; 
- оқу материалының толық баяндалуы (кескiндер, кестелер, графиктер, бейнелер); 
- оқу материалының қысқаша мазмұны (кескiн курс түрiнде берiлуi); 
- өзiндiк бiлiмдi тексеру жүйесi; 
- өзiндiк бақылау жүйесi; 
- оқулықтың элементтерiн басқару бойынша анықтамалық жүйе. 
Әрбiр құрылымдық элементке жеке-жеке тоқталып, сипаттама берейiк: 
Сыртқы бетi түрлi-түстi бояулармен боялып, эстетикалық тұрғыдан әдемi безендiрiлуi қажет. Ол үшiн графиктiк қойылымдар мен түстер қолданылады. Оқулықты көрмеге қою мақсатында анимациялық құбылыстармен безендiрiлуi қажет. 
Титульдық экран. Онда оқулықтың атауы, жоғарғы бiлiм мекемелерi (мысалы, Қазақстан Республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi), авторлық құқық, оқулықтан лицензиядан өткен белгiсi, баспаға тапсырылған күнi, оқулық авторларының мекемелерi туралы ақпараттар жазылады. 
Мазмұны. Ол оқулықтың негiзгi құрылымдық элементтерiнiң қатарына енедi. Оқулық мазмұнының негiзгi құрылымдық бөлiктерiн шағын түрде үйренушiнiң оқуына жеңiл болатындай етiп көрсету қажет. 
Электрондық оқулықты жасақтаушылар алдына мынадай мәселелер қойылады: неден бастау керек? электрондық оқулықтың типi қалай таңдалады? оны құрудың негiзгi мақсаты қандай? оқулықтың бөлiмдерiн үйренушiнi ынталандыру бағытында қалай таңдап алуға болады? оқулықтың сценарийiн қалай жазуға болады? оның құрылымдық мазмұнын қалай құруға болады? электрондық оқулықпен оқытуда үйренушiнiң қызметiн қалай ұйымдастыруға болады? оқытудың нәтижелерiн қалай бақылауға болады? электрондық оқулықты құруды қалай сипаттауға болады? және т.б. 

1.3 Электрондық оқу құралдарын жасақтау бағдарламалары

Электрондық оқу құралдарын жасақтау бағдарламалары Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.

 Автоматтандырылған оқыту жүйесінің білім саласындағы мақсаты- білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.

 Автоматтандырылған оқыту жүйесінің білім саласындағы міндеттері:


  • бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;

  • құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;

Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.

Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:



  • Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.

  • Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет.

  • Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.

  • Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.

  • Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.

  • Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.

  • Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.

Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес.

Республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың білім берудегі педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек нүктесіне жатады және онымен бірге қашықтықтан оқытудың спутниктік каналын ендірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін алтыншы міндеттің маңызы ерекше, онда «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу» - деп атап айтты. Олай болса, мұны жүзеге асыратын ықпалдардың бірі білім алушының уақытын да қаражатын да үнемдейтін электронды оқу құралдары болып табылады.

Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ оқытушының кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы оқытушылардың кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда жоғары оқу орындарында болашақ оқытушыларды педагогикалық үдерісте ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады.

Білім саясатының өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу. [20, б.40] Сондықтан біліктілікті арттыру педагогикасының күрделі де маңызды бір мәселесі білімін жетілдірушіні болашақ мамандығына оңтайландыру, кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа жүйесін жасау, іскер және құзіретті маман дайындау. Мұндай маман дайындау үшін білім беру үдерісін белсенділендіру, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажет. Оқу үдерісін белсенділендіру – берік те тиянақты білім берудің жолдарын қарастыру, шығармашылық ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау, оларды мамандығына қызықтыра алу, оқу үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру және т.б [9].

Көптеген ғалымдар компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Мысалы, Ж.А.Қараев оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында студенттердің танымдык белсенділігін арттыру, А.Ә.Шәріпбаев компьютерлердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарының дұрыстығын дәлелдеу, С.М.Кеңесбаев болашақ оқытушылардың жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білу мәселелерін, М.Ф.Баймұхамедов компьютерлік оқытудың бейімделген технологиясын құрастырудың модельдерін, әдістері мен құралдарын жасау мәселелерін Ж.Ж.Жаңабаев ақпараттық технологиялардың даму жағдайында мамандарды инженерлік-сызба дайындықтарын жетілдіру туралы қарастырған.

Жоғарыда аталған жұмыстар, елімізде информатиканы және информатикалық пәндерді оқыту теориясы мен әдістемесі бойынша ғылыми ізденістер негізін қалауға мүмкіндік береді.

2.1 электрондық оқулықтардың қолдануы
Ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы қызметін аткаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтан оқыту әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда. Мулътимедиялық технологияның, компьютерлік графика мен машықтану жүйелерінің дамуы, кәсіби ортадағы іс-әрекетті бейнелейтін виртуал жағдайға "ену" жолымен оқыту әдістемесінің кұрылуына түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік машықтандырушы класстардың пайда болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар түрінде көп рольді машықтандыру әдістеменің дамуына ықпал жасады.

Қәзіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықгырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.

Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Сондықтан біздің мемлекетіміз де коғамның акпараттық мәдениет деңгейін көтеру мәселесінен шеткері кала алмайды. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі білім беру саласын жаңа прогрессшіл бағыттарда жүргізу болып табылады. Қазақстан Республикасының 1997 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы осы істі қолға алудың алғашқы қадамы болды. Мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы арқасында елімізде жоғары оқу орындарының (ЖОО), мектептердің көпшілігі жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталды. Ендігі кезекте осы ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуді жоғары деңгейде меңгеру, оларды қолдану шеңберін кеңейту, т.с.с. мәселелер тұр. Бұл мәселелерді білім беруді ақпараттандыруды одан әрі жетілдіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу процесін электронды оқулық немесе оқытудың компьютерлік құралдарын (ОКҚ) жасау және пайдалану. Мысалы, дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдарды даярлауда оның авторлары мен техникалық жағын орындайтын (безендіру, көбейт, т.с.с.) мамандардың арасында айқын шекара бар. Ал ОКҚ даярлауда оны баспа оқулық ретінде қағазға шығарып, көбейтудің қажеттілігі болмағандықтан, оны жетілдіріп, жаңартып отырудың мүмкіндігі жоғарылайды. Бұл жерде ОКҚ дайындау технологиясынан хабары аз мұғалімдер дидактикалық материалды дәстүрлі құралдар шығару сияқты даярлау жеткілікті деп есептейді. ОКҚ-да дидактика оқу материалымен қоса, программалық өнімнің негізі болып есептелетін алгоритм мен модельдерде де ескерілуі тиіс. Дидактикалық есепті шешуді ақпараттық технология мамандарына жүктеу барысында (программалаушы, безендіруші, мультимедиялық компоненттер жасаушылар) тиімділігі төмен әдістемелік және дидактикалық сауатсыз ОКҚ пайда болады.

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі құралдарының бірі компьютерлік дедактикалық программалар (КДП) болып табылады. Бүгінде бақылаушы, оқытушы программалар, программалық тренажерлер, дидактикалық ойындар, гипертекстік жүйелер сияқты КДП кеңінен танымал. Сонымен қатар оқу процесінде сараптау-оқытушы жүйелер мен автоматтандырылған жобалау жүйелері де қолданылуда.

Мұндай программалардың көпшілігінің ортақ кемшіліктері баспа оқулықтың көшірмесі ретінде ұсынылуында, компьютердің иллюстрациялық, тестілік мүмкіндіктерін ғана пайдалануында және берілетін тапсырмалар жүйесінің өте шектеулі болуында. Бұл жағдай студенттің шығармашылық ойлау қабілетін толығымен пайдалануын жүзеге асыра алмайды, яғни оның интеллектуалдық потенциалын дамытпайды.

Бүгінде білім беру саласында компьютерлік дидактикалық програм-малардың соңғы жетілдірілген түрі - электрондық оқулықтарды пайдалану қолға алынған. Электрондық оқулық оқу курсын өз бетінше игеруге мүмкіндік беретш программалық-әдістемелік комплекс. Ол жоғарыда аталған КДП-дан универсалдығымен және оқытушының оқыту процесіндегі іс-әрекетінің кейбір аспектілерін (студентке қажет жағдайда, дер кезінде көмек беру, білім деңгейін дұрыс бағалау, т.с.с.) жүзеге асыра алатын интеллектуалдығымен ерекшеленеді.

Біздін елімізде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни орта, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар жасалуы керек. Бұл окулықтар қазіргі компьютерлік, коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін қамтамасыз етеді.

Білім берудің кез-келген саласында "Электрондык оқулықтарды" пайдалану оқушылар мен студенттердің танымдық белсенділігін арттырып кана коймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулыктарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы бағытта "Білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығының" "Білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын" жүзеге асырудағы атқарып жатқан көп салалы жүмыстарының бір сатысы "Электрондык оқулықтар" шығару болып табылады. Бүгінгі танда бұл орталықтан 11 пәннен электрондық оқулықтар жасалып, оқу жүйесіне енгізіле бастады.

Электрондық окулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек:


  • белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондык оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын;

  • электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі; зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан түратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан түратын тест; материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуын;

  • электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмүнын қайталамауын, яғни берілетін тақырыпка қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;

  • белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса онда экранда пайда болатын оң жақ тік, төменгі көлденең жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді;

  • бір катардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі, материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек;

  • оқулықты шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық түрғыдан көркемдеу пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ, кейбір пәндерге, атап айтқанда, физика, химия, биология сияқты пәндерге қатысты процестерді анимациялап көрсету, тіпті, кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін МРЕG, АVІ типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондык оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік, әдістемелік деңгейін арттырады.

Электрондық оқулықтың құндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұ-нында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі құрылымда берген жөн.

1. Мазмүндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т.с.с. түрінде

беріледі. Сонымен қатар мүнда, баспа оқулықта мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сиякты компьютерге тән элементтер орын алуы мүмкін.

2. Схемокурс - оқулық мазмүнын қысқартылған мәтін-график қатынасы

түрде бейнелеу. Бүл оқу материалының қүрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнелеу мазмүнды ассоциативті есте сатауда үлкен көмек береді.

3. Өзін өзі бақылаудың тестік жүйесі - оқу материалынын мазмүны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сүрақтар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулыктың ең қызықты бөлігі болуы да мүмкін.

Оқу материалының бүлай үш түрде берілуі, студенттің оку материалын бірнеше рет қайталап шығуы арқылы материалды есте сақтауын жақсартады.



Каталог: uploads -> doc -> 1266
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
1266 -> Сабақ тақырыбы: Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері. Үтір Жалпы мақсат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет