Ботаника пәні бойынша I –курс студенттеріне арналған оқу әдістемелік құралы



Дата01.04.2017
өлшемі383.72 Kb.

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Химия-биология факультеті

Биология кафедрасы

 

 



 

 

 



 

 

 



Ботаника пәні бойынша I –курс студенттеріне арналған оқу - әдістемелік құралы (сырттай оқу бөлімі)

 

 



 

 

(электронды оқулық)

 

 

 



 

 

 



 

 

Дайындаған:, аға оқытушы, биология ғылымдарының кандидаты Ш.Н.Дүрмекбаева

 

 

 



Көкшетау – 2003

 

 



 

 

I ТАРАУ. ӨСІМДІКТЕР КЛЕТКАСЫ

Клетка өсімдіктер мен жануарлар денесінің негізгі құрылымдық және функциональды бірлігі. Клетка жалпы құрылысы бойынша ұқсас: химиялық құрамы, құрылымы және клетка элементтерінің функциясы. Биологиялық табиғаты бойынша жаңа клетка түзілу қабілеттілігі – барлық клеткалы организмдерде бөліну арқылы аналық клеткадан пайда болады.

Өсімдіктер клеткасы бөлінуі тура, ядрода хромосома түзілмейді (амитоз), тура емес, ядроның кариокинезді (митоз) немесе редукциялық (мейоз) бөлінуі арқылы жүреді.

Өсімдіктер клеткасы клетка қабықшасы, протопласт және вакуольден тұрады. Клеткалар формасы әртүрлі. Олар шар тәріздес, көпқырлы, жұлдызша тәріздес, тікбұрышты және т.б. болуы мүмкін. Кең тараған екі формасы: 1) паренхималық клеткалар, барлық бағытта ұзындығы мен ені шамамен бірдей- шартәріздес, кубтәріздес, көпқырлы. 2) прозенхималық клеткалар, ұзындығы енінен бірнеше есе артық.

Клетка қабықшасы

Клетка қабықшасының атқаратын қызметі клеткаға су, газ және еріген заттардың таңдамалы келіп түсуін және олардың өсімдік бойында жылжуын, қор ретінде жиналуын анықтайды және өсімдіктер мүшелеріне беріктік және мықтылық қасиет береді.



Протопласт. Протопласт- клетка сұйықтығы, негізгі бөлігі тіршілік қабілеттілігін жүзеге асырады. Онда метазаттар тасымалдануы мен айналымы жүреді. Осы процестің күрделі құрылымы протопластының құрылымдық элементтерге-оргоноидтарға бөлінуіне байланысты.

Протопластың негізгі құрылым түзуші материал болып белокты –липидті мембрана саналады. Мембрана беріктік, созылмалы және таңдамалы өткізгіштік қасиеттерімен ерекшеленеді.



Ядро. Ядро ядро қабықшасы, кариолимфа, ядрошықтан тұрады. Кариолимфада ДНК және белок молекуласынан тұратын хроматинді жіпше және РНК-дан тұратын ядрошық болады. Осы заттардың молекуласында клетканың интерфазалы кезіндегі зат алмасуды анықтайтын және бөліну кезінде жаңа клеткаға тұқымқуалаушылық белгілерін беретін информация сақталады.

Цитоплазма күрделі коллоидты және құрылымдық жүйе. Онда протопластың ірі органоидтары (жарық микроскопы арқылы көрінетін )-митохондрия және пластидтер орналасқан.

Пластидтер-өсімдіктердің клеткасына ғана тән қос мембраналы органоид. Пластидтер туралы алғашқы мәліметтер Д.Левенгуктың (1676) еңбектерінде келтіріледі.

Пластидтерді зерттеумен А.Шимпер (1882) айналысып, оны 3 типке бөлді:1) түссіз (мөлдір) лейкопластар, 2) реңі жасыл хлоропластар және 3) реңі қызыл-сары, сары хромопластар. Бұл жүйелеу осы уақытқа дейін пайдаланылып келеді.

Пластидтерді зерттеуде К.А.Тимирязев, В.В.Сапожников, М.С Цвет, В.Н Любименко, Т.Н Годнев т.б.ғалымдар зор үлес қосты. Пластидтерді зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша олар ұрық пен түзуші ұлпалардың клеткаларында болатын түссіз пропластидтерден пайда болды.

Пропластидтер пішіні жағынан митохондрияға ұқсас, бірақ көлемі одан ірі. Бір қарағанда пропластидтер сырты қос мембранамен жабылған, іш жағында тығыз матриксі орналасқан сияқты көрінеді. Матриксте алғашқы кезде ретсіз орналасқан бірнеше ғана көпіршіктер санының артуына қарай пропластидтің көлемі де ұлғаяды. Қос мембрананың ішкі қабаты жиыры- лып, қабаттар түзіп, сыртқысынан біртіндеп алыстай бастайды. Матрикстегі қөпіршіктер бір-бірімен қосылып ламеллалар, ал олардың белгілі бір рет-ретпен орналасуынан грандар түзіледі.

Сол сияқты пластидтердің бір түрі екінші түріне айналып отырады. Мысалы, хлоропластар уақыт өте келе олардың пигменттерінің бұзылуынан хромопластар пайда болды. Оны күзде ағаш жапырақтарының реңінің қызыл-күрең, сары, қызғылт, сарғыш болып өзгеруінен байқаймыз.

Хлоропластар. Балдырлардың талломдары, жоғарысатыдағы өсімдіктердің жапырағы, жас сабағы, піспеген (шикі) жемістерінің клеткаларында болатын жасыл түсті пластидтер.

Жоғары сатыдағы өсімдіктерде хлоропласт пішіні дөңгелек немесе сопақша, линза тәрізді көбінсе дәнге ұқсас болып келеді. Сондықтан олар- дың клеткаларындағы хлоропласты хлорофилл дәндері деп, ал балдырлар клеткасында хроматофор деп атайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір клеткасында хлоропластың саны 1-2-ден 50-ге дейін жетеді. Мысалы, алма жапырағының клеткасында орта есеппен 50 шамасында. Хлоропластың көлемі жоғары сатыдағы өсімдіктерде 2-7 мкм, қалындығы 1-2 мкм. Тірі хлоропласт құрамында белок –50%, липидтер- 33%, хлорофиллдер 5-10%, каротиниодтар-1-2% және аз мөлшерде РНК мен ДНК бар.

Хроматографиялық әдіс бойынша М.Цвет хлорофиллдің 2 түрін тапты. Оның бірі хлорофилл “а” С/55 Н/72 О/5 N/4 Mg көкшіл-жасыл пигмент, екіншісі хлорофилл “в” С/55 Н/70 О/6 N/4 Mg сарғыш жасыл пигмент.

Хлоропласт құрамында тағы да қызғылт пигмент каротин –С/40 Н/56 және сары түсті пигмент ксантофилл- С/40 Н/56 О/2 бар. Қазіргі кезде хлорофиллде “с” және “d” пигменттерінің барлығы белгілі.

Хлорофилл – көміртегі, сутегі, оттегі және азот атомдары мен Mg атомдарынан тұратын күрделі органикалық қосылыс.

Хлоропластың пигменттік құрамы өсімдіктердің жүйелілік топтарына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, көк жасыл, жасыл, қызыл қоңыр

балдырлар мен жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің хлоропластарында хлоро- филл “В”, диатомды, қоңыр балдырлар хлоропластарында хлорофилл “С” басым.

Хлоропластың құрғақ затының орта есеппен 35-55 проценті белоктан, 20-30 проценті липидтерден, 9-10 процент хлорофиллден, 5-4 проценті каротиноидтардан тұрады. Бұл химиялық құрам өсімдіктердің түріне, жасына, клетканың атқаратын қызметіне және орта жағдайларының әсеріне байланысты өзгеріп отырады. Сонымен қатар, хлоропласта дезок-сирибонуклеин (ДНК), рибонуклеин (РНК) қышқылдарының, Е.К витамин-дері мен А, Д провитаминдерінің барлығы белгілі болды.

Хлоропластың құрылымы электрондық микроскоптың шығуымен анықталған. Хлоропласты қосқабатты мембрана қаптап тұрады. Бұл мембрананың жартылай өткізгіштік, сұрыптаушылық қасиеті бар. Мембрана арқылы хлоропласт цитоплазмадан бөлінеді. Ал ондағы саңылаулар арқылы цитоплазма мен хлоропласт арасында үнемі зат алмасу процесі жүреді. Хлоропластың сыртқы және ішкі мембрана аралығындағы қуысының ені 10-20 нм.

Хлоропластың строма (грекше строма –дене) немесе матрикс деп аталатын денесі гидрофильді белокты-липоидты қосылыстан тұрады. Хлоропластың стромасында оған кесе көлденең орналасқан ламеллалар немесе тилакоидтар деп аталатын қос мембраналы тақталы құрылымдар бар. Ламеллалар бір-біріне параллель жанаса келіп, топтасып аса ұсақ денелер – грандар түзеді. Грандардағы ламеллалардың ұштары бір-бірімен жалғасып, тұйықталуынан диск пайда болады. Стромадағы грандар гранаралық тилокоидтар арқылы байланысады. Хлоропластың пигменттері стромада шашырамай ламеллаларда жинақталған, сондықтан олардың топтасуынан пайда болған грандардың жасыл реңі түссіз стромада айқын байқалады. Хлоропласың стромасындағы тилакоидтар жүйесінен басқа рибосомалар, крахмал дәндері, ДНК жіпшелері және пластоглобулдар (липид құрылым) бар.

Хлоропластар жай бөліну арқылы көбейеді. Оның басты қызметі-фотосинтез, яғни күн сәулесінің жарық қуатын пайдаланып, органикалық емес заттардан органикалық қосылыстар түзуі. Фотосинтез кезінде алғашқы түзілетін қарапайым моносахаридтер (қанттар) полимерленіп, крахмалға тағы басқа да полисахаридтерге айналады. Сөйтіп хлоропластарда алғашқы крахмал ұсақ дәндер түрінде, ал қор заттары жиналатын мүшелердің лейкопласталарында (амилопластарда) соңғы крахмал түрінде жиналады. Фотосинтездің нәтижесінде органикалық заттардың қоры түзіледі, атмосфера үнемі оттегімен толықтырылып, көмір қышқыл газынан тазартылады. Демек, хлорофилл жер бетіндегі тіршіліктің қайнар көзі болып саналады.

Хромопластар. Хромопластардың пішіні дөңгелек, таяқша, ұршық, үшбұрыш тәріздес. Мұндай сан түрлі пішінді болуы каротин және ксантофилл пигментерінің кристалданып, пластид стромасында жинақталуына байланысты. Хромопластардың стромасында мембраналы жүйе болмайды нәмесе нашар жетіледі.

Хромопластардың қызметі әлі де толық анықтала қойған жоқ. Олардың пигментік құрамында хлорофилл болмайтындықтан фотосинтезге қа-тыспайды.



Лейкопластар. Реңі мөлдір (түссіз), пішіні дөңгелек, ультрақұрамы жағынан пропластидтерге жақын, бірақ олардан көлемдірек, ірірек. Лейкопластар пластидтердің ішіндегі ең ұсағы. Клетка ішінде ядроны айнала топтасып орналасады. Лейкопластар өсімдіктердің күн сәулесі түспейтін мүше- лері:тамыр,тамыр-сабақ, түйнектер мен тұқымдарының клеткаларында кез-деседі.

Лейкопластардың негізгі физиологиялық міндеті-органикалық заттардың қорын жиынақтау. Крахмал қоры жиналатын лейкопластар аминопластар деп аталады. Мұндай лейкопластарда фотосинтез кезінде пайда болатын қанттардың полимерленуінен соңғы крахмал жиналады. Кристалдар немесе аморфты туынды зат ретінде белок қорға жиналатын лейкопластар протеинпластар деп, ал май тамшылары жиналатын лейкопластар алоепластар (элайопластар) деп аталады.



Өсімдіктер клеткасының негізгі ерекшеліктері:

  1. Әрбір клеткада өзіндік сыртқы қаңқа- клетка қабықшасының болуы;

  2. тұрақты вакуольді жүйенің болуы;

  3. өсімдіктердің жоғары синтездік қабілеттілігіне байланысты протопласта арнайы органелла – пластидтердің болуы;

  4. эргастикалық қосындылардың жиналуы: әртүрлі қоректік қор заттары (клетканың барлық бөлімдерінде) және зат алмасудың зиянды өнімдері (вакуольде);

  5. кариокинезде центриольдің болмауы және фрагмопластың цитокинезде пайда болуы.

Цитоплазма қозғалысы.

Өсімдіктер клеткасына тірі организмнің барлық функциялары тән: қоректену, тыныс алу, қозғалу, көбею және т.б.. Тіршілік процестерін толық теориялық курста қарастырады. Студенттер лабораториялық-практикалық сабақтарда цитоплазма қозғалысы, тургор, плазмолиз және деплазмолизді қарастырады.

Клеткада цитоплазманың екі түрлі қозғалысы бар: ротациялық (айналмалы) және циркуляциялық. Цитоплазманың ротациялық қозғалысы клетка ортасында ірі орталық вакуольдің болуы кезінде, ал циркуляциялық қозғалыс клеткада бірнеше вакуоль болғанда байқалады.

Тургор, плазмолиз және деплазмолиз құбылысы.

Тургор және плазмолиз – цитоплазманың жартылай өткізгіштік қасиетіне, яғни су мен минералды заттарды өткізу, ірі молекулалық ерітіндіні ұстап қалу қасиеттеріне негізделген клетканың физиологиялық қасиеті. Клеткаға жеткілікті мөлшерде су келіп түскенде, клетка шырынына сіңірілген су, қабырғаны керіп, протопластқа қысым түсіреді, клетканы ісінген қалыпқа келтіреді. Клетканың осындай күйін тургор деп атайды.

Тургорға қарама- қарсы құбылыс, протопласт клетка қабықшасынан алшақтап, суды жоғалтуы плазмолиз құбылысы деп аталады. Осы құбылысты жасанды түрде туғызуға болады. Клеткаға гипертониялық ерітіндімен (осмос қысымы клетка ішіндегі осмос қысымынан жоғары, мысалы: сахароза, калий, натрий селитрасы, глицерин) әсер ету қажет.

Ал, клетканы гипотоникалық ерітіндіге салғанда, яғни таза суға батырса су цитоплазмаға еніп, вакуоль көлемі ұлғаяды, клетка тургорлық күйге келеді. Осы құбылыс деплазмолиз деп аталады.

Өсімдіктердің қоректік заттар қоры – майлар, белоктар, көмірсулар өсімдіктерге қажет және әртүрлі уақытта пайдаланылады.

Майлар май тамшылары ретінде клетка органелласы – сферосомода жиналады. Әсіресе, майға өсімдіктердің тұқымдары мен жемістері бай.

Белоктар- протеиндер клетка шырынында жиналады. Вакуоль солғанда алейрон дәндері түзіледі. Вакуоль солғанда алейрон дәндері түзіледі. Белоктарға астық және бұршақтұқымдас өсімдіктері бай.

Көмірсулар- өсімдіктерде кең тараған қоректік қор заты. Суда еритін көмірсулар – глюкоза, фруктоза, сахароза, инулин клетка шырынында жиналады.

Крахмал өсімдіктерде кең тараған қоректік қор заты болып саналады. Ассимиляциялық (алғашқы) крахмал хлоропластарда фотосинтез нәтижесінде түзіледі. Қорға жиналған (соңғы) крахмал түссіз пластидтер лейкопластар қатысуымен түзіледі және крахмал дәндері түрінде тамырда, түйнекте, тұқымда, сабақтың ішкі құрылысында жиналады. Крахмал дәндері лейкопластар ішінде түзуші орталық пайда болады да, айналасында крахмал қабаттары түзіледі. Крахмал дәндері түзуші орталық санына байланысты үшке бөлінеді. Жай крахмал дәнінде түзуші орталық саны біреу болады және айналасында крахмал қабаттары орналасады. Күрделі крахмал дәндері түзуші орталық саны бірнешеу болады және айналасында крахмал қабаттары болады. Жартылай күрделі крахмал дәндерінде түзуші орталық саны бірнешеу және әрбір орталықтың өз қабаты бар және барлық дәндерге ортақ крахмал қабаттары да болады.

Крахмал дәндерінің формасы, құрылысы және мөлшері ұнның сапасын, дәрілер дайындауда крахмал тазалығын анықтауда жақсы диагностикалық белгі болып саналады.

Минералды тұздардың кристалдары вакуольдің клетка шырынында кездеседі. Оның ішінде қымыздық қышқыл кальций кристалдары кең тараған. Кристалдар формасы әртүрлі, жекелеген, друздар- кристалдардың жұлдызша тәріздес бірігуі, рафидтер- ине тәріздес клеткалардың шоғыры.

Клетканың бөлiнуi.

Тiрi организмдердің негiзi клетканың биологиялық қасиеттерiнiң бірі - бөлiнуге қабiлеттiлiгi. Клетка бөлiнуiнің үш әдісі бар.

1.Амитоз, 2.Митоз. 3.Мейоз.

Митоз жануарлар мен өсімдіктер клеткасының негізгі бөліну жолы. Эукариотты клеткалардың бөлінуі 2 сатыдан тұрады митоз және цитокинез. Митоз- ересек ядродан морфологиялық және генетикалық жағынан ұқсас екі жас ядроның пайда болуы.

Цитокинез – клетканың цитоплазмалық құрамының екіге бөлінуі нәтижесінде екі жас клетканың пайда болуы. Митоз және цитокинез езеңдері міндетті түрде қатар жүреді. Митоз 4 фазадан тұрады.

 

 



Клетка тақырыбы бойынша коллоквиум сұрақтары:

  1. Микроскоп қандай құрал, оның көрсету мүмкіндігі қандай ?

  2. Микроскоп қандай бөліктерден тұрады?

  3. Микроскоптың оптикалық бөлігінің құрылысы мен қызметін түсіндіріңіз?

  4. Механикалық бөлігінің құрамы мен қызметін атаңыз?

  5. Микроскопты жұмысқа қосу үшін қандай дайындық жұмыстарын атқару қажет?

  6. Окулярға дұрыс қарау дегенді қалай түсінесіз, оның мәні неде?

  7. Окулярмен қарап, макрометрендік бұранда арқылы (сағат тілінің бағына бұрап) тубусты неге төмен түсіруге болмайды?

  8. Препараттағы объектіні кіші объективпен қарауды қалай жүзеге асырасыз?

  9. Кіші объективтегі препаратты үлкен объективпен қарау үшін оны қалай ауыстыруға болады?

  10. Микрометрендік бұранданы қай уақытта, қандай тәртіппен пайдалану қажет?

  1. Зат үстелшесінің жиегіндегі бұрандалар не үшін керек?

  2. Жұмыс аяқталғаннан кейін микроскопты қандай қалыпта қою қажет?

  3. Уақытша препараттың тұрақты препараттан айырмашылығы қандай?

  4. Жабын және зат әйнектері және т.б. микроскоппен жұмыс жасауға қажетті жабдықтардың әрқайсысы не үшін керек?

  5. Пішініне қарай клеткаларды қандай екі топқа бөлеміз?

  6. Өсімдіктер клеткасы қандай екі бөлікке (протопласт және қалған бөлігі) бөліп қарастырамыз? Бұлардың бір-бірінен негізгі айырмасы неде?

  7. Қандай органеллалар цитоплазманың субмикроскопиялық құрылымын құрайды?

  8. Ядроны құрылымдық элементтері, химиялық құрамы және атқаратын қызметі қандай?

  9. Мацерацияланған клеткалар деп қандай клеткаларды атаймыз? Оның себебі неде?

  10. Жарық микроскопымен қарағанда клетка құрылысының қандай бөліктерін көреміз?

  11. Хлоропласттың пигменттік құрамы , атқаратын қызметі қандай?

  12. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің хлоропласты мен төменгі сатыдағылар хроматофорларының пішіндері қандай?

  13. Хлоропластың мембраналық құрылысы ( строма , тилакоидттар немесе ламеллалар, грандар) неден тұрады?

  14. Алғашқы крахмал қандай процестің нәтижесінен пайда болады?

  15. Цитоплазма органеллалар және олардың атқаратын қызметі қандай?

  16. Цитоплазма мембраналары және олардың маңызы.

  17. Цитоплазма, оның негізгі плазмасы (гиалоплазма немесе матрикс ) туралы түсінік.

  18. Цитоплазмада қимылдың қандай түрлерін байқауға болады?

  19. Цитолплазмада плазмолиз құбылысының байқалуы неден?

  20. Цитоплазма деплазмолиз қалпына қалай келтіріледі?

  21. Пластидтердің қандай типтері бар?

  22. Пластидтердің шығу тегін, дамуын және бір түрінен екіншісіне ауысуын қалай түсіндіруге болады?

  23. Лейкопласт өсімдіктердің қандай мүшелерінің клеткаларында кездеседі және оның қандай реңі болады?

  24. Атқаратын қызметіне байланысты лейкопластар қандай топтарға бөлінеді?

  25. Өсімдіктердің қандай мүшелерінің клеткаларынан хромопласты жиі кездестіреміз?

  26. Хромопластың пигменттік құрамын атаңыз?

  27. Хромопластар пішінінің алуан түрлілігі неліктен?

  28. Хромопластың биологиялық маңызы неде?

  29. Алғашқы крахмал мен соңғы крахмалдың арасында қандай айырма бар?

  30. Крахмал дәнінің типтерін атаңыз?

  31. Жай, күрделі және жартылай күрделі крахмал дәндері қалай пайда болады?

  32. Клеткадағы қор заттарын – крахмал, белок және майды қандай реактивтермен анықтауға болады?

  33. Қор заты ретінде майдың крахмал мен белоктан қандай артықшылықтары бар?

  34. Қарапайым және күрделі алейрон дәндерінің бір- бірінен айырмасы неде?

  35. Клетка шырыны дегеніміз не, оның құрамы қандай ?

  36. Клеткада қымыздық қышқыл кальций кристалдарының пайда болуының биологиялық мәні неде?

  37. Қымыздық қышқыл кальций кристалдарының түрін атаңыз?

  38. Өсімдіктердің қандай мүшелерінің клеткаларынан қымыздық қышқыл, кальций кристалдарын кездестіруге болады?

  39. Клетка қабықшасы қандай негізгі қызметтер атқарады?

  40. Клетка қабықшасының пайда болуына клетканың қандай органеллалары қатынасады?

  41. Клетка қабықшасы мен плазмалемманың бір- бірінен айырмашылығы неде?

  42. Алғашқы және соңғы клетка қабықшасының арасында құрылымы және химиялық құрамы жағынан қандай айырмасы бар?

  43. Қарапайым және жиекті саңылаулардың бір- бірінен айырмалары неде?

 

НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Васильев А.Е. Ботаника. Морфология и анатомия растений. М.: Просвещение, 1988.

2. Васильев А.Е, Воронин Н.С и др. Ботаника. Анатомия и морфология растений. М.: Просвещение, 1978.

3. Курсанов Л.И. и др. Ботаника. Т. 1, М., 1966.

4. Кудряшов З.И., Зубкевич Г.И. Курс лабораторных занятий по морфологии растений. Минск, 1970.

5.Ағалеуов Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.

6. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.

7. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы, 1994.



ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Табиғат жағдайында өткізілетін өсімдіктану практикасы. Алматы, 1996.

2. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша – қазақша сөздігі. Алматы, 1996.

3. Хржановский В.Г., Пономаренко С.Ф. Ботаника. М., 1982

4. Жуковский П. М. . Ботаника. М., 1964

5. Эзау К. Анатомия семенных растений. М., Т.Мир ,т.1,2. 1980



II- ТАРАУ. ӨСІМДІКТЕР ҰЛПАЛАРЫ.

  1. Шығу тегі, құрылысы ұқсас бір немесе бірнеше функция атқаратын тұрақты, яғни заңды жүйемен қайталанып отыратын клеткалар жиынтығы. Өсімдіктердің құрылысы көптеген миллион жылдар барысында күрделенді. Эволюция процесінің барысында жаңа ұлпалар пайда болады, ұлпалар құрамына кіретін әртүрлі клеткалар типтерінің саны да артты. (Мысалы, бактериялар мен примитивті балдырларда барлық клеткалар бірдей, тек клетканың ерекшеленуі ғана байқалады. Мүктерде - 20, папоротниктәрізділерде 40 - қа жуық, ал жабықтұқымды өсімдіктерде – 80 ке жуық клеткалардың әртүрлі типтері бар. 1988 жылы профессор Н.С. Воронин классификациясы:

І. Түзуші ұлпалар (меристема)

1. төбе (апикальды)

2. жанама (бүйір)(латеральды)

а) бірінші ретті (прокамбий, перицикл)

б) екінші ретті (камбий, феллоген)

3. қыстырмалы (интеркалярлы)

4. зақымданушы (травматич)

ІІ. Ассимиляциялық ұлпалар.

ІІІ. Қор жинаушы ұлпалар.

IV. Аэренхима.

V. Қорғаныш ұлпалар.

1. Газ алмасу және транспирация қызметін реттеу және механикалық қызмет атқаратын сыртқы жабындық ұлпа.

а) бірінші ретті (эпидерма)

б) екінші ретті (перидерма)

в) үшінші ретті (қабық және ритидом)


  1. Сору қызметін қамтамасыз ететін сыртқы қорғаныш ұлпа.

а) ризодерма, б) веламен

  1. Заттардың өтуін реттейтін қызметті қамтамасыз ететін ішкі қорғаныш

ұлпа.

а) эндодерма, б) экзодерма, в) жапырақтың өткізгіш шоқтарының клетка лары.



VI. Бөліп шығарушы ұлпалар.

  1. Сыртқы: а) бізді талшықтар (трихондар) және өсінділер (эмергенцы).

б) нектарниктер.

в) гидатодтар.

2. Ішкі: а) бөліп шығарушы клеткалар (эфир майлы, смолалы, танинді)

VII. Механикалық (тірек қызметі) ұлпа


  1. Колленхима.

  2. Склеренхима, а) талшық, б) склереид.

VIII. Өткізгіш ұлпа.

  1. ксилема (сүрек)

  2. флоэма (өзек)

Меристемадан басқа ұлпалар тұрақты ұлпалар деп аталады.

2. Түзуші ұлпалар. Жануарлардан өсімдіктердің айырмашылығы - жаңа ұлпалар мен мүшелер түзе отырып, ұзақ уақыт өсуі. Мұндай өсу түзуші және меристема арқылы жүзеге асады. Меристема ерекшеленбеген, көп рет бөлінуге қабілетті клеткалардан тұрады (сыртқы түрі бойынша ұқсас). Меристема өсімдіктерде өмір бойы сақталады, (ағаш өсімдіктерде мыңдаған жылдар бойы), құрамында инициальды клетка болады, меристематикалық ерекшелігін сақтап бірнеше рет бөлінуге қабілетті. Осы инициальды клеткадан өсімдіктің барлық денесі бастама алады. Ал қалған меристема клеткалары инициальдың туындылары болып табылады, олардың бөлінуі шектеулі, ақырында тұрақты ұлпаға айналады.

Төбе меристемасы сабақтың жоғарғы бөлігі мен тамыр ұшында орналасады, олар ұрықтың эмбриональды клеткаларынан бастама алады.

(арех - төбелік) - латын тілі)



Жанама және латеральды меристема - көлденең кесіндісі сақина тәрізді болып келетін осьті мүшелерде цилиндрлі қабат түзеді.

Бірінші ретті латеральды ұлпа - прокамбий, перицикл деп аталады, екінші ретті латеральды ұлпа - камбий және феллоген деп аталады. Камбий – бір қатарлы клеткалар қабаты, камбий сабақ пен тамырдың жуандап өсуін қамтамасыз етеді. Камбий сүректің және өзектің клеткаларын түзеді.



Интеркалярлы меристема дара жарнақты өсімдіктің сабағының буын аралықтарының негізінде орналасқан. Төбе меристемасының қалдығы болып табылатын әрбір жеке буынаралықтың өсуін қамтамасыз етеді.

Жарақаттанған меристема өсімдіктің жарақаттанған кез - келген мүшесінде пайда болады. Клеткалардың бөлінуі нәтижесінде жарақат жазылып, одан соң клетка тұрақты ұлпаға ерекшеленеді.

Ассимиляциялық ұлпалардың басты атқаратын қызметі - фотосинтез. Ассимиляциялық ұлпалар қарапайым құрылысты, бірдей паренхималық клеткалардан тұрады. Мұндай ұлпаны хлорофиллді паренхима және хлоренхима деп атайды.

Ассимиляциялық үлпа өсімдіктің (денесінде) жапырағында, жас сабағында және жасыл жемісінде болады. Клеткаларда көп санды хлоропластар болады.



3. Қор жинаушы ұлпа. Өсімдікте синтезделген заттар өсімдік мүшелерінде қор күйінде жинақталуы мүмкін. Қор жинақтаушы ұлпалар өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде орналасады. Бір жылдық өсімдіктерде қоректік артық заттар тұқымында жиналып, үрықтың дамуына жұмсалады. Көп жылдық өсімдіктер артық қор заттарды бұтақта, тамырда, тамырсабақта, түйнекте, пиязшықта жинайды да, бұл заттар тыныштық күйден соң жұмсалады. Қор жинаушы ұлпа тірі паренхима клеткадан тұрады. Қор жинаушы ұлпаларда әртүрлі заттар қатты және еріген күйде жиналуы мүмкін. Қатты күйде крахмал және белок қоры (алейрон дәні). Еріген күйде қант.болады. Мысалы: қызылша мен сәбіздің тамыржемісінде , сарымсақтың пиязшығы.

Кейбір өсімдіктерде қор заттар болып клетка қабықша құрамына кіретін гемицеллюлоза болып табылады. Мысалы: финик пальманың тұқымының жуан клетканың қабықшасында көп мөлшерде гемицеллюлоза кездеседі. Тұқым өнгенде гемицеллюлоза ферменттер әсерінен қантқа айналады.

Судың жетіспеушілігінен периодты түрде қажет ететін өсімдіктер кейде ерекше су жинаушы ұлпалар түзеді. Мұндай ұлпалар ірі жұқа қабырғалы паренхима клеткалардан тұрады. Мысалы: алоэның жапырағы, кактустың сабағы.

Аэренхима -Барлық мүшелермен ұлпаларда клетка аралықтар болады. Егер ұлпаның өте ірі аралықтары болып, бірінші атқаратын қызметі вентиляция газ алмасу болса, ол ұлпа аэренхима деп аталады. Аэренхима клеткалары әр түрлі пішінде болады. Мысалы: тұңғиық (кувшинка) жапырағының сабағының клеткалары домалақ, елекшөп (ситник) сабағының клеткалары жұлдызша тәріздес. Кейде аэренхима құрамына механикалық, бөліп шығарушы клеткалары кіреді. Аэренхима суда және батпақта өсетін өсімдіктерде жақсы жетілген.

4. Шекаралық ұлпа. -Жабындық ұлпалар 2 түрлі болады.. Сыртқы - яғни өсімдікті сыртқы орта -топырақ және атмосферамен байланыстырады, ішкі - әр түрлі ұлпаларды бөліп тұрады.

Сыртқы шекаралық ұлпа газ алмасу, транспирация, механикалық, қорғаныш қызмет атқаратын ұлпа жабындық ұлпа деп аталады. 3 түрі бар.

1 ретті жабындық ұлпа - эпидерма бұтақтың беткейінде (жапырақ, сабақ),

2 ретті жабындық ұлпа -перидерма,

3 ретті қабық - сабақ және тамырда болады.

Ішкі шекаралық ұлпалар әр түрлі мүшелерде эндодерма тамырда және сабақта, экзодерма тамырда болады.



Шекаралық ұлпалардың жалпы ерекшеліктері өсімдіктің денесін сыртқы ортамен және ішкі ұлпаларды бір - бірінен толық бөліп тастамайды, себебі мұндай геометриялық шектеу мүмкін емес, өйткені өсімдік және оның барлық ұлпалары үздік зат алмасу күйде болады. Шекаралық ұлпалар - физиологиялық барьер түрде болады, яғни заттарды таңдап өткізіп, жылдамдығын реттейді. Шекаралық ұлпалардың екінші ерекше көп функция атқаруында, бір ұлпа - сору және бөліп шығару қызметін атқаруы мүмкін. Үшінші ерекше заңды түрде мүшелердің жасына байланысты өзгеруіне сай бірі екіншісіне ауысуы мүмкін, бір ұлпа жасына сай қызметін өзгертуі мүмкін. Мысалы: эпидерма жас (бұтақты, сабақты) жауып тұрса, кәрі сабақта, бұтақта перидермаға айналып, одан соң қабыққа айналады.

Эпидерма - (эпи - сыртқы, дерма - тері) -ең сыртқы тобынан құралған жапырақты және жас сабақты жауып тұрады. Эпидерманың басты қызметі- транспирация азайту және газ алмасуды реттеу. Сонымен қатар ішкі ұлпаларды зақымданудан қорғап, мүшелерге беріктік қасиет береді. Эпидерма арқылы сыртқа эфир майы шығады. Эпидерма күрделі ұлпаларға жатады. Құрамына әр түрлі морфологиялық клеткалар кіреді.

  1. Эпидерманың негізгі клеткалары

  2. Усьтиценің түйістіргіш және қосымша клеткалары.

  3. Трихомдар, яғни эпидерма клеткаларының өсінді түріндегі туындылары.

Эпидермада устьице клеткаларының типтері:

  1. Аномоцитті (ретсіз) устьиценің жанама клеткалары болмайды.

  2. Анизоцитті (тең клеткалы емес) устьице 3 жанама оның 2 бірдей, 1 кішілеу клеткаларын қоршаған.

  3. Парацитті (ІІ клеткалар) - 1 немесе бірнеше жанама клеткалар устьиценің ұзындық өсіне ІІ орналасады.

  4. Диацитті (аиқас) устьиценің 2 жанама клеткалары болады, олардың бір - біріне ортақ қабырғасы өзінің, ұзындық өсіне перпендикуляр орналасады.

  5. Актиноцитті (жұлдызша сәулелі клеткалар) - устьице бірнеше жанама клеткалармен қоршалған, олардың ұзындық өсі түйістіргіш клеткаларға радиальды (сәулелі)орналасады.

Эмергенцтер - эпидерма клеткаларына терең жатқан ұлпа клеткаларынан пайда болады.

Перидерма - күрделі көп қабатты ұлпа, құрылысы және атқаратын қызметі әр түрлі клеткалар тобынан тұрып, олар мынадай ұлпа түзеді.

а). Феллема (тоз) - негізгі қызметі қорғаныш,

б). феллоген (тоз камбий) - нәтижесінде период ұзақ уақыт жанына қарай

өседі.

в). феллодерма феллогеннің қоректену қызметін атқарады.

Қыртыс - сүректі өсімдіктерде болады.

Ризодерма немесе эпиблема - тамырдың ұшын қоршап тұрады, сол арқылы топырақтан су және миниралды тұздарды өткізеді. Ризодерма арқылы тамырдан топыраққа зат бөлініп, ол топырақтың қоректенуіне пайдаланылады.

Велламен - ризодермаға ұқсас көп қабатты болып келеді. Велламен клеткалары өледі, сонда суды осмостық жолмен емес, капилярлы әдіс арқылы сіңіреді.

Бөліп шығарушы ұлпалар - сыртқа бөліп шығаратын безді талшықтар - эпидерма туындысы. Мысалы: (пеларгонияның безді талшығы көп клеткалы аяқша және бір клеткалы басынан тұрады, кутикула мен целл қабықшааралығындағы кеңістікке эфир майын шығарады. Нектарниктер қантты сұйықтық (нектар) бөледі. Ол өсімдіктің гуминді (жатынның түбінде, күлте жапырақтарда болады).

Гидатодтар - сыртқы тамшы сұйық суды және онда еріген тұздарды бөліп шығарады.

Ішкі секреция ұлпалары - еерекше қуыс түзеді. Мысалы: қылқан жапырақтарда смала жолы немесе сүтті түтік, яғни клеткалары сүтті шырын (латекс) секреттейді. Бразилия гевеяның латекс нағыз каучуктың негізгі көзі болып табылады.

Ішкі бөліп шығарушы ұлпаға - бөлуші клеткалар - идиобластор, көп клеткалы сүт жолдары, шайыр каналдары және бөлінген заттарды жинақтайтын қуыстар жатады. Идиобластор - ұлпадағы біркелкі клеткаларының арасында кездесетін құрамы, құрылымы және пішіні өзгеше клеткалар тобы: Олар кальций оксалатын, терпендерде, шырыштарды жинайды. Эфир майлы идиобластор лавр және магнолия тұқымды өсімдіктеріне тән.Бөлінген заттарды жинақтайтын қуыстар пішіні, мөлшері, шығу тегі бойынша әртүрлі.

а) схизогендік - клетка аралық рет қалыпты да, іші бөлінген бөлінген заттарға толып, тірі эпителий клеткаларын қоршап, олар шатыр, аралия күрделі гүлдер және қылқан жапырақтыларға тән.

б) Лизигенді - бөлінген заттар жинақтағаннан соң, ыдырап бұзылатын клеткалардың орнына пайда болады. Мысалы: эфир майы бар лизогендік қуыс цитрус тұқымының жемісінің сыртқы қабығында жақсы дамыған (лимон мен апельсин).

Сүтті түтік немесе сүт жолдары - вакуольде сүтті шырынды болатын тірі клеткалар. Сүтті шырын құрамында қоректі қорлы заттар амин қышқылы, қант, белок алмасуының соңғы өнімі алканойд, гликозойд, илек зат (каучук) болады.

Тарамдалған сүт жолы - сүттіген тұқымына тән.Сүт жолдар мүшесі өзара қосылған, өте үлкен жалғыз клетка.

Тарамдалған сүт жолы көкнәр күрделі гүлділер тұқымына тән, ол көп клеткалардан түзілген, олардың көлденең клетка қабырғалары бұзылады.

Шайыр жолдары - өсімдіктердің әр түрлі мүшелерінде және ұлпаларда орналасады.

Механикалық ұлпа - өсімдіктерде тірек қызметін атқарады. 2 типі бар: колленхима және склеренхима - түрлері бұрышты, пластинкалы, борпылдақ. Механикалық ұлпа клеткасының беріктілігі мен қаттылығы, клетка қабықшасының жуандап және сүректенуіне байланысты. Жапырақтың, шөптесінді сабақтың, гүлдің берік болуы - тургарға байланысты - клеткалардың қабықшаның қозған күйі.

Колленхима - паренхималық ұлпа, көлденең кесіндісінде 4-5 қырлы клетка қабырғалары жартылай қалыңдаған, сондықтан клетканың тірі құрамдары склеренхимадай өлшенеді, онда хлоропластар болады.

Бұрышты колленхима клетканың бұрышы қалыңдаған (сабақта, жапырақта және табақшада кездеседі) табақшалы калленхиманың клеткаларының тангентті қабырғалары (сыртқы және ішкі) қалыңдаған (алма, қарақат, бүлдіргеннің жапырақтарының сабағы мен сабақтарда болады).

Борпылдақ колленхима - клетка аралықтары жақсы дамыған. Клетка қабығының клетка аралығымен шектескен жері ғана қалыңдаған (ақботаның сабағы мен жапырағында кездеседі).

Склеренхима – ұзын прозенхималық клеткалар болып саналады.



Өткізгіш ұлпа. Тамыр арқылы енген және жапырақта түзілген заттардың таралуы өткізгіш ұлпалар жүзеге асырады,. Өткізгіш ұлпа 2 бөлімнен тамыр арқылы енген су минералды заттары жапыраққа, гүлге және жеміске жеткізеді (ксилема бойымен ) төмен жоғары апарушы, (ксилос- сүрек ) .

  1. Жапырақта синтезді заттар ( сахароза ) жапырақтан тамырға қарай өту. (Жоғарыдан төменге қарайй ) флоэма арқылы (өзек).

Ксилема мен флоэма ерекшелігі.

  1. Олар өсімдік денесінде үздіксіз тарамдалған жүйе түзіп, барлық мүшелерді байланыстырады.

  2. Ксилема мен флоэма күрделі ұлпа , құрамына әртүрлі элементтер өткізгіш, механикалық, қор жинайтын және бөліп шығарады.

  3. Ксилема және флоэмада өткізгіш элементтер созылған.

  4. Өткізгіш элементтердің қабырғасында заттардың өтуі үшін поралар және саңылаулар (перфорация) болады. Ксилема мен флоэмада қатар орналасқан -қабат түзейді, ол өткізгіш шоқтар деп аталады., өткізгіш шоқта олар әртүрлі орналасуы мүмкін. Бірнеше түрі бар.

  1. Коллетаральды ашық шоқ флоэма мен ксилеманың арасында камбий болады, биколлетаральды ашық шоқ ксилема, флоэма аралас болады (асқабақ). Жабық шоқта камбий болмайды, концентрлі шоқта ксилема флоэманы қоршаса - амфивазальды шоқ флоэма ксилеманы қоршаса - амфикрибральды .

Ксилема - трахея, трахеид, негізгі паренхималық, арқаулық ұлпалардан тұрады.Трахеид - үздіксіз бірнеше мм, ені 1 мм - ден оннан және жүздей бөлігі келетін прозенхималық клеткалар, өлі клеткалар, суды өткізгіш және арқаулық қызмет атқарады.

Трахея (түтіктер) - ұзындығы бірнеше см - ден 1 мм - ге жететін түтіктер. Мысалы: емен түтігі - 2мм, мұнда -5 мм - ге тік орналасқан паренхималық клеткалар, олардың өзара түскен көлденең қабырғалары бұзылады да, арасын тесіп өтетін перфорация қалық трахеяны түзетін клеткаларды олардың бұтақты мүшелері деп атайды, клетка арасындағы көлденең клеткаларды перфорация табақшасы деп атайды. Клетка қабығынық қалыңдығына байланысты - бұрамдалы, шығыршықты, баспалдақты, торлы, нүктелерді ажыратады.

Тилл - кәдімгі паренхималық клеткалар, қабырғалардағы саңылаулар арқылы түтікке енеді де, өсе келе оның қуысын жауып, ешнәрсе өтпейтін етеді (емен, қарағай, шетен түтіктерінде).

Ксилеманың құрамындағы арқаулық ұлпа склеренхима - либриформ немесе сүректі талшық деп аталады. Алғашқы ксилема - протоксилема - камбийден пайда болады.Соңғы метаксилема камбийден пайда болады.



Трахеид - риния мен псилофидтерде табылатын барлық жабық тұқымды өсімдіктерде трахея болады.

Флоэма - сүзгілі түтік және оның серіктерінен, арқаулық ұлпадан негізгі паренхимадан тұрады.

Електі түтік қызметі пластид заттарды өткізу, бүйіро қабырғаларда ұсақ тор тәріздес тесіктер болады, оны тор саңылаулар немесе каналшалар деп атайды. Топтасып жиналатын каналшаларды сүзгілі аудан деп атайды.

Електі элементтердің 2 түрі болады:



  1. електі клеткалар

  2. електі түтіктер.

Електі клеткалар қылқан жапырақтыларда 4,8 мм шамасында болады - олар ұзыннан қатты созылған және шеті ұшталған болады.Ел түтіктерінің ұшында серіктік клеткалар болады, қос жарнақты өсімдіктерде 1-2 жыл жұмыс істейді, одан кейін ескіріп, камбийден жаңа түтіктер түзіледі. Даражарнақтыларда 50-100 жыл өмір сүреді.

Протофлоэма және метафлоэма болып бөлінеді.Ел түтіктің элементтеріне бастама беретін меристема клеткалары ұзынынан бөліне, пайда болатын жасч клеткалар, өзара плазматикалық байланысын сақтайды. Оның біреуі електі түтіктің элементіне, екіншісі серіктік клеткаға айналады.



Ұлпалар тарауы бойынша коллоквиум сұрақтары

  1. Ұлпа деген не?

  2. Ұлпаның жіктелуі. Кез келген клеткалардың жиынтығын ұлпа деп атауға бола ма?Мысал келтіріңдер.

  3. Түзуші ұлпа немесе меристема деген не?

  4. Меристема клеткаларының гистологиялық ерекшеліктері қандай?

  5. Күрделі және қарапайым ұлпа деген не?

  6. Меристема пайда болуына және өсімдік мүшелерінде орналасуына қарай қалай бөлінеді?

  7. Алғашқы түзуші ұлпалар және олардың атқаратын қызметтері қандай?

  8. Жабындық ұлпа деген не?

  9. Жабындық ұлпа пайда болуына және құрылысына қарай неше түрге бөлінеді?

10. Алғашқы жабындық ұлпа қандай өсімдіктерге тән?

11. Эпидермада клетка қабырғаларының қалыңдауы бірдей ме?

12. Эпидерма өсімдіктердің қай мүшелерін қаптап жатады?

13. Устьиценің құрылысы қандай?

14. Эпидерманың қорғаушы қабілетін арттыратын қандай құрамдары бар?

15. Түрлер қалай орналасады, олар қандай қызмет атқарады?

16. Соңғы жабындық ұлпа деген не?Оның қандай түрлері бар?

17. Сүректі өсімдіктер де эпидерма немен алмастырылады ?

18. Тоз өсімдіктерінің қандай мүшелерінің сыртын қаптап жатады?

19. Тоз арқылы газ алмасу және булану(транспирация) қалай жүреді?

20. Жасымықшаның клеткалық құрылымы қандай?

21.Тоз бен эпидерма клеткаларының айырмасы неде?

22.Қыртыс дегеніміз не, олар қалай пайда болады және қандай түрлері бар ?

23. Механикалық ұлпа деген не, оның қандай түрлері бар?

24. Механикалық ұлпаға тән белгілер қандай?

25. Колленхима ,склеренхима клетканың құрылымдық айырмасы неде?

26. Колленхима түрлері , олардың қабырғаларының қалыңдау ерекшеліктері қандай?

27. Неге колленхима жас өсімдіктер мүшелеріне тән?

28. Склеренхима клеткаларының негізгі белгілері қандай?

29. Склереида клеткаларының ерекшелігі неде?

30. Өткізгіш ұлпа деген не?

31.Флоэма қандай гистологиялық бөліктерден тұрады?

32. Ксилеманың гистологиялық бөліктері қандай?

33.Түтікшелер қалай пайда болады?

34.Түтікшелердің клетка қабырғаларының мүсінденіп қалындауының қандай түрлері бар?

35. Өткізгіш ұлпаның жоғарғы ағыс жолымен (ксилема) қандай заттар жылжиды ?

36. Өткізгіш ұлпаның жоғарғы ағыс жолымен қандай заттар жылжиды?

37. Қоректік ұлпа деген не, оның қандай түрлері бар?

38. Қабылдаушы қоректік ұлпа және оның түрлері?

39. Ассимиляциялаушы қоректік ұлпа және оның қызметі?

40. Қор жинаушы қоректік ұлпа және оның түрлері?

41. Су қорын жинаушы қоректік ұлпа және оның түрлері?

42. Органикалық заттар қорын жинайтын қоректік ұлпаның қандай түрлері бар?

43. Бөліп шығарушы ұлпа дегеніміз не?

44. Бөліп шығарушы ұлпа пайда болуы, орналасуына, физиологиялық мәніне қарай қандай түрлері бар?

45. Лизигендік, схизогендік, бездеуіт, гидатод клеткаларының негізгі ерекшкеліктері қандай?

46 .Бездеуіт клеткаларының түрлері және атқаратын қызметі?

НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Васильев А.Е. Ботаника. Морфология и анатомия растений. М.: Просвещение, 1988.

2. Васильев А.Е, Воронин Н.С и др. Ботаника. Анатомия и морфология растений. М.: Просвещение, 1978.

3. Курсанов Л.И. и др. Ботаника. Т. 1, М., 1966.

4. Кудряшов З.И., Зубкевич Г.И. Курс лабораторных занятий по морфологии растений. Минск, 1970.

5.Ағалеуов Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.

6. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.

7. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы, 1994.



ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Табиғат жағдайында өткізілетін өсімдіктану практикасы. Алматы, 1996.

2. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша – қазақша сөздігі. Алматы, 1996.

3. Хржановский В.Г., Пономаренко С.Ф. Ботаника. М., 1982

4. Жуковский П. М. . Ботаника. М., 1964

5. Эзау К. Анатомия семенных растений. М., Т.Мир ,т.1,2. 1980

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



III –ТАРАУ.

ТҰҚЫМ, ҰРЫҚ ЖӘНЕ ӨСКІН МОРФОЛОГИЯСЫ

Өсімдіктер организмнің негізін құрайтын және оның өмір сүруінің негізгі қызметтерін атқаратын мүшелер вегетативті мүшелер деп аталады . Тұқымды өсімдіктердің негізгі вегетативті мүшелері тамыр, сабақ, жапырақ тұқымның ұрығынан бастама алады. Қолайлы температурада және ылғал жеткілікті болған жағдайда тұқым суды сіңіріп, ісінеді де, өскін (plantula) түзіледі. Бірінші тамыры өсе бастап осының нәтижесінде өскін топыраққа бекінеді. Ұрық тамыршасынан негізгі тамыр пайда болады . Көптеген өсімдіктердің сабағы иілген болып келеді. Кейіннен сабақ тік қалыпқа енеді. Кейбір өсімдіктердің (күнбағыс, үрмебұршақ) өскіндерінде тұқымжарнақ топырақ беткейіне шығып, жасылданады, уақытша жапырақтың қызметін атқарады . Тамыр мен сабақтың аралығын тамыр мойыны деп атайды. Тұқымжарнағы жапырағы мен тамыр мойыны аралығындағы сабақ бөлігі гипокотиль деп аталады (тұқым жарнағының астыңғы иіні). Барлық қос жарнақты өсімдіктердің гипокотилі жақсы көрінбейді . Кейбір өсімдіктердің гипокотилінің ұзындығы өте кіші, ол топырақтың астында қалғандықтан, тұқым жарнағы топырақтың үстіңгі қабатына шықпайды. Тұқым жарнағы мен алғашқы нағыз жапырақтың арасындағы сабақ аймағы эпикотиль деп аталады (тұқым жарнағының үстіңгі иіні). Өскіннің алғашқы нағыз жапырағының ересек өсімдікке тән формасы болмайды, сондықтан ювенильді деп аталады .

Астық тұқымдасының тұқымы өнгенде тұқым жарнағы тұқымда қалады . Ол эндоспермнің қорек заттарын сіңіреді . Топырақ арқылы ұрық жапырақшасы – колеоптильмен қоршалған бүршік шығады . Алғашқы нағыз жапырақ колеоптильді жарып шығады.

Бидай дәннің екі бөлімі-ұрық және эндосперм жақсы байқалады.

Ұрық алғашқы меристемадан тұрады, онда ұрық тамыршасы оның тамыр оймақшасы, тамыр қынабы-колеориза, ұрық сабақшасы (гипокотиль) және бүршік бөлімдері бар. Бүршік-ұрық жапырақшаларымен жабылған сабақтың бой конусы. Сыртқы ұрық жапырақшасы-колеоптиль деп аталады. Ол бүршікті өсу барысында топырақ қабаттарының механикалық әсерінен сақтайды. Түрі өзгерген тұқымжарнақты-қалқанша эндоспермге жанасып орналасады. Редукцияланған екінші тұқым жарнағы -эпибласт қалқаншаға қарама-қарсы, ұрық сабақшасы жағында жатады. Кейбір астық тұқымында эпибласт болмайды.

Үрмебұршақ тұқымның сырты тұқым қабығы-спермодермамен жабылған.Тұқымның ойыстау келген бауыр жағын-да ақшыл сопақша тұқымдақты (рубчик) табыңыз. Тұқымдақпен бір сызық бойында тұқым саңылауы (микропиле) көрінеді. Тұқымдақтан төменірек тұқым бүрінің тұқым тірсегімен кірігуінен пайда болған сызат өтеді, ол тұқым тігісі деп аталады.



НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Васильев А.Е. Ботаника. Морфология и анатомия растений. М.: Просвещение, 1988.

2. Васильев А.Е, Воронин Н.С и др. Ботаника. Анатомия и морфология растений. М.: Просвещение, 1978.

3. Курсанов Л.И. и др. Ботаника. Т. 1, М., 1966.

4. Кудряшов З.И., Зубкевич Г.И. Курс лабораторных занятий по морфологии растений. Минск, 1970.

5.Ағалеуов Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.

6. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.

7. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы, 1994.



ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Табиғат жағдайында өткізілетін өсімдіктану практикасы. Алматы, 1996.

2. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша – қазақша сөздігі. Алматы, 1996.

3. Хржановский В.Г., Пономаренко С.Ф. Ботаника. М., 1982

4. Жуковский П. М. . Ботаника. М., 1964

5. Эзау К. Анатомия семенных растений. М., Т.Мир ,т.1,2. 1980



IY –ТАРАУ. ӨСІМДІКТЕРДІҢ ВЕГЕТАТИВТІ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Тамыр-негізгі вегетативті мүше . Тамыр осьті апикальді мүше немесе төбе меристемасы арқылы ұзындыққа өсетін мүше . Сабақтан айырмашылығы - онда ешқашанда жапырақтар пайда болмайды және апикальді меристема тамыр оймақшасымен қапталған .

Негізгі атқаратын функциясы - су және минералды заттарды топырақтан сіңіру .

Қосымша атқаратын функциясы :

А) Тамыр өсімдікті топыраққа бекітеді, вертикальді өсуіне жағдай жасайды .

Б) Тамырда әртүрлі заттар синтезделеді ( көптеген аминқышқылдар, гормондар, алколоидтар) және өсімдіктердің басқа мүшелеріне жеткізіледі .

В) Тамырда қор заттар жинақталады .

Г) Тамыр басқа өсімдік тамырларымен, топырақтағы микроорганизмдермен, саңырауқұлақтармен байланысады .

Бір өсімдіктегі тамырлар жиынтығы тамыр жүйесін құрайды . Тамырлар жүйесінің құрамына негізгі тамыр, жанама тамыр және қосалқы тамыр кіреді. Негізгі тамырдан бұтақтанған тамыр - жанама тамыр . Өсімдіктің жер үсті мүшелері сабақтан пайда болған тамыр қосалқы тамыр деп аталады . Тамыр жүйесінің 2 типі бар кіндік және шашақ. Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр жақсы жетілген, қос жарнақтылар класының тұқымдастары (Ranunculaceae, Papaveraceae, Fabaceae). Шашақ тамыр жүйесі –дара жарнақтылар класының тұқымдастары –Liliaceae, Poaceae тұқымдастарына тән.



Тамырдың өсу зонасы. Тамырдың апикальды меристемасының клеткалары тамыр оймақшасымен қоршалған. Тамыр оймақшасының астыңғы жағында бөліну аймағы орналасқан. Клетканың мөлшері –1мм. Бұл аймақтан жоғары -өсу аймағы, клеткалар өте тез ұзынынан ұлғаяды. Тамыр түкшелері орналасқан аймақ сору аймағы деп аталады. Бұл түкшелердің сіңіру беткейі үлкен болады және топырақтан су мен минералды заттарды сіңіреді. Сіңіру аймағы мен сабақтың негізгі аралығы өткізу аймағы.

Тамырдың микроскопиялық құрылысы. .Егер тамырдың сору аймағынан көлденең кесінді жасасақ, мынадай құрылысты көреміз. Ішкі бөлік – орталық цилиндр, сыртқы бөлік – алғашқы қабық . Ол тамыр түкшелері бар клеткалардың бір қабаты– эпиблемамен қапталған. Алғашқы қабықтың сыртқы қабаты –экзодерма, ол тығыз орналасқан, көпбұрышты клеткалардан тұрады. Клетка қабықшасы сүректеніп, қорғаныш функциясын атқарады. Одан соң негізгі паренхима орналасқан, ол алғашқы қабықтың негізгі массасын құрайды. Эпиблема және паренхима – сору қызметін атқарады. Алғашқы қабықтың ішкі қабаты – эндодерма, ол клетка қабырғалары да сүректенген, алайда эндодерма клеткаларының арасында тірі жұқа қабырғалы -өткізгіш клеткалар болады, ол арқылы су мен минералды заттар –орталық цилиндрге келіп түседі .Өткізгіш клеткалардың цитоплазмасы таңдамалы өткізгіштігімен ерекшеленеді.

Орталық цилиндрдің сыртқы қабаты перицикл –меристематикалық активті бір қатар орналасқан тірі паренхима клеткасынан тұрады. Перициклден кейде жанама тамырлар түзіледі, кейде оны тамыртүзгіш деп атайды. Орталық цилиндрдің орталық бөлігінде радиальды өткізгіш шоқтар болады.



Тамырдың түр өзгерістері.

Тамыр метаморфозы. Тамырлар кейде ерекше қызмет атқарғандықтан, осыған байланысты қызметі өзгеруі мүмкін (метаморфозданады).

Микориза және бактериялармен бірге өмір сүруі. Көптеген өсімдіктердің тамырлары топырақ саңырауқұлағы мен бірлесіп өмір сүруі мүмкін. Өсімдік тамырлары мен саңырауқұлақ гифтері-микориза түзеді (саңырауқұлақ-тамыр “грибокорень”).

Жоғары сатыдағы өсімдікпен және саңырауқұлақ бір-біріне пайда келтіріп өмір сүреді-симбиоз күйінде. Саңырауқұлақ компоненті тамырдың су мен минералды заттарды алуын жеңілдетсе, саңырауқұлақ өсімдіктерден көмірсулар, органикалық заттар алады.

Егер саңырауқұлақ гифтері тамырдың сыртын қоршап жатса-ол микориза-эктомикориза. Ағаш және бұталы өсімдіктерге тән. Егер барлық гифтер өсімдік тамырының ішінде жатса-эндомикориза деп аталады, шөптесін өсімдіктерде кездеседі (қайың саңырауқұлақтары).

 

 



 

 

 



 

Y – ТАРАУ. ӨРКЕН. ӨРКЕНДЕР ЖҮЙЕСІ

Қосжарнақты, даражарнақты және сүректі өсімдіктер сабағының құрылысы

Қосжарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының анатомиялық құрылысын қарау және суретін салу.

Кәдімгі қызыл бояу, подмаренник настоящий, Calium verum L..

Сабағының көлденең кесіндісі : эпидермис, алғашқы қабық және орталық шеңберден тұрады. Алғашқы қабықта бір- екі қатар хлоренхиманың жұқа қабықшалы паренхималық клеткалары бар. Колленхима клеткаларының жиынтығы сабақ өсінділерінде орналасқан. Алғашқы қабық эндодермамен аяқталған. Орталық шеңберде перицикл болмайды. Орталық шеңбер бөлігі шоқсыз құрылысты. Өзектің ортасы ауалы қуыс.



Түйнекті фломис, зопник клубненосный, Phlomus tuberosa L Сабағының көлденең кесіндісінде эпидермис, алғашқы қабық, орталық шеңберді ажыратуға болады. Эпидермис беткейі кутикуланың жұқа қабатымен жабылған. Онда жай және бұтақтанған түкшелердің түрлері кездеседі, саны аз. Эпидермис клеткалары қабатының астыңғы жағында 4-5 қатар арқаулық ұлпа- колленхима клеткалары орналасқан. Алғашқы қабық эндодермамен шектелген. Өткізгіш шоқ ашық коллатеральды. Өзек ірі паренхималық клеткалардан құралған, ортасы ауалы қуыс.

Күздік жусан, Полынь осенняя, Artemisia serotina Bunge Сабағының көлденең кесіндісі: эпидермис, алғашқы қабық, орталық шеңберден тұрады. Эпидермистің астыңғы жағында колленхима клеткаларының жиынтығы орналасқан. Алғашқы қабықты 4-5 қатар паренхима клеткалары түзеді. Сабақтың ортаңғы бөлігі болғандықтан, арқаулық талшықтар шоғының үстіңгі жағында эндодерма анық байқалады. Арқаулық талшық флоэманың үстіңгі жағында дискретті шоқ ретінде дамыған. Өткізгіш шоқ флоэма, камбий және ксилемадан тұрады, яғни ашық коллатеральды. Өзек паренхималары жұқа қабықшалы, ірі.

Жалаң мия, Солодка голая, Glycyrrhiza glabra L

Сабағының көлденең кесіндісі: эпидермис, алғашқы қабық, орталық шеңберден тұрады.

Эпидермис сыртқы жағынан кутин қабатымен жабылған. Эпидермис астында 3 қатар табақшалы колленхима орналасқан. Алғашқы қабықты 6-7 қатар паренхималар түзеді. Өткізгіш шоқтардың үстіңгі жағында арқаулық ұлпаның клеткалары дамыған. Сабағы шоқтық құрылысты, алайда шоқтардың өзара бірігіп кетуі байқалады. Алғашқы қабықта, өзекте, өткізгіш ұлпада сары, қоңыр түске боялған, мөлшері әртүрлі болып келген фенолды туындылардың гетерогенді топтары- танниндер кездеседі. Өзек жұқа қабықшалы паренхима клеткаларынан құралған. Сабақта жай түкшелер орналасқан.

Сібір сораңша, Петросимония сибирская, Petrosimonia sibirica Pall Bunge Сабағының көлденең кесіндісі: эпидермис, алғашқы қабық, орталық шеңберден тұрады. Эпидермис сыртқы жағынан кутин қабатымен жабылған. Эпидермис бір- біріне жанаса орналасқан бір қатар клеткалардан құралған. Оның астыңғы жағында бір қатар арқаулық ұлпа клеткалары колленхима орналасқан. Алғашқы қабықты паренхималық клеткалардың 4-5 қатары түзеді. Алғашқы қабық айқын көрінген эндодермамен аяқталады. Өткізгіш шоқтар бірігіп, сабақтың шоқсыз немесе ауыспалы құрылысын түзеді. Өзек ірі, жұқа қабықшалы паренхимадан тұрады.

Даражарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының анатомиялық құрылысы.

Казахстанская раннеспелая сорты. Буынаралығының көлденең кесіндісі: жабындық, арқаулық және өткізгіш ұлпалар жүйесінен тұрады. Жабындық ұлпаны клетка қабықшалары қалыңдаған бір қатар эпидерма клеткалары түзеді. Эпидерма клеткалары қабатының астыңғы жағында арқаулық ұлпа-сүректенген склеренхима талшықтары сақина тәріздес орналасқан. Склеренхима талшықтарында жұқа қабықшалы хлоренхима клеткалары анық байқалады.

Өткізгіш шоқтар- жабық коллатеральды, яғни ксилема және флоэмадан тұрады, камбий болмайды. Өткізгіш шоқтардың орналасуы ерекше орын алады, ауданы бойынша кіші өткізгіш шоқтар склеренхима талшықтары сақинасында орналасқан және шоқ склеренхима қынапшасымен аяқталады. Екінші қатарда, ірі өткізгіш шоқтар паренхима клеткалары арасында орналасқан. Клетка қабықшалары жұқа, паренхима клеткалары 4-5 қатарды құрайды. Сабанның ортаңғы бөлігі –ауалы қуыс (сурет 10 А). Сабақтың ішкі құрылысында арқаулық ұлпаны түзетін клеткалардың қатар саны 4-5, өткізгіш шоқтар саны 26, оның ішінде ірі өткізгіш шоқтар саны 16, кіші өткізгіш шоқтар саны 10, паренхима клеткалары 5-6 қатарды құраған.



Сүректі өсімдіктер сабағының анатомиялық құрылысы.

Шәйқурай тобылғы, Таволга зверобоелистая, Spiraea hypericifolia L

Сабағының көлденең кесіндісі: перидерма, алғашқы қабық, орталық шеңберден тұрады. Перидерманың сыртқы жағында бір қатар эпидермис клеткалары орналасқан. Алғашқы қабық паренхималық клеткалардан тұрады. Камбийдің ұқызметіне байланысты соңғы ксилема және соңғы флоэма пайда болған. өзекті сәуле аралығында ксилема түтіктері орналасқан. Өзекті сәуле кеңейген. Өзек маңайында перимедулярлы аймақ бар. Өзек паренхималары көп қырлы, клетка қабықшалары қалыңдаған, ішінде қорлық заттар кездеседі.



Қосжарнақты және даражарнақты шөптесін өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы.

Кәдімгі қызыл бояу, подмаренник настоящий, Calium verum L..

Жапырағының көлденең кесіндісі: жоғарғы және төменгі эпидермис, ассимилияциялық ұлпа- мезофилл, өткізгіш шоқтар және арқаулық ұлпаның клеткаларынан тұрады. Жапырағы- бифациальды. Жапырақ тақтасының жоғары бетінде бағаналы, төменгі беткейінде борпылдақ мезофилл орналасқан. Орталық өткізгіш шоқ коллатеральды жабық, склеренхима клеткаларымен қоршалған.



Түйнекті фломис, зопник клубненосный, Phlomus tuberosa L Жапырағы бифациальды. Жапырақтың адаксиальды беткейінде 2 қатар бағаналы, абаксиальды беткейінде борпылдақ мезофилл орналасқан. Торлы жүйкелену болғандықтан ортаңғы өткізгіш шоқ ірі, коллатеральды, ол склеренхима клеткаларымен қоршалған.

Жалаң мия, Солодка голая Glycyrrhiza glabra L.

Жапырағы изолатеральды. Эпидермистен кейін 2 қатар бағаналы ұлпа орналасады. Олардың аралығында 3 қатарға дейін борпылдақ ұлпа клеткалары орналасады. Мезофиллде сары- қоңыр түске боялған танниндер бар. Ортаңғы жүйкені ірі, коллатеральды өткізгіш шоқ түзеді. Ол склеренхима клеткаларымен қоршалған.



ҚАЙТАЛАУ СҰРАҚТАРЫ

1. Өркен деген не?

2. Өркеннің негізгі бөліктерін кестеден, гербарийден және тірі өсімдіктерден көрсетіңіз.

3. Өркен метамерлілігі деген не?

4. Қандай өркендерді ұзарған және қысқарған өркен деп атайды? Олардың бір-бірінен сыртқы пішіні және атқаратын қызыметтері жағынан қандай айырмашылықтары бар?

5. Өркендер жүйесі деген не және ол қалай түзіледі?

6.Бүршік деген не? Бүршіктің қандай түрлері бар?

7. Вегетативті бүршіктің құрылысы жағынан генеративті және вегетативті-генеративті бүршіктерден айырмашылықтары қандай?

8. Орналасуына қарай бүршіктің түрлерін атап, гербарийден көрсетіңіз.

9. Жапырақ дағы, өткізгіз шоқтар ізі және бүршік сақинасы деген не? Бұлардың бұтақтың жасын,өсімдіктің

10. Бұтақтанудың биологиялық мәні неде?

11. Дихотомиялы бұтақтанудың моноподийлі және симподийлі бұтақтанудан қандай айырмашылығы бар?

12. Дихотомиялы бұтақтанудың жалған дихотомиялы бұтақтанудан айырмашылығы неде?

13. Жапырақтың орналасуының қандай түрлері бар?

14. Өркеннің қандай түрлері бар?

15. Сүректі өсімдіктердің шөптесін өсімдіктерден айырмасы қандай?

16. Сүректі өсімдіктерді ағаш,бұта,бұташық бір-бірінен қалай ажыратады?

17. Шөптесін өсімдіктерді бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық бір-бірінен қандай белгілері бойынша ажыратады



НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Васильев А.Е. Ботаника. Морфология и анатомия растений. М.: Просвещение, 1988.

2. Васильев А.Е, Воронин Н.С и др. Ботаника. Анатомия и морфология растений. М.: Просвещение, 1978.

3. Курсанов Л.И. и др. Ботаника. Т. 1, М., 1966.

4. Кудряшов З.И., Зубкевич Г.И. Курс лабораторных занятий по морфологии растений. Минск, 1970.

5.Ағалеуов Ботаника. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.

6. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.

7. Мухитдинов Н.М., Бегенов А.А., Айдосова С.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясының практикумы. Алматы, 1994.



ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Табиғат жағдайында өткізілетін өсімдіктану практикасы. Алматы, 1996.

2. Бегенов А.А., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша – қазақша сөздігі. Алматы, 1996.

3. Хржановский В.Г., Пономаренко С.Ф. Ботаника. М., 1982



4. Жуковский П. М. . Ботаника. М., 1964

5. Эзау К. Анатомия семенных растений. М., Т.Мир ,т.1,2. 1980
Каталог: Книги
Книги -> Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Книги -> Практикумы (цитология, эмбриология және гистология негіздері)
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> Қазақ әдебиетінің
Книги -> П. наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> КАзАқстан республикасы білім, мәдениеТ және денсаулық сақтау министрліп сәкем сейфуллин атындағы
Книги -> Қазақстан республикасы білім және ғылым
Книги -> М. С. Байтенов Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің
Книги -> Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет