Ботегулова Айнұр Советқызы Атырау қаласы кмқК «Шағала» балабақшасы ІІ санатты ағылшын тілі пән маманы Ересектер тобы бойынша ағылшын тілінентехнологиялық карта Білім беру саласы: «Коммуникация»



Дата15.07.2018
өлшемі88.79 Kb.
Ботегулова Айнұр Советқызы

Атырау қаласы

КМҚК «Шағала» балабақшасы

ІІ санатты ағылшын тілі пән маманы

Ересектер тобы бойынша ағылшын тілінентехнологиялық карта

Білім беру саласы: «Коммуникация»

ҰОҚ: Ағылшын тілі

Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»

Апта тақырыбы: «Су қойма мекендеушілері»

Тақырыбы: «Fishes»

Мақсаты:


Білімділігі:Балалардың балық туралы білімдерін кеңейту, I catch a fish-мен балық ұстадым

Деген сөз тіркесін айтуға үйрету. Жаңа сөздермен таныстыру Балық – рыба- fish 

to catch-ловит-ұстау

I catch a fish-мен балық ұстадым.

Танымдылығы: Сөздік қорларын молайту.

Дамытушылығы: Сұраққа толығымен дұрыс жауап беруге дағдыландыру.

Тәрбиелілігі: Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Әдіс – тәсілдер: Тақырып бойынша бейнеролик.Түсінік беру.Әңгімелесу,сұрақ жауап алу. Дидактикалық ойындар.Қорытындылау

Жаңа сөздер:

Көрнекілер: Видео роликтер, Балықтың суреттері бар кубик, балықтар.



Әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс - әрекеті

Баланың іс – әрекеті

Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру (талпындыру)

Ok. Good morning, children
Let’s sing a song «Good morning»

(видео арқылы көрсету)

Good morning, good morning!

Good afternoon!

Good evening, good evening!

Good night, good night!

Nice to meet you too.

Nice to meet you too

Good bye, good bye

See you!!!





Үнтаспадан теңіздің дыбысы естіледі. Бейне таспадан «алтын балықтың» суреті көрінеді. Бір сәтте «алтын балық» сөйлей бастайды.

Балалар маған сендердің көмектерің керек болып тұр. Мен теңіздің қатты толқынымен судың жағасына шығып қалдым. Енді қайтіп теңізге жете алмай тұрмын. Енді теңіздің маған көмектескісі келмей тұр. Оның маған қоятын тапырмалары бар екен. Мен тапсырмаларын қарасам мен оны орындай алатын емеспін. Онда ағылшын тілінде тапсырмалар бар екен. Маған қиын болып тұр. Егерде сендер сол тапсырмаларды орындап берсеңдер теңіз мені қайтіп өзіне алып кетеді. Жылдамдатыңдаршы балалар мен сусыз өмір сүре алмаймын.
-Балалар көмектесемізбе?

-жарайды онда. Біз «алтын балыққа» көмектесуіміз үшін бірнеше ағылшын тілін үйренуіміз керек. Келісесіңдерме?


(Интерактивті тақтадан жұмбақтың жауабы шығады)
Жұмбақ: Жер бетіне бір шықпас,
Су түбінде тұншықпас.
Сөйлемейді, үндемейді,
Пісірсе оны кім жемейді. (Балық)

1. Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.

Good morning, teacher
Балалар орындарынан тұрып «Good morning» өлеңін айтады.

-иә, көмектесеміз.




  • Иә, Келісеміз.

Балалар жұмбақты шешеді




Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру

Өткен тақырыпты қайталау.

Дидактикалық ойын: «Find it»


Шарты: Өткен тақырыптарды еске ойын арқылы түсіру.Үстелдің үстіне өткен тақырыптар бойынша суреттер қойылады. Педагог бір баланы шығарып, бір суретті ағылшынша айтып соны тауып беруін сұрайды. Бала сол суретті тауып ағылшынша не екенін айтады.
Мыс:

-Amir find the onion?

-This is a onion.

-Is it right?

-Yes, it is.
Фонетикалық жаттығу.

(Видео ролик арқылы)

[sh-sh-sh]

Fish


[ch-ch-ch]

Switch


[ah-ah-ah]
Ok, let’s begin to our lesson. Our new theme is «Fishes» балық суда өсіп, өнеді. Сыртқа шықса өледі
-Балықтар қайда тіршілік етеді
Балықтар сусыз тіршілік ете алмайды. Көрегінде судан табады
-Балықтар тағы не жейді деп ойлайсындар? – Құрттар,жасыл шөптер
Балықрыба- fish 
Балықтынаузы бар да, тілі жоқ болады. Терісі бар да, Жүні жоқ екен. Қанаты бар, бірақ ол ұшпайды. Балықтын түрлері өте көп. Жайын, сазан, шортан, ала бұға
Шортан- жыртқыш балық, ал алабұға- адамға анық көрінеді, арқасында тікені болады, шортан- шабақтарды асайды. Жайынның азығы- бақа, шаян,сүліктер. Басы доғал, мұрты бар, аузы апандай, ұрты бар, түрі китке де ұқсайды
Сазан балық- күміспен апталып, теңгемен қапталады. Балық суда өмір сүреді, ол үнемі қимылдап, қанаттың көмегімен жүзеді, онын түрлері өте көп. Атырау қаласындағы Жайық өзені Каспий тенізіне барып құяды.Тенізде бекіре балық бар.Оларды біз бағалы, сиреп бара жатқан балық ретінде білеміз. Балықта адамдар тағам ретінде қолданады. Оны аулайтын адамдарды- балықшылар деп атайды. Балық аулайтын құралды – қармақ, ау деп атаймыз»
Жаңа сөздермен танысу.

Балық – рыба- fish 

to catch-ловит-ұстау

I catch a fish-мен балық ұстадым

fishing-rod- удочка-қармақ

fishing-рыбалка-балыққа аулауға бару

Д\ойын: «To catch a fish»

Шарты: Балалар көлден әр түрлі балықтарды көреді. Сол көлден қармақпен балықтарды ұстайды.Балықты ұстап оның қандай түс екенін ағылшынша айтып береді.

Мыс:- I catch a fish. This is a red fish.



  • I catch a fish. This is a yellow fish.

  • I catch a fish. This is a blue fish.

  • I catch a fish. This is a green fish.

Сергіту сәті

One fish, two fish, three fish, four fish, five fish

Six fish, seven fish, eight fish, nine fish,ten fish

La-la-la-la-la-la-la

La-la-la-la-la-la-la


Дидактикалы ойын: «Who is quicker»

Шарты: Кубик алты жағында алты түрлі балықтарю 1балық,2балық,3балық, 4 балық, 5 балық, 6 балық. Бір бала шығып кубикті лақтырғанда қандай балық шығады сол балықтың санын ағылшынша айтады.

Мыс: This is a one fish.

-This is a three fishes

-This is a five fishes

-This is a ten fishes



Өткен тақырыпты еске түсіреді.

Ойынға қызығушылықпен қатысады.

Балалар видео роликке назар аударып,әндетіп кейбір ағылшын дыбыстарын айтады.

[sh-sh-sh]

Fish

[ch-ch-ch]



Switch

[ah-ah-ah]

Балалар суреттерге қызығушылықпен қарайды және мұғалімді тыңдайды.
Өз ойларымен бөлісіп отырады.

Жаңа сөздермен танысады.

Педагогтан кейін бірнеше рет қайталайды.

Балалар балық аулау ойынына белснділікпен қатысады.

Балалар видео арқылы қимыл – қозғалыстарды жасайды.
Балалар кубикті лақтырып неше балық түссе ол балықтың санын ағылшынша айтады.


Рефлексия (орындаған тапсырмалар негізінде қорытынды шығарып, кемшіліктерді жою)

Бүгінгі өткен жаңа сөздерді қайталап, қорытындылау.

Бүгінгі жаңа сөздерді есімізге түсірейік.


-Балалар бүгін сендерге мынандар «Көңілді хабарлама»бергім келіп тұр.

-және барлықтарыңда бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар, сол үшін сендерге «алтын балық» беремін

-Well, Good for you. The lesson is over, good – bye. And now sing a song «Good – bye»




Балық – рыба- fish 

to catch-ловит-ұстау

I catch a fish-мен балық ұстадым

fishing-rod- удочка-қармақ

fishing-рыбалка-балыққа аулауға бару

-Good – bye, teacher.




Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Балық – рыба- fish 

to catch-ловит-ұстау

I catch a fish-мен балық ұстадым

fishing-rod- удочка-қармақ

fishing-рыбалка-балыққа аулауға бару сөздерін білу және түсіну.

Қандай түсініктерді игереді: Сұраққа толығымен дұрыс жауап беруді;

Меңгергені:Балықтар жайлы түсініктерді.

Толтырған:Ботегулова А.С.

КМҚК «Шағала» бақшасы

«Коммуникация» білім беру саласы

Ағылшын тілі

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.

Тақырыбы: «Fishes»

Ересектер тобы

Ағылшын тілі пән маманы:

Ботегуолва.А.С.

2017-2018 оқу жылы
























Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет