Дәрумендердің адам өміріндегі маңызы



Дата27.10.2018
өлшемі124.4 Kb.
Дәрумендердің адам өміріндегі маңызы

c:\users\baur\downloads\img-20151213-wa0005.jpg
Егер сен дастарқан басынан аш тұрсаң, онда сен тойдың, тойып тұрсан, онда сен күшті болдың, ал енді әбден тойсаң, онда сен уландың.

Поль Брегг.

Дәрумендер ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұру қабілетін қамтамасыз етеді. Тағам құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, организм нашарлап, ауруға шалдығады, жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмайды.

Адамның денсаулығының жақсы болуы үшін бірінші кезекте дәрумендерді жеткілікті мөлшерінде болуына тікелей байланысты. Алайда, керісінше олардың жеткіліксіздігі көптеген ауруларға әкеліп соғады.

Мәселен, егер ағзада дәрумендер аз болса, адам тез қажып, асқа тәбеті нашарлап, жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, ауруға жиі шалдығады. Сондықтан да адамдар – денсаулығының жақсы болуы үшін үнемі ағзасын дәрумендермен қамтамасыз етіп отыру керек.

Полюстік экспедицияларда көптеген зерттеушілер, сондай – ақ ұзақ мерзімді кемемен жүзуде теңізшілер белгісіз аурудан қайтыс болған.

Бірінші жер шарын айналып, саяхат жасаған кемедегі Колумб және оның жолдастары емделіп жазылудан еш үміт болмаған. Бірақ бірнеше айдан кейін таңғажайып оқиға болды, олар оралған соң көкөніс пен жеміс – жидекпен қоректенгенде аурудан айығады. Соның құрметіне бұл аралды „айығу” деген мағынаны білдіретін партугал тілінде „Кюрасао” деп атайды. Магеллан саяхатты ( XVIғ) үш кемеден құралған экипажды үш жылдан соң өте аз адам оралады. Олар әртүрлі жағдайда көбісі қырқұлақ ауруынан қаза табады. Крузенштерн басшылығымен жасалған саяхат сәтті болды. Өйткені Крузенштерн алған тұздағы азық – түлікте С витамині көп мөлшерде болған.

Тек 1881 жылы орыс дәрігері Н.И. Лунин тәжрибелері негізінде осы аурулардың себебін тамақ құрамындағы қандай да бір ерекше заттардың болмауынан екенін анықтады, кейін 1911 жылы поляк ғалымы К. Функ тазартылған күрішпен қоректенген көгершінде пайда болған ауруды емдеген, күріш кебегін витамин деп атайды. Витамин латын тілінен „Vita – өмір, „ amin” – қажетті деген мағына береді.


Ауруды болдырмаудың іс – шаралары.

А витамині.

Аурудың болдармауы үшін біз ағзамызға қажетті дәрумендерді тәуліктік қажеттілігіне байланысты қабылдауымыз шарт.

А витаминінен көз ауруы туындайды. Ал көз ауруын болдырмау үшін броккон, сәбіз, қырыққабат, брюсселқыры, кәдіштер. т.б.

Д витамині.

Д витамині мешел ауруын туғызады. Осы ауруды болдырмау үшін қозықұйрықтарды, ақжелкенді, ас бұршағы, асқабақ, соя, түрлі көкөністер мен жеміс – жидектер жеп, көректену ағзадағы Д витаминнің алдын – алу іс шаралары болып есептеледі.

Е витамині

Е витамині жасушаларды бос радикалдарын қорғайды және теріге оң әсер тигізеді.

Е витаминнен туындайтын ауруды болдырмау үшін қояншөп, салат, саумалды, үрмебұршақ, сояны күнделікті өз мөлшерінде пайдалану ағзада ешқандай ауруды болдырмайды және алдын – алады.

К витамині

К витамині қанның ұйығыштығын жақсартады.

К витамині броккошде, қырыққабатта, гүлді қырыққабатта, бұршаққында, үрме бұршағында, салатта, картопта өз мөлшерінде кездеседі.

Жеміс – жидек, көкөніс, өсімдік шырыны, міне осының бәрі дәруменге бай. Тамақтанған кезде алдымен осылардан бастаған дұрыс. Әйел реңі тартымды болу үшін таңертең, түсте, кешке барлық тамаққа дәрумен қосқан абзал. Оларды таблетка түрінде қолданған да жақсы.

Қай дәрумен қандай тамақта көп болады?

А дәрумені сарғыш не қызыл түсті тағамдарда кездеседі. Олар – сәбіз, қауын, қызанақ, балық майы, сиыр бауыры, жұмыртқа, сары май, ірімшік, рауғаш, қаймақ т.б. Құрамында А дәрумені бар тағамдарды күн түспейтін қараңғы жерде сақтайды. Оларды ыстық сумен жумайды.

А дәрумені көздің көру процесіне қатысады. Бұл дәруменнің өсіп – өну және зат алмасу үшін маңызы зор.

Д дәрумені екіқабат әйелдерге өте пайдалы ол жұмыртқа, сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы құрамына енеді.

Д дәрумені кальций мен фосфордың алмасуын реттеуге қажет оның ерекше қасиеті сыртқы ортада өзгере қоймайды. Сондықтан тағамды қандай түрмен даярласа да, ол дәруменді байыптандырмайды.

Биомедициналық қызметі.

Д витамині организмде фосфор мен кальцийдың ащы ішектің сілемей қабатының клеткаларына сорылуына әсер етеді. Қанда кальцийдың фосфор мен қатынасы 2:1 ( Ca) болатындықтан, осы тепе – теңдікті сақтайды, сүйектің беріктігін қамтамасыз ететін фосфор – кальций тұздарының түзілуіне қатысады, қалқанша безінің функциясына әсер етеді. Кальциферал қанның белоктарымен кешен түзе отырып тасымалданады. Бұл кешен Д витаминін биологиялық тотығудан сақтайды.

Д витамині тағамда жетіспегенде балалар – мешел ( рахит; грекше rhachis – арқақыра, омыртқа бағанасы), ересектер – остеомаляция – ( ostean – сүйек, malatia – жұмсару) немесе остеодистрафия, ал бөгде адамдар остеопороз (poros – саңылау, тесік) ауруларына шалдығады. Аурудың себептері: азықта Д витаминінің жетіспеуі қарбалас қалқанша бездерінің қызметінің бұзылуы, азық пен ауада кальций мен фосфор тұздарының аздығы, күн сәулесінің жетіспеуі. Организмге Д витамині көп түскен кезде гипервитаминоз орын алады. Бұл жағдайда ішкі органдарда кальций тұздары көбейеді, сүйек ерте минералданады, балалардың өсуі тежеледі.

c:\users\admin\desktop\20170218_164133.jpg

Оқушыммен тақырыпты талдау барысында

Дәрумендердің бала ағзасына әсері

1. Сыртқы себептер.

Дәрумендердің бала ағзасында жетіспеушілігінен „гиповитаминоз” деген құбылыс пайда болады. Гиповитамиоздың даму себептерін екі үлкен топқа бөлуге болады.

Дәрумендердің бала ағзасына жеткіліксіз мөлшерде түсетін жағдайлар, мәселен нәрестені ұзақ уақыт бойы сиыр сүтімен тамақтандырғанда, тамақ құрамында көкөністердің аз болуы, жеміс – жидек шырындарын балаға кешіктіріп немесе жеткіліксіз мөлшерде беру, тамақты дұрыс дайындамау және сақтамау, құрамында көмірсулар көп тағамдарды қант, ақ нан, кондитерлік өнімдерді шамадан тыс мөлшерде пайдаланғанда.

Дәрумен тапшылығы балалар ұзақ ауырғанда, дәрі – дәрмектер ішкенде де пайда болады. Ондай дәрілерге сульфаниламидтер, антибиотиктер, фенобарбитол, изониазид, дигиталис, анталзидтер жатады.



2. Ішкі себептер:

Бала асқазаны , өт, бауыр, ұйқыбезі, ішек ауруларымен сырқаттанғанда және ауру ұзаққа созылған инфекциялық ауруларда, темекі тартатындар мен нашақорлар да ағзасына ауыр физикалық салмақ түсетін спортшы аналарда гиповитаминоз пайда болады.



Гиповитаминоздың негізгі клиникалық белгілері:

1) баланың көңіл – күйінің төмендеуі;

2) ақыл – ойы, күш – жігері әлсірейді. Оның ішінде кішкентай балалардың тәртібі нашарлап, қимылдау қабілеті азаяды, психикалық дамуы тежеліп не өзгереді;

3) баланың иммунитет жүйесінің жұмысы төмендейді яғни олар инфекцияларға қарсы тұра алмайды, кез келген аурумен тез ауырады олар ұзақ ауырып, көбіне аурудың созылмалы түріне айналады;

4) баланың физикалық дамуы төмендеп, өзінің жасына сай келмейді, дене салмағы мен бойы өз құрбыларынікінен қалыс келеді;

5) ағза мүшелері мен жүйелерінің қалпына келу қабілеттілігі төмендейді.

Әсіресе, дәрумендер тапшылығы пайда болатын көктем айларында баланың ішетін тамақ құрамында жеткілікті мөлшерде көкөніс, жеміс – жидектер болу керек. Сонымен қатар ет, жұмыртқа, сүт және сүт өнімдері мен өсімдік майларының да қажетті мөлшерде болуы шарт.

Сондықтан біз қай дәрумендердің қандай қасиеті бар екенін және қандай өнімдерде болатын білуіміз керек.

А – дәрумені көздің көруін жақсартады, терінің жазылуына, жаңаруына көмектеседі, бауырды қорғайды, ол сәбізде, шабдалыда, жүгеріде, бананда, асқабақта, жұмыртқада, қаймақта, шпинатта болады.

Д – дәрумені сүйектің минералдануы мен қатаюына көмектеседі. Балық майында, треска бауырында, балық үылдырығында, жұмыртқада, сүтте, сарымайда бар.

Е – дәрумені тері мен шырышты қабаттың жазылуын жақсартады, жаңғақта, көк бұрышта, жүгеріде, цитруста, сельдерейде, өсімдік майында

болады.c:\users\admin\desktop\20170218_163319.jpg



Мектеп медбикесімен учётта тұратын оқушылар тізімін анықтау.

Тағамдардың химиялық құрамы және олардың денсаулық үшін маңызы.

Тағамның химиялық құрамының әр түрлілігі адам денсалығын ең басты кепілі. Өйткені олар адам ағзасын қажетті биологиялық белсенді заттармен А, С, Д, Е, К қамтамасыз етеді. Адам ағзасына минералды элементтер кальций (Са) фосфор (Ғ), темір( Ғе), кобальт ( СО), қалайы (Ln) т.б. өте үлкен физиологиялық биохимиялық рөль атқарады.

Адамның тез қартаюы адам ағзасына тағаммен бірге витаминдердің аз мөлшерде келуіне немесе олардың жетіспеуінен байланысты. Витаминдерді көп пайдаланған адамда қартаю үрдісі өте баяу етеді. Адам тез арада қартая қоймайды. Витаминдер ағзасының ішкі физиологиялық – биохимиялық үрдісінің жүруін жақсартады.

Тағам құрамында минералды элементтер аз болса, олардың ішінде йод жетіспесе және витамин С аз болса, онда щитовид безі өсіп кетеді де, адам ауруға шалдығады. Ал дерті базед ауруы деп атайды. Сүйек опырылғыш келеді, және өспей қалады, адам өте тез шаршағыш, тез қажығыш келеді. Ақыл – ой нашарлайды. Сондықтан да тағамның химиялық құрамында жеткілікті түрде минералды элементтер болуы тиіс. Олардың ішінде:

Натрий – оны адам ас тұзын қабылдайды. Ас тұзы пайдалы екен деп қалай болса, солай пайдалана бергеннің жөні жоқ. Тұз кейбір жағдайда дос болудың орына қас бола кетуі мүмкін. Сондықтан да тұз аз мөлшерде қолданылады.

Осындай химиялық элементтер адам ағзасында керекті заттар болып табылады.



Жемістер – дәрумендердің қайнар көзі.

Алма құрамында – 83 – 88% су, 7,5 – 16% қант, 02 – 08% қышқыл, 9,5 – 18,5% құрғақ қалдық, 0,28 – 1,0% ілік заттар, А, В1, В2 т.б. дәрумендері көптеген минералды заттар бар. Шырыннан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де , адам ағзасын ауыр металл заттардың тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.

Алманың пайдасы.

Алманың пайдасы өте көп. Қан қысымын түсіреді, ағзаның радиацияға қарсы күшін тудырады. Адамның қышқыл сорты сусамыр мен семіздікке, ал тәтті түрлері бүйректегі тасты түсіруге көмектеседі.

Денсаулықты сақтау үшін күніне бір алма жеп тұру керек. Қаны аз адамдар күніне 400 – 600 грамм Антонов алмасын жеу абзал. Бүйректе тас пайда болудың алдын алу үшін алманын құрғақ қабығын ұнтақтап, бір стақан ыстық суға араластырып, үш рет бір ас қасықтан бір ай бойына тамақтан жарты сағат бұрын ішеді. Бір апталық үзілістен кейін емді қайта бастауға болады.

Жөтелдің алдын – алу үшін ұсақтап тұралған құрғақ алманы қайнаған сумен араластырып, 5минут отта ұстайды. Одан соң жарты сағат суытып қояды. Тұнбаға бір ас қасық бал қосып, жарты стақаннан күніне үш реттен тамақтан жарты сағат бұрын ішу керек.

Зат алмасуды жақсарту үшін төрт – бес алманы ұсақтап турап, бір литр су құйып 10минут қайнатады. Тұнбалы шай ретінде ішу керек. Зат алмасудың бұзылуы салқын тиіп ауруы кезінде алманың екі ас қасық құрғақ қабығымен жарты литр қайнаған суға салып, 5минут қайнатады.

Қоспаны 15 – 20минут тұндырып, жылы күйінде күніне 3 рет жарты стақаннан тамақтанардан 10 – 15 минут бұрын ішеді.


Банан os01006.jpg

Банан құрамында 22 – 25% көмірсулар, 14 – 22% қант, 5 – 8% крахмал, 1 – 1,5% белок, 0,5% май, сонымен қатар минералды тұздың А, В, С, Р витаминдері бар. Банан жемістерін жас күйіне және кептіріп те жеуге болады. Одан банан ұны, консерві, мармелад, шәрбат, шарап дайындайды.



Бананның пайдасы.

Егер сіздің қан қысымыңыз жоғары болса, күнделікті дастархан мәзіріне осы тропикалық жемісті пайдаланғаныңыз жөн. Дәрігерлер күніне 2 рет банан жеген қан қысымын төмендетіп, инсульттің дамуына кедергі болады, - дегенді айтады. Сондай – ақ күніне тек банан ғана жесеңіз, артық салмақтан арылуға да болады.



Жүзім os01002.jpg

Жүзім – жидегінің шырынының құрамында су (65 – 80%). Фруктоза, глюкоза (5 – 30%), органикалық қышқылдар (4 – 11%), пектин (0,3 – 1,2%), минералды заттар (0,3 – 0,6%) және С, В1, В2, дәрумендері және провитамин бар.

Жүзім жеу немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу ағзаға, ми жасушаларына өте пайдалы, дейді дәрігерлер.

Жұзімнің пайдасы.

Жүзім қатерлі ісіктен ( рак) қорғау ерекшелігіне ие. Клетка іші малекулаларда ісік пайда болуына апаратын еркін радикалдар шабуылдап, тойтару – жүзімге берілген таңғажайып қасиет. Яғни, ол қатерлі ісік ауруының алдын алады. Екінші жағынан жүзімнің құрамындағы ең маңызды заттардың бірі ресвератролдың де ракқа қарсы әсер ету күші бар екендігі 1985 жылы Жапонияда жүргізілген зерттеу еңбектерінде де анықталған болатын. Бұл зат өсімдіктер тарапынан өндірілетін фитолексин тобына жатады.



Алмұрт os01020.jpg

Алмұрт – жемісінің құрамында 80 – 84% су, 10 – 13% қант, глюкоза, фруктоза, сахароза, 0,1 – 0,6% қышқыл және 0,4% азотты заттар А, В, С витаминдері бар. одан тосап, шарап т.б сусындар дайындалады.



Алмұрттың пайдасы.

Оның шырыны несепті айдау үшін өте пайдалы. Алмұрт шырынын қуыққа тас байланғанда да ішеді. Алмұрттың шырыны мен тұндырмасы несептің бөлінуін күшейтіп қана қоймай, түсін де ашып, бактерияларды жоюға әсеретеді. Оның азықтық, шипалық қасиеті мол. Алмаға қарағанда алмұртта жасуық мөлшері көбірек, сол себепті тәнге бояу сіңеді.



Лимонos01015.jpg

Лимон – қант диабетімен ауратындарға оның жапырағын көлеңкеде кептіріп, ұнтақтап, сосын бір ас қасығын жарты литр суға салып, шай сияқты демдеп, күніне 3 рет 30 грамнан 2 ай ішкізіп, ауруынан жазады. Лимонның шырының сығып алып бетке жақса, ондағы қара дақ пен секпілді тазартады. Жаңағы шырынды күн сайын 50грамнан 3рет үзбей бір ай ішсе бүйректегі тас пен құм түседі. Лимонды кесіп алып, шайға салып, ішіп жүрсе, қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтерілуі бәсеңдейді. Лимонмен шай ішкен адамның жүйкесі бір қалыпты болады.



Апельсин.os01017.jpg

Отандық сорттарының құрамында 60мг , қант, А, т.б дәрумендері бар. темекі қағазына оралған апельсинді мамыр айына дейін сақтап қоя аласыз. Әсіресе оның қабығы дәруменге өте бай. Семіздіктен емдегенде апельсин, алма, қияр күндерін тағайындайды. Себебі көкөніс пен жемістің энергиялық қуатының аздығы тамақтың күндік рационының колориялығын құртын кемітеді. Осыған орай бұл күндер жеңілдену күндері деп аталады.



Пайдасы.

Семіздіктен емдегенде апельсин, алма, қияр күндерін тағайындайды.



Анарos01011.jpg

Құрамында қант 4 – 10% С дәрумені, танин, лимон қышқылы бар. шырынын және жемісінің қабығын медицинада асқазанның жұмысы бұзылғанда, кепкен бұтақтары мен діңінің қабығын ішек құртына қарсы дәрі ретінде пайдаланады.



Пайдасы

Асқазаны ауыратындар, асқазан сөлінің қышқылы жоғары, гастритпен сырқаттанатындар, эторокоштпен ауырғанда анардың ащы сорттарын пайдаланбау қажет.

Жеке денсаулықты сақтау үшін әрбір адам өз ағзасында ауру туғызбау үшін не істеу керек екендігін білу керек. Бұл өте қажет, өйткені барлық аурулардың туу себебі бір – ол білімсіздік, денсаулығына көңіл аудармаудан туындайды. „ ауру – астан” дегендей, әр адам ішетін ауыз суы мен күнделікті тамағының сапасына көңіл бөлгені жөн. Таза су, құнарлы тамақ, сіңімді тағам адам бойындағы түрлі ауруларға деген иммунитетті жетілдіріп, қорғаныш қабілетін арттырады. ДДҰ дерегі бойынша адам ағзасына қоршаған ортаның қолайсыз факторларының 80% тамақ арқылы беріледі екен. Елбасы жолдауында ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алудың тиімді екенін үнемі көрсетілген. Денсаулыққа белгілі – бір мөлшерде сақтанудың арқасында ғана жететін болғандықтан: мөлшерімен ішіп жесең, денің сау болады, мөлшермен еңбек етсең, күш қосылады.

c:\users\admin\desktop\20170218_163500.jpgc:\users\admin\desktop\20170218_163439.jpg

Витамин жетіспеген жағдайда бой мен салмақтың өзгеруін анықтау

Тамақтану тәртібі

Тамақтану тәртібі дегеніміз ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай – ақ тамақтану кезінде астық мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді. Тамақтану режиміне мына төмендегі принциптер енеді.

Бірінші тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.

Екінші, тәулігіне бір – екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі бір мөлшерде үш немесе төрт рет тамақтану керек.

Үшінші, тамақ құнарлы болғаны жөн. Себебі адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни, белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адам өзі таңдай алуы шарт. Бұл ретте, дәрігер – диетологтың да кеңесі артық болмайды. Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл – күйіне баса назар аударғаны жөн. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей рет ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді. Мұны мамандар физиологиялық процесс деп те атайды.

Тәбет дегеніміз аштыққа қарсы тұратын құбылыс. Ол мына бір принциптермен дәлелденеді. Атап айтқанда, тамақ қабылдау. Мезгіліне, тағамның түрі, дәмі немесе иісі, түрлі қоспалар, тіпті бұл ретте адам ойы да өзіндік рөл атқарады. Адамның тәбеті шылымға, кофеге, шайға опиум, ішімдік, тағы басқаларына ашылатын көрінеді.

Бірақ мұндай физиологиялық қажеттіліктен аулақ болған дұрыс. Тәбет кей ретте асқазанның шұрылдап, маза бермеуі, бос, еш жұмыссыз тұрғандығымен қиналады. Бұл сипаттама мешкейлерге тән. Бұл орайда халықтық медицина ондай адамдарға бірнеше күн өзіне аштық жариялағанды ұсынады.

Тамаққа деген тәбет сыр білдірмей де келеді. Ол сыртқы факторлардан делдал іздемейді. Адам белгілі тамақты құмартқанда, тәбеті өздігінен пайда болады. Міне, осы кезде адам асқазанда өзі қалаған ас әзірлеп, дастархан басына жайғасып, тамақтанғанға не жетсін дейді. Және солай да жасайды. Бұл адамның организмның мәнінде ас қабылдауға дайын екендігінен жақсы хабар бергендігі. Мен дәрумендер туралы оқушыларға барынша түсіндіре алдым деп ойлаймын. Бұл тақырыптың өзектілігі оқушылар арасында дәруменнің адам өміріндеге ерекше орыны туралы түсіндіру. Фаст – фуд өнімдеріне тәуелділікті кеміту. Мүлдем қолданбау. Дені сау болуы үшін спорттың барлық түрлерімен айналысу шарт. Өйткені менің тақырыбым тікелей денсаулықпен байланысты. Сауалнамамды қорытындылаған кезде ең қуантарлық жай ол біздің мектеп оқушыларының 60% дерлік алма жемісін көп пайдаланады. Үй және мектеп асханаларында дәрумендерді көбейту қажет. Сау бала – ұлт болашағы” дейді халық.

Салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау ұрпақ тәрбиелеу - бүгінгі күннің басты талабы. Дені сау ұрпақ – мемлекет байлығы.

АҚБАЯН ТОҚҚОЖАЕВА

Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің

биология пәні мұғалімі


ОҚО,Созақ ауданы,Сызған ауылы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет