БҰзау ағзасындағы иммуноморфологиялық Өзгерістер к. Ж. Кушалиев, ветеринария ғылымының докторы, профессор Н. С. Монтаева



Дата15.07.2017
өлшемі82.19 Kb.
УДК 619:614:9:616

ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ БЦЖ ВАКЦИНАСЫМЕН ТУБАЗИДТІ ҚОЛДАНҒАН КЕЗДЕГІ

БҰЗАУ АҒЗАСЫНДАҒЫ ИММУНОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

К.Ж. Кушалиев, ветеринария ғылымының докторы, профессор

Н.С. Монтаева магистрант., Г. К. Жумагалиева магистрант.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық –техникалық университеті


РЕЗЮМЕ
Мақалада қанның гематологиялық көрсеткіштерінің динамикасы көрсетілген. Туберкулез бойынша сәтті және сәтсіз шаруашылықтық субъектілерде тубазидті қолданғанда бұзаулардың ағзасында болатын иммуноморфологиялық өзгерістер сипатталған. Паренхиматозды мүшелерде, яғни өкпеде, жүректе, бүйректе және лимфоидты мүшелерде тубазидті қолданғанда лимфоидты-гистиоцитарлық клеткалардың ошақты пролиферациясы, майлы дистрофия және гепатоциттердің инфильтрациясы орын алады.

В статье приведена динамика гематологических показателей крови. Приводится описание иммуноморфологических изменений в организме телят при применении тубазида в благополучных и неблагополучных по туберкулезу хозяйствующих субъектах. При применении тубазида в паренхиматозных органах легких, сердце, почках и лимфоидных органах происходит очаговая пролиферация лимфоидно-гистиоцитарных клеток, жировая дистрофия и инфильтрация гепатоцитов.

The article shows the dynamics of haematological parameters of blood. Immunomorphological describes changes in the body of calves in the application of tubazid

in affluent and disadvantaged business entities for tuberculosis. In applying tubazid in parenchymatous organs lungs, heart, kidney and lymphoid organs are lobular proliferation of lymphoid histiocytic cells and infiltration dirovaya degeneration of hepatocytes.


Туберкулез ауруы кезінде организімінің жасушалық және гуморольдық қорғаныс факторлары. Иммундық жүйені лимфоцитпен қосып қарастыруға болады [ 1 ].

Ағзаның иммундық жүйесі иммунитетті қамтамасыз етеді, яғни генетикалық гомеостазды сақтайды. Бұдан орталық және перифериялық лимфоидты мүшелерді ажыратады. Иммунитеттің орталық мүшелеріне тимус, жұлын, жұтқыншақ бездері, эмбриональды бауыр жатады [ 2 ].

Иммунитеттің перифериялық мүшелерін лимфа түйіндері, көкбауыр, қан, ретикулогистоцитарлы жүйе құрайды. Көпклеткалы организмнің бақылау және генетикалық тұрақтылығын қолдау, қазіргі заманғы көзқарастар бойынша иммундық жүйенің басты қызметі болып табылады [ 3 ].

Бұл қызмет иммундық жүйенің түрлі элементтерінің келісулі әсері нәтижесі арқылы жүзеге асырылады, себебі оның тиімділігі бақыланушы клеткалы жүйесіндегі сапалық және сандық өзгерістердің иілгішті қозғалыс реакциясымен анықталады [ 4 ] .

Өткізілген зерттеу қорытындыларының нәтижелері көрсеткендей, БЦЖ вакцинасымен тубазидті қоса еккен кезде 3 күннен соң бұзау организмінде иммуномофологиялық реакция тері асты клетчаткасында геморрагиялық инфильтрациялар (жиналу) қан тамырларының қанға толуымен және ұсақ нүктелі қан құйылулар түрінде көрінді. Лимфоциттердің ыдырауы арнайы орындарда кездесті, сонымен қатар барлық қабынған ұлпалардың макрофагы үлкен ядролы фагоцит, гемосидерин әсерінен геморрагиялық орындардың толуы болады. Иммундалған тәжірибелік жануарлар талағының лимфатикалық фолликуласында бласт клеткасының саны көбейіп, герменативті орталық көрінеді. Талақтың лимфоциттерінің ядросы қалыпты құрылымды болды, бірақ қызметтік белсенділік белгісі болады. БЦЖ вакцинасымен тубазидті қоса қолданып иммундалған жануар организмінде макрофаг санының көбеюі, ұсақ қан тамыр қабырғаларында және аймақтық лимфа түйіндерінде мукоидты бөртулер кездесті. Сонымен қатар бұзаулардың лимфа түйіндерінде, эпителиоидты клеткаларда қабыршақты заттармен толған, бауырда вакуольді және түйіршікті дистрофия байқалады. Клетканың гиперплазиясы әсерінен қабыршақты заттар жиналып, бүйрек үсті безі кеңейген және иммундағаннан кейін 7 тәулік өткен соң капилярлар өлген қанмен толған.

Бүйректің қан тамырлы капилярлар шоғыры бұзылған, кейбір бүйректің шоғыры кеспе түрінде де болады.

Егілген соң 10 – 15 күннен кейін жеке лимфа түйіндерінде және сол жақ шапта гиперпластикалық пролиферативті (клеткалардың бөлініп көбеюі нәтижесінде белгілі бір мүшенің ұлғаюы) үрдіс пайда болды. Лимфа түйіндерінде лимфоидты гиперпластикалық және макрофагты үрдіс жоғарылап, жеке лимфа түйіндерінде плазма клеткалық реакциясы әлсіз болды.

Оң жақ лимфа түйінінің фолликуласындағы герминативті орталық кеңейіп клеткада плазмоцит клеткаларының саны артқан. Ұсақ қан тамырларда мукоидты бөрту үрдісі дамыған. Талақта лимфоидты – гиперпластикалық және макрофагты үрдістер күшейген. Талақта фолликулдардың герминативті орталығы кеңейіп, лимфоидты ұлпада гиперплазияланған, қанның қызыл пульпасының депосы өліп, ұсақ қан тамыр қабырғасы ісінген. Вакцинамен иммундалған бұзауда лимфостаз дамып, торша фибрині төмендеген.

Сонымен қатар жануарларда лимфа түйінінің макрофагтарының саны ұлғайып, пигменттердің толуы, қан тамырларының мукоидты және фибринозды ісінуі және олардың қабырғасының фибринозды өлі еттенуі кездеседі. Морфологиялық өзгерістер иммундалғаннан кейін 22 тәуліктен соң сипатталады. Бұзау талағында вакцинациядан кейін 15 тәулікте лимфоидты – гиперпластикалық және плазмоклеткалық реакциясы пайда болды. Иммундалғаннан соң 22 тәуліктен кейін бауырда, бүйректерде және миокардта қан тамырларының тоуы, паренхиматозды клеткаларда түйіршікті дистрофия, мононуклярлы клеткада ошақты үрдістер дамыған.

Вакцинациядан 29 күн өткеннен соң талақта фолликула артериол саны артып, көктамыр мен капилярдың қабырғасы бөрткен, сонымен қатар жетілген плазмоциттер көбейген. Иммундалғаннан соң лимфа түйіндері эритроциттермен, лейкоциттермен, макрофагтармен толған. Жетілген плазмоциттер көбейген.

Иммуноморфологиялық өзгерістерді зерттеу кезінде паренхиматозды мүшеде әлсіз түйіршікті дистрофия байқалды.

Өкпе ұлпасында қан тамырлары өлген қанмен толған, альвеоаралық қолқаның инфильтраттармен толуы болды. Сондықтан туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасы мен тубазидпен егілген жануар организмінде бір типті иммуноморфологиялық реакция білінді, бұл егілген препараттың реактогенділігі мен вируленттілігіне байланысты.

Т және В лимфоциттерінің перифериялық қандағы пайыздық көрсеткіші 1 кестеде көрсетілді.

Зерттеулер көрсеткендей бұзау қанындағы Т – лимфоциттер 20,11 ± 1,31 В – лимфоциттер – 10,18 ± 0,82 % - ды құрады. Вакцинациядан кейін Т – лимфоциттер саны 7 күннен соң жоғарлаған. Себебі, олардың төмендеуі және ұлғаюы санақтан анық көрінеді. Т – лимфоциттің артуы 15 күнге дейін вакцина егілгендерінде 29 тәуліктен соң олардың теңескені байқалды, осындай көрсеткіштер сау жануарларда (интактных) шамамен 120 күнге (зерттеу уақыты) дейін қалды.

Иммундағаннан соң бұзау қанында В – лимфоциттер саны ұлғайған, бұл 15 тәуліктік тәжірибеде белгіленді. Кейін 29 тәулік өткенде вакцинациядан соң қалыпты мазмұны мен осы клеткалардың санының бірте – бірте азаюы болды.

1 – кесте.

БЦЖ вакцинасы мен тубазидті қоса қолданғандағы бұзаудағы Т және В лимфоциттердің құрам деңгейінің көрсеткіші.



Зерттеу уақыты, күні

Т-лимфоциттер,

%


В-лимфоциттер,

%


1

3

5



7

10

15



22

29

45



60

120


Сау жануарлардың (интакты) көрсеткіштері

19,65 ± 1,84

12,04 ± 0,88х

19,96 ± 1,49

28,81 ± 1,61х

33,94 ± 1,75х

43,02 ± 2,53х

29,13 ± 0,71х

21,31 ± 0,79

21,94 ± 1,42

22,83 ± 1,22

23,03 + 1,34
20,11 ± 1,31


14,99 ± 0,78

17,22 ± 0,88

18,03 ± 0,55х

18,39 ± 0,70х

22,27 ± 0,87х

26,16 ± 2,28х

23,15 ± 0,90х

13,94 ± 1,06

14,02 ± 1,46

14,12 ± 0,86

14,08 + 0,92
10,18 ± 0,82


Ескерту - Х белгісінің анық айырмашылығы Р<0,05

мезентериальды және бауыр лимфа түйіндерінде айқындалды. Бұл лимфа түйіндерінде фолликулярлық құрылым суреті тегістелген, кеңейтілген герминативті орталықтарда клеткалық элементтер сиретіліп орналасқан, олардың ішіндегі ең көбі бласттық клеткалар мен митоз пішіндері. Сақталған екіншілік түйіншектердің клеткалық элементтері сиретіліп орналасқан, кейбір герминативті орталықтарда бласттық клеткалар көп мөлшері және бірен-саран сарғыш-қоңыр пигменті бар макрофагтар болған. Қабыршақты заттың лимфоидты ұлпасы біркелкі пролиферирленген. Негізінен шағын және орта лимфоциттермен инфильтрирленген түйіншектің қабыршақты затында бласттық базофильді клеткалардың ошақты жиналуы кездескен. Орталық синустар аздап кеңейген, олардың ішінде бірен-саран макрофагтар мен лимфоциттер табылған, фиброзды ұлпаның құрылуының басталуы белгілері бар синустарда лимфостаз құбылысы белгіленген.

Фибриннің нәзік торларының орталық синустардың қуысы томпайған, піскен лимфоциттердің жоғары ыдыраушылығы, мукоидты ісіп-кебу құбылыстары бар артериолалар, венулалар және капиллярлар қабырғасы байқалды. Етті баулар плазмоциттердің көп мөлшерімен инфильтрацияланған. Түйіншектің паракортикальды аймағының клеткалық элементтері сиретіліп орналасқан.

Трабекулалардың периваскулярлы дәнекер ұлпасының қопсытылғаны және ісінуі, оның лимфоциттер және эозинофилдермен сүзілгені байқалды. Бауырда құрылым суреті сақталған, мүше қан тамырлары құйылған, орталық және көк тамырларының айналасында, сонымен қатар бауыр бөліктерінің перифериясының бойымен ошақты геморрагиялар кездескен. Ақуыздық дистрофия құбылыстары бар бауыр клеткалары, жұлдызшалы ретикулоэндотелиоциттер біркелкі пролиферленген, кей жерлерде мүше паренхимасында лимфоидты-гистиоцитарлы клеткалардың ошақты жиналғаны байқалған.

Өкпеде лимфоидты-гистиоцитарлық клеткалармен сүзілген есебінен альвеолярлы клеткалардың ошақты жуандауы байқалды. Перибронхиальды дәнекер ұлпасында лимфоидты ұлпаның шағын ғана жиналғаны, жиі герминативті орталықтардың түзілуі байқалады.

Тубазид қолданғандағы таза емес шаруашылықтардағы бұзауларға қарағанда таза шаруашылықтардағы бұзаулардың бауырлық, шажырқай және қабырғааралық лимфа түйіндеріндегі өзгерістер біртипті болды. Бірақ осы жануарлардың лимфа түйіндері мен талағында етті бауларының жуандауы және олардың РНҚ-ға бай плазмоциттердің көп мөлшерімен сүзілгені байқалады. Трабекулалардың периваскулярлы дәнекер ұлпасы қопсытылған, ісінген, лимфа түйіндерінің паракортикальды аймағының клеткалары сиретіліп орналасқан. Ауруға сәтсіз деп танылған шаруашылықтағы бұзаулардың лимфа түйіндерінде фолликулярлы кесінді төселген, сақталған фолликлдер кесілген жасушалық элемент түрінде болды. Қабықты заттың лимфоидты ұлпасы ісінген, гиперплазирленген, онда 5-6 эпительиалды жасушалардың ошақты жиналғаны байқалады. Осымен қоса орталық синустарда ұсақ капиллярлардың жоғарғы көлемде өткізгіштілігімен айқалған лимфостаз көрініс тапқан. Бауырда, бүйректе, миокардта және бүйрекүстіңгі тәжрибедегі бұзауларда тамырлары қанға толған, паренхиматозды элементтердің бұршақты дистрофиясы және лимфоидты - гистоцитарлы жасушаның ошақты пролиферациясы байқалады. Өкпеде құрылымы сақталған, жерімен альвеолярлы кеңістіктерде ұсақ капиллярлардың қанға толуына байланысты лимфоидты гистоцитарлы жасушалармен сүзілгені байқалады. Бауырлық жасушаларда бұршақтық дистрофиялар, жұлдызшалы эндотелиоциттердің шектелген пролиферациясы байқалады. Мүшенің бөлектелген жерлерінде жәнегипотоциттердің цитоплазмасында майлы тамшылар байқалады.

Сонымен, туберкулезге қарсы препараттарды қолданғаннан кейін бұзау қанында Т және В – лимфоциттердің саны екі жұма аралығында көбейіп, кейіннен бір ай өткеннен соң қалыпты мазмұны мен осы клеткалардың санының бірте – бірте азаюы байқалды. Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей ірі қара малының туберкулез ауруынан сәтті және сәтсіз деп танылған шаруашылықта тубазидті қолдану кезінде, ұлпалар мен мүшелерде тамырлардың толуымен, паренхиматозды элементтердің бұршақты дистрофиялануымен, лимфоидты - гистоцитарлы жасушалардың ошақты пролифирациясымен, бөлектелген бөлшектерде гепатоциттардың майлы инфильтрациялануымен сипатталады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Новак Д.Д. Атипичные туберкулиновые реакции у крупного рогатого скота. Кн. // Проблемы борьбы с туберкулезом и паратуберкулезом с / х животных, 1985. – с. 69 – 73.

2. Сафин М.А., Идрисов Г.С. Кн. Туберкулез с / х животных и меры его профилактики. – Казань, 1990. – С. 30.



3. Хайкин Б.Я., Василенко К.Ф. Результаты исследования вакцины БЦЖ при туберкулезе крупного рогатого скота. – Сб. Научных трудов КГВИ . – Казань, 1986. – С. 28 – 31.

4. Косилов И.А. Меры борьбы с бруцеллезом и туберкулезом крупного рогатого скота. Журнал Ветеринария, 1987. - С. 56-58.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет