«Біздің ата-аналарымыздың ойындары»



Дата20.11.2017
өлшемі42.41 Kb.
«Біздің ата-аналарымыздың ойындары»
Дайындаған: Рустимова Д. Г.

2 «Б» тобы

«Адам өркениетке бейім болуы үшін

балалық шақты бастан кешуі міндетті,

егер ойын мен қызыққа толы балалық

шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып

қалған болар еді». К. Чуковский
Ойнамайтын бала жоқ. Ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кiшi де ойнап көңiл көтередi, бiр нәрсеге берiле қызығады, әр жетiстiктен қанағат табады. Ал қызығу, қуану, қанағаттану - өмiрдi тамашалаудың көрiнiсi немесе өмiрде сауық құрудың нышаны. Ойын-сауыққа үлкен-кiшiнiң бәрi де әуес. Айтпағымыз, өмiр кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмiрiн көз алдыңа елестете алмайсың. Ойынның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Оның қалыптасу кезеңдерi мен тарихы өз алдына әңгiме. Ойын халықтың өмiр сүру салтынан, өмiр сүру үшiн күресiнен туындаған қажеттiлiктiң бiрi. Ойын-сауық еңбектiң мазмұны мен құралына орай түрленген, жетiлген. Қазақ — ойын-сауықшыл халық. Бүгiнде қазақтың 100 ден аса ойын түрлерi мәлiм. Қазақ "баланы жастан” дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және жас ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды. Ойынсыз ұрпақтың кiм екенiн, халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Адам мен ойын түйiндес, түбiрлес. Ойын-сауық қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен.

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. 


Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.  
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.

Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі М.Әуезов те : «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұжақжылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ,ой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған»,-деп, ойынның балаларға тигізетін игі әсері туралы айтып кеткен. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік береді.



«Балалармен бірге ойнаңдар!»
Кейде сіздің балаңыз немен айналысатының білмейсіз. Сіздерде өздеріңіздің «үлкен» жұмыстарыңыз, ашуланасыздар, кедергі келтірмеуді сұрайсыздар. Балаңыз компьютердің және теледидардың жанына барады. Осындай сәттерде баланың қызығушылығын төмендету керек, бұған қимылды ойын көмектеседі.

Қимылды ойын - баланың қоршаған ортаны тану жолы. Ойын - ойлау қабілетін жоғарылатып, белсендіреді, білімпаздылығын кеңейтеді, қоршаған орта туралы түсінігін қалыптастырады, бір сөзбен айтқанда баланы дамытады. Қимылды ойынды таңдау кезінде ата - аналар баланың жасын және дене тәрбиесі ерекшеліктерін ескеру қажет. Мектепке дейінгі кезең - адам өміріндегі ең жауапты, бұл кезеңде дене тәрбиесі денсаулығы қалыптасады және дағдысы күшейеді. Балалар 3-4жаста белсенді, қозғалғыш. Тыныстары терең емес және жиі болады, сүйек бұлшық ет жүйесі қатаймаған, омыртқасы үлкен қозғалысты сақтайды, сондықтан оның қисаюы мүмкін. Балаларға арнап шапшаңдықтарын дамытуға, күш жылдамдық қабілетін үйлестіруге қимылды ойындар ұсынылған. Ойындар зейіннің дамуына бағытталып, бірлестік іс-әрекеттерге үйрету қажет. Балалар шарттарды орындауға, өз әрекеттерін бағалауға, оларды басқа балалардың және үлкендердің әрекеттерімен салыстыруға үйренеді.

Нәтижелі қимылды ойындарды жүгірумен, секірумен, еңбектеумен, допты лақтырып, қағып алумен және басқа қозғалыс әрекеттерімен, әр түрлі заттармен де ойындарды жүргізуге болады, бұл баланың моторикасын дамытады.Ойындарға мынадай құралдарды:доптар, әр түрлі пішінді, секіргіштер, құрсаулар, кубиктер мен кегілдер қолдануға болады.

Балалармен үйде ғана емес, бақшада серуендеп жүргенде, ойнауға болады. Үйде спорт құралдары болмаса, жұмсақ ойыншықтарды, далада таяқшаларды, кішкентай тастарды, қыста ұлпақ қарларды пайдалануға болады.


Практикалық кезең

  1. Бес асықты алып, бір асықты қолдың үстіне қоямыз. Төрт асықты әр саусақтың арасына қыстырамыз. Саусақтардың арасындағы асықтарды түсіріп алмай, қолдың үстіндегі асықты жоғары лақтырып қағып алу керек.

  2. Бес асықты үстелдің үстіне лақтырып, екі саусақты қақпа қылып қоямыз. Бір асықты жоғары лақтырған кезде қалған асықтарды кезекпен қақпа астынан өткізіп отыру керек.

  3. Бес асық аламыз. Бір асықты жоғары лақтырып, қалғандарын жинап алуға үлгеру керек.

  4. Бес асықтың араларын ашып қоямыз. Бір асықпен оларға көздеп тигіземіз. Құлаған асықты ұпай ретінде алу.


Құрметті ата-аналар балалармен бірге ойнаңыздар! «Орамал тастау», «Тақия», «Ақ тас, қара тас», Бәйге».
Каталог: files -> blog
blog -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
blog -> Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №814 қаулысы «Ветеринария туралы»
blog -> Тақырыбы: Дені саудың – жаны сау Мақсаты
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blog -> «Өзім тұратын үй» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстардың қашықтан өткізілетін республикалық интернет-байқауының ережелері
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blog -> Терінің құрылысы Терінің түсі
blog -> Мына ақпаратқа назар аударсақ


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет