Дақыл: Қант қызылшасы
Будан: Портланд
Авторлар: Мацефилд Джон (Macefield John), Де Биаджи Марко (De Biaggi Marco)
Оригинатор: Лайон Сидс ЖШС (Ұлыбритания)
Өтініш беруші: «АгрИталия Қазақстан» ЖШС
Буданды Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2014 жыл
Ұсынылған облыс: Алматы
Буданның сипаттамасы: жапырақтары тік өсетін будан, тамыржемістің формасы сопақша-конус, тамыржемістің салмағы 927 гр.
Өнімділігі: Талдықорған сорттық учаскеде сыналды. Сынақ суармалы жағдайда өтті. Сынақ өткізілген жылдары тамыржемістің өнімділігі 674 ц/га құрады. Қант жинау бойынша өнімділік 113,2 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: қанттылығы 16,9%.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға, құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Сынақ барысында 2013 жылы ақ ұнтақпен (10%дейін) зақымданды, зиянкестермен зақымданған жоқ. Өтініш берушінің деректері бойынша тамыр шіріктеріне, церкоспорозға, ризоманияға, ақ ұнтаққа төзімділігі жақсы.
Ерекшеліктері: өнімділігі жоғары қант қызылшасының буданы, зиянкестер мен ауруларға төзімді, тыңайтқыштарды пайдалану жақсы әсер береді.
Ұсыныстар: Алматы облысының Жоңғар Алатауының (Талдықорған кешенді МСУ) III-суармалы аймағында пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Қант қызылшасы
Будан: Гримм
Авторлар: Штрубе Гмбх и Ко, Германия
Оригинатор: Штрубе Гмбх и Ко, Германия
Өтініш беруші: «Агро Плюс Коммерц» ЖШС
Буданды Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2014 жыл
Ұсынылған облыс: Алматы
Буданның сипаттамасы: тамыржемістің формасы дөңгелек-сопақша, беті тегіс. Тамыржемістің салмағы -927 гр.
Өнімділігі: Гримм қант қызылшасының буданы Талдықорған кешенді бөлімшесінде сынақтан өтті. Сынақ суармалы жағдайда өтті. Сынақ өткізілген жылдары тамыржемістің өнімділігі орташа алғанда 568 ц/га құрады, қанттың жиыны бойынша өнімділік 96,6 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: қанттылығы 17%.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға, құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Сынақ барысында 2013 жылы ақ ұнтақпен (10%дейін) зақымданды, зиянкестермен зақымданған жоқ. Өтініш берушінің деректері бойынша церкоспорозға,тамыр шіріктеріне және ақ ұнтаққа төзімді.
Пайдалану бағыты: қант алу
Ерекшеліктері: тамыржемістерінде қант мөлшері жақсы, жоғары өнімді будан, тамыр шіріктеріне, ақ ұнтаққа және церкоспорозға төзімділігімен ерекшеленеді.
Ұсыныстар: Алматы облысының Жоңғар Алатауының (Талдықорған кешенді МСУ) III-суармалы аймағында пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Қант қызылшасы
Будан: Ақсу
Авторлар: Конысбеков К., Чабдарбаев Т., Малецкий С.И., Байоразов А.О.,Оразбаева Ж.С., Мауи А.А.
Оригинатор: «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашлығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Талдықорған филиалы
Буданды Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2014 жыл
Ұсынылған облыс: Алматы
Буданның сипаттамасы: өсімдік биіктігі орташа, тамыржемістің формасы жіңішке конус тәрізді, жапырақтары жартылай төселіп орналасқан, олардың ұзындығы орташа.
Өнімділігі: Еңбекшіқазақ МСУ-де сыналды. Сынақ суармалы жағдайда өтті. Екі жылда тамыржемістің өнімділігі орта шамамен 441 ц/га құрады, тамыржемістің салмағы – 935 гр. Қант жиыны бойынша өнімділігі – 71,5 ц/га.
Сапалық көрсеткіштері: қанттылығы - 15,9%.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға, құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Өтініш берушінің деректері бойынша ақ ұнтаққа, рамуляриозға, ризоманин мен церкоспорозға төзімді.
Пайдалану бағыты: қант алу
Ерекшеліктері: будан қанттылығымен және ауруларға қатысты жоғары төзімділігімен ерекшеленеді. Өсіруге және механикалық жинауға жарамды.
Ұсыныстар: Алматы облысының II-тау бөктері аймағында (Еңбекшіқазақ МСУ) пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Темекі
Линия: Талгарский 28-Ф2
Оригинатор: «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС
Мемлекеттік тізбеге енгізілген жыл: 2014 жыл
Ұсынылған облыстар: Алматы, Оңтүстік Қазақстан
Пісіп-жетілу мерзімі: 127 - 130 күн
Линияның сипаттамасы: Өсімдік биіктігі 212 см, өсімдіктері ірі, сабақтары мықты, өсімдік формасы эллипс тәрізді, жапырақ формасы сопақша-үшкір.
Өнімділігі: Алматы облысының Еңбекшіқазақ МСУ-де сыналды. екі жылда өнімділігі орташа алғанда 21,0 ц/га құрады. Сынақ өткізілген жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш мақта МСУ-де орташа өнімділігі 19,3 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: ақуыздың мөлшері 13,1 %, никотин мөлшері 1,46 мг/г.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға, құрғақшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалуға төзімділігі 5 балл. Сынақ барысында аурулармен және зиянкестермен зақымдалған жоқ.
Ерекшеліктері: жоғары өнімділік, жатып қалуға төзімді, аурулар мен зиянкестерге сезімтал.
Ұсыныстар: Алматы облысының II-тау бөктері аймағында (Еңбекшіқазақ МСУ), Оңтүстік Қазақстан облысының I- Сарыағаш аймағында (Шөлді мал шаруашылығы аймағы) (Сарыағаш мақта МСУ) пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Темекі
Линия: Талгарский 28-Ф4
Оригинатор: «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС
Мемлекеттік тізбеге енгізілген жыл: 2014 жыл
Ұсынылған облыстар: Алматы, Оңтүстік Қазақстан
Пісіп-жетілу мерзімі: 127 - 130 күн
Линияның сипаттамасы: Өсімдік биіктігі 232 см, өсімдіктері ірі, сабақтары мықты, ақшылт-жасыл түсті, өсімдік формасы эллипс тәрізді, жапырақ формасы сопақша-үшкір.
Өнімділігі: Алматы облысының Еңбекшіқазақ МСУ-де сыналды. Екі жылда өнімділігі орташа алғанда 21,1 ц/га құрады. Сынақ өткізілген жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш мақта МСУ-де орташа өнімділігі 19,4 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: ақуыздың мөлшері 15,1 %, никотин мөлшері 1,52 мг/г.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға, құрғақшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалуға төзімділігі 5 балл. Өтініш берушінің деректері бойынша сұмқұла мен ақ ұнтаққа төзімді.
Ерекшеліктері: жоғары өнімділік, аурулар мен зиянкестерге төзімді.
Ұсыныстар: Алматы облысының II-тау бөктері аймағында (Еңбекшіқазақ МСУ), Оңтүстік Қазақстан облысының I- Сарыағаш аймағында (Шөлді мал шаруашылығы аймағы) (Сарыағаш мақта МСУ) пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Темекі
Линия: Талгарский 28-Ф20
Оригинатор: «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС
Мемлекеттік тізбеге енгізілген жыл: 2014 жыл
Ұсынылған облыстар: Алматы, Оңтүстік Қазақстан
Пісіп-жетілу мерзімі: 127 - 130 күн
Линияның сипаттамасы: орташа өсімдік, биіктігі 208-283 см, сабақтары мықты, ақшылт-жасыл түсті, жапырақтың формасы ланцет тәрізді.
Өнімділігі: Алматы облысының Еңбекшіқазақ МСУ-де сыналды. Өнімділігі орташа алғанда 21,0 ц/га құрады. Сынақ өткізілген жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш мақта МСУ-де орташа өнімділігі 21,4 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: ақуыздың мөлшері 15,1 %, никотин мөлшері 1,25 мг/г.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға, құрғақшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалуға төзімділігі 5 балл. Өтініш берушінің деректері бойынша сұмқұлаға төзімді.Сынақ барысында аурулармен және зиянкестермен зақымданған жоқ.
Ерекшеліктері: жоғары өнімділік, және жатып қалуға төзімді. Өтініш берушінің деректері бойынша сұмқұлаға төзімді.
Ұсыныстар: Алматы облысының II-тау бөктері аймағында (Еңбекшіқазақ МСУ), Оңтүстік Қазақстан облысының I- Сарыағаш аймағында (Шөлді мал шаруашылығы аймағы) (Сарыағаш мақта МСУ) пайдалану үшін ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |