Деректер қорына кіріспе Ақпараттық жүйелер


Сандық типті өріс қасиеттерін орнату



бет3/5
Дата24.04.2018
өлшемі0.81 Mb.
түріҚұрамы
1   2   3   4   5

Сандық типті өріс қасиеттерін орнату. Сандық өрістер бүтін не нақты сандар енгізілетін өрістер болып екіге бөлінеді. Конструктор режимінде бүтін сандық өріс таңдалған кезде Жалпы (Общие) панелінің (қондырмасының) пішіні 9-суретте кескінделген. Жаңа құрылатын кестеде сандық өріс құру не өрісті бапқа келтіру үшін қондырмадан өріс өлшемін, өріс форматын (қажет болса, ондық таңбалар санын) орнатып қою керек. Қондырмада типке сәйкес тізімді экранға шығару үшін көрінген сәйкес қатардың тандалуы тиіс. Қатардың оң жағында тілсызық батырмасы пайда болады. Оны шертіп, көрінген тізімнен қажеттісін таңдау керек. Мысалы, өріс өлшемі үшін экранға шығарылған тізімнен Ұзын бүтін (длинное целое) қатарын шерту. 10-суретте көрсетілген тізім көрінеді. Тізімде көрінген Байт — [0; 255], Бүтін - [-32708; 32767], Ұзын бүтін - [-2147483648; 2147483647], Жылжымалы нүктелі - [1.401298E-45; 3.402823Е+38] сәйкес аралықтарда сақталатын сандар.


Общие




Размер поля

Длинное целое

Формат поля




Число десятичных знаков

Авто

Маска ввода




Подпись




Значение по умолчанию




Условие на значение

0

Сообщение об ошибке




Обязательное поле




Индексированное поле

Нет




Нет








сурет 17. Сандық типті өріс қасиеттері енгізілген қондырма

Байт


Целое

Длинное целое

С плавающей точкой (4 байт)

С плавающей точкой (8 байт)

Код репликации



Сурет 18. Сандық өріс өлшемдері
Қондырмадан Өріс форматы мен ондық таңбалар санын орнату қатарларын тандап, қатарда көрінген тілсызық батырмасын шерткен кезде керінетін тізімдер 11, 12-.суреттерде көрсетілген.










Сурет 19. Сан форматы сурет 20. Ондық таңбалар саны
Дата/Уақыт және Ақшалық типті өpic қасиеттерін орнату тәсілдері де жоғарыдағы сияқты.

MEMO өрісі. Өріс мәтіндік өpic сияқты, бірақ ол ұяшықта [257 ... 65535] аралығындағы символдар тізбегінен тұратын ұзын типті мәтіндік деректерді сыйдыру үшін тандалады. MEMO өрісінің ерекшелігі — деректер басқа жерде сақтауға жіберіледі де, ол орналастырылған орында сілтеме көрсеткіш қана сақталады.

Логикалық және Есептегіш типті өріс форматтарын Access авто-матты түрде өзі орнатады. Логикалық өріс ұяшығына ауыстырып қосқыш белгісі енгізулі турады. Оны орнату ұяшықта логикалық Иә (ақиқат), орнатуды алып тастау Жоқ (жалған) мәнін енгізу деп қабылданады.

Есептегіш типті өріс жөнінде 1-тақырыпта түсініктеме берілген.

OLE объектісінің өрісі басқа программалар арқылы құрылған сурет және т.б. объектілерді кірістіру үшін, Гшіерсілтеме өрісі Интернет не басқа объектінің файлдарымен байланыс орнату үшін гиперсілтеме мәтінін енгізу үшін құрылады.

Алмастыру шебері — өріс типтерінің соңғысы етіп енгізілген элемент (8-суретті қараңыз). Ол тип атауы емес, кестелер байланысын орнатуға арналған ішкі программа. Кітапта кестелер байланысын құрудың басқа тәсілі баяндалған (3.5-тақырыпты қараңыз).

Кесте өрісін индекстеу.

Access-те индекс берілгендерді бір не бірнеше өріс бойынша іздеуді жылдамдату үшін пайдаланылады. Кілттік өрісі бар кез келген кесте осы өріс бойынша индекстеліп қойылады. Қажет болса, басқа өрісті не өрістерді қолдан индекстеп қоюға да болады. Әдетте олар кестелерді біріктіру үшін не кестені осы өрістер бойынша сорттау үшін қажет. Индекстеуге болатын өріс типтері: мәтіндік, сандық, ақшалық және дата мен уақыт. Бір өрісті қолдан индекстеу үшін конструктор терезесінің жоғарғы бөлігінде көрінген осы өрісті тандап, төменгі бөлігінің Жалпы қондырмасының Индекстелген өріс қатарына Иә (Да) мәнін енгізу керек. Соңында терезені жауып, көрінген сұхбаттық терезелерге оң жауап беру жеткілікті.

Жалпы, конструктор режимі терезесінде не кестелер режимінде ашылған кестенің үлгісімен түрлі редакциялау жұмыстарын жүргізе беруге болады. Оларды жанама мезірді пайдаланып орындаған жеңіл.
3.5. Кесте шебері
Кесте құрудың келесі әдісі — Кесте шебері ішкі программасы арқылы автоматты түрде құру. Құру жолы:


  1. Жаңа кесте терезесін ашып (3-сурет), "Кесте шебері" қатарын екі рет шерту (оны және ОК батырмасын шертуге де болады). Программа іске қосылып, оның төрт қадамдық терезесінің бірінші қадам сұхбаттық терезесі көрінеді (13-сурет).

  2. Терезеде:

  3. а) "Жеке" не "Жұмыста қолдану" ауыстырып қосқыштарының қажеттісін орнату (әдетте соңғысы орнатылады).

  4. б) "Кесте үлгілері" панелінен кесте типін таңдау (мысалы, "Сотрудники"). Оның өріс атаулары "Өріс үлгілері" панеліне кірістіріліп қойылады.




Сурет 21. Кесте шеберініц бірінші сұхбаттық терезесі
в) "Өріс үлгілері" панелінен қажетті өpic атауларын "Жаңа кесте өрістері" панеліне көшіру (ол үшін атауды екі рет шертуге, не оны таңдап, көшіру батырмасын шертуге болады).

Мұндағы ескеретін жайт: құрылатын кестенің өріс атаулары "Өріс үлгілері" тізімінде бола бермейді. Ол кезде "Жаңа кесте өрістері" панеліне кез келген атауды көшіріп және оны таңдап, терезенің "Өріске басқа ат қою..." батырмасын шерту керек. Көрінген сұхбаттық терезенің (14-сурет) "Өріс аты" өрісіне қажетті атауды енгізіп, ОК батырмасын шертсе болғаны, т.с.с.

г) терезенің "Одан әрі" батырмасын шерту.

Сурет 22. Өріс атауын өзгерту терезесі


  1. Екінші қадам терезесінде кілтті пайдаланушының анықтауы не кілтті автоматты түрде анықтау ауыстырып қосқыштарының бірін орнату. "Кілтті автоматты түрде анықтау" ауыстырып қосқышы орнатылса, Access есептегіш типті кілттік өріс құрып шығады. Бірінші аталған ауыстырып қосқыш орнатылған кезде "Одан әрі" батырмасын басып, кілтті көрінетін қосымша сұхбаттық терезеде анықтау керек.

  2. Үшінші қадам терезесінде кестені бұрыннан құрылған кестелермен байланыстыру мүмкіндігі бар. Қажет болса, терезеде көрінген нұсқауларды орындау.

  3. Соңғы терезеде үш ауыстырып қосқыш көрінеді (15-сурет). Олардың қажеттісін орнату.



Сурет 23. Кесте шеберінің төртінші қадам терезесі
"Кесте құрылымын өзгерту" ауыстырып қосқышы орнатылса, Кесте шебері талапқа сай орындай алмаған іс-әрекеттерді орындауға арналған Конструктор режимі іске қосылады.

"Кестеге берілгендерді тікелей енгізу" ауыстырып қосқышы ор-натылған кезде Шебер атау берілген және өріс тақырыптары енгізілген бос кестені экранға шығарады. Кестеге деректерді енгізіп, жаңа кесте құру керек. Оларды редакциялау да мүмкін. Кестенің бір ұяшығына деректер енгізіліп болған соң Еnter пернесі басылуы тиіс.


3.6. Кестелермен жұмыс

Кесте элементтерін таңдау және өшіру
а) Ұяшықты таңдау үшін көрсеткішті оның сол жақ шетіне орналастырып, ақ крест түріне айналған кезде тышқан батырмасын шерту керек.

Ұяшықты өшіру үшін оны тандап, Del пернесін басу жеткілікті.

б) Бағанды таңдау үшін оның тақырыбын шертсе болғаны. Тақырып оң батырмамен шертілген кезде жанама мәзір ашылады.



Бағанды өшіру үшін оны таңдап, Түзету — Бағанды өшіру командасын беру керек.

в) Қатар орналасқан бірнеше бағанды таңдау тышқан батырмасын басып тұрып, алғашқы өріс тақырыбынан бастап көрсеткішті солдан оңға қарай жылжыту арқылы орындалады.

г) Жазбаны таңдау үшін оның сол жағында орналасқан жазу маркерін бір рет шерту жеткілікті. Таңдалған жазбаны Del пернесі арқылы өшіруге болады.

д) Қатар орналасқан бірнеше жазуды таңдау үшін тышқанды басып тұрып, көрсеткішті жазба маркері жолында төмен жылжыту керек. Оларды өшіру әдісі жазбаны өшіру сияқты.

е) Төртбұрышты Ұяшықтар блогын таңдау жолы:

блоктың сол жақ жоғарғы бұрышына көрсеткішті әкеліп, ол ақ крест түріне айналған соң қарсы бұрышқа жеткенше диагональ бо-йынша жылжыту.

ж) Кестені таңдау үшін өрістер тақырыбының сол жағында орналасқан кесте маркерін шерту керек.

Ол оң батырмамен шертілген кезде кестемен операциялар орындауға арналған жанама мәзір көрінеді.


Кестеге жазба не өpic қосу
Кестеге жазба (жазу) қосу үшін ДҚ терезесі арқылы кестені ашып, Кірістіру — Жаңа жазба командасын беру керек.

Кесте соңына бос жол қосылып қойылады. Оған жазбаны енгізіп, Еnter пернесін басу жеткілікті.

Келесі жолға жазбаны осы әдіс бойынша енгізу мүмкін.

Жазбаны таңдап, оны оң батырмамен шерткен кезде жазбамен түрлі операцияларды орындауға арналған жанама мәзір керінеді.



Кестеге жаңа өріс қосу үшін оны ашып, Кірістіру — Баған командасын беру керек. Ашылған бос өрісті толтыру жолы әдеттегідей.
Кесте өрісін басқа кестеге көшіру


  1. Өрісті таңдап, алмастыру буферіне көшіру (Ctrl+C пернелерін басу не Түзету - Көшіру командасын беру).

  2. Қабылдайтын кестені ашып, жаңа өріс құру. Оның типі көшірілетін өрістің типімен бірдей болуы тиіс.

  3. Құрылған өрісті таңдау (толтырылмаған кесте үшін екінші пунктті орындамай, бірден өрісті таңдау жеткілікті).

  4. Буферден кірістіру командасын беру (Ctrl + V не Түзету — Кірістіру).

Ескерту.

а) Көшіру үшін өріс тақырыбын тышқанның оң батырмасымен басып, көрінген жанама мәзірді пайдалану да мүмкін.

б) Өрістер блогын көшіру тәсілі де бір өрісті көшіру сияқты. Екі кестенің таңдалған блок өрістерінің типтері бірдей болса болғаны.

в) Өрісті бір кесте ішінде көшіру үшін оны таңдап, Жылжыту және Қалдыру әдісін пайдалану жеткілікті. Жылжыту алдында көрсеткішке төртбұрышты белгінің қосылуын күту керек.


Кестені не кесте құрылымын көшіру
ДҚ терезесінен таңдалған кесте не оның құрылымы әдеттегідей алмастыру буфері арқылы көшірілуі мүмкін. Оны жанама мәзір арқылы көшіруге де болады. Бұл кезде орындалуы тиіс әрекеттер:

а) ДҚ терезесінің Кестелер қондырмасын ашып, кесте атауын оң батырмамен шерту.

б) Көрінген жанама мәзірдің Көшіру пунктін тандау.

в) ДҚ терезесінің кесте атаулары орналасқан облысын оң батырмамен шерту.

г) Көрінген жанама мәзірдің Кірістіру пунктін тандау. 16-суретте бейнеленген терезе көрінеді. (Мәзір арқылы буферден кірістіру командасын бергенде де осы терезе көрінеді.)

Сурет 24. Кесте не құрылымын кірістіру терезесі
Одан әрі, кестені толық көшіру үшін терезенің "Кесте атауы" өрісіне жаңа кесте атауын енгізіп, "Құрылым және берілгендер" ауыстырып қосқышын орнату. Егер тек кесте құрылымын көшіру қажет болса, атау енгізілген соң онда "Тек құрылым" ауыстырып қосқышын орнату жеткілікті. Бұл кезде экранда тек өріс тақырыптары енгізілген бос кесте көрінеді. Оны толтыру әдісі әдеттегідей.


    1. Кестелер арасында байланыс орнату. Деректер схемасы


Бастапқы және сыртқы кілттік өрістер. Деректер қорының бірдей атаулы өрістері бар кестелерді байланыстыру және олардың кілттік етілген кейбір өрістерін пайдаланып, басқа кесте құру — Access-тің негізгі ерекшеліктерінің бірі. Негіздік кестені басқаларымен байланыстыру үшін оның мәндері қайталанбайтын (бірегей) кілттік өрісі болуы және басқа кестенің осы атаулы өрісі болуы тиіс (бірегей кілттік өрісті бастапқы (первичный) кілттік өріс деп атайды). Ол ұзын сандық типті кілттік өріс болуы міндетті. Егер кестеде мұндай өріс болмаса, оны құрып алуға болады.

Мысал. 5-суретте кескінделген Сессия кестесін пайдаланып, стипендия тағайындау кестесін құру керек.

Негіздік кестені мынадай шарттарды басшылыққа ала отырып құрайық (18-сурет):



  • барлық пәннен 5 алған студентке 125% стипендия тағайындау (кестеге оның кодын (кодтық санын) 3 деп енгізу);

  • барлық пәннен 4 не 5 алған студенттерге 100% стипендия тағайындау (оның коды үшін 2 санын енгізу);

  • басқа студенттерге стипендия тағайындамау (оның коды үшін 0 санын енгізу).

Құрылған кестенің Стберу өрісі - бірегей. Сессия кестесін ашып, оған мәндері жоғарыда таңдалған кодтар арқылы жазылған Стберу өрісін қосып және оған жаңа ат беріп (мысалы, Сессия_Ст) сақтау қажет (19-сурет). Мұндағы Стберу өрісі бірегей емес, кестелерді

Сурет 25. СессияСы кестесі
байланыстыру үшін ғана пайдаланылады. Мұндай кілттік өріс сыртқы кілттік өріс деп аталады (сыртқы кілттік өрістің бірегей болуы да, болмауы да мүмкін).

Кестелерді байланыстыру жолы:

  1. Аспаптар панелінің Деректер схемасы (Схема данных) батырмасын шертіп не Сервис — Деректер схемасы командасын беріп, осы атаулы терезені ашу.

  2. Мәзір арқылы Байланыстыру — Кестені қосу командасын беріп не аспаптар панелінің "Кестені қосу" батырмасын шертіп, кесте атауларының тізімі енгізілген "Кестені қосу" терезесін шығару. (Егер кестелер арасында байланыс болмаса, Деректер схемасы терезесі ашылған кезде "Кестені қосу" терезесі бірге ашылады.)

  3. Соңғы терезеден байланыстырылатын кесте атауларын таңдап, "Қосу "батырмасын шерту. Таңдалған кестелер Деректер схемасы терезесіне кірістіріліп қойылады.

  4. "Кестені қосу "терезесін жабу.

  5. Жылжыту және Қалдыру әдісі бойынша көрсеткішті Стипендия кестесінің кілттік Стберу өрісінен Сессия_Ст кестесінің Стберу өрісіне жылжытып әкелу. Төменінде "Қатынас типі: "Бірі - Көбіне" жазуы орналасқан "Байланыстар" атаулы сұхбаттық терезе көрінеді (26-сурет).



Сурет 26. Байланыстар терезесі


  1. Терезенің "Берілгендер тұтастығын қамтамасыз ету" ауыстырып қосқышын орнатып, "Біріктіру "батырмасын шерту. "Біріктіру параметрлері"сұх6аттық терезесі көрінеді.

  2. Терезеде "Стипендияның барлық жазбаларымен Сессия_Ст-ның байланыстырылған өрістері бірдей жазбаларын біріктіру "ауыстырып қосқышын орнатып, ОК батырмасын шерту. "Байланыстар " терезесі қайта көрінеді.

  3. Оның Құру батырмасын шерту. Кестелер сызық арқылы "Стберу" өрістері бойынша байланыстырылып қойылады (27-сурет).



Сурет 27. Деректер схемасы терезесі
Оларды пайдалану тәсілдерінің бірі — стипендия тағайындау бұйрығы. Ол 4.3-тақырыпта көрсетілген.

Ескерту. Сервис — Деректер схемасы командасын беріп, кестелер арасында байланыс орнатылғанына көз жеткізуге болады.

Жоғарыдағы екі кестенің байланыс түрі мынадай: Негізгі Стипендия кестесінің бір кілттік кодына бағыныңқы Сессия_Ст кестесінің көптеген жазбалары сәйкес келеді. Мұндай қатынас типі Бірі көбіне делінеді.



Негізгі кестенің бір кілттік кодына бағыныңқы кестенің бір ғана жазуы сәйкес келетін жағдайлар да көп. Мұндай қатынас типін Бірі — біріне деп атайды. Мысалы, негізгі Студент және бағыныңқы Сессия1 кестелерінің (22, 23-суреттер) Нөмір өрістері арқылы қатынас типі: Бірі — біріне (Студент кестесінің Нөмір атаулы өрісі — кілттік). Егер жазба сандары тең екі кесте кілттік өрістері арқылы байланыстырылса, мұнда да қатынас типі: Бірі — біріне.


Студент

Нөмір

Фамилиясы,аты

1

Ахметов А. Б.

2

Нурланов М. Н.

3

Ержанова С. 0.


Сурет 28. Студент кестесі



Сессия1

Код

Нөмір

Мат

Физ

Инф

1

1

5

5

5

2

2

3

4

4

3

3

4

4

5


Сурет 29. Сессия1 кестесі
Access-тің ерекшеліктерінің бірі - байланысты кестелердің түрлі өрістерін пайдаланып, автоматты түрде жаңа кесте құруга болады.


Фамилиясы — Аты

Мат

Ахметов А. Б.

5

Нұрланов М. Н.

3

Ержанова С. 0.

4


Сурет 30. Байланысты кестелер арқылы құрылған сұраныс
Мысалы, 22, 23-суреттерде кескінделген екі кестенің Фамилиясы, аты және Мат өрістері арқылы құрылған кесте 24-суретте кескінделген. Мұндай кестені сұраныс деп атайды. Оның құрылу тәсілі келесі тақырыпта баяндалған.

Кестелерді байланыстырып, жаңа кесте құру сияқты информацияның түрлі категориялары арасындағы қатыстарды анықтап, өңдей алатын ДҚ - реляциялық деректер қоры деп аталатыны тараудың кіріспе бөлімінде айтылып кеткен болатын. Жоғарыда келтірілген мысал Access-тің реляциялық ДҚ екенінің бір мысалы.




    1. Кестені импорттау

Access сыртта құрылған түрлі файлдық деректерді импорттай алады. Оларды dBASE, FoxBase, FoxPro, т.с.с. дерекгер қорынан импорт-тау жеңіл. Excel-ден импорттау біраз еңбекті қажет етуі мүмкін, себебі электрондық кесте түрлі типті деректерден тұратын бағандарды да сақтайды. Егер әр бағанда бір типті деректер сақталған болса, электрондық кестені импорттау қиын емес. Мысалы, Excel-де құрылған Сессия кестесін импорттау жолы:



ДҚ терезесінде Кесте Құру командасын беріп, Жаңа кесте терезесін ашу.

Терезеден Импорттау қатарын таңдап, ОК батырмасын шерту. "Импорт" терезесі керінеді.

Терезеде файл типін (Microsoft Excel) және файл атын тандап (Сессия), "Импорт" батырмасын шерту. Импорт шебері программасы іске қосылып, кесте үлгісі көрсетілген оның бірінші қадам терезесі көрінеді.

Қалған сұхбаттық терезелерді тек қарап шығып, соңғы терезеде деректерді қабылдайтын кестеге ат беру.

ДҚ терезесінде импортталған кесте атауын тандап, Ашу батырмасын шерту және көрінген кестеге өpic тақырыптарын енгізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет