Дайындаған: №7 «Үйшік» тобының тәрбиешісі: Наушабаева Рысты Зерттеу мерзімі: 6 ай Жоба мақсаты



Дата22.12.2017
өлшемі107.33 Kb.
#51234


№26 «Жұлдыз» балабақшасы

Жобалық жұмыс

Тақырыбы:

«Балалардың қорқынышын жеңуге көмектесу жолдары»



Дайындаған: №7 «Үйшік» тобының

тәрбиешісі: Наушабаева Рысты

Зерттеу мерзімі: 6 ай



Жоба мақсаты:

Балалардың бойында қорқыныш, үрейлерін әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы арылуына көмектесу. Бала бойындағы ішкі сезімдерді шығара білу, кез-келген қиын жағдайда қорқынышқа бой алдырмай мәселені шеше білу. Ішкі қорқыныш сезімнен бойын ойындар, кеңес беру арқылы күш-жігерді пайдаланып баланың өзіне деген сенімділігін қалыптастару. Бала бойына сенімділік орнату.



Жоба міндеттері:

1. Бала бойындағы қорқыныш, үрей сезімдерінің алдын алу.

2. Олармен методикалық әдіс-тәсілдерді пайдалануда ойындар жүргізу.

3. Ата-анамен тығыз байланыста болу, кеңестер алмасу.

4. Бала бойындағы қорқыныш сезімдерін болдырмау, ішкі сезімдеріне жылулық ұялату.

Жоспары:

1.«Қорқыныш неден туады»

2. Бала бойындағы қорқыныш сезімдер.

а)Бала неден қорқады,қорқынышы неше жастан басталады?

ә)Бала қорқынышын қалай жеңуге болады.

б)Бала қорқынышын ойын арқылы түзету.

3.Қортынды.Бала бойындағы қорқынышты жеңу, ықпал көрсету.

Жобалық жұмысымдағы күтелітен нәтижелер:

1. Қорқақ, күйзеліске бейім балаларды назардан тыс қалдырмай үнемі көңілді болу арқылы бала бойындағы қорқыныш бәсеңдейді.

2. Баланың эмоциялық көңіл-күй көтеру арқылы бала өмірінде өзіне сенімділік пайда болады.

3. Қорқыныштан арылған бала бойын қуаныш билеп, белсенділік пайда болып, даму қабілеттілігі артады.



Жобалық жұмысымның кіріспе бөлімі:

Ойынның балалардың шығармашылығының табиғи бір түрі екендігі белгілі,ол арқылы қоршаған орта баланың шамасына лайық түрде бейнеленеді.Ойында баланың сезімімен қызығуы жүзеге асып,әлеуметтік қарым-қатынастың жаңа тәжірибесін меңгереді,қиялы мен қатынас аясы кеңейеді,жаңа білімдер мен ептіліктері қалыптасады.Балалар өздері күресіп,секіріп,алысып, өрмелеп,түрлі кейіпкерлердің бейнесіне еніп жүргенде өз бойындағы қорқыныштарды өздері жеңіп үйренеді.

Жүйке жүйесі әлсіз баланың ата-анасына баласымен көбірек ойнауына кеңес беру керек.Қорқынышты жеңуге мүмкіндік беретін қимыл-қозғалыс ойындарын шартты түрде «5+5» деп бөлуге болады.Алғашқы бестікке далада ойнайтын ойындар мен балабақшада ойнайтын ойындар кіреді:

1.Доппен ойындар:футбол,регби.Шеңбер құрып тұрған балалардың бір-біріне күтпеген жерде «мә», «ұста», «қағып ал»деген сөздермен допты лақтыруы,тез қағып алуы.Сонымен қатар,әуе шарларын ауаға лақтыруы,кегли ойнау.

2.Қол ұстасып тұрған шеңберге жүгіріп келіп ену.

3.Күрес,қылыштасу,бір-біріне доп лақтыру,доптан қорғану,тигізбеуге тырысу.

4.Швед қабырғасына жарысып өрмелеу,төмендегі матқа тәрбиешінің көмегімен секіру;жіптен секіру,топырақ салынған ордан секіру,т.б.

5.Балаларға арналған белгілі бір қашықтықта орналасқан отырғыштарымен жүру,кері жүру,соңғы отырғыштан секіріп түсіп сыйлық алу.

Жобалық жұмысымның І кезеңі:

Қорқыныш сезімді жеңуде ойындар балалардың тез кірісуін,шапшаңдығын дамытады,таныс емес ортаға емін-еркін үйренеді,эмоциялық тежелуді азайтып,белсенділігін арттырады.Келесі бес ойын жеткен жетістіктерін бекітіп,қорқынышын ұмытуға,өз-өзіне сенуге көмектеседі.



«Таңбалау».Қарапайымдылығына қарамастан,бұл ойын келесі ойындарға дайындық ретінде қызмет етеді.Ойын бес минуттан артық ойналмайды.

«Көз байлау».Бұл ойын ұстамдылықты,шыдамдылықты қажет етеді және жүйке жүйесі әлсіз балаларда осы қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі,қараңғылықтан,жалғыздықтан,күтпеген әсерден қорқу сезімдерінен арылтады.

«Жасырынбақ».Ойынды топпен ғана емес,спорт залында да өткізуге болады.Тығылуға мүмкіндіктердің барлығын пайдалануға мүмкіндік беру керек.

Ойынның келесі кезеңінде қорқыныштан арылту мақсатында танымал ертегілер сюжеттері бойынша рөлдік ойындар ойнатуға болады.



Ойын терапиясы балалардың қорқынышынан арылуға көмектесетін бірден бір әдістеме болып табылады.Өйткені оны түрлі жастағы,даму деңгейі әрқилы балаларға қолдануға болады.Осы әдістеме сурет салу немесе мүсіндеу арқылы қорқыныштан арылу әдісімен қоса жүргенде тиімдірек деп саналады.

Бала қорқынышын суретке салу әдістемесі.

Сурет салу шығармашылық кезең,ол балалардың өз ісінен қуаныш сезімін бастан өткеруге,өз-өзімен болып,әрекеттену,өз сезімін,арманын,үмітін білдіруге қабілеттілігін сезінуге мүмкіндік береді.Сурет салу,ойын секілді оны қоршаған шындықтың санасындағы бейнесі ғана емес,сонымен бірге оған деген қатынас,оның моделін ойша жасауын көрсетеді.Сондықтан,баланың суреті арқылы баланың қызығуын,барлық уақытта белгілі бола бермейтін қорқынышын танып-білуге мүмкіндік мол.Суретті зерттеу балалардың қызығуы мен бейімділігін анықтаумен бірге,оның темпераментін,ішкі жан дүниесінің мазмұнын білуге мүмкіндік береді.Суретте сұр және қара түстің көп болуы баланың өмірінде қуаныштың аздығын,көңіл-күйінің төмендігін,қорқынышының молдығын,онымен өзінің күресе алмайтындығын байқатады.Керісінше,ашық,қанық түстер баланың белсенді өмірлік сергектігін және болашаққа сенімін аңғартады.

Сурет салдыру арқылы баланың болмаған,бірақ болып қалар деп қиял арқылы пайда болған қорқыныштарынан арылуға көмектесуге болады.Ескеретін жайт:барлық осындай әдістерді нәтижесі төмен болатыны,қорқыныштан арыла алмауы,әсіресе,ата-анасының арасында жиі шатақ болып тұратын немесе толық емес,тұрмыс жағдайы нашар отбасының балаларында не соматикалық ауру балаларда болады.Сонымен,қорқынышты суретке салу,мүсіндеу,ойын арқылы қорқынышты арылу әдістемелері балабақшаның мектепке даярлық тобының балаларымен жүргізіліп,олардың ақыл-ой дамуына жағдай жасауға көмектеседі.

а.Қорқыныштың шығуы көптеген себептерге байланысты екенін айттық.Зертеулерге сүйенсек,қыз балаға қарағанда ұлдарда қорқыныш аз болады екен.Әкесіз өскен ұл бала немесе қыз бала кішкентайынан әкенің демеуін сезіне алмаса,кейін өзінің қатарластарымен ,әсіресе ұлдармен қарым-қатынас орнатуға қорқасоқтайды,егер ата-анасы жиі бет жыртысып келіспейтін болса,баладағы ең қорқыныш осы. Әсіресе ,төрт-бес жасында бала бәрін түсінетін болады,сондықтан әке-шешесінің бір-бірімен жанжалдасып екі бөлек кеткені балаға,соның ішінде қыз балаға күйзеліс әкеледі.Бала өзін тым дәрменсіз сезінеді.Тағы зертеулердің нәтижесінде белгілі болғандай қорқыныш тұқым қуалайды.Мәселен анасы бала кезінен қараңғылықтан қатты қорқатын болса,қызында да осы үрейлі сезім қайталануы мүмкін.Баланың көзінше әлденеден қорыққаныңызды байқататын болсаңыз оның ойында қорқыныш ұғымы қалыптасып,дәл сол нәрседен қорқа бастайды.Егер ата-анасы үнемі үрей үстінде жүретін болса үйде қандайда бір мәселеге алаңдайтын болса,бұл да өз кезегінде баланың жүйкесіне салмақ салып зақымдайды.Олар ата-ана отбасылық мәселелермен жүріп,бала көңіл күйіне кері әсер етіп жатырмыз деп ойламауы да мүмкін.Бала мұндай кезде шынайы өмірге беттей алмайды.Бір нәрсені өздігінен қолға алып кете алмайды яғни белсенділік таныта алмайтын болады.Мұның бәрі сол бір сәттегі ата-ананың ұдайы қорқынышпен сүргенінен ,әлденеден секемденіп жүретіндігінен.Бала осыдан соң өзінің психологиялық тұрғыда қорғанамын деп ойлайды да,барлық нәрседен басын аулақ салып жүреді.Өйткені оның тәуекелге барып іс бастауы қиын болып қалады.

ә.Баланың бойындағы қорқыныш сезімін қалай түсінесіз?Бұл шынымен алаңдатқызатын нәрсе ме,жоқ әншейін баланың еркелігі ме әлде үлкендердің көңілін өзіне аударғысы келген «айла-тәсіл ме?»осының жауабын тауып көрейікші.Осы арқылы баланың бойындағы қорқыныштың себебін анықтап одан арылуға көмек бере аламыз.

Жобалық жұмысымның ІІ кезеңінде:

Балаларының қорқынышы мен үрейіне «баланың өзінің ойлап тапқаны»деп қарайды және оған оншалықты терең мән бермейді.Мысалы,қараңғы бөлмеден қорықса: «қане,ұйықта!көзіңді жұм ,сені ешкім жеп қоймайды!»дейді әкесі жарықты сөндіріп жатып.Бала бұдан соң қорыққаны сейілмек түгелі одан сайын үдей түседі.Бұл баланың бойында ұзаққа созылса ұйқысы бұзылып,созылмалы жүйке дертіне жалғасу мүмкін.Бала төрт айынан бастап айналасындағы жақын адамдардың қасында жүргенін жақындағанын,алыстағанын біліп сезе алады.Жеті айынан бастап анасының қамқорлығын, жасаған күтімін сезінеді,исін,алақанын таниды.Мазасызданады және бойында қорқыныш болады.Иә ,ол жалғыз қалып кетемін деген қорқыныш.Қасында анасы болған кезде бала қорықпайды.Анасы сүйеніш екенін,өзін қорғайтынын біледі.Анасының жылы алақаны мен мейрімді даусы балаға сенім береді,егер олар болмаса балаға бұл ауыр соққы болып тиеді.

б)Әдетте балалар түннің бір уағында шошып оянып, жылайтыны жиі қайталанады.Бұл күндіз қорқыныштардың салдары. Қорқынышты фильмдер, қорқынышты суреттер,қорқынышты оқиға,отбасындағы ырың –жырың ұрыс-керіс мұның бәрі баланың психикасына әсер етіп,түнде түсіне кіреді.Мұндай жағдайда балаға қалай көмектесуге болады?.Негізі бала түсі мен өңін ажырата алмайды.Сондықтан оған әлгі түсінде көрген қорқыныштар әлі де жалғасатындай болып көрінеді,содан мазасыздана жылайды.Баланы одан бетер қорқытып-үркітіп жатқызудың қажеті жоқ.Түннің ішінде жылап оянып,көрген түсін айтатын болса,сабырмен тыңдаңыз.Егер айтпаса,күштеп айтқызбаңыз,ол есіне түскен сайын қорқады.Қайта жайлап тыныштандырыңыз басынан сипап,тербете әлдилеңіз,көзі тез ілініп кетеді.Егер баланың шошып оянуы қайталана берсе,ұйықтар алдында қорқынышты ертегі айтылмауын,не болмаса әртүрлі қорқынышты суреттер мен фильмдер көрсетілмеуін қадағалаңыз.Оның орнына баяу ырғақты ән айтып беріңіз,көңілді әңгіме,міндетті түрде жақсымен аяқталатын ертегілер айтығыз.Түнде шошып ояну барлық балаға тән. Дегенмен сау балада сирек кездеседі.Егер баланың шошуы жиеленсе,оны дәрігерге көрсетуіңіз керек.Балада эпилепсия,ми ісігі,ақыл-есінің дұрыс дамымауының белгілері болса,түнде көп шошынады.

Анасы ұзақ уақытқа алыстап кетсе,үй ішінде жылылылық болмаса өте жоғары дауыспен қойылған музыка,қатты естілген теледидардың даусы мұның бәрі ұйқының бұзылуына себепші.Енді мұның қалай алдын алуға болады?Балаға қаншалықты ұйқы қажет,соншалықты ұйықтайтын болса,түнгі шошынулар бірте-бірте азая түседі.

Ең бастысы күндізгі ұйқы қанық болу керек.

Содан соң баланың жатын бөлмесі ұйықтауға жайлы,ауасы таза болсын.Ондағы ауа тар,әрі қапырық болмау керек.Өте жұмсақ кереуетке ұйықтайтын болса омырытқалары қисайып өседі.Ұйықтар алдында тамақа тойдырушы болмаңыз.Бұл да өз кезегінде ұйкының бұзылуына әкеп соғады.Жатар алдында екі сағат бұрын тамақтандырыңыз.Барлық бала сурет салғанды ұнатады.Тіпті бір-екі балаға дейін қаламға жармасып ,қағаз шимайлайды.Үш жаста ғана бала суретті тусініп салады.

Бұл да баланын ой-қабылетінің дамып жатқанын білдіреді.Балаға менің отбасым деген сурет салуға отырғызыңыз.Бұл жерде ол үйдегі барлық отбасы мүшелерін салып шығуы керек.Егер әкесі мен анасының ортасына өзінің суретін салған болса ,онда отбасында тыныштық ,жылулық бар деген сөз.Ал бала өзін ата-анасынан жырақ,шеттеу жерге салатын болса үйде проблема болғаны.Бала аңғарады немесе ол ата-анасының мейріміне зәру.Енді мұнан соң не нәрселерден қорқады,соны суретке салуын өтініңіз.Суретті жақсы салатынын айтып мақтап қойыңыз.Егер мұндай тақырыпта сурет салудан бас тартса,балада қорқыныш жоқ дегенді білдірмейді.Бұл бойындағы үрейін мойындағысы келмейтіндігі.Салған жағдайда ойлағандай тым қорқынышты сурет салмауы мүмкін,ол иттің,не құбыжықтың суретін шамалап көрсете алады.Сосын балаға «бұл қорқынышты емес,қорықпа»деп түсіндіріңіз.Мұнан соң баланың қорқынышы лезде жойылып кетеді деп ойлап қалмаңыз,бетпе-бет оны сөзге тартыңыз.Ішіндегі қорқынышын сыртқа шығарып айтқан соң,сөйлей бастайды.Енді оның салған «қорқынышты»суретін,күлкілі,қалжың сурет секілді қайта суреттеп шығыңыз. «Қалай қорқынышты ма ?»деп күлімсірей сұраңыз бала бұрынғыдай қорықпайды.Батырлық туралы ертегілер айтып беріңіз .Баланың өзі де қиялынан ертегі құрастырсын және ол ертегіде қандай қиындық пен қорқыныш болсын тез жеңетін киіпкер болуы керек.

Жобалық жұмысымның ІІІ нәтижелі кезеңінде:

Қорқынышты анықтау әдістемесі

Қорқынышты анықтау әдістемесі балада келесі тізбек сұрақтары бойынша өткізуге болады. Балаға келесі сұрақ қойылады: «Өтінемін айтшы, сен неден қорқасын?» деп бастаған жөн.

Жалғыз өзің қалғанда ма?

Ауырып қаламын деп пе?

Қандайда бір балалардан ба?

Тәрбиешіден бе?

Сені жазалаудан ба?

Жалмауыз кемпірден бе?

Қорқынышты түстен бе?

Қараңғыдан ба?

Қасқырдан, иттен, аюдан, шаяннан, жыланнан ба?

Машинадан, поездан, ұшақтан ба?

Дауылдан, найзағайдан, қатты желден, су тасқынынан ба?

Биіктіктен бе?

Тар бөлмеден, әжетханадан ба?

Судан ба?

Оттан ба?

Соғыстан ба?

Дәрігерлерден бе?

Қаннан ба?

Дәрі егуден бе?

Ауырғаннан ба?

Кенеттен шыққан дыбыстан ба?

Психолог берілген сұраққа алынған жауаптар негізінде балада қорқыныш болу деңгейі туралы қорытынды жасайды.

Балада көптеген түрлі қоқыныштың болуы – алғашқы жағдайдың маңызды көрсеткішін көрсетеді.

Мұндай баланы бірінші кезекте «тәуекел» тобына жатқызып, олармен арнайы түзету жұмысты жүргізу керек.

Барлық айтылған қорқынышты бірнеше топқа бөлуге болады: медициналық (ауыру, укол, дәрігер ...).

Денеге зиян келетін қорқыныш (кенеттен шыққан дыбыс, көлік, от, өрт, апат, соғыс).

Бойында қорқыныш сезімдері басым балаларды еңбекке баулыңыз, еңбек уайымды жояды, ортамен араласуына, тіл табысуына мүмкіндік береді,-деп жұмысымды аяқтағым келеді.

Ата-аналарға арналған көмек.

Бала мен ата-ана қарым-қатынасымен маңыздылығына қарай кеңестер әуелі ата-аналарға, одан кейін мұғалімдерге беріледі:

1. Ата-аналарға балаларына қарым қатынасын өзгертуге кеңес беріледі: жазалаудың кей түрін өзгерту, балаларға еркін әрекет жасауға, дербестікке мүмкіндік беріледі, шеттен тыс қамқор болуды қысқарту. Баласына үлгі-өнеге болуға тырысу, өз қорқынышынды балаға бермеу, оның қорыққаны үшін реніш білдермеу, сынамау, қорқыныштан тек сырттай қорғап емес, оның себебін тауып көмектесуге ұмтылу.

2. Қорқыныш сезімін болдырмау үшін, алдын алу үшін жанұяда жағымды ахуал тудырып, театрға, паркке, аттракциондарға, қала сыртына демалып, күйзелістен арылуға, көңіл-күй мен тонус көтерілетін орындарға бірге бару.

3. Педагоктарға баланың орнықты психикалық қалпын сақтау үшін кейбір баланы осындай проблемаға бейім екенін, олардың тұлғалық проблемалары, қорқынышты, күйзеліске бейімділігін ескеру керек екендігін ұмытпау керек. Бұлар баланың бір қалыпты әрекетпен айналысуына, қарым-қатынас жасауына кесел келтіріп, қиындыққа алып келуі мүмкін.

4. Қорқақ, күйзеліске бейім балалар педагогтың ерекше назарын қажет етеді. Балаға сенім, үміт арту, бірқалыпты, жай дауыспен сөйлеу, өрте артық қамқорлық көрсетуден босату; «қорқынышты сурет етіп сал», «29 сұрақ», «адам салу», «қорқынышты мүсіндеу» сияқты әдістермен бірге, ұжымдық жұмыстарға баланы белсенді араластыру да қорқыныштан арылытады.



Қорқыныш сезімін жеңуге кеңестер

1. Басыңызға қандай қиындық түсседе баланың алдында сыр бермеуге тырысыңыз. Ата-анасының үнемі қабағы солуы ұнжырғасының түсіп жүргенін байқаған балада үнемі тұйық солай жүреді, әдетке айналдырады. Сондықтан үйде жүргенде белсенді, көңілді өзіңізге сенімді болып жүруіңіз, сонда ғана осы қасиеттерді балаңыздың бойынан көре аласыз.

2. Қорқақтығы үшін балаларды ешқашан басқа балалармен салыстырып кемшілігін бетіне баспаңыз.

3. Бәріне махабатыңызды бірдей бөліңіз.

4. Өзгелермен қалай тіл табысу, араласу керектігін өзіңіз үйретіңіз

5. Әр қашан балаға күліп қараңыз өткені үлкендердің жылы шырайына бала мейіріміне бөленіп өскен бала өз өзіне сенімді болады.



6. Балаңызды еңбекке баулыңыз, еңбек уайымды жояды, ортамен араласуына, тіл табысуына мүмкіндік береді.
Каталог: 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
2016 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет