Дақыл: қатты жаздық бидай Сорт



Дата06.07.2017
өлшемі78.52 Kb.
#25799
Дақыл: қатты жаздық бидай

Сорт: ACHILLE

Автор: ISEA Srl

Оригинатор: ISEA Srl, Италия

Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Қостанай

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін

Сорттың сипаттамасы: тік өсетін түп, өсімдік биіктігі аласа, масақ формасы пирамида тәрізді, дән формасы жұмыртқа тәрізді, ірілігі орташа.

Өнімділігі: орташа өнімділігі 18,6 ц/га (стандарт 15,6) құрады.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның массасы 40,8 г. Жылтырлығы 80 %, ақуыз мөлшері 18,6 %, жарма шығымы 60%, стандарт деңгейінде, жарма түсі 4 балл, стандарт деңгейінде, құрғақ макарон түсі 4,5 балл, піскен макарон түсі 4 балл. Жалпы бағасы 4,2 балл.

Пайдалану бағыты: макарон өнімдерін өндіру үшін

Ерекшеліктері: жатып қалуға төзімділігі 4,7 балл, шашылуға төзімділігі – 5 балл. Құрғақшылыққа төзімділігі – 3,5 балл.

Ұсынымдар: Қостанай облысының оңтүстік қара топырақтар белдем тармағында (Қостанай кешенді), далалық аймақта күңгірт қоңыр топырақта (қоңыржай құрғақ дала Қамысты МСБ), орманды далалық аймақта кәдімгі қара топырақта (Федоров, Қазақстан МСС).
Дақыл: қатты жаздық бидай

Сорт: Милана

Авторлар: Уразалиенв Р.А., Аширбаева С.А., Нурпеисов И.А., Сарбаев А.Т., Цыганков В.И., Цыганков И.Г.

Оригинатор: «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Шығыс Қазақстан

Түршесі: гордеиформе

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін

Сорттың сипаттамасы: түптің типі аралық, өсімдік биіктігі орташа, масақтың формасы ұршық тәрізді, дәні жартылай ұзынша.

Өнімділігі: облыс бойынша орташа өнімділік 20,2 ц/га құрады.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның массасы 38 г. Жылтырлығы 73 %, ақуыз 14,2 %, балауыз мөлшері 31,9 %. Жарма шығымы 61 %, жарма түсі 3,8 балл, құрғақ макарон түсі 3,8 балл, піскен макарон түсі 3,5 балл. Жалпы бағасы 3,6 балл.

Пайдалану бағыты: макарон өнімдерін өндіру үшін

Ерекшеліктері: жатып қалуға және шашылуға төзімділігі – 5 балл. Құрғақшылыққа төзімділігі – 5 балл.

Ұсынымдар: Шығыс Қазақстан облысының таулы-орманды далалық және шабындық далалық аймағында, шабындық қара топырақтар, сілтісізденген және кәдімгі қара топырақтар
Дақыл: қатты жаздық бидай

Сорт: Омский изумруд

Авторлар: Евдокимов М.Г., Андреева В.В., Юсов В.С., Сенкевич Т.Ю., Пахотина И.В., Поползухин П.В., Зверовская Т.С.

Оригинатор: «Сібір ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты» мемлекеттік ғылыми мекемесі

Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Солтүстік Қазақстан

Түршесі: гордеиформе

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін

Сорттың сипаттамасы: жартылай тік өсетін түп. Өсімдік биіктігі орташа. Сабан бітіктігі орташа. Масағы пирамида тәрізді, ұзындығы орташа, аздап боялған, борпылдақ-тығыздығы орташа. Қылтанақтары ақшылт қоңыр, масақтан ұзын. Төменгі масақша қабыршағы ланцетті, үстіңгі қабатында түктілігі жоқ. Иығы көтеріңкі, жіңішке. Тісшесі аздап иілген, ұзындығы орташа. Дәні ұзынша, ақшылт, айдарының ұзындығы орташа.



Өнімділігі: облыс бойынша орташа өнімділік 35,5 ц/га құрады. Ең жоғары өнімділік 49,6 ц/га 2015 жылы Есіл МСБ-да алынды.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның массасы 43,8 г. Жылтырлығы 85 %, ақуыз 15,5 %, балауыз мөлшері 31,6 %. Жарма шығымы 69 %, жарма түсі 3,5 балл, құрғақ макарон түсі 3,5 балл, піскен макарон түсі 3 балл. Жалпы бағасы 3,8 балл.

Пайдалану бағыты: макарон өнімдерін өндіру үшін

Ерекшеліктері: жатып қалуға төзімділігі 4,7 балл, шашылуға төзімділігі – 5 балл. Құрғақшылыққа төзімділігі – 4,7 балл.

Ұсынымдар: Солтүстік Қазақстан облысының орманды далалық, далалық және таулы-шоқылы аймақтарында оңтүстік қара топырақтар белдем тармағында.
Дақыл: қатты жаздық бидай

Сорт: Омская степная

Авторлар: Евдокимов М.Г., Андреева В.В., Юсов В.С., Сенкевич Т.Ю., Мешкова Л.В, Пахотина И.В., Поползухин П.В., Россеев В.М., Амельченко В.С.

Оригинатор: «Сібір ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты» мемлекеттік ғылыми мекемесі

Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Павлодар

Түршесі: гордеиформе

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін

Сорттың сипаттамасы: жартылай тік өсетін түп.Өсімдік биіктігі орташа. Сабан бітіктігі орташа. Масағы пирамида тәрізді, ұзындығы орташа, күшті боялған, борпылдақ-тығыздығы орташа. Дәні ұзынша, ақшылт, айдары қысқа.

Өнімділігі: облыс бойынша орташа өнімділік 9,8 ц/га құрады. Ең жоғары өнімділік 16,6 ц/га 2015 жылы Ертіс кешенді МСБ-да алынды.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның массасы 41,5 г. Жылтырлығы 66 %, ақуыз 16,4 %, балауыз мөлшері 29,8 %. Жарма шығымы 65,5 %, жарма түсі 4 балл, құрғақ макарон түсі 4 балл, піскен макарон түсі 4 балл. Жалпы бағасы 4,1 балл.

Пайдалану бағыты: макарон өнімдерін өндіру үшін

Ерекшеліктері: жатып қалуға төзімділігі 4,8 балл, шашылуға төзімділігі – 4,8 балл. Құрғақшылыққа төзімділігі – 3,6 балл.

Ұсынымдар: Павлодар облысының қоңыржай-құрғақ, құрғақ аймағында оңтүстік қара топырақтар белдем тармағында (Үрлітүб МСС, Ертіс МСБ).
Дақыл: қатты жаздық бидай

Сорт: Солнечная 573

Авторлар: Розова М.А., Янченко В.И., Мельник В.М., Егиазарян Е.Е., Зиборов А.И.

Оригинатор: «Алтай ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты» мемлекеттік ғылыми мекемесі

Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Қостанай, Солтүстік Қазақстан

Түршесі: гордеиформе

Пісіп жетілу мерзімі: орташа пісетін

Сорттың сипаттамасы: жартылай тік өсетін түп. Биік өсімдік. Сабан бітіктігі орташа. Масағы пирамида тәрізді, ұзындығы орташа, аздап боялған, тығыздығы орташа. Қылтанақтары ақшылт қоңыр, масақтан ұзын. Төменгі масақша қабыршағы ланцетті, үстіңгі қабатында түктілігі жоқ. Иығы көтеріңкі, жіңішке. Тісшесінің ұзындығы орташа, аздап иілген. Дәні ұзынша, ақшылт, айдары қысқа.

Өнімділігі: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша орташа өнімділік 26,1 ц/га құрады. Ең жоғары өнімділік 40,6 ц/га 2015 жылы Есіл МСБ-да алынды. Қостанай облысы бойынша орташа өнімділік 38,2 ц/га құрады. Ең жоғары өнімділік 56,4 ц/га 2015 жылы алынды.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның массасы 41,5 г. Жылтырлығы 66 %, ақуыз 16,4 %, балауыз мөлшері 29,8 %. Жарма шығымы 65,5 %, жарма түсі 4 балл, құрғақ макарон түсі 4 балл, піскен макарон түсі 4 балл. Жалпы бағасы 4,1 балл.

Сапалық көрсеткіштер: 1000 тұқымның массасы 39,5 г. Жылтырлығы 94 %, ақуыз 17,5 %, балауыз мөлшері 36,4 %. Жарма шығымы 62 %, жарма түсі 4 балл, құрғақ макарон түсі 4 балл, піскен макарон түсі 4 балл. Жалпы бағасы 4,3 балл, стандарт 3,8 балл.

Пайдалану бағыты: макарон өнімдерін өндіру үшін

Ерекшеліктері: жатып қалуға төзімділігі 4,7 балл, шашылуға төзімділігі – 5 балл. Құрғақшылыққа төзімділігі – 4,7 балл.

Ұсынымдар: Солтүстік Қазақстан облысының орманды далалық, далалық және таулы-шоқылы аймақтарында оңтүстік қара топырақтар белдем тармағында. Қостанай облысының оңтүстік қара топырақтар белдем тармағында (Қостанай кешенді), далалық аймақта күңгірт қоңыр топырақта (қоңыржай құрғақ дала Қамысты МСБ), орманды далалық аймақта кәдімгі қара топырақта (Федоров, Қазақстан МСС).
Дақыл: қатты жаздық бидай

Сорт: Хорасан

Оригинатор: Камут Еуропа кәсіпорны

Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2016 жыл

Ұсынылған облыс: Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан

Пісіп жетілу мерзімі: кеш пісетін

Сорттың сипаттамасы: тік өсетін түп, өсімдік биіктігі орташа, масағы тығыз емес, дән формасы ұзынша, ақ.

Өнімділігі: Ақмола облысы бойынша орташа өнімділік 14,8 ц/га құрады. Ең жоғары өнімділк 30,8 ц/га Шортанды МСБ-да 2015 жылы алынды. Қостанай облысы боынша орташа өнімділік 14,0 ц/га құрады. Ең жоғары өнімдіоік 45,2 ц/га 2015 жылы Қостанай кешенді МСБ-да алынды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша орташа өнімділік 17,6 ц/га құрады. Ең жоғары өнімділік 30,1 ц/га Есіл МСБ-да 2014 жылы алынды.

Сапалық көрсеткіштер: орташа көрсеткіштер: 1000 тұқымның массасы 56,4 г. Жылтырлығы 75 %, ақуыз 15,9 %, балауыз мөлшері 29,2 %. Жарма шығымы 56 %, жарма түсі 3,5 балл, құрғақ макарон түсі 3,5 балл, піскен макарон түсі 3 балл. Жалпы бағасы 3,4 балл.

Пайдалану бағыты: макарон өнімдерін өндіру үшін

Ерекшеліктері: жатып қалуға төзімділігі 4,5 балл, шашылуға төзімділігі – 5 балл. Құрғақшылыққа төзімділігі – 4 балл.

Ұсынымдар: Солтүстік Қазақстан облысының орманды далалық, далалық және таулы-шоқылы аймақтарында оңтүстік қара топырақтар белдем тармағында. Қостанай облысының оңтүстік қара топырақтар белдем тармағында (Қостанай кешенді), далалық аймақта күңгірт қоңыр топырақта (қоңыржай құрғақ дала Қамысты МСБ), орманды далалық аймақта кәдімгі қара топырақта (Федоров, Қазақстан МСС). Ақмола облысының далалық аймағында (кәдімгі қара топырақтар Көкшетау кешенді МСБ), таулы-шоқылы аймақта (кәдімгі қара топырақ Щучинск МСБ).


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет