Даниэль Дефо Адам баспаған иесіз аралда қалған Робинзон Крузо



Pdf көрінісі
бет1/27
Дата02.08.2018
өлшемі2.49 Kb.
#81260
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

РОБИНЗОН
 КРУЗО
ДАНИЭЛЬ
 ДЕФО

М
Даниэль Дефо
Адам баспаған иесіз аралда қалған Робинзон Крузо
адамзат ѳркениетінің бүкіл жүріп ѳткен жолын қайта
ѳткеріп, ѳз тіршілігін қалпына келтіреді. Еріксіз жалғыз
ғұмыр кешуге мәжбүр болған талайсыз қаһарман
ойлануға мұрсат алып, басына түскен қиындықтың
себебіне үңілу арқылы тәубасына келіп, құдай жолына
түседі. Жүрегіне иман орнап, жаны тыныштық тапқан
Крузо қауіпті де алмағайып жалғызілікті ғұмырында
пешенесіне жазылған адам тѳзгісіз қиындықтардың
бәріне тѳтеп береді. Адамның ақыл-парасаты мен ерік-
жігерінің сынға түсіп, шар болаттай шыңдалуының
әдеби-кѳркем баянының үздік үлгісін алдымызға жайып
салады.
РОБИНЗОН КРУЗО
РОМАН
ен  1632  жылы  Йорк  қаласында  шығу  тегі
шетелдік  ауқатты  отбасында  дүниеге  келіппін.
Әкемнің  туған  жері  –  Бремен  қаласы.  Алғашқы  кезде  ол
Гулль  қаласын  мекендеп,  сауданы  кәсіп  қылыпты.
Тұрмысы  қалпына  келген  соң  сауданы  тастап,  Йоркке
қоныс  аударған,  келген  бойда  сол  жердегі  кѳне  тек  –
Робинзондар  деп  аталатын  әулеттен  шыққан  менің
шешеме  үйленген.  Осыған  байланысты  мені  де  Робинзон
деп 
атаған. 
Әкемнің 
фамилиясы 
Крейцнер,
ағылшындардың 
шет 
тілдерді 
бұрмалап 
алатын
дағдысымен  бізге  Крузо  деп  ат  қойған.  Енді  біздің  ѳзіміз
де  тегімізді  осылайша  атап,  осылай  жазамыз;  менің
таныстарым да мені үнемі осылайша атайтын.
1

Менің  екі  ағам  бар-ды.  Ағамның  бірі  Фландрияда,
кезінде  атақты  полковник  Локгарт  басқарған  ағылшын
жаяу  әскер  полкінде  қызмет  етті.  Оның  подполковник
шеніне  дейін  қызметі  ѳседі.  Бірақ  Дюнкирхен  түбінде
испандарға қарсы жүргізілген шайқаста кѳз жұмған. Ата-
анамның дәл қазір менің де ѳмірімнен бейхабар болғаны
секілді,  екінші  ағамның  қайда  екенін  білмеймін,  хабар-
ошарсыз  кеткен.  Отбасында  дүниеге  келген  үшінші  ұл
болғандықтан  да,  ата-анам  маған  ешбір  қолѳнер
үйретпеді  және  менің  басым  әртүрлі  қияли  нәрселерге
толы  болды.  Әбден  қартайған  әкем  үй  тәрбиесінде  бола
тұра,  қала  мектебіне  барып  алуға  болатын  білім
ауқымында  маған  әжептәуір  білім  берді.  Әкем  заң
қызметкері  болғанымды  қалады,  бірақ  мен  теңіз
саяхаттары  туралы  армандадым  және  басқа  ешнәрсе
туралы  естігім  келмеді.  Теңізге  аңсарымның  ауғаны
сондай,  мен  әкемнің  еркіне  бағынбадым  –  тіпті  әкемнің
тікелей  тыйымына  да  қарсы  шықтым  және  шешемнің
жалынып-жалбарынғаны 
да, 
достарымның 
ақыл-
кеңестері  де  алған  бетімнен  қайтара  алмады;  пешенеме
жазылған  қасіретті  ѳмірге  итермелеген  бұл  табиғи
әуестігімде  бақытсыз  тағдырдың  белгісі  тұрғандай  боп
кѳрінді.
Әкем  парасаты  мол,  пайымы  жоғары  жан  еді,  менің
осы  оймен  әуес  болып  жүргенімді  сезіп,  қатаң  һәм
дәйекті  түрде  ескерту  де  айтты.  Буын-буыны  сырқырап
тѳсекке  таңылған  әкем,  бір  күні  таңертең  мені  ѳз
бѳлмесіне шақырып алып, жерден алып жерге салып сѳге
бастады.  Ол  менен:  қаңғыбастыққа  бейімділіктен  басқа,
адамдармен  еркін  араласып,  тұрмысыңды  гүлдендіріп,
шаттыққа  бѳленіп,  рахат  ѳмір  кешер  туған  елің  мен
берекенің  бесігі  –  ѳз  үйіңнен  безуге  басқалай  қандай
себептер бар деп сұрады.
Қалыпты  тіршілік  шеңберінен  шығып,  артында
2

алаңдары,  іздеушісі  жоқ  жандар,  байлық  пен  бақ  қуып
алаѳкпе болып, соның соңынан жүгіргендер ғана ѳз елінен
алыстап  кетеді,  олар  ѳз  істерінің  жемісін  кѳріп,  даңққа
бѳленгілері  келеді,  бірақ  мұндай  қадамға  бару  менің
қолымнан  келмейді.  Мен  орташа  тұрмысты  қалаймын.
Адамзат  тарихы  орта  тұрмыстағы  адамдардың  бақытты
ѳмір 
сүретінін 
дәлелдеп 
берген. 
Ол 
адамды
дәулеттілердің  маңдайына  жазылатын  сән-салтанат  пен
мақтансүйгіштіктен, 
менмендік 
пен 
күншілдіктен,
кедейлердің  ғана  сыбағасы  болып  табылатын  ауыр  қара
жұмыс  пен  жоқшылықтан,  мұқтаждықтық  пен  қайғы-
қасіреттен 
бірдей 
құтқарады. 
Бұл 
тұрмыстың
соншалықты  жанға  жайлылығы  туралы,  деді  ол,  мен
мынаған  қарап-ақ  айта  аламын:  басқа  жағдайда  ѳмір
сүретіндердің  барлығы  оған  қызыға  да  қызғанышпен
қарайды,  –  тіпті  корольдердің  ѳздері  ұлы  істер  үшін
жаралған  адамдардың  ащы  тағдырына  шағым  айтып,
тағдыр  оларды  ұлылық  пен  күйкіліктің  ортасына
қоймағанына  ѳкініш  білдіретін  кездері  де  аз  емес  және
данышпанның ѳзі шын бақыттың ѳлшемі ретінде ортаны
таңдап,  құдайдан  ѳзіне  кедейлікті  де,  байлықты  да
жібермеуін  сұрайды  емес  пе?  Кѳз  жүгіртіп  қарасам,
тұрмыс  тауқыметі  жоғары  тап  пен  тѳменгі  таптың
арасында  ғана  бѳлінген  сияқты,  деді  әкем,  ал  орта
тұрмыстағылар қалыпты ѳмір сүреді, олар жақсылар мен
қара 
бұқараға 
қарағанда 
тағдырдан 
келген
зұлымдықтарға  аз  ұшырайды;  тіпті,  олардың  ѳмір  сұру
үрдісінің  табиғи  салдарлары  болып  табылатын,  бір
жағынан,  кемістіктердің,  сән  мен  салтанаттың  және
әртүрлі  басы  артық  нәрселердің,  екінші  жағынан,  ауыр
еңбек  пен  мұқтаждықтың,  нашар  және  жеткіліксіз
тамақтанудың  әсерінен  пайда  болатын  тән  мен  жанның
кеселдерінен  де  орташа  ѳмір  сүретіндер  кѳбірек
қорғалады. Орташа ахуал – барлық кісілік атаулының бүр
3

жарып гүлденуіне, болмыстың барлық қуаныштарына игі
әсерін  тигізеді;  молшылық  пен  бейбітшілік  –  оның
қызметшілері;  ынсап,  ұстамдылық,  денсаулық,  рух
тыныштығы, 
ашықтық, 
әртүрлі 
жағымды 
кѳңіл
кѳтерулер,  алуан  түрлі  рахат  оған  ере  жүріп,  батасын
береді. Орташа ахуал адамы ѳзін ауыр қара жұмыспен де,
миға  салмақ  түсірер  ауыр  ой  еңбегімен  де  аса  қинамай
ѳмірін  жайлы  да  тыныш  ѳткізеді.  Ол  тәнді  ұйқыдан,
жанды  тыныштақтан  қалдыратын  бір  тілім  нан  үшін
құлдыққа  да  сатылмай-ақ,  тығырыққа  тіреліп,  шығар
жолын  таба  алмай  қиналмай-ақ,  күншілдіктің  құрты
кѳкейін  теспей-ақ,  атаққұмарлықтың  жалынына  құпия
түрде  шарпылмай-ақ  ѳмір  сүреді.  Ризашылық  сезіміне
бѳленген  ол  кермек  дәмсіз  ѳмір  балын  татып,  ѳзін
бақытты  сезінеді  және  күнделікті  тіршілік  барысында
мұны  тереңірек  әрі  айқынырақ  түйсініп,  жеңіл  де
байқаусыз кѳрге қарай жылжиды.
Бұдан кейін әкем маған: балалық қылма, бостан-босқа
адаспа,  ѳз  басыңа  ѳзің  қиыншылық  пен  жоқшылықтың
азапты  жолын  тілеме,  –  деп,  және  бұлардан  менің
туысыма  байланысты  қоғамдағы  алар  орнымды  сақтап
қалатындай қылып кѳрсетіп, табандылықпен және сондай
бір жылы жүзбен ѳтіне бастады. Нан табу үшін қиналып
жүрген  жоқсың,  сенің  қамыңды  ойлаймын,  тура  жолмен
жүрсе  екен  деймін,  егер  бақытсыз  болсаң,  ѳмірде  жолың
болмаса, онда қателіктің бәрі ѳзіңнен, не зұлым тағдырдан
деді  әкем.  Менің  басыма  тек  бақытсыздық  қана  әкелетін
қадамнан 
сақтандыра 
отырып, 
ѳз 
борышын
орындайтынын 
және 
барлық 
жауапкершілікті 
ѳз
мойнынан 
алып 
тастайтынын 
білдірді: 
қысқасын
айтқанда,  егер  мен  әкемнің  сѳзін  тыңдап  үйде  қалар
болсам  және  әкемнің  қалауымен  ѳмір  сүрсем,  ол  маған
бұрынғыдай жақсы әке болатынын, егер мен үйден кетер
болсам,  онда  ол  менің  қазама  да  қайырылмайтынын
4

айтты. Сѳзінің соңында әкем нидерланд соғысына қатыспа
деп, табанды түрде кѳзін жеткізуге тырысса да, бар еңбегі
зая  кетіп,  арман  жетегінде  үйден  қашып  шығып,  соғыста
опат  болған  ағам  туралы  үлгі  ретінде  айта  кетуді  де
ұмытпады.  Қандай  жағдайда  да  (ол  осылай  ѳз  сѳзін
аяқтады)  сенің  тілеуіңді  тілеумен  боламын  дей  келе,  ол
маған  егер  алған  бетіңнен  қайтпасаң,  құдайдың
рахметінен  шет  қаласың  деп  турасын  айтты.  Әлі  сондай
кез  келер,  менің  кеңесімді  елемегеніңе  ѳкінетін  боласың,
бірақ  онда,  сенің  істеген  жамандығыңды  түзетуге
кѳмектесер маңайыңда тірі жан болмай қалуы да мүмкін
деді.
Сѳзінің  соңында  (әкем  оны  ѳзі  сезбесе  де,  ол  шын
мәнінде  де  әулиелік  еді),  әсіресе  қайтыс  болған  ағам
туралы  айтқанда,  қарттың  кѳз  жасы  бетін  жуып  кетті;  ал
сенің  де  ѳкінетін  кезің  келер,  бірақ  ол  кезде  саған  кѳмек
қолын созар ешкім болмайды дегенде, сѳзін аяқтай алмай
булығып қалып, жүрегі толып кеткені сондай, енді бір сѳз
айтуға де дәрмені жетпейтінін айтты.
Әкемнің  сѳзі  жан  дүниемді  елжіретіп  жіберді  де
(
мұндай сѳз кімді болса да тебірентеді ғой) шет жерге кету
туралы  ойымнан  үзілді-кесілді  бас  тартып,  әкемнің
қалағанындай  туған  жерде  қаламын  деп  шештім.  Бірақ,
әттеген-ай!  –  бірнеше  күн  ѳткен  соң-ақ  менің  шешімім
түбегейлі  ѳзгерді:  қысқасы,  әкемнің  жаңа  насихаттарын
тыңдамау  үшін,  әкеммен  арада  болған  әңгімеден  кейін
бірнеше  апта  ѳткен  соң  үйден  жасырын  қашу  туралы
шешімге  келдім.  Бірақ  мен  шыдамсыздығымды  сабырға
жеңдіріп,  асықпай  қимылдадым:  анамның  әдеттегіден
кѳңілді-ау деген кезін аңдап жүріп, оны бір оңаша жерге
апардым  да:  менің  шет  жерлерді  кѳруге  деген
ынтықтығым бар ақыл-ойымды билеп алғаны сондай, мен
егер бір жұмысқа тұрғанның ѳзінде, оны соңына жеткізуге
бәрібір  шыдамым  жетпейді,  сондықтан  әкем  мені  ѳз
5

ықтиярымен жіберсін, әйтпесе мен оның рұхсатынсыз-ақ
кетуге  мәжбүр  боламын  дедім.  Менің  жасым  он  сегізге
келді,  енді  маған  қолѳнер  үйрету  де,  менен  заң
қызметкерін  дайындау  да  кеш.  Егерде  мен  тіпті  заң
бақылаушысына  хатшы  болып  орналасқанның  ѳзінде,
сынақ  мерзіміне  дейін  де  шыдауға  шыдамым  жетпей,
қамқоршымнан  қашып  теңізге  кетіп  қалатынымды
білемін; жай ғана тәжірибе ретінде саяхат жасауым үшін
әкемді кѳндіріңіз, егер ондағы тұрмыс ұнамаса, үйге қайта
ораламын,  одан  кейін  ешқайда  кетпейтін  боламын,
жоғалтқан уақытымды еселеп қайтарамын, – дедім.
Менің  сѳздеріме  анамның  қатты  ызасы  келді.  Бұл
жѳнінде  әкеңмен  сѳз  қозғаудың  еш  реті  жоқ,  ѳйткені  ол
саған  не  пайдалы  екенін  тым  жақсы  біледі,  сондықтан
сенің  ѳтінішіңмен  келіспейді  деді.  Бар  мейірімін  тѳгіп,
алған  бетімнен  қайтарған  әкеммен  болған  әңгімеден
кейінгі  менің  тосын  мінезім  анамды  таңғалдырды.  Егер
сен ѳз басыңды жойғың келсе, енді бұл бәлеге тоқтау жоқ,
бірақ  есіңде  болсын,  әкең  де,  мен  де  сенің  бұл  ісіңе
ешқашан  келісімімізді  бере  алмаймыз;  ал  ѳзіме  келер
болсам,  сенің  ѳліміңе  еш  себепкер  болғым  келмейді,
сондықтан сенің, әкем қарсы болғанда шешем қолдап еді
деп  айтуға  ешқашан  хақың  болмайды  деген  сыңайда
сѳз айтты.
Кейін  білгенімдей,  анам  мен  үшін  әкемді  кѳндіруге
ниеттенбесе  де  арамызда  болған  әңгімені  сѳзбе  сѳз
жеткізіпті.  Әкем  менің  ѳз  ойымнан  айнығанымды  сезіп,
қапаланып:  “Бала  туған  жерде  болса,  уайымсыз,  бақытты
ғұмыр кешер еді, ал енді шет жерге кетемін десе, оның еш
болашағы  жоқ,  жер  бетіндегі  ең  бейшара,  ең  бақытсыз
тіршілік  иесі  болады.  Жоқ,  мен  мұндайға  жол  бере
алмаймын” деп күрсіне жауап беріпті.
Бұл оқиғадан кейін жылға жақын уақыт ѳткен соң ғана
мен  еркін  ѳмірге  қол  жеткіздім.  Осы  уақыт  ішінде  ешбір
6

іске  араласпадым,  жаным  қалаған  іске  үзілді-кесілді
қарсылық  білдіргені  үшін  әкем  мен  анамды  жиі
кінәладым. Бір күні жолым түсіп Гулль қаласына келдім,
бірақ  менде  қашу  туралы  ой  тіпті  болған  жоқ.  Бір
танысым  әкесінің  кемесімен  Лондонға  сапарға  шыққалы
жатыр  екен.  Ол  мені  кѳре  салып,  теңізшілердің  әдеттегі
қулығына басып: жолға да ешбір шығын шықпайды, бірге
аттанайық  деп  үгіттей  бастады.  Әкемнің  яки  шешемнің
рұқсатынсыз,  оларға  бір  ауыз  сѳзбен  де  ескертпестен,
ѳздері әйтеуір біле жатар деген жүрдім-бардым ниетпен,
ата-анамның  да,  құдайдың  да  батасын  алмай  бұл
сапардың  соңы  қалай  боларын  да  ойға  алмай,  сәтсіз  –
құдай  кѳріп  тұр!  –  сағатта,  1651  жылдың  қыркүйек
айының  1-і  күні  Лондонға  бет  алған  досымның  кемесіне
отырып  кете  бардым.  Жас  жиһанкездердің  бірде-бірінің
басынан кешіргендері тап менікіндей ерте басталып және
ѳте ұзақ болмаған шығар деп ойлаймын.
Гумбер  сағасынан  жылжып  шығар-шықпастан  қатты
жел  тұрып,  долданған  толқын  біздің  кемемізді  қатты
шайқады.  Теңіз  тіршілігін  бұрын-соңды  кѳрмеген  менің
жан  дүниемнің  үрейін  сѳзбен  жеткізу  мүмкін  емес.  Ата-
анамнан  безіп,  перзенттік  парызымды  ѳтемей,  олардың
арман-тілегін  орындамағаным  үшін  құдайдың  ѳзі
жіберген зұлмат екенін енді түсіндім. Әке-шешемнің шын
тілегі, 
әкемнің 
кѳз 
жасы, 
шешемнің 
жалынып-
жалбарынғаны  есіме  түсті,  әке-шеше  үмітін  үзіп,  әке
сенімін ақтамағаның үшін сен құдай алдында күнәкарсың
дегендей ар-ұятым да мені қатты азаптады.
Жел  күшейе  түсті  де,  теңіз  кѳбігін  шашып,  биік-биік
толқындар  қаптап,  жойқын  жел  аранын  ашты,  бірақ  бұл
мен  кейіннен  кѳретін,  тіпті  екі-үш  күннен  кейін
ұшырасатын толқынмен салыстырғанда жай әшейін нәрсе
еді.  Бірақ  бұрын  мұндайды  кѳрмеген,  теңіз  иісі  мұрнына
бармайтын мен сияқты жаңадан келген адамға осының ѳзі
7

жеткілікті  еді.  Асау  толқын  жарды  келіп  соққанда,
теңіздің айбарлы ѳксігі күшейіп, бізді жұтып жіберердей
кѳрінді. Ал кеме толқынның екпінімен ырғып тѳмен түссе,
су  түбіне  кетіп,  қайтып  жоғары  шықпастай  кѳрінді.
Долданған  теңіз  бен  долы  дауылдың  кімге  қалай  әсер
еткенін  білмедім,  ѳзім  үшін  ѳте  үрейлі  болды.  Егер
жаратқаным  жарылқап,  рақымы  түсіп,  осы  сапарда
шыбын  жанымды  кеудемде  қалдырса,  аяғымның  ұшы
қара  жерге  тиер  күн  болса,  ешқайда  бет  бұрмай,  үйге
оралуға,  әке  сѳзін  қалт  жібермеуге,  ѳзімді-ѳзім  енді
қайтып азапты жолға бастамасқа іштей ант еттім.
Әкемнің  алтын  орта  туралы  айтқан  ойларының
дұрыстығына  енді  ғана  кѳз  жеткіздім.  Әкем  ешқашан
теңіздегі  дауылға,  жағадағы  машақатқа  ұрынбай,  ѳз
ѳмірін  бейбіт  те  жайлы  ѳткізгенін  түсіндім.  Мен  тәубама
келіп,  туған  үйіме  шын  мәнінде  адасқан  ұлдай  қайта
оралуға бекіндім.
Дауыл  басылғанша,  басылғаннан  кейін  де  біраз  уақыт
мен  осы  саналы  ой,  сау  ақылдың  құшағында  болдым.
Бірақ  келесі  күні  ертемен  жел  саябырсып,  толқын
баяулайын  деді,  менің  де  теңізге  бойым  үйрене  бастады.
Күні  бойы  үйге  ораламын  деген  оймен  жүрдім  (бірақ
теңіз  дертінен  әлі  айыққан  жоқпын).  Кешке  қарай  аспан
шайдай  ашылып,  желіккен  жел  демін  ішіне  тартып,  күн
қызарып  ұясына  батты,  ертеңіне  де  күн  ашық,  теп-тегіс
теңіз  беті  күн  сәулесімен  шағылысып  керемет  кѳріністе
болды,  табиғаттың  мұндай  сұлу  бейнесіне  алғаш  куә
болдым.
Таңертең  ұйқым  қанып,  бойым  сергіп  ояндым,  теңіз
дертінен  айыққандаймын.  Кѳңілім  жадырап,  теңізге
қайта-қайта  қарай  беремін.  Кеше  ғана  долданып,
аласұрып, ақ кѳбігін шашып жатқан теңіздің жайбарақат
қалпына таңырқай қарадым. Осы сәтте мені сапарға ертіп
шыққан танысым ойымды білгісі келгендей қасыма келіп,
8

арқамнан қағып: “Қалайсың, Боб? Кешегіден кейінгі кѳңіл
күйің  қалай?  Қатты  қорықтың-ау,  шыныңды  айтшы!”  –
деді.  “Кешегі  дауыл…  иә,  сұрапыл  дауыл.  Мен  мұндай
қорқынышты  дауыл  болады  деп  ойламаппын!”–  дедім.

Е-е-е,  мұны  да  дауыл  деп  тұрмысың?  Далбаса!  Бізге
мықты  кеме,  айдынды  кеңістік  бер,  біз  бұндай
дауылсымақты  кѳзге  де  ілмейтін  боламыз.  Сен  әлі
тәжірибелі  теңізші  емессің  ғой,  Боб!  Әйда,  жүр,  пунш
дайындайық та бәрін ұмытайық.
Қарашы,  күн  қандай  керемет!”  –  деді  танысым.
Әңгімемнің  кѳңілсіз  тұстарын  қысқартып,  бұдан  әрі  не
болғанын  сіздерге  тѳтесінен  баяндап  берейін.  Кәдімгі
қарапайым  теңізшілер  ѳміріндей:  пунш  қайнаттық,  мен
мас  болдым,  ѳкініштің  бәрі  артта  қалды,  мақтауға
тұрарлық  әдеттерімді,  болашақта  жасар  игі  істерімді  –
бәрін  ұмыттым.  Дауылдан  кейінгі  теңіздей  сѳзбен
дүниенің бәрін тегістегендей болдық, үрейім де басылды,
қорқынышым  да  сейілді,  ойларым  да  жүлгеленіп,  қауіп-
қатерлі  сәттегі  айтқан  уәде,  берген  серт  жайына  қалды.
Егер шынын айтсам, менің санамда әлі де үйге ораламын
деген  сәулелі  ойлар  салтанат  құрып  тұр  еді,  бірақ
аурумен  күрескен  адамдай,  мен  де  ол  ойларды  қуумен
болдым,  мастықтың  және  кѳңілді  ортаның  әсерімен  оны
да  ѳшірдім,  масаң  күйде  бес-алты  күн  ѳзімнің  ар-
ұятымның  алдында  жеңіске  жеткендей  болдым.  Бірақ
мені  алдымда  тағы  бір  сынақ  күтіп  тұрды:  жазмыш
осындай жағдайдағы ежелгі әдетімен менің соңғы ақталар
таянышымды тартып алғысы келді; шынында да, егер мен
осы  жолы  оның  мені  құтқарып  қалғанын  түсінбесем  де,
келесі сынақтың күштілгі сондай, тіпті біздің экипаждағы
ең  оңбаған  жексұрынның  ѳзі  қауіп-қатерді  сезініп,  одан
ғажайыппен  ғана  аман  қалғанымызды  мойындамауға  еш
амалы  болмас  еді.  Теңізге  шыққанымызға  алтыншы  күн
дегенде Ярмут рейдіне келдік. Дауылдан кейін жел қарсы
9

алдымыздан  тұрып,  кеме  жай  жүрді.  Ярмутта  кеменің
зәкірін  түсіріп,  жеті-сегіз  күндей  тұрып  қалдық,  себебі
жел аумастан алдымыздан соқты да тұрды. Сол жеті-сегіз
күннің  ішінде  біз  аялдаған  жерге  Ньюкастильден  де
кѳптеген  кемелер  келіп  тоқтады  (Ярмут  рейді  –
кемелердің  келіп  тоқтайтын  орны,  себебі  бұл  жерде
кемелер  Темзаға  ѳту  үшін  желдің  арт  жақтан  соққанын
күтіп тұрады).
Егер салқын жел соғып, бес күннен кейін ол тіпті үдей
түспегенде, біз су кѳтерілсімен-ақ ѳзенге түсіп кетер едік.
Ярмут  рейді  –  айлақ  сықылды  кеме  аялдауға  қолайлы
орынның  бірі,  біздің  кемеміздің  зәкірі  мен  зәкір
арқандары мықты еді, біз қауіптене қойған жоқпыз, қауіп
бар-ау  деп  ойлаған  да  жоқпыз,  кәдімгі  теңізшілердің
дағдысы бойынша ойын-күлкімен уақытымызды ѳткіздік.
Жетінші  күннен  ѳтіп,  сегізінші  күнге  жеткенде  жел  одан
сайын 
салқындай 
түсті, 
кеменің 
орнықтылығын
қамтамасыз  ету  мақсатында  стеньгаларды  алып  тастап,
қажетті нәрселердің бәрін тығыз бекіту үшін жұмыс күші
керек  болды.  Түске  таяу  толқын  екпіндей  түсіп,  кеме
қозғалып  –  ойнақшып  қатты  теңселе  бастады,  кеме
бірнеше  рет  олай-бұлай  шайқалып  еді,  зәкір  жұлынып
кеткендей  болды,  сол  кезде  капитан  айлаққа  байланған
арқанды  шешіңдер  деп  бұйырды,  біз  зәкірдің  екеуін  де
суға  тастап,  арқандарын  барынша  тартып,  желге  қарсы
тұрдық.
Дәл  сол  сәтте  дауыл  құйындатып  қатты  соқты.  Тіпті
теңізшілердің  жүзінен  енді  абыржу  мен  үрей  кѳрініп
тұрды.  Каютасынан  шығып,  менің  жанымнан  ѳте
бергенде  капитанның:  “Құдайым,  ѳзің  сақта,  қырылатын
болдық-ау,  дәм-тұзымыз  таусылғаны  ма?”  деген  сѳзін
әлденеше  рет  естідім,  бірақ  ол  соған  қарамастан  кемені
құтқарып 
қалу 
жұмыстарын 
бақылаудағы
қырағылығынан  таймады.  Бастапқы  кездегі  айқай-шудан
10

екі  құлағым  тас  болып  бітіп,  есеңгіреп  қалдым,
қозғалмастан сатының астындағы каютамда жаттым, тіпті
қандай  сезімді  басымнан  кешіргенімді  ѳзім  де  анық
білмедім.  Оны  ашықтан  ашық  елемей  және  батыл  түрде
жермен  жексен  қылған  соң,  маған  бұрынғы  тәубама
қайтып  оралу  қиын  болды:  мен  ѳлім  қорқынышы
мәңгілікке  сейілді,  бұл  дауыл  да  түк  бітере  алмай,
«
бірінші»  сияқты  аяқталады  деп  ойладым.  Капитанның
тура  жанымнан  ѳтіп  бара  жатып,  “қырылатын  болдық
қой”  деген  сѳзін  естігенде  тұла  бойым  түршігіп  кетті.
Каютадан  палубаға  атып  шықтым,  аспан  асты  астан-
кестең, теңіз долданып, бұрқырап, ақ кѳбігін атып жатыр
екен,  мұндай  сұрапылды  кѳрген  емеспін,  сәт  сайын
таудай толқындар тулап, тѳңкеріліп тѳбемізден құлайды.
Ѳзіме-ѳзім қуат беріп, күш жиып, жан-жағыма қарадым,
айналам  алай-дүлей  дауыл,  адам  баласына  айтып
келмейтін  апаттың  қандай  боларына  кѳзім  жетті.  Бізге
қарсы  тұрған  ауыр  жүк  тиеген  екі  кеме  салмағы  кемісін
дегендей  кемелердің  мачталарын  шауып  тастады.  Біздің
теңізшілердің  біреуінің  кеме  батып  барады  деген
жанайқайын  естідім.  Тағы  да  екі  кеменің  зәкірлері
жұлынып,  ашық  теңізге  қарай  шығып  кетіпті,  қайда
барып, қайда тоқтарын кім білсін.
Ұсақ  кемелер  басқалармен  салыстырғанда  орнықты
тұрды,  бірақ  асау  толқын  олардың  да  бір-екеуін
ығыстырып,  ашық  теңізге  қуып  кетті,  әлгі  екі  кеме
құйрығындағы  кливерден  басқа  барлық  желкендерін
жығып  тастап,  біздің  кемеміздің  жанынан  тиер-тимес
болып ѳте шықты.
Кешке  қарай  кеме  штурманы  мен  боцман  фок-
мачтаны  ағытып  жіберуге  рұқсат  етіңіз  деп  капитанға
ѳтініш айтты. Капитан бастапқыда бұған кѳніңкіремесе де
соңынан  рұқсат  етті,  фок-мачтаны  ағытып  жібергенде,
грот-мачта  шайқалып,  кеме  де  тепе-теңдігін  сақтай
11

алмай, теңселе бастады, палуба суға толып, оны тазартуға
тура келді.
Ѳздеріңіз  ойлаңыздаршы,  бұрын-соңды  теңіз  бетін
кѳрмеген, осының алдында ғана болмашы толқудан зәресі
кете  қорыққан  мен  енді  қандай  сезімді  басымнан
кешіруім  мүмкін  еді?  Кѳп  жыл  ѳтіп  кетсе  де,  егер  мен
жадымнан 
жаңылмасам, 
маған 
ол 
кезде 
ѳлім
қорқынышты емес еді: кінәмді мойындап, әкемнің алдына
барып  кешірім  сұрау  туралы  шешімімді  ѳзгертіп,
бұрынғы  қарғыс  атқан  қияли  армандарыма  қайта
оралғаным  туралы  ойлар  жүз  есе  азапқа  салып,  еңсемді
езіп, дауыл қорқынышымен астасып, мені адам айтқысыз
хәлге  түсірді.  Бірақ  бәле-жаланың  кѳкесі  әлі  алда  екен:
дауыл  күшейген  үстіне  күшейе  түсті,  теңізшілердің
айтуына  қарағанда,  мұндай  дауылды  олар  да  бұрын-
соңды  кѳрмесе  керек.  Біздің  кемеміз  мықты  еді,  бірақ
жүгінің  ауырлығынан  белуарынан  суға  батып,  теңселіп
тұрды.  “Жауып  кетеді,  қисайып  бара  жатыр”  деген
дауыстар  сәт  сайын  шығып  жатты.  Бұл  сѳздердің  мәнісін



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет