Церебральді сал балаларды оңалтуда иппотерапияның маңызы ж. Ж. Нурсеитова



Дата17.06.2017
өлшемі85.86 Kb.
#12900
ЦЕРЕБРАЛЬДІ САЛ БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУДА ИППОТЕРАПИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ

Ж.Ж.Нурсеитова, дефектология магистрі,

аға оқытушы

(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар

педагогикалық университеті)

Аңдатпа: Мақалада церебральді сал ауруы туралы айтылады. Церебральді сал балаларды оңалтуда иппотерапияны қолданудың маңыздылығы, ипотерапияны жүргізуде ескерілетін қағидалар, оңалту бағдарламасына енгізілетін жаттығуларға сипаттама берілген. Иппотерапия бағыттарының бірі – балаларда кездесетін церебральді салды, Даун синдромын, аутизмді, ақыл-есінің кемістігін, тағы да басқа ауруларын емдеп-жазу, сауықтыру, оңалту. Иппотерапияға пайдаланылатын аттар туралы айтар болсақ, оған жас, асау, үркек, жүген-құрық көрмеген, бас білмейтін жылқылар жарамайды. Оңалту бағдарламасында 10 сабақ, аптасына екі реттен болды. Сабақтың ұзақтығы 15 минуттан басталады, уақыт өте уақытты қосып отыру керек, 30 минутқа дейін жетеді. Сабақтың ұзақтылығы баланың жағдайына байланысты. Жаттығу жылқы жылжымай бір орында тұрғанда, жүріп бара жатқанда орындалады. Жаттығуды екіге бөліп қарастырамыз: белсенді және белсенді-енжар түрі.

Түйін сөздер: церебральді сал, иппотерапия, жылқы терапиясы, иппотерапия қағидалары, жаттығулар.

Соңғы жылдары церебральді сал диагнозы қойылған балалардың саны едәуір өсуі байқалады. Әр түрлі авторлардың мәліметі бойынша (Нэнси Р. Финни, Хелен А. Мюллер, М.Бакс, Никитина М.Н., Семенова К.Л., Махмудова Н.М., Белова Г.И., Бадалян Л.О., Серганова Т.И., және т.б.) 1000 баланың ішінен 1.5-2.5 балаға церебральді салдиагнозы қойылады. Қазіргі таңдағы ғылыми зерттеулерде церебральді паралич –орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан пайда болатыны дәлелденген. Церебральді сал диагнозы қойылған балаларда қосалқы кемістіктер жиі көрінеді. Оның ішінде: көру қабілетінің зақымдалуы – 25%; есту қабілетінің зақымдалуы – 20%; зиятының жетіспеушілігі – 25 %; психикалық дамуының тежелуі – 40 %.[1]. Шет елдік зерттеулерді қарастыратын болсақ, церебральді сал ауруына шалдыккан балалардың таралуы 1000 балаға шаққанда Англияда 1, ал АҚШ-та 4 балаға сайкес келген. Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) статистикалық мәліметтері бойынша дүние жүзінде мүгедектер саны 10 % -ті, яғни 500 миллион адамды құрайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық генетикалық регистрі мәліметтері бойынша біздің елімізде жыл сайын 2000-нан 3500-ге дейін туа біткен және тұқым қуалау патологиясымен туылады, бұл жаңа туылған 1000 нәрестеге шаққанда 20,0-24,3 құрайды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында церебральді сал ауруы диагнозымен 9 мыңға жуық бала тіркелеген. Церебральді сал ауруының пайда болу кезінде мидың жарақаттану уақытына назар аудару керек. Нақты әр 100 БЦС жағдайдың себебі: 30-ы ана құрсағында, 60-ы толғақ кезінде, 10-ы туылғаннан кейін. Әлемде БЦС 20-астам классификациялары ұсынлыған. Церебральді сал ауруын зерттеудің негізін қалаушысы ағылшын дәрігері, хирург-ортопед В.Литтл болып саналады.[2]. Қазақтың жылқы терапиясын бұл күндері әлем медицинасы иппотерапия деп атайды. Иппотерапия – грек тілінде «hippo» – «ат» деген мағынаға ие, дәрігерлік шарадағы мақсатына сәйкес халық санасында қалыптасқан ұғым – «атқа мініп жүру арқылы емдеу». Осы ғасырдағы заманауи иппотерапия ілімі – жүйке жүйесі зақымданған сырқаттарды емдейтін медицинаның бір саласы. Иппотерапия туралы құнды деректер атақты Гиппократтың еңбектерінде де ұшырасады. XVIII ғасырдың ортасында энциклопедияшы ғалым Дени Дидро болса, «Атпен жүрудің денсаулықты сақтаудағы маңызы» атты трактат жазып, барлық дене жаттығуларының ішінде ең маңыздысы ретінде атқа мінуді бірінші кезекте атап көрсетіп, ол арқылы көптеген ауруларды емдеп-жазуға болатынын баяндайды.

Иппотерапиямен айналысу үшін қажетті жабдықтар:



  • Жылқы

  • Сабақ жүргізетін алаң

  • Құралдар мен құрылғылар

  • Баланың ыңғайлы киімдері

Ескерілетін жағдайлар:

  • Ат міндетті түрде ер - тоқымсыз болуы қажет;

  • Иппотерапия өткізу үшін арнайы дайындалған ат пайдаланылады, әдетте, жас азбан (возрастной мерин);

  • Сабаққа аттардан басқа үш маман қатысады: ат жүргізуші, емдік дене тәрбиесі нұсқаушысы, психолог-нұсқаушы;

  • Ат арқасында ер-тоқымы жоқ, тек төсеме және арнайы бекіткіштері бар белдік болу керек.

Иппотерапияға пайдаланылатын аттар туралы айтар болсақ, оған жас, асау, үркек, жүген-құрық көрмеген, бас білмейтін жылқылар жарамайды. Шет елдерде, қазір біздің елімізде де, иппотерапияға спорттық ойындарға қатысып, оған барлық күш-қайратын беріп болған аттар тартылады: өзінің спорттық өмір жолын аяқтағаннан кейін аттар иппотерапияға пайдаланылып, тағы да бірнеше жыл адамға қызмет жасайды. Аттарды иппотерапияға пайдаланар алдында арнайы жаттығулардан өткізіп, дайындайды. Негізгі ем болатын сырқаты адамның жүйке жүйесінің бұзылуы, соған қатысты кінәраттар: миға қан құйылу, бас-сүйек жарақаты, мінез-құлық өзгерісі, көңіл күйдің құлазуы, ұмытшақтық, тірек-қимыл аппаратының дұрыс жұмыс істемеуі, есту қабілеті мен көздің көруінің нашарлауы, сәтсіз жағдайлардан, ауыр оталардан кейінгі омыртқалардың қисаюы, артрит, бұлшық еттің семуі, сал болу, қан айналымының, жүрек қан қысымының, зат алмасудың бұзылуы, ентікпе, ішек ауруларының қозуы және тағы да басқалары. Иппотерапия бағыттарының бірі – балаларда кездесетін церебральді салды, Даун синдромын, аутизмді, ақыл-есінің кемістігін, тағы да басқа ауруларын емдеп-жазу. Иппотерапия балаға психоэмоционалдық және биомеханикалық тұрғыда екіжақты өте жақсы әсер етіп, бой қуатын күшейтеді. Жылқыға жақындау, оған мініп жүру аяғынан баса алмайтын сал сырқатындағы балаға үлкен жануарды бағындырғандай, жерден өздігінен жылжығандай психоэмоционалдық күшті әсер етеді, жылқы жүрісінің тербелісінде жан-жағына шайқалуы арқылы тірек-қозғалыс жүйесіне оң ықпал жасалады. Атқа мініп жүру арқылы емдеу (иппотерапия) балаға ешқандай қысым түсірмейді, оның сеансы өте жеңіл де қарапайым әрі табиғи. Барлық бала атқа отыруға қатты қызығатындықтан, денсаулығын қайта қалпына келтіруде иппотерапия олар үшін барлық емнен шипалы болып табылады. Сырқат балалар атпен тез тіл табысып, төрт түлік төресінің көңіл күйін де тәп-тәуір сезінеді. Атпен жақындасу арқылы мінез-қылығы ашылып, жан-дүниесі байи түседі. Ең қуанарлығы, соңғы жылдары балаларды иппотерапиямен емдеу тәжірибесі халыққа кеңінен насихатталып, Қазақстан Республикасы әлемде бірінші мемлекет болып иппотерапияны қаржыландырып, оған үлкен қолдау көрсетуде.

Иппотерапияның балаға ең басты оң әсерлері:



    • дене белсенділігін арттырады;

    • жаңа қабілеттерін ашады;

    • психикалық оңалудан толықтай өткізеді;

    • церебральді сал ауруынан сауықтырады;

    • адамдармен қарым-қатынас жасауға үйретеді;

    • өмір сүруге деген құштарлығын оятады;

    • ойлау қабілетін қалыптастырады;

    • бойындағы қорқыныш, үрейден арылтады;

    • жанында өзіне деген сенімділігін нығайтады;

    • көзінің көруін жақсартады;

    • баланың сөйлеу тілін шығарады, дамытады.

Иппотерапия қағидалары:

1. Ең алдымен, атпен жүру балаларға қуаныш әкелу керек, олардың денсаулығына әсер ету керек және де балада жануарға деген жақсы көзқарас қалыптасу қажет.

2. Әр жаттығу баланың ерекшелігіне, ауруына және психикасына байланыстытаңдалуы тиіс.

3. Жаттығулар кауіпсіз және жарақатсыз болу керек.

4. Жүргізілетін сабақ әртүрлі болу керек. Жаттығулардың 90 %- ы тұрақты түрде нақты бір нәтижеге жету үшін жасалынады, ал 10 % - ын ауыстырып отыру қажет.

5. Жаттығулармен айналысуды ұзақ уақыт жүргізген жөн, бірақ та көп күш жұмсаудың қажеті жоқ.

6. Сабақ жүргізу барысында баланың мінез – құлқын, бойындағы кемістігін, жасын есепке алу қажет [3].

Церебральді сал ауруы бар балаларды атпен серуендеуде бірнеше жаттығу орындалады. Бірінші жаттығу пассивті түрде болады, одан кейін бала өзі сол қимылдарды орындай бастайды. Бала атпен көптеген қозғалыс – қимыл жаттығуларын орындайды, жаттығуларды қайталап жасағандықтан бала шаршамайды. Атпен серуендеу баланың тепе – теңдік ұстауына көмектеседі. Ата –аналардың балалардан байқайтын бірінші өзгерісі – арқасының түзу болуы және дұрыс отыра алуы.

Церебральді сал ауруы бар балаларға күнделікті жаттығу орындау керек, егер орындамаған жағдайда бала бастапқы қалпына келуі мүмкін. Иппотерапия курсында қолданылатын жаттығулар, баланың бойындағы кемістік түріне байланысты іріктеледі. Сабақ белгілі бір аймақта жүргізіледі, сол сабақ кезінде баланың қасында дәрігер мен жаттықтырушы болу керек [4].

Бірінші сабақтағы жаттығу өте маңызды, егер бала аттың үстінде жақсы отыра алса, дәрігердің көмегі аса қажет емес. Ат бір айналым жасау аралығында, бала біршама жаттығуды орындап үлгеруі керек. Ат айналымның бастапқы нүктесіне келгенде, келесі жаттығуға көшу қажет. Біріншіден, екінші, үшінші жаттығу баланың тыныс алу жүйесіне байланысты болады, ал төртінші жаттығу баланың дене бітіміне, соның ішінде омыртқа және белге арналады.

Оңалту бағдарламасында 10 сабақ, аптасына екі реттен болды. Сабақтың ұзақтығы 15 минуттан басталады, уақыт өте уақытты қосып отыру керек, 30 минутқа дейін жетеді. Сабақтың ұзақтылығы баланың жағдайына байланысты. Жаттығу жылқы жылжымай бір орында тұрғанда, жүріп бара жатқанда орындалады. Жаттығуды екіге бөліп қарастырамыз: белсенді және белсенді-енжар түрі.

Белсенді жаттығулар: аяқ пен қолдың қалыптарын ауыстыру, түзу бойымен және аяқтарын аттың екі жағына жіберіп отыру; аттың үстінде етпетінен жатып аяқты тепе-теңдік сақтай отырып көтеру.

Белсенді-енжар жаттығулар: нұсқаушы баланың қолын жоғары көтереді, бала өзі төмен түсіруі керек.

Жаттығулардың бәрі ойын ретінде жүргізіледі.

Қазақстандағы мүгедек балалардың проблемалары жекелеп алғанда, балалардың церебральді сал ауруы (ДЦП) диагнозы қойылған балалардың қимыл-қозғалысын иппотерапияны қолдану арқылы сауықтыру маңызды.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Церебральді параличпен қосалқы бұзылыстардың үйлесуі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің арнайы бағдарламасы. – Алматы, 1992.

  2. Шипицына Л.М., Мамайчук И.И. Детский церебральный паралич. С Пб., 2001

  3. Кожевникова В.Т. Современные технологии в комплексной физической реабилитации больных с церебральным параличом. - М.: ПБОЮЛ «Т.М. Андреева», 2005. - 238 с.

  4. П.Т.Гурвич. «Какие заболевания лечат верховой ездой». Журнал «Коневодство и конный спорт» №1 за 1997 г. – стр.22-23. 


РЕЗЮМЕ

В этой статье рассматривается роль иппотерапии при реабилитации детей с церебральным параличом.



Ж.Ж.Нурсеитова, магистр дефектологии, старший преподаватель

(г.Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)

РОЛЬ ИППОТЕРАПИИ ПРИ РЕАБИЛИТАЦИИ ДЕТЕЙ С ЦЕРЕБРАЛЬНЫМ ПАРАЛИЧОМ

В статье рассматривается детский церебральный паралич, роль иппотерапии при реабилитации детей с церебральным параличом. На занятиях иппотерапией соблюдаются основные принципы, упражнении. описание тренировок, которые вносятся в программу реабилитации. 10 занятий по реабилитационной программе, два раза в неделю. Продолжительность занятий 15-30 минут. Продолжительность занятия в зависимости от состояния ребенка. Виды упражнении: активные и активно-пассивные.



Ключевые слова: церебральный паралич, иппотерапия, лечебная езда, принципы иппотерапии, упражнение.

SUMMARY

In this article the role of hippotherapy is examined during the rehabilitation of children with a cerebral paralysis.


Nurseytova Zh.Zh. - master of defectology, senior lecturer

(Kazakh State Womeт ,s Teacher Training University c. Almaty)



THE ROLE OF HIPPOTHERAPY IN REABELITATSII CHILDREN WITH CEREBRAL PALSY

The article is written about children with infantile paralysis. Discusses about the role of reabelitatsii children with infantile paralysis, the principles of conduct. The goal of hippotherapy – rehabilitation, treatment, rehabilitation of children with different pathologies in development. The duration of therapy is 10 lesson per week, 2 times for 15-30 minutes. Gradually increase the time to thirty minutes. The exercises are divided into 2 active and passive. During the lesson the horse should be moving, or not moving.



y words: children with infantile paralysis, hippotherapy, curative ride, exercises, principles
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет