Деректер қорына кіріспе Ақпараттық жүйелер


Кестені сорттау, Пароль орнату



бет4/5
Дата24.04.2018
өлшемі0.81 Mb.
түріҚұрамы
1   2   3   4   5

3.9. Кестені сорттау, Пароль орнату
Кестені деректерінің өсуі бойынша сорттау үшін кестені ашу режимінде ашып алып, таңдау және аспаптар панелінің Өсу бойынша сорттау батырмасын шерту жеткілікті.

Деректер қорына пароль орнату үшін Сервис — Қорғау —> Пароль орнату командасын беріп, көрінген терезе өрісіне пароль орнату жеткілікті (ескеретін жайт: парольды ұмытуға болмайды).

Сұраныс
Деректер қоры кестесінен не байланысты кестелерден белгілі шарттарды қанағаттандыратын нәтижелік кесте құруға болады. Негіздік кестемен жаңылыстырмау үшін оны сұраныс объектісі не жай ғана сұраныс деп атайды.

Access-те сұраныс құруға арналған құрал (ішкі программа) да сұраныс деп аталады. Оларды сөйлем мағынасы арқылы ажырату қиын емес.

Сұранысты өрістерін сортталған түрде дайындау және оның саңдық өріс мәндерінің қосындысын, орта мәнін табу да мүмкін, т.б. Сұраныстың және оны өндеудің негізгі кестеге не кестелерге әсері жоқ.

Сұраныс құрудың түрлі тәсілдері бар: фильтрлеу, "Қарапайым сұраныс шебері" программасын не сұраныстар конструкторын пайдалану.


4.1. Фильтрлеу
Excel-дегі сияқты, кестеден шартты қанағаттандыратын беріл-гендерді таңдап, жаңа кесте құру оны фильтрлеу (сүзгілеу) делінеді. Фильтрлеудің үш түрі бар:

Кеңейтілген фильтр фильтрлеудің алғашқы екі түрін де бірік-тіреді. Сондықтан осы тәсілді пайдалану түрі ғана қарастырылған.

Кеңейтілген фильтрді пайдалану жолы:

    1. ДҚ терезесінің "Кесте" қондырмасын ашып, қажетті кестені таңдау және "Ашу" батырмасын шерту.

    2. Мәзір арқылы Жазулар - Фильтр -> Кеңейтілген фильтр командасын беру. Филътр терезесі көрінеді. 5-суретте бейнеленген Сессия кестесі үшін кеңейтілген фильтр терезесі 25-суретте кескінделген. Оның жоғарғы бөлімінде өріс атауларының тізімі енгізілген панель көрініп тұр.



Сурет 31. Сессия кестесі үшін кеңейтілген фильтр терезесі


    1. Осы атаулардың қажеттілерін екі реттен шерту. Олар терезенің төменгі блогының "Өріс" қатарының ұяшықтарына ретімен кірістіріліп қойылады.

Ұяшықтарға өpic атауларын кірістірудің екінші әдісі:

  • өріс атауы сидірілетін Ұяшықты шерту. Тілсызық батырмасы көрінеді,

  • батырманы шертіп, көрінген тізімнен қажетті өріс атауын таңдау.

  1. "Іріктеу шарттары" қатарының ұяшықтарына сәйкес өрістерден таңдалатын шарт өрнектерін енгізу.

  2. Қажет болса, "Немесе" қатарының ұяшықтарына қосымша шарттарды енгізу және "Сорттау" қатарындағы өріс ұяшығын шертіп, оған элементтерін сорттау типін енгізу (өспелі не кемімелі бойынша).

1— 4 не 1—5 әрекеттер орындалған соң фильтрлеу арқылы дайындалған сұраныс кестесін экранға шығарып көріп шығуға болады. Ол үшін аспаптар панелінің "Фильтрді қолдану" батырмасын шерту не Фильтр — Фильтрді қолдану командасын беру керек. Мысалы, "Фильтр" терезенің "Іріктеу шарттары" қатарының "Матем" өрісі ұяшығына = 5 шартын енгізіп, "Фамилиясы Аты" өрісінің ұяшығына "Өспелі түрде" типі орнатылған кезде құрылған фильтрдің экранда көрінуі 26-суретте кескінделген. Оны экраннан алып тастау үшін Жазулар — Фильтрді алып тастау командасын берсе болғаны.

Сурет 32. Кеңейтілген фильтр


  1. Фильтр кесте сияқты автоматты түрде сақталады. Файл — Сұраныс түрінде сақтау командасы берілген кезде не аспаптар панелінің осы атаулы батырмасы шертілген кезде фильтрге атау сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Атауды енгізіп, ОК батырмасын шерту жеткілікті. Файл ДҚ-ның "Сұраныстар" бөліміне жазылып қойылады.

Ескерту. Фильтр дайындау сұраныс құру сияқты орындалады, бірақ олардың айырмашылығы: сұраныс — объект (онымен түрлі редакциялау жұмысын жүргізе беруге болады), ал фильтр — тек сурет сияқты кескін.
4.2. Қарапайым сұраныс шебері
Қарапайым сұраныс — кестеден не байланысты кестелерден таңдалған өрістер бойынша құрылатын нәтижелік кесте. Қарапайым сұраныс құру үшін үш қадамдық сұхбаттық терезесі бар "Сұраныс шебері" процедурасын пайдалануға болады:

Сурет 33. Жаңа сұраныс терезесі


    1. ДҚ терезесін ашып, Сұраныстар — Құру командасын беру. "Жаңа сұраныс" терезесі көрінеді (33-сурет).



Сурет 34. Шебердің бірінші қадам сұхбаттық терезесі
2. Терезеден "Қарапайым сұраныс" қатарын екі рет шерту. Бірінші қадам терезесі көрінеді (34-сурет).

3. Терезеден кестелерді және олардан қажетті өрістерді тандап, "Таңдалған өрістер" бөліміне көшіру.

4. Екінші қадам терезесінде "Толық (Әр жазу үшін өрістерді толық шығару)" ауыстырып қосқышы орнатылған, оны осы күйде қалдырып, келесі терезеге өту.

5. Соңғы терезеде сұранысқа атау енгізіп, "Сұраныстың орында- лу нәтижелерін ашу" ауыстырып қосқышын орнату. Экранда бірінші қадам терезесінде таңдалған жазу өрістерінен тұратын сұраныс терезесі көрінеді. Оны жабу жеткілікті.



Тапсырма. 22, 23-суреттерде бейнеленген байланысты кестелер үшін 24-суретте кескінделген сұраныс кестесін құрыңыз.
4.3 Сұраныстар конструкторы
Конструктор — күрделі шарттарды қанағаттандыратын сұраныс құруға арналған арнайы терезесі бар негізгі құрал. Конструктор режимімен жұмыс технологиясы:

    1. "Жаңа сұраныс" терезесін ашып (27-сурет), Конструктор қатарын екі рет шерту не қатарды тандап, ОК батырмасын шерту. Сұраныстар конструкторы терезесі және оған қосымша "Кестені қосу" сұхбаттық терезесі көрінеді Конструктор режимі терезесі Фильтр терезесіне үқсас, бірақ одан күрделі, оны әдетте Іріктеу бойынша сұраныс не Сұраныс бланкісі деп те атайды.



Сурет 35. Іріктеу бойынша сұраныс және Кестені қосу терезелері
2. "Кесте қосу" терезесінің "Кестелер" қондырмасын ашу. Деректер қорының кестелер тізімі көрінеді (35-сурет).

3. Тізімнен кестені не кестелерді тандап, "Қосу" батырмасын шерту. Тандалған кестенің Өрістер тізімі терезесі сұраныс бланкісінің жоғарғы бөліміне орнатылып қойылады.



Ескерту. Сұраныс құру үшін "Кестелерді қосу" терезесінен дайын сұраныстарды таңдау да мүмкін.

Сұраныс бланкісінің төменгі бөлімін толтыру:

  1. Жоғарғы бөлімде көрінген кестелердің қажетті өріс атауларын екі реттен шертіп, "Өріс" жолының ұяшықтарына ретімен енгізу. Ұяшыққа өріс тақырыбы енгізілген сайын оның астында орналасқан "Кесте аты" жолының ұяшығына сәйкес кесте атауы автоматты түрде енгізіліп қойылады.

  2. Экранға шығару жолының ұяшықтарына өрісті шығаруды растайтын ауыстырып қосқыштар автоматты түрде орнатылады. Егер олардың бірін экранға шығару қажет болмаса, сәйкес белгінің орна- тылуын алып тастау.

  3. Іріктеу шарттары мен Немесе жолдарының сәйкес ұяшықтарына тандау шарттарын енгізу.

  4. Топтық операция — таңдалған өрісті нақты функция арқылы өңдеу және таңдап қорыту жолы. Қажет болса, жолдың сәйкес ұяшығын шертіп, көрінген тізімнен пайдаланатын функцияны таңдау (мысал келесі тақырыпта берілген).

  5. Қажет болса, сорттау жолының ұяшығына өріс бойынша сорттау командасын орнату.

Ескерту. а) Конструктор режимі терезесінде "Топтық операция" қатары көрінбеуі де мүмкін. Бұл кезде аспаптар панелінің сәйкес батырмасын шертіп не Көрініс — Топтық операция командасын беріп, оны енгізіп қоюға болады.

б) Конструктор режимі терезесінің жоғарғы бөліміне байланысты бірнеше кестелерді орнатып не оларды байланыстырып, "Өріс" жолына олардың кез келгенінен тандалған өрістерді енгізу де мүмкін. Құрылатын сұраныс осы өріс атауларынан тұрады.



  1. Терезені жауып, көрінген терезе өрісіне сұраныс атауын беру және ол терезені де жабу.

Мысал. "Сессия_Ст" және "Стипендия" кестелерін пайдаланып (3.5-тақырыпты қараңыз), стипендия тағайындауға арналған (бұй-рық жобасына енгізілетін) сұраныс құру керек.

Жұмыс технологиясы.

  1. Сұраныс—Конструктор командасын беріп, Конструктор режимі терезесін экранға шығару.

  2. "Кестені косу" терезесінен Конструктор терезесінің жоғарғы бөліміне "Сессия_Ст" және "Стипендия" кестелерінің үлгілерін (өрістер тізімін) орнату. Олар автоматты түрде байланыстырып қойылады (байланыстыру бұрын орындалған. Байланыстырылмаған кестелерді байланыстырып қою керек).

  3. Сұраныс бланкісінің "Өріс" жолына "Сессия_Ст" кестесінен "Фамилиясы-Аты", "Стипендия" кестесінен "Пайыз" атауын көшіру. (Егер көшірілетін өріс атаулары көп болса, сұраныс бланкісі автоматты түрде оңға кеңейеді.)

  4. "Іріктеу шарты" жолындағы "Пайыз" өрісінің ұяшығына >=2 шарттық өрнегін енгізіп (30-сурет), терезені жабу.

  5. Сұраныс құрылымының өзгертілуін сақтау сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Терезенің Иә батырмасын шерту.

  6. Сақталатын сұраныс аты сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Терезеге атау енгізіп (мысалы, "Сессия1"), ОК батырмасын шерту.

  7. Ол деректер қорының Сұраныс бөліміне жазылып қойылады (31-сурет).


Сурет 36. Сұраныс бланкісін толтыру


Фамилиясы

Пайыз

Ахметов А.

125

Ермекова С.

100

Мамаев Л.

100


Сурет 37. Бұйрық жобасына арналған Сессия1 сұранысы
Ескерту. Сұранысты бір өрісі бойынша сортталған түрде дайындау да мүмкін.
4.4. Өрнек құрастырушы
Сұраныс бланкісі терезесінің Іріктеу шарттары жолына күрделі логикалық шарттарды (өрнектерді) енгізуде мүмкін. Өрнек литерал, оператор, функция, т.б. бола алады. Ол экранда сол күйінде көрінеді.

Литерал — тырнақша ішінде жазылған мәтін, мысалы, "Ахметов ".

Оператор — төмендегі операцияларды пайдаланып жазылатын, мәні тек Иә (True) не Жоқ (False) болатын логикалық ернек:

Арифметикалық :+,—,*,/, ^ (дәрежелеу);

Салыстыру: <, <=, >, >=, =, <>, Between (>=);

Логикалық: And (және), Or (немесе), Not(eмec); т.б.

Between .. And — аралықты таңдау операторы. Мысалы: >=1978 and <= 1989 жэне Between 1978 and 1989 түрінде берілген логикалық шарттар баламалы.

Access-тің құрамында көптеген стандартты функциялар бар. Мысалы:



Sin, cos, log, sqr, tan;

Max ( ) — сандық мәндер максимумын табу;

Sum ( ) — мәндер қосындысын есептеу;

Avg ( ) — арифметикалық орта мәнді есептеу;

Count ( ) — жазулар санын анықтау, т.б.

Өрнекті сұраныс бланкісінің белгіленген ұяшығына автоматты түрде кірістіруге мүмкіндік беретін Өрнек құрастырушы процедурасының терезесі бар (32-сурет). Оны ашу үшін аспаптар панелінің Құрастыру батырмасын шерту керек. Оңда жоқ болса, сұраныс бланкісін ашып, өрнек енгізілетін өріс ұяшығын оң батырмамен шерту керек. Көрінген пункттердің Құрастыру... (Построить...) қатарын таңдаса болғаны.



Сурет 38. Өрнек құрастырушы терезесі
Өрнек құрастырушы терезесінің жоғарғы бөліміне төменгі бөлімінен екі рет шертілген не пернетақтадан терілген өрнек жазылып қойылады. Оның кейбір символдарын терезе ортасында орналасқан панельден таңдауға болады. Төменгі үш блоктың біріншісінде сұраныс құруға қажетті кестелер, өрнек құруға пайдаланылатын функциялар мен оператор бумалары және т.б. орналасқан. Буманы ашып, обьектіні таңдаған кезде оның элементтері ортаншы блокқа, элемент таңдалған кезде мәндері оң блокқа кірістіріліп қойылады.

Өрнек құрастырылған соң оның сұраныс бланкісінің курсор орналасқан ұяшығына кірістіру үшін құрастырушы терезесінің ОК батырмасын шерту керек.



Ескерту. Пернетақтадан енгізілетін өрнек элементтерінің кейбірі кіші пернетақтадан терілуі тиіс.
4.5. Нәтижелік сұраныс. Сұраныста есептеулер
Сұранысты кестелерден тек қажетті берілгендерді таңдау арқылы емес, өрістерін өндеу нәтижелерінен құруға да болады. Мысалы:

  • топтық операция жүргізу: кестенің қайталанатын өрістік элементтерін біріктіру, нәтижелік, қиылма сұраныстар құру,

  • сандық өріс мәндерінің қосындыларынан тұратын жаңа өріс қосу (сұраныста есептеулер жүргізу), т.б.


Нәтижелік сұраныс
1-мысал. Бағалары белгілі түрлі атаулы заттар кестесі құрылған (Зат1. 33-сурет). Олардың бірдей атауларын және бағаларының қосындысын біріктіріп, бір жазу ретінде көрсететін нәтижелік сұра-ныс құру керек (34-сурет).


Зат1: таблица

Код

Зат

Баға-т

1

Пальто

5700

2

Пальто

8850

3

Костюм

4915

4

Костюм

7817

5

Костюм

6418


Сурет 39. Зат1 кестесі


Зат1ұр: Запрос на выборку

Код

Зат

Sum-Баға-т

1

Пальто

14550

2

Костюм

19160


Сурет 40. Нәтижелік сұраныс
Жұмыс технологиясы:

  1. ДҚ терезесін ашып, Сұраныс — Құру - Конструктор командасын беру (Сұраныс режимінде Конструктор режимі терезесін ашу).

  2. 35-суретте көрсетілген сияқты, оның "Өріс" қатарын әдеттегідей түрде толтыру.

  3. "Топтық операциялар" жолындағы ұяшықтарға Топтастыру сөзі автоматты түрде енгізіліп қойылады. (Жол көрінбесе Сыртқы түр Топтық операция командасын беру.) Оның "Баға-т" өрісінің ұяшығына Sum функциясын енгізу (Баға-т өрісінің типі сандық болуы тиіс).



Сурет 41. Сұраныс бланкісінде топтық есептеу жүргізу


  1. Терезені жауып, сұранысқа ат беру (мысалы, "Зат1-Срс").


Сұранысқа есептелетін өpic қосу
2-мысал. Қоймаға келіп түскен киімдер жөнінде кесте құрылған (Кизат. 36-сурет). Кестеге әр типті (шифрлы) зат бағаларының қосындылары көрсетілген жаңа өpic қосып, оны сұраныс түрінде сақтау керек.

Жұмыс технологиясы:

  1. ДҚ терезесін ашып, Сұраныстар — Құру командасын беру. Жаңа сұраныс терезесі көрінеді.



Сурет 42. Киімдер, олардың саны және бағалары

  1. Терезенің Конструктор қатарын екі рет шертіп, Сұраныс бланкісі терезесін ашу.

  2. "Кестені қосу" терезесінен оның жоғарғы панеліне "Кизат" кестесінің өрістер тізімін орнатып, "Кестені қосу" терезесін жабу.

  3. Бланкінің Өріс жолына өpic атауларын көшіру.

  4. Осы жолдың келесі бос ұяшығына қос нүкте арқылы ажыра- тып, есептелетін өріс тақырыбы (мысалы, "Нәтиже") мен мәндерін анықтайтын өрнекті төменгі форматга енгізу (леп белгісінің алдында және соңында бос орын қалдырылмауы тиіс. Нәтиже сөзі құрылған сұраныс өрісінің тақырыбы ретінде қабылданады):

Нәтиже: [Кизат]! [Саны] * [Кизат]![Баға-т]

Өрнекті пернетақта арқылы теруге не оны "Өрнек құрастырушы" арқылы автоматты түрде енгізуге болады. Бұлардың соңғысы әрі тез, әрі мұнда синтаксистік қате жіберілмейді. Ұяшыққа Нәтиже: тақы-рыбы енгізілген соң өрнек құрастырушыны пайдалану тәсілі:



  1. "Құрастырушы" терезесін ашып, онда көрінген "Кестелер" бумасын екі рет шерту.

  2. Көрінген "Кизат" кестесін таңдау. Оның өрістер тізімі ортаншы блокқа көшіріледі.



Сурет 43. Есептеулер жүргізіліп құрылған сұраныс


  1. "Саны" қатарын екі рет шерту.

  2. Пернетақтадан * символын теріп алып, "Baga-т" қатарын екі рет шерту. Өрнек жоғарғы блокта көрінеді.

  3. Оған қосылған "Выражение" сөзін алып тастап, терезенің ОК батырмасын шерту. Сұраныс бланкісінің өрісіне өрнек автоматты түрде көшіріліп қойылады.

  4. Сұраныс бланкісін жауып, көрінген сұхбаттық терезеге сұраныс атауын енгізу. Құрылған сұраныс 37-суретте кескінделген.

Тапсырма. "Разряд" өрістері арқылы байланыстырылған А және В кестелерін пайдаланып, өріс атаулары Фамилиясы-Аты, Разряд, Айлық, Ставка Қолына болатын сұраныс құру керек.

Нұсқау. Сұраныс бланкісінің соңғы өрісіне енгізілетін өрнек: Қолына: [А]! [Айлық] * [В]! [Ставка]
4.6 Қайталанатын өpic мәндерін есептеу
Кестенің бір өрісіне қайталанатын мәндер енгізілген болса, олар-дың қайталану санын көрсетуге болады.

Зат

Саны

Костюм

Пальто


3

2



Сурет 44. Өрісте қайталанатын мәндер санын көрсеткен сұраныс
3-мысал. 33-суретте бейнеленген Зат1 кестесі үшін 38-суретте көрсетілген сұраныс құру керек.

Сұраныс құру тәсілі:

  1. ДҚ терезесін ашып, Сұраныстар — Құру командасын беру.

  2. Керінген "Жаңа сұраныс" терезесінен "Қайталанатын жазулар" қатарын екі рет шерту. Сұхбаттық терезелері бар Қайталанатын жазуларды іздеу шебері программасы іске қосылады. Терезелерінен кесте және қажетті өріс атауларын (Зат1, Зат) таңдап, сұранысқа жаңа ат беру жеткілікті.

  3. Мұндай сұраныс бір өрісінің көптеп қайталанатын мәндері бар кестеден мәліметтік кесте құру үшін ыңғайлы. Бірақ оның кемшілігі де бар: сұранысқа өрістік мәні қайталанбайтын жазулар енгізілмейді.


4.7 Қиылма сұраныс
Қиылма (перекрестный) сұраныс кестенің тандалған өрістерінен берілгендерді топтап, оларды ыңғайлы түрде көрсетеді. Мысалы, "Зат1" кестесін пайдаланып, 39-суретге бейнеленген сұраныс құруға болады. Ол үшін орындалуы тиіс әрекеттер:

1. ДҚ терезесін ашып, Сұраныстар — Құру командасын беру.

2. Көрінген "Жаңа сұраныс" терезесінен "Қиылма сұраныс" қатарын екі рет шерту. Сұхбаттық терезелері бар Қиылма сұраныс шебері программасының бірінші терезесі көрінеді.

Сурет 45. Қиылма сұраныс
3. Терезелерде кесте тізімдерінің қажеттісін таңдап (Зат1), пайдаланылатын өріс атауын (Зат) таңдалған өpic бөліміне көшіру; мәндері өріс тақырыптары болатын өpic атауын (Баға-т) таңдап, келесі терезелерге өту және соңғы терезеде қорытындысын жинақтау функциясын таңдау (Count).

4. Соңғы сұхбаттық терезеде сұранысқа ат беру.


Формалар
Кейде кестені жасырын түрде ұстап (пайдаланушыға толық керсетпей), бір ғана жазуымен таныстырады. Осы себепті көп жағдайларда кесте форма түрінде дайындалады. Бұл — Access-тің негізгі ерекшеліктерінің бірі.

Форма - берілгендерді экраннан енгізуді жеңілдету үшін дайындалған бланк. Форманы кесте негізінде құрып, оған озгөрістер енгізуге болады. Бұл кезде өзгерістер автоматты түрде кестеге де енгізіліп қойылады. Форма құрудың үш тәсілі бар:
1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет