Болашақ мамандарды психикалық дамуы тежелген балалармен психокоррекциялық ЖҰмыс жүргізуге дайындау агбаева У. Б., Сабиева А. Ж., Ерташова Д



Дата30.05.2017
өлшемі45.8 Kb.
ӘОЖ 37.011.31-05:37.015:615.86

БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРМЕН ПСИХОКОРРЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУГЕ ДАЙЫНДАУ
Агбаева У.Б., Сабиева А.Ж., Ерташова Д.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік

университеті, Қызылорда

altynai_sabieva@mail.ru


Қазіргі таңда ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез- құлықтары жалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму -үрдісінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде мінез -құлқында қиындығы бар балалар мен психикалық дамуы тежелген балалардың еркін дамып жетілмеуі оның іс-әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болады, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды.

Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі және денсаулығымен бағаланады.

Дамуы тежелген – туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған денсаулығының бұзылуы немесе жарақаттардың салдарынан дене немесе психикалық дамуы кешеуілдеген балалар. Бұл балалар ерекше топқа кіреді – психикалық дамуының тежелуі бар балалар. Берілген бұзылулар олигофрения мен интеллектінің қалыпты дамудың арасындағы аралық орын алады.

Психикалық дамуы тежелген балалардың тек қана психикасы бұзылған деп қарамау керек, сонымен қатар олардың дене мүшелері мен тілдерінде де дамымаушылық кездеседі. Әдетте психикалық дамуы тежелген балалардың тілінде кемістік болады. Бірақ бұл жағдай да түрлі сөйлеу патологоиясымен байланысты.

Дамуы тежелген балалардың мәселесі психологтарда және басқа да ғылымдар да әліде зерттеулерді қажет ететін өзекті мәселенің бірі. Әлеуметтік норма түсінігімен терминінің кездесетіні мәселені күрделендіреді, себебі норманың шектері шартты түрде берілген, ал адам барлық көрсеткіштері бойынша қалыпты болуы мүмкін емес. Көптеген көзқарастар дамуы тежелген балалардың мінез-құлығының диагностикасы және әлеуметтік- психологиялық көмекпен игеруі ретінде практикалық тапсырмаларды шешуде қалыптасады.

Бүгінгі таңда көптеген себептермен мүмкіндігі шектеулі жандардың саны күн санап өсуде. Балаларда кез келген кемістіктің пайда болуы әртүрлі себептерге байланысты. Соныі ішінде: екіқабат әйелдің екіқабат кезінде түрлі жұқпалы аурулармен ауруы, туу сәтіндегі оқыс жағдайлар (асфиксия, гипоксия, жарақат), нәрестенің өмірінің бірінші жылында түрлі жұқпалы аурулармен (тұмау, қызылша, желшешек) ауруы, баланың қатты жарақат алуы, ана мен баланың қан тобының келіспеушілігі, әлеуметтік қолайсыз жағдайлар.

Туа біткен және ерте балалық шақта болған орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан  баланың психологиялық   дамуы,  оның  интеллектуалдық  мүмкіндіктері  шектеледі. Ақыл ойы кешеуілдеген  балалардың дамуын психологиялық  диагностика  арқылы  көптеген әдістер бар.

В. И.Лубовский  негізгі  үш  мақсатты айрықша  бөліп  көрсетті:

- Медициналық  педагогикалық комиссияда баланы қарауда  оның ең  басты интеллектуалдық деңгейі туралы және психикалық дамуының ерекшеліктері туралы тексеру. Бұл оқыту мекемесін анықтауға және баланы оқыту әдістерін белгілеуге  мүмкіндік  береді ;

- Баланың жеке психологиялық  ерекшеліктерін  анықтау ;

- Оқытудың құралдарын, әдістерін, мазмұнын  анықтау  үшін даму мүмкіндігі шектеулі   баланың психодиагностикасының тәсілдерін талдау.

В.И.Лубовскийдің  ойынша, бұл мақсаттарға жету үшін эксперименталды  оқытудың басында және аяғында  психикалық дамудың қандай да  бір өлшемдері керек. Ол өлшемді  тест әдістерімен  орындаған дұрыс, баланың   интеллектуалды  деңгейінің дамуын  анықтау  медициналық – педагогикалық комиссияның  кеңес  беруші мамандары үшін қиындыққа түседі. 1838 жылы  француз психиаторы  Жан Эскироль психикалық дамудағы  ақыл есі кемдіктің  ауыр формасын анықтады. Жан Итар даму мүмкіндігі шектеулі  балаларды оқыту мүмкін екендігін дәлелдеді. Ал Эдуард Сеган ақыл ойы кешеуілдеген балаларды зерттей отырып, диагностиканың принциптерін құрып, әйгілі «Сеган тақтасын» жасады. Бұл тәсіл күні бүгінге дейін диагностикалық-коррекциялық әдістеме ретінде пайдаланылып келеді.

Даму мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жұмыс жүргізген кезде, балалардың есте сақтау, онан кейін жатталатын  материалды қайта жаңғыртқанда қалай қиналатынын көрген мұғалім, интеллектісі бұзылған және психикалық дамуы тежелген балалардың есте сақтануын дамытуға оңтайлы 2  әсерететін түрлі жаттығуларды топтастырып, дамытуға көңіл бөлу керек.

 Жылдың басында оқушылардың  табиғи және мәдени есте сақтаудың диогностикасын өткізген тиімді. Мұғалімнің міндеті – балаға мәдени есте сақтауға көмектесу. Олардың қорытындысы арқылы балалардың есте сақтау қабілетінің өзгерісін көрсетеді.



Психикалық дамуы тежелген балалармен жұмыс жасаудың сан алуан жолдары бар. Ең алдымен балалармен дұрыс тіл табысып, сөйлесе білу керек. Психикалық дамуы шектелген балалардың ерекшеліктерін білу - олармен жұмыс жүргізу кезінде өте маңызды. Жақсы беделге ие болған мұғалімнің жеке өнегесі қандай оқушыға болса да күшті әсер етеді. Көмек көрсететін психологтар баланың ішкі жан дүниесін алыстан көріп білуі шарт. Психикалық дамуы тежелген оқушыны ешқандай ұжым өмірінен, қоғамдық пайдалы еңбектен тыс қалдыруға болмайды, олар барлық үйірме жұмысына, басқа да шараларға қатысуы керек.
Әдебиеттер

  1. А.Кушербаева. Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының ерекшеліктері. Дефектология. - 2011.

  2. Н. Жұбаназарова. Психикалық дамуы тежелген балаларды түзету-дамыту мақсатында оқыту мен тәрбиелеу. Дефектология. - 2010.

  3. Белопольская Н. Л. Детская патопсихология: Хрестоматия. М.,"Когито-центр", 2001.

  4. Демидова И.Ф. Педагогическая психология: Учеб. пособие. Ростов на Дону: Феникс, 2003

  5. Мұсаева С.А. Жас ерекшелік педагогикасы: Техн. және кәсіптік білім беру ұйымд. арн. оқулық.- Астана: Фолиант, 2010.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет