Дидактикалық ойын баланың ақыл – ойын дамыту құралы Мединиева Света Нұрмұқашқызы Атырау қалалық, №20 «Алтын балық»



Дата17.11.2017
өлшемі122.13 Kb.
Дидактикалық ойын баланың ақыл – ойын дамыту құралыh:\dcim\100photo\sam_2513.jpg

Мединиева Света Нұрмұқашқызы

Атырау қалалық, №20 «Алтын балық» балабақшасының логопед тобының

І санатты тәрбиешісі

Ойындарды таңдап алудың елеулі маңызы бар. Оған күнбе-күн басшылық жасай отырып, педагог әрбір баланы зерттейді. Оның қайсы бір топтанудың пайдалы немесе зиянды екенін бағалауға, балаларға белгілі дәрежеде ықпал жасау қажеттігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндігі болады.

Баланы әрекеттендіре отырып, оның дұрыс даму бағыттағы жұмыстарды жүргізуде баланың әрекеттерінің негізгі түрлерінің көңіл бөле отырып, дидактикалық ойындарды да сол бағытта таңдап аламыз.

Баланың негізгі әрекет түрлеріне қарым-қатынас, ойын, білім, еңбек жатады.

Қарым-қатынас балалардың айналадағы ортаға үйренуі, көңіл-күй қатынасының дамуы, ойын-балалардың ойын арқылы әрекеттерге үйренуі, білім – ойын арқылы әрекеттендіре отырып білім беру, еңбек – ойната отырып, еңбекке баулу процестері жүреді.

Дидактикалық ойындарды дамытушы ойын ретінде пайдалана отырып, балалардың даму процесіне және олықтай түзету жұмыстары бағытында да пайдаланамыз. Бала дамуындағы ауытқушылықтың алдын алуда ерте баста түзету-тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу бала денсаулығын жақсартуға көмектеседі. Осындай жағдайдағы балалар дұрыс жолға қойылған жұмыстарды қажет етеді. Ауытқушылығы бар балаларда айнала қоршаған ортаға деген қызығушылығы болмайды. Сондықтан осындай балаларды тәрбиелеу мен оқытуда танымдық процестерін дамытуға арналған әдістер мен тәсілдер қолданылады. Дамуында ауытқушылығы бар балаларды түзетуде және оларды болдырмауда, алдын алу жұмыстарын жүргізуде алатын ролі зор.

Дидактикалық ойындар балалардың алған білімдерін нақты бекітіп қана қоймай, олардың ойлау қызметін де арттырады.

Ойын балаларға тән әрекет ретінде оған ақыл-ой міндеттерін көп қиналмай шешуге жаттығуға мүмкіндік береді. Ойын балалар үшін қызықты бола отырып, оларды тәрбиелеу мен дамытудың маңызды құралы. Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда «Жақсы ойын» жасауға үйретіледі. Мұндай ойынға: мазмұнның танымдық, тәрбиелік құндылығы, бейнеленетін түсініктердің толықтығы мен дұрыстығы: ойын іс-әрекетінің орындылығы, белсенділігі, ұйымшылдығы және шығармашылық сипаты: жеке балалардың және барлық ойнаушылардың ойын ережесіне бағынуы.

Эмоционалды қарым-қатынасты дамыту барысында:


  1. Зейінді дамыту.

  2. Көргенді қайталау.

  3. Үлгі бойынша әрекетті меңгеру дағдылары қалыптастырылады.

Балалардың зейінін дамыту проблемалы баланың мүмкіндігіне қарай білім көлемін, үлкендермен байланыс орнатуын, үйренуін меңгеруге көп көмегін тигізеді. Егер балада зейін болмаса, бала үлкендердің айтқанын түсінбейді, көрсеткенін қайталай алмайды, сөзбен айтқан нұсқауларын орындай алмайды. Себебі, ол балалардың үлкендермен байланыс жасауына, көргенді қайталауға, үлгі бойынша әсеркеттенуіне әсерін тигізеді.

Бастапқы кезеңде проблемалы баланың зейінін дамыту ырықсыз және қысқа уақытты болады. Ырықсыз зейінді дамыту жаңа, қызықты заттармен, қозғалыстармен, дыбыстармен жүргізіледі. Бір затқа баланың көңілі тек қана 2 минут ауады. Проблемалы балаларда пайда болатын ырықты зейін, тек қана жаңа, қызықты заттарға ғана көңіл аударып қоймай, оны меңгереді.

Бұл бағыттағы алынатын ойындардың мақсаты зейінді қалыптастыруға, заттардың бір жерден және сол жерден көрінуін күту, тығылған заттың жоғалып кетпей, тек қана уақытша көзден таса болатынын түсіну бағытында болады.

Көргенді қайталау – кішкентай балалардың қоғамдық тәжірибені меңгерудегі негізгі әдістерінің бірі. Осындай жолмен ол күнделікті тұрмыстағы дағдыларды меңгереді және тілін дамытады. Бірақ көргенді қайталаудың өзі балада бірден қалыптаспайды, ол үлкендердің тарапынан әсер етуді қажет етеді. Проблемалы балаларға көргенді қайталауды үйретудің өзі бастапқы кезеңі болып табылады, балаға практикалық білгенін меңгеру өте қажет.

Көргенді қайталау – үлкендердің қимылын қайталау немесе үлкендердің баланың алдында заттармен қимыл жасауы. Үлкен көрсетеді, бала қайталады. Сондықтан да қимылдар арқылы көрсету әдістемесі деп аталады.

Балалар үшін заттармен қимылдарды көрсеткеннен гөрі, қимылды қайталаған оңай. Балаға затпен дәл қайталау қиынға соғады, себеббі, оның ішінде жиі бірнеше кезекті кезеңнен тұратын қимылдар кездеседі, бала олардың бағытын және оған құлашын дәл сермеп, жеткілікті қайталай алмайды. Сондықтан да қимылды көрсету жай орындалады, сол және басқа да қимылдар сөзбен қайталанып отырады.

Бұл жұмысты жүргізгенде үлкендердің қимылын қайталауға, затпен қимылын қайталауға, олармен эмоционалды қарым-қатынас жасау мақсатын басшылық алады.



Қол моторикасын дамыту ерте бастан балаарда заттармен әрекеттену процесінде жүргізіледі. Ол баланың физиологиялық және психикалық дамуымен тығыз байланыста. Алдымен қысып ұстау қозғалысы пайда болады. Ілінген рйыншықтарды қысып ұстауды үйрене отырып, біртіндеп кеңістіктегі ойыншықтың орнын, бағытын, затттың формасын, көлемін айыра бастайды. Қол ептілігі бірдей дамиды, екі қол қозғалысы, бір, қолмен қысып ұстау, жұдырықпен, саусақ ұшымен, сұқ және үлкен саусақтармен қысып ұстау қимылдарны дамытылады. Дұрыс дамыған балада бір жастан асып, екі жасқа қараған шақта қол моторикасы қозғалысының барлық түрі дамиды.

Мектеп жасына дейінгі бұндай балалармен ұзақ уақыт үзіліссіз жетілдіреді және мектепке оқуға көру-қозғалыс координациясының дамуын жетілдіреді және мектепке оқуға дайындайды. Дидактикалық ойындар қол моторикамының дұрыс және тез дамуына әсер етеді.

Қол моторикасын дамыту:


  1. Қысып ұстауды дамыту

  2. Әрекеттері бірдей қимыл-қозғалысты дамыту

  3. Қол қимылын қайталауды дамыту

  4. Саусақ қимылдарын дамыту

  5. Қол буынын дамыту бағытындағы түзету жұмыстарын жүргізіп отырудың рлі зор.

Сенсорлық тәрбие – айнала қоршаған ортадағы болмыс пен заттар туралы түсінікті қабылдау поцесін дамыту болып табылады. Сенсорлық дамуы толық деңгейде өтуі үшін дұрыс жолға бағытталған сенсорлық тәрбие керек. Баланы қарауға, сипауға, тыңдауға т.б. үйрете отырып, перцептивті әрекеттерін қалыптастыру керек. Осы жүйені пайдалана отырып, бала геометриялық пішіндерді, көлем, салмақ өлшемін, дауыс ырғағын, түстерді, туған тілін меңгере алатындай болуы керек. Балалар бағдарлаудың алдын ала көру пробы және өлшеп көру іздену әдістерін пайдалана алмайды. Бұған әдейі үйрету керек.

Сенсорлық тәрбиеге үйрете отырып балаларда дамытатын бағытттар:



  1. Көру арқылы қабылдауды дамыту

  2. Көру арқылы түрді қабылдауды дамыту

  3. Көру арқылы көлемді қабылдауды дамыту

  4. Көру арқылы түсті қабылдауды дамыту

  5. Заттың біртұтастығын қабылдауды дамыту

  6. Кеңістік пен бағдарлауды дамыту

  7. Тактильді – қозғалысты дамыту

  8. Естіп қабылдауды дамыту

c:\users\user\desktop\documents\сандугаш флешка\света апай\фото0109.jpgc:\users\user\desktop\documents\сандугаш флешка\света апай\фото0111.jpg

Көру арқылы қабылдауды дамытуда балаларға заттың түрін айыра білді үйретеді. Баланы әрекеттену арқылы түрді айыра алуын дамытуға үйретеді. Сондықтан да алғашқы ойындар мен жаттығулар практикалық әрекетке негізделеді, заттың түрін айыру көзделеді. Бала көру арқылы заттың түрін айыра алмауы мүмкін және оның аталуын да білмейді. Проблемалы балаларға алдын ала көру (пробы) әдісін пайдалана отырып, үйреткен жөн.

Әр қарай бала түрді көру арқылы анықтайды. Алдымен дәлме – дәл жасай алмайды, ал кейін өлшеп көру арқылы анықтайды.

Егер де осы әдістерді ұзақ уақыт бойы пайдаланғаннан кейін және әр түрлі кезде, әр түрлі жерде балада толық көру арқылы қабылдауы пайда болуы мүмкін, заттың түрін басқа заттармен салыстыра отырып айыруды анықтауға үйренеді.

Көлемді қабылдауды дамытуда көлемін айыруға үйретеді. Затпен әрекеттен отырып, бала оның көлемін дұрыс айыра білуі керек. Проблемалы балалар көру арқылы үнемі дұрыс болмаса да ойыншықтармен әрекеттене отырып айыруға тырысады. Егер де практикалық көмек керек болғанда алдын ала көру (пробы) әдісін пайдаланамыз. Осы әдісті ұазақ уақыт бойы пайдаланғаннан кейін балада толық көру арқылы қабылдауы пайда болуы мүмкін, заттың көлемін басқа заттармен салыстыра отырып айыруды анықтауға үйренеді.

Көлемді қабылдау мен түрді қабылдау жолдары бірдей. Дегенмен де арасында өзгешеліктер бар. Сонымен қатар көлемнің әр түрлі параметрі бар биіктігі, ұзындығы, ені. Сондықтан да «үлкен-кіші» айырмасынан басқа бөліктері де бар: «ұзын-қысқа», «биік-аласа», «жалпақ-жіңішке». Осының бәрін есптей отырып, ойындар мен жаттығуларды жүргізу көзделеді. Жаттығуларды таңдауда көлемге байланысты заттармен ойындар қолданылады.



Түсті қабылдауды дамыту түр мен көлемді қабылдауға қарағанда өзгешелеу, бұнда практакалық жағынан алдын ала көру (пробы) және қателік арқылы айырылмайды. Түсті міндетті түрде көру керек, яғни оны көру, перцептивті, бағдарлауды қабылдаулары арқылы пайдаланады.

Алдымен түсті айыруда үлгісін салыстырып қарайды, өлшеп көреді. Беттестіріп салыстырған кезде түстердің айырмашылығын көре алады. Ол әлі заттың түсінің бірдей немесе әр түрлі екенін қабылдай алмауы мүмкін, бірақ түстердің бірдей немесе әр түрлі екенін көре алады.



c:\users\user\desktop\мұғалімдер фотосы\sam_2410.jpgc:\users\user\desktop\мұғалімдер фотосы\sam_2406.jpg

Дамуында ауытқушылығы балалар бұндай айырмашылықтар мен бірдейлестікті жиі көре алмайды, сондықтан да осы бағытта көп жұмыстану керек.

Балалар түсті айыра алған жағдайда ғана, оны өзінің әрекетінде дұрыс қолдана алады. Осының өзінде түсті айыру, түс туралы есте сақтау бағыттарына көңіл аудару керек.

Заттың біртұтастық кейпін қалыптастыру барысында баланың қоршаған ортадағы заттарды біртұтас ретінде қабылдауы, оның барлық әрекетінің дамуына әсер етеді. Ең басында зат бейнесінің біртұтастығы анық емес, бұлдыр болып келеді, бала таныс затты таниды, бірақ оның суретін сала алмайды, мүсіндеп бермейді. Бұл оның сала алмауында емес. Бала заты жеткілікті анық түсінбейді, сызбасын (контур), заттың бөліктерін сыза алмайды.

Проблемалы балаларда заттың біртұтастығының қалыптасуы баяу жүреді, ал арнайы түзету жұмыстары болмаса, еңбек әрекетінің дамуына кері әсерін тигізеді. Балалар сырт пішінін және құрылысын нашар түсінеді де бейнесін жиі танымайды.

Балалармен ойындар мен жаттығуларды таңдаған кезектесуіне және заттың біртұтастығын қалыптастыруда танудан қабылдауға және түсінуіне көңіл бөледі.

Бұл бөлімде заттарды тану және айыру, заттың біртұтастығы және бөлек бөліктерін түсіну бағытында жұмыстар жүргізіледі.

Кеңістікті қабылдау және онда бағдарлауды дамыту барысында бала өзінің кеңістіктегі орнын түсінуі керек, онда өмір сүр мен әрекеттенуін білуі керек. Бала үшін кеңістік алыс, жақын болып бөлінеді. Дамуында ауытқушылығы бар балалар үшін жақыннан бағдарлау алыстан бағдарлауға қарағанда ерте дамиды.

Ең бастысы кеңістікте бағдарлауды дамытуда балалар үшін басты және негізгі үйрету қағаз бетінен басталады. Бұған байланысты оқу мен жазуға дайындалады, картаны үйренуге, жазықтықта кең көлемдегі кеңістікті бейнелеуге үйретеді. Әрине бұл үйренудің негізі мектеп жасына дейінгі балаларда болады. Әрине кеңістік туралы түсінік пен бағдарлауды дұрыс дамыған мектеп жасына дейінгі балалар қиындықпен түсінеді. Проблемалы балаларда дамыту басты көңіл аударуды қажет етеді.

Бұл жұмыстарды заттар мен бөліктерінің арасындағы қатынастарды кеңістікте қабылдау, қағаз бетінде кеңістікті бағдарлау, бөлме ішінде бағдарлау, кеңістік туралы түсінікті қалыптастыру бағытында жүргізеді.

Тактильді қозғалысты қабылдауын дамыту. Адамдар айнала қоршаған өмірдегі жан-жақты түсініктерін тактильді-қозғалыс қабылдауынсыз түсіне алмайды, оның негізі сезім танымында жатыр. Бастысы тактильді-қозғалыс қабылдауының көмегімен заттың түрін, көлемін, олардың кеңістікте орналасуын білеміз. Баланың бірінші әрекеті затты қысып ұстауы болып табылса, сол арқылы түрді, көлемді, салмақты, заттың кеңістікте орналасуын, сипап тануды біледі, ал қол көзді үйретеді. Адам өмірінде тактильді-қозғалыс қабылдау үлкен роль атқарады. Заттың көлемдісі сипау арқылы білінеді, мүсіндеуде сипау қозғалысы негізінде бейнеленеді.

Тактильді қабылдау температура мен салмақтың қасиетін анықтауда басты роль атқарады. Қол еңбегімен айналысқан кезде осы дағдылармен кездесеміз. Ерте бала кезде затты қысып ұстау арқылы анықтаса, мектепке дейінгі жаста сипап анықтайды. Тактильді-қозғалыс және көру-қозғалыс координациясын дамытумен тығыз байланысты болады.

Түзету жұмыстарын ауытқушылығы бар балалармен жүргізуде заттарды айыру, тану, қабылдау, заттар туралы түсініктерін қалыптастыру бағытында жүргізілуі керек.

Бұл бағыт, сипау арқылы затты тану, үлгі бойынша түр, түс, көлем, кеңістікті бағдарлау, тактильді-қозғалыс негізінде түсіну туралы үйретеді.



Естіп қабылдауды дамыту екі бағытта жүзеге асады: бірінші жағынан, үйреншікті дыбыстарды қабылдау дамиды, ал екінші жағынан – тілдік дыбыстарды қабылдау, яғни фонематикалық есту қалыптасады. Екі бағыттада адам өмірі үшін өте маңызы бар және ол ерте балалық шақтан дамиды. Тілдік есту де ерте шақтан басталады. Сәби анасының даусын тез таниды, дауыс ырғағын айырады.

Фонематикалық есту бес жасқа қарағанда аяқталады, кейбір балада кеш болады. Дамуы дұрыс балада туған тілінің дыбыстары пайда болады, тілі фонетикалық тұрғыдан таза, қажалмаған болып дамиды. Дамуында ауытқушылығы бар балада патологиялық жағынан ерте және сәбилік шақта нашар дамиды. Естіп қабылдауды дамытуда дидактикалық ойындардыертерек бастаса, соғұрлым балаларда психикалық жалпы дамуын жақсарту өзінің жемісін береді.

Осы бағыттағы жұмыстарды жүргізе отырып, тілдік емес естуді қабылдау, тілдік естуді дамытуды қалыптастырамыз.

Ойлауды дамытуды қалыптастырудағы жұмыстардың алатын орны ерекше. Баланың қоршаған заттық өмірінің барлық танымдық әрекеті оның практикалық әрекетімен тығыз байланысты. Ойлауды дамыту екі жолмен жүреді көрнекі әрекеттік ойлаудан көрнекі-бейнелік ойлауға және логикаға. Басқа жолы – қабылдаудан көрнекі-бейнелі ойлауға, бәр жағынан, логикаға, басқа жағынан.

Ойлауды дамыту барысында таңдаланатын ойындар мен жаттығулар



  1. Қабылдаудан ойлауға

  2. Қабылдаудан дамытуға

  3. Қабылдаудан көрнекі-бейнелі ойлауға және логикалық ойлау элементтеріне көшу

  4. Көрнекі-бейнелі ойлауды дамыту

  5. Себепті ойлау элементтерін дамыту

  6. Көрнекі-бейнелі ойлауды дамыту бағытыдағы жұмыстарды жүзеге асыру барысында қолданылады.

Тілінің дамуы дұрыс дамыған балада ерте дамиды. Былдырлау процесінің өзінде фонематикалық естудің нышандары қалыптасады, артикуляциялық аппараттары, үлкендермен сөйлесе отырып сөздік қоры дамиды. Жасқа жақындағанда алғашқы сөздері, ал екі жасқа қарай бірінші сөйлем пайда болады.

Проблемалы бала алғашқы айларында ақ тіл дамуы жағынан қалыс қалады. Бұл кемшілік жалғаса береді. Мектеп жасына дейінгі кезеңге келгенде тіл дамуы дұрыс қалыптаспаған болады. Көптеген ауытқушылығы бар балалар мектеп жасына дейінгі кезеңде ғана емес, 4-5 жасқа дейін де сөйлемей қалу кездеседі. Тілді дамыту бағытындағы ойындарды таңдауда үлкендермен қарым-қатынас жасау, заттық және ойын әрекеттері, есту, көру, бағдарлау, ойлаудың бейнелі түрі бағытын дамытатын жағын аламыз. Үлкендердің тіліне көңіл аударуға, белгілерге назар аударуға, сөздің мағынасын түсінуге, фонематикалық естуді дамытуға тәрбиелейміз. Сонымен қатар негізгі тіл функциясына қарым-қатынасты (коммуникативті, танымдық), әрекетті реттеудегі дамытуға көңіл бөлеміз.

Тіл дамыу жұмыстарын жүзеге асыра отырып:


  1. Тілдік қатынасты дамыту

  2. Іскерлік эмоционалды қатынасты дамыту

  3. Ойын-кейіпкерлендіру

  4. Тілдің танымдық функциясын дамыту

  5. Сөздік мағынасын кеңейту, анықтау және түсіндіру бағытындағы жұмыстарды жүргіземіз.

Тілдік қатынасты дамытуда балалардың бір-бірімен қармы-қатынас жасауына жағдай жасалынады. Қарым-қатынас кезінде жаттанды сөздермен сөз ауыстырады деп ойлауға болмайды. Мысалы, ойынның мазмұны балаларға түсініксіз жағдайда, бір-бірімен сөйлесуге зауқы болмайды. Мұндай кезде бала көмектесу арқылы сөйлейді, жаттанды сөздерді, айтады.

Балаларға керекті қарым-қатынастағы дидактикалық жағдай өте қарапайым болады. Қарым-қатынас таза тілдік болмаса да, соның негізінде бірлескен әрекет, ымдау жағдайлары жасалады. Осындай жағдайда педагог керекті сөздерді айтып, көмектесіп жібереді.

Біртіндеп тапсырма, тілдік материал күрделене түседі. Бұл ымдаудан сөздік қатынасқа әкеледі.

Тілдік қармы-қатынасты дамытуда жоғары деңгейде жүргізілген жұмыстар үлкен нәтиже береді. Соның негізінде педагог пен балалар өте жоғары жетістікерге жетеді. Барлық психикалық процестер тілдің көмегімен ырықты түрде бағындырылатын болады.



Іскерлік эмоционалды қатынасты дамыту жұмыстарының негізгі мақсаты іскерлік қарым-қатынас бағытында сөйлеуге үйрету, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білу, жолдастарының аттарын естерінде сақтау, кішіпейілділікке, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

Ойын-кейіпкерлендіру жоғарыда айтылған ойындардан өзгешелеу болып келеді. Балалар қарым-қатынас жасаудың көмегімен өтетін әрекеттің мазмұнын, тілдік материалын, кезегін естерінде сақтаулары тиіс. Егерде балаға рйын-кейіпкерлендіруді мазмұны түсініксіз болып қана қоймай, оның эмоционалды қабылдауды да түсініксіз болса, онда ол жалған қарым-қатынас болады.

Дамуында ауытқушылығы бар балалар үшін қолданылатын ойын-кейіпкерлендіруге алынатын шығарма үйреншікті болуы тиіс. Балаларды кейіпкерлерді бейнелеуге, сөздерін дұрыс айтуға және тілдік материалды түсінуге, болып жатқан нәрсеге эмоционалды қатынасты меңгеруіне көмектесу қажет. Осындай жолдармен ойын-кейіпкерлендіруге жұмыс шаралары жасалады.



Тілдің танымдық функциясын дамыту танымдық функциясының ақыл-ой тәрбиесімен тығыз байланысты болады. Үлкендер тарапынан айтылатын сөздер ойластырылған болуы тиіс, себебі баланың қабылдауына таза күйінде жетеді. Жаңа сөздермен таныстырғанда заттардың қасиеті мен қатынасына көңіл аудару керек. Мысалы, баланың көрмеген нәрсесі туралы қалай айтуға боалды. Жаңа сөзбен таныстыра отырып, оның суретін, бейнесін көрсетеді, сол арқылы оның не нәрсе екенін түсінеді. Танымдық функция тілдің мағыналық және сөздің мағыналық жағының дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан осы жағынан алынатын ойындар мен жаттығулар сенсорлық тәрбиенің, және ойлаудың дамуы мен тілдің танымдық функциясының дамуына бағытталып таңдалады.

Тіл функциясы қарым-қатынаста және ойлауда дамиды. Қарым-қатынаста-коммуникативті және эксперссивті тілді дамытамыз. Коммуникативті-белгілі бір мәлімет бергенде, пікірін айтқанда бір-біріне әсер етуі.

Эксперссивті – сөз мазмұнына және сөйлеушіге эмоционалды қарым-қатынастың болуы.

Ойлауда – белгілейді және ойды қорытындылау тілін дамытамыз. Белгілейді – адамда затқа, құбылысқа т.б. туралы сөзге қатысты түсінік болады.



Ойды қорытындылау – сөз тек қана бір затты білдірмейді, бір топ ұқсас заттарды да блдіреді, әр уақытта олардың белгілі бір белгілерін хабарлаушы, яғни әр бір сөз ойды қорытындылайды және бұл ойлауды жүзеге асырады.
Каталог: upload -> Files -> pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Семинар барысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың жас кезеңдеріне сай шығармашылық топтарға бөліну арқылы жүргізіледі. Топты тьютор бағыттап, бағдарлап отырады
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Қазақтың ұлттық ойындары – тәрбие көзі әдістемелік нұсқау Астана 2011 Пікір жазған
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Балаларға судың пайдасы, қасиеті жайлы түсінік беру. Суды үнемдеу керек екенін түсіндіру
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> БАҒдарламасы (Вариативтік бөлік) Бағдарламаны құрастырушылар: Қ. Т. Аяпова, Г.Ө. Скакова Қызылорда, 2014 жыл
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы Тәжімова Гүлнар Теміржанқызы
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Жұмағалиева Әлия Жардемқызы. Атырау қалалық №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Мүмкіншіліктері шектеулі балалармен ойын арқылы жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстары. Каримова Айнур Ерболатновна «Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек»
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Ертегі балалар болашағының ертеңі Мақтаншақ қоян ертегісінің қойылымы Молдагалиева Маржангүл Тажикаловна №20 «Алтын балық»
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> А. Т. Боранбаева Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту
pedagogi-luchshikh-doshkolnykh-organizatsiy -> Балалардың орманда өздерін дұрыс ұстау ережелері Құрастырған: Б. А. Шынгожина Құстардың ұясын бұзбаңдар!


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет