Дақыл: жаздық арпа Сорт: Саншайн Оригинатор



Дата06.07.2017
өлшемі61.25 Kb.
Дақыл: жаздық арпа

Сорт: Саншайн

Оригинатор: BREUN SEED GmbH& Co KG, Германия

Өтініш беруші: «Суффле Қазақстан Солод зауыты» АҚ

Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2015

Ұсынылған облыс: Алматы

Түршесі: нутанс

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін

Сорттың сипаттамасы: аралық түп. Төменгі жапырақтардың қынабы түксіз. Бірінші жапырақтың құлақшасының антоциандық бояуы орташа, қынапта балауыз жұғыны күшті. Өсімдік ұзындығы қысқа-орташа. Масағы цилиндр тәрізді, борпылдақ-тығыздығы орташа, балауыз жұғыны өте әлсіз. Қылтанақтары масақтан ұзын, кертікті, ұштарындағы антоциандық бояуы орташа. Масақ білігінің бірінші сегменті орташа-ұзын, аздап иілген.

Өнімділігі: жартылай қамтамасыз етілген тәлімі жағдайында Сарқанд МСУ-де орташа өнімділігі 34,5 ц/га құрады. Ең жоғары өнімділік 2013 жылы -59,3 ц/га алынды.

Сапалық көрсеткіштері: 1000 тұқымның массасы орташа 45 г., ақуыз мөлшері 9,2 %, дәннің ірілігі 95,6%, крахмал 64,2%,3 күні өнгіштігі - 97%, 5 күні - 99%.

Пайдалану бағыты: сыра қайнату.

Ерекшеліктері: жатып қалуға төзімділігі 5 балл, құрғақшылыққа төзімділігі – 4,7 балл, шашылуға төзімділігі – 5 балл, иілуге 3 балл.

Ұсыныстар: Алматы облысының тау бөктері-тау етегі белдем тармағында, шөл далалы белдеуде сұр және ақшылт қоңыр топырақтар, аласа таулы далалық белдеуде күңгірт қоңыр және қара топырақтар.
Дақыл: жаздық арпа

Сорт: Травелер

Оригинатор: Secobra Recherches, Франция

Өтініш беруші: «Суффле Қазақстан ашыту зауыты» АҚ

Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2015

Ұсынылған облыс: Алматы

Түршесі: нутанс

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: аралық түп. Төменгі жапырақтардың қынабы түксіз. Бірінші жапырақтың құлақшасының антоциандық бояуы орташа, қынапта балауыз жұғыны әлсіз-орташа. Өсімдік ұзындығы қысқа. Масағы цилиндр тәрізді, борпылдақ-тығыздығы орташа, балауыз жұғыны жоқ. Қылтанақтары масақтан ұзын, кертікті, ұштарындағы антоциандық бояуы орташа-күшті.

Өнімділігі: жартылай қамтамасыз етілген тәлімі жағдайында Сарқанд және Гвардиялық МСУ-де орташа өнімділігі 33,0 ц/га (ст.30,5 ц/га) құрады, 2,5 ц/га артық. Ең жоғары өнімділік 60,3 ц/га 2013 жылы Сарқанд МСУ-де алынды.

Сапалық көрсеткіштері: 1000 тұқымның массасы орташа 47 г., ақуыз мөлшері 10,6 % (ст.12,2%), дәннің ірілігі 98%, крахмал 60,1%, 3 күні өнгіштігі - 97%, 5 күні - 99%.

Пайдалану бағыты: сыра қайнату.

Ерекшеліктері: жатып қалуға төзімділігі 5 балл, құрғақшылыққа төзімділігі – 4,7 балл, шашылуға төзімділігі – 5 балл, иілуге 3 балл.

Ұсыныстар: Алматы облысының тау бөктері-тау етегі белдем тармағында, шөл далалы белдеуде сұр және ақшылт қоңыр топырақтар, аласа таулы далалық белдеуде күңгірт қоңыр және қара топырақтар.
Дақыл: жаздық арпа

Сорт: Одиссей

Оригинатор: Лимагрейн Еуропа, Франция

Өтініш беруші: ҚР-да «Лимагрейн Еуропа» АҚ

Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2015

Ұсынылған облыс: Алматы, Шығыс Қазақстан

Түршесі: нутанс

Пісіп жетілу мерзімі: ерте пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: аралық түп. Төменгі жапырақтардың қынабы түксіз. Бірінші жапырақтың құлақшасының антоциандық бояуы күшті, қынапта балауыз жұғыны орташа-күшті. Өсімдік ұзындығы орташа. Масағы цилиндр тәрізді, борпылдақ-тығыздығы орташа, балауыз жұғыны орташа. Қылтанақтары масақтан ұзын, кертікті, ұштарындағы антоциандық бояуы орташа-күшті.

Өнімділігі: Сынақ Алматы облысында өткізілді, тәлімі жағдайында орташа өнімділігі 28,0ц/га құрады, суару кезінде орташа өнімділігі 33,0 ц/га құрады. Ең жоғары өнімділік 53,8 ц/га Сарқанд МСУ-де 2013 жылы алынды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша орташа өнімділік 17,6 ц/га құрады. Ең жоғары өнімділік 25,7 ц/га 2014 жылы алынды.

Сапалық көрсеткіштері: 1000 тұқымның массасы 46 г. Ақуыз мөлшері 9,6 % (ст.12%), дәннің ірілігі 97%, крахмал 62,9%, 3 күні өнгіштігі - 98%, 5 күні - 99%.

Пайдалану бағыты: сыра қайнату.

Ерекшеліктері: жатып қалуға және шашылуға төзімділігі 5 балл, құрғақшылыққа төзімділігі – 4,7 балл.

Ұсыныстар: Алматы облысының тау бөктері-тау етегі белдем тармағында, шөл далалы белдеуде сұр және ақшылт қоңыр топырақтар, аласа таулы далалық белдеуде күңгірт қоңыр және қара топырақтар, Шығыс Қазақстан облысының таулы-орманды далалық және шабындық далалық, шабындық қара топырақтар, сілтісізденген және кәдімгі қара топырақтар.
Дақыл: жаздық арпа

Сорт: Улар

Сорттың авторлары: Сариев Б.С., Жундибаев К.К., Абугалиева А.И., Сарбаев А.Т., Баймуратов А.Ж.

Оригинатор: «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2015

Ұсынылған облыс: Алматы

Түршесі: нутанс

Пісіп жетілу мерзімі: орташа ерте пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: тік өсетін түп, өсімдік биіктігі 84 см. Сабаны қуыс, масақтың формасы цилиндр тәрізді, тығыз емес. Дән формасы ұзынша, боялған.

Өнімділігі: тәлімі жер жағдайында орташа өнімділік 18,3 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштері: 1000 тұқымның массасы 47 г. Ақуыз мөлшері 12,3 %, біркелкілігі 89,5 %, жарма шығымы 41,5 %. Ботқа түсі 4, ботқа дәмі 3,5 балл.

Пайдалану бағыты: астық

Ерекшеліктері: жатып қалуға және шашылуға төзімділігі 5 балл. Құрғақшылыққа төзімділігі – 5 балл.

Ұсыныстар: Алматы облысының аласа таулы далалық белдеуде күңгірт қоңыр және қара топырақтар.
Дақыл: жаздық арпа

Сорт: Великан

Сорттың авторлары: Чудинов В.А., Шпигун В.И., Искакова С.В., Подгаец Ж.А., Бердагулов М.А., Аманжолов Е.С.

Оригинатор: «Қарабалық АШТС» ЖШС

Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2015

Ұсынылған облыс:Алматы, Қостанай

Түршесі: субмедикум

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін сорт

Сорттың сипаттамасы: түптің типі аралық, төменгі жапырақтарындағы жапырақ қынабы түктері жоқ. Масағы көлденең, формасы цилиндр тәрізді, тығыз емес.

Өнімділігі: Алматы облысында тәлімі жер жағдайында орташа өнімділігі 19,7 ц/га құрады. Қостанай облысында орташа өнімділігі 14,2 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштері: 1000 тұқымның массасы 46 г. Ақуыз мөлшері 12,6 %, біркелкілігі 89,5 %, жарма шығымы 49 %. Ботқа түсі 4, ботқа дәмі 4 балл.



Пайдалану бағыты: астық

Ерекшеліктері: жатып қалуға төзімділігі 4 балл, шашылуға төзімділігі 5 балл. Құрғақшылыққа төзімділігі – 5 балл.

Ұсыныстар: Алматы облысының аласа таулы далалық белдеуде күңгірт қоңыр және қара топырақтар, Қостанай облысының оңтүстік және кәдімгі қара топырақтар белдем тармағында.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет