Бөлімі: «Сурет салу». Тақырыбы: «Теңіздегі кит». Мақсаты



Дата15.07.2018
өлшемі45.72 Kb.
Мектепалды даярлау тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі:

Топ: «Ақбота»

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Бөлімі: «Сурет салу».

Тақырыбы: «Теңіздегі кит».

Мақсаты: балаларды акварель бояуымен жұмыс істеу дағдыларын жалғастыру. Суық түстермен таныстыру - көк, көгілдір, сия көк, қара көк және т.б. Балаларға түстерді сезіндіре отырып, әрбір түстің көңіл күйге әсер ететінін түсіндіру.

Қажетті құралдар мен материаодар: тәрбиеші үшін: теңіз бейнеленген суреттер мен фотосуреттер, суық түспен боялған қағаз қиындылары, қағаз, акварель бояу, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Балалар үшін: жұмыс дәптері, акварель бояу, қылқалам, су құйылған ыдыс, қолорамал.

Билингвальдық компонент: кит-кит.



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивация

лық- қозғаушылық


1. Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.

Балалардың жұмыс орны, метариалдар мен құралдарды қалай орналастырғаны тексеріледі.



Оқу құралдарын түгендеу


Ұйымдастыру-

іздестіру


2. Теңіз бетінің суреттері бейнеленген суреттер мен картиналарды фотокөрме ұйымдастыру. Суреттің мазмұны бойынша әңгімелесе отырып, Қазақстандағы теңіздер, олардың қайда орналасқаны туралы әңгіме жүргізіледі.

3. Кіріспе әңгіме. Балалар теңіздің қандай түстермен бейнеленгенін, ол түстердің суық түске жататынын айтады. Теңіз бетін бейнелеу үшін неге суық түстер алынатынын балалар өз бетінше түсіндіріп көреді. Өткен сабақта сурет салу үшін қандай жылы түстер қолданғандарын естеріне түсіреді. Түстер спектрімен жұмыс жүргізіледі.

4. Тәрбиешінің түсіндіруі. Қағаз бетіне қылқаламмен дұрыс жұмыс істеу тәсілін көрсетіп, жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.

5. Жұмыстың орындалу реті.

* Жай қарындашпен көкжиек сызығын, күнді белгілейміз.

* Тек суық түстерді қолдана отырып, аспаннан бастап, ретімен суретті бояймыз.

6. Балалардың жұмысы. Тәрбиеші оқушылар жұмыс дәптеріндегі суретті аяқтағаннан кейін өз қалауынша композиция құруына, суретті толықтыруларына болатынын айтады.

7. Жеке баламен жұмыс. Жұмыс жасау барысында қиналып, орындай алмай отырған балаларға тәрбиеші көмектеседі.

8. Технологиялық деректер:

1. Қағаз бетінде қылқаламмен жұмыс істеудің негізгі ережелерін түсіндіру: а) қылқаламды суда қалдыруға болмайды;

ә) сурет салып болған соң қызқаламды жуып, тазалап қою керек;

б) қылқаламды орнына қойғанда қылы бар жағын жоғарыға қаратып орналастыру керек;

2. «жағыс» және «сызықтар» ұғымдары туралы түсінік беру.


Сұрақтарға жауап береді

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Жұмысты бақылай

ды

Жұмыс өз бетінше дәптеріне орындайды.



Технологиялық деректерді мұқият түсініп тыңдайды.

Рефлекситі-түзетушілік

Оқу іс-әрекетін қорыту. Орындалған суреттерден шағын көрме ұйымдастыру. Жұмыстарды балаларға талдау жасату, орындалған жұмыстар бағаланады.

Балалар бір-бірінің жұмыстарына талдау жасайды.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: акварель бояуымен жұмыс істеу дағдыларын біледі;

Қандай түсініктерді игерді: Суық түстермен таныстыру - көк, көгілдір, сия көк, қара көк және т.б

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Балаларға түстерді сезіндіре отырып, әрбір түстің көңіл күйге әсер ететінін меңгерту.

c:\users\8\desktop\20161028_104353.jpgc:\users\8\desktop\20161028_104134.jpg
Каталог: GU5IVX6YI3FH19N2
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Сауат ашу. Тақырыбы: ы дыбысы және әрпі. Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Тақырыбы: Өзіне арна бұл күнді Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Оқу іс –әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы Топ: «Балдырған» Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Мүсіндеу» Тақырыбы
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы Мерзімі: Топ: «Ақбота» Білім беру саласы: «Қатынас». Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: «Тіл дамыту»
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Тіл дамыту Тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар Мақсаты
GU5IVX6YI3FH19N2 -> «Ертегілер әлемі» Мақсаты: Білімділік
GU5IVX6YI3FH19N2 -> Бөлімі: Дене шынықтыру. Спорттық демалыс
GU5IVX6YI3FH19N2 -> 2 -кіші «Балдырған» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы Білім беру саласы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет