Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ



Дата30.12.2016
өлшемі38.09 Kb.
Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың халқымызға арналған Жолдауында атап көрсеткендей халық денсаулығы – баға жетпес байлық, мемлекеттің қымбат қазынасы. Салауатты өмір сүру дегеніміз ол - әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу.

Орал қаласындағы кітапханаларда 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ІІД Есірті бизнесіне қарсы күрес басқармасы кітапхана ұжымдарымен бірлесе отырып, барлық кітапхана-филиалында «Наркотики и дети: как сохранить будущее», «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ», «Нашақорлық - ғасыр дерті» тақырыпта кітап көрмелері ұйымдастырды.

Осы тақырыпта 25 маусым күні №1 балалар кітапханасында «Скажи наркотикам нет» кітап көрмесі ұйымдастырылып, 5 -6 сынып оқушыларына шолу өтті.

№6 кітапхана филиалында 20 маусымда «Наркотики или здоровый образ жизни» тақырыбында денсаулық сабағы өткізіліп, сабақ барысында дәрігер-нарколог Жұмағалиева Наталья Борисовамен кездесу кеші ұйымдастырылды.


Темекі, арақ, есірткі және басқа да зиянды заттар туралы «Арман» аула клубының дәрігер-наркологы Н.Б.Жұмағалиева әңгімелеп берді.



Шара барысында «Наркотики и дети: как сохранить будущее» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

М.Горький атындағы орталық кітапханада оқу залында «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Зиянды заттар зардаптары» атты бөлімінде есірткіден сақтануға, темекінің, арақтың зияны туралы кітаптар орналастырылды.

№2 балалар кітапханасында «Зиянды әдеттен аулақ бол» атты №3 және №27 мектептердің 4-сынып оқушыларымен әңгімелесу өткізілді.

Кітапханашы салауатты өмір салты туралы ақпарат беріп, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу, таза жүру, уақытты бос өткізбеу, кітап оқу, зиянды әдеттерге жоламау туралы әңгімелеп берді.

№7 кітапхана-филиалы «Айгерім» аула клубымен бірлесіп, «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбында спорттық бағдарлама өткізді. Балаларды «Солнце» және «Радуга» атты екі командаға бөліп, жарыс ұйымдастырылды, эстафеталық- ойындар «Кенгуру», «Разноцветные обручи», «Второй лишний», «Паровозик», «Непослушные шары», «Кот в сапогах» өткізілді. Балаларға жұмбақтар жасырылды.







«Денсаулық – зор байлық» кітап көрмесі


№6 кітапхана филиалынын оқу залында №13 мектептің жазғы демалыс лагерь балаларына «Даже не пробуй» тақырыбында сабақ өтті .

Кітапханашы біздің қаладағы жастар арасындағы нашақорлықтың көбейіп бара жатқаны туралы әңгіме қозғады. Нашақорлық тақырыбында кітаптарға шолу өткізді, «Белая смерть» бейнеролигі көрсетілді.

Орал қалалық кітапхана абонемент бөлімі №5517 әскері бөлімнің клубында кездесу өткізді. Шараға дәрігер-нарколог Ералиева Гульнара Тарасовна, «Молодежь и здоровый образ жизни» орталығының қызметкерлері Лұқпанов Айвар, Фадеева Ольга Генадьевна, психолог Жаманкулова Айслу қатысты. "Наркотики- опасность, которая рядом" тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд, бейнеоролик көрсетілді. Шараға 18-19 жас аралығында 100 адам қатысты.



№ 2 филиалы балаларды жаман әдеттен аулақ жүруге, денсаулықтарын сақтап, салауатты өмір сүруге насихаттау мақсатында «Бәйтерек» аула клубының ұжымымен бірлесе отырып, «Іздеп алған аурудың емі табылмас» тақырыбында акция өткізіп, облыстық наркодиспансер наркологы Журавлева Лидия Константиновнамен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында нарколог балаларға ғасыр дертіне айналған нашақорлық және елімізде қалай күресіп жатқаны туралы, аты жаман дерттен қалай сақтану керектігі туралы әңгімелеп берді. Балалар сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауап алды. Қалекен Нарқыз, Гумаров Муслим, Рахымберлиева Жанна, Хадимов Мадияр сынды оқушылар және клубтың спорт әдіскері Қуаныш Серікұлы «Адаспа адамзат» атты көрініс қойып берді. «Мимика» (ымдап түсіндіру), «Кім шапшаң» ойындары ойналды. Кездесу соңында үйірме жетекшісі балалармен «Буратино» музыкасына флэшмоб ұйымдастырып, «Нашақорлық- ғасыр дерті» атты кітап көрмесіне шолу жасады.



«Нашақорлық- ғасыр дерті» атты кітап көрмесі



Дәрігер-наркологпен кездесу

№10 кітапханада «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты әңгіме өтті Оқушыларды зиянды әдеттермен таныстыра отырып, оның адам ағзасына зияны туралы түсінік берді. «Думая о жизни» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жүргізілді. Еемхана дәрігерлері оқушылармен сұхбаттасып, дәрігер оқушылардың сұрақтарына жауап берді, өздерінің ақыл –кеңестерін айтты.



.





БҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы
Каталог: portal -> page -> portal -> kbn -> kbn page -> real mol pol -> prof event
portal -> Кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы 2012. 13. 02. берілген
portal -> Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарты Жалпы ережелер
portal -> Есірткі қолданушылар 40,6 пайызға азайды
prof event -> Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналып 2014 жылы өткізілген іс-шаралар туралы АҚпарат 4т
prof event -> Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша ОҚО бойынша атқарылған іс-шаралар туралы ақпарат (2014 ж)


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет