Борсық әңгіме Сырда борсық көп. Ізі кішкене баланың ізі секілді. Пісімшіліктің кезінде ең бірінші піскен әңгелектен ең бірінші «ауыз тиетін»



Дата05.02.2018
өлшемі16.91 Kb.
БОРСЫҚ

әңгіме

Сырда борсық көп. Ізі кішкене баланың ізі секілді. Пісімшіліктің кезінде ең бірінші піскен әңгелектен ең бірінші «ауыз тиетін» де сол,түнде.Бірақ ана шибөрі сияқты оңбаған емес шашпай төкпей бүлдірмей «мәдениетті» түрде жеп кетеді! Қатты піскен түйнекті бір жерден ғана тырнағымен тесіп,ішін үңгіп жейді де төңкеріп кетеді.Тіпте білмей қаласың. «О, алақай міне піскен қауын!» деп балалар оны пәлектен үзіп көтеріп кеп қалғанда іші бос, борсық үңгіп жеп кеткендігін бір-ақ көресің......

Сол бір көктемде екі борсық көктөбеге қоныстанды. Қол босаған кезде барып,байқатпай көріп қоямын,қызықтап. Іші жер сүзіп жүргені ұрғашы болуы мүмкін.Ал, еркегі ін қазып, тыныштық таппайтыны болар деп шамаладым. Өйткені тым шаруақор көрдім.

Қызық екеуіне үш ін қазыпты.Біріншісі үлкендеу, екіншісі шағын үшіншісі тым үлкен. Кейін білдім. Бірінші інге еркегі түнімен жүріп шөптің тамырын жинайды да күндіз дем алады екен .Шағын « асханасы» .Бар шөптің тамырын сол інге жинастырған, кәдімгідей қалап тұрып.Үшінші тым үлкен інде ұрғашысы жалғыз өзі аунап- қунап жатады, керіліп...Болашақ балаларымен асыр салатын «залы» іспетті.

Бір шама уақыттан соң ұрғашысы үш балпанақ туды.Балпаң- балпаң асыр сап ойнайды кеп .Бұл олар сақтықты күшейтеді.Тысыр етсе жымжылас інге кіріп шықпай қояды. Сондықтан тек оларды дүрбі арқылы алыстан қызықтаймын.Сүп- сүйкімді балаларымен анасы асыр салып ойнағаны қандай тамаша! Мойнына асылып, еркелегенде мейріміне тәнті боласың .Ет бауырың елжіреп кетеді, хайуанның махаббат сүйіспеншілігіне таңданып.

Ал, «әкесі» оларға түнімен азық теріп келеді. Сан мың шөптің тамырын.Сондықтан борсықтың етін майын, терісін баға жетпес ем ретінде біледі.Ол інге тек артымен теріс жататын болғандықтан оны «харамға» шығарған деген әңгіме бар.



Жә, томпаң -томпаң мына балпанақтарды-ай, алысып жұлысып ойнап жүр.Анда- санда ұйықтап жатқан «әкесін» де бір жұлқылап кетеді. Ал,анасы болса да солардың қасында қай кезде де. Тағы бір қызығы олардың әжетханасы індерінен алыстау. Бір шұқыр қазылған,қалыңның ішінен. Соған барып дәрет сындырады, бәрі де. Ана кішкентайларын да алғашқы уақытта солай үйретеді ерітіп апарып. Табиғат ананың тылсым қызықтарына тоймайсың қарап тұрып.Он сегіз мың ғаламды жаратқан Алла шексіз ғой,шексіз,,,,,

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы С.Бердіқұлов атындағы орта мектептің қазақ тілі пән мұғалім Жусупова Г.Ж


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет