"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы



бет1/4
Дата12.04.2018
өлшемі424.34 Kb.
#69100
  1   2   3   4





"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 18 мамырдағы № 237 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 28 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6263 болып енгізілді






      РҚАО-ның ескертпесі!



      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.



      «Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығын, «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:



      1. Қоса берiлiп отырған 2010 жылға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесі бекітілсін.



      2. 2010 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдаудың және конкурсты өткізудің мынадай мерзімдері белгіленсін:



      1) құжаттарды қабылдау – 2010 жылғы 7 маусымнан бастап 30 шілдеге дейін;



      2) квоталар бойынша құжаттарды қабылдау – 2010 жылғы 7 маусымнан бастап 30 қыркүйекке дейін;



      3) конкурсты өткізу – 2010 жылғы 21 маусымнан бастап 2011 жылғы 28 ақпанға дейін.



      
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрдің м.а. 2010.07.30 № 401 Бұйрығымен.

      3. Дамыту стратегиясы департаменті:



      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;



      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.



      4. Баспасөз қызметі «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттарды қабылдаудың және конкурсты өткізу мерзімдері туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің веб-сайтында жарияласын.



      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.А. Ырсалиевке жүктелсін.



      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.





      Министр                                   Ж. Түймебаев







Қазақстан Республикасы 



Білім және ғылым министрінің


2010 жылғы 18 мамырдағы


№ 237 бұйрығымен бекітілген






2010 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізбесі*      




р/с

р/с

Оқу мамандығы

Оқу бағдарламасы

Қазақстан Республикасының жоғары және жоғарыдан кейінгі білім мамандықтарының жіктеушісіне сәйкес мәндес мамандықтар**

Гуманитарлық мамандықтар

1. Экономика және басқару

1

1

Аграрлық менеджмент

Магистратура

Ауыл шаруашылығы ғылымдары: Агрономия, Аграрлық техника және технология, Топырақтану және агрохимия.

Әлеуметтік ғылымдар және бизнес: Маркетинг, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Экономика, Әлемдік экономика.
Техникалық ғылымдар мен технологиялар: Биотехнология. Қызметтер: Жерге орналастыру.

Докторантура

Шектеусіз.

2

2

Бухгалтерлік есеп

Магистратура

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: Есеп және аудит, Қаржы, Экономика, Менеджмент, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Әлемдік экономика.

Жаратылыстану ғылымдары: Математика.


Қызмет: Бағалау.


Докторантура

Шектеусіз.

3

3

Мемлекеттік басқару

Магистратура

Гуманитарлық ғылымдар: Халықаралық қатынастар.

Құқық: Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Кеден ісі, Заңтану.


Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: Мемлекеттік және жергілікті басқару, Маркетинг, Менеджмент, Өңіртану, Есеп және аудит, Қаржы, Экономика, Әлемдік экономика.


Докторантура

Шектеусіз.

4

4

Маркетинг

Магистратура







Білімі: Математика, Құқық негіздері және экономика. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: Маркетинг, Менеджмент, Экономика, Есеп және аудит, Қаржы, Әлемдік экономика. Қызметтер: Бағалау.

Докторантура

Шектеусіз.

5

5

Туризм саласындағы менеджмент, қонақ үй менеджменті, спорттық менеджмент

Магистратура

Гуманитарлық ғылымдар: Археология және этнология, Шығыстану, Тарих, Мәдениеттану, Халықаралық қатынастар, Аударма ісі. Жаратылыстану ғылымдары: География, Экология. Өнер: Өнертану, Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау. Білімі: География, Тарих, Шет тілі: екі шет тілі, дене тәрбиесі және спорт. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: Маркетинг, Менеджмент, Политология, Өңіртану, Экономика, Әлемдік экономика. Қызметтер: Әлеуметтік-мәдени сервис, Мәдени-бос уақыт жұмыстары, Әлеуметтік жұмыстар, Туризм.

Докторантура

Шектеусіз.

6

6

Технологиялар менеджменті

Магистратура

Жаратылыстану ғылымдары: Биология, Информатика, Механика, Физика, Химия, Ядролық физика. Білімі: Биология, Информатика, Физика, Химия. Техникалық ғылымдар мен технологиялар: Авиациялық техника мен технология, Автоматизация және басқару, Биотехнология, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Тау-кен ісі, Ақпараттық жүйелер, Математикалық және компьютерлік моделдеу, Материалтану және жаңа материалдар технологиясы, Машина жасау, Металлургия, Теңіз техникасы мен технологиясы, Мұнайгаз ісі, Полиграфия, Құрал жасау, Құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкциялар өндірісі, Радиотехника, электроника және телекоммуникация, Стандартизация, метрология және сертификация (салалар бойынша), Құрылыс, Жылу энергетикасы, Көлік, көліктік техника және технологиялар, Техникалық физика, Ағаш өңдеу технологиясы және ағаштан жасалған бұйымдар, Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің технологиясы мен конструкциясы, Тоқыма материалдарының технологиясы және оны жобалау, Технологиялық машиналар мен құралдар (салалар бойынша), Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша), Азық-түлік өнімдерінің технологиясы, Орг. емес заттардың химиялық технологиясы, Органикалық заттардың химиялық технологиясы, Электроэнергетика.

Докторантура

Шектеусіз.

7

7

Денсаулық саласындағы басқару; Қоғамдық денсаулық сақтау

Бакалавриат/маман

Шектеусіз.

Магистратура

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету: Жалпы медицина, Стоматология, Қоғамдық денсаулық сақтау, Мейірбикелік іс, Фармация, Медициналық-алдын алу ісі.

Докторантура

Шектеусіз.

8

8

Білім беру саласындағы басқару

Магистратура

Гуманитарлық ғылымдар: Тарих, Шетел филологиясы, Мәдениеттану, Халықаралық қатынастар, Аударма ісі, Филология. Білімі: Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, Тарих, Құқық негіздері және экономика, Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі, Педагогика және психология, Кәсіптік оқу, Шет тілі: екі шет тілі, Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті, Қазақ тілінде оқымайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілінде оқымайтын мектептегі орыс тілі мен әдебиеті. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: Мемлекеттік және жергілікті басқару, Менеджмент, Политология, Психология, Өңіртану, Әлеуметтану. Қызметтер: Мәдени-бос уақыт жұмыстары, Әлеуметтік жұмыстар.

Докторантура

Шектеусіз.

9

9

Көлік тасымалдары саласындағы басқару; Логистика (салалар бойынша)

Магистратура

Білімі: Құқық негіздері және экономика. Құқық: Халықаралық құқық, Кеден ісі. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: Мемлекеттік және жергілікті басқару. Техникалық ғылымдар мен технологиялар: Авиациялық техника және технология, Машина жасау, Теңіз техникасы мен технологиясы, Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша), Көлік, көліктік техника және технология. Қызметтер: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, Логистика (салалар бойынша).

Докторантура

Шектеусіз.

10

10

Су ресурстарын басқару

Магистратура

Жаратылыстану ғылымдары: Биология, География, Гидрометерология, Физика, Экология. Білімі: Биология, География, Физика. Ауыл шаруашылығы ғылымдары: Су ресурстары және суды пайдалану, Мелиорация, рекультивация және жерді қорғау, Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: Мемлекеттік және жергілікті басқару, Өңіртану, Экономика, Әлемдік экономика. Техникалық ғылымдар мен технологиялар: Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, Геодезия және картография.

Докторантура

Шектеусіз.

11

11

Адами ресурстарды басқару

Магистратура

Гуманитарлық ғылымдар: Тарих, Философия. Білімі: Құқық негіздері және экономика, Педагогика және психология. Құқық: Халықаралық құқық, Заңтану. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: Мемлекеттік және жергілікті басқару, Маркетинг, Менеджмент, Политология, Психология, Өңіртану, Әлеуметтану, Қаржы, Экономика, Әлемдік экономика. Қызметтер: Мәдени-бос уақыт жұмыстары, Әлеуметтік жұмыстар.

Докторантура

Шектеусіз.

12

12

Экономика

Магистратура

Жаратылыстану ғылымдары: Математика. Білімі: Математика.Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: Мемлекеттік және жергілікті басқару, Маркетинг, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Экономика, Әлемдік экономика. Техника ғылымдары: Математикалық және компьютерлік моделдеу.

Докторантура

Шектеусіз.

2. Әлеуметтік ғылымдар

13

13

Археология

Магистратура

Гуманитарлық ғылымдар: Археология және этнология, Тарих, Мәдениеттану.

Докторантура

Шектеусіз.

14

14

Демография

Магистратура

Гуманитарлық ғылымдар: Шетел филологиясы. Өнер: Баспа ісі, Өнертану. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес: Журналистика, Маркетинг, Политология, Психология, Өңіртану, Әлеуметтану. Қызмет: Мәдени-бос уақыт жұмысы, Әлеуметтік жұмыс.

Докторантура

Шектеусіз.

15

15

Педагогика және психология

Магистратура

Білім: Педагогика және психология, Шет тілі: екі шет тілі. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: Психология, Әлеуметтану. Қызмет: Әлеуметтік жұмыс.

Докторантура

Шектеусіз.

16

16

Құқық

Магистратура

Білімі: Құқық негіздері және экономика. Құқық: Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Кеден ісі, Заңтану.

Докторантура

Шектеусіз.

17

17

Жұртшылықпен байланыс, журналистика және медиа

Магистратура

Гуманитарлық ғылымдар: Шетел филологиясы. Өнер: Баспа ісі, Өнертану. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес: Журналистика, Маркетинг, Политология, Психология, Өңіртану, Әлеуметтану. Қызметтер: Мәдени-бос уақыт жұмыстары, Әлеуметтік жұмыс.

Докторантура

Шектеусіз.

18

18

Әлеуметтік жұмыс

Магистратура

Гуманитарлық ғылымдар: Тарих, Мәдениеттану, Дінтану, Теология, Философия. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес: Политология, Психология, Әлеуметтану. Қызметтер: Мәдени-бос уақыт жұмыстары, Әлеуметтік жұмыс.

Докторантура

Шектеусіз.

19

19

Әлеуметтану

Магистратура

Гуманитарлық ғылымдар: Тарих, Мәдениеттану, Дінтану, Теология, Философия. Әлеуметтік ғылымдар және бизнес: Политология, Психология, Әлеуметтану. Қызметтер: Мәдени-бос уақыт жұмыстары, Әлеуметтік жұмыс.

Докторантура

Шектеусіз.

3. Өнер (өз бетімен түскендерге ғана)

20

20

Арт-менеджмент

Магистратура

Шектеусіз.

Докторантура

Шектеусіз.

21

21

Баспа ісі және полиграфия

Магистратура

Шектеусіз.

Докторантура

Шектеусіз.

22

22

Бейнелеу өнері, дизайн

Магистратура

Шектеусіз.

Докторантура

Шектеусіз.

23

23

 


Музыка саласындағы өнер

Бакалавриат/ маман

Шектеусіз.

Магистратура

Шектеусіз.

Докторантура

Шектеусіз.

24

24

Мұражай ісі, қалпына келтіру

Магистратура

Шектеусіз.

Докторантура

Шектеусіз.

25

25

Режиссура, киномотография, театр өнері

Бакалавриат/ маман

Шектеусіз.

Магистратура

Шектеусіз.

Докторантура

Шектеусіз.

Каталог: upload -> Files -> dokumenty
dokumenty -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің
dokumenty -> Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы
dokumenty -> Міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
dokumenty -> Жасөспірімдер үйі туралы үлгі қағидаларын бекіту туралы
dokumenty -> Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы
dokumenty -> Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы
dokumenty -> Бала құқықтары туралы конвенцияға балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына қатысты Факультативтiк хаттаманың ережелерiн жүзеге асыру жөнiнде Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы баяндаманы бекiту туралы
dokumenty -> Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы
dokumenty -> Бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдістемелiк кешендер, электронды оқулықтар және қосымша оқу әдебиеттерiн шығару жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлік талаптарын бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет