Биологиядан гимназияішілік олимпиада. 8-сынып. 2013-2014 оқу жылы. Құрметті олимпиадаға қатысушылар!



Дата03.07.2017
өлшемі90.47 Kb.
Биологиядан гимназияішілік олимпиада . 8-сынып. 2013-2014 оқу жылы.

Құрметті олимпиадаға қатысушылар!

Сіздерге 5 бөлімнен тұратын сұрақтар мен тест тапсырмалары беріледі:



А бөлімінде 30 сұрақтың әрбіреуінде 4 жауап нұсқасы ұсынылған. Әрбір сұраққа ең толық әрі дұрыс деп санаған тек бір ғана жауапты таңдаңыз.

Бұл бөлімдегі жоғарғы ұпай- 30 ұпай (әр сұрақ 1 ұпай ) .



В бөлімінде 5 тапсырманы орындау үшін көптеген талдауларды (анализдер ) талап етеді, бірақ тек 1 жауаптан тұрады

Бұл бөлімдегі жоғарғы ұпай- 10 ұпай (әр сұрақ 2 ұпай ) .



С бөлімінде 3 биологиялық пікірлер беріледі .

Ойланып, өз ойыңды толықтырып жазыңдар.

Бұл бөлімдегі жоғарғы ұпай- 9 ұпай (әр сұрақ 3 ұпай ) .

Д бөлімінде 2 биологиялық есепті шығару керек

Бұл бөлімдегі жоғарғы ұпай- 10 ұпай (әр сұрақ 5 ұпай ) .



Е бөлімінде Биологиялық терминдерге толық анықтама- түсіндірме берілуі керек.

Бұл бөлімдегі жоғарғы ұпай- 20 ұпай (әр сұрақ 1 ұпай ) .


Тапсырмалар мен нұсқаулықты дұрыс оқып, орындаңыздар!

Сәттілік !!!
А.бөлімі

Бір ғана жауапты таңдаңыз .

  1. Гүлдің ең негізгі бөлімдері:

A) аналық мойны және аналық аузы B) аналық және аталық

C) гүлсағақ және гүлтабан D) күлтежапырақшалар E) тостағанша жапырақша



  1. Жемістің түзілуі :

A) аналық жатынында B) аналық мойнында C) аналық аузында

D) аталықтарда E) тұқымбастамада



  1. Жүгерінің жемісі-:

A) Жидек. B) Тұқымша. C) Бұршаққын. D) Бұршаққап. E) Дәнек.

  1. Органикалық тыңайтқыштардың ішінде көбірек қолданылатыны-

A) Көң (қи), қарашірік. B) Шымтезек. C) Күл. D) Саңғырық. E) Құм.

  1. Жемісінде органикалық қышқылдар бар өсімдік -

A) жүгері. B) арпа. C) қарабидай. D) асбұршақ. E) қызанақ.

  1. Бұршақтұқымдас өсімдік тұқымдары өте бай:

A) Ақуызға(нәруызға) B) Майларға. C) Минералды затқа.D) Крахмалға. E) Суға.

  1. Сүйекті шырынды жеміс-

A) Картоп B) Қарақат C) Алхоры D) Алма E) Жүзім

  1. Кактустың түрі өзгерген сабағы:

A) Пиязшық B) Тамырсабақ C) Шырынды D) Сояу E) Түйнек

  1. Жапырақтары параллель (қатар)жүйкелі өсімдік:

A) Астық тұқымдастар. B) Алқа тұқымдастар. C) Бұршақ тұқымдастар.

D) Раушан гүлділер E) Мүктер



  1. Органикалық заттар түзіледі

A) тамырда B) жемісте C) пиязшықта D) жапырақта E) гүлде



  1. Қынаның денесінде селбесіп тіршілік ететін балдырлардың

саңырауқұлақтардан алатын заты

A) Ауа. B) Көмірсу. C) Органикалық заттар. D) Майлар.E) Минералды заттар және су.



  1. Ішекқуыстылардың денесі-

екі қабатты. B) көп қабатты. C) бір жасушалы. D) бір қабатты. E) үш қабатты.

  1. Қосжарнақты класының өсімдіктері:

A) Жүгері. B) Бидай. C) Інжугүл. D) Лалагүл. E) Үрмебұршақ.

  1. Актинияның тіршілік ететін мекені-

A) мұхиттар. B) топырақ. C) көлдер. D) теңіздер. E) тұщы су.

  1. Энцефалит ауруын жұқтырушы жәндік:

A) Тарақан. B) Тайга кенесі. C) Өрмекші. D) Бүйі. E) Шұбалшаң.

  1. Адамның бүйенінде тіршілік ететін жұмыр құрт:

А) ішексорғы B) қылдырықбас C) суыртқы D) үшкірқұрт E) қылқұрт

  1. Жасушалық құрылыс тән

A) Тек бірнеше вирустарға. B) Вирус пен фагтарға ғана. C) Барлық өсімдіктерге.

D) Полиомиелитке. E) Бактериофагтарға.



  1. Ағашқұлақ (трутовик) саңырауқұлағының ағаштарды зақымдауы:

A) жіпшумақтарымен B) жекеленген жіпшелерімен

C) қалпақшасымен D) спораларымен E) жемісті денесімен



  1. Улы безі болмайтын жәндік:

A) Қыршаян. B) Қарақұрт. C) Бүйі. D) Шаршылы өрмекші. E) Өзен шаяны.

  1. Полиптер:

A) Көп қармалауышты жәндіктер. B) Көп симметриялы жәндіктер. C) Көп кірпікшелі қозғалмайтын жәндіктер. D) Көп табанды жәндіктер. E) Көп бүршікті жәндіктер.

  1. Адреналин гормоны бөлетін без:

A) Эпифиз. B) Қосалқы без (гипофиз). C) Бүйрек үсті безі .D) Ұйқы безі. E) Қалқанша без.

  1. Жасушадағы бейорганикалық қосылыстар:

A) Су, тұздар. B) Көмірсулар, су. C) Май қышқылы.

D) Майлар, ақуыздар (нәруыздар). E) Глюкоза, кальций фосфаты.



  1. Бірыңғай салалы бұлшықеттен құралған

A) жүрек B) аяқты бұғып жазатын C) тұлғаны қимылдататын

D) қан тамырлары E) қабырға аралық



  1. Ми бағанасына кіретін бөлігі

A) Мишық. B) Соматикалық жүйкелер. C) Шеткі жүйке жүйесі.

D) Сопақша ми. E) Үлкен ми сыңарлары.



  1. Aдамдағы рудименттерге жататын

A) көкеттің болуы. B) түктілік. C) үшінші қабақ. D) құйрықтың дамуы. E) көп емшектілік.

  1. Жасушадағы түрлі реакциялардың жүру жылдамдығы ақуыздың ... қызметіне байланысты:

A) тасымалдау. B) құрылыс материалы. C) қозғалысты қамтамасыз ету.

D) катализаторлық. E) хабар беру.




  1. Микседема ауруының пайда болуы

A) Өсу гормонының жетіспеушілігінен.

B) Қалқанша безі қызметінің жетіспеушілігінен.

C) Адреналин гормонының артық бөлінуінен.

D) Қалқанша безі қызметінің шектен тыс болуынан.

E) Тимозин гормонының артық мөлшерінен.


  1. Әрбір нейрондағы аксон саны:

A) 1. B) 3. C) 7. D) 4. E) 5.

  1. Мидың торлы қабықшасының қабынуы

A) гайморит B) арахноидит C) энцефалит D) менингит E) полип

  1. Адам тепе-теңдігі бұзылуы байланысты

A) ортаңғы миға B) үлкен ми сыңарына C) жұлынға D) аралық миға E) мишыққа
В бөлімі

Сөйлемді аяқта :

В1.Адамның мойнында көмейдің алдыңғы жағында.............. орналасқан.

В2.Белгілі бір физиологиялық қызметі бойынша біріктірілген, шығу тегі бір, бірақ құрылысы әртүрлі мүшелер................ деп аталады

В3.Белгілі бір қызметті атқаратын жасушаның тұрақты құрылымы ..........деп аталады .

В4. Адам анатомиясы , гистологиясы, цитологиясы, антропологиясы мен эмбриологиясы организмнің бітімі мен пішіні, құрылысы мен дамуы туралы ғылым ......деп аталады.

В5. Шығу тегінің , тіршілік еткен ортасының , жалпы морфологиялық және физиологиялық, тұқымқуалаушылық ерекшеліктерінің , сондай-ақ салт-дәстүрлерінің ортақтығымен бірігіп, тарихи қалыптасқан адамдар тобы ....деп аталады .



С.бөлімі

Ойланып, жауап беріңдер:

С1.Өсімдіктерге қарағанда жануарлар мен адамдар қозғала алады.Неліктен?

Жалпы тірі ағзалардың қозғалысы мен дене пішіні симметриясы арасында қандай да бір байланыс бар ма?

С2. Бір оқушы би кешінде вальс билеп жүр . Би билеу кезінде оқушының қандай мүшелері мен жүйелері қатысады? Неліктен? Неге олар біртұтас қызмет атқарады?

С3. Миға операция жасау кезінде хирург орталық жүлгенің алдыңғы жағында орналасқан қыртыс бөлігіне тиіп кеткенде , неліктен ауру адам аяғын немесе қолын қимылдатады?

Д бөлімі

Билогиялық есептерді шығарыңдар:
Д1.Бір түп қайың 1 тәулікте 60 кг су буландырады.Мектеп ауласындағы 15 түп қайың 1 тәулікте қанша су буландырады? Шелектің сыйымдылығы10 кг болса, 15 түп қайың 1 тәулікте неше шелек су буландырады?
Д2.Бір тәулікте адам тыныс алуға 430 г оттегін жұмсайды. 1 га орман 1 сағатта 200 адамға жетерлік оттегін бөледі. 1 га орман 1 сағатта қанша салмақты оттегін ауаға бөледі?

Е бөлімі

Биологиялық терминдерге түсініктеме беріңдер:

Рефлекс 2) Рецептор 3) Сенсорлық жүйе 4) Вестибула аппараты 5) Глюкоген

6) Миелин 7) Ағзалық әлем 8) Эукариоттар 9) Атавизм 10) Таллом
А) Орнитология – Е) Гельминтология –

Б) Герпетология – Ж) Маммалогия-

В) Микология – З) Физиология -

Г) Зоология – К) Лихенология-

Д) Цитология - У) Бриология -

Биологиядан гимназияішілік олимпиада жауаптары . 8-сынып.



А.бөлімі



Сұрақ



жауабы




В




А




Е




А




Е




А




С




С




А




Д




Е




А




Е




Д




В




Д




С




Д




Е




А




С




А




Д




Д




С




Д




В




А




В




Е


В бөлімі
В1. Қалқанша без.

В2. Жүйе.

В3.Органоид.

В4.Адам морфологиясы .

В5.Нәсіл
С.бөлімі
С1.Өсімдіктердің фотосинтез нәтижесінде түзілген органикалық заттарымен жануарлар мен адамдар қоректенеді, яғни қорекке зәру, пайдаланушылар.Осы қасиеті оны қорек іздеуге мәжбүрлейді.Сондықтан қозғалыс жасайды. Қозғалатын жануарлардың денесі 2 жақты симметриялы болса, аз қозғалатын немесе қозғалмайтын (бекініп) жануарлар сәулелі симметриялы болады .

С2.Адам ағзасы –бір-бірімен байланысқан мүшелер мен жүйелерден түратын біртұтас биологиялық түр.Би билегенде немесе кез келген қимыл –қозғалыс кезінде адам ағзасының барлық мүшелері мен жүйелері қатысады .Көптеген мүшелерден тұратын, жүйелер мен аппараттарға біріктірілген тірі ағза біртұтас болып тіршілік етеді және қызмет атқарады.

Адам денесіндегі мүшелер жүйесі бірлесіп,біртұтас ағза түзеді.Олардың жұмысы бір-бірімен тығыз байланыста, үйлесімді болғандықтан, ағза-біртұтас тіршілік иесі деп аталады.
С3.Үлкен ми сыңарларында сенсорлық –сезімтал аймақтар орналасқан.Үлкен ми сыңарларының беті сұр заттан –қыртыстан түзіледі. Орталық жүлгенің алдында, маңдай бөлігінде қимыл-қозғалыс сезімтал аймағы орналасқан. Орталық жүлгенің артында тері-бұлшық ет сезімінің аймағы орналасқан.Сондықтан науқас аяқ –қолын еріксіз қимылдатады.

Д бөлімі
Д1.Шешуі. 1. 15 түп қайың 1 тәулікте неше кг буландырады?

60х15=900 кг

2.Судың бұл мөлшері неше шелек болады?

900/ 10=90 шелек.

Жауабы 15 түп қайың 90 шелек су буландырады.
Д2. Шешуі. 1. 1 сағатта адам тыныс алуға неше гр оттегін қажет етеді?

430/24=17,9 г

2. 1 га орман 1 сағатта қанша оттегін бөледі?

17,9х200=3580г Жауабы.3,58 кг


Е бөлімі
Рефлекс-орталық жүйке жүйесімен іске асырылатын және бақыланатын, сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге организмнің жауап реакциясы;

Рецептор организмнің сыртқы немесе ішкі тітіркенуді қабылдайтын жүйке ұштары; «латынша, қабылдау »сезім мүшелерінің шеткі бөлімдері;

Сенсорлық жүйеанализаторлар ,сезім мүшелерін кейде осылай атайды ;«латынша, сезу, түйсіну»

Вестибула аппараты –тепе-теңдік мүшесі. 2 қапшықтан,өзара перпендикуляр 3 жазықтықта орналасқан 3 жартылай иірім өзектерден тұрады.Қапшықтар мен жартылай өзек қуысы сұйықтыққа толы болады., ал өзек қабырғаларында рецептор мен көмірқышқыл кальцийдің кристалдары орналасқан

Глюкоген-ұйқыбезінің гормоны, қандағы қанттың артық мөлшерін гликогенге айналдырады.Қандағы қант деңгейін реттейді.

6) Миелин-аксондарды-нейрондардың ұзын өсінділерін сыртынан қаптайтын майлы қабықша

7) Ағзалық әлем – бүкіл жер жүзінде тіршілік етіп,өмір сүретін барлық ағзалар

(тіршілік иелері) жиынтығы

8) Эукариоттар -жасушаларында ядролары болатын және ядроның сыртында 2 қабат жарғақшасы бар, ядросында ядрошығы, хромосома жіпшелері,органоидтары болады.Саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар жатады.

9) Атавизм-өте сирек жағдайда қайталанатын, арғы тегімізге тән белгілер.(түкті жамылғының болуы,көпемшектілік, құйрықтың болуы т.б)

10) Таллом –балдырлардың денесінде ұлпалары болмайтын және мүшелерге бөленбейтін өсімді бөлігі. Грекше «таллос»-өсінді, қатпаршақ
А) Орнитология – құстарды зерттейді

Е) Гельминтология –құрттарды зерттейді

Б) Герпетология – жорғалаушыларды зерттейді

Ж) Маммалогия- сүтқоректілерді зерттейді.

В) Микология – саңырауқұлақтарды зерттейді

З) Физиология –организмнің және оның жеке мүшелері мен жүйелерінің қызметін зерттейді

Г) Зоология – жануарларды зерттейді .

К) Лихенология-қыналарды зерттейді.

Д) Цитология - жасушаларды зерттейді.

У) Бриология –мүктерді зерттейді.




Оценка результатов тестирования.

Часть А – оценивается 1 балл за правильный ответ.

Часть В- 2 балла за правильный ответ.

Часть С- 3 балла за правильный ответ.


1 место- 34-30 баллов.

2 место- 29-25 баллов.



3 место- 24-17 баллов.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет