Дін және оның студент-жастарға әсері



Дата27.04.2018
өлшемі121.11 Kb.



Дін және оның студент-жастарға әсері

ҚазМемҚызПУ

Қазақ тіл білімінің теориясы мен әдістемесі

кафедрасының аға оқытушысы,

ф.ғ.м., Г.Ж.Сүлейменова

Діни мәселелері қандай заманда болмасын қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды күрделі мәселелердің бірі болып келген. Кеңестік идеология қирағаннан кейін діннің қоғамдағы орны және атқаратын қызметі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі кезенде дін қоғамның әлеуметтік және рухани өмірінің маңызды құрамы. Дін арқылы адамдар өздерінің дәстүрлі құндылықтарын қайта жаңғыртуға талпыныс жасауда.

Қазақтың дүниетанымындағы «дін мәселесі» халқымыздың рухани мұра жүйесінде оның ертедегі дүниетанымдық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан дүниетанымдық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті жолдардан өтіп, әлі де зерттеліп қарастырылуда. Оның негізгі бағыттары ретінде қарапайым да тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелері мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттау, тағы басқа мәселелері болды.

Діннің адамзат тарихында алар орны бар, діни санасы болмаған халық жоқ. Сонымен бірге дінге деген көзқарастар да әр дәуірде, әр қоғамда әрқилы болып келген. Ол дами келе  адамның танымын, сенімін қалыптастыратын күшке айналды. Діни ұстанымдар негізінде қалыптасқан сенім адамның қоршаған ортамен, басқа адамдармен, қоғаммен  қарым-қатынасына әсер етті. Сол сеніммен адам әлемді  таныды, өмір жолын таңдады, мінезін,ойын, дағдысын қалыптастырды. Жалпы адамзат тарихына көз салсақ, діннің шешуші рөлі бар екенін ешкім жоққа шығара алмайды.

Сондықтан дін дегеннің не екенін, оның қысқаша тарихын танып білу әрбір студент жасқа қажет. Егемен ел атанған мемлекеттің азаматтары үшін бұл қажеттіліктің өзіндік ерекшеліктері бар. Сол себепті, қазіргі таңда студент жастардың дінге қатынасы көкейкесті мәселеге айналуда.

Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлыгы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады.

Дін — қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі. Діннің мән-мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын. Дін жөнінде жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен-саяқ. Дегенмен «діннің бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды». Қорқыныш-үрей де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.е.с. да діни сенімнің өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір мағыналы анықтама берем деу өте қиын. Егер «религия» — (дін) терминіне келер болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда «байлау», «екінші қайта оралу» дегенді білдіретін көрінеді.

  Цицерон шығармаларында «религия» сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады. Бұдан шығаратын бірден-бір тұжырым, дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті, мәңгілік, тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады. Сенім — діннің негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы.

Қазақстанды мекендейтін түрлі ұлт өкілдері қоғамдық өмірдің барлық сфераларында заң жүзінде және күнделікті өмірде тең саяси, мәдени, әлеуметтік құқықтарға ие болып отыр. Жеке адамның рухани тазаруында, ізгілікті мұраттарды пір тұтатын жас ұрпақты тәрбиелеуде діннің үлкен роль атқаратынын өркениетті елдер тәжірибесі дәлелдеп отыр. Өз мәнінде уағыздалған діни нанымдар бір халықты екінші халыққа қарсы қоюды мақсат етпейді. Керісінше, дін барлық адамзатты бейбітшілікке, сенімге,тәубаға, келісімге шақырады. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық саясатында діннің зор рухани потенциалы қажетті орын ала бастады[1] .

Ал, қазіргі таңда өркенитеттік жолға түскен Қазақстан Республикасында діни сенім бостандығы адам құқығы ретінде мойындалып отыр. Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал етуі күшейіп, кеңейе түсуде. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда.

Дін арабша - адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл ойы мен сана сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы; адамзат танымының дүниемен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт; ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс. Діннің басты белгісі - адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Адамзат тарихының өн бойында дін адам сенімінің сипатына халықты қамтуына байланысты сан түрлі күйде болады.

Қазіргі таңда əлемде идеялар күресі жүріп жатыр. Халықаралық саясаттағы жəне мəдени ортадағы жаһандық өзгерістерді аңғарған жалған діни ұйымдар халықпен жұмыс жүргізу тəсілдерін өзгерте бастады. Олардың кез-келген ортаға бейімділігі радикалды тəсілдердің орнына заманауи уағыз насихат жəне білім беру технологияларын қолдануға мүмкіндік жасап отыр. Осының нəтижесінде жас ұрпақтың белгілі бір бөлігі түрлі теріс пиғылды ағымдардың, жалған діндердің шырмауына түсіп қалуы әбден мүмкін.

Жастарға батылдық, алған бетінен қайтпау тәрізді қасиеттер тəн, бұл әрине жақсы. Бірақ, өкінішке орай, олардың көпшілігі əлемдік діндердің тарихын терең біле бермейді Бұның себептерінің бірі қазіргі жастардың діни санасының дұрыс қалыптаспағанынан болып отыр. Бұл өз кезегінде теріс түсінік қалыптастыруы мүмкін.

Егер адамдардан діннің не екендігін сұрасаң, көбінесе: «Дін-бұл сенім»,-деп жауап беріп, содан кейін ғана ол неге сенетінін айтар еді. Шынымен де, адамдардың басым көпшілігі дінді сенім деп қабылдайды, әсіресе кез келген діндар адам өзін дінге сенетін адам деп санайды. Сенім – адамның қоршаған ортаға және ақиқатқа көз қарасын, қарым-қатынасын анықтайтын түсінік, білім,  елес, идеялар. Сенім, наным - адамның белгілі бір мәліметтерді, құбылыстарды, ойлар мен көзқарастарды, пікірлерді еш күмәнсіз қабылдап, мойындауында көрінетін психиканың ерекше күйі. Сенім-адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Қажеттіліктерін орныдау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен әлеумет заңдылықтары жөнінде ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.

Діни сенім - «сенімнің» кең түсінігінің бір құрамдас бөлігі ғана, әйтсе де, адамның рухани өмірі үшін ерекше маңызды екені даусыз. Дін – халық мәдениетінің рухани негізі, баға жетпес құндылығы. Оның қоғамда алатын орны зор және ерекше, діні жоқ, яғни дінсіз қоғамды елестету мүмкін емес. Тарих қойнауына үңіліп, беттерін парақтасақ, қай ұлттың болмасын, қалыптасуы, даму қарқыны, көркею үдерісі жайында тілі, діні, мәдениеті, өнері, кәсібі  мол ақпарат береді. Дін ұзақ жылдар бойы, ғасырлар бойы қалыптасып таралған.

Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті. Діннің қоғамдық қатынастарға, қоғам санасының діни компонентін қалыптастыруға ықпал етуі күшейіп, кеңейе түсуде. Халықтың әртүрлі топтар өкілдерінің рухани, соның ішінде діни өмір салтына деген қызығушылығы артуда.

Әсіресе қазіргі жастардың мешіттерге баруы, дінге бет бұруы қуантады, дегенмен әлі де болса ойланатын жайттар жеткілікті. Жастардың қоғамдағы салмағы жоғары. Адамдар білім алу, мамандық таңдау және қоғамда әлеуметтену, негізгі араласатын ортасын құру, рухани қағидаттар мен бағдарын қалыптастыру секілді негізгі әлеуметтік және демографиялық өмірлік кезеңдерінен дәл осы жас кезінде өтеді.

Ойланатын жайт, әлеуметтік және азаматтық тұрғыдан есею шағында жастар жағымсыз ықпалдарға да даяр тұрады. Студент жастар - бұл білім алған соң ертеңгі күні экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени, білім салаларда ұстанымға ие болады, сондықтан ол белгілі бір дәрежеде көптеген тоталитарлық және деструктивті дәстүрлі емес діни ұйымдардың басты нысанасы болады.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деп ұлағатты сөз айтты. Сондықтан, жастарды тәрбиелеуге, жан дүниесі рухани бай жастарды тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу қажет. Қазақстан Республикасының Діндер туралы заңында көрсетілгендей, Қазақстанда жалпы Орта Азияда дәстүрлі дін екеу: 1. Ислам діні; 2. Христиандық бағытындағы дін. Статистикалық мәліметтер бойынша дәстүрлі дін Ислам дініне бет бұрғандардың саны өте көп. Себебі, Ислам  ата-бабаларымыздан бастап бүгінге дейін ұстанып келе  жатқан-асыл дін.

Бізідің мемлекетіміз - Тәуелсіз, зайырлы мемлекет, яғни қай дінді қабылдаймын десең, өз еркің. Қазір әлемдік үш дін – Ислам, Христиан, Будда діндері бар. Сондықтан қазіргі қоғамдағы жас ұрпақ арасында жоғарыда аталған діндер туралы мәлімет беріп, ақпарат тарату, басты міндет болып табылады. Себебі, оңы мен солын, ақ пен қараны, жақсылық пен зұлымдықты енді ғана ажырата бастап, әлі  толық қалыптасып үлгірмеген жас буынға дін туралы түсінік қалыптастыру арқылы оларды теріс жағдайлардан аман алып қалуға болады. Олай деуімізге негіз бар: діннің не екенін, мақсаты мен мұратының қандай екенін жете түсінбегендер түрлі жалған ағымдардың жетегінде кетіп жатыр. Жалған ағымдар әркез дінге қайшы, ұлттар арасында алауыздық туғызу, тыныштықты бұзу. Демек, бұндай жағымсыз жайттар орын алмауы үшін біріншіден, дінді бұрмалауға жол берілмеуі тиіс.

Өмір көрсеткендей, бүгінде рухани тұлға болуға жоғары талап қойылады. Жаппай автоматтандырылу және ғаламтор кең таралған жағдайда, кең ақпараттық мүмкіндіктер жағдайында жастарға кейде діни немесе басқа қажетті идеяны дұрыс таңдау кейде қиынға соғады.

"Қазақ халқының бүгінгі рухани келбетіне көз салсаң, Абай ұсынған, Абай бағыштаған үш асылдың "Сүю, табыну және сенудің" тым көмескіленіп. тым даттанып кеткенін байқаймыз. Қазақ ұлтының біршама бөлшегінің мәңгүрттеніп, дүбаралануы көзі ашық, ұлттық санасы жетілген қандай азаматты болсын толғандырмай қоймайды. Мәңгүрттенуден құтылып шығудың жолы -қазақ халқын жоғалтқан Алласымен, жоғалған тәубесімен, махаббатымен жәңе әділетімен қайтадан қауыштыру" [2].

Абай философиялық данышпандылықпен ХХ ғасырдағы руханилықтың тоқырауын болжап береді. Бұл кезде ақыл толық жеңіске жетті. Себебі ғасырлар бойы дін мен ақыл-ойдың егіздігі жоғалды, ғылым толығымен өмірдің іргетасы мен мәніне айналды. Дүниетаным діннің орнына келіп, оны әлемдік тарихтан ысырып тастады. Осы кезеңнен бастап сенім өз мағынасын жоғалтып, тек ресми дәстүр дәрежесін қабылдады. Бұл көптеген қайшылықтардың туына әкелді: адам рухы басылып тәннің шырмауына айналды»[3].

Адамның бойындағы ең басты қасиет - ол таным және сенім. Таным кез-келген заттың, құбылыстың мәнін, сипатын, ерекшелігін білу және сезіну арқылы қалыптасады. Қазіргі жастар – ақыл-ойы терең, барлық заманауи технологиялық құралдарды меңгеруге, кез-келген жаңалықтарды меңгеруге белсенді.

Бір топ авторлар қазіргі қазақ халқының мәдениетінің төмендеп кеткеніне, жастар тәрбиесінің қажетті деңгейде жүргізілмейтіндігіне қатты аландаушылық білдіреді. Сондықтан осы уақытта діннің қоғамдық ролін қолдана білу керек деген ұсыныстар айтады.

Жарық дүние деп аталатын әлемде Исламның ізгілігі мен ұлы мұраттарын түсіну үшін, адамзат ұрпағы адал жолдан адаспау үшін ибалы адам, иманды қоғам құруымыз қажет.Қасиетті дініміз сонау Пайғамбарымыз Мұхаммед(с. ғ. с.) заманынан бергі он төрт ғасырға жуық ешбір өзгеріске түспей, әлем мұсылмандарына сара жол салып келе жатқаны белгілі.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Біз тегіміз – түрік, дініміз - ислам екенін ұмытпауымыз керек», - деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған.

Ислам он төрт ғасырдан бері барша адамзаттың наным - сеніміне, нәсілі мен тегіне қарамастан, ынтымақ пен бейбітшілікке, тазалық пен сабырлылыққа шақырып келе жатқан Аллаһ тағаланың соңғы, әрі бірегей діні.


Алайда, қазіргі кезде Ислам мен қазақы салт - дәстүрлеріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарам - қайшылықтарды толық танып білу қиындай түсуде, Олай дейтініміз, соңғы кездері әр түрлі уағыздар айтып, елді алдап жүрген топтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.
Қазіргі кезде Исламға «изм», «террор» деген жағымсыз айдар тағылуда. Жалпы, экстремизм дегенді қалай түсінеміз? Экстремизм дегеніміз – латын сөзі. Ол «шеттеу», «өз пікірімен әрекет жасау» дегенді білдіреді. Олар өздерін таза, дұрыс санап, өзгелерді адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Олар Ислам дінінің талаптарына үстірт қарайды. Көпшіліктің жүйкесіне тиіп, алаңдату, күмән келтіру арқылы пікір қайшылықтарына барады. Көп ілім үйрену зиян деп есептейді.Ата Заңымыз бен өзге де заңдарды мойындамайды.
Экстермизмнің мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін еш нәрседен қаймықпайды. Күш, қару қолдану арқылы, дін атын бүркемелеп, заңдарды аяққа таптап, негізгі ойларын жүзеге асыруға тырысады. Мұсылмандық адал тірлікті лайлауға тырысып, жастарды діни ағым - дарға тартады.

Иә, бұл ащы да болса, шындық. Жат ағымға алданған қаракөз


бауырларымызды көргенде өзегіңе өрт түскендей өкінішті сезесің. Бұған кімді кінәлаймыз, адамды ма, әлде қоғамды ма? Адамның ерік - жігерінің әлсіздігі ме, әлде қоғамдағы діни ахуалдың төмендігі ме?

Қоғамда үлкен дау туғызып жүрген «балақ түру», «хиджаб кию», «ата - анаға қарсы келу» мәселелері. Құран - Кәрімнің «Ахқар» сүресінің 15 - аятында «Адам баласына әке - шешесіне жақсылық жасауды нұсқадық делінген».


Құран Кәрімнің «Нұр» сүресінің 31 - аятында бүркеніп жүруді айтты, бірақ «беттеріңді тұмшалаңдар», «қара киініңдер» деген сөз жоқ
Жалпы, хиджаб кию мұсылманға парыз ба, әлде жәй еліктеушілік пе?

Хиджаб – жамылғы деген мағынаны білдіреді. Бұл – арабтардың киімі. Себебі олар ислам дінінен бұрын осы киімді киген. Ал ниқаб, пәренжені Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Иран халықтары қолданады.

Бұл ретте қазақтың киімі де ислам мәдениетімен тығыз байланысты.




Мысалы, «Қыз Жібек» жырынан:


Өзі он төрт жасында-ай,

Кебісінің өкшесі

Бұқардың гауһар тасындай.

Ақ маңдайы жалтылдап,

Танадай көзі жарқылдап,

Алтын шашбау шашында-ай

Қыз Жібектің дидары

Қоғалы көлдің құрағы

Көз сипатын қарасаң

Нұр қызының шырағы[ҚЖ,58].



Міне, осы жыр жолдарынан қазақ қызының нұр жүзі тұмшаланбағандығын көреміз. Демек, қазақтың киімінің шариғатқа ешқандай қайшылығы жоқ деген сөз. Қазақтың қыздары қызыл көйлек, қызыл камзол, үкілі бас киім киген. Кейін заманға лайық етіп қызыл орамалмен ауыстырған. Қара – қайғының белгісі, сондықтан одан қазақ қыздары қашық болған. Қазір де көп жерде осы дәстүр сақталған. Сондықтан хиджаб кигенше, өз ата - салтымызды дамытқанымыз дұрыс.
Заң талаптарына сәйкес білім беру орындарында хиджабқа тиым салынған. Бұл білім беру жүйесін діннен бөлу деген сөз емес. Өйткені, мұндай талап кімнің болсын, қай дінге сенгендігіне қарамастан, еліміздегі барлық студенттерге бірдей қойылады.

Ағымға ерген азаматтардың тиісті медициналық тіркеуден, тіпті екпе егуден бас тартуы, басқ а ағымға ерген жастарымыздың оқуларын тастап кетуі, жас ұл - қыздардың музыка тыңдау – «харам» деп, мемлекеттік Әнұранды тыңдамау, кеудеге қол қоймау, туға құрмет көрсетпеу, "жер бетінде шекара болмауы керек" деп, Отан қорғаудан қашып, әскери борышты өтемеу дұрыс деген бағыттағы уағыздар жүргізуі түрлі діннің ағымында кеткендердің ұлттық әдет - ғұрып, салт - сананы естен шығаруының айғағы болса керек. Айта кетерлік нәрсе, жат пиғылды ағымдардың жетегінде кеткен жастардың, жалпы адамдардың қоғамға қайта оралуы өте қиын, тіпті кейде мүмкін де емес.


Өйткені оларды Отан, отбасы, бірлік сынды қасиетті ұғымдар толғандырмайды.
Санасы уланғандар тек көсемдері айтқанды екі айтпай орындайтын сарбаздарға айналғанын өздері де түсінбейді. Бұған дәлел соңғы кездері радикалды ағым мүшелерінің бірнеше рет қылмысты оқиғалардың ұйымдастырушылары
ретінде аталуы. Ал бұл қоғам үшін қорқынышты емес пе?! Сондай - ақ түрлі діннің ағымында кеткен әке мен баланың бір дастарқаннан ас ішпек түгіл, бірін - бірі жау көруі, әке - шешесін тыңдамай, балалары басқа діннің ағымында кеткен ата - аналардың шарасыз күйге түсуі бүгінгі қазақ қоғамын ойландыруы тиіс.Сондықтан, жастардың рухани-танымдық жан дүниесін байыту және тәрбиелеу үзіліссіз, жүйелі жүргізілгені дұрыс. Қоғамның діни өмірінің өзіндік ерекшеліктерін жастарға жеткізіп отыру қажет. Кез-келген мемлекеттің болашағы жастардың мәдени дамуы мен біліміне байланысты болады. Сондықтан, қоғамда тұтас халықпен, соның ішінде жастардың діни білімдерін үнемі арттырып, дұрыс бағыт-бағдар беру бүгінгі күннің негізгі мәселесі болып қала береді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңы. - Астана, 2011.

2. Жақсыбай С. Тұрапбайұлы А. «Қазақстан діндер арасындағы татулықтың үлгісін көрсете алады». // Егемен Қазақстан 2007ж. 19 қырқүйек.

3. Энциклопедия «Ислам»/ Бас редакторы Р.Нұрғалиев. Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» бас редакциясы. 2001 321-б.

4. Мекежанов.Б.У. «Діни экстермизм құбылысының мәні және оның зерттелуі»/ ҚазҰУ Хабаршысы. Саясаттану. Философия. Мәдениеттану сериясы №1 (23) 2005.

5.www.google.kz. Қазіргі таңда қоғамның тұрмыс-салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлі айтарлықтай өсті



Түйін
Бұл мақалада жастардың діни білімдерін үнемі арттырып, дұрыс бағыт-бағдар беру бүгінгі күннің негізгі мәселесі ретінде қарастырылады.
Резюме

В данной статье будут рассмотрены мастерство учителя и талант профессиональных компетенций для эффективного использования новых технологических процессов.


Resume

This article will address the skill and talent of teacher professional competencies for the effective use of new technological processes.




Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет