Діни экстремизмнің алдын алу



Дата07.11.2017
өлшемі15.47 Kb.
#44091
Діни экстремизмнің алдын алу
1. Көшеде діни ұйымның жиналысына шақырған уағызшылармен әңгімелеспеңіз.

2. Кез келген діни бірлестіктің сеніміндегі адаммен және уағызшылармен өз діни көзқарасыңыз жайлы таласқа түспеңіз.

3. Егер де Сіз діни ұйымның құрылымы туралы білгіңіз келіп, сұрақ қойсаңыз, мұны ешбір агрессиясыз және жасырын кекесінсіз істеңіз.

4. Егер Сізге діни тақырыптағы парақша, кітапша немесе журнал ұсынса, рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.

5. Діни жиналысқа барардан бұрын алдымен өз жолдастарыңызбен, туысқандарыңызбен, не болмаса жақын адамдарыңызбен кеңесіңіз.

6. Егер де Сіз діни ұйымның жиналысына қатыссаңыз, миссионер-уағызшылардың негізгі мақсаты Сізді өз нанымына иландыру екенін ескеріңіз. Сіздің мақсатыңыз – іріткі діни ұйымның құрығына түспеу.

7. Діни жиналысқа жалғыз бармаңыз, өзіңізбен туысқаныңызды немесе жолдасыңызды ала жүріңіз.

8. Ешбір жағдайда бір-біріңізден ажырамаңыздар, бұл туралы алдын ала уағызшыға ескертіңіздер. Егер жетекшілер өз дегенінен қайтпаса, кеткендеріңіз жөн.

9. Жан саулығы мен тән саулығын сақтау үшін дәстүрлі емес діни бірлестіктердің қатарына қосылардан бұрын өз туысқандарыңызбен жақындарыңызға зардап тигізетіңізді ойланыңыз.

10. Миссиялардың, дәстүрлі емес шіркеулердің, діни ұйымдардың қатарына қосылып, жетістік пен тыныштық табамын және өмірлік мақсатыма жетемін деп ойламаңыз.

11. Сену немесе сенбеу таңдауы тек қана Сіздің еркіңізде, сондықтан шешім қабылдардан бұрын алдымен оның қажеттілігі жайлы ойланыңыз. Ойланып, дұрыс қабылданған шешім Сіздің жан саулығыңызды ғана емес, өміріңізді де сақтауы мүмкін.

12. Егер қиындықтар туындаса, өз бетіңізбен шешім қабылдай алмасаңыз, біздің орталыққа хабарласыңыз.



Достар, бүгінде Қазақстанда жалған діни ұйымдардан жапа шеккендерге  психологиялық көмек көрсетуге дайын арнайы орталықтар мен үкіметтік емес ұйымдар бар, оның ішінде Ақтөбе қаласында «Жарық» және «Ансар» атты орталықтар. Аудандық ішкі саясат бөлімінің жанынан аудан тұрғындарына діни қатынастар саласында консультациялық және тәжірибелік көмек көрсету жөніндегі «Қауырт желі» ашылғанын ескеріп, керек болған жағдайда 22 7 30, 8 777 506 13 02 телефондарға хабарласуды сұраймыз.

Қарғалы аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырмасы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет