Дене жүктемелерінің адам ағзасындағы негізгі вегетативтік жүйелер қызметіне әсері ислямов Берик



Дата23.05.2017
өлшемі73.92 Kb.
#11186
УДК-796.032.2 (091)
ДЕНЕ ЖҮКТЕМЕЛЕРІНІҢ АДАМ АҒЗАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ

ВЕГЕТАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕР ҚЫЗМЕТІНЕ ӘСЕРІ
Ислямов Берик

Алматы Университетінің оқытушысы


Соңғы жарты миилион жылдан бері адамзат өз генетикалық құрылымының өзгерісінсіз дамып келе жатыр. Өте ертедегі ата-бабаларымыздың өмір сүрген жағдайы кейінгі ұрпақтарымен салыстырғанда тіршілік етуін қамтамасыздандыратын әртүрлі қозғалыстарға қойылатын талаптар жағынан айырмашалығы орасан зор. Ертедегі адамдарға қажетті қол күшімен атқарылатын дене еңбегі, тіпті біршама қимыл-қозғалыстар, қазіргі заманауи адамдарға керек болмай қалды. Біз өмір сүру талабымызға сай өте аз дене күшін жұмсайтын болдық. Бірақ-та, адам генінде сан мыңдаған жылдар бойы қалыптасып бекітілген қозғалыс белсенділігінің нормасы, ол үшін анахронизм болған емес.

Ерте заманнан-ақ жеткілікті дене белсенділігі күшті және төзімді адамдардың қалыптасуына ықпал ететіні, ал қозғалыстың жоқтығы жұмыскерлік қабылеттің төмендеуіне, семіздік пен ауруға әкеп соғатыны белгілі болған.

Шындығында, қазіргі жақандану кезінде біздің қоғамымыздың даму процесіндегі жандану, ел өмірінің барлық әлеуметтік жақтарын жаңарту, жақсарту жайындағы көптеген мәселелер күрделеніп отырғаны белгілі. Сол сияқты нарықтық қатынасқа көшу мен экономикалық реформалау жаңа технологияның қарыштап дамуы адамның өміріне, денсаулық тұрғысынан қарағанда кері әсерін тигізуде. Мысалы, прогрестік жетістіктер, (компьютер, автокөлік, ұялы сымтетік т.б) адамдарды артық қозғалыс пен ауыр жұмыстан көбірек босатқан сайын, соғұрлым қозғалыс белсенділігінің орнын толтырудың тәуелділігі артып отыр. [1]

Соңғы кезде демографиялық келеңсіз құбылыстармен (бала туылудың кемуі, өмір сүрудің қысқаруы) бірге физиологиялық пісіп-жетілмеу бұл дене сапалары мен дағдылардың қалыпты дамымауы, семіздік, жақыннан көргіштік, омыртқа жотасының қисаюы, жалпақ табандылық т.б аурулардың көптеп пайда болғандығы және кездесіп жүргендігі баршамызға белгілі. Бұл құбылыстар адам өмірінің соңына дейін теріс із қалдыруы мүмкін.

Адам ағзасының қалыпты тіршілігі қамтамасыз етілуі үшін әруақытта бұлшық етттердің белсенділігі өте қажет. Бұлшық ет аппаратының жұмысы бас миының дамуына және де орталықаралық, талдағышаралық қарым-қатынастың үзіліссіз жүруіне септігі мол. Жеткілікті қозғалыстың болуы энергия өндірілуін, жылудың пайда болуын жоғарылатып, тыныс, жүрек-тамыр тіпті барлық жүйелердің қызметтік жағдайларын жақсартады.

Кейбір жануарлар қозғалыстың жоғалуын өте қиындықпен бастан кешіреді. Мысалы, тәжірибелік тышқандарды бір ай бойы акинезия жағдайында ұстағанда, олардың 60% -ы, ал гипокинезия жағдайында 80%-ы тіршілігін жалғастырған. Тар торда қозғалыссыз өсірген балапанды далаға босатып жібергенде ауладағы азғана жүгірістің өзінен өліп қалған.

Адамдар да қимыл-қозғалыстың төмендеуін ауыр сезінеді. Суасты жүзгіштеріне (моряктар) жүргізілген зерттеулер, теңіз астындағы 1,5 айдан соң, олардың тұлға және аяқ бұлшық еттерінің күші 20-40%-ға, ал 4 айлық уақыттан кейін - 40-50%-ға төмендеп кеткенін көрсеткен. Бұдан да басқа теріс өзгерістер байқалған.

Қозғалыссыз 7-8 күн жатқаннан кейін-ақ адамдарда функциональдық өзгерістер: сұлықсыздық (апатия), жаңылып қалушылық, ойын тиянақтай алмау, ұйқының бұзылуы; бұлшық ет күшінің күрт төмендеуі, күрделі ғана емес қарапайым қимылдардың өзінде де координацияның нашарлауы, бұлшық еттердің жиырылғыштығының кемеюі, ет ақуыздарының физикалық-химиялық қасиетінің өзгеруі; сүйек ұлпаларында кальций құрамының азаюы білінеді. [2]

Дүние жүзі халықтарының сексен бес пайызы барлық тұрмыстық-коммуналдық жағдайлары жеткілікті өмір сүруде.

Күнделікті дене жүктемелерінің жоқтығынан адам қажиды да кез келген мүшелерінде ауру қозады. Мысалға, қатерлі өскіндерді қояндардың денесіне еккенде ауыр жұмыс істеуге жаттыққан қояндарда қатерлі өскін баяу дамыған да, ал жаттықпаған күші жоқ қояндарда жылдам дамитыны белгілі болған. Денеге түсетін жүктемелер көлемі азайғанда ішкі мүшелердің, жүйелердің қызметі де баяулап, қоздырғыштарға қарсы күресі нашарлайды, ауру туады.

Көптеген зерттеуші ғалымдар, дене жүктемелерінің азаюынан жүрек-тамыр ауруларының этиологиясында семіздік пен тірек-қимыл аппаратының бұзылуында едәуір орын алатынын дәлелдеген. Жүректің ишемиялық ауруларында миокард қан айналымының бұзылуы себебінен қажетті мөлшерде оттегі және қоректік заттардың жеткізілуі кемиді. Миокард инфаркті - өте қауіпті кең таралған жүрек ауруы. Ел ішіндегі екі өлімнің негізгі себебі миокард инфаркты және мидағы қан айналымының бұзылуы болып табылады.

Дене белсенділігі жоғары адамдарда бұл аурулар жоққа тән. Осы бағытта көптеген зертеулер жүргізілген және де жүргізілуде. Авторлардың басым көпшілігі жүрек-тамыр жүйесі ауруларынан қайтыс болатындардың саны, дене белсенділігінің төмен адамдарда 2 немесе 3 есе жиі кездесетіндігіне тоқталған. Белсенді қозғалыс режімдерін ұстанған адамдар бірінші инфарктен кейін өмір сүре алады. Бұл жерде өмір сүру кезеңдеріндегі әр уақытта дене қозғалысының белсенділігі өте қажет екенін атап айтқан жөн және де балалық жасөспірімдік кезеңдеріндегі жүрек-тамыр жүйесіндегі ауытқулар жойылып кетеді. [3]

Екінші қауіпті фактор липидтер алмасуының бұзылуына байланысты - дене салмағының артуы. Толық адамдар қанындағы сары суда холестерол мен триглицеридтер мөлшерінің жоғарылауын болдырмауға бірден-бір себеп. Салмақ артуының басты себебі бұлшық ет жұмысы кезіндегі шығындалған энергия мен тағамға келіп түскен энергия пропорциясының әртүрлігі. Қазіргі кездегі постуталаттанған липопротеидтің жоғары тығыздығының (ЛПЖТ) антиатерогендік функциясын есепке ала отырып, жоғарыда келтірілген фактілер, қан сарысуындағы липидтер тасмалдануының нашарлауы және атеросклероздың пайда болуы, тамақтану режімінің бұзылуы мен дене жүктемелері төмендеуінің бірлесуінен деп қорытындылайды.

Дене жүктемелерін түсіру арқылы түрліжаттығулармен айналысқанда ағзаның оттегімен жабдықталуы артады. Нәтижесінде ағзаның барлық мүшелерінің өміршеңдігі артады, тері жақсарады, адам ағзасы жаңарады, денсаулығы жақсарады. Бұлшықеттер шынығады, жақсы демалады, қатаяды, буындардың созылғыштығы артады. Нәтижесінде сымбатты да ширақ дене мүсіні, жеңіл де әдемі жүріс, жақсы көңіл-күй пайда болады. Дене жүктемесі арқылы тамаққа деген тәбетті де реттеуге болады. Мұндай жаттығулар адамның өмірлік күшін арттырады, адам тез шаршамайтын, қайратты да, қажырлы болады, шыдамдылығы артады. Дене тәрбиесімен айналысатын адамдардың ұйқысы да жақсы болады, терең ұйықтайды, ұйқысы қанық болады, ал мұндай адамдар нәтижелі еңбек ете алады, демек, жұмысы да өнімді, кәсіптік мүмкіндігі де мол болмақ.

Жүйелі түрде дене жүктемелерін түсіру арқылы шынықтырумен айналысу вегетативтік жүйелер қызметінің деңгейін едәуір жақсартады, өйткені: 1) ағзаның функциональды мүмкіндіктерін, оның басты жүйелерінің жұмысын максималды ұлғайтады; 2) адам ағзасының тұтастай алғандағы тыныс – тіршілігінің үнемділігін, тиімділігін арттырады. [4]

Жүйелі дене жүктемелері кепілді түрде адам өмірін ұзартады деп мәлімдеуге болмайды, бірақ шыныққан, белсенді өмір салтын ұстанатын адамдар аз қозғалатындарға қарағанда тең жағдайда артық та сапалы өмір сүретіні анық. Тұрақты түрде жаттығатын, шыныққан, салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар көбіне өзінің паспорттағы жасынан да жас болып көрінетіні, олардың биологиялық жасы аз болатыны, өзге қатарларымен салыстырғанда 10-20 жыл жас көрінетіні жасырын емес. Өйткені тұрақты да тиімді дене жүктемесі ағзаның энергетикалық потенциалын арттырады, физиологиялық бейімделу резервтерін жоғарлатады.

Қимыл-қозғалыс мықты емші екенін есте сақтау қажет. Дене жүктемесінің негізгі жағымды әсерін де білгеніміз артық емес.

- Дене белсенділігі кардио-респираторлы жүйені нығайтады. Жүректің, тамыр мен тыныс алу мүшелерімен бейімделу мүмкіндігін жоғарылатып, ағзаның дене жүктемесіне қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Қан айналымы жақсарып, қоректік заттардың аэробты, анаэробты тотығуы жылдамдайды.

- Зат алмасу процесі жылдамдайды. Вегетативті жүйке жүйесінің тонусы көтеріледі. Эндокринді жүйенің қызметі жақсарады, гормондардың бөлінуі қалыпқа түседі. Өзімізге аз ғана уақыт бөліп, денсаулығымызды ойлалық.

Жалпы қимыл-қозғалыс әрекеті организмнің өсуі мен дамуына көмегін тигізетіндей болуы қажет. Алайда, ағзаға шамадан тыс күш түсірілмеуді қатты қадағалау керек. Себебі, үдемелі және ұзаққа созылатын, шамадан тыс күш жұмсауды қажет ететін жұмыс организмнің онтогенездік дамуы мен өсуін айтарлықтай тежейді.

Денеге түсетін күшті (жүктемені) жаттығудан жаттығуға бірте-бірте өсіре берген жөн. Денеге түсетін жүктеме мөлшерін белгілеген кезде оның жүйелі және дәйекті болуын мейлінше дұрыс сақтау қажет. [5]

Әдебиеттер:

1.Айзман Р.И., Рубанович В.Б. Возрастные изменения морфофункциональных показателей и физической работоспособности у школьников 10-14 лет в разным уровнем организованной двигательной активности. // Физиол. чел. – 1994.- Т.20. -№3. – С. 136-143.

2. Бояджиев Н. Показатели внешнего дыхания и газообмена в покое и при нагрузке различной интенсивности у мальчиков и девочек // Спорт и наука. – 1995. – 40, №3. – С.39-46.

3.Ванюшин Ю.С. Типы адаптации кардиореспираторных функций спортсменов к физической нагрузке // Физиол. чел. – 1999, Т.25, №3. – С.91-94.

4.Корженевский А.Н Информативность энергетических показателей для оценки физической работоспособности и подготовленности спортсменов // Теория и практика физ. культуры. – 1994. - №9. –С.25-30.



5.Зима А.Г., Иванов А.С., Сычугова В.А. О резервах аэробной производительности и работоспособности человека // Функциональные резервы и адаптация / Мат. Всес. научн. конф. – Киев, 1990. –С.327-330.
Түйін

Мақалада дене жүктемелерінің адам ағзасындағы негізгі Вегетативтік жүйелер қызметіне әсері қарастырылады.
Резюме

В статье рассматриваются физиологические изменения в организме в состоянии гиподинамии
Summary

In the article of расмасматриваются physical activities onthe organism of man as to the вегативного system
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет