БолашақҚа бағдар: рухани жаңҒыру – ҚОҒамдық сананың ҚОЗҒаушысы



Дата31.10.2017
өлшемі47.73 Kb.
БОЛАШАҚҚА БАҒДАР:РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫҢ ҚОЗҒАУШЫСЫ
Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық универститеті
Президентіміздің өткен айдағы Егемен Қазақстан газетінде жариялаған мақаласы қоғамда, интелегенциялық ортада үлкен серпіліс жасап, қызу пікірталас тақырыбына айналғаны рас. Президенттің мақаласы негізгі екі тараудан тұрады. Аталған мақаланың кіріспесінде «Біз саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» деп рухани жаңғырудың маңыздылығына тоқтала отырып, ол экономикалық және саяси жаңғырудың өзегіне айналуы тиіс деп түйіндейді.

1-ші тарауда ХХІ Ұлттық сана туралы терең ой қозғайды. Мұндағы «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тарихының тереңінен бастау алатын ұлттық коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодтты сақтай білу. Онсыз жаңғыру құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деген сөздерін ерекше атап кеткен жөн. Өйткені, ұлт өз болмысын сақтай отырып, озық дәстүрлерді жаңғырудың алғышартына айналдырып, кежегесі кері тартып тұратын әдеттерден арылу керек екені өте өзекті мәселе.

Елбасымыз қоғамның және әрбір қазақстандықтардың санасын жаңғыртудың 6 бағытын атап көрсетеді. Олар:


  1. Бәсекеге қабілеттілік.

  2. Парагматизм.

  3. Ұлттық бірегейлікті сақтау.

  4. Білімнің салтанат құруы.

  5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы.

  6. Сананың ашықтығы.

1 -ші бағытта, қазіргі нарықтық заманның ең жиі қолданыс тапқан термин бәсекелік туралы айтады. «Болашақта ұлттың табысты болуы – оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекеге қабілеттілігімен айқындалады. Ол үшін ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болу керек» деп көрсеткен. Тілдерді, технологияны білу, және білімді болу керек.

2-ші бағыт – Прагматизмді оқығанда, Ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» деген өлең жолдары есіме түсті. «Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ, Талап, еңбек, терең ой, қанағат рақым ойлап қой». Автор мақаласында оларды тереңінен, тарихи мысалдармен түсіндіреді.

Болашағыңды жоспарлай білу, ырапшылыққа, даңғойлыққа жол бермеу, керісінше, ұстамды, қанағатшыл, қарапайым, үнемшіл болу керек екендігін айтады. «Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, салауатты өмір салтын ұстануға, кәсіби жетілуге басымдық бере отырып, әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез құлықтың прагматизмі осы» дейді.

3-ші бағыт бойынша, «ұлттық дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз мәңгі қалуы керек. Алайда, кежегесі кері тартып тұратын, қазіргі әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу керек». Мысалы, жершілдік дейді. Соған қоса кейбір жаман ырымдар бар бізде. Мысалы, түнде көңіл айтуға болмайды дейді. Біздің руда сейсенбі күні алыс сапарға шығуға болмайды деген жаман ырым бар. Оны көбінесе, үлкен кісілер ұстанып жатады. Сол күні бір маңызды істі істей салайын десең, бүгін күн сейсенбі, басқа күні істесеңші дейді. Ал болатын істі ертеңге шегеру Ұлы Абай атамыз айтқан – еріншектіктің белгісі. Елбасы «санамыз жаңғыру үшін осындай жаман әдеттен арылу керек» деп көрсетеді. Басқа озық, біздің ұлттық ерекшелігімізді көрсететін «құдайы қонақ», «дәм ауыз тию», «көрісу» деген сияқты дәстүрлеріміз бен жоралғыларымызды жаңғыртуға басымдылық беріп отыр.

4-ші бағыт бойынша, Білімнің салтанат құруы.

Бұл жерде, мынадай сөздеріне ерекше тоқталу керек. «Таяу онжылдықта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетті. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын соңды мұншама жедел өзгерген емес. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым жылдам өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді» дейді. Бұндай өзгерістер бізді де шарпуы мүмкін. Менің ойымша болашақта «ландшафттық диззайн», «рекреациялық экономика» немесе «демография», «геоақпараттық үлгілеу» деген мамандықтар пайда болуы мүмкін. Бұл деген, біз жан-жақты болуымыз керек деген сөз. Өзгеріс бола қалса, басқа істің тізгінен ұстай алатындай біліміміз болуы керек.

5-ші бағытта, Қазан революциясынан кейінгі кеңес үкіметінің саясатының бізге тигізген зардабы мен пайдасы туралы қысқаша шола отырып, «бізде жаңғыру болмады емес, болды, бірақ ол ұлттық емес, аймақтық жаңғыру еді» деп түйіндейді. Біз жаңғыруды революциялық жолмен емес, эволюциялық жолмен жүзеге асыруымыз керек деп жазады мақаласында.

6-бағыт - Сананың ашықтығы туралы айтқанда ағылшын тілін меңгеру мәселесін көтереді. «Еуропалық Одақтың 400 млн халқы, француздар, италяндар, испандар және басқалар өз ана тілдерін сыйламай ма? Әлде 100 млн-даған қытайлықтар мен индонезиялықтар, малайлар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жүр ме? Бұл бәзбіреулердің қалауы емес, жахандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің басты шарты».



Яғни, Мақала авторы атап көрсеткендей, ағылшын тілін үйрену арқылы

  • өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге;

  • техника мен технологиянының өзгеріс ағынынан қалып қоймауға;

  • өзгелердің тәжірибесін алып, озық жетістігін бойыңа сіңіруге мүмкіндік аламыз.

ІІ-тарауда Таяу жылдардағы атқарылатын міндеттерге тоқталып, оларға мыналарды жатқызады:

  1. Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау.

  2. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алу.

  3. «Туған жер» бағдарламасын қолға алу.

  4. «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жасау.

  5. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру.

  6. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асыру.

Президенттің бағдарламалық мақаласында көрсеткен мәселелер мен тапсырмаларды жүзеге асыруға қоғамның әрбір мүшесі белсене қатысса ғана жемісті болатыны сөзсіз. Сондықтан, еліміздің іргесі берік, туы биік желбіресін десек, алдымен рухани кемелденуіміз қажет-ақ. Рухы биік, бойына ұлтының бар құнды қасиетін бойына жинаған қоғам мүшелері ғана өрлеу мен өркендеудің әлеміне жол бастайтыны сөзсіз.
Пайдаланылға әдебиеттер

  1. Абай Құнанбаев Шығармалар жинағы (Аудармалар мен қара сөздер): 2 том. – Алматы, 1957, 267 б.

  2. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. Электрондық ресурс: http://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет