Дақыл: Жүгері Будан



Дата22.01.2018
өлшемі46.7 Kb.
Дақыл: Жүгері

Будан: Агристер

Авторы: Лимагрейн Европа, Франция

Оригинатор: Лимагрейн Европа, Франция

Өтініш беруші: ҚР өкілділігі АҚ «Лимагреин Европа»

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жылы: 2012 жыл

Ұсынылған облыс: Жамбыл

Буданның сипаттамасы: Шашақгүлінің гүлдеуі орташадан кеш уақытына дейін. Шашақгүлінің негізгі белағашы жоғарығысынан жоғары, бүйір тармақтарының ұзындығы орташа болады. Бүйір тармақтарымен орташа бұрыш қалыптастырады. Дәні аралық, жоғары бөлігі сары. Собығы орташа, диаметрі жуан. Шамалы конусты, сабағы орташа. 1000 дәннің салмағы 307,1 г, өсімдіктің биіктігі 258 см.

Пісіп жетілу мерзімі: орташа кеш пісетін будан (ФАО 500)

Орташа өнімділігі: Облыс бойынша орташа өнімділік 86,6 ц/га құрайды. Орташа балауса көгінің салмағы 710 ц/га, орташа қалыпты құрғақ-затының өнімділігі 210,0 ц/га.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа тұрақтылығы (балл): Ауруларға тұрақтылығы 4 балл. Жатып қалуына 5 балл.

Пайдалану бағыты: азықтық мақсатта

Ерекшеліктер: орташа кеш пісетін буданның түріне жатады

Ұсыныстар: І суармалы зонасында (Жамбыл кешенді МСУ) пайдалану үшін ұсынылған.
Дақыл: Жүгері

Будан: КазЗП 499

Авторлар: Койич Л., Айгозина Д.

Оригинатор: «Земун Поле» жүгері институты, Сербия және Черногория; СПК «Будан», Қазақстан

Өтініш беруші: СПК «Будан»

Буданның Мемлекеттік тізбеге енгізілген жыл: 2012 жыл

Ұсынылған облыс: Жамбыл

Пісіп жетілу мерзімі: Орташа мерзімді будан (ФАО 330)

Буданның сипаттамасы: Қынаптың антоциандық реңі шамалы. Шашагүлінің гүлдеу уақыты ертеден кеш уақытына дейін. Собығы ұзын, орташа диаметрі болады. Дәні аралық болса да, тісті тәрізді күйіне жақын келеді. 1000 дәннің салмағы 309,4 г. Өсімдіктің биіктігі 246 см.

Өнімділігі: Облыс бойынша дәннің өнімділігі 94,8 ц/га, орташа көк балаусаның салмағының өнімі 661 ц/га, орташа қалыпты құрғақ-затының өнімі 207,0 ц/га құрайды.

Сапалық көрсеткіштер: Ақуыздың құрамы 10,6 %, крахмалдың құрамы 71,5 %
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа тұрақтылығы (балл): Ауруларға тұрақтылығы 4 балл. Жатып қалуына 5 балл.

Пайдалану бағыты: азықтық мақсатта

Ерекшеліктер: Орташа пісетін буданның түріне жатады. Ауруларға, зиянкестерге және жатып қалуына тұрақты келеді.

Ұсыныстар: І суармалы зонасында (Жамбыл кешенді МСУ) пайдалану үшін ұсынылған.


Дақыл: Жүгері

Будан: КазЗП 629

Авторлар: Койич Л., Айгозина Д.

Оригинатор: «Земун Поле» жүгері институты, Сербия және Черногория; СПК «Будан», Қазақстан

Өтініш беруші: СПК «Будан»

Буданның Мемлекеттік тізбеге қосылған жыл: 2012 жыл

Ұсынылған облыс: Жамбыл

Пісіп жетілу мерзімі: Орташа кеш мерзімді будан (ФАО 450)

Буданның сипаттамасы: Қынаптың антоциандық реңі шамалы. Шашагүлінің гүлдеу уақыты ертеден кеш уақытына дейін. Собықтың ұзындығы орташа, диаметрі орташа келген. Собықтың формасы цилиндрлі. Дәні тіс тәрізді. 1000 дәннің салмағы 272,9 г, өсімдіктің биіктігі 244 см. Собық дәнінің жоғарғы және төменгі бөлігінің түсі сары.

Өнімділігі: Облыс бойынша дәннің орташа өнімділігі 72,0 ц/га, орташа көк балауса салмағының өнімі 744 ц/га, қалыпты құрғақ затының орташа өнімі 206,4 ц/га құрайды.

Сапалық көрсеткіштер: Ақуыздың құрамы 7,2 %, крахмал 72,7 %.

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа тұрақтылығы (балл): Ауруларға тұрақтылығы 5 балл. Жатып қалуына 5 балл.

Пайдалану бағыты: азықтық мақсатта

Ерекшеліктер: Орташа кеш пісетін буданның түріне жатады, ауруларға, зиянкестерге және жатып қалуына тұрақты келеді.

Ұсыныстар: І суармалы зонасында (Жамбыл кешенді МСУ) пайдалану үшін ұсынылған.

Дақыл: Жүгері

Будан: ПР 31 Г 98

Автор: Пионер Хай Бред, ИНК.

Оригинатор: Пионер Хай Бред, ИНК. (АҚШ)

Өтініш беруші: А.С.К. Техник

Буданның Мемлекеттік тізбеге қосылған жыл: 2012 жыл

Ұсынылған облыс: Оңтүстік Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: Орташа кеш мерзімді будан (ФАО 450)

Буданның сипаттамасы: Шашақгүлінің гүлдеуі кеш болады. Бүйір тармақтарының ұзындығы ұзыннан өте ұзынға дейін. Масақтық қабыршақтары өте әлсіз. Дәні крахмал типті, жоғары бөлігінде ақ-сары, төменгі бөлігі сары келген. Собығы өте ұзын, диаметрі бойынша жуан келеді. Шамалы конусты, сабағы орташа, 1000 дәннің салмағы 315 г. Өсімдіктің биіктігі 250 см жетеді.

Өнімділігі: Облыс бойынша дәннің өнімі 87,1 ц/га, қалыпты құрғақ затының орташа өнімі 126,2 ц/га құрайды.

Сапалық көрсеткіштер: Құрғақ затының құрамы 32,5 %, ақуыздың құрамы 10,6 %, крахмал 71,5 %

Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуына, қуаңшылыққа тұрақтылығы (балл): Ауруларға және зиянкестерге төзімділігі 5 балл. Жатып қалуына 5 балл.

Пайдалану бағыты: азықтық мақсатта

Ерекшеліктер: Орташа кеш пісетін буданның түріне жатады. Ауруларға, зиянкестерге және жатып қалуына тұрақты келеді. Механикалық жинауға жарамды келеді.

Ұсыныстар: ІІІ-орталық (Сайрам кешенді), І-Сарыағаш (Сарыағаш мақта МСУ) (Шөлді малшаруашылық зона) пайдалану үшін ұсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет