Деректер қорына кіріспе Ақпараттық жүйелер


Автоформа (форманы автоматты түрде құру); Формалар шебері



бет5/5
Дата24.04.2018
өлшемі0.81 Mb.
түріҚұрамы
1   2   3   4   5

Автоформа (форманы автоматты түрде құру);

  • Формалар шебері (форманы жартылай автоматты түрде құру);

  • Қолдан құру (конструктор режимі арқылы).


    5.1 Автоформа
    Автоформа — кестені автоматты түрде форма түрінде көрсетудің қарапайым түрі. Автоформа жазуларын түзетуге және оған жаңа жа-зулар қосуға болады. Автоформа құрудың үш тәсілі бар:

    1. әр жазуды бөлек-бөлек бір бағанда көрсету (бағандық автоформа);

    2. әр жазуды қалпын сақтап көрсету (таспалық автоформа);

    3. әдеттегідей кесте түрінде көрсету (кестелік автоформа).

    Олар Жаңа форма терезесі арқылы таңдалады (40-сурет). Терезені ашу үшін ДҚ терезесінен Формалар — Құру командасының берілуі тиіс. Оның "Автоформа" қатарларының бірін және кестелер тізімі енгізілген өрістен кесте атауын таңдау керек. Мысалы, Бағандық автоформа және Сессия кестесі таңдалып, ОК батырмасы шертілген кезде әр өрісі жеке қатарда жазылған автоформаның бірінші жазуы көрінеді (41-сурет).

    Сурет 46. Жаңа форма терезесі
    Келесі жазуларын экранға шығару үшін терезенің Жазуға өту батырмаларын пайдалану жеткілікті. Формаға жаңа жазу қосу үшін соңғы батырманы ("Жазуға өту" батырмасын) шерту керек. Бос жазу бланкісі көрінеді. Оны толтыру әдеттегідей. Курсорды өpic ішіне орналастырып, берілгендерді редакциялап шығу да мүмкін.

    Сурет 47. Сессия_Ст кестесі үшін бағандық автоформа
    Форма жабылған кезде өзгөрістер мен жаңа жазулар негізгі кестеге кірістіріліп қойылады да, форма құрылымын сақтау сұралатын сұхбаттық терезе керінеді. Оның Иә батырмасын шерту керек. Келесі көрінген терезеге форма атын енгізу жеткілікті. Ол ДҚ-ның Форма бөліміне жазылып қойылады.

    Кестені таспалық және кестелік режимдерде көру, форма құру, оны өңдеу тәсілдері де бағандық формамен жұмыс істеу тәсілі сияқ-ты. Таспалық және кестелік формалар әдеттегі кесте сияқты көрі-неді, бірақ біріншісінде әр өріс мәні тік төртбұрыш ішіне алынып (48-сурет) және оларға форма режимі орнатылып қойылады.



    Сурет 48. Сессия кестесі үшін таспалық автоформа
    Автоформалардың кестеден тағы бір ерекшелігі — Access 97-де оларға автоматты түрде фондық сурет кірістіріп қойылады.
    5.2 Формалар шебері
    Автоматты түрде форма құрудың екінші тәсілі — Формалар шебері программасын пайдалану. Онымен жұмыс істеу тәсілі:

    1. "Жаңа форма" терезесін экранға шығару (40-сурет).

    2. Терезенің "Форма шебері" қатарын және кестелер тізімінен кесте атауын тандап, ОК батырмасын шерту. Төрт қадамдық сұхбаттық терезесі бар Форма шебері іске қосылады.

    3. Бірінші қадам терезесінде өрістерді "Тандалған өрістер" бөліміне көшіру.

    4. Екінші қадам терезесінде Бір бағанға, Таспалық, Кестелік, Тураланған атаулы ауыстырып қосқыштар көрінеді. Олардың бірін (мысалы, Бір бағанға белгісін) орнату.

    5. Үшінші қадам терезесінде форманың сырт көрінісін безендіруге арналған Глобус, Шырша, Бұлттар, Кеш, т.б. фондық сурет атауларының бірін (Access 2000-да басқа атаулар көрінеді) таңдау.

    6. Соңғы терезеде жаңа формаға ат беріп, "Көріп шығу не берілгендерді енгізу үшін форманы ашу" ауыстырып қосқышын орнату және Дайын батырмасын шерту.

    Дайындалған форманы көріп шығу үшін ашылған түрін редакциялауға және оған жаңа жазулар енгізуге болады.
    5.3 Форманы қолдан құру. Форма конструкторы
    Автоформа не Форма шебері арқылы құрылған форма құрылымы түрлі бөлімдерден тұрады. Олармен танысу үшін дайын форманы Конструктор режимінде ашъш, көріп шығу жеткілікті. Құрылымда Форма тақырыбы, Деректер облысы және Форма ескертпесі бөлімдері бар.

    Формаға енгізілгендердің бәрін басқару элементтері деп атайды. Олар негізінен екі типті: байланысты және байланыссыз.



    Байланысты басқару элементтері ДҚ кестесінің өрістік деректерін пайдаланады. Мысалы, деректер облысына өpic атауы көшіріліп, форманы іске қосу кезінде атау орнына кестедегі сәйкес мән жазылады. Керісінше, өріске не мән енгізілсе, ол кесте өрісіне де енгізіледі.

    Байланыссыз элемент — формада кесте өрістеріне байланыссыз құрылған элемент, мысалы, формаға енгізілген түсініктеме сөздер, сызылған түрлі кескіндер, т.б.

    Таспалық форманы қолдан құру жолы:

    1. ДҚ терезесін ашып, Формалар — Құру командасын беру.

    2. Көрінген Форма құру терезесінен кесте атауын және Конструк- тор қатарын тандап, ОК батырмасын шерту.

    Access конструктор режимінде форманы іске қосып, толтырылмаған деректер облысы көрінетін терезесін, элементтер және қажетті аспаптар панельдерін экранға шығарады.

    Деректер облысы — өрістер құрылатын және бапқа келтірілетін форманың негізгі бөлімі.

    Элементтер панеліне форманың басқару элементтерін құру үшін пайдаланылатын батырмалар енгізілген: Үстіне жазу (Надпись), Өріс, Ауыстырып қосқыштар, Жалауша, Тізім, Сурет, Сызық, Төртбұрыш, т.б. (43-суретті қараңыз).




    Сурет 49. Форма терезесі. Элементтер панелі. Кесте өрістері терезесі
    Деректер облысының өлшемін тышқан арқылы өзгерту қиын емес. Элементтер панелін де экранның кез келген жеріне орналастыруға болады.

    1. Элементтер панелі экранда көрінбесе, Сыртқы түр — Элемент- тер панелі командасын беру не аспаптар панелінің осы атаулы батырмасын шерту. Сыртқы түр — Өрістер тізімі командасын беріп не аспаптар панелінің осы атаулы батырмасын шертіп, Өрістер тізімі терезесін де экранға шығару (49-суретті қараңыз. Сыртқы түр мәзірінде Элементтер панелі мен Өрістер тізімі пункттері Форма — Конструктор командасын берген кезде көрінеді).

    2. Элементтер панелінің "Аа" (Үстіне жазу) батырмасын шертіп, көрсеткіш арқылы берілгендер облысының бірінші қатарына ретімен төртбұрышты жақтаулар салу (оларды салу өдісі Paintbrush-ma обьектіні таңдау төртбұрышын орнату сияқты).

    3. Төртбүрыш ішіне өріс атауын енгізіп, Еnter пернесін басу. Төрт- бұрыш тандалып, жиектеріне сегіз кішкене шаршыдан тұратын таңдау белгілері орнатылып қойылады.

    4. Төртбүрыш объект үшін берілген орынды, ал, оның ұзындығы бөлінген орын өлшемін көрсетеді. Қажет болса, оны таңдап, форматтау әдісі бойынша қолдан қысу, ұзарту не өлшемін өзгертпей, түрлі бағытта жылжытуға болады. Жылжыту алдында көрсеткішті жиегіне әкеліп, оның ашылған қол бейнесіне айналуын күту керек.

    Форма элементтері төртбұрыштар ішіне объект түрінде енгізіледі.

    1. "Өрістер тізімі" терезесінен деректер облысының екінші қата- рына Жылжыту және Қалдыру әдісі бойынша өpic атауларын көшіру. Оларды бірінші қатарға енгізілген сәйкес өріс атауларының астына орналастыру керек. Атаудың сол жағында оның қолтаңбасы автоматты түрде енгізіліп қойылады. Оны алып тастау үшін төртбұрышын тандап, Del пернесін басу жеткілікті.

    2. Енгізілген басқару элементтерінің орналасуын дұрыстау. Таңдалған элементтерді жобалаушының өз қалауынша орналастыруы мүмкін. Оларды тор сызықтарының үстінде бір қатарда орналастыру және әр объект үшін қажетті ұзындық өлшемін орнату керек. Бұл әдістер 5-пункте баяндалған. Элементтерді тор сызықтарының үстінде орналастыру үшін Формат — Туралау командасын беруге болады.

    Ескерту. Таңдалған төртбұрышты жылжыту мен өлшемін өзгертуді курсорды басқару пернелері арқылы орындаған жеңіл. Қосымша Ctrl пернесі басылып тұрылса, төртбұрыш жылжиды, Shift пернесі басылып тұрылса, өлшемі өзгереді.

    Басқару элементтерін таңдап, форматтау панелінің "Масштабтау" батырмасы арқылы өлшемдерін өзгертуге де болады.



    1. Файл Алдын ала көріп шығу командасын беріп, форманың құрылған форматын көріп шығу.

    2. Конструктор режиміне қайтып оралып, қажет болса, элементтерді қайта форматтау. (ESC пернесін басып не Сыртқы түр — Конструктор командасын беріп, режимге қайтып оралуға болады.)

    3. Констуктор режимі терезесін жабу. Форма құрылымын өзгертуді растау сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Оның Иә батырмасын шерту.

    4. Атау сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Access тағайындаған атауды қалдыруға не жаңа атау беруге болады.

    Құрылған формада деректер облысының бірінші қатарына енгізілген басқару элементтері өріс атаулары түрінде жазылып, екінші қатарға өрістер тізімінен көшірілген элементтердің орнына деректер енгізіліп қойылады.

    Форманы көріп шығу үшін ДҚ терезесінің "Форма" қондырмасын ашып, атауын таңдау және аспаптар панелінің "Көріп шығу" түй-месін шерту керек. "СессияМат" кестесі үшін құрылған форма 44-суретте көрсетілген. Онда форманың бірінші жазбасы көрініп тұр. Келесі жазбаларга өту және жаңа жазба қосу үшін терезенің Жазбага өту батырмаларының пайдаланылуы тиіс.

    Сурет 50. Қолдан құрылған таспалық форма
    Бағандық форманы қолдан құру да қиын емес.

    Есептер, отчеттар
    Есеп (есеп беру, отчет) — кесте не сұраныстың басып шығаруға дайындалған түрі. Есепті құру тәсілі форма құру тәсіліне ұқсас, бірақ формадан айырмашылығы — ол деректерді енгізу үшін емес, тек шығару үшін және экрандық емес, басылып шығатын құжатты дайындау форматында құрылады.

    Access дайындалған есепті деректер қорының Есептер бөлімінде сақтайды. Есеппен тақырып енгізу, экранда көріп шығу, оны қағаз форматына сөйкестендіру сияқты әрекеттерді ғана орындау мүмкін.



    Есеп құрудың үш төсілі бар:

    • автоматты түрде (автоесептер);

    • есептер шебері арқылы (жартылай автоматгы түрде);

    • қолдан құру (конструктор режимінде).


    6.1 Автоесеп
    Автоесеп - есепті автоматты түрде құрудың қарапайым тәсілі, Оны екі типте құру мүмкін: бағандық және таспалық. Олар форма типтеріне ұқсас. Автоесеп құру үшін ДҚ терезесін ашып, Есеп — Құру командасын беру керек. Жаңа форма терезесіне ұқсас Жаңа есеп сұхбаттық терезесі көрінеді (45-сурет). Одан әрі автоесепті

    Сурет 51. Жаңа есеп терезесі
    іске қосу тәсілі форманы құру тәсілі сияқты. Мұндағы ерекшелік — құрылған есептің жоғарғы жолына тақырып ретінде кесте атауы енгізіліп қойылады және жазу элементтері тік төртбұрыштар ішіне алынбайды. Мысалы, Жаңа есеп терезесінен Сессия _ Мат кестесі мен Таспалық автоесеп таңдалған кезде көрінетін есеп 46-суретте бейнеленген. Таспалық есепті талапқа сай құру үшін оның өрістері көп болмауы тиіс. Бұл жағдайда есептегі бағаңдық тәсіл бойынша құрған дұрыс.

    Сурет 52. Таспалық автоесеп
    6.2 Есептер шебері
    Есептер шебері формулалар шебері сияқты программа, оның алты қадамдық сұхбаттық терезесі бар. Шебермен жұмыс технологиясы:

    1. Жаңа есеп терезесін экранға шығару.

    2. Терезеден Есептер шебері қатарын және кесте не сұраныс атауын тандап, ОК батырмасын шерту. Форма құру терезесіне ұқсас бірінші қадам терезесі көрінеді.

    3. Терезеден қажетті өрістерді Таңдалған өрістер блогына көшіру.

    4. Екінші қадам терезесінде өріс бойынша топтық операция жүргізу қажет болса (4.5-тақырыптың мысалын қараңыз), атауын сол жақ панельден терезенің оң бөлігіне көшіру.

    5. Үшінші қадам терезесінде, қажет болса, деректерді өрістері бо- йынша сорттау командасын беру.

    6. Төртінші қадам терезесінде есептің жалпы түрін жоспарлау. Ол үшін Макет және Бағдарлау блоктарынан қажетті ауыстырып қос- қыштарды орнату, мысалы, Кестелік және Кітаптық.

    7. Бесінші қадам терезесінде енгізілген стиль тізімінен есептің жазылу түрін (стилін) таңдау, мысалы, Қатаң (Строгий). Таңдалған стиль бойынша есептің басылып шығатын түр-түлғасы терезенің сол жағына орнатылған қосымша панельде көрсетіліп қойылады.

    8. Соңғы сұхбаттық терезеде тандалған кесте не сұраныс атауымен бірдей есеп тақырыбы көрінеді. Қажет болса есепке жаңа атау енгізіп, Есепті қарап шығу ауыстырып қосқышын орнату және Дайын батырмасын шерту. Экранда Шебер арқылы дайындалған есептің үзіндісі көрінеді.

    Ескерту. Таспалық форматта құрылған есептің әр қатары экран жолына сыймауы мүмкін. Кейде бағандық есептің экрандағы көрінісі де (өрістердің орналасуы) қанағаттанарлықсыз болып келеді. Бұл кезде оларды конструктор режимі терезесі арқылы қолдан редакциялап шығу керек. Конструкторды іске қосу үшін алтыншы қадам тересінде Есеп құрылымын өзгерту ауыстырып қосқышын орнатуға болады.
    6.3 Есептер конструкторы
    Конструктор терезесі арқылы Автоесеп пен Есептер шеберін пайдаланып құрылған есеп элементтерінің орналасу форматын, т.б. қолдан өзгертуге болады.

    Автоесеп элементтерін орналастыру тәсілі:

    1. ДҚ терезесінің Есептер қондырмасын ашып, құрылған автоесеп атауын тандау (мысалы, СессияМат).

    2. Терезенің Конструктор батырмасын шерту. Конструктор режимі терезесі, автоесеп өрістерінің тізімі және элементтер панелі көрінеді (47-сурет). Терезе бес бөлімді: Есеп тақырыбы, Жоғарғы колонтитул, Деректер облысы, Төменгі колонтитул, Есеп ескертпесі.

    Есеп элементтері терезеге төртбұрыштар ішінде орналастырылған объект ретінде енгізіледі.

    1. Есеп тақырыбы бөліміне автоесеп тақырыбы енгізіледі. Оны өзгерту, жылжыту және шрифтін үлкейту де мүмкін. Тақырыпты өзгерту жолы:



    Сурет 53. Конструктор режимінде корінген Сессия_Мат автоесебі құрылымы


    1. тақырып енгізілген төртбұрышты рамканы таңдап, Del пернесін басу. Тақырып оны қоршаған төртбұрышпен бірге алынып тасталады;

    2. элементтер панелінің Аа батырмасын пайдаланып, облыста тік төртбұрыш сызу. Оның ішіне курсор орналастырылып қойылады;

    3. пернетақтадан тақырыпты теріп, Еnter пернесін басу.

    4. Жоғарғы колонтитулға енгізілген басқару элементтері — өріс атаулары, деректер облысына енгізілетіндер — олардың қолтаңбалары. Олар сәйкес түрде бір баған бойында және тік төртбұрыштар ішінде жазулы. Қолтаңбада - басқару элементі. Принтерде басып шығу кезінде оларға кестеден деректер мәндері беріледі. Басқару элементі енгізілген төртбұрышты таңдау, өлшемін өзгерту, жылжыту әдістері 5.3-тақырыпта баяндалған форманы қолдан құру әдістерімен бірдей.

    5. Редакциялау жұмыстарынан соң Сыртқы түр — Алдын ала көріп шығу командасын беріп, есептің экранда орналасу форматын көріп шығу және ESC пернесін басып, конструктор режимі терезесін экранға қайта шығару.

    6. Есеп форматы ұнамаса, оны қайта редакциялау.

    7. Терезенің Жабу батырмасын шерту. Есеп макетінің не құрылымының өзгертілгенін растау сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Оның Иә батырмасын шерту. Есепке Access тағайындаған атау жазылған терезе көрінеді. Қажет болса, оған жаңа атау беру.

    Төменгі колонтитул облысына программа алғашқы рет Now ( ) функциясы мен Page жүйелік айнымалысын пайдаланып жазылған өрнектер енгізіп қояды. Now (Қазір) функциясы ағымдық датаны, Page (бет) айнымалысы ағымдық бет нөмірін шығарады. Тырнақша ішінде жазылғандар — литералдар (әріптер), & — біріктіру (конкатенация) операторы. Мысалы, көріп шығу режимінде олардың орнына жазылатындар 48-суреттегідей болуы мүмкін. (Page айнымалысы терезенің оң жағында орналасатындықтан, ол 47-суретте ол көрінбей түр.)

    Сурет 54. Көріп шығу режимінде көрінген жол
    Ескертпе бөлімі қосымша мәліметтер енгізу үшін пайдаланылады. Сессия_Мат кестесінде ол пайдаланылмаған.

    Басқа тәсілдер арқылы құрылған есептің элементтерін конструктор режимі арқылы реттеп орналастыру тәсілі де жоғарыдағы сияқты.



    6.4 Диаграмма құру
    Кестенің сандық өріс мәндерін көрнекі түрде салыстыру үшін оларды диаграмма түрінде көрсеткен дұрыс. Диаграмма құру төрт қадамдық сұхбаттық терезесі бар Диаграмма шебері программасы ар-қылы орындалады. Мысалы, кітапханада бар оқулықтар жөнінде құрылған Кітапхана1 кестесі үшін (49-сурет) диаграмма құру жолы:

    Сурет 55. Кітапхана кестесі


    1. ДҚ терезесінде Есептер — Құру командасын беріп, Жаңа есеп терезесін ашу.

    2. Терезенің Диаграмма шебері қатарын және тізімнен Кітапх1 атауын тандап, ОК батырмасын шерту. Шебер іске қосылады.

    3. Бірінші қадам терезесінде көрінген өріс атауларының қажеттілерін Диаграмма өрістері панеліне көшіру.

    4. Екінші қадам терезесінде диаграмманың 20 типі көрсетілген. Олардың қажеттісін (гистограмма типін) таңдау.

    5. Үшінші қадам терезесінде диаграмманың үлгісі көрсетілген. Атаулар, Сумма — Саны батырмаларын Үлгі облысына, терезенің оң жағында көрінген өpic атауларын диаграммада жаңадан көрінген сәйкес Данные, Оси өрістерінің үстіне жылжытып әкелу. Егер көлденең осьте атауларды, тік осьте сандық мәндерді орналастырғыңыз келсе, өзгерістер енгізудің қажеті де жоқ.

    6. Төртінші қадам терезесінде, қажет болса, диаграммаға атау енгізу, мысалы, Кітап сандары. Ол салынған диаграмманың үстіне ірі әріптермен тақырып ретінде жазылып қойылады.

    Кітапх1 кестесі үшін құрылған диаграмма 56-суретте кескінделген.


    Сурет 56. Кітапхана1 кестесінің диаграммасы
    Құрылған диаграмманың кейбір бағандары көзге түсерліктей көрінбеуі де мүмкін. Бұл кезде диаграмманы төмендегі түрде редак-циялап шығуға болады:

    1. Кестенің қажетті өрістерін (мысалы, Кітапх1 кестесінің Атаулар, Саны өрістерін) буферге көшіру.

    2. Диаграмманы конструктор режимінде ашып, көрінген үлгісін екі рет шерту. Microsoft Graph қосымша программасы іске қосылып, Access тағайындаған кесте және әрбір элементі объект болатын диаграмма терезесі көрінеді.

    3. Кестенің алғашқы өрістеріне буферге енгізілген өрістерді кірістіріп (қолдан енгізуге де болады), қалған өрістерін өшіру.

    4. Диаграмма терезесін таңдап, мүмкіндігінше үлкейту.

    5. Диаграмманың құрылу облысын таңдап, оны да терезе ішінде мүмкіндігінше үлкейту. Легенда қажет емес, оны алып тастау.

    6. Қажет болса, диаграмма тақырыбын өзгерту және диаграмма мен оның астына жазылған өріс мәндерін редакциялау (шрифтін кішірейту және оларды көлбеу орналастыру). Мәндерді редакциялау үшін осьтің бірін екі рет шерту. Ось форматы сұхбаттық терезесі көрінеді. Редакциялауды терезенің Шрифтер және Туралау қондырмалары арқылы орындау қиын емес.

    7. Диаграмма түрін өзгерту үшін диаграмманы екі рет шерту керек. Көрінген Деректер қатары форматы терезесінен оның жиек сызық-тарын, диаграмма бағанының боялу түсін, қалыңдығын және баған-дардың аралықтар қашықтығын орнатуға болады.

    8. Деректер мәзірін ашып, оның Қатарлар бағандар құрайды қатарын ерекшелеу (диаграмманың бір бағанын шертуге де болады).

    9. Файл — Шығу және диаграммага қайту командасын беру. Graph жұмысын аяқтап, Конструктор терезесі қайта көрінеді. Терезеде диаграмма толық көрінетіндей түрде деректер облысын кеңейтіп қойған жөн.



    Сурет 57. Graph арқылы редакцияланған диаграмма
    Конструктор терезесін жабу. Редакцияланған есеп 57 -суретте кескінделген.
    6.5 Деректерді басып шығару
    Есепті басып шығару үшін орындалуы мүмкін әрекеттер:

    1. ДҚ терезесін ашып, басылып шығарылатын есеп атауын таңдау.

    2. Файл — Бет параметрлері командасын беру. Стандартты параметрлер орнатылған Бет параметрлері сұхбаттық терезесі көрінеді. Параметрлерді езгерту тәсілі Word-тағы сияқты:

    1. Өрістер қондырмасын ашып, қағаз бетінің жиек өрісі өлшемдерін енгізу;

    2. Бет қондырмасынан қағаз нұсқасы мен өлшемін таңдау;

    3. Бағандар қондырмасында бағандар санын, бағандар мен жол аралықтарын, баған ені мен биіктігін орнату;

    4. ОК батырмасын шерту.

      1. Файл Алдын ала көріп шығу командасын беру.

    Объект қандай түрде басылып шығатын болса, көріп шығу терезесінде соңдай түрде көрінеді.

    Көріп шығу терезесінің өз аспаптар панелі бар. Терезе ашылғанда панель де орнатылып қойылады. Оның батырмаларының қызметі: объек-тінің экрандағы көрінісін кішірейту не үлкейту; пайыз бойынша масштабтау (75%, 150%, 200%, ...); экранға бірден бір не екі бет шығару; терезені жабу, т.б.



      1. Көріп шығу терезесін жабу (ESC пернесін басу не аспаптар панелінің Жабу батырмасын шерту). Экранда көрінген объект көрінісі ұнамаса, есеп құрылымын конструктор режимі арқылы редакциялауға болады.

      2. Аспаптар панелінің Басып шығару батырмасын шерту не Файл — Басып шығару командасын беру. Аттас сұхбаттық терезе көрінеді.

      3. Терезеден қажетті параметрлерді таңдап, ОК батырмасын шерту. Осы әдіс бойынша сұранысты не форманы басып шығаруда мүмкін.

    Кесте мен сұраныс үшін параметрлер арасынан қажетті өлшемдерді енгізу жеткілікті.

    Негізгі әдебиеттер:

    1. Камардинов О., Информатика, -Алматы: Ғылым, 2004

    2. Дейт В., Базы данных. – М: Бином Пресс, СПб: Корона принт, 2003. -696 б.

    3. Спанкулова Л.С., Базы данных в экономике. Учеб. пособие. – Алматы: Қазақ үнті,

    2003. -131 б.

    1. Хомоненко А.Д., Базы данных. – М: Бином Пресс, СПб: Корона принт, 2006. -736 б.

    2. Информатика. Практикум, / Под ред. Макаровой Н.В., -М: “Финансы и статистика”, 2003

    3. Информатика. Учебник / Под ред. Макаровой Н.В., -М: “Финансы и статистика”, 1997

    4. Microsoft Access 2000. Наиболее полное руководство. Санкт-Петербург, БХВ, 2000

    5. Золотова С.И., Практикум по Access, -М: Финансы и статистика, 2000

    6. Microsoft Access 2000. Шаг за шагом, Практическое пособие, -М:, Эком, 2000

    7. Каратыгин Н., Microsoft Access 2000 в примерах и задачах, Санкт-Петербург, БХВ, 1998.


    Қосымша әдебиеттер:

    1. Электрондық кітап «Основы проектирования БД»

    2. Электрондық кітап «Основы современных БД»



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5


    ©stom.tilimen.org 2019
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет