«бизнестік жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңҒай бағдарламасы және қазақстандық КӘсіпкерліктің еуразиялық экономикалық одақҚа мүше-мемлекеттердің



Дата22.02.2018
өлшемі84.91 Kb.
ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының бұйрығымен бекітілген №__

«___» _________ 2017 ж.



«БИЗНЕСТІК ЖОЛ КАРТАСЫ – 2020» БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚҚА МҮШЕ-МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ НАРЫҒЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖАЙЫНДА БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЖҰМЫСТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Астана, 2017

Ережеде қолданған терминдер

ҚР ҰКП

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

Байқау

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік жайында үздік материалға бұқаралық ақпарат құралдары арасында журналистік жұмыстың республикалық байқауы

БАҚ

Мерзімді баспа басылымы, теле, -радиоарна, кинодокументалистика, дыбыс-бейне жазба және интернет-ресурсты қоса алғандағы, бұқаралық ақпараттың көпшілікке мерзімді немесе үздіксіз таратылуының өзге де формасы

Ереже

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің нарығында қазақстандық кәсіпкерлік жайында үздік материалға бұқаралық ақпарат құралдары арасында журналистік жұмыстың республикалық байқауы туралы ереже

Байқаудың ұйымдастыру комитеті

Байқауды дайындау мен ұйымдастыру үшін құрылатын алқалы орган

Байқау комиссиясы

«Атамекен» ҚР ҰКП қызметкерлері мен Байқау жұмыстарына әділ баға беру үшін шақыртылған қажетті біліктілігі бар сарапшылардан тұратын алқалы орган

Байқау жұмыстары

Байқауды ұйымдастыру комитеті белгілеген мерзімде БАҚ-та жарияланған (эфирге шыққан) түрлі жанрдағы журналистік жұмыстар

Байқауға қатысушы

журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкiлi) – еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негiзiнде бұқаралық ақпарат құралы үшiн хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға

Аталым үміткері

Байқаудың алдын ала іріктеуден өткен қатысушысы

Байқау жеңімпазы

Байқау комиссиясының шешімімен аталымның біреуінен бірінші орынан үшінші орын аралығында жүлде алған Байқауға қатысушы



  1. Жалпы ереже

1.1. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (ары қарай – Бағдарлама), оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің нарығындағы (ары қарай – ЕАЭО) қазақстандық кәсіпкерлік жайында үздік материалға бұқаралық ақпарат құралдары арасында журналистік жұмыстың республикалық байқауы туралы ереже Байқауды ұйымдастыру, жеңімпаздарды таңдау мен Ұйымдастыру комитеті мен Байқау комиссиясы жұмысының тәртібін реттейді.

1.2. ҚР ҰКП ұйымдастырған Байқау кәсіпкерлер жетістігі мен Бағдарлама аясында, оның ішінде ЕАЭО мүше-мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерліктің табысты жобасының үлгісін көпшілікке тарату мақсатында өтеді.

1.3. Байқаудың ұйымдастырушысы – «Атамекен» ҚР ҰКП. Байқау жұмыстарын қарауда сараптамалық баға беретін – Байқау комиссиясы.

1.4. Байқау аясында хабарландыру мен өзге де ресми ақпаратты жариялайтын ресми құрал – ҚР ҰКП интернес-ресурсы – www. atameken.kz
2. Байқаудың мақсаты мен міндеті
2.1. Байқаудың мақсаты – Бағдарламаның, оның ішінде ЕАЭО мүше-мемлекеттер нарығындағы қазақстандық кәсіпкерліктің артықшылықтары, кәсіпкерлікті дамыту туралы объективті материал жариялағаны үшін БАҚ өкілдерін анықтағау және марапаттау.

2.2. Байқаудың міндеті:

- артықшылығын ашып көрсету және кәсіпкерлердің үлгілерін көпшілікке тарату тәсілі арқылы Бағдарламаға қоғам назарын аудару;

- кәсіпкерліктің мемлекеттің дамуындағы экономикалық және әлеуметтік рөлін жариялау;

- журналистік шығармашылық әлеуетін ашу, сондай-ақ Бағдарламаны, оның ішінде ЕАЭО мүше-мемлекеттер нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлікті жариялауға журналистік қоғамдастықты тарту;

- Бағдарлама аясында кәсіп жүргізу, оның ішінде ЕАЭО мүше-мемлекеттер нарығындағы қазақстандық кәсіпкерліктің табысты үлгісі туралы Қазақстан қоғамының хабардарлығын арттыру.


3. Байқау тақырыбы
3.1. Байқауға еліміздегі кез келген деңгейдегі барлық БАҚ-тың журналистері қатысуға құқылы. Байқауға штаттағы жұмыс істейтін авторлар, сондай-ақ штаттан тыс негізде жұмыс істейтін авторларда қатыса алады.
3.2. Байқау жұмысының тақырыбы:

- «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы, Қазақстанда кәсіпкерлікке көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары;

- ЕАЭО мүше-мемлекеттер нарығында Қазақстан кәсіпкерлігін дамыту.
3.3. Байқау жұмыстары түрлі жанрлар мен форматтарда қабылданады: очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, әлеуметтік зерттеулер және басқалары.
4. Байқау жұмыстарын рәсімдеу мен өткізу тәртібі
4.1. Қатысу үшін Ереженің 4.4.1 тармағында көрсетілген Байқау жұмыстарын қосып, осы Ереженің №1 Қосымшасына сәйкес өтінімді толтырып, ұйымдастырушы комитеттің pr@atameken.kz электронды почтасына жолдау қажет (ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс бөлімі). Ереженің 4.4.2. – 4.4.4. тармақтарында көрсетілген байқау жұмыстары өтінім берген сәттен 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 8 «Б» блогы, 2642-кабинет мекенжайына өткізіледі.

4.2. Байқауға өтінім хабарландыру жарияланған күннен бастап қабылданады.

4.3. Қарауға 2016 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2017 жылдың тамызы аралығында эфирге шыққан немесе БАҚ-та жарияланған Байқау жұмыстары қабылданады.

4.4. Байқау жұмыстары келесі түрде беріледі:

4.4.1. Баспасөз материалдары Microsoft Word форматында беріледі және PDF форматында жарияланымымен қоса өткізіледі (сканерленген көшірмеде атауы мен баспасөз БАҚ-тың шығыс деректері болуы керек);

4.4.2. ТВ-материалдар DVD-дисктерде беріледі, ал радио мен фото жұмыстар – CD немесе DVD-дискте;

4.4.3. Бейнематериалдар 1280 х 720 рix кем емес рұқсатымен DVD форматта, хронометраж – 2 (екі) минуттан кем емес (бейнесюжеттер үшін) және 30 (отыз) минуттан (деректі фильмдерге немесе телебағдарламалар үшін) аспауы тиіс;

4.4.4. Аудиоматериалдар CD немесе DVD-дискте *mp3 форматында беріледі.

4.5. Байқау жұмыстарын USB (flash) тасымалдаушымен беруге рұқсат.

4.6. Өтінім мен Байқау жұмыстары хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей өткізілуі керек.

Байқау тақырыбына, қойылатын талаптарға сай келмейтін, сондай-ақ мерзім аяқталғаннан кейін өткізілген Байқау жұмыстары байқауға жіберілмейді. Байқау жұмыстарының Мәлімделген тақырыпқа сәйкестілігін Байқау комиссиясы анықтайды.


5. Байқауға қатысушылардың міндеттері
5.1. Байқауға қатысушылар міндетті:

- Байқау мәнімен алдын ала танысу, осы Ережеге сәйкес Байқауға қатысуға қойылатын талаптарды танып білу;

- осы Ереженің талаптары сәйкес рәсімделген Байқау жұмыстарын уақытында өткізу;

- осы Ережеде қарастырылған қағидалар мен процедураларды сақтау.

5.2. Байқауға қатысушылар жауапты:

- Байқау жұмыстары мен өзге де өткізілген материалдарда берілген ақпараттың дұрыстылығына;

- осы Ережеде бекітілген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де құқық бұзушылықтары, үшін.


6. Ұйымдастыру комитеті мен

Байқау комиссиясы жұмысының тәртібі
6.1. Байқаудың мақсаты мен міндетіне жету мақсатында Байқауды ұйымдастырушы комитет құрылады. Оның құрамы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

6.2. Ұйымдастыру комитеті құқылы:

- осы Байқау туралы Ереженің талабына сәйкес келмеуі негізінде Байқауға Қатысушыны қабылдамауға;

- Байқау комиссиясының мүшелері өкілеттігін теріс пайдалануы анықталған жағдайда кез келген кезеңде Байқау қорытындысының күшін жоюға.

6.3. Ұйымдастыру комитеті міндетті:

- Байқауға қатысушылардың барлығына бірдей жағдай жасауға;

- Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз етуге;

- Байқау қорытындысы туралы мәліметтерді алдын ала жариялануына жол бермеуге.

6.4. Байқау комиссиясының құрамы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының бұйырығымен бекітіледі.

6.5. Байқау жұмыстарын бағалағанда Байқау комиссиясы келесідей критерийлерді басшылыққа алады:

- әділдік;

- материалды берудің кәсіби деңгейі;

- жаңалық, айрықшалық;

- стиль, баяндау тілі;

- авторлық тұжырымдаманың дербестігі;

- ақпараттың нақтылығы мен дұрыстығы;

- журналистиканың этикалық қағидаларына сәйкестігі.
7. Байқауды өткізу мен қорытындылау тәртібі
7.1. Байқау екі кезеңнен тұрады.

7.2. Бірінші кезең – ұйымдастырушылық, оған Байқау өткізу туралы хабарламаны ҚР ҰКП www.atameken.kz интернет-ресурсына жариялау кіреді.

Екінші кезеңге Байқау жұмысын қарау мен жеңімпаздар мен ынталандыру сыйлығының иегерлерін марапаттау кіреді.

7.3. Байқаудың ресми нәтижесі 2017 жылдың 31 тамызына дейін шығарылады және ҚР ҰКП интернет-ресурсында жарияланады – www. atameken.kz

7.4. Байқау жұмыстарын қарау екі кезеңнен тұрады: іріктеу кезеңі, яғни Байқау комиссиясының мүшелері барлық жұмыстарды қарайды және финалдық кезең, оның аясында іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша іріктелген Байқау жұмыстары қаралады (әр аталымды жеңіске үміткерлер). Байқау жұмыстарын қараудың нәтижесі №2 Қосымшаға сәйкес рәсімделеді.

7.5. Байқау жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі 2017 жылдың 20 қыркүйегінен кешіктірілмей өткізіледі.


8. Жүлде қоры
8.1. Байқаудың жүлде қоры «Бизнес-Насихат» құрауышын жүзеге асыруға бөлінген тиісті жылға бекітілген бюджетке сүйене отырып, осы Ереженің №3 Қосымшасына сәйкес республикалық бюджет есебінен құралады.

8.2. Байқау комиссиясының шешімі бойынша әр аталымның Жеңімпазы анықталады, оларға осы Ереженің №3 Қосымшасына сәйкес дипломдар мен ақшалай сыйлық беріледі.

8.3. Байқаудың барлық үміткеріне естелік дипломдар беріледі.

8.4. Байқау жұмыстары Байқаудың талабына сай келмеген жағдайда Байқау комиссиясы жүлделі орындарды бермеуге құқылы.



8.5. ҚР ҰКП қосымша арнайы сыйлық беруге құықылы.

8.6. ҚР ҰКП мен Байқау комиссиясы Байқау жұмыстарының қорытындысы бойынша қабылданған шешім туралы түсінік беруге міндетті емес.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет