Д. Т. Исакова – б.ғ. к., доцент Тохатова А. К., Талипова М



Дата30.06.2017
өлшемі85.79 Kb.
ӘӨЖ 612.015.348:612.11

ЭРИТРОЦИТТЕРДІҢ ТАСЫМАЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
Д.Т. Исакова – б.ғ.к., доцент

Тохатова А.К., Талипова М. – биология мамандығының магистранттары

«Сырдария» университеті, Жетісай қаласы, Қазақстан


Резюме

В статье рассматривается влияние тяжелых металлов на транспортно-адсорбционную функцию эритроцитов

Summary

The paper examines the impact of heavy metals on the transport and adsorption function of red blood cells
Қорғасын тұзымен созылмалы улану кезінде плазмадағы және эритроцит шайындыларында белоктың концентрациясының төжірибе деңгейімен салыстырғанда 9,6 пайызға төмендегенін көреміз тәжірибе деңгейінде ол корсеткіш 54,4±0,8 г/л. Мал рационына қорғасын тұзымен бірге табиғи адсорбент бентонит қосып тәжрибе жүргізгенде бұл көрсеткіштің қан плазмасында белок концентрациясының сәл төмендеп эритроцит шайындыларында жоғарылағанын көреміз. Эритроцит шайындыларында белок концентрациясының жоғарылауы оның транскапиллярлық байланысты қалпына келтіруге жұмсалады деп болжам айтуға болады [1]. Барлық қоспаларды тоқтатып 15-күннен кейін алынған анализ нәтижелерінен көріп отырғанымыздай ол бақылау деңгейімен салыстырғанда 8,5%-ға төмендейді. Бұдан шығатын қорытынды қорғасын түзы улы зат ол ағзаға енген соң, оның ағзадан шығуы өте ұзақ және ол органдардың жүмыс істеу қызметін бұзып, зақымдайды. Қорғасын тұзымен улану кезіндегі қан сарысуындағы белокты өзгерістері белокты синтездеу және реттеуге қатысатын органдардың және жүйелердің улануына байланысты болуы мүмкін. Қорғасын және олардың тұзымен политропты улар екендігі және олардың көптеген органдар мен жүйелерді зақымдайтыны белгілі. Зақымданған органдар қалыпты жүмыс істей алмайды. Улы металдар бірінші болып бауыр мен бүйрекке жиналады. Бауырдың белок синтездеу функциясын бүзады. Бұндағы белоктың төмендеуін осымен түсіндіруге болады. Бірінші екі эритроцит шайындылары эритроцит мембранасымен бос байланысқандықтан бұл екі көрсетіштің көртіндісін қосып алдық. Яғни бірінші екі эритроцит шайындыларында қорғасын тұзымен созылмалы улану нәтижесінде оның бақылау деңгейімен салыстырғанда 37,4 пайызға төмендегенін көреміз, бұл жағдайда бақылау деңгейінің көрсеткіші 5,3±0,33г/л көрсеткішті қүрады. Қорғасынмен бірге бентонит қосып жүргізілген тәжірибеде белок концентрациясының көрсеткіші алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда жоғарылап 4,820,37г/л қүрады. Барлық қоспаларды тоқтатып 15 күннен кейінгі алынған анализ нәтижесінде белок концентрациясы 28,3 пайызға төмендеді. Үшінші эритроцит шайындысы эритроцит мембранасымен нағыз байланысқан бұл жағдайда да көріп отырғанымыздай қорғасынмен созылмалы улану нәтижесінде белок концентрациясы бақылау деңгейімен салыстырғанда 33,7 пайызға төмендейді. Қорғасын түэьімен бентонит қосып жүргізілген тәжірибе нәтижесінде оның жоғарылап 0,63±0,05г/л қүрағанын көреміз. Тәжірибеден соң алынған көрсеткіште белок концентрациясы 42,2%-ға төмендейді.

Қорғасын тұзымен созылмалы уланған кезде қан плазмасында және бірінші екі шайындыларда глюкоза мөлшері 9,3%-ға; 29,5%-ға төмендейді. Үшінші шайындыда ол анағүрлым жоғарылап 0,9±0,14г/л көрсеткішін құрайды. Қорғасынмен бентонит қосып жүргізілген тәжрибеде алдыңғы нәтижемен салыстырғанда глюкоза концентрациясы плазмада және эритроцит шайындыларында жоғарылап бақылау деңгейінің көрсеткішіне жақындап 0,55±0,016г/л; 0,І5, ±0,01г/л; 1,1±0,1г/л көрсеткішті көрсетеді. Тәжірибе соңында алынған нәтижелерде қан плазмасында 22,2%-ға төмендеп, бірінші екі шайындыда 17,6%-ға жоғарылап, ал үшінші шайындыда бақылау деңгейіне жеткенін көреміз. Глюкоза оттегіні байланыстырып қайта қалпына келтіру үшін эритроцит пайдаланатын жалғыз энергосубстрат. (Гликоза фосфорлану процесiмен өткен соң қанға сiңедi. Қанға өткен моносахаридтер қақпалық венамен бауырға тасымалданады да, онда гликогенге айналып, қорға жиналады. Гликоген бұлшық еттерде де түзiледi. Бауырдағы гликогеннiң мөлшерi 2-8%, ал еттерде 1% шамасында. Бауырда углеводтар май мен белоктың ыдырау өнiмдерiнен, сүт қышқылынан, өМҚ, амин қышқылдарының ыдырау өнiмдерiнен түзiлуi, мұны глюконеогенез деп атайды. Бауырдың күрделi қызметiнiң арқасында қанның құрамындағы қанттың мөлшерi (гликемия) бiр деңгейде сақталады. Егер қандағы глюкоза деңгейi жоғарласа, гликоген түзу процесi күшейедi, ал ол төмендесе-гликоген глюкозаға айналады. Қалыпты жағдайда қанның әрбiр литрiне 3,5-5,8 ммоль глюкозадан келедi. Ал егер 8-10 ммольге жетсе, зәрде қант пайда болады-глюкозурия, ал егер қант деңгейi 2,8-2,2 ммольге дейiн азайса, гипогликемия дейдi.

Бұл жағдайда гипогликемиялық кома басталады, адам есiнен айырылып, сандырақтайды, өзiнен-өзi құрысып тырысады. Глюкоза концентрациясының төмендеп кетуі эритроциттердің оны пайдалануы салдарынан болса керек. Қанттың энергетикалык зат ретіндегі маңыздылығынан басқа, бауырдың көптеген қызметі осы қантка байланысты, соның қатарында бауырдың уға қарсы қызметі онда гликогеннің болуына байланысты. Бауыр қызметінің бұзылуы көбіне бауыр клеткаларының гликогенге реакция бермеуінен болады. Эксперимент кезінде бауырдағы гликогеннің жойылып кетуіне күшала (мышьяк), фосфор, стрихнинмен улану арқылы қол жеткізіледі. Бауырдың гепатотоксикалық әсері бар улармен улануы кезінде көміртегілер алмасуының бұзылуындағы тұрақтылық-алмасудың бұл түрі мен осындай улану кезінде бауырдың бұзылуы арасында байланыс бар екенін көрсетеді.

Қорғасын тұзымен әсер еткенде қан плазмасында холестерин концентрациясы 35 пайызға күрт төмендеп, керісінше эритроцит шайындыларында онын 43,7%-ға жоғарылағанын көреміз. Қорғасын тұзы мен бентонит қосылып жүргізілген тәжірибеде холестерин концентрациясының қан плазмасында қалыпты жағдаймен салыстырғанда 12%-ға төмендейді, бірінші екі шайындыда бақылау деңгейіне көтерілгенін көреміз. Үшінші шайындыда көрсеткіш сол қалпында. Тәжірибе соңында холестерин концентрациясы қан плазмасында 45%-га төмен екенін көреміз Керісінше бірінші екі эритроцит шайындыларында және үшінші эритроцит шайындысында холестерин концентрациясы жоғарылағанын байқаймыз. Холестериннің тәжірибеден кейін де концентрациясының жоғары болуы ағзаның қорғаныштық-компенсаторлық реакциясының іске қосылуынан болуы мүмкін. Холестериннің эритроциттерде адсорбциясының жоғарылауы оның тасымалдау қабатының қан капиллярларында да жоғарылағанынан деп санаймыз.



Қорғасын ацетаты ішек-қарын жолымен тез сіңіріліп органдарға тез тарайды. Ағзаға кальций, темір жетіспегенде қорғасын түзының адсорбциялануы жоғарылайды. Бауырда түтылып оның қызметін бүзады. Қан жасаушы органдарда тұтылып ағзада ретикулоцитгердің көбейіп кетуіне әкеледі. Қорғасын тұзының әсері нәтижесінде алғашқы күннен бастап макромолекулалардың төмендеуі бір жағынан осы жағдайларға байланысты болса, екінші жағынан қорғасын ацетатының мөлшеріне де байланысты болуы мүмкін.

Алынған деректерге сүйенсек бентонит удың әсерін бейтараптап, алынған анализ нәтижелері бақылау деңгейіне жақындайды.

Барлық қоспаларды тоқтатып алынған анализ нәтижелерінен көріп отырғанымыздай белок, глюкоза және холестериннің концентрациясы плазмада және де эритроциттермен адсорбциялы тасымалдануы төмендегенін байқаймыз. Яғни ағзаға енген ауыр металл тұздары ағзадан өте баяу шығады. Бұл ауыр металл тұзыменның ағзада кумуляцияланып, органдарға тарап солардың функциясын бүзуының салдары болуы мүмкін.

Егер прекапиллярлық ағыс қуысы кеңейсе, онда бірінші болып эритроциттермен байланысқан затгардың сыртқы қабаты ғана үйкеліске түсіп отырады. Бұл жерде артериялық және веналық қан ағымдары қысымының маңызы және олардың арасындағы айырмашылық айтарлық рөл атқарады. Тамыр қысымының бірқалыпсыздығы эритроциттердің капиллярдан өткен кезде дөңгеленуін тудырады. Мұндай жағдайда эритроцитгер өзінің түгел қабырғасымен капилляр қабырғасына үйкеледі. Осыған сәйкес 3-қабаттағы берік байланысқан заттардың негізгі бөлігі капиллярдың зат алмасулық қабат қабырғасына келіп түседі. Осы негізде, стресс жағдайында мембраналық түтылған ірі және кіші молекулалы затгардың көп мөлшерде қан арқылы ұлпаға өту мүмкіндігі өте зор. Бірақ, трансскапиллярлық зат алмасудың барлық өзгеріске түсу көріністері толықтай айқын емес. Тәжірибемізде алынған деректерге сүйенсек, яғни берік байланысқан глюкоза мөлшерінің артуы, глюкозаның транскапиллярлық алмасуының күшеюінің салдары ғана емес. Бұл жерде, біздің ойымызша, улану жағдайындағы үлпалар гипоксиясының артуын компенсациялау барысында эритроциттермен пайдалануынан деп түсінуге болады. Ағзада көмірсу алмасуының басты мүшесі бауыр болып табылады. Сонымен қатар іс жүзінде эритроциттер де бауыр тәрізді өзінше көмірсу депосы бола алады, яғни глюкозаны тасымалдаушы ретінде маңызды рол атқарады. Глюкозаның эритроциттер мембранасымен тектестігі, қан плазмасындагы глюкоза деңгейінің бірқалыпты (80-120) болуының негізгі механизмі болып табылады. Сонымен қатар глюкоза, тыныс алу функциясын атқару кезінде эритроциттермен пайдаланылатын бірден бір субстрат. Екінші жағынан кадмий тұзымен улану нәтижесінде кадмий а-фосфорилаза белсенділігінің артуы көмірсу айналымына әсер етеді, гликогеннің тотығып және қанда глюкоза концентрациясы жоғарылауына әкеледі.

Сондықтан да премембраналық қабаттағы глюкоза концентрациясының жоғарылығы осы айтылған функцияның негізі.

Ауыр металл тұздарының әсерінен кейінгі холестерин мен глюкозаның өте күшті адсорбциялануы ағзаның қорғаныштық реакциясының бір бөлігі. Бұл заттардың қан капиллярларының қабырғалық қабаттарына одан әрі ұлпаларға өте жоғары деңгейде өтуі әрқашанда мұндағы көмірсулық және липидтік алмасуды күшейтеді. Үлпалық зат алмасу процесінің жоғары болуына сәйкес ағзаның қорғаныштық мүмкіндігінің де артуын байқауға болады.

Қорғасын тұзымен улану жағдайында 15-күнге қарағанда белок, глюкоза және холестерин концентрациясының плазмада және бірінші екі эритроцит шайындыларда төмендейді.

Ағзаға түскен қорғасын тұзы бауырда тұтылып оның функциясын бұзады [2,3,4]. Бауыр белокты синтездеу орны болып саналады. Қорғасын тұзының токсиндік әсерінен бауырда белоктын синтезделуі төмендейді. Қандағы белок фракцияларының өзғеріске түсуі соңғы үш кезеңде айқын байқалады. Бірінші кезеңде жалпы белок және глобулин мөлшері артып, қанның белоктық коэффициенті төмендейді. Екінші кезеңде альбумин мөлшерінің төмендеуі және С-глобулин деңгейінің жоғарылауы етек алады. Үшінші кезең, жалпы белок көрсеткішінің және глобулиннің, негізінен О-глобулин мөлшерінің төмендеуімен көрініс беретін уланудың ауыр деңгейіне сәйкес келеді. Қорғасын тұзымен улану кезіндегі қан сарысуындағы белоктың өзгерістері белокты синтездеу және реттеуге қатысатын органдардың және жүйелердің улануына байланысты болуы мүмкін. Қорғасын және олардың тұздары политропты улар екендігі және олардың көптеген органдар мен жүйелерді зақымдайтыны белгілі. Зақымданған органдар қалыпты жүмыс істей алмайды. Улы металдар бірінші болып бауыр мен бүйрекке жиналады. Бауырдың белок синтездеу функциясын бұзады. Бұндағы белоктың төмендеуін осымен түсіндіруге болады.

Тәжірибемізде алынған деректерге сүйенсек, яғни берік байланысқан глюкоза мөлшерінің артуы, глюкозаның транскапиллярлық алмасуының күшеюінің салдары ғана емес. Бұл жерде, біздің ойымызша, улану жағдайындағы ұлпалар гипоксиясының артуын компенсациялау барысында эритроцитгермен пайдалануынан деп түсінуге болады.

Бауырда холестерин эфирін синтездеу процесі жүріп, оның холестерин айналымына ықпалы бар және бауыр паренхимасының зақымдалуына байланысты онда холестерин эфирінің азаюы көрініс береді. Қан плазмасында холестерин концентрациясының азаюы бір жағынан бауыр паренхимасының бұзылуынан болса, екінші жағынан мембрананы қалпына келтіру үшін клеткалалармен қолданылуынан. Қорғасын тұзы клеткалық токсикант ретінде мембрана құрылысын бұзады деуге негіз бар.
Әдебиеттер

  1. .Ж.Ж. Əбдірахманова, З.Ш. Смағұлова, С.Г. Макарушко. Эксперименталды қабыну үрдісі кезіндегі эритроциттердің адсорбциялық-транспорттық қызметінің өзгеруі. Қазақстан республикасы ұлттық ғылым академиясының х а б а р л а р ы. Биология жəне медицина сериясы. 2013 ж.

  2. .Нильдебаева Ж.Б., Антонова Т.В., Ануфриева О.В. Изменение состава крови и лимфы при длительно действии свинца //Венозное кровообрашение и лимфообрашение: Тез. Докл. Всесоюзного симпозиума. Часть 2, -Алматы: Наука Каз ССР, 1989г. -С 45-46.

  3. .Макашев К.К. Обменные процессы при сатурнизме. -Алма-Ата: Казахстан, 1976г. -128с

  4. .Ершов Ю.А., Плетенова Т.В. Механизмы токсического действия неорганических соединений. –Москва: Медицина, 1989г. -272с.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет