Дақыл: жұмсақ күздік бидай Сорт



Дата06.07.2017
өлшемі63.01 Kb.
#25801
Дақыл: жұмсақ күздік бидай

Сорт: Егемен-20

Авторлар: Урозалиев Р.А., Жангазиев А.С., Нурбеков С.И., Кершанская О.И., Нурмаганмбетова А.С., Хасенов Е.Х.

Оригинатор: «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, ҚР БҒМ ҒК «Биология және биотехнология институты» РМК

Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Алматы, Оңтүстік Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін сорт

Өнімділігі: Алматы облысы бойынша тәлімі жерде орташа өнімділік 23,4 ц/га құрады. Ең үлкен өнімділік 35,3 ц/га 2015 жылы суару кезінде алынды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тәлімі жерде орташа өнімділік 20,7 ц/га құрады. Ең үлкен өнімділік 50,3 ц/га 2015 жылы Георгиев МСБ-да алынды.



Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның массасы 46,5 г., шикі балауыз мөлшері 29,5 %, дәндегі ақуыз мөлшері 14,2%, нан көлемі 890 мл, жалпы наубайханалық бағасы – 3,2 балл.

Пайдалану бағыты: нан пісіру

Ерекшеліктері: жатып қалуға, шашылуға төзімділігі – 5 балл. Қысқа төзімділігі – 4,4 балл. Құрғақшылыққа төзімділігі – 4,2 балл.

Ұсынымдар: Алматы облысының тау бөктерлі-тау етегі (сұр және ақшылт қоңыр топырақтармен шөл-далалық белдеу) белдем тармағында өсіру үшін ұсынылады. Оңтүстік Қазақстан облысының тау бөктерлі (егіншілігі тұрақты тәлімі белдем тармағы Георгиев МСБ), тау бөктері (егіншілігі орташа тұрақты тәлімі белдем тармағы, сұр топырақ Ленгер МСБ), (Сарыағаш белдем тармағы Сарыағаш МСБ).
Дақыл: жұмсақ күздік бидай

Сорт: Карабалыкская 101

Авторлар: Тиссен Н.И., Шпигун С.И., Аманжолов Е.С.

Оригинатор: «Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибелік станциясы» ЖШС

Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Солтүстік Қазақстан

Түршесі: лютесценс

Пісіп жетілу мерзімі: орташа ерте пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: масағы ұршық формалы, тығыз емес. Дән ірілігі орташа, жартылай сопақ формалы.

Өнімділігі: сынақ өткізілген жылдары орташа өнімділігі 19,7 ц/га құрады. Ең жоғары өнімділік 21,0 ц/га 2015 жылы Есіл МСБ-да алынды.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның массасы 37 г., шикі балауыз мөлшері 27,6 %, дәндегі ақуыз мөлшері 13%, нан көлемі 1170 мл, жалпы наубайханалық бағасы – 3,8 балл.

Пайдалану бағыты: нан пісіру

Ерекшеліктері: жатып қалуға төзімділігі 4,3 балл, шашылуға төзімділігі – 5 балл. Құрғақшылыққа төзімділігі – 4,3 балл. Қысқа төзімділігі – 4,5 балл. Өтініш берушінің деректері бойынша сорт ықтырма технологиясы бойынша егу үшін арналған, себу мерзімі 20-25 тамыз.

Ұсынымдар: Солтүстік Қазақстанның кәдімгі қара топырақ белдем тармағында (орманды далалық Есіл МСБ) егу үшін ұсынылады.
Дақыл: жұмсақ күздік бидай

Сорт: Одесская 200

Авторлар: Лыфенко С.Ф., Ериняк Н.И., Федченко В.П., Бабаянц Л.Т., Хейфец А.М., Брединская Н.С., Поддубный Н.В., Дридигер В.К.,

Оригинатор: РФ «Ставрополь ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты» МҒМ, Украина «Селекциялық-генетикалық институт»

Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Шығыс Қазақстан

Түршесі: эритроспермум

Пісіп жетілу мерзімі: орташа ерте пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: типі қысқа сабақты, өсімдіктің орташа ұзындығы 95 см, түптену кезеңінде түп төселмелі болады, жапырақ көлемі орташа балауыз жұғыны бар. Масағы ұршық формалы, ақ. Қылтанақ ұзындығы мен қаттылығы орташа, жан-жағына таралған. Дәні қызыл, мөлшері орташа.

Өнімділігі: сынақ өткізу жылдарында орташа өнімділік 37,3 ц/га құрады. Ең жоғары өнімділік 48,6 ц/га 2015 жылы Зырян МСБ-да алынды.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның массасы 37,5 г., шикі балауыз мөлшері 26 %, дәндегі ақуыз мөлшері 13%, нан көлемі 1130 мл, жалпы наубайханалық бағасы – 4 балл.

Пайдалану бағыты: нан пісіру

Ерекшеліктері: жатып қалуға, шашылуға төзімділігі – 5 балл. Құрғақшылыққа төзімділігі – 5 балл. Қысқа төзімділігі – 4,5 балл.

Ұсынымдар: Шығыс Қазақстан облысының тау бөктері-далалық аймағында, кәдімгі қара топырақ (Шемонаихинск МСБ), таулы орманды-далалық аймақта (Зырян МСБ), тау бөктері аймағында (Үржар МСБ) егу үшін ұсынылады.

Дақыл: жұмсақ күздік бидай

Сорт: Писанка

Авторлар: Литвиненко Н.А., Гончарук Н.А., Пташенчук А.Н., Решетникова В.С., Бабаянц Л.Т., Парфеньтьев М.Г., Дридигер В.К.

Оригинатор: РФ «Ставрополь ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты» МҒМ, Украина «Селекциялық-генетикалық институт»

Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Алматы

Түршесі: эритроспермум

Пісіп жетілу мерзімі: орташа ерте пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: тік өсетін түп. Өсімдік ұзындығы орташа-ұзын, балауыз жұғыны алғашқы жапырақ қынабында және масақта әлсіз-орташа, жоғарғы буын аралықта орташа. Масақ ұршық тәрізді, тығыздығы мен ұзындығы орташа, ақ. Масақтың ұшындағы қылтанақтары қысқа. Дәні боялған.

Өнімділігі: сүрі жер алғы дақылы бойынша (тәлімі жерде) орташа өнімділігі 34,1 ц/га, бидай алғы дақылы бойынша (тәлімі жерде) орташа өнімділігі 13,1 ц/га құрады. Суару кезіндегі орташа өнімділік 59,3 ц/га құрады, суару кезіндегі ең жоғары өнімділік 70,8 ц/га 2013 жылы Талдықорған кешенді МСБ, 2014 жылы Сарқанд МСБ-да тәлімі жерде – 55,8 ц/га алынды.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның массасы 43,8 г., шикі балауыз мөлшері 27,8 %, дәндегі ақуыз мөлшері 13,6%, нан көлемі 1150 мл, жалпы наубайханалық бағасы – 4 балл.

Пайдалану бағыты: нан пісіру

Ерекшеліктері: жатып қалуға, шашылуға төзімділігі – 5 балл. Құрғақшылыққа төзімділігі – 4,8 балл. Қысқа төзімділігі – 4,2 балл.

Ұсынымдар: Алматы облысының тау бөктері (Сарқанд МСБ) аймағында, суармалы аймақта (Талдықорған кешенді МСБ), сұр топырақтар аймағында (Кербұлақ МСБ) егу үшін ұсынылады.
Дақыл: жұмсақ күздік бидай

Сорт: Селянка одесская

Авторлар: Лыфенко С.Ф., Ериняк Н.И.,

Оригинатор Украина «Селекциялық-генетикалық институт»

Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Шығыс Қазақстан

Түршесі: эритроспермум

Пісіп жетілу мерзімі: орташа ерте пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: жартылай тік өсетін түп. Өсімдік ұзындығы орташа. Масағы цилиндр тәрізді, тығыздығы орташа, ақ. Қылтанақтары масақтың барлық ұзындығы бойынша орналасқан, масақтың ұшында ұзындығы орташа. Ішкі жағындағы төменгі масақша қабыршағының түктілігі әлсіз-орташа және суреті ірі. Иығы дөңгелектенген, ені орташа. Тісшесі азап иілген, ұзын. Дәні ұзынша, боялған, айдары ұзын.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 34,9 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның массасы 39 г., шикі балауыз мөлшері 25,2 %, дәндегі ақуыз мөлшері 12%, нан көлемі 1100 мл, жалпы наубайханалық бағасы – 4 балл.

Пайдалану бағыты:

Ерекшеліктері: жатып қалуға және шашылуға төзімділігі – 5 балл. Құрғақшылыққа төзімділігі – 5 балл. Қысқа төзімділігі – 4,5 балл.

Ұсынымдар: Шығыс Қазақстан облысының тау бөктері-далалық аймақта (Шемонаихинск МСБ), орманды далалық аймақта (Зырян МСБ), таулы және тау бөктері аймағында (Үржар МСБ) пайдалануға ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет