Деректер қорына кіріспе Ақпараттық жүйелер


Қатынасты қалыпқа келтіру



бет2/5
Дата24.04.2018
өлшемі0.81 Mb.
түріҚұрамы
1   2   3   4   5

2.2 Қатынасты қалыпқа келтіру

Қатынасты қалыптандыру түсінігі
Кейбір деректер әр түрлі тәсілдермен кестелерге топтана алады. Атрибуттар топтары қатынастарда рационалды болу тиіс, яғни деректердің қайталануын азайтатын және олардың өңдеу, жаңарту сияқты процедураларын жеңілдететін болу керек.

Анықталған қатынастар жиымын қосқан кезде күшті қасиеттерге ие болады, модификациялау, деректерді өшіру, басқа қатынастар жиымына қарағанда, егерде ол қатынастарды қалыптандыру талаптарына жауап беретін болса.



Қатынастарды қалыптандыру- қайталануға мүмкіндік беретін, деректер қорында сақталатындардың бір-біріне қарама-қарсы болуын қамтамасыз ететін формальды аппараттардың қүрылу қатарына шектелуі.

Е.Коддтың көмегімен қатынастың үш қалыпты формасы және кез келген қатынасты үшінші қалыпты формаға түрлендіруге мүмкіндік беретін механизм үсынылды.



2.3 Бірінші қалыпты форма

Қатынас қалыпқа келтірілген немесе бірінші қалыпты формага келтірілген деп аталады, егерде оның барлық атрибуты қарапайым болса (бөлінбейтін). Қатынастарды бірінші қалыпты формаға келтіру қатынас реквизиттерінің (өрістің) санының өсуіне және кілттің өзгеруіне әкеледі. Мысалы, Студент қатынасы = (Нөмірі, Тегі, Аты, Әкесінің аты, Туған күні, Тобы) бірінші қалыпты формада.

Бірінші қалыпты форма



2.4 Екінші қалыпты форма

Екінші қалыпты форма қатынасына келтіру мәселесін қарастыру үшін, функционалды тәуелділік және толық функционалды тәуелділік сияқты түсініктерге міндетті түрде түсініктеме беру керек.

Ақпараттық объектінің сипаттама реквизиттері барлығына ортақ болып келетін кілтпен логикалық түрғыда байланысқан.

Реквизиттердің функционалды тәуелділігі- бүл ақпараттық объектінің данасында өзекті реквизиттің белгілі бір мағынасына тек қана сипаттама реквизитінің бір ғана мағынасы сәйкес келетін тәуелділік.

Функционалды тәуелділіктің мүндай анықтамасы оған пәндік аймақтағы реквизиттердің барлық өзара байланыстарының анализі барысында дербес ақпараттық объектілерді бөліп көрсетеді.

Мысалы. 5 суретте Студент реквизитінің функционалды тәуелділігінің графикалық бейнеленуі көрсетілген, онда өзекті реквизит белгіленген.



Сурет 6. Реквизиттердің функционалдық тәуелділігінің графикалық бейнеленуі

Қосалқы кілт жағдайында толық функционалды тәуелділік түсінігі енгізіледі.

Өзекті емес атрибуттардың функционалды толық тәуелділігі мынаған келіп тіреледі, әрбір өзекті емес атрибут кілтке функционалды тәуелді болады, бірақ та қосалқы кілттің ешбір бөлігінен функционалды тәуелділікте болмайды.

Егер қатынас бірінші қатынас қалыпты формада болса, ол екінші қалыпты формада бола алады және әрбір өзекті емес атрибут қосалқы кілтке функционалды толық тәуелділікте болады.

Екінші қалыпты форма



2.5 Үшінші қалыпты форма

Үшінші қалыпты форма түсінігі транзитивті емес тәуелділік түсінігінен негіз алады.

Егер екі сипаттама реквизиттердің біреуі кілтке тәуелді болса, ал басқа сипаттау реквизиті бірінші сипаттау реквизитіне тәуелді болған жағдайда транзитивті тәуелділік анықталады.

Егер қатынас екінші қалыпты формада болып, әрбір өзекті емес атрибут алғашқы кілтке транзитивті емес тәуелді болғанда қатынас үшінші қалыпты формада болады.



Мысал. Егер Студент ақпараттық объектінің сипаттау реквизиттерінің құрамына топ нөмірімен анықталатын топ старостасының фамилиясын енгізсе (староста), ол жағдайда старостаның сол енгізілген фамилиясы өзгеріссіз берілген ақпараттық объектінің түрлі даналарында көп рет қайталанады.

Сипаттау реквизиттерінің транзитивті тәуелділігін алып тастау үшін міндетті түрде бастапқы ақпараттық объектінің "ыдырауын" енгізу керек. Ыдырау нәтижесінде реквизиттердің бір бөлігі бастапқы ақпараттық объектіден жойылады да басқа (мүмкін жаңа қүрылған) ақпараттық объектілердің қүрамына қосылады.



Мысал. Сипаттау реквизитінің транзитивті тәуелділігі бар ақпараттық объектінің "ыдырауы" 6 суретте көрсетілген.

Сурет 7. Ақпараттық объекті құрылымының "ыдырауына" мысал.
Үшінші қалыпты форма



2.6 Төртінші қалыпты форма

Келесі қатынастарды қалыптандыру, келесі теоремаға негізделеді: Фейджен теоремасы (Fagin R.) R(A,B>Q қатынасын R1(A,B) және R2(A,C) қатынасына ештеңе жоғалтпай келтіруге болады, бірақ тек А=>В|С тәуелдісі бар болған жағдайда ғана .



Төртінші қалыпты форманың анықтамасы: R қатынасы төртінші қалыпты формада тек қана А=>В көпмағыналы тәуелдісі бар болып, ал қалған R атрибуттар функционалды түрде А-ға тәуелді болған жағдайда болады.

2.7 Бесінші қалыпты форма

Алдыңғы қатынас кестелерінің қалыптастыру нәтижесі екі жаңа қатынас болды. Кейде мұны істеу мүмкін болмайды немесе алынатын қатынастар қаламайтын қасиеттеріне ие болады. Бұл жағдайда бастапқы қатынастың декомпозициясынның санын екі көтеретн қатынасқа.



Бесінші қалыпты форманың аньщтамасы: R қатынасы 5ҚФ-да (немесе байланыс проекциясының қалыпты формасы- PJ/NF) болады тек сол жағдайда, егер кез келген R байланысының тәуелдісі R- дегі кейбір мүмкін болатын кілттің бар болуынан болса.
2.8 Тұтастықтың қамтамасыздығы

Түтастық ішінде толық, қарсы емес информацияның пәндік аймағының бар екендігін білдіретін деректер қорының қасиеттерін түсінеді.



Физикалық және логикалық түтастықты ажыратады.Физикалық түтастық деректерге физикалық кіру мүмкіндігінің бар болуын және деректер қүртылмағанын білдіреді. Логикалық түтастық деректер қорындағы деректердің қүрылымының бүзылуы немесе оның объектілерінің, жойылуы немесе объектілер арасына орнатылған байланыстың өзгертілуі және т.б логикалық қателердің жоқтығын білдіреді.

ДҚ- ның түтастықты ұстауы түтастық тексерісін және қорда қарсылықтардың табылуы жағдайында оның қалпына келтіруін қосады.

ДҚ-ның тұтастық күйі ДҚ-ғы сақталулар қанағаттандыруы қажет шарт түріндегі түтастық шектеулерінің көмегімен сүралады. Түтастық шектеулерінің ішінен екі негізгі шектеулердің типін көрсетуге болады: қатынас атрибуттарының мағына шектеулерін және қатынас картежіне қүрылымдық шектеу.

Қатынас атрибуттарының мағына шектеулерінің мысалы ретінде атрибуттардағы бос немесе қайталанатын мағыналардың мүмкін еместігін талап етуінде.

Қүрылымдық шектеулер түтастықтың бар болының және сілтеме түтастығының талабы кез келген қатынасы бірлік кілтке ие болуында.

Сілтеме түтастығының талабының берілуі ішкі кілт үғымымен тығыз байланысты. Ішкі кілттер ДҚ- ы кестелерінің өзара байланысы үшін қолданылады. Бір қатынастың атрибуты (негізгінікі) берілген қатынастың ішкі кілті деп аталады, иегер де ол екінші қатынастың (бағыныңқы) бірлік кілті болса. Ішкі кілт анықталған қатынас дәл сол атрибут бірлік кілт болып табылатын қатынасқа жіберіледі.

Көптеген ДҚБЖ-де ДҚ-ның бақылау түтастығын қамтамасыз ету қүралдары болады.

Деректер қорының элементтері
3.1 Кесте құрылымы. Есептегіш өрісі
ДҚ кестесінде деректер адресі, Excel-дегі сияқты, жолдар мен бағандар қиылысы арқылы анықталады. Бағанды өріс (поле) деп, жолды жазу не жазба (запись) деп атайтыны жоғарыда ескертілген.

Кестенің өріс құрылымы жөнінде ескеретін жайттар:



  • Өріс атаулары бірегей (қайталанбайтын) болуы тиіс. Атау ушін . (нүкте), ! (леп белгісі), [ , ] (ашу, жабу квадрат жақшалары) символдарынан басқа саны 64-ке дейін символдар тізбегін алуға болады.

  • Әр өріске бір типті ғана берілгендерді енгізу мүмкін. Типтер мәтіндік (текстік), сандық, дата/уақыт, логикалық, ақшалық болып бірнеше түрге бөлінеді. Мәтіндік өріс ұяшығына 256-ға дейін символдар тізбегін енгізуге болады. Қалған типті берілгендерді енгізу тәсілі олардың тип атауларынан белгілі.

  • Түрлі өріс түрлі қасиетті (қасиет — өріс типі, өpic ұзындығы, т. б.)

  • Кейбір жағдайларда Access-те ДҚ кестесінің бірінші өрісі етіліп автоматты түрде Код тақырыбы меншіктелген өpic қосылып қойылады. Оны Есептегіш (Счетчик) типті өріс деп атайды. Егер кестеде мұндай өpic бар болса, әр жазу енгізілген сайын оның реттік нөмірі осы өріске кірістіріліп қойылады.



Байланысты кестелер жөнінде. Кілттік өріс
Деректер қорында құрылған кестелердің бірдей атаулы өрістері болып және олардың типтері бірдей болса, мұндай кестелерді байланыстыруға болады және оларды пайдаланып басқа кесте құру да мүмкін (белгілі жағдайларда Access байланыстыруды автоматты түрде жүргізе алады).

Мәндері бірегей болатын өрісті бірегей өріс деп атайды. Мысалы, жазбалар нөмірлері енгізілген өpic — бірегей. Егер кестенің бірде-бір өрісі бірегей болмаса, қажет кезінде қосымша етіп, ондай өрісті қолдан құру қиын емес.



Кестелерді байланыстыру үшін тағайындалған өрістерді кілттік өрістер деп атайды. Олардың кемінде біреуінің кілттік өрісі бірегей, екіншісінің өрісі осы типті болуы тиіс. Басқа нұсқау берілмесе, Access автоматты түрде есептегіш өріс құрып, оны кілттік етіп қояды. Қолдан бірнеше өрістерді кілттік етіп қою да қиын емес. (Есептегіш өрісі, қасиеттерді орнату, кілттік өpic және кестелерді байланыстыру жөнінде кеңейтілген түсініктемелер мен мысалдар келесі тақырыптарда берілген.)
3.2 Access-ті іске қосу. Деректер қорын құру. ДҚ терезесі
Access-ті іске қосу үшін Windows жұмыс үстелі арқылы Іске қосу —> Программалар —> Microsoft Access командасын беру жеткілікті. ДҚ құруға ету не оны ашуға арналған сұхбаттық терезе көрінеді (1-сурет). Оның астыңғы қабатында Access-тің көмескі түрде (белсендірілмеген) өз терезесі байқалады. Access-тің негізгі мәзір пунктеріне енгізілген командалардың көпшілігі Windows командалары сияқты. Қажет болса, олардың қызметін Access-тің анықтамалық мәзірі арқылы анықтау қиын емес.



сурет 8 . Access іске қосылған кезде көрінетін ДҚ құруға өту не оны ашу терезесі
Жаңа ДҚ құру үшін 1-суретте бейнеленген терезенің "Жаңа ДҚ" ауыстырып қосқышын орнатып, ОК батырмасын шерту керек. ДҚ құру терезесі көрінеді. Оның "Бума" өрісіне енгізілген тізімнен жаңа ДҚ орналастырылатын буманы таңдау және "Файл аты" өрісіне құрылатын БҚ атауын енгізу керек. Мысалы, Бума: Менің құжаттарым, файл (ДҚ) аты: Окам1. Одан әрі "Құру" батырмасы шертілуі тиіс. Access 97-де атау Access-тің ДҚ құруға өту терезесіне енгізіліп, экранға ДҚ терезесі шығады (2а-сурет). Access 97-де 22 түрлі аспаптар панелі бар. Олардың бірін экранға шығару не жасыру үшін Түр > Аспаптар панелі > Бапқа келтіру командасын беріп, көрінген сұхбаттық терезеден сәйкес ауыстырып қосқышты орнату не алып тастау жеткілікті. Қор терезесінде БҚ құрамындағы алты объектімен жұмысты бастауға арналған алты қондырма бет бар: Кестелер, Сұраныстар, Формалар, Есептер, Макростар, Модульдер. Олардың алғашқы төртеуі негізгі объектілер.

Макростар — макрокомандалар (бірнеше командаларды біріктіріп орындайтын команда). Мысалы, Quit (шығу) - Access-тен шығу, Delete (жою) - макрокомандалар. "Макрос" қондырмасын пайдаланып ашылған терезеге макросты енгізуге болады.

сурет 9 . ДҚ терезесі
Модульдер — Visual Basic программалау тілінде жазылған ішкі программалар (процедуралар). "Модульдер" қондырмасы осы программалармен жұмыс істеуге арналған. Access-тің стандартты құралдары жеткіліксіз болған жағдайда программалаушы осы тілде программалық модульдерді жазып, жүйенің жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыруына болады.

Деректер қоры терезесінің оң жағында үш командалық батырма орналасқан: Ашу, Конструктор, Құру.



Ашу батырмасы қондырмадан таңдалған объектіні ашады. Егер объект кесте болса, оны көріп шығуға, жаңа жазу қосуға және кесте берілгендерін өзгертуге болады.

Конструктор батырмасы қондырмадан тандалған объект құрылымын ашып, оны түзету, бапқа келтіру үшін пайдаланылады. Егер объект кесте болса, оған жаңа өрістер не бар өрістерінің қасиеттерін (типін, өріс ұзындығын, т.б.) өзгертуге не жаңа кесте құруға да болады.

Құру батырмасының іс-әрекеті: жаңа объект құру үшін пайдаланылатын сұхбаттық терезені ашу.

Access 2000-да ашылған ДҚ терезесінің Жаңа ДҚ құру ауыстырып қосқышын орнатып, ОК батырмасын шерткен кезде файл аты сұралатын терезе ашылады. Мысалы, онда Okam1 атауын берген соң көрінген ДҚ терезесі 2b-суретте көрсетілген. (Деректер қоры .mdb кеңейтілуі бойынша сақталады.) Одан әрі орындалатын жұмыс Access 97-де орындалатын жұмыстан көп айырмашылығы жоқ.



сурет 10 . Access 2000-дағы ДҚ терезесі
Деректер қорын жабу және ашу
Деректер қорын жабу үшін оның терезесінің "Жабу" батырмасын шерту не Файл Жабу командасын беру жеткілікті.

ДҚ-ны ашу үшін Access-ті іске қосқан кезде көрінетін терезеден (1-сурет) ДҚ-ны ашу ауыстырып қосқышын белсендіріп, атауын екі рет шертсе болғаны. Тізімде ол көрінбесе, терезеде орналасқан "Басқа Файлдар..." қатарының екі рет шертілуі тиіс. "Деректер қоры файлын ашу" сұхбаттық терезесі көрінеді (терезені ашу үшін Файл — Деректер қорын ашу командасын беру не Ctrl + О пернелерін басуда мүмкін).

Терезеде орындалуы мүмкін іс-әрекеттер:


  • "Файлдар типі" өрісінен ДҚ типін ("Базы данных") тандау;

  • "Бума" өрісінен ДҚ файлы енгізілген диск/буманы тандау;

  • терезеде көрінген файл атауын іске қосу.


Кесте
3.3. Кестені қолдан құру. Кестені сақтау

Кесте — деректер қорының негізгі объектісі. Кесте құру үшін ДҚ терезесін ашып (2-сурет), Кестелер — Құру командасын беру керек (Кестелер қондырмасын, одан әрі Құру батырмасын шерту). Жаңа кесте сұхбаттық терезесі көрінеді (3-сурет). Онда кесте құрудың үш режимі бар:

  • Кесте режимі (кестені қолдан құру).

  • Кестелер шебері (кестені автоматты түрде құру).

  • Конструктор.

(Access 2000-да 3-суретте көрінген терезені шығару үшін Кестені деректерді енгізіп құру — Құру командасын беру керек. Алғашқы кездерде кестені бірінші режим бойынша құрған жөн. Ол кесте құруға машықтандырып, түрлі терминдермен танысуға көмегін тигізеді.

Сурет 11 . Жаңа кесте терезесі
Кестені қолдан құру технологиясы:

  1. "Жаңа кесте" терезесінен "Кесте режимі" қатарын таңдап, ОК батырмасын шерту (режим қатарын екі рет шертуге де болады). 4-суретте кескінделген "Кесте1" атаулы бос терезе көрінеді. ("Кесте1" — Access тағайындаған кестенің уақытша атауы.)

  2. Ретімен оның Өріс1, Өріс2,... тақырыптарын екі реттен шертіп, олардың орнына құрылатын кестенің өріс тақырыптарын (атауларын) енгізу.

  3. Ұяшықтарға жазу элементтерін (өріс мәндерін) енгізу. Мысалы, кесте элементтерінің енгізілген түрі 5-суретте көрсетілген. Ұяшыққа ендірілген элемент оған сыймаса, оны ескерудің қажеті жоқ. Көрінісін көргіңіз келсе, көрсеткішті өріс тақырыбының шетіне әкеліп, баған сызығын әдеттегідей әрі-бері жылжытуға болады. Қатені түзету үшін BS не Del пернелерін пайдалану жеткілікті.



Сурет 12 . Кесте режимінде ашылған кесте құрылымы:

1 - Access-тің негізгі мәзір жолы; 2 - Access-тің аспаптар панелі; 3 — кесте тақырыбы жолы; 4 — кесте маркері (белгішесі); 5 - уақытша өpic тақырыптары; 6 - жол маркері (белгішесі); 7 — ұяшықтар; 8 — бірінші, алдыңғы, келесі, соңғы жолға өту батырмалары; 9 - қалып-күй жолы



  1. Терезенің Жабу батырмасын шертіп, терезені жабу. Access кесте құрылымын сақтау сұралатын сұхбаттық терезе шығарады. Оның Иә батырмасын шерту.

Ескерту. Кесте не басқа ДҚ объектілерінің берілгендері пернетақтадан енгізіліп, бекітілген (курсор басқа ұяшыққа көшірілген) сайын Access оларды автоматты түрде сақтап қояды.


Нөмір

Тегі-Аты

Шифр

Матем

Физика

Информ

1

Ермекулы

10111

5

5

5

2

Толеген З.Т

10112

4

5

4

3

Бауржан А. У

10113

5

4

3

4

Жантелі Б.У

10114

4

3

4

5

Ахмет М. Ю

10115

3

3

3




















Сурет 13 . Қолдан толтырылған Сессия кестесі


  1. Кесте атауы сұралатын сұхбаттық терезе керінеді. Ассеss-тің уақытша тағайындаған атауын өзгерткіңіз келсе, жаңа атау енгізіп (мысалы, Сессия), ОК батырмасын шерту.

  2. Кілттік өріс құру сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді (6-сурет). Егер Иә батырмасын шертсеңіз, Access автоматты түрде кестеге Код атаулы есептегіш өрісті қосып қояды. Бұл өpic келешекте қажет болмаса, Жоқ батырмасын шерту (өрісті қолдан кілттік ету тәсілі 3.2-тақырыпта көрсетілген).



Сурет 14 . Кілттік өріс құру сұралатын терезе
Құрылған кесте ДҚ-ның Кестелер бөліміне жазылып қойылады.

Дайындалған кесте мазмұнын көріп шығу үшін ДҚ терезесінің Кестелер қондырмасын ашып, кесте атауын, одан әрі Ашу батырмасын шертсе болғаны.

Access кесте өрістері типтерін оларға енгізілген мәндер бойынша автоматты түрде анықтап қояды. Бірақ кейде өріске енгізілген бүтін сандық деректер типін мәтіндік деп белгілейді, т.б. Кесте құрылымын өзгергу қажет болса, "Конструктор" режимін пайдалану керек.
3.4 Конструктор режимі. Өрісті кілттік ету. Өріс қасиеттері
Кесте конструкторын түрлі әрекеттер үшін пайдалануға болады:


  • өріс атауын өзгерту; өріс типін өзгерту;

  • өріс өлшемі мен форматын қайта орнату;

  • жаңа өріс қосу; өрісті кілттік ету;

  • жаңа кесте құру; өрісті индекстік ету және т.б.

Конструктор терезесін ашу үшін ДҚ терезесінің Кестелер қондырмасынан кесте атауын таңдап, Конструктор батырмасын шерту керек. Мысалы, сақтаулы "Сессия" кестесі үшін (5-сурет) оның көрінуі 7-суретте кескінделген.

Кестенің өріс типін өзгерту үшін осы терезенің "Деректер типі" бағанынан өріс қатарында орналасқан ұяшықты тандау керек. Оның оң жағында тілсызық батырмасы пайда болады. Оны шертіп, ашылған тізімнен (8-сурет) қажетті типті таңдаса болғаны. Мысалы, 7-суретте кескінделген Конструктор режимі терезесінде Нөмір, Математ, Физика, Информат өрістерін Access мәтіндік тип түрінде сипаттауы мүмкін. Оларды сандық типке алмастыруға болады.



Сурет 15 . Сессия кестесі үшін Конструктор режимі терезесі
Өрісті кілттік ету үшін көрсеткішті атауының үстіне әкеліп, тышқанның оң батырмасын шерту керек. Көрінген жанама мәзірден Кілттік өріс қатарын шерту жеткілікті (не аспаптар панелінің Кілттік өріс батырмасын шертуге болады). Кілттік етілген өріс атауының сол жағына (шеттік бағанға) кілт белгісі орнатылып қойылады.



сурет 16 . Өріс типтері тізімі
Дата/Уақыт және Ақшалық типті өpic қасиеттерін орнату тәсілдері де жоғарыдағы сияқты.

Ескерту.

  1. Конструктор терезесінің Сипаттау бөлімін толтыру міндетті емес.

  2. Конструктор режимі арқылы Жаңа кесте құру үшін терезенің Өріс атауы бағанына сәйкес тақырыптарды енгізу керек.

  3. Кестеге жаңа өpic қосу қажет болса да, тақырыбын Өріс атауы бағанына енгізу жеткілікті.

  4. Жаңа кесте құру үшін Кестелер — Конструктор командасының берілуі тиіс.


Өріс қасиеттері
Әр кестенің өз құрылымы бар. Құрылым оның өрістер құрамы мен олардың қасиеттерінен тұрады. Өрістің негізгі қасиеттері — оның типі мен өлшемі.

Access құрылған кестенің өріс қасиеттерін автоматты түрде орнатып қояды. Қажет болса, оны қолдан өзгерту де, ал жаңа кесте үшін қолдан орнату да мүмкін. Түрлі типті өрістердің қасиеттері түрлі-түрлі. Өріс типі таңдалған кезде оның қасиеттері Конструктор режимі терезесінің төменгі бөлімінде көрінетін Жалпы қондырмасына енгізіліп қойылады. Мысалы, мәтіндік типті өріс өлшемі үшін стандартты 50 саны орнатылып қойылады. Өлшемді 1 мен 255 аралығындағы (1-255) символдар тізбегінен тұратын етіп алуға болады. 50-ді қалдыруға не өріс ұяшығына енгізілетін деректердің ең ұзыны сыятындай етіп, басқа санды, мысалы, 15-ті енгізуде мүмкін.



Мәтіндік типті өріс үшін басқа қасиеттерді орнату міндетті емес. Мұнда ескеретін жайт — қасиеттер құрамында "Қолтаңба (подпись)" жолы да бар. Ол — формамен жұмыс істеу кезінде Access автоматты түрде меншіктейтін өрістің екінші атауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет