Дақыл: Күнбағыс Будан



Дата06.07.2017
өлшемі368.67 Kb.
Дақыл: Күнбағыс

Будан: ВКНИИСХ-2011

Авторлар: Анненков Г.В., Горьковая Е.Г., Боровикова Т.В., Романова Н.В., Ложникова Л.А.

Оригинатор: Шығыс-Қазақстан ауыл шаруашылығы ҒЗИ

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Шығыс-Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін будан

Буданның сипаттамасы: жапырақ формасы үшбұрыш келген. Түсі жасыл. Гүлдеу мерзімі орташа. Гүлдерінің тілшелері сары түсті, себеті дөңесті, ірі. Пісу кезінде себеті төменге қайрылған. Тұқымдардың мөлшері орташа. Өсімдіктің биіктігі 187 см.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 22,2 ц/га құрайды.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның салмағы 48,0 г. бір себеттен алынған дәндердің салмағы 37,8 г, орташа майының құрамы 39,9 %, қауыз 29,4 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): ауруларға және жатып қалуына төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық бағыт (өсімдік майы).

Ерекшеліктер: пісіп жетілу мерзімінің ерте пісетін буданы

Ұсыныстар: Шығыс Қазақстан облысы І-тау орманды дала (Зырян МССУ) және ІІ-тау етегінің дала аймақтарында (Шемонаих МССУ) пайдалану үшін ұсынылған.

Дақыл: Күнбағыс

Будан: ЕС Петуния

Оригинатор: Euralis Semences, Франция

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Ақмола

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін будан

Буданның сипаттамасы: Жапырағы ірі, түсі ашық жасыл, көпіршіктілігі орташа, көлденең қимасының формасы күшті ойыстығы бар. Гүлдеу уақыты орташа. Гүлдерінің тілшелері сары түсті. Себеті дөңгеленген, орташа мөлшерде, пісу барысында тік күйінде болады. Дәндерінің мөлшері орташа. Өсімдіктің биіктігі 152 см

Өнімділігі: орташа өнімділігі 23,3 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 дәннің орташа салмағы 49,4 г, 1 себеттен дәннің салмағы 35,0 г, орташа майдың құрамы 36,1%, қауыз құрамы 31,6 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): ауруларға және жатып қалуына төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық бағыт (өсімдік майы)

Ерекшеліктер: пісіп жетілу мерзімінің орташа пісетін буданы

Ұсыныстар: Ақмола облысының І дала (Көкшетау кешенді МССУ), ІІ-күңгірт қызыл топырақты (Шортанды МССУ) аймақтарында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Күнбағыс

Будан: ЕСХ9038

Оригинатор: Euralis Semences, Франция

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Шығыс-Қазақстан облысы

Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін будан

Буданның сипаттамасы: жапырағы ірі, күңгірт жасыл түсті. Көпіршіктілігі әлсіз, көлденең қимасының формасы иілген. Бүйір жолақтарының бұрышы тік. Гүлдену кезеңі орташа, гүлдерінің тілшелері ашық сары түсті, себеті орташа, пісіп жетілу кезінде төменге аударылған. Дәнінің мөлшері орташа. Өсімдіктің биіктігі 180 см-ге жетеді.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 24,0 ц/га құрайды.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 дәнінің орташа мөлшері 62,8 г, бір себеттен алынған дәндерінің салмағы 41,9 г, орташа майдың құрамы 38,8 %, қауыз 27,8 % жетеді.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): ауруларға және жатып қалу төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық (өсімдік майы).

Ерекшелігі: пісіп жетілудің ерте пісетін буданы.

Ұсыныстар: Шығыс Қазақстан облысының І-таулы орманды дала (Зырянов МССУ), ІІ-тау етегінің дала (Шемонаих МССУ) аймақтарында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Күнбағыс

Сорт: Жайдарман

Авторлар: Сүлейменов Р.М., Ғабдулхаков Ф.Р., Пащенко И.В., Безрукова М.А., Дашкевич С.М.

Оригинатор: «А.И.Бараев атындағы тұқым шаруашылығының ҒӨО» ЖШС

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл

Ұсынылған облыстар: Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: орташа ерте пісетін

Сорттың сипаттамасы: жапырақтарының формасы жүрек тәрізді, түсі жасыл. Гүлдену уақыты орташа. Гүлдерінің тілшелері сары түсті, себеттің орташа мөлшері орташа, дәндер жағының формасы дөңес. Пісіп жетілу кезінде себеті төменге аударылады. Дәнінің формасы сопақша-созылған. Мөлшері мен жуандылығы орташа келген. Өсімдіктердің биіктігі 124 см.

Өнімділігі: Ақмола облысы бойынша орташа өнімділігі 18,7 ц/га, Қостанай облысы бойынша 19,6 ц/га, Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша 16,5 ц/га құрайды

Сапалық көрсеткіштер:1000 дәннің салмағы 53,3 г, бір себеттен алынған дәндердің салмағы 34,9 г, майдың орташа құрамы 41,4 %, қауыз 27,1 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): ауруларға және жатып қалу төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық (өсімдік майы).

Ерекшелігі: орташа ерте пісетін сорт

Ұсыныстар: Ақмола облысының ІІ-күңгірт қызғылт топырақты (Шортанды МССУ), Қостанай облысының І-орманды дала қара топырақты (қалыпты құрғақ, дала және жарым-жартылай орманды дала) (Қазақстан МССУ), Солтүстік – Қазақстан облысының ІІ-оңтүстік орманды дала (Қазан МССУ) топырақты аймақтарында пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Күнбағыс

Будан: Казахстанский 95

Авторлар: Мұратов И.А., Гаврилова О.А., Соломина Н.В.

Оригинатор: «Майлы дақылдар тәжірибе шаруашылығы» ЖШС

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл.

Ұсынылған облыс: Шығыс-Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін будан

Буданның сипаттамасы: жапырағының ұшының формасы қияқ түрінен қысыңқы үшбұрышқа дейін болады. Гүлдену уақыты орташа. Гүлінің тілшелері сары түсті. Себеті тегіс келген. Орташа мөлшері бар. Дәндерінің мөлшері орташа, қысыңқы жұмыртқа тәрізді формасы болады.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 19,6 ц/га құрайды.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның орташа салмағы 52,0 г, бір себеттен алынған дәндердің салмағы 34,4 г, өсімдіктің биіктігі 172 см. Орташа майдың құрамы 42,0 %, қауыз 25,7 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық (өсімдік майы)

Ерекшелігі: пісіп жетілудің ерте пісетін буданы

Ұсыныстар: Шығыс Қазақстан облысының І-тау-орманды дала (Зырян МССУ) және ІІ-тау етегі дала (Шемонаих МССУ) аймақтарында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Күнбағыс

Будан: ЛГ5631 КЛ

Оригинатор: «Лимагрейн Европа» АҚ, Франция

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Шығыс-Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін будан

Буданның сипаттамасы: Cleafield жүйесінің буданы. Жапырағы ірі келген, жапырақ ұшының формасы жалпақ үшбұрыш, көлденең қимасының формасы тегіс. Гүлдеу уақыты орташа кештеу. Тілшелерінің гүлдері орташа ұзындығы болады, түсі қызғылт-сары сары келген. Дәні орташа, жалпақ жұмыртқа тәрізді формасы, қалыңдығы орташа. Өсімдіктің биіктігі 176 см.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 23,7 ц/га құрады

Сапалық көрсеткіштер: 1000 дәнінің орташа салмағы 60,7 г, бір себеттен алынған дәндердің салмағы 82,8 г. орташа майдың құрамы 36,6 %, қауыз 32,2 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық бағыт (өсімдік майы)

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің ерте пісетін буданы

Ұсыныстар: Шығыс Қазақстан облысы І таулы-орманды дала (Зырян МССУ), ІІ-тау етегінің дала (Шемонаих МССУ) аймақтарында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Күнбағыс

Будан: Меридиес КЛ

Авторлар: Жозе Мария Доддс, Бертеро Амелия

Оригинатор: Нидера С.А.

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл

Ұсынылған облыстар: Қостанай, Солтүстік-Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін будан

Буданың сипаттамасы: Cleafield жүйесінің буданы. Жапырағы орташа мөлшерде, көлденең қимасының формасы тегістен дөңеске дейін, бүйір қанат тәрізді сегменттері бар. Бүйір арасындағы бұрыш жолағы тік. Тілшелерінің гүлі сары. Себеті орташа, пісіп жетілу кезінде тік келген сабағымен төменге жартылай аударылып тұрады. Дәні орташа, жалпақ жұмыртқа тәрізді формасы, қалыңдығы орташа болады. Өсімдіктің биіктігі 147 см-ге жетеді.

Өнімділігі: Қостанай облысы бойынша орташа өнімділігі 27,2 ц/га, Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша 24,6 ц/га құрайды.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 дәннің орташа массасы 49,3 г, бір себеттен алынған дәндер салмағы 38,4 г, орташа майдың құрамы 40,8 %, қауыз 27,6 % құрайды.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық бағыт (өсімдік майы)

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің ерте пісетін буданы

Ұсыныстар: Қостанай облысының І-орманды дала кәдімгі қара топырақтарда (қалыпты құрғақ, дала және жарым-жартылай орманды дала (Қазақстан МССУ), ІІ-оңтүстік орманды дала (Есіл және Қазан МССУ) аймақтарында пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Күнбағыс

Будан: НСХ6006

Оригинатор: «Новый сад» жеміс және егіншілік институты

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Қызылорда

Пісіп жетілу мерзімі: орташа ерте пісетін будан

Буданың сипаттамасы: жапырағы орташа мөлшерде, көпіршіктілігі жоқ. Көлденең қимасының формасы ойыс келген. Бүйір қанат тәрізді сегменттері күшті айқындалған. Бүйір арасындағы бұрыш жолағы тік. Гүлдену уақыты орташа. Тілшелерінің гүлдері сары болып орташа тығыз келген. Дәні орташа, сүйерленген жұмыртқа формасы, орташа қалыңдығы болады. Өсімдіктің биіктігі 126 см-ге жетеді.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 17,8 ц/га құрайды

Сапалық көрсеткіштер: 1000 дәннің орташа салмағы 64,8 г, бір себет дәндерінің салмағы 42,6 г, орташа майдың құрамы 37,6 %, қауыз 33,0 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық бағыт (өсімдік майы)

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің ерте пісетін буданы.

Ұсыныстар: Қызылорда облысының І-Қазалы (Қазалы МССУ), ІІ-Қызылорда (Жалағаш МССУ), ІІІ-Шиелі (Шиелі МССУ) аймақтарында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Күнбағыс

Будан: НСХ6011

Оригинатор: «Новый сад» жеміс және егіншілік институты

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Оңтүстік-Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: өте ерте пісетін

Буданның сипаттамасы: жапырағы орташа келген. Көпіршіктілі жоқ, көлденең қимасының формасы ойыс, бүйірі қанат тәрізді сегменттері күшті айқындалған. Бүйір арасындағы бұрыш жолағы тік. Гүлдену уақыты орташа. Гүлдерінің тілшелері сары, орташа тығыз келген. Дәні орташа, дөңгеленген, қалыңдығы орташа. Өсімдіктің биіктігі 91 см.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 52,7 ц/га құрайды.

Сапалық көрсеткіштер:1000 дәнінің орташа салмағы 45,8 г, бір себеттен алынған дәндер салмағы 38,1 г, орташа майдың құрамы 42,1 %, қауыз 28,9 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық бағыт (өсімдік майы)

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің өте ерте пісетін буданы

Ұсыныстар: Оңтүстік Қазақстан облысының ІІІ-орталық (Сайрам кешенді МССУ) аймағында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Күнбағыс

Будан: П64ЛС108

Оригинатор: «Пионер» фирмасы, АҚШ

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Шығыс-Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін будан

Буданның сипаттамасы: жапырағы орташа мөлшерде, көпіршіктілігі жоқ. Тістенуі орташа, көлденең қимасы тегіс. Гүлдену уақыты ерте. Гүлдерінің тілшелері сары түсті келеді. Себеті шамалы дөңес, пісіп жетілу барысында сабағы қиылып төменге айналып тұрады. Дәндерінің мөлшері орташа, кеңейген жұмыртқа тәрізді формасы болады. Өсімдіктің биіктігі 181 см.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 25,6 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштері: 1000 дәнінің салмағы 63,8 г, орташа майдың құрамы 41,1 %, қауыз 26,6 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық бағыт (өсімдік майы)

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің ерте пісетін буданы.

Ұсыныстар: Шығыс Қазақстан облысының І-тау-орманды дала (Зырян МССУ) және ІІ-тауетегінің дала (Шемонаих МССУ) аймақтарында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Күнбағыс

Будан: Санай МР

Оригинатор: Сингента Сидс С.А., Франция

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Павлодар

Пісіп жетілу мерзімі: орташа ерте пісетін будан

Буданның сипаттамасы: жапырағы орташа келген, көпіршіктілігі орташа, тістенуі орташа күйінен қалынға дейін, көлденең қимасының формасы әлсіз батыңқы, гүлдену уақыты орташа. Гүлдерінің тілшелері ашық сары түсті. Себеті піскен кезінде сабағы қиылып төменге қайырылып тұрады. Дәндерінің мөлшері орташа, кең дөңгеленген формада болады. Өсімдіктердің биіктігі 101 см.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 13,4 ц/га құрайды.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 дәндерінің салмағы 46,1 г, бір себеттен алынған дәндер салмағы 29,0 г, майдың орташа құрамы 40,8 %, қауыз 25,5 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық бағыт (өсімдік майы)

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің орташа ерте пісетін буданы

Ұсыныстар: Павлодар облысының ІІ-оңтүстік (құрғақ зона) (Павлодар астықты МССУ) пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Күнбағыс

Будан: Санфлора КЛ

Авторлар: Жозе Мария Доддс, Бертеро Амелия

Оригинатор: Нидера С.А.

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Шығыс-Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін будан

Буданның сипаттамасы: Cleafield жүйесінің буданы. Жапырағы ірі келген, көлденең қиылған формасы батыңқы, бүйір қанаттәрізді сегменттер әлсіз айқындалаған. Бүйір арасындағы жолағы түзу. Гүлдену уақыты өте кеш болады. Тілшелер гүлінің түсі сары. Себеті орташа, пісу барысында сабағы түзу күйінде жарым-жартылай төменге айналып тұрады. Дәні орташа, жалпақ жұмыртқа тәрізді формада болады. Өсімдіктің биіктігі 120 см.

Өнімділігі: орташа өніміділігі 14,5 ц/га құрайды.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 дәннің салмағы 43,4 г, бір себеттің дәндер салмағы 36,1 г, майдың орташа құрамы 41,2 %, қауыз 27,7 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 4 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық бағыт (өсімдік майы)

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің ерте пісетін буданы

Ұсыныстар: Шығыс Қазақстан облысының І-жазықты дала зонасында (Новопокровский МССУ) пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Күнбағыс

Будан: Светлана 10

Авторлар: Бенко Н.И., Мухина Ж.М.

Оригинатор: «Агроплазма» ЖШҚ, Ресей

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл

Ұсынылған облыстар: Ақмола, Шығыс-Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін будан

Буданның сипаттамасы: жапырақтары ұсақ, көпіршіктілігі шамалы, тістенуі ұсақ, көлденең қиылған формасы тегіс. Гүлдерінің тілшелері ашық сары түсті. Себеті ықшам жұмыртқа тәрізді тегіс, кішкентай мөлшерде, сабағы төменге қарай иілген. Дәндерінің мөлшері орташа, ұзын - сопақша формалы. Өсімдіктің биіктігі 161 см.

Өнімділігі: Ақмола облысы бойынша орташа өнімділігі 20,4 ц/га, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 23,8 ц/га құрайды.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 дәннің мөлшері 56,7 г, бір себеттен алынған дәндер салмағы 47,8 г, орташа майдың құрамы 40,8 %, қауыз 28,1 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық бағыт (өсімдік майы)

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің ерте пісетін буданы

Ұсыныстар: Ақмола облысының І дала (Көкшетау кешенді МССУ), ІІ-қоңыр-сарғыш топырақты (Шортанды МССУ), Шығыс Қазақстан облысының І-тау орманды дала (Зырян МССУ), ІІ-тау етегінің дала (Шемонаих МССУ) аймақтарында пайдалану үшін ұсынылған.

Дақыл: Күнбағыс

Будан: СИ Неостар

Оригинатор: Сингента Кроп Протекшн, Швейцария

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Шығыс-Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін будан

Буданның сипаттамасы: Жапырақтың мөлшері мен көпіршіктілігі орташа, тістенуі орташа келген, көлденең қимасының формасы шамалы батыңқы болады. Гүлдеу уақыты орташа. Гүлдерінің тілшелері ашық сары түсті. Себеті шамалы дөңестеу, пісіп жетілу барысында сабағы тік болып, төменге аударылады. Тұқымдарының орташа мөлшері орташа келген, жалпақ жұмыртқа тәрізді формасы болады. Дәндерінің мөлшері орташа, жалпақ жұмыртқа тәрізді формасы. Өсімдіктің биіктігі 180 см жетеді.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 26,6 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 дәннің салмағы 54,8 г, бір себеттен алынған дәндер салмағы 49,8 г, орташа майдың құрамы 38,4 %, қауыз 28,0 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық бағыт (өсімдік майы)

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің ерте пісетін буданы

Ұсыныстар: Шығыс Қазақстан облысының І-тау орманды дала (Зырян МССУ), ІІ-тау етегінің дала (Шемонаих МССУ) аймақтарында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Күнбағыс

Будан: Сумико

Оригинатор: Сингента Кроп Протекшн, Швейцария

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл

Ұсынылған облыстар: Ақмола, Алматы, Павлодар

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін будан

Буданның сипаттамасы: Жапырағы мен көпіршіктілігі орташа келген, тістенуі орташа күйінен қалыңға дейін. Гүлденуі мерзімі орташадан кешке дейін. Гүлдер тілшелерінің түсі сары. Себеті шамалы дөңес, пісіпі жетілу барысында сабағы тік болып, төменге айналады. Дәндерінің мөлшері орташа, жалпақ жұмыртқа тәрізді формасы болады. Өсімдіктің биіктігі 144,3 см

Өнімділігі: Ақмола облысы бойынша өнімділігі 21,3 ц/га, Алматы облысы бойынша 26,6 ц/га, Павлодар облысы бойынша 16,6 ц/га құрайды.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық бағыт (өсімдік майы).

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің орташа пісетін буданы

Ұсыныстар: Ақмола облысының І-дала (Көкшетау кешенді МССУ), ІІ-қоңыр-сарғыш топырақтарда (Шортады МССУ), Алматы облысының ІІІ-суармалы ашық-қызғылт топырақтарда және сұр топырақты жерде (Іле кешенді МССУ), Павлодар облысының ІІ-оңтүстік (құрғақ зона) (Павлодар кешенді МССУ) пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Күнбағыс

Будан: Тристан

Оригинатор: Сингента Кроп Протекшн, Швейцария

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл

Ұсынылған облыстар: Павлодар

Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін будан

Буданның сипаттамасы: жапырағы орташа мөлшерде, көпіршіктілігі шамалы, тістенуі орташа, көлденең қимасының формасы шамалы дөңес. Гүлдерінің тілшелері ашық сары түсті. Себеті шамалы дөңес, пісіп жетілу барысында сабағы тік болып, күшті еңкейген күйде тұрады. Дәндерінің орташа мөлшері бар, жалпақ эллипсті формада. Өсімдіктің биіктігі 99 см.

Өнімділігі: Орташа өнімділігі 9,4 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 дәндерінің салмағы 45,3 г, бір себеттен алынған дәндер салмағы 39,4 г. Орташа майдың құрамы 42,3 %, қауыз 29,5 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 4 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық бағыт (өсімдік майы).

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің ерте пісетін буданы

Ұсыныстар: Павлодар облысының ІІ-оңтүстік (құрғақ зона) (Павлодар астқты МССУ) пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Күнбағыс

Будан: Яна

Оригинатор: Добруджа ауыл шаруашылығы институты, Болгария

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл.

Ұсынылған облыстар: Қостанай

Пісіп жетілу мерзімі: орташа ерте пісетін будан

Буданның сипаттамасы: жапырағы орташа келген, көпіршіктілігі шамалы, тістенуі орташа. Көлденең қимасының қалыңдығы жазық. Себеті орташа мөлшерде, шамалы дөңес, сабағы күшті иіліп, төменге айналып тұрады. Дәндерінің формасы қысыңқы жұмыртқа тәрізді, орташа қалыңдығы болады. Өсімдіктің биіктігі 136 см жетеді.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 30,0 ц/га құрайды.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 дәннің орташа салмағы 53,4 г, бір себеттен алынған дәндер салмағы 45,2 г. орташа майдың құрамы 40,9 %, қауыз 24,9 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық бағыт (өсімдік майы).

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің орташа ерте пісетін буданы

Ұсыныстар: Қостанай облысының І-орманды даланың кәдімгі қара топырақты (қалыпты құрғақ, дала және жарым-жартылай орманды дала (Қазақстан МСС) аймақтарында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Күнбағыс

Будан: 8Н270КЛДМ

Оригинатор: Dow AgroSciences LLC, АҚШ

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл.

Ұсынылған облыс: Ақмола

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін будан

Буданның сипаттамасы: Жапырағы ірі, көпіршіктілігі жоқ, тістенуі орташа. Гүлденуі орташадан кеш уақытына дейін. Гүлдерінің тілшелері сары түсті. Себеті шамалы дөңес келген, пісіп жетілу уақытында сабағы тік болып төменге айналып тұрады. Дәндерінің мөлшері орташа, жалпақ жұмыртқа тәрізді формасы болады. Шеткі жолақтары шамалы көрінеді, жолақтарының түсі сұр. Дәннің қабыршағында дақ жоқ.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 31,2 ц/га құрайды.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 дәннің орташа салмағы 66,8 г, бір себеттен алынған дәндер салмағы 44,2 г. орташа майдың құрамы 37,8 %, қауыз 27,8 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық бағыт (өсімдік майы).

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің орташа пісетін буданы

Ұсыныстар: Ақмола облысының І дала (Көкшетау кешенді МССУ), ІІ-қоңыр-сарғыш топырақтарында (Шортанды МССУ) пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Күнбағыс

Будан: 8Х288КЛДМ

Оригинатор: Dow AgroSciences LLC, АҚШ

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл.

Ұсынылған облыстар: Ақмола, Шығыс-Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін будан

Буданның сипаттамасы: Жапырағы орташа, көпіршіктілігі орташа, тістенуі орташа. Себеті шамалы дөңес, пісіп жетілу барысында сабағы тік болып, төменге айналып тұрады. Дәндерінің мөлшері орташа келген, жалпақ жұмыртқа тәрізді формасында болады. Шеткі жолақтары шамалы көрінеді, жолақтар түсі сұр, дәннің қабыршағында дақ жоқ. Өсімдіктің биіктігі 158 см-ге жетеді.

Өнімділігі: Ақмола облысы бойынша орташа өнімділігі 27,8 ц/га, Шығыс-Қазақстан облысы бойынша 24,1 ц/га құрады.

Сапалық көрсетеіштер: 1000 дәннің салмағы 45,5 г, бір себеттен алынған дәндер салмағы 42,6 г. орташа майдың құрамы 38,3 %, қауыз 28,1 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық бағыт (өсімдік майы).

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің ерте пісетін буданы

Ұсыныстар: Ақмола облысының І-дала (Көкшетау кешенді МССУ), ІІ-қоңыр-сарғыш топырақты (Шортанды МССУ), Шығыс Қазақстан облысының І-таулы орманды дала (Зырян МССУ), ІІ-тау етегінің дала зонасында (Шемонаих МССУ) аймақтарында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Қытай бұршағы

Сорт: Бара

Авторлар: Ширинян О.М., Баранов В.Ф., Калюжный В.Г., Ефимов А.Г.

Оригинатор: «Соевый комплекс» ЖШҚ компаниясы, Ресей

Өтініш беруші: «Шынтас» ЖШС

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл.

Ұсынылған облыстар: Ақмола, Қостанай

Пісіп жетілу мерзімі: орташа ерте пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: өсімдіктің детерминантты даму түріне жатады. Биіктігі аласа, тік келген өсімдік, көпіршіктілігі жоқ немесе әлсіз. Гүлінің түсі күлгін, бұршақтың түсі ашық-қоңыр, дәннің орташа мөлшері, сопақша дөңгеленген формада. Орташа биіктігі 55,8 см, төменгі бұршақтың бекітілу биіктігі 9,5 см.

Өнімділігі: Ақмола облысы бойынша орташа өнімділігі 7,6 ц/га, Қостанай облысы бойынша өнімділігі 16,4 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 дәндерінің салмағы 146,2 г, ақуыздың құрамы 38,8 %, майдың құрамы 20,5%.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: тағамдық бағыт

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің орташа ерте пісетін сорты, механикалық жинауға жарамды, бұршағы пісіп жетілу барысында жарықшақтанбайды.

Ұсыныстар: Ақмола облысының І-дала (Көкшетау кешенді МССУ), оңтүстік қара топырақты, ІІ-дала (құрғақ дала) (Қостанай кешенді МССУ) пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Қытай бұршағы

Сорт: Даная

Авторлар: Дидоренко С.В., Құдайбергенов М.С., Карягин Ю.Г., Абугалиева А.И., Нұрпеисов И.А., Үмбеталиева Р.К., Бекжанов Ж.Н.

Оригинатор: ЖШС «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты»

Өтініш беруші: ЖШС «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты»

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл.

Ұсынылған облыстар: Қызылорда

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: Көктенуі жасыл. Тұқымжарнақтың астыңғы қылтасы күлгін, сабағы гүлдеу кезеңінде антоциантық түсі жасыл. Негізгі сабағы тік, жуандығы орташа. Түп ықшам келген, бұтануы шамалы. түктенуі сұр. Үшқұлақты жапырақтар, жасыл түсті, орташа мөлшерде, жұмыртқалы-сопақ формада болып, ұшы өткір, пісіп жетілу кезінде түгелімен түседі. Жапырақтануы күшті. Бұршағы шамалы қиылып, әлсін үшкірленіп тұрады. Ашық қоңыр түсті, 2-3 дәндері бар. Тұқымдары шар тәрізді, түсі сары, беті тегіс, жұмсақ. Тұқымкіндігі орташа, сопақ, сары түсті келген. Өсімдіктің биіктігі 108 см. Бұршақтың төменгі жағына бекітілуі биіктігі 9 см. Бір өсімдікте бұршақтың саны 25 дана болады

Өнімділігі: орташа өнімділігі 19,8 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның салмағы 134,3 г, орташа ақуыздың құрамы 38,2 %, май 21,1%.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: астықты бағыт

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің орташа пісетін сорты, механикалық жинауға жарамды.

Ұсыныстар: І-Қазалы (Қазалы МССУ), ІІІ-Шиелі (Жанақорған МССУ) зоналарында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Қытай бұршағы

Сорт: ЕС Ментор

Оригинатор: Euralis Semences, Франция

Өтініш беруші: ЖШС «Бірінші агрохимиялық компания»

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл.

Ұсынылған облыстар: Алматы, Оңтүстік-Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: көктенуі жасыл, тұқым жарнақтың астыңғы қылтасы күлгін. Сабақ гүлдеу кезеңінде жасыл антоциандық түсі болады. Негізгі сабағы тік күйінен жарым-жартылай тік күйіне дейін болады. Үшқұлақты жапырақтар, жасыл түсті орташа мөлшері, дөңгеленген-жұмыртқа тәрізді формасы. Тұқымдары шар тәрізді батыңқы формада. Өсімдіктің биіктігі 53,5 см. Бұршақтың төменгі жағына бекітілуі биіктігі 9,5 см. Бір өсімдікте бұршақтың саны 32 дана.

Өнімділігі: Алматы облысы бойынша өнімділігі 22,1 ц/га, Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша 23,8 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның салмағы 150,5 г, орташа ақуыздың құрамы 39,7 %, май 21,6%.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: астықты бағыт

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің ерте пісетін сорты, механикалық жинауға жарамды.

Ұсыныстар: ІІ-тау етегінің (Сарқанд МССУ), ІІІ-суармалы Жоңғар Алатау (Талдықорған кешенді МССУ) зонасында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Қытай бұршағы

Сорт: Золотистая

Авторлар: Асанов А.М., Омельянюк Л.В., Кармазина А.Ю., Козлова Г.Я., Мешкова Л.В., Москалец Л.Н., Поползухин П.В.

Оригинатор: МҒМ «Сібір АШҒЗИ»

Заявитель: МҒМ «Сібір АШҒЗИ»

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл.

Ұсынылған облыс: Қостанай

Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: өсімдіктің формасы бұта, аралық келген. Сабағы кәдімгі қалың жирен түсті, түктенуі бар. Күлгін түсті ұсақ гүлдері болады. Гүлшоғыры –орта гүлденгіште үштен-алтау шашақ бар. Үшқұлақты жапырақ, дөңгеленген үшкір формасы болады. Бұршағы аршығыш, ұзындығы 4-5 см шамалы иілген. Өсімдікте бұршақтың орташа саны 40 дана. Тұқымдары дөңгеленген формада, сары-жасыл түсі, дән жарнағының түсі сары. Тұқымкіндігі қысыңқы дөңгелек және шамалы көрінген. Бұршақтың төменгі жағына бекітілуі биіктігі 11 см.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 14,9 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның салмағы 151,0 г. орташа ақуыздың құрамы 37,6 %, май 20,1%.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: астықты бағыт

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің ерте пісетін сорты, механикалық жинауға жарамды.

Ұсыныстар: ІІ-дала оңтүстік қарашірік (құрғақ дала) (Қостанай кешенді МССУ) пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Қытай бұршағы

Сорт: Сабира

Авторлар: Дидоренко С.В., Карягин Ю.Г., Мейiрман Ғ.Т., Құдайбергенов М.С., Альдешова М.Қ.

Оригинатор: ЖШС «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты»

Заявитель: ЖШС «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты»

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл.

Ұсынылған облыс: Жамбыл

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: көктеуі жасыл. Тұқым жарнақтың астыңғы қылтасы күлгін. Сабағы гүлдеу уақытында антоциандық түсі жасыл. Негізгі сабағы тік келген, жуандығы орташа. Жапырақтары үшқұлақты, жасыл, орташа мөлшерде, дөңгеленген-жұмыртқа тәрізді ұшы үшкірленген формада, пісіп жетілу барысында түгел түседі. Бұршақтары иілген шамалы ұштанған. Күңгірт қоңыр түсті, 2-3 тұқымды. Тұқымдары сопақ формасында келген. Бұршақтың төменгі жағына бекітілуі биіктігі 7 см. Бір өсімдікте бұршақтың саны 29 дана.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 21,1 ц/га құрайды.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның салмағы 159,0 г, орташа ақуыздың құрамы 37,0 %, май 21,3%.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: астықты бағыт

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің орташа пісетін сорты, механикалық жинауға жарамды.

Ұсыныстар: І-суармалы зона (Жамбыл кешенді МССУ) пайдалану үшін ұсынылған

Дақыл: Қытай бұршағы

Сорт: Спонсор

Оригинатор: Euralis Semences, Франция

Заявитель: ЖШС «Бірінші агрохимиялық компания»

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл.

Ұсынылған облыс: Алматы

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: көктеуі жасыл. тұқым жарнақтың астыңғы қылтасы күлгін. Сабағы гүлдену барысында жасыл антоциандық түсі бар. Негізгі сабағы тік келген, биіктігі орташа. Тұқымдары батыңқы-шар формасында, орташа мөлшері болады. Бұршақтың төменгі жағына бекітілу биіктігі 10 см. Бір өсімдікте бұршақтың саны 30 дана.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 12,8 ц/га құрайды

Сапалық көрсеткіштер: 1000 дәннің салмағы 154,0 г, орташа ақуыздың құрамы 37,5 %, май 24,9%.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу және ауруларға төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: азықтық бағыт

Ерекшеліктер: пісіп жетілудің орташа пісетін сорты, механикалық жинауға жарамды.

Ұсыныстар: ІІ-тауетегінің (Сарқанд МССУ), ІІІ-суармалы Жоңғар Алатау (Талдықорған кешенді МССУ) зоналарында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: жаздық рапс

Будан: Доктрин

Оригинатор: Норд Дойче Пфланценцухт, Германия

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл.

Ұсынылған облыс: Шығыс-Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін будан

Буданның сипаттамасы: 00-екі нөлді тип, эруковтысыз, глюкозинолаты төмен. Жапырағы жасыл антоциандық түсі жоқ. Жапырақтың жоғары жағында балауыз өңезі шамалы көрінеді. Сабақтың жоғары бөлігінің түктенуі орташа. Тұқымдарының түсі күңгірт-қоңыр. Формасы дөңгеленген. Тұқымжарнақтары орташа келген. Өсімдіктің биіктігі 99 см-ге жетеді.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 13,4 ц/га құрайды.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның орташа салмағы 3,8 г, майдың орташа құрамы 45,2 %, ақуыз 21,5 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу мен жапырақтың түсуіне 5 балл, болса аурулар мен зиянкестерге төзімділігі 4 балл.

Пайдалану бағыты: азықтық бағыт

Ерекшеліктер: бұршаққынның жарылып кетуіне және жатып қалуына тұрақты келетін будан.

Ұсыныстар: І-тау орманды дала зонасысында (Зырян МССУ) пайдалану үшін ұсынылған.

Дақыл: Жаздық рапс

Сорт: Клеопатра

Автор: Гладыш Кристиан

Оригинатор: Заатбау Линц еГен, Австрия

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл.

Ұсынылған облыстар: Солтүстік-Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: өте ерте пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: 00-екі нөлді тип, эруковтысыз, глюкозинолаты төмен. Жапырағы жалпақ көкшіл жасыл түсті, шамалы тісті келген. Сабағының жоғары бөлігі төмен түскен. Тұқымдарының түсі күңгірт және күңгірт қоңыр түсті. Тұқымның формасы дөңгеленген. Тұқымжарнағы орташа келген. Өсімдіктің биіктігі 99 см.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 21,7 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның салмағы 5,4 г,майдың орташа құрамы 43,9 %, ақуыз 20,6 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу мен жапырақтың түсуіне 4 балл, болса аурулар мен зиянкестерге төзімділігі 4 балл.

Пайдалану бағыты: азықтық бағыт

Ерекшеліктер: бұршаққынның жарылып кетуіне және жатып қалуына тұрақты келетін сорт.

Ұсыныстар: ІІ-оңтүстік ормандыдала (Есіл, Қазан МССУ) пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: жаздық рапс

Сорт: Майлы дән

Авторлар: Сүлейменов Р.М., Жылқыбаев Р.С., Рамазанов А.Ж., Крадецкая О.О.

Оригинатор: ЖШС «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы».

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл.

Ұсынылған облыс: Ақмола

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: 00-екі нөлді тип, эруковтысыз, глюкозинолаты төмен. Жапырағы жасыл. Гүлдеу алдында жас жапырақтарының шетінде антоциандық бояуы болады. Тұқымдардың түсі күңгірт және күңгірт-қоңыр келген. Формасы дөңгелекті. Тұқымжарнағының ұзындығы орташа болады.

Өнімдік: орташа өнімділігі 11,7 ц/га құрады. Өсімдіктің биіктігі 127 см.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның орташа салмағы 4,0 г, майдың орташа құрамы 40,4 %, ақуыз 21,5 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу мен жапырақтың түсуіне төзімділігі 5 балл, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі 4 балл.

Пайдалану бағыты: азықтық бағыт

Ерекшеліктер: бұршаққынның жарылып кетуіне және жатып қалуына тұрақты келетін сорт.

Ұсыныстар: Ақмола облысының IV-таушоқы кәдімгі және оңтүстікті қара топырақты (Щучинск МССУ), ІІ-қоңыр-сарғыш топырақты (Шортанды МССУ) аймақтарында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: жаздық рапс

Сорт: Проксимо

Автор: Kaiser Jutta

Оригинатор: Байер Кроп Сайенс, Германия

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл.

Ұсынылған облыстар: Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: 00-екі нөлді тип, эруковсыз, төмен глюкозинолатты. Жапырағы ұзындығы орташа, енсіз. Антоциандық реңі жоқ немесе әлсіз. Гүлі сары түсті болып, жалпақ күлтесі болады. Бұршаққын орташа ұзындығы болып, тұмсығы қысқа келеді. Өсімдіктің биіктігі 104,3 см-ге жетеді.

Өнімділігі: Ақмола облысы бойынша орташа 18,2 ц/га, Қостанай облысы бойынша 24,4 ц/га, Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша 22,4 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның орташа салмағы 4,4 г, майдың құрамы 43,2 %, ақуыз 20,8 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу мен жапырақтың түсуіне төзімділігі 5 балл, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі 4 балл.

Пайдалану бағыты: азықтық бағыт

Ерекшеліктер: бұршаққынның жарылып кетуіне және жатып қалуына төзімді.

Ұсыныстар: Ақмола облысының ІІ-қоңыр-сарғыш топырақты (Шортанды МССУ), Қостанай облысының ІІ-оңтүстік дала қара топырақты (құрғақты дала) (Қостанай кешенді МССУ), Солтүстік Қазақстан облысының ІІ-орманды дала (Есіл және Қазан МССУ) аймақтарында пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: жаздық рапс

Будан: ПР46Х75

Оригинатор: Фирма «Пионер», АҚШ

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл.

Ұсынылған облыс: Ақмола

Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін будан

Буданның сипаттамасы: 00-екі нөлді тип, эруковсыз, төмен глюкозинолатты. Жапырақтың еңі орташа болып, антоциандық реңі жоқ. Жапырақтың жоғары бөлігінде шамалы балауыз өңезі болады. Тұқымдарының түсі күңгірт және күңгірт-қоңыр болады. Тұқымның формасы дөңгеленген. Тұқым жарнағы орташа мөлшерде келеді. Өсімдіктің биіктігі 122 см-ге жетеді.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 14,7 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның салмағы 4,6 г, орташа майдың құрамы 48,6 %, ақуыз 19,1 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу мен жапырақтың түсуіне 5 балл, болса аурулар мен зиянкестерге төзімділігі 4 балл.

Пайдалану бағыты: азықтық бағыт

Ерекшеліктер: бұршаққынның жарылып кетуіне және жатып қалуына төзімді.

Ұсыныстар: Ақмола облысының кәдімгі және оңтүстікті қара топрақты IV- таушоқы (Щучинск МССУ), ІІ-қоңыр-сарғыш топырақты (Шортанды МССУ) аймақтарында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Жаздық рапс

Сорт: Шалқар 39

Авторлар: Мейiрман Ғ.Т., Рақымжанова Ш.С., Жамбакин К. Ж.

Оригинатор: «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл.

Ұсынылған облыс: Шығыс-Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: 00-екі нөлді тип, эруковсыз, төмен глюкозинолатты. Жапырағы ұзындалған-сүңгі тәрізді, жасыл-боз түсті болып, антоциандық реңі жоқ, шамалы түсіп кеткен келеді. Сабағы дөңеленген, қуысты, бұталанған. Гүлдері сары, бұршаққындар өсімдік бойына біркелкі өседі. Тұқымдары орташа, дөңгеленген, қара. Өсімдіктің биіктігі 105 см. төменгі үрім-бұтақтарының бекітілу биіктігі 30 см-ге жетеді.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 10,3 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның орташа салмағы 4,1 г, майдың орташа құрамы 44,3 %, ақуыз 20,7 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу мен жапырақтың түсуіне төзімділігі 5 балл, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі 4 балл.

Пайдалану бағыты: азықтық бағыт

Ерекшеліктер: бұршаққынның жарылып кетуіне және жатып қалуына төзімді.

Ұсыныстар: Шығыс Қазақстан облысының І-тау орманды дала (Зырян МССУ) аймағында пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Майлы зығыр

Сорт: Костанайский 11

Оригинатор: Костанайский НИИСХ

Сорттың Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2016 жыл.

Ұсынылған облыстар: Қостанай, Солтүстік-Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: сабағы ұзын, орташа келген өсімдік. Гүлінің күлтесі көк-күлгін түсті, ал толық пісіп жетілу кезінде ашық көк түсті болады. Гүланалығының түбі көк. Тозаңы сұр түсті келеді. Қауашағының мөлшері орташа. Тұқымдарының түсі ашық-қоңыр болады. Өсімдіктің биіктігі 55,3 см.

Өнімділігі: Қостанай облысы бойынша орташа өнімділігі 6,8 ц/га, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 11,3 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның салмағы 5,8 г, орташа майдың салмағы 41,4 %, ақуыз 23,8 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалу мен жапырақтың түсуіне, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі 5 балл.

Пайдалану бағыты: азықтық бағыт

Ерекшеліктер: майлылығы жоғары

Ұсыныстар: Қостанай облысының кәдімгі қара І-орманды дала (қалыпты құрғақ, дала және жартылай орманды дала) (Федоров МССУ), Солтүстік Қазақстан облысының IV - таушоқы (Арықбалық МССУ), ІІ-оңтүстік орманды дала (Есіл МССУ), ІІІ-дала (Рузаев МССУ) аймақтарында пайдалану ұсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет