Дәріс №1. Кіріспе. Ауылшаруашылық малдарының төлдерін өсірудің ерекшеліктері. (1сағат)



бет4/12
Дата17.07.2017
өлшемі2.05 Mb.
#40386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Арнайы клеткаларда құстарды ұстау тәсілі құс шаруашылығында, әсіресе ірі өндірістерде (фабрикалар) кең таралған. Бұл тәсілмен ұстау кезінде арнайы клеткалы батареялар (тізбегі) жасалып қораның ішіне бірден бес қабатқа дейін аралықтарынан жол қалдырып орналастырылады. Ол үшін құстарды жекелеме, шағын топпен (2-10 басқа дейін) және ірі топпен (бірнеше ондық) ұстауға арналған цинкпен көмкерілген сымдардан клеткалар жасалып тізбектеп орналастырылады.

Кәзіргі кезде клеткалы батареяларда барлық негізгі технологиялық процесстер: азық жеткізу, суару, жұмыртқа жинау, саңырық тазалау, жуу, дезинфекциялау т.б. механикаландырып және автоматтандырылған. Клеткаларды қорада орналастырылуы тігінен және сатылы немесе каскадты жасалады. Құстарды клеткалы батареяларда ұстағанда, олардың орналасу қабатына байланысты, еденде ұстағанмен салыстырғанда 2-4 есе, қораның сиымдылығы артады. Онымен қоса клеткалы батареяларда құстарды ұстау кезінде жұмыртқалаудың жыл мезгілдеріне бөлінуі жойылады, өндірістің санитарлық жағдайы жоғарлайды, құстардың денсаулығын мезгілді бақылап отыруға қолайлы болып, азық шығыны кеміп, оларды ұстап ветеринариялық-зоотехникалық жұмыстарды жүргізуге мүмкіншілік туады. Клеткалы батареяларда ұстағанда технологиялық процессті механикаландыру және автоматтандырудың нәтижесінде еңбек өнімділігі жоғарлайды.

Құстарды клеткалы батареяларда ұстаған кезде тек қана оларды мол, құнарлы азықтармен қамтамасыз етудің ролі артпай, қорадағы микроклиматты, оның ішінде, жарықтану режимін қалыптаудың маңызы жоғарлайды.

Құнарлы азықтармен азықтандырып клеткалы батареяларда ұстаған құстардың, басқа серуенді тәсілмен салыстырғанда, жұмыртқаларының химиялық құрамы, биологиялық бағасы және тағамдық қасиеттері кем болмайды.

Құстарды клеткалы батареяларда ұстап, өсіріп-бағу оларды едендерде ұстау тәсілдерімен салыстырғанда айтарлықтай өзгешеліктері болады.

Құстарды клеткалы батереяларда ұстағанда, олардың қозғалысы шектеледі және ондай тәсілмен ұстауға дағдыланбаған тұқымды құстар семіріп, кейбір органдарының қызметі бұзылып, жұмыртқалау қабілеті төмендейді. Сондықтан, клеткалы батереяларда ұстау тәсілдерін дамытумен қатар, ондай жағдайда ұстауға бейімдеуге арналған селекциялық жұмыстар жүргізілуі керек.

Құстарды бір жерден ауыстырмай ұстап өсіруді көп сатылы (фазалы) түрімен, яғни жас құстарды жиі орнын алмастырып отырып өсіргенді өндіріске енгізеді. Бірақ құстарды мезгіл-мезгіл орын ауыстырып өсіру кезінде оларға әртүрлі стресс факторлар әсер етіп, олардың тәбеті төмендеп, төзімділігі нашарлап, өнімі азайып және еңбек шығынын арттырады.

Құс қораларының микроклиматы нашар болса жас құстардың өсіп-дамуы тежеліп, өнімділігі төмендеп, құстың басқа ауруларға қарсы тұру қабілеті азаяды. Құстарды қанағаттандырғысыз микроклиматы бар қораларда ұстағанда, олардың өнімі 40-50 % төмендейді, бір өнімге шаққанда азық шығыны 30-40 % артып, құстың, әсіресе жас балапандардың ауруы 3-4 есе көбейеді. Ірі құстардың, онымен қоса ересек жас құстардың қораларындағы ауаның температурасының, қыс айларында, төмендеуі немесе жоғарлауы қалыпты нормадан 2 градустан артық ауытқымауы керек.

Жылдың жылы мезгілдерінде қора ауасының температурасының ең жоғарғы шегі сыртқы ауаның температурасының көрсетуінен 5 градустан жоғары болмай, бірақ 1-10 тәуліктік балапандар үшін 33ºС артық емес, басқа жастағы жұмыртқалайтын құстарға - 28ºС, ет бағытындағыларға - 26ºС жоғары болмауы керек.

Қысқа мезгілде (тәулік ішінде 4 сағатқа) ауа температурасының жоғарлауына рұқсат етіледі, бірақ жалпы орта есеппен 33ºС жоғары көтерілмеуі керек (кесте 21).

Құс қораларының ауасының температурасының төмендеуі құстың энергияға сұранысын арттырып азық шығының жоғарлатады да, ал температураның жоғарлауы белгілі бір мөлшерге дейін азыққа құстың сұранысын төмендетеді.

Сондықтан ауа райы ыстық аймақтарда құстың азыққа сұранысы азайып, оларға қажет көректі заттармен организмді қамтамасыз ету қыйынға түседі.

Қора ауасының температурасы 33ºС жоғары болса, тауықтардың жұмыртқасы 18-20 % төмендеп, азық шығыны 15-20 % азайып, су ішуі – 50-60 % жоғарлайды. Құстар организміне жоғарғы температураның зиянды әсерін азайтудың жаз айларында, бірден-бір тиімді жолы қорадағы ауа қозғалысының жылдамдығын жоғарлатып (2,0-2,5 м/сек) организмнен жылу тарауын арттыру болып есептеледі.

Құс қораларының ауасының ылғалдылығының жоғарлауы азықтағы көректі заттардың төмендеп, қандағы гемоглобиннің мөлшерінің кемуіне апарып соғады. Құстардың ауа ылғалдылығы жоғары және температурасы төмен қораларда болуы оларды суыққа ұрындырып, ауруға шалықтыруы мүмкін.

Құрғақ ауа – салыстырмалы ылғалдылық 50 % төмен болғанда құстардың тыныс жолдарының клегей қабаттарын тітіркендіріп, қауырсындарының сынғыштығына апарып соғады. Ауа ылғалдығы 35 % дейін төмендесе құстар арасындағы өлім-жітімге ұшырау 14 % оданда жоғары болады. Ондай жағдайда ауаның ылғалдылығын қалыпты мөлшерге дейін көтеру, ауаның шаң-тозаңын басып, бактериялармен ластануын азайтып, құстардың сақталу пайызын арттырып және өсу салмағын жоғарлатады.

Жылдың ауыспалы мезгілдерінде салыстырмалы ылғалдылықтың мөлшерін тауықтар, күрек тауықтар, цесаркалар және құрлардың қораларының ауасында 75 пайызға дейін, ал үйректермен қаздар үшін 85 пайызға дейін жоғарлатуға рұқсат етіледі. Ауа райының суық кездерінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығын ересек тауықтар мен күрек тауықтардың қораларында 40-50 % дейін, ересек қаз және үйректерге – 60 %, ал олардың жас шібилері үшін – 50 % дейін төмендетуге болады.

Жылдың суық мезгілдерінде қора ауасының қозғалысының жылдамдығы – 0,5 м/сек жоғары болмауға тиіс.

Құстардың қораларының ауасында аммиактың мөлшері қалыптан көп болса, олардың тыныс жолдарының клегей қабаттарын тітіркендіріп, мазасыздандырып және көз кілегей қабатына сіңіп көз ауруы-кератоконьюнктивит (аммиакты токсикоз) туына әсер етеді. Әсіресе бұл ауру жас құстарда басқа вирусты және бактериялық инфекциялармен қосылып (инфекциялық ларинготрахеит, бронхит т.б.) жиі өлім-жітімге ұшыратып, шаруашылыққа үлкен экономикалық зиян келтіреді.

Егер, құстардың қораларының ауысындағы аммиактың мөлшері қалыпты болғандағы (15 мг/м³) өнімділігін 100 % тең деп бағалаған болсақ, ауадағы газдың мөлшері 30 мг/м³ дейін көтерілсе жұмыртқалауы 21,8 % төмендеп, өлім-жітімге ұшырауы – 2,2 есе жоғарлап, ал аммиактың концентрациясы әр куб.м ауада 40 мг дейін ұлғайса, жұмыртқа – 37,3 % келіп, өлім пайызы – 3 есеге артады. Құстардың денсаулығы мен өнімділігіне ауаның шаң-тозаңдар және микроорганизмдермен ластануы да айтулы әсерін тигізеді. Қора ауасындағы шаң-тозандардың мөлшері жоғарлаған кезде ауа желдеткштерінің қуаты – 18-20 % төмендеп, жылу құбырларының (калориферлердің) өткізгіштік қасиеттері – 40-60 % азаяды.

Құс қораларындағы қалыпты микроклиматты (оптималды) қамтамасыз ету үшін таза ауаны жоғарғы аймакқа кіргізіп, ал ескі ластанған ауаны төменнен шығарып отыратын тиімді ауа алмастыру жүйелерін, көбінесе механикалық түрлерін пайдаланады. Құстардың таза ауаға сұранысы басқа сүт көректі малдармен салыстырғанда, әр кг тірі салмаққа шаққанда, екі есе артық болады. Сондықтан ауа алмастыру жүйелерінің жеткіліксіз жұмыс жасауы құстардың өсіп-дамуына және өніміне зиянды әсер етеді (кесте 22).

Құс қораларындағы технологиялық процесстерді жаппай механикаландырудың салдарынан өндірістік шудың молайып, олардың өніміне және жұмыртқа сапасына теріс әсерін тигізеді. Шудың мөлшері 90 дБ болып, бір сағат бойына әсер етсе жұмыртқалайтын тауықтар стресс жағдайға ұшырап, алынған жұмыртқалардың беріктілігі төмендеп, сынуы 4,6-12 % дейін көбейеді. Сондықтан құс қораларындағы өндірістік шулардың мөлшері 60 дБ жоғары болмай, қысқа мерзімдерде 90 дБ аспауы керек.

Қорадағы жарық шамасы құстардың жыныс бездерінің қызметін (функциясын) арттырып, жұмыртқалауын жоғарлатады. Сондықтан құс қоралары қалыпты жарықпен қамтамасыз етілуі керек. Ол үшін табиғи тәсілмен жарықтандырумен қатар жасанды жолдармен – электр шамдарын орнату арқылы жарықтандырады.


Дәріс №7. Қоянның және терісі бағалы аңдардың төлдерін өсірудің гигиенасы (2 сағат)
Үй қояндарын ұстау үшін әртүрлі конструкциялы торкөзді клеткалар пайдаланады. Клеткаларды орналастыратын жерлеріне байланысты қояндарды мынандай ұстау жүйелеріне бөледі.

  1. Сыртқы клеткаларда (ашық аспан астында);

  2. Арнайы сарайлар – шедтарда;

  3. Жабық қоян қораларында.

Сыртқы клеткаларда ұстау кездерінде қояндарды ашық аспанның астында немесе жабық қалқандарда жыл бойы әртүрлі типті клеткаларды қойып, сонда азықтандырып өсіреді. Бұл тәсілмен ұстағанда қоян организмі шынығып, денсаулығы артып, жүнінің сапасы жақсарады. Бірақ мұндай жүйеде ұстағанда ауа райының қолайсыз мерзімдерінде, әсіресе қыста, тудырып өнім ала алмайды.

Арнайы сарайларда (шед) ұстағанда екі қатарлы, бір-біріне беттерін қаратып, бір немесе екі қабатты клеткаларды, жергілікті арзан материалдардан, ұзындығы 50-70 м дейін, ені – 2,5-3 м қылып салынған шедтердің ішіне қойып соған жекелеме немесе шағын топпен қояндарды орналастырады. Екі қатарлы орналасқан клеткалардың ортасынан 1,2-1,5 м жол қалдырып, төбесі шатырлы болып жабылады. Бірінші қабаттың клеткалары жерден 40-60 см биіктікте аяқтарға тұрғызады да, астынан түскен көңді жинап алатын арықтар (канал) қалдырады. Әр клетка екі бөліктен: кіші ұялы, үлкен – азық бөлімнен тұрады. Кіші бөлігінің қабырғалары тұтас материалдардан жасалып, ортасындағы бөлігінде қоян кіріп-шыға алатын тесік қалдырып, ішіне 40*50*20 см фанерден жәшік қояды да құрғақ төсеніш (солома, жапырақ) материалмен толтырады. Азық бөлігінің алдыңғы қабырғасы және асты тор көзді болады да, алдыңғы бетінің іш жағынан азық науасы мен су құбырын орнатады. Екінші қабаттағы клеткалардың еденінің асты болып, біріншілерінің төбесі есептеледі де, шедтің сыртынан келіп, ашып көңді жинап алатын сырмалы бір тақтай бойындай, саңылау қалдырылады.

Ортаңғы жолдың жоғарғы жағына аспалы, жылжып тұратын азық салатын жәшік ілінеді. Қояндарды сарайда ұстау күннің аязы мен жауын-шашындарынан қояндарды сақтайды да, мұндай тәсілмен ұстағанда жылдың ауыспалы мезгілдерінде де (күз, көктем) оларды төлдетіп, өнім алуға болады.



Қоян қораларында ұстау жүйесі кезінде әртүрлі арзан материалдардан, көбінесе кірпіштерден, шлак, саз құймалардан, сирек самандардан жылыланған қоралар тұрғызып, ішіне бір типті (размерлі) тоттанбайтын сым темірден жасалған клеткаларды бірнеше қатарлы қылып, көбінесе бір қабат, ал жас қояндар үшін 2-5 қабатқа дейін орналастырады.

Ірілендірілген қоян шаруашылықтарында, жыл бойында ұздіксіз ет алынатын, қояндарды асфальттанған немесе бетондаған едендері бар, ішінде тіреулері жоқ жақсы жылыланған жабық қораларда ұстайды да, оның ішіне орналастыратын клеткалардың едендерінің ауданы: көжектері мен аналық, бір аталық, 5-6 бас өндірістік 3 айдан асқан жас қояндар үшін – 0,5 м2, ал бройлерлік көжектері мен бір аналыққа – 0,7 м2 жасалады. Аналық қояндардың клеткаларының ішіне ұялық размері 40*60*25 см жәшік, оған жұмсақ, құрғақ төсеніштік материал салып қояды. Қабырғалары мен есіктері клеткалардың тор көзді, көздерінің размерлері 2,5*2,5 см. Қояндарға арналған негізгі технологиялық элементтердің размерлері (25) кестеде көрсетілген.

Шағын қояндар фермаларында ірі қояндарды жекелеме түрде, ашық аспанның астында қос бөлмелі, тұрақты аналыққа арналған орны бар клеткаларда ұстайды. Әрбір клетканың ішіне бөлік жасап одан 20*20 см кіріп-шығатын тесік қалдырып, азық бөлімінің ұзындығы 60 см, ұялы бөлмесінікі – 40 см, ал азық бөлімінің есігіне өздігінен аударылып кететін су науасы және құрама қоспалар салатын астаушалар отырғызады. Азық бөлімінің едендері тор көзді болып, олардың нәжістері астындағы арықшаға түсетіндей қылып клеткаларды қатар-қатар тізбектеп, жерден 60-70 см биіктікке, аяққа тұрғызады. Әр қатарда 15-17 клеткадан соң, бір көлденең жол тастап отырады.

Көптеген қоян шаруашылықтарында қояндарды бір ғана жүйемен ұстап қана қоймай, әртүрлі жүйені кезекпен пайдаланады. Мысалы, еттік жас қояндарды күннің қатты суығына дейін далада клеткаларда, ал ауыспалы мезгілдерде шедтерде ұстаса, аналық қояндарды қыста қорада клеткаларда ұстап, қосымша көжектетіп өнім алады.

Жабық қораларда ұстағанның жоғарғы нәтижелі болуы оның микроклиматының негізгі көрсеткіштері температурасы, ылғалдылығы, ауа қозғалысының жылдамдығы, тағы басқа зиянды газдардың мөлшері қояндардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, нормативке негізделуіне байланысты болады.

Қоян қораларынан көңді (әр тәулікте бір реттен кем емес) қырғыш транспортерлермен жинап, автокөлікке тиеп шығарып отырады. Ауа алмастыру қоян қораларында механикалық жүйемен жасалады. Қыс айларында қоян қораларын жылыту электірлі каллориферлер мен ауа алмастыру жүйесімен біріктіріп жүргізіледі.

Қояндарға таза ауаның жетіспеушілігі өкпе ауруларының тууына және жалпы резистентілігінің төмендеуіне апарып соғады. Қояндар төменгі температураны да (минус 30 С дейін), жоғарғы температураны да (+30) жақсы көтереді, бірақ ылғалдық жоғары, қора іші сыз, өтпелі жел болса, тез әртүрлі ауруларға шалдығады. Жоғарғы салыстырмалы ылғалдылық 80 % асса, төменгі температурада өкпе ауруына ұшыратса, төменгі ылғалдылық (40-50 %) жоғарғы температурада терісін кептіріп, төзімділігін нашарлатады.

Ауаның суық кездерінде, қорадағы оның қозғалысының жылдамдығы – 0,05-0,25 м/сек аспаса, жаз айларында 0,5-0,7 м/сек дейін болып, ауыспалы мезгілдерде – 0,3-0,5 м/сек болуы керек.

Қоян қораларындағы жарықтандырудың тәулігіне ұзақтығы 16-18 сағат, ал жарықтың шамасы – 50-70 люкс, бордақылауға арналған қояндарға – 10 люкске дейін.

Қояндар қорасының ауасындағы зиянды газдардың жоғарғы мөлшері олардың әртүрлі ауруларға төзімділігін төмендетеді. Ауадағы аммиактың концентрациясы әр куб.м. 10 мг артық болса, қояндардың сүзелең улануға ұшырап, өкпе және кеңсірік (ренит) ауруларын туғызады. Қоян қораларының ауасындағы қалыпты көмірқышқыл газының мөлшері 0,15 % жоғары болмай, күкіртті сутегі және аммиакцтың әр куб.м аудағы концентрациясы – 10 мг аспауы керек.

Қояндардың тамақ жеуі және су ішуі түнгі мезгілдерде қарқынды болады. Күндіз тыныштықты жаратып, дем алғанды ұнатады. Ол кездердегі механизмдердің (азық тарату, көң шығару, ауа желдету т.б.) өндірістегі шулары оларда стресс (күйзеліс) туғызып, мазасызданып, клетка ішінде жүгіріп, кей кездерде секіріп, артқы аяқтары жансызданып (паралич) қалуға дейін барады. Тосыннан болған өзгерістер (айғай, бөтен адамдардың кіруі, өлшеу, егу жұмыстары т.б.) қояндардың күйзелісін тудырып, содан өз көжегін жеуге (канниболизм), үстіне жатып өлтіруге, іші өтіп ауруға ұрындырады.

Қояндарды азықтандыру және суару гигиенасы

Қояндардың негізгі көрегі өсімдік азықтары болып саналады. Олар жалпы рационның көректі заттары мен энергиясын ішек газдары және зәр арқылы өте аз (4-6) бөліп шығарады да, оның физикалық энергиясы – 95-96 % болады. Сондықтан қояндардың рационына коллориясы жоғары және жақсы қортылатын азықтар болуын қадағалайды.

Қояндарды азықтандыруға көбінесе көк шөп, тамыр-түйнектілерді, сүрлемді, ағаш жапырақтарын, дәнді азықтардан жасалған жемдерді пайдаланады. Сол сияқты, қоян рационына бидай кебегін, ет-сүйек ұнын және балық ұнын, бұзаулар мен торайларға дайындалған құрама азықтарды қосып пайдалануға болады.

Азық құрамындағы құрама жемдерді азайтып, ал қатаң, сулы азықтардың бөлігін арттырып, кейбір тұқымды қояндарды семіріп кетуден сақтаныдырады. Ірі қояндар мен буаз аналықтарды және өнімдік жас қояндарды қалыпты мөлшермен көректендіреді. Көжектері еміп жүрген аналықтар мен ет бағытындағы қояндарды шектеусіз азықтандырады.

Қояндарды тобымен шектеусіз азықтандырған кезде азық науаларының әр қоянға тұратын орны белгіленбейді, ал нормалы көректендірген кезде әрқайсысына науаның ұзындығынан есептеп бір уақытта тұрып жейтін орын (бір басқа) қалдырады.

Қояндарды қысқы құрғақ азықтан жазғы сулы көк шөпке ауыстыру біртіндеп жүргізілуі керек. Көктем кезіндегі көк шөпке ауыстыру қояндарды іш ауруларынан сақтандыру үшін біртіндеп, бастапқыда ірі қояндар үшін тәулігіне 50-100 гр, жастырына – 30-50 г беріп аптадан соң толық рационға көшіреді.

Қояндардың арасында іші бұзылу басталса, көк шөпті беруді тоқтатып, тал, шырша т.б. ағаштардың жапырақтары мен бұталарын береді. Қылқан жапырақты ағаштардың құрамында микробтарды және құрттарды (гельминттерді) өлтіретін заттар болады да, іш өткен кездерде берсе ас алмасу процесстері түзеліп, іш аурулары тоқталады. Оны мен қоса қылқан жапырақтарды жеген қояндардың ағаш клеткаларды кеміруі тоқталады, қыс айында олар витаминдердің көзі болып саналады.

Жалпы қояндарды қылқан жапырақтармен ұзақ 20-30 күннен артық бермей, арасында 7-10 күн үзіліс жасап отыру қажет. Алғашқы күндері қылқан жапырақтармен қояндар азықтандырғанда, олардың зәрі қызыл түске боялып, кейіннен тарап кетеді. Жүгеріні қояндар сүтті-балауса кездерінде жақсы жейді. Бірақ жүгері углеводтарға бай болады да, қарында ыдырап, ащып кетіп іш кептіреді. Сондықтан ондай азықты көп бермей және одан кейін су ішкізбеу керек. Қояндардың бір биологиялық ерекшеліктері, олардың түңгі нәжістерін жеп көректенуі (копрафагия). Түңгі қыйы қою жұмсақ болып келеді де, күндізгі нәжістері қатты шар тәріздес болып химиялық құрамы бөлек болады. Түңгі нәжісін жеп, қояндар қосымша азотты заттармен витаминдер тобы В және К алып, организмнің сұранысын қамтамасыз етеді. Өз нәжісін жемеген қояндардың салмағының өсуі тежеледі, жүдейді, кей кездері өлім-жітімге ұшырайды, аналық қояндардың көжектеуі төмендеп, іш тастап және өлі туғандар саны көбейеді. Қоянның жатырдағы көжегінің дұрыс өсіп-дамуы үшін рациондағы белоктардың, минералды заттар мен витаминдердің жеткілікті мөлшері болуы қажет. Бұл заттардың жетіспеушілігі қоян көжектерінің шала тууына аналықтың іш тастауына немесе ұрықтың ыдырап ағып кетуіне апарып соғады. Онымен бірге артық мөлшерде азықтандыру қояндардың қалыптан тыс семіріп кетуіне себепші болады да, семіріп кеткен қоян аналықтары туар кездерінде өліп-қалады, ал туғандарының сүті аз болады.

Көжекті қояндардың рационын біртіндеп ауыстыру керек. Буаздықтың ақырғы 10 күндігінде рациондағы қатаң азықтардың бөлігін құрама жемдердің есебінен азайтады. Қояндарды таза сумен қамтамасыз ету үшін автоматты су құбырларын қояды. (сурет 24) Буаз қояндар, басқаларына қарағанда суды көп пайдаланады. Мысалы, бауырында 8 көжегі бар аналыққа тәулігіне 800 г су қажет болады. Егер, көжектерді 45 күндігінде енесінен айыратын болса, олардың әр біреуінің орта салмағы 1 кг болады да, тәулігіне 2 л су ішеді.

Қояндарға судың тапшылығы тәбетін төмендетіп, массасының өсуі тежеліп, өсімі және аналықтың сүті кемиді. Судың жетіспеушілігінде аналық қояндар көжектерін асыраудан қашып, туған кезінде жас көжегін жеп қойып, әртүрлі ауруларға (бүйрек, ішек т.б.) шалдығады.

Қысқы айларында қояндар қар мен шөлдерін басады. Бірақ қорада минералдық заттардың жоқ болуынан, қояндарға ас тұздары мен мелдің күндік мөлшерін 1-2 г арттырады.

Су құбырларын жиі тазартып отыру қажет. Өйткені оған қояндардың түбіттері ұшып түсіп, азық қалдықтары және нәжістерімен ластанып, суға микробтар түсіп өсіп-өніп, іш ауруларына ұшырайды

Андарға арналған фермаларды бағытына байланысты екі түрге бөледі: тұқымды фермалар – жас тұқымды андарды өсіріп дамытуға және бұрынғыларын жаңарту мен айналасатындар және өнімдік фермалар – бағалы аң терілерін алуға және нутрий фермалары-ет өндіру мен шұғылданады.

Аң терілерін өндіруде алдыңғы қатарда орын алатын норкалар, поляр түлкілерін, жай қызыл түлкілерінің фермалары, нутри және бұлғын өсіретін шаруашылықтар болып саналады.



Бағалы терілі аңдарды ұстау гигиенасы

Аңдар өсіру мен айналасатын шаруашылықтар қатынастар шектелген, жабық типті болуы керек. Ондай шаруашылықтың территориялары тұтас немесе тор көзді әртүрлі материалдармен қоршалып, қоршаудың төменгі басы кем дегенде 30 см жерге сіңірілген болады. Қорғанның биіктігі түлкілер және поляр түлкілері (песец) үшін 2 м кем болмай, жоғарғы басының қалқыны болса, норка мен бұлғындар үшін қоршау биіктігі 1,5 м болып, оның орта тұсында, аңдардың өрмелеп шығып кетпеуі үшін, жылтыр, тайғақ материалдан жолақ жол жасалады. Таулы және қары қалың түсетін аймақтарда барлық андардың түрлеріне арналған фермалардың қорғандарының биіктігі – 2,5 м жасалады.

Бағалы терілі аңдарды ұстау тәсілдері де үй қояндарын ұстайтын жүйелеріндей (сыртқы ауада клеткаларда, шедтерде және қораларда) болады. Оларға арналған қоралар мен технологиялық элементтердің размерлері мен орындарының нормативті көрсеткіштері ұстау жүйелері және андардың түрлі мен физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болады (кесте 27).

Бұлғындар, норкалар, түлкілер, сол сияқты поляр түлкілеріне арналған сарайлар (шедтер) сыртқы ұзын бойымен төбенің карнизінен (қабырғаның жоғарғы ернеуі) серуен алаңының үстіне дейін және азық жолының бойы мен серуен алаңының астыңғы ернеуінен жерге 20 см сіңірілген сеткамен (торкөз) тартып, қоршалады. Аңдарды сарайларда ұстау, оларды ауа райының әртүрлі қолайсыз жағдайларынан (жауын-шашын, аяз борандар) сақтап және азықтандыруды, көң тазалап, шығаруды, сумен қамтамасыз етуді механикаландыруға мүмкіншілік тудырады.

Аңдарды жабық қораларда ұстау ірі фермаларда жыл бойына үздіксіз бағалы аң терілерін алуға қолданылады. Ол үшін размерлерімен конструкциялары аңдардың түрлері мен жасы және жынысына байланысты болатын клеткаларды пайдаланады.

Түлкілер мен песецтерге жеке тұруына арналған клеткалары екі бөлімнен тұрады: үйшік және алаңша. Аңдарды желмен жауын-шашындардан сақтандыру үшін, үйшіктің жан-жағынан саңылаусыз жабық қоршау болса, ал алаңшаның қоршауы-торкөзді сетка болады. Сетканы бағанаға немесе рамаға жерден биіктігін 0,7-0,8 м қылып, керіп тастайды. үйшіктің алаңша мен жалғасатын қабырғасынан, аңның кіріп-шығуына арналған тесік (20*20см) қалдырады да, ал алаңның азық-көң жолы жағынан, аңдарды қамап отыруға арналған есік жасайды да, оған су құбыры мен азық науасын орнатады.

Түлкілер мен песецтердің ұрғашысына арналған клеткалар төрт бұрышты параллелипипед тәрізді сеткалы (торкөзді) рамалардан жасалады. Күшіктейтін және күшіктерді азықтандыру мезгілдерінде клеткалардың ішіне ұялы үйшік қояды, үйшіктің қабырғасы тұтас болады да, бір қабырғасында аңның клеткаға қатысатын тесігі (лаз) болады. Үйшіктің төбесі немесе бір қабырғасы күшіктерге бақылау жасап, үйшіктегі ұяның төсенішін құрғатып ауыстырып отыруға ашылатын болуы керек. Түбі (едені) екі қабатты – бірі торкөзді, екіншісі тұстас болады да, тұстас тақтай едені жылжымалы суырылып алынатындай қылып жасайды.

Норкалар мен бұлғандардың жекелеме клеткалары сеткалы төрт бұрышты параллелепипед тәрізді алаң мен жабық үйшіктен тұрады. Үйшіктен аңдардан алаңға шығуына тесік қалдырылады. Үйшіктің төбесі екі қабатты: бірінші – үстіңгісі тұстас тақтайдан болады да, жылжымалы қылып жасайды, екіншісі – сеткалы көтеріп ашатындай болады. Үйшіктің еденіде екі қабатты: үстіңгі тұтас ағаштан, ал астыңғысы-торкөзді-жиналмалы болады. Клетканы азық науасымен және су құбыры мен жабдықтайды. Нутриларға арналған жекелеме клеткалар үйшіктен, алаңнан және су қоймасынан бассейн (немесе бассейнсіз) тұрады. Үйшік нутрилердің ауа райы қолайсыз болғанда және ұрғашы нутрилардың күшіктеуі үшін жасалады. Үйшіктін сыртқы қабырғасынан, алаңнан бөліп тұратын, жапқышты тесік қалдырады, ал алдыңғы, ортаңғы жол жағындағы қабырғадан есік шығарады.



Бағалы терілі аңдарды азықтандырудың гигиенасы

Барлық бағалы терілі аңдар-ет көректілері болады да, тек нутрилар-өсімдіктер мен көректенеді. Нутрилердің көректенуі үй қояндарыныкі мен сәйкес келеді. Олар дәнді, бұршақты азықтарды, жемді тамыр-түйнектілерді, қант қызылшасының қоспасы (жом) т.б. көректенеді.

Ет көректі аңдардың рационына мал өнімдері және өсімдік азықтар кіреді. Клеткалы аңдардың фермаларында азықтарды нормалау, өңдеу және дайындау өте маңызды орын алады. Бағалы терілі аңдарды көректендіру үшін ет, балық, сүт өнімдері пысқан немесе шикі күйінде, көк өністер, дәнді өнімдер, витаминді құрама қоспалар пайдаланады. Бұл азықтарды ұнтақтап, кесіп, арнайы машинкалардың көмегімен араластырып су қосып немесе құрғақтай түрінде аңдардың сұранысына қарай көректендіреді.

Күні бұрын ет және балық өнімдерін дайындауға болмайды. Ондай жағдайда, көбінесе аңдардың уланып ауыр ішек-қарын ауруларына ұшырауы мүмкін. Ұсақталған азықтарды тез арада араластырып, қолма-қол аңдарға беру керек.

Аңдардың арасындағы аурулар мен өлім-жітім, көбінесе ет-балық азықтарының сапасыздығы мен (ескі, микробтар мен зақымдалған) немесе көректі заттардың (белок, витаминдер) жетіспеушілігімен байланысты болады. Көптеген инфекциялық және инвазиялық аурулар (ауеска ауруы, туберкулез т.б.) негізінен ластанып, зақымдалған азықтармен (ет, балық) көректендірген кездерде болады.

Егер аңдарды көректендіруге бір кезде әртүрлі мал өнімдерін пайдаланса, мысалы жібек құрттары, ірімшік, ет, сүйек, балық ұндарын, тағы басқа шикі еттердің орнын алмастыратын азықтарды, онда толық құнарлы шикі ет өнімдерінің мөлшерін (ет, ішек-қарын, қан т.б.) ірі түлкілер мен песецтерге тыныштық кезінде – 30 %, шағылысқа дайындықта – 40 %, шағылыс және буаз кезінде – 50 %, күшіктері еміп жүргенде – 60 % кем болмайды.

Норкалардың ірілеріне шикі етті жай тыныштық мезгілдерде – 50 % кем емес, ал басқа уақыттарда - 70 % береді. Бірақ бір мезгілде тез ыдырап ашитын азықтарды (картоп, жемістер, ашытқы және көк өністерді) біріктіріп беруге болмайды.

Аңдарды азықтандыру кезінде, олардың жыл ішінде тірі салмақтарының жиі-жиі өзгеріске түсіп отыратындығын естен шығармау керек. Ол олардың эвалюциялық даму процесстеріндегі туатын биоритмге байланысты.

Органолептикалық көрсеткштері (исі, түсі, концентрациясы т.б.) қалыпты болса, ірі қара, жылқы және елік еттерін аңдарға шикі түрінде пайдалануға болады. Шошқа етін, аңдарға Ауеска ауруының жұқпауы үшін, температура мен өңдеп барып береді. Норкалар мен бұлғындарға қой еттері мен мүшелерін, энцефалопатия мен ауырмас үшін, пысырылған түрінде береді, түлкілер мен песецтерге және күзендерге, олар бұл ауру мен ауырмайтын болғандықтан, шикі қалпында бере береді. Бұзау және қоян еттерін, пастереллез және сальмонеллез аурулары мен ауырмау үшін, пысқан түрінде береді. Лажсыз сойылған малдардың еттерін, сол сияқты сойылған түлкілер, песецтер және бұлғандардың ұшаларын тек ыстық температуралық өңдеуден өткізгеннен кейін ғана аңдарға беруге болады. Есейген аңдар мен тұқымсыз жас күшіктерге тәулігіне бір рет, ал тұқымдық күшіктер мен буаз аналықтарға – 2 рет күніне азық беріп және су мен қамтамасыз етіп отырады.

Аңдарды еркінше азықтандыру қаралған. Арыған аңдарда жиі ішек-қарын аурулары, туберкулез және бауырдың аурулары кездеседі. Аңдарды көбінесе ұзақ уақыт көміртекті (углевод) азықтары жетіспеген рациондар мен көректендірсе, күшіктердің өсуі тежеліп және жүндерінің сапасы төмендейді. Түлкілер мен песецтердің азығында витамин С жетіспегенде қызыл-табан деген ауру пайда болады. Аңдар көбінесе майда ергіш витаминдерге А, Д, Е және суда еритін В1, В2, РР, биотин, аскорбин қышқылына өте жоғары сұраныстары болады.

Аңдардың арасында жиі кездесетін анемия (қан аз) ауруының себебі, олардың рационында көп мөлшерде треска тұқымдас балықтардың (солтүстік поляр теңізінің балығы) болуына байланысты. Мұндай жағдайда треска балығында болатын үшметиламиноксид қоспасының темірмен қосылып, аңдар организмі мен сіңірілмей қалады. Анемияның алдын алып, сақтандыру үшін аңдар рационына құрамында темірі бар препараттар кіргізеді. Норкаларды, түлкілерді, песецтерді, бұлғындарды және нутрилерді суғару үшін (бассейнсіз ұстағанда) автоматты немесе қолдан жасалған науа-табақшаларды пайдаланады. Қыста сарайларда және сыртқы клеткаларда ұстағанда аңдарға қар немесе мұз береді.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»
umkd -> Азақстан республикасының білім және ғЫЛ
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> 123 -беттің сі казақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
umkd -> ПӘндердің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет